Қанат Бейсекеевтің деректі фильм жанрындағы шығармашылығы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
СУЛЕЙМАН ДЕМИРЕЛЬ АТЫНДАҒЫ УНИВЕРСИТЕТ
ҚҰҚЫҚ ЖӘНЕ ӘЛЕУМЕТТІК ҒЫЛЫМДАР ФАКУЛЬТЕТІ
ЖУРНАЛИСТИКА КАФЕДРАСЫ

Жұмабай Б.Ғ.

Қазақстан фильмдерінде нативті жарнамаларды қолдану және оның
тиімділігі

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

5В050400 - мамандығы - Журналистика

Қаскелең, 2019

Қорғауға жіберілді
___________Кафедра
меңгерушісі__________М.Саудбаев

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС
Тақырыбы: Деректі фильмдегі интервьюдің ролі:Қанат Бейсекеевтің шығармашылығы негізінде

53050400 - мамандығы бойынша - Журналистика

Орындаған Бейбарыс Жұмабай
Ғылыми жетекші Аян Ғиззат PhD, ассистент-профессор

Қаскелең, 2019
М а з м ұ н ы КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..3
1. Фильмдердің аудитория психологиясына әсері
1.1 Кино индустриясы: фильмдердің ақпараттық, әлеуметтік және саяси ықпалы ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
1.2 Фильмдердің жарнамалық функциясы: әлем тәжірибесінде ... ... ... ... ... .. ..
1.3 Нативті жарнама және оның қолданысы: өткені, бүгіні және болашағы ...

ІІ. Қазақстан фильмдерінде жарнама: қолданысы, аудиториясы және заманауи технологиялар
2.1 Қазақстанда жарнама индустриясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
2.2 Қазақстан фильмдерінде нативті жарнама қолдану әдістері ... ... ... ... ... ..
2.3 Фильмдердегі нативті жарнамалардың тиімділігін өлшеу: проблемалар және ұсыныстар ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..

ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ..
ҚОСЫМШАЛАР ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...

Кіріспе

Деректілік әрқашанда мәдениет, әлеуметтік, ғылыми ізденістердің тоғысқан жері. Деректілік тарихты аудиовизуалды түрде жазатын құралдарың бірі. Сол себепті деректі фильм түсіруге жұмсалатын қаржыны әлемде көптеген ірі телекомпаниялар немесе мемлекеттер өз мойнына алады.
Деректі кино даму барысында көптеген сатыларды өтті. Өзінің бойында өнер мен журналистиканы байланыстырған деректі кино мақсаты мен табиғатын өзгертті. Бұл тенденциялар әр сатыны өткенімен, алғашқыдағы шығармашылық жетістігіне жете алмауда. Осыдан, фильмдер мен бағыттар журналистикадан гөрі кинематографияға жататындықтан, дамуы мен прокатқа шығуынан жиі қалуда.
Деректілік негізінде журналистік шығармашылық пен кинематографиялық өнердің қосылуымен туындаған бір өнім. Яғни, алдымызда публицистика мен экран драматургиясының қосылғанын көреміз.
"Қазіргі кезде отандық деректі киноның ахуалын зерттеген нақты туындылар жоқ. Тек БАҚ-та шыққан мақалалар ғана бұның орнын толтырып жатыр." Деген ой қазіргі таңда асықпай сейіліп келеді. Себебі елімізде бұл жаныр тек мақала емес, фото-видео және аудио бағытында көптеп белес алуда.
Деректі кинематографияда ақпараттық-пропаганда басты элементі болуы себебінен кей кездері өзінің дамуы үрдісін тежеп отырды. Эстетикалық ерекшеліктерсіз деректі киноның алға жылжып, дамуы мүмкін емес.
Көптеген кино зерттеушілері деректілікті толықтай зерттелген шығармашылық туындыға жатқызса да, әр өзгерістен кейін жаңа пішендерді зерттелмегенін айтады. Бұған жалпы деректілік деген ұғымның нақтылай түсініктемесі жоқ екенімен түсіндіреді.Алайда қазіргі таңда деректі фильмнің жаңа түрлері мен бағыттары пайда болды. Ұғымның түсінігін қалыптастыру мақсатында және осы жұмысымызда шетелдік кино және отандық деректі фильм режиссері Қанат Бейскеевтің интервью жанры еңбектерімен танысамыз.

Зерттеудің өзектілігі: 90-жылдарының ортасынан әлемде деректі фильмнің жаңа серпілісі болды. Осыдан келіп деректі фильм нарығының пайда болуын көрдік. АҚШ пен Еуропада журналистік зерттеулер жасалып, скандалды деректі фильмдер танымалдылыққа ие болды.

Жобаның бір өзектілігі деректі фильм жасаудағы тұлғалық образды ашу. Деректі фильм жанры қазіргі кезде Қазақстанда ақырын болсада дамып келе жатыр. Бірақта бұл фильм жанрынан хабары бар адамдардың сұранысын қанағаттандыра алмауда. Сол себепті өзекті қылып алған жеке тұлғамыз Қанат Бейсекеев Америка яғни Голливудтың стилінде шебер деректі фильм түсіріп,елімізде шетелдік контентті жаңа бір бағытта қолдануда.
Екінші өзектілік - біздің елдегі деректілікті жоғары деңгейге жету алу жолдары. Яғни бұл жанрды тудырып отырған публицистика, зерттеу журналисткасы, кинематография сияқты салаларды қарастыру.
Негізгі зерттеуде жаңа бағыт деп санайтын деректі фильмдегі интервью бағытын қарастырамыз. Зерттеу барысында Қазақстан, АҚШ, Ресей сияқты мемлекеттердің деректі кинодағы жұмыстары қаралды.

Зерттеудің мақсаттары мен міндеттері:
Деректі кино деген ұғымның ғылыми-теориялық анықтамасы
Тарихы мен даму кезеңін зерттеу
Жаңа бағыт деп танылған интервью саласы
Деректі фильм арқылы санаға манипуляция жасау жолдарын қарау
Қанат Бейсекеевтің деректі фильм жанрындағы шығармашылығы

Зерттеу жұмысының нысаны: Деректі фильмдегі интервью жанры және Қанат Бейсекеевтің шығармашылық фильмдерінің жасалу жолдарын зерттеу

Зерттеу жұмысының пәні: Заманауи деректіліктің ерекшелігі және оның жанры. Қанат Бейсекеев бағытында деректі фильм жасау теориялық-практикалық әдістері.

Тақырыптың зерттеу әдісі: Жаңа серпініс алған деректі фильм жанрын тек интервью саласы бір саты жоғары көтерді ма,әлде аудиторияның жаңа қызығушылығының нәтижесі ма?Осы бағытта зеріттеу жасаймыз.Тақырыбымыздың тарихын зеріттеп,толықтай ақпарат аламыз.
Жеке тұлға қылып алған Қанат Бисекеевтің шығармашылығымен танысып,елімізде бұл тақырыпта жаңашыл бағыт алып келді ма,немесе шетелдің жанрын қайталауда ма?деген бағытта сауалнама жасап зеріттейміз

Зерттеу жұмысының құрылымы: Зерттеу жұмысы кіріспе, екі тарау, үш қосымша тармақшадан, қорытынды және пайдаланған әдебиеттер тізімінен, қосымшалардан тұрады.

Фильмдердің аудитория психологиясына әсері
5.1 Кино индустриясы: фильмдердің ақпараттық, әлеуметтік және саяси ықпалы
Кинематография - адамзаттың жасаған үлкен туындыларының бірі. Кино - ең жас өнер саласының түрі. Бұл саланың бір ғасырдан енді асқан ғұмыры бар. Кино көбісіне қолжетімді болғандықтан оның аясы кең, көрермені бар.
Кино индустрияның бізге келу тарихы өте қызыққа толы. Күнен-күнге дамып келе жатқан заманда, адамзат баласы жаңалық ашуға құмар. Алдымен сурет өнері дамып, әлемді таңқалдырған ғажаптан кейін, адамзатқа тағы бір сенсация немесе болашақта өшпейтін туындыға ұмтылды. Бұл сол суреттерді қалай тірілтеміз деген сұраққа келіп тоқтады.
Әлемдік киноның даму жолын үлкен 4 кезеңге бөліп қарауға болады. Алғашқы кезеңі - тұңғыш киноның шыққан жылы. Әрине, кино пайда болысымен түрлі түсті, дыбысты болып шыққан жоқ. Ол көптеген асулардан өтіп, дәл қазіргі қалпына келді. Оның дүниеге келуімен, театрлар жабылады дегендер де болды. Алғаш кино "жанды фотография" түрінде пайда болып, көп кешікпей көркем фильм, деректі кино және ғылыми-көпшілік кино деп аталатын үш салаға бөлінді. Тұңғыш фильмдерде баяндалатын оқиға таспаға ірі бөлшектермен түсіріліп, бір-бірімен астына жазылған мәтіндер арқылы ғана жалғасты. Кинода дыбыс болмағандықтан, актерлер сөйлейтін сөздің орнын театрлық шебер ойынымен, бейнелі ыммен толықтырды. Кино өнері дамуының екінші кезеңі - 20-ғасырдың басынан басталды. Бұл дыбыссыз ("мылқау") киноның өз алдына өнер болып қалыптасқан кезі. КСРО-да С.М. Эйзенштейннің "Потемкин" бронды кемесі" (1925), "Қазан" (1927), В.И. Пудовкиннің "Ана" (1926), "Санкт-Петербургтің ақыры" (1927), А.П. Довженконың "Арсенал" (1928), т.б. фильмдері дүниежүзілік кино өнерінің дамуына ықпал етті. Германияда "көңіл жұбату" және экспрессионистік фильмдермен қатар демократиялық бағыттағы кинокартиналар, АҚШ киносында Ч.Чаплиннің, Э. Штрогеймнің, К.Видордың фильмдері дүниеге келді. Кино өнері дамуының үшінші кезеңі 20 ғ-дың 30-40-жылдарын қамтиды. Бұл кезеңде кинотаспаға дыбыс жазу техникасы игерілді. Кинодраматургия қауырт өркендеді. Дыбысты киноның пайда болуы актерлер шығармашылығына кең жол ашты. Кеңес кинематографистері Ф.М. Эрмлер мен С.И. Юткевичтің "Жолығыс" (1932), Г.Н. және С.Д. Васильевтердің "Чапаев" (1934), Г.М. Козинцев пен Л.З. Траубергтің "Максим туралы трилогия" (1935 - 39), Е.Л. Дзиганның "Біз Кронштадтанбыз" (1936), А.Г. Зархи мен И.Е. Хейфицтің "Балтық депутаты" (1937), А.П. Довженконың "Щорс" (1939) секілді фильмдерінде кеңес идеологиясы басты орын алды. Неміс-фашист басқыншылары КСРО-ға шабуыл жасаған кезден бастап деректі киноның рөлі артты. Соғыс жылдарындағы кеңес азаматтарының ерлігін бейнелеген "Ауком секретары" (1942, реж. И.А. Пырьев), "Ол Отанын қорғайды" (1943, реж. Ф.М. Эрмлер), "Кемпірқосақ" (1944, реж. М.С. Донской), "217-адам" (1944, реж. М.И. Ромм), "Шапқыншылық" (1945, реж. А.М. Роом) атты фильмдер шығарылды. Бұл дыбыссыз ("мылқау") киноның өз алдына өнер болып қалыптасқан кезі. 2-дүниежүзілік соғыс аяқталғаннан кейін, кино өнері дамуының жаңа кезеңі басталды(төртінші кезең). Бұл жылдары кинотехниканың жетіле түсуімен бірге кино өнеріндегі көркемдік тәсілдер де молайды. Түрлі түсті кино түсіру тәсілі жүзеге асты. АҚШ-та, кейін басқа елдерде кең экранды және панорамалы фильмдер пайда болды. Дыбыс жазу сапасы артып, кең экранды фильмдерде стереодыбыс қолданылды. Балаларға арналған мультипликациялық фильмдер шығара бастады.

Туындының өмірге келуіне себепші болған өнертапқыштар: Томас Эдисон, ағайынды Люмьер және Иосиф Тимченко. Эдисонның басшылығымен Диксон "кинетоскоп" аппаратын ойлап тапты.

1-сурет. Томас Эдисон және оның "кинетоскоп". Нью-Йорк. 1894 жыл
9 мамыр Бруклиндегі өнер және ғылым институтында кинетоскоптың алғашқы көрсетілімі өтті. Көрерменге ұсынылған алғашқы фильм "кузнецами сахнасы"болған. Осыдан кейін Эдисон кинетоскоптарға Автоматты монетоқабылдағышты орнатты: ол шын мәнінде сауда автоматтарының өнертапқыштарының бірі болды. 1894 жылдың 14 сәуірі ағайынды коммерсанттар Холланд Бродвейінде "Kinetoscope Parlor" ашты, ол жерде он кинетоскоптар орнатылды. Екі қатарда бес данадан орнатылған аппараттар әр түрлі фильмдер көрсетіп, әр көрермен 25 цент үшін бір қатардың роликтерін, ал жартыдоллар үшін -- барлық онын көре алды. Кинетоскоптар бір данаға 200 доллар бағасымен Эдисон зертханасынан сатып алынды. Бұл іс өз ісін ары қарай 1 маусымға дейін Холландтар Чикаго мен Сан-Францискоға ұқсас мекемелерді ашса, ал 17 қазанда Лондонда АҚШ -- тан тыс бірінші зал пайда болған. Нәтижесінде бизнес жүріп кинетоскоптарды пайдаланудың алғашқы 11 айында ғана 150 мың доллар көлемінде табыс әкелді.
1893 жылы ресейлік инженер Иосиф Тимченко фильмді көру үшін проекторды ойлап тапты. Тимченка осы уақытта Балтық зауытының бас инженерінің орынбасары қызметін атқара отырып айналмалы фотопластинкаға түсіретін камераны ойлап тапты. Алғаш болып ол өз отбасы мен балалары туралы сюжеттер түсірді. Біраз уақыттан кейін ол ресейлік ғылыми қоғамға өз аппаратын таныстырып, 1894 жылдың көктемінде ол Мәскеуге келіп, өзінің өнертабысы туралы айтып берді.

2-сурет. Иосиф Тимченка және айналмалы фотопластинкаға түсіретін камерасы. 1895 жыл.
Алғашқы кезеңдерде кино бір оқиғаның болғанын көрсету мақсатында жасалған. Кең мағынада айтқанда белгілі бір сәттерді ғана түсірген. Мысалы, поездың бекетке келуі, зауыт жұмысшыларының жұмысты тастауы және т.б. Бұл қысқа фильмдер "actuality films" деп аталатын еді. Яғни, "actuality" "өзектілік", сол уақыт пен кеңістіктегі өзекті болған оқиғаларды көрсеткен. Алғашқы фильмдер- "Люмьер зауытынан жұмысшылардың шығуы", "Ла Сьота вокзалына пойыздың келуі" тәрізді тікелей болмыстан түсірілген "жанды суреттер" болып табылады. Бұл фильмдер хронометражы 1 минуттан аспаған. Оған себеп сол кездегі техниканың шектеулі қызметінен. [16, 45-б.].

3-сурет, "Люмьер зауытынан жұмысшылардың шығуы" фильмі, 1895 жыл
Роберт Флаэрти (1884-1951) өзінің еңбек жолын тау инженері болып бастаған. 1910-жылдары Канада Заполярьесін зерттеді. Ол жерден мұнай іздеп, күнделік жазған. Осындай саяхаттардың бірінде өзімен бірге киноаппарат алып, эскимостар туралы көптеген сюжеттер түсірген. Үстел басында түсірген пленкасын монтажын жасауға отырған кезде абайсызда темекімен күйдіріп алады. Келесі саяхатқа қайтадан киноаппарат алынады. 1919 жылдың күзінде Нанук фильмінің түсірілімі басталады. Барлық фильмнің эпизодтары бір табиғатпен күрескен эскимостың бейнесін қалыптастырды. Солтүстіктен келген Нанук атты фильмі(1922) көрерменнің ыстық ықыласына бөленіп, сәтті болып шықты. Тіпті қазіргі күнге дейін жеткен эскимо балмұздағы осы фильмнің көрсетілімінде сатылған. Алғашында деректі фильмдер және сюжет болып шыққан туындылар қазіргі таңда түрлі жанрдағы фильмдер болып жарық көруде.
1920-жылдары жасалған басты жаңалық деректі киноның иделогиялық құрал болуында. Ал бұл ашылуды алғаш рет Эсфирь Шуб(1894 - 1959) жасады. Ол тарихи-дерек тәсілін бастауына сеп болды. Оның туындылары: Романов әулетінің құлауы (1927), Лев Толстой мен Николай II Ресейі(1928). Шубтың тәжірибесі монтаждың түрлерін қалыптастыруына көмектесті. Ол әр түрлі жерде, әр түрлі оқиғаларды түсірді. Осы хроника арқылы адамға әсер ете алу жолдарын қарастырды.
Сергей Эйнзейштейн Азат етілген Франция атты мақаласында былай жазады: Кезінде жиырмасыншы жылдары хроника мен деректі фильм біздің киноөнерімізді алға жетеледі.Сол кезеңнің көптеген көркем кинематографияны тудырған фильмдерінде сол уақыттың деректі киносының іздері бар еді.Факт пен қабылдаудың бірұштылығы; көрген нәрсені дұрыс көзқараспен қабылдау, өмірге шынайлылық енгізу сияқты формаларды деректі кино әкелді.[14, 75 б.].

Қазіргі таңда кино индустрия әлеумет, ақпарат және саясатты қамтып, көптеген адамдарды кейбір жақтан болсада хабарландырады. Мысалға политикаға әсері өте көп. Украинаның президенті Зеленскийдің түскен оннан астам фильмі бар. Президентікке ықпалын тигізген және СНГ елдеріне танымал болған "Слуга Народа" фильмі. Фильмде мемлекет басшысы қазіргі таңда болып жатқан жағдайларды мысалға келтіріп, оның шешімін тауып, халықты ойлайтын басшы болады. Осы фильмнен біраз уақыт өткен соң Зеленский Украина мемлекетінің президенті болып тағайындалады. Бұл әрине киноның кереметі яғни халыққа деген әсері тигенінің белгісі. Тек бір ғана президент емес, көптеген әлем басшылары кино индустрия арқылы танылып, бірі мемлекеттік үлкен дәрежелі орындарға сайланса, екіншісі ел басқаратын басшы статусына ие боллды. Соның тағы бір мысалы ол Американың президенті Трамптың көптеген киноларға түсіп 1991 және 2019 жылдарда "Алтын Малина" сыйлығын алып, "Ең нашар сомдаған ер адам ролі " атағын алған. Кино арқылы мазаққа айналғанымен әлемге танымалдылық сыйлап, сол арқылы бірталай жетістіктерге жетті.

1.2 Фильмдердің жарнамалық функциясы: әлем тәжірибесінде
Жарнама- бұл ерекше қызмет түрі, ол адамзат тарихымен қарқынды дамып келе жатыр. "Жарнама" сөзі латын тілінен reclamare, "жар саламын". Термин ретінде, нақты қызмет түрі ретінде жарнама XVIII ғ. екінші жартысында пайда болды. Алайда жаранама табиғатын нақты мынау деп анықтау қиын. Өйткені бұл бір ғана міндетпен тоқтап қалмайды, жарнамада өнер, логика, математика, психология және қазіргі маркетинг құралы атанды. Девлетов О. У. "Отандық жарнама 150 жылдық тарихы" кітабында : " Алғашқы анықтама америкалық маркетинг қауымдастығына тиесілі:"Жарнама-белгілі демеушінің атынан идеяларды немесе қызметтерді жеке ұсынудың және жылжытудың ақылы түрі". Бұл ұйғарымда көрсетілген маңызды бөлімі бұл жарнама функциясы - жарнама ұсынушының атынан белгілі мақсатты аудиторияға ақпарат таратуға мүмкіндік береді"[3;5б]. Жоғарыда қысқа тоқталып кеткен түсінікте қазір жарнама түрімен салыстырсақ өте үлкен өзгеріс бар. Жарнаманың түр-түрі бар заманда бір жаңа түсінік келді. Ол түсінік фильмдердегі жарнама. Қазіргі таңда әлем киноларында жарнамаларды көптеп берілетінін байқаймыз. Бұл киноға қаржылай жағынан көмек көрсетеді.
Кино индустрия жағынан әлемде ең танымал Hollywood нативті жарнамадан қомақты қаржы алады. Атақты Apple компаниясының өнімдері Hollywood пен бірнеше жылға келісімге отырған. Бұған дәлел киноларда apple тауарларын әсіресе планшет және компьютерлері көп байқалады. Кинодағы аз ғана секундта жарнамасын ұсыну үшін жарнама беруші көптеген қаржылар жұмсайды. Алайда жарнама берушінің қаржысы және тәуекелі киноның рейтингі жақсы болса, халыққа ұнаса онда жарнама берушінің тауары жақсы өтуіне ықпалын тигізеді. Мысалға:

4-сурет "Стажер" фильмі

5-сурет, "Стажер" фильмі
Бұл жерде көрсетілген фильмде бірнеше тауарларды кино ішінде жарнама жасайды. Waverly Films студиясы ұсынған "Стажер" фильмінде жарнама өте сауатты көрсетілген. Бұл жерде оператордың біліктілігінің арқасында жақсы кадрлар арқылы тауарларды жасырын кино арасында көрсеткен. Фильм белгілі Rotten Tomatoes веб-сайты бұл фильмға 62% ға бағалап біршама жақсы пікіррлер қалдырған. Фильмнің фишкасы жинақылық. Әр кадрда сауатты жұмыс жасап, табиғи түстерді жақсы қолданған. Кино ішінде бірнеше жасырын жарнамалар байқауға болады. Соның бірі Facebook әлеуметтік желісі. Жарнамамен қатысты кадрда ғаламтор арқылы белгілі киімдер сататын компания басшысы бизнесвумен Джулс Остин жұмыс басты әйел. Көптеген шаруаларына үлгермей, жанына көмекші алады. Кинода жарнаманы сол адам арқылы ұсынады. Көмекші жетпіс жастағы зейнеткер Бен Уитакер заманауи техникадан хабарсыз болады. Фильм сюжетінде бір қарт адам арқылы екі затты көрсетеді. Бірнішісі зейнеткердің жаңа заманның талабынан артта қалғаны, екіншісі сол арқылы кинода жарнамаларды ұсынады. Бұл тек бір ғана мысал. Киноның ең үлкен ұтатыны арасында жасырын жарнама жасайтыны.

Жасырын жарнама-бұл сауда маркасын, қызметтерді немесе компанияларды нарыққа жылжыту бойынша технологиялар мен әдістердің жеткілікті үлкен жиынтығы, олар әдетте тікелей жарнамаға ілесіп, оңтайлы маркетингтік нәтижелерге қол жеткізуге бағытталған. Бұл ретте жарнама агенттіктерінің қызмет саласына кірмейтін коммуникациялар пайдаланылады. Көбінесе жасырын жарнама құралдары таза түрде тікелей жарнаманы қолданудан гөрі креативті және тиімді. Қазіргі таңда бұл бағытты кино индустриясында қолданып жатыр.
Егер тікелей жарнама негізінен сату көлемін арттыруға бағытталған болса, онда жасырын Жарнаманың мақсаты -- брендтің имиджінің жақсы позициясына қол жеткізу және оған әлеуетті тұтынушылар мен мақсатты аудиторияның қарым-қатынасы. Әдетте, жасырын жарнама әдістерін тікелей жарнамаға көп көңіл бөлетін және үнемі жарнама агенттіктерімен жұмыс істейтін жарнама берушілер пайдаланады. Жасырын жарнамамен айналысатын агенттіктің міндеті -- сауда маркасының немесе өнімнің пайда болуы немесе нарықта алға жылжуы кезінде танымалдығын жасауға, сондай-ақ бұрыннан бар имиджді нығайтуға бағытталған Имидж қалыптастырушы іс-шаралардың белгілі бір кешенін ұсыну. Сонымен қатар, тікелей емес жарнамаларды саяси науқандарда, Әлеуметтік және сайлау алдындағы жобаларда пайдаланады[28, б. 66-67].

Анықтау бойынша жасырын жарнама - бұл жарнама, оның ішінде пайдаланылмаса, логотип немесе ресми ұраны жарнамалық тапсырыс берушінің көрсетілген компанияның өнімдері. Жасырын жарнамаға сондай-ақ жарнамалық хабардың басты объектісі аясында компания логотипін немесе өнімдерін орталықсыздандырмай пайдалануды жатқызуға болады. Кейбір ғалымдар жасырын жарнама аудиторияға тікелей әсер ету нысаны дәл ойындағыдай болып табылатындықтан, аудиторияға күшті әсер етеді деп санайды. Сонымен, жасырын жарнама деп біз брендтің, сауда маркасының, сервистің, қызметтің, әлеуметтік бағдарламаның интеграциясын, мүмкін мемлекеттік, әр түрлі арналар арқылы күнделікті өмірдің әр түрлі оқиғаларына немесе бұл үшін арнайы ұйымдастырылған. Бұл байланыс ассоциативті дизайнда көрсетілуі мүмкін, бірқатар жағдайларда оқиғаның географиясымен (оқиға орын алатын қалалармен) байланысты және дистрибуция мен сатуды кеңейту, байланыстарды орнату тұрғысынан клиент үшін маңызды сәт болып табылады. Оқиға кез-келген компанияға лоббистік мақсаттармен қатар адамдарды қажетті орынға шақыруға мүмкіндік береді.

Жасырын жарнаманың негізгі функциялары:

1.Халықтың санасына фирманың аты мен маркасын енгізу.

2. Бәсекелестерден арылу, жаңа тауарлық доминантқа ұсыну.

3.Бұрын пайдаланылмаған тауарлардың жаңа түрлеріне қажеттілікті жасау.

4.Жарнамаға қарсылас құру.

Батыста жасырын жарнаманың барлық бағыттары белсенді дамыған, ал Ресейде осы салада нағыз креативті бума белгілері байқалады. Бұл нарық Ресейдегі жасырын жарнама бизнесінің дамуына кедергі келтіретін ең белсенді және жалғыз тежегіш болып табылады, бұл нарықта жұмыс істейтіндердің барлығы санауға мәжбүр болатын ресейлік заңнама болып табылады.
Жарнама әлеуметтік феномен ретінде әлеуметтанушыға ең алдымен оның тұтынушыға әсері тұрғысынан қызықты. Жарнама тұтынушыны жаңылыстырып, қандай да бір тауар туралы жалған ақпарат беріп, тұтынушының сезімін қорлайды және ашық өтірік болады.
Жарнама этикасы ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жаңа қазақ креаторларының толқыны
Тележурналистика жүйесіндегі сұхбат жанры
Қазақстандағы ұлттық киноматографиясының алғашқы қадамдары (1920-1940 жж.)
Бірінші Қарағанды телеарнасы
Мұқан Төлебаевтың музыкалық мұрасының тәрбиелік мәні
ХХІ ғасырдағы телевизиялық мүмкіндіктер
Информатика курсында оқушыларды оқытуда компьютерлік ойындарды пайдалану
«Қазақстан» және «Хабар» телеарналарындағы адамзатқа тән құндылықтарды насихаттайтын бағдарламалардың шығармашылық сипаты
Теледидар режиссурасы
ВВС деректі фильмдерінің құрылымына сараптамалық талдау жасау
Пәндер