Физикалық практикумның мақсаты



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы Білім және Ғылым министрлігі
Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
Физика және нанотехнология кафедрасы

Курстық жұмыс
Тақырыбы: Орта мектеп 10 сыныбының демонстрациялық эксперименттерін қою техникасы және технологиясы

Тексерген: аға оқытушы Сейсембекова Т.Е.
Орындаған: ФОК-400 тобының студентті Аукенов Т.М.

Қарағанды, 2019ж.
Жоспары
Кіріспе
Физика пәнінен мектепте оқытудың алдына қойған мақсаты
Демонстрациялық экспериментке қойылатын талаптар
Зертханалық жұмыстар және оларды ұйымдастырып өткізудің әдістемесі
Физикалық практикумның мақсаты
Жалпы білім беретін мектептің 10 сыныбындағы физика сабақтарында демонстрациялар, эксперементтік және практикалық жұмыстар
10 сыныптарда білім беру үдерісін материалдық-техникалық қамтамасыз ету.
Физика пәнін оқытудағы физикалық практикумдардың маңызы

Кіріспе

Біліктілік - бұл тұлғаның оқу тәрбие үдерісін құрудың вариативтілігін оңтайлылығы мен тиімділігін қамтамасыз ететін білім, машық, қабілеттер мен қасиеттер жиынтығы кіретін күрделі білім беру.
В.А.Адольф
Бүгінгі дүние күн санап тез өзгеруі білім беруге деген талапты күшейте түсуде.
Физика пәнінен мектепте оқытудың алдына қойған мақсаты бар екені айқын. Оқушы өзі білетін физикалық ұғымдарды ойша қорыта біліп, бір қарағанда көрінбейтін түсініксіз жағдайларды қарапайым физикалық өмірлік фактілермен салыстыра отырып қорытынды жасай алса, күрделі мәселені қарапайым бөліктерге жіктей отырып жалпы ережеден дербес жағдайға және керісінше дербес жағдайдан жалпы физикалық заңдылыққа көше білсе, сондай-ақ, физикалық демонстрациялық эксперименттер мен зертханалық жұмыстар қорытындысын ала білсе, әрі өзінің қажет сұрақ туралы біртұтас қорытындыға келе алатын деңгейге жетсе, физика пәнін оқыту өзінің ең басты мақсатына жетті деп айтуға болады.
Білім берудің негізгі құралы - оқулық. Оқулық - оқу бағдарламалары мен дидактикалық талаптарына, оқыту мақсатына сай нақты оқу пәнінің мазмұны ғылыми негізінде, жүйемен баяндалатын кітап - деген анықтама бар.
Оқулық - білім берудің мемлекеттік жалпы білім беру стандартымен, білімділік оқу бағдарламасымен сәйкес келетін, оқушылардың меңгеруі үшін міндетті, оқу материалын және базалық білімдерді жүйелі баяндауды қамтитын нақты пән бойынша оқыту үшін негізгі кітап. Мектептердегі пәндердің арасында физика пәні қиын пән болып саналады және де солай түсінік қалыптасқан. Оқушылардың физика пәніне қиын пән деп қарайтын көзқарастан арылтудың қандай да бір жолы бар. Оқыту аса күрделі іс-әрекет, сондықтан да оған дайын рецепт болуы мүмкін емес, сол сияқты физика пәнін қиын пән деген пікірден кез келген оқушының көз қарасын арылтудың да дайын рецептісі жоқ. Дегенмен, Қазақстан Республикасының педагог қызметкерлерінің біліктілігін арттыру курстарының (ілгері) деңгей бағдарламасының ХХІ ғасырда нені оқыту керек? және Мұғалімдер оқушыларды ХХІ ғасырға қалай дайындайды? мазмұнынындағы мәселені шешуге әр мұғалім бағыт алса, оқушыларды қиын пән деген көзқарастан арылтуға болады деп ойлаймын.
Менің жұмысым оқушыларға физика пәнінен мемлекттік стандартқа сай, әрі стандарттан жоғары білім беру. Өзімнің кәсіби маман ретінде қалытасуыма көз жүгіртсем, өз жұмысымда бір нәрсе жетіспейтінін сеземін. Сондықтан, заманауи әдіс-тәсілдерді сабақ беруде әр дайым қолданамын. Заманауи тәсілдердің пәнді оқытуда ең негізгі ерекшелігі оқушылардың алған білімдерін жай ғана иеленіп қоймай, оларды орынды жерде қолдана білуіне басты назар аудару болып табылады, ал ХХІ ғасырда талап етілетін дағдылардың мәні осында. Мұғалімдер пәнді оқытуда жеткілікті уақыт бөле біулері керек, оқушының білімі мен дағдыларын дамытуда ғана емес, жалпы алғанда оның оқуын барынша даралау және баланың бойнда метасананы - қалай оқу керектігін үйренуді қалыптастыруға мән бере отырып, оны тұлға ретінде дамытуда икімдік танытулары тиіс.(Schleicher, 2012)
Мен алдымда отырған оқушылардың білім сұранысына жауап беру үшін, өзімнің кәсіби құзырлы болуымда қамтамасыз ету үшін оқушылармен жасалатын іс-әрекетімді жаңаша тұрғыда құруым қажет болды. Осы жолда мен үшінші (ілгері) деңгей бағдарламасының маңыздылығын ұстаздарға физика пәнін оқытуда тигізіп жатқан әсерін, пайдасын айтқым келеді. Физикадан терең білім беруде мұғалімнен оқушыға берілетін білімнің көлемі жеткілікті, толық әрі нақты болуы және білім оқушының ішкі жан дүниесінде қалыптасып, керек кезде белгілі бір интуициялық күш ретінде қажетке жарау керек.
Бағдарламаның негізгі үлкен бір тірегі - ол сабақ кезінде негізгі тұлға оқушы екенін ұстануы. Әр оқушы сабақ кезінде физикалық жаңа және бұрыннан белгілі физикалық ұғымдар мен формулаларды өзінің ішкі дүниесі арқылы қабылдап өткізіп отыруы балада ішкі күштің пайда болуына, қалыптасуына мүмкіндік береді. Бұл оқушының физикадан терең білімді болуына көмегін тигізеді.
Кезінде көне қытай ғұламасы Конфуций (Кун-цзы) Маған айтып берсең - ұмытып қаламын, көрсетсең - есте сақтармын, ал өзіме жасатсаң - үйренемін! демекші физика сабағында оқушылардың өздеріне физикалық құралдармен демонстрация жасатып, физикалық теорияны жетік меңгертуге болады.
Психологтар оқу материалын қабылдауда, түсінуде және меңгеруде ойлағыштық және бейнелік компоненттердің байланысын зерттеп, адамның қабылдаған барлық ақпараттарының 90%-ға жуығы көру каналы бойынша түсетіндігін анықтады. Көру анализаторының өткізу қабілеті естуге қарағанда, 100 есе жоғары болатындығын айтқан болатын. Сондықтан, физика сабағында физикалық приборларды әр сабақ төңіреңіне тақырыпқа сай қолданып отырамын.
Мен сабақ бастамас бұрын сабақты өткізу барысында сынып арасында біріншіден, жайлы орта қалыптастырамын. Яғни, оқушыларға білімді дайын күйде бермей, ізденуге бағыт-бағдар беремін. Екіншіден, әрекет арқылы оқушыларды үйретемінүйренеді. Оларды белсенді әрекеттерге баулып, олардың білім игеру әрекетін ұйымдастырамын. Үшіншіден, физикалық және астраномиялық ұғымдарды өмірмен байланыстыруына бағыттаймын. Үйренуүйретуді пратикалық әрекеттерге негіздеу арқылы физика пәнінен тақырыпты күнделікті өмірде туындайтын проблемаларды шешуге оқушыларды қалыптастырамын. Төртіншіден, өзіндік пен дербестікке баулимын. Яғни, оқушылар жауап бере алмаса, дұрыс жауапты өзім бермей, сұрақтың жауабын басқа оқушылардың табуына ықпал жасаймын.
Оқушылар сабақ барысында өзін-өзі бағалауды қолданады. Өзін-өзі бағалау - оқушының өзіндік құндылықтары туралы пікірі. Ең бастысы оқушының өзіндік Мені болуы керек. Өзіндік Мені жоғары оқушы әр қадамын сенімді басады, іс-әрекетіне көңілі толады, өзін айналасындағыларға қажетті сезінеді. Оқушы өзіне-өзі сенімді болғаннан кейін барлық іс-әрекетін ойлы түрде жасайтын болады, жеке шешім қабылдай алады, қиындықтардан өзі шығуға тырысады, кейде тіпті ұялмай-ақ айналасындағылардан көмек сұрайтын болады. Оқушы ең бірінші, өзін бағалай білуі керек, сонда ғана өзгелерді бағалап үйренеді. Білімнің түпкі мақсаты білім алу, үйрену және дағдылану ғана емес, осыларға негізделген жеке және әлуметтік құзыреттілікті, алған мәліметтерін болашақта кәсіби қызметтерінде тиімді пайдалана білу, талдай білу және өз алдына дербес білім ала білу, әлемнің үнемі өзгеру жағдайына байланысты ұтымды және тиімді өмір сүріп, ұнатқан мамандығы бойынша өзіндік дамуда қызмет жасауы.
Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сөзімен айтсақ ХХІ ғасыр - білікті, білімді, бәсекеге қабілетті жастардікі. Олай болса, білім - мемлекеттің тұрақты эканомикалық дамуы мен елдің бәсекелік қабілетін анықтаушы факт және қауіпсіздік кепілі деген сөз. Ал бәсекеге түптің түбінде жеңіске білімділер ғана жетпек.

Демонстрациялық экспериментке қойылатын талаптар

Физикалық демонстрациялық эксперименттің әдістемелік құндылығы мұғалімнен мынадай шарттарды орындауды талап етеді:
1.Тәжірибе өтіліп жатқан оқу материалымен тікелей органикалық байланыста көрсетілуі керек.
2.Демонстрациялық эксперименттің айқын мақсаты болуы тиіс.
3.Сабақта көрсетілетін физикалық тәжірибе көп уақыт алмауы керек және барлық құралдарды бірден көрсетудің қажеті жоқ. Олардың ең негізгілерін ғана тақырыпты түсіндіруде қолданып, қалғандарын оқушылардың сұрау, қайталау сабақтарында пайдаланған тиімді.
4. Физикалық тәжірибелер негізінен физикалық заңдылық-тардың сандық мағынасын дәлелдеуге тиісті.
5.Демонстрациялық эксперименттің эврикалық түрде болғаны жөн, мұндай жағдайда тәжірибенің негізінде оқушылар өздері "жаңалық" ашады немесе тиісті қорытындыға келеді.
6.Тәжірибенің бірнеше нұсқаларынан, жаңа сабақты түсіндіруде олардың ең көрнекісі, әсері (эффектісі) күштісі көрсетілуі керек.
7.Тәжірибені көрсеткенде демонстрациялық үстелде тек керекті құралдар ғана қойылуы тиіс. Оның көрнекілігін күшейту үшін мұғалім түсті қағаздарды, ақ-қара экрандарды, түрлі түсті боялған сұйықтарды пайдаланып, құралдарды жарықтандырғаны жөн.
8. Көрсетілген тәжірибеге қатысты сурет пен сұлбаларды дер кезінде тақтаға сызу қажет. Ең дұрысы - суретті динамикалық түрде салу.
9. Физикалық экспериментті нәтижелі көрсетуде физика мұғалімінің әдістемелік шеберлігі өте-мөте қажет.

Зертханалық жұмыстар және оларды ұйымдастырып өткізудің әдістемесі

Зертханалық жұмысты (экспериментті) орындағанда, физикалық құбылыстарды оқушылардың өздері бақылайды, тексеріп көреді; табиғат заңдылықтарын зерттейді; "қолдан қайта жасайды", сандық және сапалық қасиеттерін байқап, өлшейді; өз бетінше қорытынды жасауға үйренеді, физикалық процестерді біліп-тануға және өмірде қолдануға мүмкіндік болатындығына сенімі артады. Зертханалық эксперимент оқытудың ең әсерлі және нәтижелі әдістеріне жатады. Оны физика ғылымындағы эксперименттік зерттеу тәсілдерінің бейнесі және тікелей "көшірмесі" деп түсіну керек. Сондықтан ол мектеп физика пәніне ғылыми-зерттеу сипат береді. Мектепте физиканы оқытудың мақсаттарын орындайтындай зертханалық эксперименттің мынадай әдістемелік ерекшелік маңызы бар.
1.Демонстрациялық тәжірибені көрсеткенде оқушылар тек ғана пассивті түрде бақылаушы рөл атқаратын болса, зертханалық экспериментке олардың өздері белсене қатынасады, физикалық құбылыстарды өздері қолымен істеп көріп, өлшеулер жүргізеді, физикалық шамалар мен тұрақтыларды тағайындайды.
2.Зертханалық жұмыстарды орындағанда оқушылар физикалық приборлармен, аппаратуралармен жұмыс істеуге үйреніп, политехникалық ебдейліктері мен дағдыларын дамытады, практикалық маңызын түсініп, олардың табиғат құбылыстарын біліп-тануға қажетті құрал екендігіне көз жеткізеді.
3.Зертханалық эксперимент жасау үстінде оқушылар бізді қоршаған табиғат құбылыстары туралы өзінше қорытынды жасауға үйренеді, физика заңдарының практикалық маңызына түсінеді, физика ғылымының техникамен және өмірмен байланыстылығына сенетін болады. Бұл физиканы оқытудағы формализмді жоюға жәрдемдеседі.
4.Зертханалық сабақтарда окушылар ғылыми-зерттеу жұмыстарды жүргізуге дағдыланады, физика ғылымының танымдық күшіне сеніп, оқуға деген олардың ынта-жігері артады.
Мектепте өткізілетін зертханалық эксперимент белгіерекшеліктеріне қарай мынадай 5 топқа классификацияланады:
I. Зертханалық экспериментке оқушыларды қатыстырылуы бойынша :1) олардың барлығы түгел міндетті түрде орындайтын сыныптық зертханалақ, жұмыстар; 2) сыныптан тыс уақытта (физика кабинетінде, үйде), физикаға қызығушы оқушылардың ғана істейтін зертханалық жұмыстары болып бөлінеді.
II. Өткізілетін орны мен уақыты бойынша зертханалық жұмыстар 4 түрге бөлінеді : 1) толық бір сабақ бойы; 2) сабақта қысқа уақыт (5-10 мин.) мерзімде; 3) физикалық практикум деп аталатып ұзақ уақыт (2 сабақ) бойы; 4) сыныптан тыс уақытта (кабинетте, үйде - 10,30 мин) өткізілетін эксперимент.
III. Зертханалық эксперимент мазмұны бойынша сандық және сапалық жұмыстар болып бөлінеді.
IV. Өткізу тәсілдері бойынша зертханалық эксперимент: 1) фронталь; 2) әр түрлі жұмыстар жүйесі; 3) физикалық практикум болып 3 ке бөлінеді. V.Зертханалық эксперимент қойылу мақсаты бойынша зерттеушілік, эвристикалык, иллюстративтік болып бөлінеді.
Фронталь зертханалық жұмыстар қысқа уақытты немесе бір сағаттық болады. Ол сабақта яғни барлық оқушылар бір мезгілде бәрі бірдей жұмысты орындайды. Фронталь зертханалық жұмыстардың бірқатар ұйымдастыру - әдістемелік артықшылықтары бар: а) өтілетін тақырыппен тығыз байланысты болады; ә) барлық оқушының бірдей жұмысты орындауы, оны өтікізу мен тексеру мұғалім үшін жеңілдейді. Мұғалім бұл жұмыстың мынадай өзіндік қиыншылықтарын да аңғаруы керек: а) сыныптағы барлық оқушыларды бірдей құралдармен қамтамасыз етудің мүмкіндігі бола бермейді; ә) бір жұмысты 3-4 оқушы бірігіп топ болып істегендіктен, олардың біреуі ғана өлшеумен айналысып, қалғандары тек бақылауға мәжбүр; б) жұмыстың құралдардың тегіс бәріне бір мезгілде таратып, жинап алу мұғалімге оңайлыққа соқпайды.
Бағдарламада көрсетілген зертханалық жұмыстар мен физикалық практикумдар негізінен мектеп физика курсының мынадай басты мәселелерін эксперименттік негізде түсіндіруді көздейді:
1) физикалық құбылыстарды бақылау және зерттеу
2) өлшеуіш приборлармен және физикалық шамаларды өлшеу әдістерімен танысу
3) физикалық шамалардың арасындағы сандық байланыстарды тағайындау
4) физикалық тұрақтыларды анықтау және олардың сан мәндерін табу тәсілдерімен таныстыру
5)техникалық құралдармен және қондырғылармен таныстыру.
Кезең
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Әзірлік
1) Зертханалық жұмыстың дидактикалық мақсатын және оның сабақ құрылымындағы орнын анықтау
2) Сабақ жоспарын (конспектісін) жасау
3) Құралдарды жинақтап олардың дұрыс істеуін тексеру, жұмысты істеп қарау
4) Тәжірибе нәтижесінің қателігін есептеп, тәжірибе орындаудың тиімді жолын анықтау
1) Теориялық материалды қайталау
2) Құралдармен жұмыс істеу тәсілдерін еске түсіру
3) қажет болса, эксперимент мақсатына сәйкес берілген есептерді шығару
4) Жұмысты орындаудың жоспарын құру
Орындау
1) Кіріспе әңгіме өткізу
2) Оқушының іс-әрекетін ұйымдастырып, олардың жұмыс істеу барысын бақылау
3) Оқушының жұмысының нәтижесін тексеру
1) Жұмыс істеу
2) Жұмыстың нәтижесін қорытындылап жазу
3) Жұмыстың нәтижесін тексеріп дұрыстығын тексеру
Қорытындылау
1)оқушылардың жұмыстарын тексеру
2) жұмыстың нәтижесін талдап қорытындылауды ұйымдастыру
1) жұмыстың нәтижесін талдауға қатынасу
2) өз жұмысын талдау

Физикалық практикумның мақсаты және оны ұйымдастырып өткізудің әдістемесі

Физикалық практикум әртүрлі жұмыстар жүйесі қойылып оқу жылы аяғында 2сағат сабақ ретінде қойылады. Физикалық практикум қолданылатын құралдарға байланысты және дидактикалық мақсатына қарай күрделі болып келеді. Физикалық практикум 1957 жылы енгізілді. Физикалық практикум әртүрлі тақырып бойынша алынған білімдерін тереңдету, кеңейту және қорытындылау мақсатында өткізіледі. Сонымен қатар күрделі қондырғылармен жұмыс істеу арқылы оқушыларда экспериментальды іскерліктерді дамытуға, жетілдіруге болады. Физикалық практикум негізінен 9-11сынып бағдарламасын қамтиды. Шамамен әр сыныпта физикалық практикумға 10 сағат беріледі. Физикалық практикумды ұйымдастырып өткізу физикалық зертханалық жұмыстар сияқты 3 кезеңнен тұрады
Кезең
Мұғалімнің іс-әрекеті
Оқушының іс-әрекеті
Әзірлік
1) құралдарды әзірлеу 2) жұмысты істеп қарап қателікті анықтап экспериментті орындаудың тиімді әдісін табу 3) жұмысты орындауға нұсқау әзірлеу 4) жұмысты орындаудың графигін әзірлеу
1) графике сәйкес әзірлену; 2) теориялық мәселені қайталау; 3) жасайтын эксперименттің теориясымен танысу; 4) құралдарды олармен жұмыс істеу ережелерімен танысу; 5) экспериментті дәптерге түсіру
Орындау
1) жоспар бойынша бірінші сабақта кіріспе әңгіме өткізу 2) оқушылардың жұмысқа әзірлігін тексеру 3) оқушылардың жұмыстарды орындауын тексеру
1) жұмысты орындауға әзірлігіне есеп беру 2) өз беттерімен жұмысты орындау 3) өлшеу қателіктерін есептеп, қорытындылау
Қорытындылау
1) Оқушылардың жұмысын тексеріп бағалау
1) Істеген жұмыстарының нәтижесін әзірлеп есеп беру

Жалпы білім беретін мектептің 10 сыныбындағы физика сабақтарында демонстрациялар, эксперементтік және практикалық жұмыстар, пәнге қызығушылықты қоздыру, олардың материалистік дүниетанымын дамыту, табиғатқа ұқыпты қарауға тәрбиелеу, ресурс үнемдеуді оқыту құралы ретінде.
10 сыныпта оқудың бастапқы кезеңінде оқушылардың көпшілігіне қаншалықты қиын екені белгілі. Бұл қиындықтар бұрын оқушы қолданбаған терминологияны меңгеру қажеттілігінен туындайды; қандай да бір физикалық құбылысты не денені сипаттайтын физикалық шаманы бөле білу; осы физикалық шама өлшенетін бірліктерді есте сақтау. Бұл қиындықтар, әдетте, 11-сынып оқушыларының қызығушылығын өте тездетеді, тіпті олардың ішінде зертханалық жұмыстарды орындайтын, зымырандарды іске қосатын немесе акт залында Жаңа жылдық шыршаны иллюминациялайтын түрлі-түсті сәулелі қондырғыны орнататын жоғары сынып оқушыларына қызғанышпен қарап отырғандар. Бұл қызығушылықтың ұшқынын жоймау, ал оны барынша жарқындыру, ең көне табиғи ғылымның біріне құмарлыққа дейін болуы мүмкін - мұғалімнің аса міндеті неде, оны шешкен кезде қандай да бір жағдайда да өз пәніне сүйенуге болмайды.
Оқылатын пәнге адамның тұрақты қызығушылығын қолдаудың қол жетімді және іс жүзінде тоқтаусыз тәсілдерінің бірі-оның күнделікті өмірде практикалық мәнін көрсету, тұрмыста қолдану. Барлық заманауи оқулықтар көп немесе аз дәрежеде практикалық немесе тәжірибелік тапсырмаларды, зертханалық жұмыстарды,практикумдарды ескереді және ұсынады. Алайда, әдістемелік ұсыныстар мен әзірлемелерде біз жиі оқи аламыз:"зертханалық жұмыс оқулықта сипаттама бойынша орындалады". Мұғалім оқушылардың мүмкіндіктерін, жыл уақытын, мектеп шағын ауданында халық шаруашылығы объектілерінің, мектептің орналасқан жерінің рельефін, су объектілерінің (өзендер,тоғандар,көлдер) болуын ескере отырып,зертханалық және практикалық жұмыстарды өздері, сонымен қатар оқушыларды оқу орны ұжымының өміріне маңызды мән беретін практикалық сипаттағы міндеттерді шешуге тарта алады.
Қазіргі уақытта адамзат алдында экологиялық қауіпсіздік және ресурс үнемдеу мәселесі аса өткір тұр. Өндірісте, ауыл шаруашылығында және тұрмыста ресурс үнемдеуші технологияларды енгізу физика сабақтарында көрсетілуі тиіс. Бұл бағытта техниканың дамуы қарқынды жүріп жатыр.
Физикалық практикум оқу соңында негізгі жалпы білім беретін мектеп курсын қарастырады. Маған кейбір тәжірибелік практикалық жұмыстарды қандай да бір бөлімді немесе тақырыпты зерделеу аяқталғаннан кейін жалпылама тәжірибелік ретінде орындау орынды болып табылады. Мұндай тәжірибелерде оқушылар арқылы үйде орындалатын жай тәжірибелер және күнделікті қоршаған ортада, табиғатта, өнеркәсіптік және ауыл шаруашылық өндірісте жүргізілетінбақылауға жатады. Бұл тәжірибелердің барысын оқушылар оқытушының бақылауынсыз орындайды. Бұл түрде эксперименттік жұмыстарға оқушылар үй тұрмысындағы заттарды және қолдан жасалған материалдарды, ойыншықтарды, ойыншықтар жиынтығын және өнеркәсіп шығарған конструкторлар мен комплектілерді пайдаланады.
Оқу экспериментін жүргізуге арналған жабдықтар жоғарыдағы эксперимент классификациясына байланысты үлкен үш топқа бөлінеді, атап айтқанда:
1. тәжірибені демонстрациялау;
2. фронтальды лабораториялық жұмыстар және тәжірибелер;
3. практикумдар.
Әрі қарай жабдықтардың әр түріне қойылатын жалпы талаптарды қарастырамыз.
Физикалық эксперменттің әдістемесі және оның техникасы бірін-бірі айырғысыз, бірақ оқытушының мамандық дайындығы мен оның жұмыс орнын ұйымдастыру үшін физикалық экспериментті дайындау техникасын оқу кезеңіндегі пайдалану әдістемесінен бөледі. Соңғысы дайын жабдықтарды пайдалана отырып кез келген тәжірибеде зерттелініп жатқан құбылыстың иллюстрациясын таңдауды қамтамасыз етеді, сабақтары эксперименттің алатын орнын көрсетеді. Эксперменттік әдістік оқудың басқа әдістерімен қолайлы бірігуіне жету үшін демонстрацияны кезеңдерге бөледі. Физикалық экспериментті дайындау техникасы демонстрацияның өрнектілігін және көрнектілігін, ғылыми жетістіктерін қамтамасыз ететін приборлардың арнайы құрылымын таңдап алуға көмектеседі, сонымен бірге сол приборлармен операциялардың этап бойынша ыңғайласып орындалуын қамтамасыз етеді.
Сонымен оқу экспериментінің дамуына озық әдістемелік идеялар, оқудың жетілдірілген және кеңейтілген мазмұндары, лабораториялық техникалық жаңа жетістіктері мен экономикалық факторлар көп әсерін тигізеді.
Эксперимент жұмысының міндеттері мынадай болды:
- мектепте әдістемелік құралдарда педагогикалық-психологиялық тұрғыдан лабораториялық сабақтарды ұйымдастырудағы өзекті мәселелерді анықтау;
- оқушылардың лабораториялық сабақтағы іс-әрекет алгоритмі, виртуальды жұмыс қолданылған лабораториялық сабақтарға жасалған әдістемелік құралдың негізгі мазмұнын ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Фронтальды зертханалық жұмыстардың жіктелуі
Физикадан факультативтік сабақтарды өткізу әдістемесі
Семинар практикумның ерекшеліктері
Физикалық зертханалық жұмыстардың міндеттері
Баланы тәрбиелеу мен оқытуда балабақша мен отбасының сабақтастығы мәселесін әзірлеу
Дыбыстың физикалық сипаттамалары
Практикалық психология және практик психологтың қызметі
Кәсіби дайындықтың кәсіби маңызы
Физикадан факультативтік курстар
Қазіргі атом физикасы
Пәндер