Қазақ халқына тән ұлттың рухтың катеориялары
Мұхтар Шаханов позиясындағы ұлттық рух
Мазмұны:
Кіріспе: ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.1Ұлттық рухқа жалпы түсінік ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.2Қазақ халқына тән ұлттың рухтың катеориялары ... ... ... ... ... ... ... ... ...
1.3Мұхтар Шаханов поэзиясындағы ұлттық рух ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Пайдалынған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
Кіріспе
Ұлттық рух - ұлтты топтастыратын нақтылы да, белсенді күш. Әрбір ұлт өз алдында нақты мақсат қойғанда ғана оң нәтижеге жетеді. Ұлттық рухтың алуан түрлі астарлары мен бөлшектері бар. Олар қатарынан ең маңыздылары: тіл, діл, дін жатады оны біз төменде толығырық қарастырытын боламыз. Ұлттық рух дегеніміз - өзінің кемшіліктерін, қорқыныштарын, өзін - өзі жеңіп шыққан халық батырларының халқы үшін ерлікке, тәуекелге бастайтын жол. Ұлттың рухын сақтау үшін сол ұлттың абыройын ойлау парыз. Өз рухын, елдігін, намысын сақтаған ел мәңгі болады. Ұлт та, ұлттың рухы да ең әуелі тіл арқылы танылады. Тілін сақтай алған ел өзін, өзінің ертеңі мен болашағын қамтамасыз ете алады. Сондықтан бұл мәселелер туралы айтқанда, сана төрінен орын алар ең киелі ұғым - тіл. Тілдің мемлекеттік мәртебедесін сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде қамтамасыз ету - сол тілді Мемлекеттік тіл деп жариялаған, мойындаған елдің міндеті.
Тұңғыш Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстанның болашағы - қоғамның идеялық бірлігінде атты еңбегінде халықтар арасындағы бірлікті нығайту, отансүйгіштікке тәрбиелеу, тіл мәдениетін орнықтыру мәселелеріне тоқталып: Біздің тағы бір аса маңызды идеологиялық міндетіміз - Қазақстандық Отансүйгіштікке тәрбиелеу, әрбір азаматтың өзін-өзі айқын билеуін қалыптастыру. Шынайы Отансүйгіштікті, нағыз азаматтықты қалыптастыру жеке бастың өзін саяси тұрғыдан айқын сезінуін, өз Отанын саналы түрде таңдауынкөздейді- делінген. Отанды сүю де тәрбиедегі ең басты бағыт делінген тәлім-тәрбие тұжырымдамасында: Әрбір адам ең алдымен өз халқының перзенті, өз Отанының азаматы болуы керек екенін, ұлттың болашағы тек өзіне байланысты болатынын есте ұстауға тиіс. Оның осындай тұжырымғы тоқталуына ұлттық әдет-ғұрыптар мен дәстүрлер көптеп көмектеседі, солар арқылы ол жалпы азаматтық әлемге аяқ басып, өз халқының мәдени игілігін басқа халықтарға жақын да түсінікті ете алады. Сондықтан әрбір ұрпақөз кезі мен өткеннің талаптары, объективті факторлары негізінде жас ұрпақты өмірге даярлап, оны жинақталған бай тәжірибе арқылы тәрбиелей отырып, өзінің ата-бабаларының рухани мұрасын игере түсуі керек.
Ұлттық рух идеологиясын жан - жақты ашқан қаламгер - Мұхтар Шаханов.
М. Шаханов өзінің поэзиясын да қазақ халқының жағдайына терең үңіле рух тақырыбын қозғаған. Мұхтар жайлы, С.К.Тресслер Мұхтар Шаханов - XXI ғасырдың әйгілі реформаторы, - деп өзіндік ой айтқан болатын.
Курстық жұмыстың тақырыбы - М.Шаханов поэзиясындағы ұлттық рух.
Курстық жұмыстың мақсаты - М. Шаханов поэзиясындағы рух тақырыбын кеңірек ашу.
Курстық жұмыстың міндетері:
1. Ұлттық рух, ұлттық категория, ұлттық код тереңінен қарау
2. М. Шаханов поэзиясындағы ұлттық рух мәселелерин қарау, мазмұнын ашу.
Курстық жұмыстың нысаны - кіріспе, незізгі бөлім, тақырыпшалардан, қорытынды мен пайдалынған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1.1Ұлттық рухқа жалпы түсінік
Ұлттық рух - ұлтты топтастыратын нақтылы да, белсенді күш.Әрбір ұлт өз алында нақты мақсат қойғанда ғана оң нәтижеге келеді.
Ұлттық рухтың алуан түрлі астарлары мен бөлшектері бар. Солардың қатарынан ең маңыздылары: тіл, діл, дін. Өз тілін жете меңгермеген өзгеден ерекшелейтін ділінен хабары жоқ, жүрегінде иманы болмаған жанда бас көтерер рухтың болуы екі талай.
Ұлттық рух дегеніміз - өзінің кемшіліктерін, қорқыныштарын, өзін - өзі жеңіп шыққан халық батырларының халқы үшін ерлікке, тәуекелге бастайтын асқақтаған еркі. Ұлт рухын сақтау - сол ұлттың абыройлы парызы. Рухын сақтаған ел өміршең болады. Ұлт та, ұлттың рухы да ең әуелі тіл арқылы танылады. Тілін сақтай алған ел өзін, өзінің ертеңі мен болашағын қамтамасыз ете алады. Сондықтан бұл мәселелер туралы айтқанда, сана төрінен орын алар ең киелі ұғым - тіл. Тілдің мемлекеттік мәртебедесін сөз жүзінде ғана емес, іс жүзінде қамтамасыз ету - сол тілді Мемлекеттік тіл деп жариялаған, мойындаған елдің міндеті.
Қазіргі кезде қазақ еліне рухтандыратын сөз керек. Абай атамыз айтқандай Өмір адамға жетіліп, даму үшін беріледі,- дейді. Яғни, Абай атамыздың айтуынша, біз дүниеге келген уақытша тән емес, мәңгілк келген жанбыз. Ал, жанның түпкі негізі рух болғандықтан, оның мекені де рухани әлем. Жан сол әбден тазарғанда ғана мүмкін болатын құбылыс. Адам тазарғанда ғана жетіле бастайды.[1,314б]
Жалпы рух дегеніміз - адамгершіліктің, ізгіліктің, қайырымдылықтың, әділеттіліктің, білімділіктің, дарындылықтың ең жоғары қосындысы. Сонымен қатар ана тілі де адам баласына табиғат ананың берген үлкен сыйы. Ол халықтың ар - намысы, жанының нәрі. Тіл болмаса, халық та жойылады. Зерттеуші ғалым А.Байтұрсынов: Сөзі жоғалған елдің өзі де жоғалады,- деп өсиет қалдырған. Ана сүтін ақтау баршаға парыз, ана тілін дамыту ұрпаққа парыз. Түркітанушылар өткен ғасырда түркі тілдерінің ішінде ең таза, әрі бай, бейнелісі біздің ана тіліміз - қазақ тілі деген. Бүгінгі күнде рухани дүниенің түрі осы заманға сай әдістермен әлемдік деңгейде жасалып, мазмұны, рухы нағыз ұлттық болуы тиіс.
Ұлттық намыс, ұлттық мақтаныш деген тәуелсіз халыққа дем беретін, рухты нығайтатын күш. Ереңгі күні қазақ ұлтының рухын қорғаушылар, ұлтын жақсы көрушілер, ұлтының кейпін, бейнесін, зердесін, санасын сақтап қалу үшін күресушілер, басқа жек көрмей, сыйлап, өз ұлтына тірек болатына азаматтар қазіргі жастар, яғни біздер. Ұлттық идеология мәдениетімізді сақтап қалу үшін аянбай ету біздің ата - бабаларымыздың алдындағы, тіпті өмірдегі азаматтық борышымыз.
Ездіңіне шыдамаймын, тарт ары,
Қайда барсаң мөлтең қағып,
Тұратұғын қорланып.
Бір адамда, бір халықта, бір ұлтта,
Басты шарт - болу керек
Ең алдымен өр РУХ!
- деп ақындарымыз жырлағандай, ұлтық рухын биік ұстап, салы суға кетіп, еңсесін түсірмеген, ар - намысына жалау ілдірген халықпыз. Рухани өмірімізде қазақ елін мазасыздандыратын дүние ол әрине - тіліміз. Әрбір ұлттың өркен жаяр ордасы, табан тірер тұғыры - мемлекеттік тіл.
Тіл - адам болмысының айнасы. Сөз арқылы адамның ақыл - ойы, мінез - құлығы, жалпы рухани жан дүниесі танылады. Тіл - адамның барлық саналы әрекетінің құралы: оның өнерлі, білімді, мәдениетті болып қалыптасуына тіл маңызды рөл атқарады. Тіл - өте күрделі, көп қырлы сан сапалы құбылыс. Ең алдымен, ол белгілі бір адамдар құрамында қарым - қатынас жасауда жүзеге асыру үшін табиғи жолмен пайда болған өзіндік ерекше көне таңбалар жүйесі. Тіл - сонымен бір мезгілде адамдардың ойлау қабілетін іске асырушы, оны одан әрі дамытушы, ерік - жігерін, сезімін білдіруші, мәдени - тарихи дәстүрлердің ұрпақтан - ұрпаққа жеткізуші құрал.
Тілдің нақты бір ұлттың, халықтың тілі және жалпы адамзат тілі деген ұғымдар бар. Адамзат тілі ұғымына жан - жануарлардың тілі деген ұғымды қарама- қарсы қоюға болады. Тілдің соңдай - ақ машина тілі, өнер тілі деген тағы басқа ұғымдарға түсініктер және оларды қамтитын өзіндік мағыналары бар. Тілдің өзіндік даму басында ру тілі, тайпа тілі, ұлт тілі, ұлттық әдеби дәуірлерін басынан кешіреді.
Тіл ұлттың өмір сүруінің бірінші шарты. Өйткені тіл арқылы сол ұлттың сыры, тарихи мұрасы, тұрмысы, мінезі айнадай анық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сайран даласы, тарихы, мәдениеті, сабырлы мінезі - бәрі көрініп тұрады. Қазақтың сар даласы кең тілі де бай.
Анасын қадірлемеу қандай хайуандық болса, ана тілі тағдырына енжарлық та адамгершілікке жатпайтын өрескелдік.
Ана тілім бабам тілім, қасиетім, қанатым,
Ғұмыр бойы бас иетін ар - ожданым, санатым,
Мың азаптан, мың тозақтан еңсе бүкпей өтіп ең.
Мың дөңбекшіп өзегінде,
Жаһандану кезеңінде,
Рухсыздар шыққан шақта белсенді боп шетінен,
Жойылуға бет алдың ба ұлы жердің бетінен?
Мына мүшкіл халің бүгін ұлт намысын қорлаған
Тіпті Колбин кезінде де тілден жеру болмаған,
- деп Мұхтар Шаханов айтқандай қазіргі кезде ана тілімізді шұбарлатып, ұлттық рухымызды таптаушылар көп кездесуде.
1.2 Қазақ халқына тән ұлттың рухтың катеориялары.
Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың көктеменің сәуір айындағы Егемен Қазақстан республикалық газетіне жарияланған Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру атты мақаласы ұлттық рух пен ұлттық сананың кемелденуіне, ұлттық салт-дәстүріміз бен тілімізді, мәдениетімізді сақтауға, бағалауға, бағалай отырып, жаңғырта дамытуға үндейтін, іргелі бағдарламалық бағыттағы құжат болды. Еліміздің Біртұтас ұлт болуын мақсат етіп, соған барар жолдағы ұлттың рухани болмысының мәні қалай болуы керек, нені негізге алып, қандай базалық құндылықтарды сақтауымыз қажет, ертеңгі ұрпаққа табыстар мұрамыздың сипаты қандай болуы керек, бүгінгі жастар мұраты қандай, батысқа еліктеу. Еліміздің болашақ межесіне үлгі бола ала ма деген бүгінде қазақ қоғамын іштей толғандырып жүрген басты мәселелердің шешімі мен оның бағдары осы бағдарламада кеңінен қозғалып, тиянақталған. ХХ ғасырдағы батыстық жаңғырудың үлгісі бүгінгі егемен қазақ еліне үлгі бола алмайды дейді Елбасы, өйткені жаңғырған қоғамның өзінің тамыр тарихының тереңінен бастау алатын рухани коды болады. Жаңа тұрпатты жаңғырудың ең басты шарты - сол ұлттық кодыңды сақтай білу[2]. Ұлттық код дегеннің не екенін анықтап алайық. Ол - халықтың ішкі рухани өзегі, мәдени мәйегі, этникалық бөгенайы. Оның болмысын, дара табиғатын, рухани бітімін, өмір салтын, кие тұтар құндылықтарын айқындайтын белгілері. Яғни, ұлттың бойындағы тарихи кезеңдерде пайда болып, басқадан ерек өзіне тән ерекшелікпен дамыған қасиеттерінің сығымдалып тұжырымдалған формуласы. Ол - ұлттық болмыстың сырын түсінуге апаратын құпия кілттің дәл өзі.Анықтап айтсақ, ұлттың ұлт болып қалыптасуына ұйытқы болып отырған тілі мен ділі, діні мен салт-дәстүрі, өмірмәнділік пен дүниетанымдық құндылық екенін айқындап тұр [3,77б] Ұлттық кодқа синонимдес менталитет ұғымы бар. Менталитет әрбір ұлтқа тән этнос рухаятының мінез-құлқынан, тұрмыс-тіршілігінен, тарихи-мәдени дүниетанымынан көруге болады. Менталитет ұғымының этникалық анықтамасы (mens-латынша, ойлау тәртібі, ақылдың ерекше рухани қыртысы) бір тұлғаға тән емес, тұтас бір халықтың өзіндік ойлау санасына тән психологиялық және аксиологиялық бағдары деп қалыптастыруға болатын жүйе. Ұлттық менталитеттің адамның өмір сүру тіршілігіне рухани күш жігер беріп қана қоймай күрделенген құбылыстардың қоршаған ортаға сенім арта отырып белгілі бір күнделікті тылсім дүниеден тыс ерекшеліктерді аңғаруға мән береді. Халықтың ой-санасын, тәртіпке бағындырумен шектелмей мақсатты түрде болашақ ұрпақтың кепіліне айналуы тиіс. Бүгінгі таңда адамдардың тұрмыс-тіршіліне өзара қарым-қатынасындағы жоғарыда атап өткен дін мен тіл, іс-әрекет этикасында байқалатын қасиеттерін негіздеуге болады. Тарихи-мәдени қыры оның сан мыңдаған жылдар бойы арғы қазақтар дәуірінен бері жағасын тауып, ұлттық болмысымызбен, тұрмыс тіршілігімізбен біте қайнасқан атрибут болып табылуымен айқындалады. Дәстүр халықтардың тіршілік кәсібіне, наным-сеніміне, өмірге деген көзқарасына байланысты туып, қалыптасып, ұрпақтан-ұрпаққа ауысып, өзгеріп, жаңарып отырады. Әр халықтың сан ғасырға созылған ұрпақ тәрбиесінде өзіндік рухани тарихы, ой-пікірі, қорытынды түйіні болады. Күн санап халқымыздың дәстүрлі құндылықтарына, олардың қайнар бастауларын тануға деген ұмтылыс өсіп келеді. Ұлттық код пен менталитетімізде қозғалған басты мәселеміз бойынша, алдымен, тіліміз, дініміз, діліміз және салт-дәстүр мен әдет-ғұрыптың құрылымдық фукционалдық негіздерін сараптап, одан соң ұлттық руханиятты қалыптастырудағы рөлі мен маңызына тоқталсақ. Себебі, бұл құрылымды феноменологиялық тұрғыдан сараптау оның ұлт руханиятын құрудағы маңызы мен тетіктерін нақтырақ аша түсуге септігін тигізетін қадам болып табылады.
Кез-келген ұлтты басқадан бөлектеп, ерекшелеп тұратын ең бірінші белгісі оның ана тілі екені даусыз оны біз жоғарыда да атап өткен болатынбыз. Яғни, Тілі бар халық - халық, тілі жоқ халық - балық дейді халық даналығы. Әлемде 6000-нан астам тіл болса, солардың 600-не ғана жойылу қаупі төнбейді екен. (2700 негізгі тіл, ал 4000-ға жуығы сол тілдердің диалектісі). Десе де, бар тілінен айырылып, өзге ұлттың өзегіне жұтылып кеткен халық қаншама?! Мәселен, 1995 жылдың 5 қарашасында Камерун деген елдің Адамавия өлкесінде касаба тілінің соңғы сөйлеушісі Богон есімді азамат өлген. Яғни, қарашаның 4-і күні бар тіл, 5-і күні Богонмен бірге өлді деген сөз. Ал 1992 жылдың 8 қарашасында Батыс Кавказдағы Тефллик Есенщпен бірге обух тілі де марқұм болды. Осылайша бір тіл иесі жоқ болып жойылса, келесі бір тіл иесі бола тұра, сөйлейтін ниеттің жоқтығынан келмеске кетуде. Осындай қасіреттің қақпанына түсіп, бүгінде өлі тілге айналған талай мысалды санап тауысқысыз. Көріп отырғанымыздай, тілдердің өлуіне басты себеп сол тілде сөйлейтін жастардың өз тілінен жерінуі болып табылады. Тек таралу аймағы тар, сөйлеушілері аз тілдер ғана жойылады десеңіз қателескеніңіз. Олардың қатарында кезіндегі ғылым мен өнердің, экономика мен саясаттың тілі болған, бүгінде ғылыми ортада күнделікті қолданылып жүрген көптеген терминдердің атасы саналатын әйгілі латын тілі де бар. Мейлі, өткенге салауат дейік. Өлген тілдер өлді, енді тірі тілдің қамын жасайық. Әрине, өз ана тіліміз - қазақ тілінің. Қазіргі кезде қазақ тілі сөйлеушілер саны бойынша 70-орынға тұрақтапты. Шүкір, байлығы мен оралымдылығы жағынан өте бай. Ауызекі сөйлеуде ғана емес, ғылым мен өнерде, БАҚ-та да белсенді қолданылады. Сонда да бас киімді аспанға лақтыратын жағдайда тұрған жоқпыз. Қазақ тілі экономика мен саясатта бәсең қолданылған соң, іс-құжаттарында да адымы ашылар емес. Сонымен бірге, өз тілінен жерінген, түрі қазақ, тілі басқа ноқайлардан да кенде емеспіз. Ендеше арқаны кеңге салуға әлі жағдайымыз келмейді. Біздің тіліміз де латын тілінің аяғын құшпасына кім кепіл?! Осындайда он төрт ғасыр бойы өлі тіл саналып келген иврит тілін қайта тірілтіп, бүгінде мемлекеттік тіл деңгейіне көтерген еврей халқына таңдай қақпасқа шара жоқ. Біреулер бар тілін менсінбейді, біреулер жоқ тілді бар қылады.
Ұлттың кім екенін әйгілеп тұратын ең басты белгілерінің тағы бірі діл болып табылады. Діл - ұлттық шеңберде ойлаудың үлгісі, этностың, әлеуметтік топтардың, индивидтің жалпы рухани мінез құлқы. Сондай-ақ, діл халықтың этникалық бірлігі мен оның басқа ұлттық құрылымдардан ерекшелігін тану құралы. Мағынасы жағынан бүгінде көп қолданылатын менталитет ұғымына сәйкес. Ұстанымдары мен көзқарасы, салт-дәстүрлері мен танымы, болмысы мен табиғаты түгелдей ділімізден көрініс тапқан. Қазақтың жақынын өкпеге қиса да өлімге қимайтын бауырмалдығы, жетімін жылатып, жесірін қаңғытпаған адамгершілігі, өзім дегенге жалғыз атын сыйлайтын жомарттығы, жеті түнде келсең де қабағын шытпай, керісінше барын алдыңа тосатын қонақжайлығы, атасының құны болса да аталы сөзге тоқтаған мәрттігі, шежірені құрандай қастерлеп, жеті атаға толмай некелеспейтін тазалығы - бәрі-бәрі ұлтымыз-дың діл тазалығына баса көңіл аударғанының айқын дәлелі. Атағынан ат үркетін талай еуропалық ғалымдардың салт-дәстүрлерімізге таңдай қағып, тамсанғаны тарихтан белгілі. Атақты П.П.Семенов-Тянь-Шанскийдің өзі: Қазақтарды оқытып қажеті жоқ, олардың салт-дәстүрлері тұнып тұрған білім!, - деп дәл бағасын беріп кеткені осының айғағы. Мұндағы білім түсінігі химия мен математика емес, мораль ілімі. Бүгінгі ғылыми жетістіктердің арқасында өмір сүруіміз жеңілдеп, бұрынғылардың қиялына да кірмейтін кереметтерді жасасақ та, моральдық тұрғыдан кері кетіп бара жатқанымыз жасырын емес. Біздің де ұлттық құндылық-тарымыз әлсіреп, ата ділімізден ажырап бара жатқанымыз қынжылтады. Әсіресе, ұлттық жадымыз көмескіленуде.
Ұлттың ұлы белгілерінің бірі әрі береке мен татулығының негізі болып табылатын критеридің келесісі - дін. Әлемдегі ең қиын, ең аяусыз, ең күрделі мәселе діни алауыздық. Тегі мен тілі бір талай халықтың діни алауыздықтың әсерінен қақ айырылғанына қарт тарих куә. Кеше ғана іргесі ажыраған Үндістан мен Пәкістаннның екі бөлінуіне осы дін әсер еткенін естіген боларсыз. Дін мәселесі - сенім мәселесі. Ал сенім адам баласының үміт отын тұтатып, болашаққа деген ұмтылысына шабыт беретін демеушісі, жол нұсқайтын шамшырағы екенін ескерсек, дінге бей-жай қарауға болмайтынын көрсетеді. Қазақ жеріне алғашқы сенімдер болып саналатын онимизм, петишизм, тотемизм, шаманизмнен бастап, ежелгі зороастризм, тәңіршілдік, кейінгі буддизм, манихейлік, несторияндық діндердің барлығы да ата-бабаларымыздың жүрегінен орын теуіп, қағанаттарында қанат жайғаны тарихтан белгілі. Солардың ішінде тек соңғы дін ислам ғана тұрақтап, мәдениетіміздің бір бөлігіне айнала алды. Әрі сонау қараханид кезеңінен бері халқымыздың рухани жолы ретінде бүгінге дейін жетіп отырған жалғыз дін. Дегенмен соңғы кездері ислам дінін жамылған өзге жат ағымдардың әсерінен діни алауыздық біздің елден де көрініс табуда. Ханафи мазһабын, Матруди ахидасын ұстанатын қазақтың діни сеніміне селкеу түсуі түбі жақсылыққа апармайтын қатерлі жол. Ақын Қадыр Мырза Әлінің Біздің тарих бұл да бір қалың тарих, оқулығы жұп-жұқа бірақ-тағы дегеніндей тарихымыздың толықтанбай, тексерілмей жатқан бөлігі ұшан-теңіз. Осы ақынның тағы бір өлеңінде:
Шежіреміз қию-қию,
Шырғалаң,
Шырғалаңды ұқпай менің жүр балам.
Жер үстінде бір шаһарым ер жетіп,
Жер астында шөгіп жатыр бір қалам!, - дегеніндей өткен тарихымыздың бұралаңы мен шырғалаңы көп. Бізді жер бетінен халық ретінде жойып жібере жаздаған ақтабан шұбырынды, алқа көл сұламаны да көрдік, халқымыздың үштен екісін жалмаған аштықтан да өттік. Рухымыз бен құндылығымызды төмендеткен, бостандығымыз бен еркімізді шектеген, шындығымыз бен тарихымызды бұғаулаған бодандықты да бастан кешірдік. Ел бастаған серкелерімізден де айырылдық. Деседе осының бәрінен аман өтіп, қасиетті тәуелсіздікке қол жеткіздік. Осынша нәубеттен құрып кетпей, қарағайға қарсы біткен бұтақтай қасқая алға жүруімізге дәнекер болған тек қайтпас қайсарлығымыз бен мұқалмас жігеріміз, сөнбес үмітіміз бен рухани құндылығымыз. Яғни,мұның бәрі қалыптасқан ұлттық генофондымыздың арқасы. Енді болашаққа да жігеріміз мұқалмай, рухани күшіміз сарқылмай жетуіміз үшін ұлттық кодымызды сақтай білуге мүдделіміз. Атадан жалғасқан жақсы қасиеттерімізді жаңа заманмен үндестіре дамытқанда ғана ұлттық болмысымызды сақтап, жаһанданудың шеңгелінен аман өтеріміз айдан анық. Ұлттық код ұлттың негізі екенін ұмытпауымыз - ұрпақ алдындағы парызымыз болмақ. Ұлттық код пен менталитеттің келесі түрі - әдет. Әдет-қоғамдық қатынастарда күнделікті өмір-тіршілік пен салттарды атқару кезіндегі, ұлттық таным ауқымында атқарылатын нормаларды, талаптардың, шарттардың практикалық бітімі мен мазмұнының бірлігіндегі үдерістер бола отырып, өзінің орындалу бағдарымен үндесетін ғұрып ұғымымен тіркестіріліп, әдет-ғұрып деп те көбінесе күрделенген ұғымдық формада айтылады. Сан ғасырлар бойы формасы өзгерсе де, мазмұны өзгермеген белгілі бір этностың иманды әдет-ғұрпынан тыс, сырттан, өзге халықтан енген мәдени шартты құбылыстар да бірте-бірте әдетке айналып кетіп отырады.. Ал ырым-белгілі бір халықтың ішкі рухтың ниеттері аясына ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz