Есею жылдары романының қазақ прозасында алар орны



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 18 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Ш.УӘЛИХАНОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ МЕМЛЕКЕТТІК УНИВЕРСИТЕТІ ШЖҚ РМК
Филология және педагогика факультеті
Қазақ филологиясы кафедрасы

Қазақ әдебиетінің тарихы пәнінен
Курстық жұмыс
Тақырыбы: С.Мұқановтың Есею жылдары романындағы Сәкен бейнесі.
Мамандық шифры
Оқу бөлімі
5В011700 - Қазақ тілі мен әдебиеті
Күндізгі

Орындаған: ___________ Маратова Б. Е.
Тексерген: ___________ Есенғұлов.А
Бағасы: ___________

Көкшетау, 2019 жылы
Жоспары:

1.Кіріспе
1.1.С.Мұқановтың Өмір мектебі трилогиясының қазақ әдебиетіндегі орны
2.Негізгі бөлім
2.1.Есею жылдарындағы Сәкен Сейфуллин бейнесі
2.2. Сәкен Сейфуллинмен кездесуі
2.3. Сәкеннің қамқорлығы
2.4.Романдағы замана шындығының көрінісі
3.Қорытынды
3.1. Есею жылдары романының қазақ прозасында алар орны.

Кіріспе

Курстық жұмыстың мақсаты:
Жазушы С.Мұқановтың шығармашылығымен танысу.Есею жылдары атты романындағы кейіпкерлер әлеміне шолу жасап,Сәкен бейнесінің жағымды-жағымсыз жақтарын саралау.
Курстық жұмыстың өзектілігі: С.Мұқановтың Есею жылдары романының қазақ прозасында алатын орнын таныту.
Курстық жұмыстың міндеті: Романда суреттелген қоғам шындығын тану,сыни пікірлер ұсыну.

0.1 С.Мұқановтың Өмір мектебі трилогиясының қазақ әдебиетіндегі орны
Қазақ прозасының ішінде дербес тұратын шығарма- Өмір мектебі романы.Бұл кітапта автор орыстың ұлы жазушысы,социалистік реализм әдісінің негізін салушы-Алексей Максимович Горькийге шығармашылық жағынан еліктей,үйрене отырып жазды.Кітаптың алғашұы тараулары Менің мектептерім деген атпен 1930 жылы жарияланды.1941жылы Менің мектептерім жеке кітап болып 1-ші кітабы басылды.Сол нұсқасы 1947ж Мәскеуде Шкловскийдің аударуымен жарияланды. Одан кейін де кітап көлемі біраз өзгеріп,орысша,қазақша жариялаып жүрді.Ақыры автор кітапты көп толықтырып,мемуралдық роман дәрежесіне жеткізіп Өмір мектебі деген жаңа атпен,1955жылы бірінші,екінші кітаптарын жариялады.Романның 3-ші кітабы-Есею жылдары 1964жылы жарияланды.
Роман мемуралдық:жазушының басынан көшірген,өзі қатысқан,өз көзімен көрген,естіген,я көңілімен сезінген оқиғаларға негізделіп жазылған.Бірінші кітапта 1900-1918 жылдардағы;екіншісінде 1918-1924 жылдардағы;үшіншіде Есею жылдарында 1924-1936 жылдардағы оқиғалар,кейіпкерлер суреттеледі.
Өмір мектебіндік С.Мұқанов та өзінің көргендерін,басынан кешіргендерін сезініп, білгендерін бейнелейді. Бірақ көру, білу, сезу, бағалау, пікір түю-заманның ұғымымен,көзқарасымен сабақтас.Сондықтан романнан сол заманның сын-сипатын көреміз.
Сонымен қатар, романда алуан-алуан адамдардың ажары, тұлғасы, мінезі, әрекеті көрінеді.Біреулер көп ұшырайды,біреулер екі-үш рет көзге ілінеді де,қалып қойып отырады.Бірақ жазушы шебер әдістер қолданып,солардың көбін есте қаларлық дәрежеде тұлғаландырады.Өмір мектебінің Iкітабы қазақ өмірінің 20 жылға жуық тарихи елеулі кезеңін сипаттайды.Оның өмір сахнасы-1905 жылғы революциядан кейін тездей өсіп,ақырында социалистік өмір құрып жатқан қазақ қауымы.Бұл романда сан алуан адамның таптық,тіршілік,әлеуметтік ортасына орай сөз кестесі шебер қолданылған.
Романның сюжетті желісіне арқау болғандар: ақындар, әңгімешілер, революционерлер, елді совет өріне бастаған ізгі ниетті қайраткерлер,сан алуан мінез,әрекет.Жазушы солардың бәрін өздеріне лайықты сипатымен,қимылымен жан беріп,тілмен бейнелейді.
Өмір мектебі- барықсыз,дәрменсіз жағдайдағы ауылдың революциялық жолмен күрт өсіп,совет бейнесіне көтерілуінің көркем күнделігі.Автор бұл кітапты ұтымды шеберлікпен жасап,дара қаһармандар мен топ-топ адамдардың тағдыры арқылы бүкіл қоғамның тағдырын көрсеткен.Кітаптың екінші томында революциялық оқиғалар,оған қатысқан адамдар кең суреттеледі.Өмірдің өскелеңдігін,өршілдігін жанды оқиғалармен бейнелеген жазушы социалистік реализм совет әдебиетінің тыңғылықты таянышы екенін де айқын әйгілейді.
Үшінші кітапта-Есею жылдарында жазушы социалистік жолмен өрлей дамыған Қазақстанның сан қилы өмір саласындағы адамдардың образдарын бейнелейді.Бұл кітапта тарихи мешеу дамыған Қазақстанның социалистік жолда өзіне тән қиыншылықтары болғанын көреміз.Ол қиындықтар өмірдің бар саласындв кездескенін жазушы кең де,батыл да суреттейді.Түгелдей алғанда Өмір мектебі- тарихи жарты ғасыр өрлей өскен өміріміздің реалистік күнделігіндей.Бұған дәлел жазушы М.Әуезовтың,біз айтып отырған С.Мұқановқа байланысты былай деуі:С.Мұқанов-қалыспай әрдайым замана талабының дәрежесінде қайрат жасап келеді.Жазушы Ленин партиясының идеясын көпшілікке насихаттай отырып,бір кездегі мешеу Қазақстанның индустриялы-колхозды озық республикаға айналуының поэзиялық күнделігін жасады.Сәбиттің поэзиялық және прозалық шығармаларындағы кейіпкерлердің бойындағы патриотизм,еркіндікке құмарлық,бақытты болашаққа сенім көзімен қарау,ұлы орыс халқымен мызғымас достықты ынтыға қолдау секілді қазақ қауымына тән тамаша қасиеттер мол.
Мұқановтың татымды шығармалары әлдеқашан мектептің хрестоматияларына енді. Кітаптардың идеялық мазмұнымен және күнделікті сүйемелдеу арқылы Мұқанов қазақтың көптеген ақын,жазушыларының шығармашылық жолда аяқтанып кетуіне тікелей қолғабысын тигізді. Өмірде болған оқиғаның бәрі кітапқа кіруге сұранып тұрады, - деген екен француз ақыны Малларме. Өзі көрген , сезінген, жүрегінің түбінен терең орын алған нәрселерінің бәрін маржандай етіп тізіп кітабына енгізген дүниеде екі жазушы болса, оның бірі Сәбит Мұқанов. Өмір мектебі мемуарлық үлгіде жазушының өзі бастан кешкен тарихи дамудың шындығын дәл суреттейді.Әрбір туындысы әр дәуірдің шындығын көрсете отырып, осылардың бәрі жазушы шығармашылығында XIX ғасырдың орта тұсынан бастап, күні бүгінге дейін қазақ халқы бастан кешкен ұзақ дәуірдің үлкен эпопеялық шежіресін құрайды.Осы бір тарихи шындыққа бай, дәуір тынысы кең қамтылған шығармаларға қажет материалдарды халық өмірі, оның қуанышы мен қайғысы, күресі берді. Сәбит Мұқанов өзі де сол халық ішінен, оның қиын да азапты тіршілігінің шыңырау түбінен қайнап шықты. Халық мұңын жүрегіне ұялатып, оның көз жасымен шер - шеменін ойына түйіп өсті. Бұл жағынан оның балалық шағы Джек Лондонға, Максим Горькийге ұқсайтын еді. Осы аталған екі ұлы жазушы сияқты бұл да үлкен өмір мектебінен өтті. Оның бәрі өміртану, бақыт іздеу жолы еді. Осы бір халық басынан кешкен азапты сапарды Сәбит Өмір мектебі атты үш томдық тарихи мемуарлық романына арқау етті. Өмір мектебі кітабында бас кейіпкер автордың өзі, ол сондағы оқиғаларға белсене араласып отырады, замана жайында да толғаныс, тебіреністерін ортаға салады. Бұл кітап халық өмірін, түптеп тарта, асықпай-саспай кең қамтиды да, оның салт-сана, әдет-ғұрып, дәстүр құбылыстарын егжей-тегжейіне дейін дәл суреттеп отырады. Біздің көз алдымызда қырық жылғы бойғы уақыттың алуан түрлі қарбалас шиеленіс, қызу және қызық оқиғалары дәл бүгінгідей барлық әр - нәрімен туындап жатады. Сәбит Мұқанов қоғамының барлық топтар өкілдерінің аса бай портрет голереясын жасады десек артық айтқандық болмас еді. Оның кітаптарында әсіресе халықтың өзі ішінен шыққан қарапайым адамдардың, ер көңілді, адал бейнетқорларды: аңшылар мен малшылардың, ұсталар мен ер-тұрман шеберлерінің, етікшілер мен тігіншілердің, зергерлер мен кілемшелердің - өз іскерлігін мақтан тұтатын және оның үстіне суырып-салма ақындығы мен ділмар шешендігі бар, әнші - жыршылығы бар алуан түрлі кәсіп иелерінің образдары өте-мөте тартымды шыққан. Мәселен, саяткер аңшы Ораз бен Аткелтірдің, жаны сұлу халық шеберлері Қабдол Хасеннің, Жабайдың, сондай-ақ дарынды домбырашы, ертегішілердің жарқын бейнелері ұмытылмай есте қалады. Жазушы басқа бір топты да ерекше сүйіспеншілікпен суреттейді. Олар- қазақтың революцияға дейінгі үркердей ғана демократияшыл интеллигенциясы. Баймағанбет Ізтолин, Спандияр Көбеев, Мырзағазы, Халит, Ғабит Мүсірепов. Баймағанбет Ізтолиннің бейнесі айрықша айқын, ерекше сүйіспеншілікпен суреттелген, әңгіме арқауына оның өлеңдерінің еніп отыруы да сәтті шешім болып шыққан. Жас ақын, халық мұғалімі Ізтолин революцияға дейінгі басқа да көптеген ауыл балалары секілді жас өспірім Сәбит Мұқановқа шын жаны ашып, қамқорлық жасайды. Ізтолин образы арқылы жазушы туған халқының бақыты мен бостандығы үшін күреске ұмтылған қазақтың интеллегенциясының алдыңғы қатарлы аз ғана тобының революцияға араласуын, онда атқарған рөлін нанымды сипаттады.Жаңа өмір орнату, жаңа адамдар тәрбиелеп шығару, әрине оңайға түскен жоқ. Сәбит Мұқанов оны жақсы біледі және бұрылыс-бұлтарыстарының тігісін жатқызбай боямаға салмай-ақ, жаңа дүние орнату жолындағы күресте жеңістеріміз бен жетістіктеріміз үшін қаншама құрбандық бергенімізді бүкпей ашып айтады. Осыған орай турасын айту керек, Өмір мектебі - Қазақстандағы ең ауыр кезеңнің, ауыл шаруашылығында өрескел қателер жіберілген 1929-1932 жылдардың қайшылықтарын батыл да терең ашып көрсеткен қазақ әдебиетіндегі ең татымды, ең тұңғыш шығармалардың бірі. Жазушы бұл кезеңді партиялық тұрғыда байсалды ой елегінен өткізіп, ол туралы партиялық қаржымен, шын және әділ әңгімелейді. Нағыз халықтық сипатта жазылған бұл еңбегіне суреттелетін жайттардың бәрі де социолистік дәуірдің қым-қуыт қызу оқиғаларын бастан өткізген жауынгердің, коммунист жазушының көзімен суреттеледі, сондықтан да мұндағы айтылған әңгімелердің бәрі өзінің тарихи нақты шындығымен баурап алады, оқушыны тебірентіп, болған іске кәміл сендіреді, сонымен қатар оған эстетикалық ләззат беріп, заманымыздың ақиқат көркем шындығы жайлы деректерді молайта түседі. Жазушы өзі туралы, өзінің рушылдығымен оны жеңуі туралы, өзінің үйленуі, баласының туу туралы жазғанда да ақиқатқа қиянат жасамайды.Өмір мектебі мемуарлы шығарма болғанымен, қазіргі дәуірімізбен үндесіп тұр. Ол тіпті өзінің балалық шағын баяндағанда да біз оның ақырына дейін ақылмен қорытқан, айқын позициясы бар осы заманғы үлкен жазушы екенін аңғарып отырамыз.Қазақ әдебиетінде Сәбит Мұқановтың Өмір мектебі атты трилогиясының айрықша мәні бар. Өйткені XX ғасырдағы қазақ халқының аумалы-төкпелі тағдыры, жаңа заманның адуында бейнесі көркем арнадан көрініп, эпопеялық сипатқа ие болады. Осы мәнді шығармаға байланыстыра бір жайды айрықша атап көрсеткен жөн. Тура айтып, туғаныңа жақпайсың дегендей, дүниеде шындықты айтудан, оны тарихта болған ірі тұлғалармен жанастыра айтудан қиыны жоқ. Себебі, ақиқат әрқашан ащы, ал оны көркем шығарма бетінен көре беруге ешкім де құмар емес. Сөз жүзінде құптағанмен, көңілде сызат қалып қояды. Сәбеңнің Өмір мектебінде, әсіресе, оның үшінші томы Есею жылдарында болсын талай қайраткерлердің тарихтағы түр-келбеті, іс-әрекеті ашық айтылып, айқын суреттеледі. Оны өздері де, кейінгі ұрпақтары да тіксіне қабылдап, ұнамсыз болса сөзге қалдырып жатулары не сан. Сондықтан көркем шығарма деп жанға тимейтін әйтеуір біреулерді суреттеген шығармадан тарихи шындық негізінде жазылған туындылар дау-дамай тудырып жатады. Ал мұның өзі әдебиеттің әлеуметтік қызметін өсіре түсіріп, шығарманың өміршеңдігіне, жазушы пәрменділігіне жол ашады, ел алдындағы бағасын асыра түседі. Сәбит Мұқанов шындық жолында күресе білді. Т. Кәкішев өзінің 1999 жылы Егемен Қазақстан газетінде жарнамаланған мақаласында былай дейді: Сәбит тағдырына қатты алаңдадым, оны кінәсіз, мінсіз,кемшіліксіз деп ешкім есептемейді. Өмір өткелінде өзінің демократтығынан, адамға жақындығынан Сәбеңе жететін жан жоқтығынан емес, осы әдетін толық сақтамағаннан таяқты көп жеген адамды табу да қиын. Тұла бойы қайшылыққа толы қайраткер араша түсу мақсатымен емес, бір сыр-сипатын тарихи шындық деңгейінде көрсетуді ойлап, көпшілік түгілі тіпті Сәбиттің өзі білмеген, жұрттың көзіне түсе қоймаған бір құжатты бір оқушыға таныстыруды қажет тауып отырмын, өйткені, ол өсек-аянның ішіне су құяды. Сәбит Мұқановтың кім болғандығын, не тыңдырып кеткендігін, түсіндіремін деп арамтер болудың еш қажеті жоқ. Тарихи таразысына, уақыт құдіретіне кезіккен ұлы дарынның артында қалдырған мол мұрасының қазақ әдебиеті мен мәдениетінде қандай салмағы бар және өзі өмр сүрген заманның ең айбынды жаршысы болып жүргенде қоғамға қандай олжа салды, дүниетаным мейірімдерінен нені іріктеп алып, келешекке қалай жалғастыруға тиістіміз деген түбегейлі мәселелер төңірегінен ой өрбітіп, қорытынды жасаған жөн деп ойлаймын.

2.1.Есею жылдарындағы Сәкен Сейфуллин бейнесі
Жазушы С.Мұқанов романның Сәкеннің салттарынан деген тақырыбында Сәкен Сейфуллиннің бейнесін әр түрлі тұрғыдан қарап,суреттейді.Арасында ерекше әрекеттеріне сипаттама береді.Әуелі оның бейнесі туралы ойын былай бастайды:"...пәтерінен тез шығып кетуге Сәкеннен ұялдық.Сөйтіп жүріп Сәкенге бойымыз көбірек үйренді де оның мінез-қылығымен жақындау танысып алдық".
Енді романдағы Сәкеннің бейнесіне оны автордың ерекше суреттеуінен бірнеше үзінді келтірейін.
Ең алдымен сымбатының,келбетінің сұлулығына сәйкес,Сәкен айта қалғандай дені сау адам екен.Сол күйін бағалайтын ол,саулығына нұқсан келтіреді-ау дейтін қылықтардан аулақ екен.Мысалы,сол бір кездегі қазақ оқығандарының арасында насыбай ату салты бар.Бұл өзі жоламаумен қатар,насыбайшыларды сықақтап,ауыздарын әлденеге ұқсатып ыза қылатын. Жас күнінен шылым тартатын ортада болғанымен ,Сәкен шылым да тартпайтын.Бұл жерден Сәкеннің әлдекімге еліктеп кете беретін,желіккен адам емес екенін байқауымызға болады.
Екіншіден,тамақты өктеп ішу Сәкеннің салтында жоқ та.Ол таңертең сол күнгі сүттен іріткен ақ ірімшікті шикі қаймаққа жаншып кішірек бір тарелкасын тауысатын да,сүт құйылған бір стақан қою шай ішіп,қызметіне кететін.Үйіндегілер түскі тамақты Сәкен қызметтен келгенде ішетін.Сонда үнемі житіні-жылқының етінен жасалған бесбармақ.
Үшіншіден,Сәкен былшиған деп семіз адамды да,тыртиған деп арық адамды да ұнатпайтын.Оның дене құрылысы жағынан ұнататындары сыла ғана адамдар.Өзін осындай адаммын деп түсінетін ол,бәйгеге қосуға баптаған аттай,денесін үнемі тоқжарау ұстайтын.Арықтау белгісін Сәкен үнемі мойнынан іздейтін.Ол балуан мойынды адам еді.Сонысын мақтан көргендей ,біреулермен мәзілістесіп отырғанда басын оңды-солды бұрып,мойнын саусақтарымен жан-жағынан қысқылап отыратын.
Төртіншіден,Сәкеннің бұлшық еттері түйінді және қатты болатын.Ол екі қолының да бұлшық еттерін,кезек-кезек қысып отырудан тынбайтын.Денесінің бұлайғы бұлшық еттерін көрсеткісі келгенде, Балуан Шолақ бүйтеді екен дегенді сылтауғып,фискультурамен шұғылданған уақытта, Әй,бері келші!...-деп қасына шақырып-ап,жонның,санның бұлшық еттерін қыстыртып көретін.
Бесіншіден,Сәкен екі мезгіл ұзақ жуынатын адам еді:таңертең және қызметтен немесе серуеннен қайта.Екі мезгілде ол көйлегін шешіп тастап,кеуде мен басын сабындап тұтас жуады.
Алтыншыдан,киімді Сәкен үнемі сәнді,көбінесе европаша киінетін.Ол кезде галстук тағу салты жоқ.Сәкеннің галстугы мойнынан түспейтін.Ол үнемі пілдің сүйегінен жасалады дейтін қатқыл ақ жаға киетін,сондай жең-ұш салатын.Үйінде көбінесе қазақы киімдермен отыратын.Орынборда Қазақ полкі деген әскери құрам бар,соның сыйлы командирі болғандықтан Сәкенге полк командирінің киімі берілген.Сәкен кейде тысқа сол киімдерімен шығуды да жақсы көретін.Бірақ күн жылы болса да шинелін тастамайтын,сондағы себебі,сұлу біткен барлық денесіндегі жалғыз кемшілігі-жіліншіктерінің аздап талтақ бітуі де,соған қорланатын Сәкен,көшпелі ат үстінде жүретін аталарымыздан қалған мұра дейтін.Ол кездегі әскери адам аяғына етік қана киеді.Мұрты ұзын,сұлу кескінді Сәкенге әскери киім өте жарасатын.
Жетіншіден, Дене тәрбиесін жақсы ұстайтын Сәкеннің ерекше күтетіні:шашы мен мұрты.Табиғаттан толқындана біткен оның шашы көмірдей қара.Сонымен сән көргендей Сәкен соңғы жылдарына дейін ұзындау өсіріп жүрді.Шашы көмірдей қара Сәкеннің мұрты да қара сұр түсті еді.Оның мұрты ұйпаланғыш түбіт емес,майыспайтын қылшықты болатын;қобыраған қалың емес,қоюлау қияқты келетін;қылшықтары ұзынды-қысқалы болмай жарыса тегіс өсетін де сапары шақшытына жететін,оны алақанымен ара-тұра сипалап отыратын дағдысы бар.Өсіріп жіберсе қаба,қалың қара сұр сақалы болатын түрі бар да.Сәкен оны күн сайын қырып,орны көгеріңкі көрінбеу үшін,аздап қоңырлау түсті опа жағатын.
Сегізіншіден,Сәкен бір көрмеге мейлінше тәкәппар,кекір мінезді кісі сияқтанатын кісі еді.Ұнатпайтын адамына солай болатыны да рас.Оларды тап жауы деп санайтындары мен ісі,мінезі халыққа жат чиновниктер.Ал, өзім деген адамға,әсіресе қарапайым еңбекші адамдарға Сәкеннен кішіпейіл кісіні табу қиын да.Мысалы ол,осы қаладағы оқу орындарына көп баратын,оқушылардың оқу орындарын я жатақханаларын көп аралайтын,көп сөйлесетін,кіші қызметкерлердің пәтеріне қонаққа барудан тартынбайтын адам да.Ондай адамдар Сәкеннің пәтеріне де көп барады.
Тоғызыншыдан, Сәкеннің түскі асын жеке ішуі сирек ұшырайды. Көбінесе стол төңірегін толтырған қонақ болады.Мәжілістері қыз қылықты келеді.Сәкен бірсыдырғы домбырашы адам еді.Домбыраны ол сабаламай ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Тәуелсіздік жылдарындағы қазақ прозасы
ӘЗІЛХАН НҰРШАЙЫҚОВ
Қазақ прозасы және тарихи тақырып
Әбдіжәміл Нұрпейісовтың «Қан мен тер» романына салыстырмалы-салғастырмалы талдау
Төлен Әбдіковтің прозалық шығармаларының жанрлық, тақырыптық және көркемдік ерекшеліктері
Тайыр Жомартбаевтың «Қыз көрелік» романы
Қарым-қатынас ұғымы және оның мәні жайлы
ХАКІМ АБАЙДЫҢ ҒИБРАТЫ
Қазақ прозасының зерттелуі
Қабдеш Жұмаділовтің «Таңғажайып дүние» романының жанрлық сипаты
Пәндер