Қазақ прозасындағы әңгіме жанры, зерттелуі
Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім
0.1 Қазақ прозасындағы әңгіме жанры, зерттелуі ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... 4
0.2 Дидар Амантайдың Көзіңнен айналдым әңгімесіндегі заман бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..9
0.3 Дидар Амантайдың Жұман атаның немересі әңгімесіндегі заман бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 11
0.4 Дидар Амантайдың Қарағайлы шаһарында әңгімесіндегі заман бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 13
0.5 Дидар Амантайдың Мен сізді сағынып жүрмін шығармасындағы заман бейнесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 17
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ...18
Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты: Дидар Амантайдың Жұман атаның немересі, Көзіңнен айналдым әңгімелеріндегі және Мен сізді сағынып жүрмін шығармасындағы заман бейнесін анықтау.
Курстық жұмыстың міндеті: Дидар Амантайдың Жұман атаның немересі, Көзіңнен айналдым әңгімелеріндегі және Мен сізді сағынып жүрмін шығармасындағы заман бейнесін көрсету және контекстер арқылы дәлелдер келтіру.
Курстық жұмыстың өзектілігі: Дидар Амантайдың Жұман атаның немересі, Көзіңнен айналдым әңгімелеріндегі және Мен сізді сағынып жүрмін шығармасындағы заман бейнесін көрсету тақырыптың өзектілігін танытады.
5.1 Қазақ прозасындағы әңгіме жанры, зерттелуі
Сан ғасырлар бойы дамып, іргелі дәуірлерді басынан өткізген - қазақ әдебиеті қазақ халының өшпес, өлмес өнері болып табылады. Қазақ әдебиетінің тарихы қазақтың кең, апайтөс даласында өмір сүрген қазақ халқының тағдырымен тығыз байланысты. Әдебиетіміз сұрапыл ғасырлардан, қиын дәуірлерден өтіп, қазіргі кезде көптеген зерттеулерден көрініс табуда. Қазақ әдебиеті -- қазақ халқының ғасырлар қойнауынан ұрпақтан ұрпаққа жеткен рухани, мәдени мұрасы, сөз өнерiнiң асыл қазынасы. Қазақ әдебиетінің жазбаша және ауызша шығармалардың көркем даму процесінде қалыптасқан өзіндік әдеби жанрлары бар. Әдебиеттану ғылымында әдебиет жанрлары мәселесі жан-жақты зерттелініп келеді. Әдеби жанр термин ретінде шартты түрде екі мағынада қолданылады.Әдебиеттің тектері лирика, драма, эпос деп бөлінсе, ал әдеби шығарманың түрлеріне әңгіме, роман, баллада, поэма, комедия, трагедия және тағы басқалары жатады. Әдебиет теориясы жайлы жазылған оқулықтардың көбінде әдебиеттің тегін - жанр деп, ал әдеби шығарманы - жанрлық түр деп көрсетіп жүр. Демек, эпосты - жанр деп танитын болсақ, оның шағын көлемді, орта көлемді және кең көлемді үш түрі белгіленеді де, шағын көлемді эпикалық түрге - аңыз, очерк, әңгіме және тағы басқаларын жатқызамыз. Қазіргі жұмысымда мен осы әңгіме жанрына тоқталмақпын. Қазақ халқының тұңғыш әдебиеттанушы-ғалымы А.Байтұрсынұлы 1926 жылы жарық көрген мәні мен маңызы өте терең, сан-салалы әдебиет табиғатын жан-жақты ашып, талдап түсіндірген „Әдебиет танытқыш" атты еңбегінде жазба әдебиеттің өзіндік ерекшеліктерін айтып көрсетеді. Сонымен қатар жазба әдебиеттің: біріншіден, әуезе, яки әңгіме; екіншіден, толғау тобына қарайтын сөздер; үшіншіден, айтыс-тартыс тобына қарайтын сөздер деп үш топқа, яғни түрге бөліп қарастырады.
Осы топтағы әуезе немесе әңгімеге анықтама бере келіп, ғалым Ахмет Байтұрсынұлы: „Бұл топқа жататын сөздер толып жатыр. Оның барлығын түгендеудің қажеті жоқ. Ең басты түрлерін алғанда, әңгімеге мыналар жатады:Ертегі жыр, тарихи жыр,әуезе жыр, ұлы әңгіме (роман), ұзақ сөз, аңыз өлең немесе әңгіме, көңілді сөз, мысал және ұсақ әңгімелер", - дейді. Ғалым Ахмет Байтұрсынұлы ұлы әңгіме, яғни романға жанрлық жағынан сипаттама бере келіп, „ұлы әңгіменің өресі қысқа, өрісі тарлау түрі „Ұзақ әңгіме", ал одан шағындау түрі „Ұсақ әңгіме" деп аталады", - деп нақтылай түседі. Одан әрі: „Ұлы әңгіме, ұзақ әңгіме, ұсақ әңгіме болып бөлінулері к-лемінің үлкен-кішілігінен ғана. Мазмұндау жүйесі барлығында да бірдей, тек айтылу көлемдерінде ғана айырма бар. Ұлы әңгіме сөзі алыстан айдаған аттар сынды жайыла бастайды, ұзақ әңгіме жақыннан айдаған аттарша жайыла бастайды, ал ұсақ әңгіме мүше алып, оралып келе қоятын аттарша бастайды", - деп ғалым „әңгіме түрлерін" одан әрі қарай жіктеп, жүйелеп береді. Ахмет Байтұрсынұлының „Әдебиет танытқыш" еңбегіндегі „ұлы әңгіме" деп отырғаны - роман, „ұзақ әңгіме" деп отырғаны - әңгіме жанры екені белгілі. Жалпы алып қарастырғанда, „Әңгіме деген не?" деген сұраққа Ахмет Байтұрсынұлына дейінгі әлем ойшыл-ғалымдары да, одан кейінгі отандық зерттеушілеріміз, оқымыстыларымыз да тынбай жауап іздеп келеді. Осы сала бойынша жарық көрген еңбектерді екі түрлі жүйе бойынша топтастырып қарауға болады. Біріншіден, әңгіме жанрының өзіндік сыр-сипатын сараптауға, жанрлық ерекшеліктеріне мінездеме беруге арналған теориялық тұрғыдағы зерттеулер, ой-пікірлер, мақалалар; екіншіден, мерзімді баспасөз беттерінде немесе әдеби шығармалар жинақтарында басылған, жазушылардың қаламынан жарық көрген әңгімелерге байланысты жазылған шолу мақала-сындар, арнайы зерттеу еңбектер.
Әңгіме жазу кезінде оның екі түрлі ерекшелігі, біріншіден, оның қысқа жазылуы керектігі, ал, екіншіден, шебер жазылуы керектілігі басты назарға алынады. Академик Зейнолла Қабдолов осы жанрдың cипатын былай ашып көpсетеді: „Әңгіме - қиын жанp. Ең біpіншіден, көлемі шағын. Ол - жазушыдан баpынша жинақы болуды талап етеді. Содан кейін оқыpманды біpдeн өзінің ізінен еpтіп әкету үшін, сол шaғын көлемдегі өміp oқиғаcының өзі соншалықты тартымды, cюжеті қызықты болуы керек. Оқиға жeлісіне eнe бастаған бeттe-ақ оқырманның көз aлдынa іші-сыртын, мінeз-құлқын, іс-әрeкeтін aттaған сaйын aнық сурeттeліп, aдaм кeлe бaстaуы тиіc. Ол кіcі өзінe тән ең бір елеулі ерекшелігімен дереу өзгешелене білуі керек. Адaм нaқты көрінбейді; оның өзін қоршаған aйнaлaсы дәл көзгe түсуі, сoл aрқылы бeлгілі бір әлеуметтік топ, қоғамдық орта танылуы қажет. Әлгі кісі - соның өкілі, типтік тұлға болуы шарт. Осының бәрі жазушыдан өмірді терең білумен қатар, шұрайлы сөз байлығын, жіті бақылағыштықты, асқан талғампаздықты, тілдегі тамаша бейнелілікті, дәлірек айтқанда, қалам тиген жерді өмірдің өзіне айналдырар нағыз шеберлікті, соған қоса кемел идеяға апарар терең білім мен мәдениетті талап етеді. Мұның бәрі - аса күрделі, ауыр жұмыс, сондықтан жазушы қауым әңгіме жазуды шеберлікті шыңдау деп ұғынады. Әңгімe - көркем дүние және өмір құбылыстарына дереу үн қосқыш, оқырманын тез тапқыш, өткір, икемді, сүйкімді жанр. Ұзақ поэманың қасындағы қысқа лирика секілді, көп актілі драманың қасындағы бір актілі пьеса тәрізді, әңгіме де романнан тез жазылып, шапшаң тарайды. Жақсы әңгімелерді сахнадан тыңдауға, үйде немесе саябақта отырып оқуға, қалтаға салып, жолға алып шығуға болады. Әдебиет сүйетін адамға әр жерде-ақ сыршыл серік, сырмінез дос боп кетеді; оқырманның ойын тербеп, қиялын қозғап, жанына жалын қосады. Бұл - әңгіменің эстетикалық күші".
Академик З.Ахметовтың пікірінше: „Әңгімe - оқиғaны бaяндап aйтуға негізделетін, қара сөзбен жaзылған шaғын көлемді шығарма. Әңгіменің жанрлық ерекшеліктері алдымен оқиғаны бaяндау тәсілі, кoмпoзициялық, сюжeттік құрылыcы, кейіпкеp жүйесі арқылы айқындалады. Әңгімеде әдетте бас-аяғы жинақы, тиянақты бір оқиғa aйтылады. Әңгімеде басқа жанрлар секілді, алдымен адам - оның өмірі мен тағдыры көрінуі тиіс. Аса маңызды деген сюжет суреттелуі керек. Сөйтіп әңгіме көлемі шағын шығарма болғанымен, қаламгер үшін нағыз шебeрлік мектeбі екеніне сөз жоқ. Оған қатысатын кейіпкерлер де көп болмайды. Сюжeт желісі бір арналы, ширақ келіп, тақырыбы мен идеясы айқын болады. Мұнда бір aйтылған жaйларға қайта оралуғa, тәптіштеп баяндауға, ұсақ-сонар суреттеме беріп жатуға орын жоқ. Бір оқиғa, тартыс-қақтығысты сурeттеумен кейіпкeрлердің мінез-тұлғасы толық, айқын көрініс тауып, маңызды ой түйіндер жасалуы қажет. Әңгіме жанры аз сурет арқылы көп жайды аңғарта білетін айрықша көркемдік шеберлікті талап етеді". Сыншы-әдeбиетші Қ.Ергөбeк шағын көлемді жанр әңгіменің шaрты - өмірдің бір кешін, көңілдің бір сәттік сезімін, т.б. бейнелеу деп санайды.
Дидар Амaнтайдың пікірінше, әдебиет - әріптен басталады. Бұл жерде, жазушы, әрине, жазба әдебиетін айтып отыр. Жазушы өзінің Әдебиет - әріп атты мақаласында: Қалам ұстап үйрену, тегінде - жазудың сол замандағы тәртібін, низамын меңгеру, сосын қалыптасқан машықты игерген соң сара жолдың жеткен мұратына ары, жаңа мақсаттарға қол созу деп білеміз.Мәдениетті қалам ешқашан жалған пафосқа жоламайды, өзіне пана, қорғаушы іздемейді, ол қашанда ағып жатқан өзен тәрізді өз тыныштығынан айырылмайды.Жақсы мәтін сабырға жүгінеді. ... Проза кәсіп түріне айналды. Бірақ, мәтінді тез жазып, соңына, нәтижеге асыққан шығармашылық тасқа басылып алдына түскен, мұқабаға түптелген қалың мәтінді қайта мұқият оқығанда, тәртіп сақтап маржандай тізілген әрбір өркениет сөзінен әрнеге алаңдаған қаламның қауырт жүрісін, өкініштің сұлбасын, сөйлемдердің жансыз табиғатын, мұратынан адасқан ойдың сілемдерін, технология іздерін көріп тұрады...- дейді. Яғни, жазушы бұл мақаласында прозаның бұрыңғы замандардағыдай емес, қазіргі кезеңде кәсіпке айналып кеткенін баяндап отыр, Жазушының қаламы әр шимайына аса сақ болу керектігін, әрқашан эстетикалық, этикалық құнды дүниелер жаза білу керектігін баса көрсеткен. ХХ ғасырдың басында қазақ прозасының дені әңгіме болатын, прозадағы ұнамды кейіпкерлер де сол әңгімелерден басталған. Белгілі әдебиеттанушы ғалым З.Қабдолов әңгіменің хас шеберлері ретінде Б.Майлин, М.Әуезов, Ғ.Мүсіреповтерді атайды, олар көркем әңгіменің классикалық үлгілерін туғызды. Әңгіме - қиын жанр. Алдымен, көлемі шағын. Ол жазушыдан барынша жинақы болуды талап етеді. Оқушыны бірден үйіріп әкету үшін, сол шағын көлемдегі өмір эпизодының өзі соншалық тартымды, сюжет желісі қызғылықты болуға тиіс. Мұның бәрі күрделі, қиын жұмыс екені рас. Бірақ қиындықтан қашқан адам қаламгер бола ала ма? Әр жазушы өз ісінің шеберлігіне талпынады. Ал әңгіме - шеберлік мектебі. Ірі жазушылардың бәрінің қаламы осы „мектепте" ұсталып шықты. Әңгіме жанрында қалам тербеген жазушылар Ыбырай Алтынсариннан басталып, Ғабит Мүсірепов, Мұхтар Әуезов, Бейімбет Майлин, Мағжан Жұмабаев сынды жазушылармен жалғасып келіп, кейіннен Ақберен Елгезек, Талғат Кеңесбай, Серік Сағынтай, Ерболат Әбікен жіне Дидар Амантай секілді мықты жазушылармен толықты. Курстық жұмысымның мазмұнында жазып көрсеткендей, кейінгі буын жазушыларының ішінен Дидар Амантайдың шығармаларына біл үңіліп, талдасам деп отырмын.
Дидар Амантай 1969 жылдың ақпан айының 5 жұлдызында Қарағанды облысының Қарқаралы ауданы, Тоқтар Әубәкіров ауылында дүниеге келген жазушы, сценарист, журналист, қоғам қайраткері. Жазушы постмодерн бағытында повесть, әңгіме, роман, эссе жанрларында қалам тербейді. Оқу жолын өзінің ауылындағы орта мектепті бітіріп, Қазақ политехникалық институтының, металлургия факультетіне оқуға түсуден бастайды. Бірінші курсты аяқтаған соң, 1987-1989 жылдары Қиыр Шығыста, Владивосток қаласына таяу маңда әскери қызметте болады. 1989-1994 жылдары Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің Философия және политология факультетін үздік бітірген. 1994-1997 жылдары Темірбек Жұргенов атындағы Театр және кино институтын кинодраматург мамандығы бойынша үздік бітіріп шығады. 2000 жылы Словакия астанасы - Братислава қаласында тоғыз айлық АҚШ журналшылар курсында ағылшын бөлімінде оқиды. Жазушының алғашқы кітабы 1996 жылы Постскриптум деген атпен жарық көрді. Кейіннен 2000 жылы Қастерле мені деген атпен эсселер, әңгімелер, романдар, повестер жинағы жарық өрді. 2003 жылы Гүлдер мен кітаптар романы, 2005жылы Күзгі рандеву повесть-әңгімесі жарық көрді. 2010 бес томдық шығармалар жинағының Қарқаралы басында деп аталатын бірінші томы баспа жүзін көрді. Жазушының шығармаларының көбі әлемнің бірнеше тілдеріне аударылған. Көрсетілген дерек бойынша жазушының өзі 2018 жылы Әдебиет порталына берген сұхбатында былай дейді: Кітаптарым он бестен аса тілде, оннан аса елде жарық көрді. Жұрт жылы қабылдады. Францияда Альбер Фишлердің сыни мақаласы жарық көрді. Герольд Бельгер жаңа туындыларым туралы орысша екі мақала жазды. Олжас та қалам тартты. Мәскеулік мәдениеттанушы Алексей Давыдов, шығармашылығыма оң пікір білдірді. Шолпан Алтайбаева, француз тілінің маманы, кітабымның Парижде шыққан нұсқасын аса жоғары бағалады. Фин ақыны Юкка Малиннен де қолдады. Зәуреш Батаева ағылшын тілді мамандар жақсы қабылдағаны туралы айтып жүр. Оңтүстік Кореяда оқып жүрген бір студент шетелдік досына менің ағылшын тіліндегі кітабымды сыйлағаны туралы хабар естідім. Жоғарыда айтып кеткеніміздей, жазушы постмодерн бағытында повесть, әңгіме, роман, эссе жанрларында қалам тербейді және постмодерндік бағытты қазақ прозасына алғаш алып келген қаламгерлердің бірі болып табылады. Бұл жөнінде Дидар Амантай: Үздік постмодернистік туындылардың да классикалық нұсқасы бар. Сондықтан, менің ойымша, классикалық үлгі деген - белгілі бір шарттық ситуацияда толық әрі үздік орындалған мақсат-мүдделер. Мен, әрине, классикалық кезең әдебиеті мен модернистік ізденістердің аясында қалыптастым. Сондықтан, алғашқы әңгімелерім классикалық үлгіде жазылды. Қазір де бұл үлгіден айныған, бас тартқан жоқпын. Біздің әдеби ортада постмодернді модерндей көретін дәстүр бар. Меніңше, бұл - теріс, жаңсақ түсінік. Модерн - түрлі модернистік әдіс-тәсілдердің жиынтығы. Постмодернистік деген нақты жазу мәнері жоқ. Бірақ, жалпы сипаты туралы әңгіме қозғауға болады. Постмодерн сипатының бірі - пәнаралық ғылымдардың қалыптасуы: биохимия, әлеуметтік психология, саяси экономия, қоғам дамуының математикалық үлгісі. Әдетте, бір жазу мәнері пайда болғанда, ол бірден баса-көктеп босағадан төрге озып, әдеби үрдістерді өзіне бағындырып, машықта, әдіс-тәсілді қалыптастыруда жетекші рөл атқарып, үстем талғам ретінде басқа талпыныстарды тегіс жойып, рухани кеңістікті жалғыз өзі емін-еркін билеп-төстеп кете алмайды. Шын мәнісінде, күші жетпейді, бір тәсіл екінші бір тәсілді түбегейлі жоққа шығармайды, құйрық тістесіп, үзеңгі қағысып, қатар өмір сүре береді. Тіпті, теория жүзінде: Постмодерн құбылысы модернді, мән-мағына тұрғысында, жойған немесе терістеген кезде дүниеге келеді, - деген постулат, қағида бар болса да, шын мәнінде, өмірде, әдебиетте екеуі де - қиылысатын параллель сызықтар тәрізді: өз аудиториясы шеңберінде тіршілік кеше береді. Яғни, бұл тұста, керісінше, бірін-бірі толықтырады- дегенді айтады. Біз жоғарыда жазып, түсіндіріп отырған постмодернизм, постмодерн дегенді қалай түсінеміз? Постмодернизм және постмодерн дегеніміз не? Жазушы Дидар Амантай өзінің Постмодернизм уақыты: мәдениет, өнер және талғам деп аталатын мақаласында: Постмодернизм дегеніміз - біз өмір сүріп отырған заман. Ал постмодерн дегеніміз - сол біз өмір сүріп отырған заманның мәдениеті- деп анықтама береді. Яғни, постмодернизм - көз алдымыздағы қоғамның кескін-келбеті, Ницше айтып, Энгельс қостаған метафора тәрізді, көше кезіп жүрген уақыттың санамызда қалыптасқан образы, еншіміздегі мезгіл, осы шақ, басымыздағы тұрмыс, жағдай, дәурен, ой-санамыз қабылдаған модуль, былайша айтқанда, кезең көрінісі, дәуіріміздің кейпі. Ал постмодерн - сол қалыптасқан образдың мәдениеті, өнері, қандай формада, қалай өмір сүретіндігі.
1.2 Дидар Амантайдың Көзіңнен айналдым әңгімесіндегі заман бейнесі
Дидар Амантайдың Алматы қаласында 2011 жылдың 26 қаңтарында Abai.kz ақпараттық порталында басылып шыққан Көзіңнен айналдым әңгімесін оқып отырып, Хэмингуйдің өзі, Ремарктың "Үш досы" есіме түсті. Жазушының бұл шығармасының жазылу стилі бар да, сюжеті жоқ. Ремарктың романында соғыстан кейінгі қоғам өте жақсы суреттеледі. Тек онда сюжет бар, үш дос бір махаббат үшін күреседі. Тіпті, қыздың тірі қалуы үшін ешкімге сатылмайтын, сатпайтын "Карлды" сатып жібереді. Енді Дидар Амантайдың шығармаларына келсек, онда өмір шындығы мен кітаптағы шындық араласып отырады. Жазушы шығарманың ішінде де, сыртында да жүреді. Кейіпкерлері біз қолымызға ұстап, оқып отырған романда жүріп, тіпті, өздері бейнеленіп жатқан тәрізденеді. Бұл пікірге қатысты Дидар Амантай: Менің кітаби ұстазым көп болды. Уильям Фолкнер, Герман Мелвилл, Эрнест Хемингуэй, Габриэль Гарсиа Маркес, Жан-Поль Сартр, Ясунари Кавабата... жас кезімде талғамай бәрін оқыдым. Басқалар мені неге Хемингуэйге ұқсатады? Екі себебі бар деп ойлаймын: бірі - оқырман Хемингуэйден басқа, аталған әдіс-тәсілді қолданып жазған авторды оқымаған, екіншісі - Хемингуэйден есінде қалғаны - диалогтар ғана. "Көзіңнен айналдымды" Эрнест Хемингуэйден гөрі Иван Буниннің "Антонов алмаларына", Альбер Камюдің "Үнсіздігіне", Ален Роб-Грийенің "Жағажайына", Ясунари Кавабатаның "Бамбуктің үні, өріктің гүліне", Уильям Фолкнердің "Уош", "Қызыл жапырақтар", "Құрғақ қыркүйегіне", Фрэнсис Скотт Фицджерльдтің "Екі дос", "Бірінші мамырына" көбірек ұқсатар едім. Мен Хемингуэйден диалог құруды үйрендім. Әдебиетте өз стилімді таптым деген ойдамын. Менің шығармаларымда әдебиет пен философия қатар дамып, аралас келіп отырады. Орысша жазатын жазушыларға қарағанда, қазақ жазушыларының бейнеті көп. Өйткені орыс тілділер әлем әдебиеті мен орыс әдебиетін ғана оқиды. Ал бізге әлем әдебиеті, орыс әдебиеті һәм қазақ әдебиетін оқу керек, -дегенді айтады.
Жазушының Көзіңнен айналдым әңгімесі XXI ғасыр, яғни қазіргі қоғам көрінісіне жазылған. Әңгіме оператор жігіттің көзқарасы негізінде өрбиді. Бірақ әңгіме барысын, сюжетін бірден түсініп кету қиындыққа соғады. Шығарманың оператор жігіт туралы екендігі әңгіменің басындағы мына сюжеттен байқалады: ...Қымбат тастармен кестелеп шимайлаған топы Close-Up мөлшерінде ірілене көрінді. Red One жүзін сипай жылжып киіміне тоқтады да, ескі бәтеңкесіне ауысты, сосын шұғыл тайқып, шегініп кетті. Кадрда дала келбеті ашылды, мөлдіреп жалпы кескін шықты. Әлсіз үн, көмескі сыбдыр, күңгірт дыбыс тегіс жаңғырып анық жазылады.... Үзіндіден оператор жігіттің камерасындағы көрініс бейнеленеді. Яғни камерада топтың қалай суреттелетіні, дыбыстың анық естілуі, жеткізілуі көрсетіледі.
Дидар Амантайдың бұл әңгімесі Дидар тағы не деп отыр? деген Таласбек Әсемқұловтың сынына ұшырады Оператор жайлы аңыз атты мақаласында сыншы осы шығарманы талдау үшін, француздардың жаңа толқын өкілі Жан Люк Годардың шығармашылығына шолу жасай келіп, Әлем әдебиетін үлкен цитата деп алсақ, Дидардың кейіпкері осы цитатаның ішінде қаңғып келе жатқан адам. Бұл әңгімеден сюжет іздемей-ақ қойғаныңыз абзал, - деп талдады. Бірақ Таласбек Әсемқұлов бұл мақаласында әлем өнерінен көптеген мысалдар келтіріп, тіпті атышулы Борхестің әйгілі ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz