Қазақ телевизиясының жағдайы


Қазақстан Республиканың Білім және ғылым министрлігі
Семей қаласының Шәкәрім атындағы университеті
КУРСТЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы:Қазіргі экрандық шындық
Мамандығы(шифр) -6В03201-«Журналистика және репортер ісі»
Орындаған: Серікқазы А. С
Жу-901
Ғылыми жетекшісі
аға оқытушы: Хибадуллина А. С
Семей
2019
Мазмұны
Кіріспе . . . 3-4
I. Телевизиялық жаңалықтар қызметі.
1. 1Электрондағы БАҚ-ғы жаңалық тарату мәселелерінің теориялық негіздері . . .
. . .
2. Қазақ телевизиясының жағдайы
2. 1 Бағдарламаны зерттеу . . . 15-23
2. 2 . . . 23-24
Қорытынды . . . 25-27
Пайдаланылған әдебиет . . . 28
Кіріспе
«Ел боламын десең, бесігіңді түзе» деген екен ұлы жазушы Мұхтар Әуезов. Ғұламаның осы сөзін бүгінде «Ел боламын десең, экраныңды түзе» деп өзгертіп айтып жүргендер қаншама.
Расындада, қазіргі заманда елдің болашағы мен ұрпақтың келешегі «көгілдір экранға» тікелей байланысты. Бүгінде қай үйде болмасын, еңбектеген баладан еңкейген қартқа дейін теледидарға телміріп отырғаны белгілі. Ал сол қазақ экраны қазақ көрерменінің сенімін қаншалықты ақтауда? Бұл күні қай телеарнаны қосып қалсаңызда, қаптаған шоулар мен сиықсыз бағдарламалардан көз сүрінеді. Жаңбырдан кейінгі саңырауқұлақтай қаулаған көп жобаның ішінде ұлттық рухты оятып, ұлтшылдыққа, отансүйгіштікке баулып жатқаны некен-саяқ. Шет елден көшіріліп алынған, инкубатордан шыққан балапандар тәрізді бірінен-бірі аумайтын саны бар сапасы жоқ кейбір телеарна туындыларының тыңдарманның құлағын қажап, жүйкесін жұқартып тұрғаны айдай ақиқат. Осындай дүниелер эфирден күні-түні сайрап, ал елдік, ұлттық мүддеге бағытталған бағдарламалардың экраннан көрінбеуі жанымызды жабырқатпаса, жадыратпасы анық. Қазақи қалпымызға жат көптеген хабарлар телеарнаның рейтингін өсіргенімен, ұлттық болмысымыздың отын өшіріп жатқаны саналы адамды қынжылтпай қоймайды. Бұл қатарға айтуға аузың, көруге көзің ұялатын бейәдеп жарнамаларды да қосыңыз. Қазір көрерменнің сан алуан талғамына сай ана тілді арналарымыз бен ұлттық тіліміздегі түрлі бағдарламалар жетіп артылатын кең заманда теледидар уақытының басым бөлігін халқымыздың әдет-ғұрпынан алшақ реалити-шоу дегендер алуда. Оның көрермені көбінесе қыз-келіншектер қауымы. Эфирге дайындап шығаратын аутсорингтік компаниялардың айтуынша, көрермен қауымның басым көпшілігінің сұранысына ие ойын-сауық, танымдық форматтағы мұндай жобалардың «қолдан айқай-шу ұйымдастырып, адамдардың жеке ішкі өмірін талқылап, сары басылым әдістерін қолданбай», аудиторияны барынша жағымды дүниелермен баурауға күш салып, халыққа мейлінше интеллектуальды, танымдық-сараптамалық, ақпараттық өнім ұсынатын бағдарламаларының да барын жоққа шығарсақ жөн болмас. Өкінішке орай, солардың кейбірінің ғұмыры тым қысқа болатыны қынжылтады. Бір кезде елдің ыстық ықыласына бөленген көптеген танымдық бағдарламалардың көп уақытқа жетпей экраннан көрінбей қалды.
3
Оның үстіне, қазіргі шет елден көшірілген сапасыз шоуларды көргенде қазақ телеарналарында жаңашыл ойлайтын, креатив мамандар тапшыма деген ойға қаласың, - дейді танымал қаламгер. Ақынның бұл ойын жас тілші Нұршат Ерсайында құптайды. Оның пікірінше, рейтинг қуалап жүрген телеарналардың бағдарламаларының басым көпшілігі бір-бірін қайталау ғана. Олар ділімізге жат көптеген дүниелерді ашық насихаттау арқылы қоғам мен келешек ұрпаққа орасан зор зиян келтіруде.
I. Телевизиялық жаңалықтар қызметі.
1. 1Электрондағы БАҚ-ғы жаңалық тарату мәселелерінің теориялық негіздері
Бүгінгі қоғамды ақпараттық құралдарсыз елестету қиын, өйткені олар халықпен, бүкіл қоғамдық өмірімен бірте қайнасып кеткен. Дүние жүзінде болып жатқан оқиғалар тек осы әр тілдердегі, әр бағыттағы ақпарат құралдары өкілдер арқылы таралып жатады. Журналистика -халық -қоғам деп аталатын үштік бірінсіз бірі қызмет ету мүмкін емес. Әрине, қай қоғамда болмасын БАҚ өкілдеріне кімді, нені жақтаймын, қандай мәселені көтеремін десе де еріктері, өйткені демократиялық бағыттағы үкіметтің ұстанған саясаты осындай. Елбасы Н. Назарбаев: «Қазақстан қоғамы жахандану мен ұлттық капитал, өндіріс, шикізат, интеллект қозғалыс бір немесе бірнеше елдер ынтымақтастығы шеңберінен сыртқа шығып, глобалды қауымдастық шеңберінде қадамдар жасау жағдайын республикаға барынша жақындатады. Мақсат оның сыртында қалып қоймай, керісінше, тепе- теңдік құқығында ол процесстің ішіне ену. Бұл елді дамытуға жаңаша көз қарасты талаб етеді. Соған байланысты Қазақстан қоғамы тек экономиканы садық. көлемді жағынана ғана көтеріп қоймай, ендігі жерде оны ғылымның техника, технологиялардың, коммуникативтілік жүйелерінің озық жетістіктерімен үйлестіре отырып көрсетуге бағыт ұстайды. Осындай жауапты қадамдар мен міндеттер тек етек жеңі жинақы ұйымшыл, білімді, жоғары мәдениетті интелектуалды әрі адамгершілікті елмен, оның осыған сай азаматтары арқасында, олардың тиімді еңбегі арқылы ғана мүмкін болмақ. Батыс елдер тарихы мен әлеуметтік тәжірибесі жоғары рухани мәдениетсіз, терең тамыр адамгершіліксіз ешқандай озық техника мен технология жекелеген елдер, олардың азаматтарында бақытты ете алмайтынын дәлелденді. Жоғары дамыған материалдық байлық қоғамдық ортада дамыған рухани кеңістікке жол ашады. Яғни, еліміздің табысты тіршілігі мен тәуелсіз әр бәсекеге төтеп беретін мемлекет болу кепілдігі біздің адамдарымыз. Біз қазақстандықтар сан жағынан шағын елміз. Алайда,
4
Басты мәселе тек халық саны ғана емес, алдымен, сапада, жоғары рухани мәдениеттілік интелект мен патриоттық үйлесімді. Қазіргі тарихи уақыт пен ғаламдық қауымдастықа тепе -тендік принципті негізінде тіршілік ету жана типті адам тәрбиелеуге алға қойды. Ол -білімді, тәрбиелі, комуникативті қабілетті жоғары, биологиялық және психологиялық дені сау, әлеуметтік бағдары мен мәденеті қалыптасқан адам», - деген болатын. Яғни, елдің айнасы-БАҚ-ы, сол арқылы мемлекет мудесі айқындалып отыруы тиіс. XXI және болашақ келер ғасырлар жоғары технологиялар дәуірі болмақ. Шағын, қолайлы құралдар тұрмысымыздан кең орын алып, адамның еңбегін ғылыми ұйымдастыруға үлкен ізденістер мен жолға қойылуда. Бүгінгі ақпараттық тасқынның негізі көзі болып отырған- радиотехнологигиялар. Радиотехналогиялардың дамуының әсерінен телеақпарат, интернет ақпаратқа кең жол ашылуда. Қазіргі кезде « компьютерлік психология»- деген термин де қолданысқа ене бастады. Ал бұған қосымша, видио және космостық байланысты біріктіріп, «технопсихология»-делінуде. Бұл жаңа псхология тұрғысынан әлемді басқаша қабылдау, өзіне тән басқаша құндылықтар, тұлғалық қалыптасудың өзгеше бір бағыты болып отыр. Осы ретте қазақ тележурналистикасын ұлттық діл, дін, рух, сана бағытында дамытудың рөлі зор.
1. 2 Қазақ телевизиясының жағдайы
Қазіргі таңдағы қазақ теледидарының ахуалы қазақ ұрпағының тәрбиесі мен болашағы деген ауқымды сұрақтардың жауабын іздемейтін секілді қырлары көрініс тауып отыр қоғамда. Өйткені нақты теледидар саласында көптеп кездеседі. Мұнда қазақ тәрбиесі мен тәлімі мол мәдениетіміздің мұралары негізге алмайтыны байқалады. Мәселен жарнаманың көріністерін күн сайын жақсарудан қалып келе жатқаны (қыздардың жалаңаштанып әртүрлі тауарларды жарнамалауы) бір мәселе болса, көрсетілімге берілетін телесериалдар (оның ішінде түрік, корей, үнді және т. б. ) өз алдана маңызды мәселелер болып отыр. Ең әуелі теледидар халықтың шамамен 75-80 пайызын назарын өзіне ауларып отыр десек, аталмыш көгілдір экран жүзінде соңғы 5 жыл ішінде жарнаманың орын алғанын көптеп көрудеміз. Яғни бұл жарнаманың теледидар саласында көптеп дамығанын байқалады. Осы ретте отанымыздың теледидарларын идеологиялық тұрғыдан халық санасына көптеп әсер етіп отырғанын байқауымызға болады.
5
Халықтың болашағы саналатын жастарымыздың көзі мен құлағы (қыз бен жігіт) дене бітімі мен көріністеріне бөтен оймен қарайтын деңгейге жетіп отыр. Бұл қоғамның азғындық іс-әркеттердің көбеюіне үгіттеп келеді. Сонда жарнама деген не екенін қарастырып көрелік. Жарнама, реклама - тауарлардың, қызмет көрсетудің тұтынушылық қасиеті туралы ақпарат беру және оған деген сұранысты көбейту мақсатында таратылатын хабарлама; белгілі бір адамдар, ұйымдар, әдебиет пен өнер шығармалары туралы хабар таратып, оларды әйгілеу. Жарнама көпшілік ақпарат құралдары (теледидар, радио, газет, Интернет, проспектілер, плакаттар, т. б . ) арқылы жүзеге асырылатын коммуникацияның ақылы түрі болып табылады. Кез келген Жарнама хабарламалық, болмаса назар аудартушылық сипатымен ерекшеленді. АҚШ Маркетинг Ассоциациясының анықтамасы бойынша, жарнаманы экономикалық тұрғыдан қарастырады. Жарнама деген тауарларды, қызметтердi, идеяларды тұтынушыларға қарай жылжытуына арналған кез - келген әрекеттер нысандары және нақтылы жағдайды есепке ала отырып, анағұрлым тиiмдi тәсiлдер мен әдiстердi қолдана отырып, әлеуеттi тұтынушылардың назарларын жарнамалау объектiсiне аудару үшiн орындалатын ақылы қызметтер деп анықталған. Ал, теледидар аясында қолданып отырған бейнетауарлар мен бейнеөнімдер жастардың тәрбиесіне семиотикалық тұрғыдан алып қарағанда дәстүріміздегі этикалық қағидалар шегінен шығатын экрандық көріністер пайда болып отыр.
Теледидардағы жарнама ерекшелiктерi:
- бұқаралық сипатта жүріп отырады;
- үгiттеуге қаражаты жеткілікті сатушы жарнама арқылы өзiнiң хабарландыруын бiрнеше рет экрандық көріністерде қайталай алады;
- мәнерлiк - түс, дыбыс, шрифт арқылы тауарды тартымды көрсетуге қабілетті;
- иесiз жарнама монолог ретiнде ғана жасалады.
- Экрандық жарнама науқаны мен құралдарының тиiмдiлiгiн нақты абсолюттi санмен анықтау мүмкiн емес. Осы туралы американдық кәсiпкер Джон Ванемейкер былай дейдi: Менiң жарнамаға жұмсаған ақшаларымның бiрталайы бекерге кететiнiң бiлемiн. Бiрақ оның нақты мөлшерiн анықтай алмайдым. Салыстырмалы есеп бойынша жарнама өзiн сонда да ақтайды. Мұнда жарнаманың экономикалық тиiмдiлiгi жарнаманың сату көлемiне тигiзетiн әсерiмен анықталады. Ол үшiн оперативтi және бухгалтерия мәлiметтерiн талдау керек.
6
Қазiргi кезде жарнама тарату құралдарының көптеген түрлерi қалыптасқан. Жарнама түрлерi және оны тарату құралдарының қатарына экран жарнамасы: кино және видеороликтер мен телесериалдар ерекше орын алатынын дәлелденген ғалымдар тарапынан. Теледидардағы жарнаманың психологиялық әсер ету тиiмдiлiгi әлуеттi тұтынушылардың назарын тарту деңгейiмен және жарнамалық жариялауды тындаушылар қаншалықты еске сақтау деңгейiмен анықталады. Бұны тұтынушылар қимылдарының өзгерiстерiнiң шамалап бiлуге болады. Ал оны нақты есептеу шығару қиындау. Бүгінде отандық телеарналар ақпараттық рөл ғана атқарып отыр. Журналистика тілімен айтсақ, теледидардың беделін көтеретін сараптама мен зерттеу жанрлары игерілмей тұр. Арналардың абыройы саяси сараптамалық бағдарламалармен өлшенеді десек, ешкімнің мүддесіне бағынбайтын, объективті жанр керек-ақ. Апталық шолулардың салмақты жасалып, көрермен көкейінен шығуы арна беделінің өсуіне әжептәуір әсер етеді. Бірақ сараптама деген тапсырыс емес.
Бұл жанрға жауапты тілшілер қоғамдағы әділдік, шындықты жеріне жеткізе дәлелдеп, салыстырып, сараптап, зерттеп, астарына ой тастауға асықпайды. Мұндай тілшілерді журналистикада «жоғарғы пилотаж фигурасы» дейтіні тегін емес шығар. Журналистің зейіні жеткенімен, сол мәселе арнаның саясаты мен «пәленше» бастықтың көзқарасына тәуелді болады, ой тұтқындалады. Бүгінгі отандық арнадағы аталған жанрдың бағын ашқан тілі мірдің оғындай, саяси сауатты, прагматикалық ойлауға қабілеті, сөзі астарлы Жайна Сламбектің «Біздің уақыт 20. 30» дара тұр. Сондай-ақ батыл, қайсар журналист Қасым Аманжолдың «Qazaq News» сараптамалары көрермен көкейіне дөп түседі. Мұның сыры елдегі болып жатқан оқиғаларға мейілінше объективті және бастысы, тыңнан пайымдай қарауда шығар. Шолуларға кәсіби, шешен журналистер шақырылса деген тілек тағы бар. Ақпарат қызметінде жүрген сарапама, зерттеу жанрын жазуға қабілетті, ойы ұшқыр бойжеткендер Айнұр Омар, Қамар Әміржанова, Мөлдір Бақыт, Әсем Ғизатқызы, сөзі өтімді жігіттер Нұрбол Бекбау, Жұрағат Болман ұлттың болашақ ұяты болар деп топшылаймын. Олар ана тілдің лексикалық қорын молайтып, ресми ақпарат тілі-не, жаңа дәуірдегі телевизия тілін қалыптастыру үстінде. Бұл қуанарлық жетістік. Сонымен қатар отандық арналар-да ұлт мақтанатын кейіпкер жоқ. Жылқы мінезді, шешен, жомарт, дана, батыр, аңғал қазақтың бейнесін жасай алмадық. Ежелгі көрші қазақ ел болмаған деп бетке басады. Көрермен өзге ұлттың кейіпкерлерін пір тұтады. Қазақ отбасыларында ата мен енелер келіндерінің «келін» көпіршігіндегі Ананди болғанын қалайды екен.
7
Міне, теледидар құдіреті орасан. Біз осы құдіретті ұтымды пайдаланып отырмыз ба?!. Журналист А. Нұрмұхан айқын газетіне берген сұхбатында былай дейді: «Халық сауатты, интеллектуалды, танымдық, классикалық, ізгілікке тәрбиелейтін өнер мен әдебиетті үздіксіз насихаттайтын өрелі хабарларды іздейді. Көрерменнің осы сұранысының бір мысқылын «Хабар» арнасының «Көзкөрген», «Жансарай», «Сол бір кеш» бағдарламалары қанағаттандырады. Ұлттық арнаның «Айтуға оңай . . . », «Қазақстан дауысы» бағдарламаларын көрермен ықыласпен қарайды. Отандық арна көркемтілді хабарларға зәру. Ол - тарихтан белгілі тұлғалар, атамекеннің ғажайып табиғаты мен этнографиясы туралы деректі фильмдер. Ол - айтылмай жатқан аналықтан даналыққа жеткен қазақ әйелінің, ұлт анасының образдары. Ол - қазақ тілінің эталоны саналатын «Терме» хабары болса. Әрине, шоу бағдарламалар күн сұранысы. Оның өз міндеті бар. Бірақ олар азат ойға бастайтын рухани бостандығымызға кепілдік бола алмады» дегенді алға тартады. Телевизиялық шындықтырдың мәселесі көп екенін зерттеуші журналистің мына ойларынан байқауымызға болатындай: «Арналарда жас тілшілердің сұхбат берушімен тайта-ласу, салғыласу тенденциясы бар. Журналист тайталасу арқылы өзінің субъективті ойынан хабар береді. Субъективті пікір айтатындар қоғамға шынайы ақпарат тарата алмайды. Отандық арналардың тілшілері жеке эмоциясын жасырмайды. Біреуді мақтайды, не даттайды. Мәселен, «Хабарласқаныңызға қуаныштымыз», «тәуелсіздіктің, мемлекеттің арқасында» дейтін тезистер кеңес журналистеріне тән қағида болатын. Әлі де бар. Мәтін қанша көркем жазылса да, дыбыстардың бұрмалануы, екпіннің дұрыс қойылмауы, сөздердің анық дыбысталмауы тыңдаушының қабылдауына кедергі жасайды» - дейді Айдана Нұрмұхан. Телеэкран аясына дендеп алған шетел сериалдары бұл да қазақ экранында жарқырып шығуы қазақтың «Мәңгілік Ел» идеясына қарсы жұмыс жасайтын фактор ретінде қарастыруымызға болады. Телесериал ұғымы С. И. Ожегов пен Н. Ю. Шведованың орыс тілі түсіндірме сөздігінде мынадай түсініктеме берілген: «Сериал телевидения мен кинода: көпсериалды фильмдерден құралған бірнеше сюжеттер тізбегінің желісі, сонымен қатар жалпы көпсериалы бағдарлама». Ал келесі Т. Ф. Ефремованың «Новый словарь русского языка. Толково- словообразовательный» еңбегінде телесериалды бірнеше сериядан құралатынын алға тартады.
8
Нақтырақ айтсақ түсіндірме сөздігінде былай делінген: «Кино немесе телефильм, әдеттегідей анағұрлым қарапайым бірнеше сериялар ретінен құралады». Яғни, қазіргі таңдағы Т. Ф. Ефремованың түсіндірме сөздігіндегі ұғым қазақ көгілдір экранының бос орнын қалдырмай отырғанын көруімізге болады. Дәл осы тұста түрік және корей телехикаяларынан бас тарту - қазақстандық киноға септігін тигізеді. Мұндай пікірді Tengri FM радиостанциясы арқылы режиссер Ермек Тұрсынов пен киносыншы Олег Борецкий өз пікірлерін білдірген болатын. Естеріңізде болса ҚР Мәдениет және ақпарат экс-министрі Мұхтар Құл-Мұхаммед осыған дейін корей және түрік телехикаялары қазақстандық телеарналардан болашақта көрсетілмейтін болады деген еді. Министрдің айтуынша, үнемделген қаржы отандық өнімдердің дамуына жұмсалады. Осы айтылған пікірлер шынға айналып баратынын қоғам өмірінде көрініс тауып отыр. Оған дәлел отандық телесериалдар «Болашақ», «Қара Шаңырақ», «Сырғалым», «Ұлжан» секілді мәдени қазақ символдары ретінде мойындалуда. Атақты режиссер Ермек Тұрсынов өзгерістер қазақ кинематографиясының дамуына зор септігін тигізеді. Оның айтуынша, отандық киноөнім туындысына қазақстандық актерлер мен режиссерлер жұмыла кіріседі. «Мысалы, Ресейде барлық кино телехикаяларға ауысып кетти десек болады. Бүгінде біздің көптеген актерлеріміз тойда тамада боп жүр, себебі елде киноөнімдер қатары өте аз. Бүгінде қазақстандықтардың түгелі дерлік түрік, корей телехикаяларына кәдімгідей беріліп кеткен. Өзіміздің төл туындыларымызды жасау қажет», - деді режиссер. Киносыншы олег Борецкий өз кезегінде Қазақстандағы телехикаялық индустрия әлі дамымаған деп отыр. «Бір жағынан, бізде телехикая түсірудің бастапқы тәжірибесі бар. Бірақ Ресеймен салыстыруға келмейді. Екінші жағынан, корей және түрік телехикаяларының, көпшілік пікірі бойынша, көркемдік деңгейі өте жоғары, сол арқылы халықты күштеп баурап алады. Бұл отандық актерлер, режиссерлер, операторлар және осы сала мамандары үшін таптырмас мүмкіндік. Мемлекеттің мықты қолдауымен біз шетелдік өнімдерден біржола бас тарта аламыз», - деді Борецкий . Атақты семиотик ғалым Ю. Лотман пайымдауынша кинодағы, яғни экрандағы бейнелер адам сенімділігіне ие болуы үшін барын салып психологиялық қысым жасауға көшеді дей келе, мынадай анықтама ұсынады: - Экранда бейнеленген кинолента сюжетінің жасалуы мен кино жайында сенімге байланысты күрес жүреді. Сезімдік жағдайлар жоғарылағанда «кино сезімі» пайда болады көрерменнің көңілінде.
9
Осы шығармашылық типтегі кино жағдайындағы эпизодтар экран бетіне көріне отырып: оларды жалған өмірді шынай сияқты қабылдауға мәжбүрлейді. Бұл өз кезегінде қос қарым-қатынасты реалдылықты семантикалық қысымды құрайды, осы тұрғыда кино өнер ретінде даму үстінде - деп топшылайды. Қазақ экранындағы түрік пен корей телехикаяларының көбеюі қазақ қоғамындағы кино-режиссерлердің әлсіздігі деп айту ағаттық болатын сияқты, себебі осы саланы жандандыруға бір ықпалды күш ол -мемлекет десек. Ал мемлекетке қызмет ететін тұлғалар мен қызметкерлер. Олай болса, аталмыш салаға жауапты кісілердің кемшілігі деуіміз орынды болар. Өйткені қазақ экранына қандай фильм мен телехикая сұранысқа ие екенін анықтай алмай жатқан мамандар екені айқын. Бұқара халықтың көп бөлігі осы теледидар өнімдерін тұтынуда. Яғни, бір жағы тәрбие құралы болса, кейде жаңа ақпараттар мен білімдер көзі ретінде тұтынады. Осыдан байқайтынымыз. Елдің ой-санасын жақсы арнаға бұру қазақ экранының негізгі өзекті міндеті деп білеміз. Шындық- шынайы, шын бар болмыс, нақты бар және дамитын нәрсе, өзінің мәні мен заңдылығын өз ішінде қамтиды. Философиялық терминологияда шындық жалғанға да, жай мүмкіндікке де қарама-қарсы қойылады. Объективтік шындық - ақиқатқа, объективтік дүниеге сәйкес болатын және танылатын субъектінің еркі мен тілектеріне байланысты болмайтын адам білімінің мазмұны. Мысалы, объективтік шындық Жердің адамзаттан бұрын да пайда болғаны да, өз кіндігінің және Күннің айналасында айналады. Виртуалды шындық - компьютерлік техниканың негізінде кеңістіктік-уақыттық континиумды адам тілектеріне сай өзгертіп, жаңа әлемді, шындықты - қолдан жасалған құрылымды қалыптастыру нәтижесі. Виртуалды шындық сөздің тар мағынасында «электронды көзәйнек» киіп алғаннан кейін пайда болатын ойындық немесе техникалық қажетті жасанды шындыққа жатады. Бұл жағдайда сана компьютер құрастырған мүмкін әлемге енеді, онда виртуалды түрде көріне, сезіне және әрекет ете алады. Сөздің кең мағынасында виртуалды шындық - бұл сананың кез келген өзгертілген түрлері: жүйкелік шатасу, наркотиктік немесе шараптық мас болу, гипноздық қалып, наркоз, ұзақ уақыт тар кеңістікте қалған адамдардағы психикалық өзгерістер (түрмедегілер, су асты кемелеріндегі т. б. ) .
«Виртуалдың (ақиқат) ұғымында парадокс бар: қарапайым сана оны «қиял, иллюзорлы, ойдан шығарылған» деп есептейді. Бұл парадокс шындықты бағалаудан да туындайды.
10
Өйткені, XX ғ. философиясында реалдықты мойындауға қатысты материалистер мен идеалистер бөлінуі бұрмаланып жіберілді. Материя мен сана оппозициясы тіл - шындық қарсы қоюымен ауыстырылды. «Қайсы бұрын болды?» деген сұрақтың орнына тіл мен шындықтың прагматикалық маңызын айқындау алдыңғы қатарға шықты. «Шындық» сөзінің өзі тілдік форматқа жатады. Сол себепті жасанды иллюзорлы шындық виртуалды деп аталады, ол басқа «шындықтардан» шынайы болып табылады. Бақытты және бақытсыз адамдардың шындығы әртүрлі. Еуропалық экзестенциалист әлемді шығыстық уағызшыдан басқаша көреді. Сондықтан кез келген шындық виртуалы болып табылады.
2. 1 Бағдарламаны зерттеу
«Бүгінде Отанымыздың жетістіктері - әрбір азаматтың ұлттық мақтанышы. Күшті, қуатты мемлекеттер ғана ұзақ мерзімдік жоспарлаумен, тұрақты экономикалық өсумен айналысады.
осы экрандық шыңдықтарды айтатын бір емес бірнеше бағдарламалар бар мысалға алатын болсақ: « Мәселе, ашығын айтқанда, қарекет, өз ойым», деген сияқты бағдарламалар бар.
Жүргізуші: Нартай Аралбайұлы
Жанры: әлеуметтік-сараптамалық
Ұзақтығы: 30 минут
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz