Қазақ халқының мәдениетініде болған өзгерістерді талдау


Астана қаласы
Физика математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі
Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс
Бөлім: Қазақстан Республикасының мәдениеті
Тақырып: Жаһанданудың қазақ халқының мәдениетіне 21 ғасырда әсері қандай?
Орындаған: Дюсенов Дамир 12 “F”
Жетекші: Несипов Б. Р.
Нұр-Сұлтан, 2019
Жоспар
- Кіріспе . . .
- Негізгі бөлім . . . Жаһандану үдерісінің жалпы түсінігіЖаһанданудың қазақ халқының мәдениеті әсеріШет елдерінің мәдениеті жаһанданудың әсерінен қалай өзгерудеСауалнаманың анализі және оның қортындысы«SWOT» анализіБолашақ мәдениеттегі өзгерістерге болжам
- Қорытынды . . .
Кіріспе
Зерттеу жұмысының өзектілігі: Казіргі кезде жаһандану үдерісінің арқасында көп деген өмір сүру үшін маңызды салалар бір-бірімен тығыз байланысты орнатуда, экономика, саясат, қоғам және мәдениет салаларына басқаларға қарағанда жаһандану үдерісі ерекше ықпал етеді. Біз білетіндей әр-бір ұлт үшін өзінің мәдениетінің тұтастығын сақтап қалу аса маңызды, өйткені өз мәдениет айырылған ұлт бұдан былай өзін ұлт деп ата алмайды, себебі мәдениетке тіл, тарих, салт-дәстүрлер, әдет-ғұрыптар жатады, ал оларды жоғалтқаннан кейін ұлт қалай өмір сүре алады? Казірде, қазақ халқының мәдениетінеде жаһандану үдерісі әсер етуде, сондықтан да мәдениет уақыт өте келе қалай өзгеріп келе жатқанын өте маңызды.
Зерттеу жұмысының объектісі : Зерттеу жұмысының объетісі болып қазақ халқының мәдениетінінде болып жатқан өзгерістер болып табылады.
Зерттеу жұмысының мақсаты: Бұл зерттеу жұмысының басты мақсаты болып қазақ халқының мәдениетінінде болған өзгерістерді анықтау.
Міндеттері
- Қазақ халқының мәдениетініде болған өзгерістерді талдау;
- Мәдениеттке еңген өзгерістердің жағымды және жағымсыз жақстарын анықтау және оларды талдау;
- Қазақ халқының мәдениетінің болашағына болжам жасау;
Болжам: 21 ғасырда пайда болған сыртқы факторлардың қазақ халқының мәдениетіне деген әсерін талдай отыра, болашақта қазақ халқынын мәдениеті өзгере алады.
Зерттеу жолдары:
- Интернет деректері мен бұқаралық ақпарат құралдарын пайдалана отырып, кректі ақпаратты табу;
- Сауалнаманы жүргізу және оны сараптау;
- Қазақстан Республикасының мәдениет саласындағы маманымен интервью жүрггізу;
Зерттеу жұмысының жаңашылдығы: Казірде жаһандану үдерісі көп деген елдердің мәдениеттеріне ықпал етуде және де осы ықпалдың салдары әлі де анықталуда, сол себепті осы зерттеуді өткізу арзылы біз әлі де зерттелмеген қырларды анықтаймыз.
Негізгі бөлім
Алдымен біз өзіміз үшін мәдениет деген не екенін және оған не жататынын анықтап алуымыз қажет. Мәдениет - адамның өз қолымен, ақыл-ойымен жасағандары және жасап жатқандарының бәрін түгел қамтиды. Жай ғана сауат ашудан және тазалық ережелерін сақтаудан бастап, өмірдің асқан үлгілі шығармаларын жасағанға дейінгі ұғымды қамтып жатқан - мәдениет саласының өрісі кең. 1 Мәдениет адамзатпен бірге пайда болған дүние, яғни қазақ халқының мәдениеті қазақ хандығымен бірге 1465 жылы пайда болды, деп айта аламыз. Алайда еш нәрсе мәңгі емес, сол себепті бастапқа пайда болған қазақ мәдениеті ғасыр талаптарына сәйкес өзгеріп бейімделуде. Қазақ хандығы Патша үкіметіне 19 ғасырдың ортасында толық қосылып біткеннен2 кейін, жергілікті халықтың мәдениеті өзгере бастады. Мысалы, алғашқы көшпелі өмір сүру салтының орнына шөгінді өмір сүру салты келді, онымен бірге, дәстүрлі мал шаруашылығын егін шаруашылығы сұйылтты. Сонымен қатар, сақталатын салт-дәтүрлердің тізімі іріктене бастады, оның басты себебі Патша үкіметінің еңгізген заңдар тізімі. Мысалы, ел ішінде емін-еркін көшіп қонуға тыйым салынуы, қоныстандыру саясаты олардың бәрі демография ықпал етті, нәтиже ретінде осы өзгерістер сол кездегі казақ халқының мәдениетіне әсер етті. 3
Казіргі таңда, қазақ халқының мәдениетіне жаһандану үдерісі әсер етуде. Жаһандану дегеніміз жаңа жалпыәлемдік саяси, экономикалық, мәдени және ақпараттық тұтастық құрылуының үрдісі. 4 Жаһандану үдерісі жалпы әлемдік тұтастықты және бүкіл әлемді біріктірүды көздейді, яғни әр-түрлі мемлекеттердің салалары бір-бірімен қарым қатынастарға түседі. Мысалы, жаһандану үдерісінің ықпалның әсерінен қазақ халқының мәдениетіне суб-мәдениеттер ене бастады. Онымен қатар, шет елдерінің мәдениеттеріне тән құндылықтар біздің мәдениетімізге ене бастады және де жаһандану үдерісісінің ықпалына түскен мәдениеттер жергілікті, яғни тек бір мемлекетке тән мәдениеттен жаһандық(әлемдік) мәдениетке айнала бастайды. 5 Ең қарапайым мысал ретінде біз батыс елдерінің мәдениеттерін қарастыра аламыз, ол батыс елдердің ішіне АҚШ, Шығыс және Батыс Еуропа елдері және т. б. Қазақстандық жас өспірімдердің өз-өзін ұстау мәдениеті, киіну тәсілдері және де ой толғау барысы осы сипаттамалардың бәрі жаһандану үдерісінің ықпалынан біздің елімізге ене бастады.
Мәдениетке жергілікті халықтың тілі де жатады. Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіл болып қазақ тілі есептеледі. 2016 жылы өткізілген зерттеу бойынша елде қазақ тілін меңгерген халық саны 82% құрайды, ал үш тілді(қазақ тілі, орыс тілі және ағылшын тілі) меңгерген азаматтардың мөлшері 22, 3%. 6
Мамандардың болжауынша 2020 жылға қарай кәмелет жасқа келген азаматтардың 95% қазақ тілін білетін болады, алайда кейбір мамандар осы мақсатқа қол жеткізу үшін одан да көп уақыт керек болады, деп есептейді. 7 Бірақта шет тілдерінің таралып жатқанын да умытпауымыз қажет. Қазақстанда 2018 жылдың санағы бойынша орыс өкілдерінің саны 3588686 адам, яғни орыс тілі әлі де өмір сүруде. 8 Алдында айтып кеткендей үш тілді меңгерген азаматтардың көлемі 22, 3%, яғни ағылшын тіліде мәдениетке ықпал етуде. Онымен қатар, үш тілдік саясатын қолдайтын Назарбаев Зияткерлік мектептері жаңа ұрпақты дайындауда, Республика бойынша 20 Назарбаев Зияткерлік мектеп орналасқан, ал оқушылардың көлемі 2-ға жуық, яғни шет тілдері біздің мәдениетіміздің өмірінде маңызды рөлді атқаратын болады. Бұл да жаһандану үдерісінің қазақ халқының мәдениетіне деген әсері деп санауға болады, себебі жаһандану үдерісінің арқасында шет тілдері тарап жатыр.
Жалпы айтқанда, мәдени жаһандану дегеніміз мәдени байланыстардың дамуы; «жаһандық» сияқты мәдени кеңістікті біріктіретін, жаңа технологиялар мен әдістерді үйрене отырып, шет елдік өнімді қабылдап, идеясына ие болуға деген құштарлық және «әлемдік мәдениетке» қатысу сынды сананың жаңа категорияларының пайда болуы.
Мәдени жаһандануға әлемнің әртүрлі елдерінің іскери және тұтынушылық мәдениетін жақындастыру мен халықаралық қарым-қатынасты өрістету тән. Бір жағынан бұл әлемдегі кейбір жеке ұлттық мәдениет түрлерін танымал етеді. Екінші жағынан әйгілі халықаралық мәдени құбылыстар ұлттықты ығыстырып немесе оларды ұлтаралыққа айналдыруы мүмкін. Көпшілік мұны ұлттық мәдени құндылықтарды жоғалту деп түсініп, ұлттық мәдениеттің жандануы үшін күреседі. Қазіргі заманғы кинофильмдер экранға әлемнің көптеген елдерінде бір мезгілде шығады, кітаптар аударылып, әртүрлі елдер оқырмандары арасында бір уақытта танымалдыққа ие болады. Мәдени жаһандануда ортақ Ғаламтордың таралуы үлкен рөл атқарады. Сондай-ақ жыл санап халықаралық туризм кеңінен етек алуда. 9
Егерде мәдениетті, ең әуелі, адамдар символикалық қайта қарау тәжірибесі негізінде мағынасын құрастыратын өмірлік салт және тәртіп ретінде қарастыратын болсақ, онда мәдени жаһандану деп мағына құрастыру аясын өзгерту, бірегейлікті, нақты бір жерге тән болуды, жалпы түсініктерді, құндылық, ұмтылыстарды, мифтер мен сенім, қауіпті өзгертуді түсіну керек. Жаһандану үрдісінде мәдениеттің рөлі мәдени-толықтырылған «жергілікті» әрекеттің потенциалды-жаһандық нәтижесімен шектеледі. Басқаша айтқанда сөз әлеуметтік белсенділіктің рефлексивтілігі жөнінде болып отыр: жергілікті дәстүр мен өмір салты қазіргі заманғы кезеңде жаһандық нәтижеге ие, сонымен қоса жаһандық үрдісте жергілікті интервенция жүзеге асады. Алайда жаһандану аясында идеяға консюмеризм бақылауы жан-жақты екендігін ескеру де маңызды. Жаһандық капитализм өз билігіне бағындыруға, телевидение, жарнама, газет, кітап, фильм және т. б. жинақталған барлық идеялар мен материалды өнімді коммерциялау мен коммодифициялауға тырысады. Осыған сай, мәдени тәжірибені жалғастық үрдісі мен одан кейінгі басты фактор-катализаторы сауда экономикасы жағдайында пайда әкелетіннің барлығы коммерциализацияға тәуелді болатын коммерциялық потенциал болып табылады. Бүгінгі әлемде, сондай-ақ Казақстанда, жаһандық мәдениет тәжірибесіне сұраныс пен сән бар деп айтуға болады.
Жаһандану мәдениет аясында мағыналардың көптігі, бағалаулық талдаулардың жетіспеушілігі, барлық таныс заттарды жаңа терминмен жазу перекаталогизация, транскодированиясымен анықталатын «қалдық мәдениет» (Ж. Бодрийяр термині) - қазіргі мәдениет құбылысының кең спектрінің құрылуы негізінде жатқан үрдістердің интенсификациясына әкеледі. Алайда мәдени гомогендеу немесе әлемде мәдени әртүрліліктің азайуы жаһандану үрдісі нәтижесі бола алмаса да, жаһандану консюмеризм механизмінің көмегін айтпағанда, әртүрлі мәдениеттің униформдығының өсуіне әкелуге толық қабілетті. Мәдени жаһандану батыстық Реформация, Ағартушылық, Қайта Жаңғыру сынды құндылықтар негізінде туындай алады. Бұл құндылықтар әлемдегі бүгінгі дағдарыстық құбылыстарды туындатқан, немесе ол жаңа рухани революция жүзеге асырылатын жаңа құндылықтар жүйесіне әкелуі мүмкін, сол кезде ол жаңа құндылық жүйесінде жүзеге асырылады.
Бұндай алғышарттар міндетті түрде қалыптасады, және сөзге дәлел ретінде бүгінгі таңда кеңінен таралып отырған жаңа мәдениет тәжірибесінің көптүрлілігін айтуға болады. Олар қоғамдық санада белсенді рефлексияланады, оның ішінде мағыналық әлем мағынасын әлеуметтік-тарихи контекстте қарастыруды болжайтын, әлеуметтік мәдениет талдауы әдісі де бар. Мысал ретінде, мұның барлығын жас әрі дамып келе жатқан тәуелсіз Қазақстан мемлекетінен көруге болады. Ұлттық қайта жандану үрдісі тек қана қазақ тарихына деген қызығушылық негізінде жүзеге асырылуда емес, сонымен қоса өзіндік салт-дәстүрлер мен әдет-ғұрыптарды жаңғыртумен байланысты. Қазақ салт-дәстүрінің қайта жаңғыруы бүгінгі таңда Қазақстанда тарихи жалғастықтың қайта қалыптасуы ретінде қабылданады. Қазақ халқы үшін бұл өте қиын және күрделі мәселе, себебі жоғалған салт-дәстүрді қайта қалпына келтіру туралы мәселенің көтерілуінде болып отыр. Қазіргі қазақтар - бұрынғы малшы-көшпенді халық емес. Сондай-ақ, жиырмасыншы ғасыр бойы саналы түрде салт-дәстүрді жою және қудалау жүзеге асырылып келді. Жетпіс жылға созылған кеңестік кезеңде Қазақстанда салт-дәстүрмен «өткеннің қалдығы» ретінде күресті. Алайда, сол уақытта да, бүгінгі таңда да қазақтар бұрынғы өмір салтының қалдығын қажырлықпен талмай күресіп сақтап келеді. Бұл жерде туыстық қатынасқа ерекше мән беріледі. Ру, руға бөліну - қазақ халқының идеологиясы. Бұл бірегей құбылыс ежелгі заманда шыққан, дегенмен, руға бөліну бүгінгі замандада қолданылады. Бұл «қиын мәселе» барлық басқа халықтық мәдени институттардың аясында әртүрлі әлеуметтік және саяси жағдайларға бейімделуде [4, б. 9] . Жалпақ бірлестіктердің жауластық пен «жүзге бөлінуді» жоюына қарамастан, қазақ халқының рулық санасы ғасырлар бойы сақталып келеді. Ол ұзақ уақыт бойы қазақ зияткерлерінің арасында бір мағыналы бағаға ие бола алмады. Біреулері оны ұлттық бірлікке деген қауіп деп түсінді, екінші біреулері «жеті атаны» білу ұлттық мәдениеттің құбылысы деп қарастырды. Барлық болжамдарға ел Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев өзінің «Тарих толқынында» атты кітабында нүкте қойды, ол қазіргі Қазақстанның мәдени өмірінде рулық сананың мәні мен рөлінің аса маңызды екенін баса айтты. «Жеті ата» принципі барлық халықтың рухани бірлігінің құралы іспетті. Осы принцип қарапайым болғанымен, отбасы-туыстық махаббаттың негізіндегі этникалық тұтастықты анықтайтын күшті ядро болып табылады. Қазақ халқы этномәдени қауымдастық ретінде өздерінің этноұжымдық зердесінің арқасында сақталды.
Бүгінгі Қазақстан ұлттық жандану кезеңін бастан кешіруде. Ұлттық-мәдени жандану үрдісі мәдени парадигманың ауысуын білдіреді. Бұрынғы концепцияларды қайта қарау, ұмытылған немесе тиым салынған атаулардың қайта келуі - казіргі Қазақстанның мәдени өміріне тән ерекшеліктер. Тәуелсіздіктің онжылдығында жаңа қазақ тарихын жасаудың бастамасы қолға алынды. Алайда, «сөз еркіндігі» қазақ тарихшылары үшін ауыр сынақ болды. Алғаш рет, соңғы жүзжылдықта материалдық жағдайы мен ынтасы бар әрбір адамның жазуға да, баспаға шығаруға да мүмкіндігі болды. Бұл жағдайда, бізге көптеген әртүрлі деңгейдегі және әртүрлі сападағы тарихи шығармалар ағымы келіп түсуде. Бұл тарихиграфияның анализі мен сыны жеке мәселе. Бұл жерде айта кететін жайт, кәсіпқой және кәсіпқой емес жазушылардың қаламынан шыққан тарихи шығармалар бүкілхалықтың өзінің тарихына деген қызығушылығының дәлелі болып табылады. Бүгінгі күнде қазақ халқы өзінің бай, қанықты, қуаныш пен қайғыға толы тарихты аса қызығушылықпен оқуда. Ұлттық жанданудың үрдісі мемлекет және халық үшін де бейнетті болып табылады. Бұл үрдіс өзінің ұлттық және тұрмыстық салт-дәстүрлерін мұқият зерттеуді талап етеді. Ескі салт-дәстүрлерді бүгінгі таң мен болашақтың талаптарына сай жандандыру қажет. Сол кезде ол «салмақ» емес, мемлекеттің ілгерілеуге деген қозғалтқышы болып табылады. Салт-дәстүрімізді жаңарту өткенімізді естен шығармауға, бүгінгімізді жақсартуға және болашаққа жоспар құруға мүмкіндік береді.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz