Ұңғыма саны
Кіріспе.
Мұнай және газ геологиясы - пайдалы қазбалар геологиясының мұнай мен газ кен орындарының барлауы мен аккумуляциясын , миграциясын , таралуын зерттейтін бөлімі. Мұнай геологиясының ғылыми және практикалық мақсаттары: мұнай түзілу теориясын, мұнай мен газ кен орындарын іздестіру мен барлаудың әдістерін жасақтау, ашылған мұнайлы-газды және ықтимал мұнайлы-газды нысандардың келешегіне баға беру. Тектоникамен, құрылымдық, тарихи жене аймақтық геологиямен, литологиямен, геохимиямен, геофизикамен, гидрогеологиямен тығыз байланысты.
Зерттейтін негізгі теориялық меселелері: жер қыртысындағы көмірсутектердің пайда болуы және түрленуі; осы пайдалы қазба жатындарының қалыптасуы мен ыдырауы; мұнай мен газ шоғырларының орналасу заңдылықтары. Мұнай геологиясының негізінде мұнай мен газ кен орындарын іздестіру мен барлау туралы ілім, мұнай кәсіпшілік геологиясы, мұнай және газ кен орындарын игеру меселелерімен айналысатын арнаулы ғылым салалары дамыды.
Соңғы жылдары мұнай мен газды өндірудің шұғыл көбейту қарқыны жаңа кен орындары және мұнай-газды аймақтарды ашу нәтижесінде шикізат базасын кеңейтуімен байланысты мұнай мен газдың пайда болуы, жиналуы және жинақталуы бойынша теорияның кен дамуы арқасында біздің мемлекетте мұнай мен газдың көп жиналған жерлері ашылды.
Бүгінде Қазақстан көмірсутегі шикізатының бай қорына ие. Соңғы бағалауларға сәйкес, Қазақстандағы мұнай мен газдың жиынтық қоры шамамен 23 млрд. тоннаны құрайды. Олардың 13 миллиарды Каспий қайраңында шоғырланған. Қазақстан Ресей Федерациясынан кейін бұрынғы кеңестік республикалар арасында көлемі жағынан екінші мұнай өндіруші болып табылады. Қазақстандық мұнайдың жартысына жуығы теңіз, өзен және Қарашығанақ кен орындарында өндіріледі. Соңғы бес жылда Қазақстанның мұнай-газ өндірісіне бес миллиард доллардан астам ақша аударылды, бұл республикамызға түскен тікелей инвестицияның үлкен бөлігі. Сол себептен де еліміздің экономикасын одан әрі дамыту үшін геология мамандығында оқып жатқан әр азамат осы пәнді жақсы меңгеруі керек деп ойлаймыз.
Курстық жұмыстың мақсаты: Қараарна кен орнының географиялық-экономикалық жағдайын танып білу, геологиялық сипаттамасын анықтау.
Міндеті: Мұнай шоғырлардың табаны мен жабынын анықтап , құрылымдық картасын салу. Координата бойынша ұңғыманың орналасу орнын және масштабын анықтау.
1.Жалпы мәліметтер
1959-1960 жж арасында Терістік Каспий ойпаттарында он шақты мұнай газ кен орындары (Прорва,Ақтөбе ,Қараарна ,Терістік, Тереңөзек , Шығыс-Құлсары , Мартыши,Камышитовый,Таңатар т.б.) ашылды.Бұл кен орындарын төтенше барлау, өндірістік игеру жұмыстарын басқару жөнінде геолог Маташев Мажиттің еңбегі аса зор деп айтуға болады. Осы маманның енгізуімен Құлсарыдағы ХХІ-ХХІІ пермотриас горизонттарын жаңа әдіспен игеру арқасында көптеген қосымша мұнай өндірілді.Жаңа кеніштердің қатарға қосылуы мұнай өнімін еселей арттырды. Атырау мұнайын еліміздің шығысына кідіртпей жөнелту үшін 1936 жылы каспий-Орск мүнай құбыры іске қосылды. Кезінде Гурьев-Қосшағыл су құбырының іске қосылуы үлкен оқиға болды. Еліміздің Орталық облыстарына тікелей шығу үшін Гурьев-Қандыағаш кең табанды темір жолының өмірге келуі де маңызды болды. Сол бір қиын қыстау кезінде мұнай өндіру кәсіпшіліктерінде талай-талай рекордтар жсалып, небір озық тезнологиялар енгізіле бастады.
1.1География-экономикалық жағдайы
Қара Арна мұнай кен орны -- Атырау облысы Атырау қаласынан
оңтүстік-шығысқа қарай 180 км жерде, Жылыой ауданында орналасқан. Кен орны 1960 жылы ашылған.
Республика аумағының солтүстік-батысын алып жатқан Каспий маңы ойпатының абсолютті биіктігі 28 метрден +50 метрге дейін. Каспий ойпаты әлемдік мұхит әлемдік деңгейінен төмен жатыр. Оның ені теңіздің солтүстік жағалауында 250 шақырымға, ал солтүстік-шығысында 120 шақырымға жетеді.
Климаттық ерекшеліктері. Облыс аумағындағы ғасырлар бойы үстем болған табиғи құбылыстардың әсерінен тым континенттік климат басым қалыптасқан және бұл сипат солтүстік-батыстан , оңтүстік-шығысқа қарай күшейе түседі. Континенттік климат нәтижесінде күн мен түн, қыс пен жаздағы ауа райының шұғыл қарама-қарсылығы байқалып, қыс маусымы жазға тез ауысады.
Бүкіл облыс жері үшін атмосфералық жауын-шашынның тұрақты болмауы тапшылығы , қар жамылғысының жұқалығы мен аштық далада ұлпа қардың жел екпінімен ұйытқып ұшып кетуі, ауа мен топырақтың тым құрғақтылығы, бүкіл вегетациялық (өніп-өсу) кезеңінің өн бойында жер бетіне тікелей күн жарығының өте көп түсуі және топырақтың қарқынды булануы тән.Қысы суық, көбіне бұлтты, бұлыңғыр, бірақ қысқа, ал жаз ыстық және әжептәуір ұзақ болады.
Ауаның орташа жылдық температурасы 5.90С жылы келеді.
Географиялық сипаттамасы.Облыстың негізгі су көзі-Жайық өзені болып табылады. Облыс шегіне Елек поселкесінің батыс жағынан енген өзен батыс бағытқа қарай ағып, Орал қаласына дейін жетіп, оңтүстікке шұғыл бұрылады да, Солтүстік Каспий маңы өтеді. Облыс шегіндегі ұзындығы -761 км, су жинайтын алабы 116678 км2. Жайықтың облыс аумағындағы салалары - Елек, Шаған, Барбастау, Емболат, Быковка, Рубежка , Бастатау өзенінен төменірек Жайықтан Көшім бөлініп шығады.
Жалпы облыста үлкенді-кішілі 200-ден астам өзен бар, олардың 65-і жазда кеуіп, құрғақ арналарға айналады; ұзындығы 10 км-ден аспайтын шағын жылға-өзендер де баршылық. Ұзындығы 200 км-ден асатын өзен небәрі -8. Қараөзен , Сарыөзен. Елек облыс жерінде тек өздерінің сағалық бөлігімен ғана ағады, олардың жалпы ағыны облыс шегінен тыс қалыптасады. Өңірдің жер бедерімен мен топырақ қабатының ерекшелігіне байланысты көптеген өзендердің арналары өте ирелең қалыптасқан.
Көлдері. Облыстағы көлдің таралу коэфициенттері 10 %, жалпы 150-ге жуық көл бар, олардың айдындарының аумағы 1532 км2. Облыстың өзен бойларына жуық өңірлерінде жайылма су айдындары көп. Мысалы, Қараөзен - 600-700 км2, Шежін жайылмасы 2200 км2 ауданды алып жатыр, Дүре - 700 км2, Сарыөзен - 200-300 км2, ал Бұлдырты 100 км2 - ге жуық жерге жайылған.
Жануарлар мен өсімдіктер әлемі. Жалпы шөл белдемінің флорасын И.Г.Борцов түрлері басым келетін төмендегідей топтарға топтастырған: ксерофитті және галофитті. Сонымен қатар эфемороидтардың барын ескере кету керек. Шөл белдемінің өсімдіктерін зерттеу 18 ғасырда басталған болатын.
Сазды жерлерде әртүрлі эфемерлер мен итсигектер және изен аралас, жусан өседі. Құмды жерлерде бұталар, бұталы аралас шөптер, еркекшөп, жусан, жүзгін, балыш, күйреуік, сарсазан, қарабақын, қоянсүйек және т.б.
Мұнда сүтқоректілерден ақбөкен, қарақұйрық, қасқыр, шакал, түлкі, қарсақ т.б. басым болып келеді.
Құстардан бірқазан, қарабай, үйрек, лашын, қырғи, ителгі, бүркіт, қаз, ақ құтан, көк құтан, аққу, шағала және т.б. мекен өтеді. Осы аумақтан Қызыл кітапқа енген құстардың бесеуі ұшып өтеді.
2. Қараарна кен орнының геологиялық сипаттамасы.
Өнімді горизонттар бетінің жатыс тереңдігі 467-1046 м арасында. Жатындардың биіктігі 15-30 м. Су-мұнай жапсары -503-1099 м-ге дейінгі белгілерде орныққан. Жатындар қойнауқаттық күмбездік. Өнімді қатқабатының қимасы терригендік таужыныстардан құралған, жинауыштары кеуекті.
Ашық кеуектілік 27,2-30,2%, өтімділігі 0,215-1,605 мкм2, мұнай мен газға қаныққан қалыңдық 3,5-8,5 м, оның коэффициенттері 0,72-0,95-ке дейін ауытқиды. Батыс қанаттың төменгі бор жатындарының 3 мм-лік штуцердегі бастапқы шығымдары 21,2-38,3 м3тәу болды.
Резервуардың жұмыс режимі - бұл судың қысымы. Өндірілетін су хлориді-кальций типті, тығыздығы 1,078-1,105 г см 3, минералдануы 104-156,2 г л.
Сеноман горизонтының шығымдары темен, 3,1-3,7 м[3]тәу. Газдық фактор 7,4-9,8 м[3]м[3]. Бастапқы қойнауқаттық қысым 5,0-11,5 МПа, температура 2,5-40[°]С .
Мұнайдың тығыздығы 0,964 гсм3. Мұнайы күкіртті 2,28 - 2,8%, парафині аз 0,18 - 0,61%. Кен орны 1974 жылдан игерілуде.
2.1 Стратиграфия
Каспий маңы ойысының солтүстік бөлігі палеозой, мезазой, кайнозой шөгінділерінен түзілген. Тұзды күмбездер көтеріле жырымдаған беткейінде ғана жалаңаштанып, жер бетіне шыққан пермь шөгінділерінен басқа палеозойлық жыныстар қабаты 3,5-5 км-лік үлкен тереңдікте жатыр және олар солтүстік аудандардағы бұрғыла скважиналарымен ғана ашылады.
Пермь шөгінді қабаттары бар пелицепод және маржан түзейтін организмдер фаунасының теңіз шөгіндісінің қалдықтары болып табылады.
Триас шөгінділер сыртқы түстері жағынан жоғары пермьдіктерге ұқсас келеді, бірақ литологиялық құрамы олардан ерекше болады. Триастың карбонатты төменгі бөлігі вятлуж және басқұншақ ярустары түрінде қалыптасқан және жоғары бөлігі негізінен аргилитті, сазды және құмдақты келеді, қалыңдығы 300-400 м.
Юра шөгінділері сазды және құмдақты болады. Саз шөгінділеріндегі алғашқы түзілістерде көмірге айналған өсімдік қалдықтары , моллюскалардың қайраң сулық фаунасы аралас қабаттарын түзген,жалпы юра шөгінділерінің қалыңдығы -250-350м. Бор шөгінділері бір-бірінен айрықша ерекшеленетін төменгі-құмдақ-саздақ және жоғарғы-карбонатты жеке қабаттардан тұрады: карбонатты шөгінділер негізінен жазатын бор , мергелден, сирегірек пелиципод, теңіз кірпісі, балемпит және аммониттен, фауна қалдықтары араласқан әктастан тұрады. Бор шөгінділерінің қалыңдығы-250-300м.
Палеогенді шөгінді опоко түрінде саз, құмдақтардан тұрады.Тұз күмбездерінде палеоген жыныстары шайылып кеткен, тек күмбезаралық кеңістіктерінде ғана сақталып қалған; бұлардың қалыңдығы 400 м-ге жетеді.
Неоген шөгінділері саз, құм және конгломераттан, ұсақ екі бөліктен тұратын әлсіз жабысқан қиыршықтарының 3-4 қабатынан қалыптасқан. Конгломератты болуы олардың құлама тің жағалы теңіз жағалауында түзілгенін көрсетіледі. Қалыңдығы -200-250 м.
Төрттік шөгінділер өзен, көл-батпақты түзілістер болып келеді. Литологиялық құрамы жағынан аллювийлі және золды ұсақ-малтасты, құмайт және саздықтарға ажырайды; қалыңдығы-100 м-ге дейін.
Соңғы плиоцен мен төрттік дәуірінде Каспий маңы ойпаты Каспийдің көп дүркін трансгрессиясын бастан өткерген. Ақшағыл, апшерон, бакинский, хазар және хвалын трансгрессияларының аренасы болған. Олар өзінен кейін теңіз шөгінділерінің қалың қатқабатын қалдырған. Бұл шөгінділер аталмыш ауданның қазіргі инженерлік-геологиялық бейнесін қалыптастырған.
2.2 Тектоника
Тектоникалық тұрғыдан кен орны қосқанатты тұзкүмбезді құрылымнан орын алған. Тұзүсті шөгінділері жиынтығының стратиграфиялық қимасында мұнайлылық төменгі бордың апт, альб, жоғарғы бордың сеноман жікқабаттарының шөгінділерімен байланысты.
Каспий маңы ойысының бүйірлік зонасының тұсында бұлар сыналана сүғынып, бір-бірімен қабаттасқан сипатта жататды да, орталық бөлігінде тұз күмбездері кейін иеленеді. Галогенді-сульфатты шөгінділерінің қалыңдығы Каспий маңы ойысының солтүстік бүйірлік зонасында 1 км-ге дейін, орталық жағы мен тұз күмбездерінде 5 км-де одан да қалың келеді.
Мульдалар деп аталатын күмбездер арасындағы тұз қабатары әдетте барынша өте жұқа болып келеді, бұлардың орташа қалыңдығы - 2,5 км.
Галогенді-сульфатты шөгінділерінен түзілісі жердің терең ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz