Педагогтің тұлғалық сапалары



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 32 бет
Таңдаулыға:   
ЖОСПАР

1.Мұғалімнің жеке тұлғасы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
1.1.Мұғалім- мектептің жүрегі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4
1.2.Педагогтің тұлғалық сапалары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 9
1.3.Мұғалім тұлғасын зерттеудің бағыттары ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... .12
1.4.Мұғалімнің жеке басына, мамандығына қойылатын талаптар ... ... 14
1.5.Мұғалім- адамтанушы мамандық ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .15
2.Мұғалімнің кәсіптік мәдениеті ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..18
2.1.Мұғалімнің кәсіптік мәртебесі және беделі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ..21
2.2.Мұғалімнің кәсіптік этикасы, педагогтік әдептілігі ... ... ... ... ... ... . .23
2.3.Мұғалімнің пәндік құзіреттілігінің басты шарты ... ... ... ... ... ... ... .. 28
2.4.Педагогтік шеберлік, оны меңгеру жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... .31
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..32
Пайдаланған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .33


Жас ұрпақ тәрбиесі қай заманда болмасын уақыт сөресінен түскен емес. Бір баланы адам етіп өсіргенше бір шаһар апат болады - дейді. Ал, жеке тұлғаның адамгершілігін қалыптастыру үшін қыруар уақыт пен тер төгетін үлкен жауапкершілік қажет. Халық мұғалімі - жас ұрпақтың рухани дүниесінің мүсіншісі, ол-өзінің ең қымбаттысы, ең құндысы саналатын балаларға өзінің үмітін артып, болашағын сеніп тапсыратын қоғамның сенімді өкілі. Осы аса ізгі және өте қиын кәсіп ұстаздан өз өмірін оқу-тәрбие ісіне арнаған тұрақты шығармашылықты талап етеді. Мұғалімнің, оның даралық-тұлғалық ерекшеліктерімен шартталған коммуникативті (интерактивті) сапалары мектепке дейінгі және кіші мектеп оқушыларының педагогикалық қарым-қатынас серіктерінің ерекшеліктерін бейнелейді.
Мұғалімнің сыртқы келбет мәдениеті, өзін-өзі басқару шеберлігі, мұғалімнің моральдық қасиеттеріне қойылатын талаптар оқу-тәрбие жұмысының табиғатына қарай күн сайын жаңарып, жаңа сипатқа ие болуда. Мұның өзі қоғамның үздіксіз дамуынан, ғылым мен техниканың өркендеуінен туындап отыр.
Ахмет Байтұрсынов: Ең әуелі мектепке керегі-білімді, педагогика әдістемесінен хабары мол, оқыта білетін мұғалім,- деген болатын.
Мұғалімнің кәсіптік мәдениеті туралы Н.К. Крупская, С.Т.Шацкий, А.С.Макаренко, К.Жарыкбаев, Ш.Т.Таубаева еңбектерінде кеңінен сөз болып, мұғалімнің әдеби, сөйлеу шеберлігі, шешендік қасиеті, дауыс дикциясы, сыртқы бейнесі жөнінде келелі әңгіме қозғалады. Мұғалімге қарапайымдылық, ұқыптылық, жинақтылық тән болуы тиіс. Мұғалімнің киімі, қозғалысы, шаш үлгісі сәнді болып келгені абзал. Мұғалімнің әлеуметтік беделін көтеруде оның сабырлылығы, сергектілігі, мейірімділігі мен кішіпейілділігі де зор рөл атқарады.
Білімдар мұғалімнің сөйлеу техникасы мен адамды түсіну білуі, басқа адамды елітіп әкетуі басым болады. Қазіргі қоғамда жастарға тәрбие берудің негізгі мақсатты үйлесімді жан - жақты дамыған мемлекетіміздің әлеуметтік - экономикалық дамуына өз үлесін қосатын жеке тұлға тәрбиелеу болып табылады. Бүгінгі қоғамымызда білім мекемелері тәрбиеленушілеріміздің сана - сезімінің өсуімен қатар, олардың рухани жан дүниесін байытуды жүзеге асыруы тиіс. Мүғалім тұлғасының ролі өткен кезеңдерге қарағанда екі - үш есеге артып, жас ұрпақты жаңаша тәрбиелеу Қазақстан мұғалімінің алдына орасан зор міндеттер қоюда.
Педагогикалық әдеп-мұғалімнің кәсіптік сапасы және кәсіптік ерекшелік белгісі. Кейбір мұғалім, кәсібін айтпай-ақ, өзінің әділдігімен, ілтипаттылығымен өзінің мамандығын сырт көзге айқындап тұрады. Мұғалімнің ашу үстінде ешқандай шешім қабылдамауы пайдалы. Болашақ ұстаздар өз ісінң әрбір қыр-сырын жетік игеру жолында кәсіптік сапаларды толық меңгерсе, бүгінгі қоғамымызды байытатын, дамытатын, жаңартатын адам тәрбиелеуге мол мүмкіндік ашылатыны күмәнсіз.

Мұғалімнің жеке тұлғасы
1.1.Мұғалім - мектептің жүрегі.

Мұғалім деген жалпы ұғым. Ал ұстаздың жөні бөлек. Бұл мамандыққа бет бұрған адам соған барлық өмірін арнайды. Сонда ғана еңбегі жанады. Әрине, кейде жоғарыдан бағаланбаса да шәкірттерінің есінде қалады. Тіпті осыдан да артықтың керегі жоқ шығар.
Шын мәнінде, педагог-бұл ұрпақтар арасындағы байланыстырушы буын, қоғамдық-тарихи тәжірибені тасушы. Халықтың қоғамдық мәдени - тұтастығы, жалпы өркениет, ұрпақтардың мираскерлігі көп жағынан Мектеп-мұғалім рөлімен шартталған. Жалпы саны бірнеше он мыңдап саналатын, мұғалім мамандығы, оның мазмұны, еңбек жағдайлары, сандық және сапалық құрамы өзгергенмен де, кәсіптердің өзгермелі дүниесінде айнымас болып қалады.
Педагогикалық іс-әрекеттің даралық субъектісі ретінде бола отырып, педагог, сонымен бірге, қоғамдық субъект-қоғамдық білімдер мен құндылықтарды тасушы да болып табылады. Осыған орай, педагогтің субъективті сипаттамасында үнемі аксиологиялық (құндылықтық) және когнитивті (білімдік) жазықтықтар бірігеді. Бұл жерде екіншісі, сонымен қатар, жалпы мәдениеттік және пәндік-кәсіби білімдерді қамтиды. Даралық субъект бола отырып, педагог әрқашан, даралық-психологиялық, мінез-құлықтық және коммуникативтік сапалардың алуан түрлілігі тұсында да тұлға болып табылады.
XX ғасырдың басында-ақ П.Ф. Каптерев: "оқыту ахуалында мұғалім бірінші орынды алады, оның қандай да бір сапалары оқытудың тәрбиелік ықпалын жоғарылатады немесе төмендетіп отырады,-деп көрсеткен. Сонда ол педагогтің, ұстаздың қандай қасиеттерін негізгі деп анықтаған? Ең алдымен, ол "арнайы мұғалімдік қасиеттерді" көрсеткен, оған "мұғалімнің ғылыми дайындығын" және "жеке мұғалімдік талантты" жатқызады.
"Объективті сипаттағы бірінші қасиет мұғалімнің өзі оқытып отырған пәнін білу дәрежесінде, берілген мамандық бойынша, жақын пәндер, кең білімдегі ғылыми даярлық дәрежесінде жатыр; содан кейін пән әдіснамасымен, жалпы дидактикалық принциптермен таныстықта және ең соңында, мұғалім жұмыс істеуіне тура келетін балалар жаратылысының қасиетерін білуде жатыр; субъективті сипаттың екінші қасиеті- оқытушылық өнерде, жеке педагогикалық талант пен шығармашылықта жатыр". Екіншісі, педагогикалық әдепті, педагогикалық өз бетіншелікті және педагогикалық өнерді қамтиды. Мұғалім үнемі ізденісте, қозғалыста, даму үстіндегі дербес, еркін жасампаз тұлға болуы керек. П.Ф.Каптеревтің: шығармашыл оқушы мен мұғалімді "өздігінен білім алу мен дамуға деген қажеттілік байланыстырады", біріктіреді және де олар іс жүзінде, бір алаңның, бір баспалдақтың екі қарама-қарсы жағы болып табылады" деген пікірі, мұғалім мен оқушының оқыту процесіндегі нағыз оқудағы еңбектестігінің психологиялық табиғаты мен қажеттілігін түсіну үшін негізгі болып табылады.
"Ақыл-ойлық" қасиеттерге жатқызылған "арнайы" мұғалімдік қасиеттермен қатар, П.Ф.Каптерев мұғалімнің қажетті тұлғалық "адамгершілік-еріктік қаситеттерін" де көрсетіп, оларға бейтараптылықты (объективтілік), ілтипаттылықты, сезгіштік (әсіресе, әлсіз оқушыларға), адал ниеттілікті, төзімділікті, шыдамдылықты, әділеттілікті, балаларға деген шынайы сүйіспеншілікті жатқызады. Бұл жерде "балалар мен жастық шаққа деген сүйіспеншілікті мұғалімдік мамандыққа деген сүйіспеншіліктен ажырата білу керек: балаларды өте жақсы көріп, жастық шақты терең ұнатып, ал мұғалімдік іс-әркетке қарсы болмай, тіпті оны басқалардан артық көріп, бірақ балаларға, жастық шаққа мүлдем көңіл соқпауы мүмкін". Сірә, тек шәкірттер мен педагогикалық мамандыққа деген сүйіспеншіліктің бірігуі ғана мұғалімнің кәсіптілігін қамтамасыз ететін болар.
Қазіргі кездегі зерттеушілердің барлығы, дәл балаларға деген сүйіспеншілікті ғана мұғалімнің маңызды тұлғалық және кәсіби қыры деп есептеу керектігін, және де оларсыз тиімді педагогикалық іс-әрекеттің мүмкін еместігін көрсетеді. В.А.Крутецкий осыған адамның балалармен жұмыс істеуге және араласуға бейімділігін қосады. Сонымен қатар, мұғалім үшін өзін-өзі жетілдіру, өзін-өзі дамыту тілегінің маңыздылығын да атап өтейік, себебі, К.Д.Ушинский дәл көрсеткендей, мұғалім оқу үстінде болса ғана өмір сүреді, ол қалай оқытуды тоқтатса, оның бойынан мұғалімдік өледі. Осы маңызды ойды П.Ф.Каптерев, П.П.Блонский, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский және тағы басқа педагогтар мен психологтар да атап көрсеткен.
Н.В.Кузьмина бойынша, субъектілік факторлар құрылымы: табиғаттылық типін, қабілеттер деңгейі мен құзырлылықты қамтиды, оларға арнайы-педагогикалық, әдістемелік, әлеуметтік-психологиялық, дифференциалды-психологиялық, аутопсихологиялық құзырлылық жатады. Осы факторлық құрылымның үш негізгі құрастырушысы айқын: тұлғалық, даралық (немесе даралық-педагогикалық) және кәсіби- педагогикалық. Құрылымның соңғы компоненті кәсіби білімдер мен іскерліктерді қамтиды. Бұл кәсіби құзырлылық, оның қалыптасуына және өзіндік даму деңгейіне қосқан үлесі жетекші (педагогика, әдістеме, әлеуметтік және дифференциалды психология) болып табылатын пәндік негіздері бойынша анықталады. Мұнда автор ұсынған құзырлылық құбылысының өзінің жіктелінуі және оның аутопсихологиялық құзырлылық сияқты маңызды деңгейін бөлу мәнді болып табылады. Ол әлеуметтік интеллекті "ойлау процестерінің өзгешелігін, тиімді елеу мен әлеуметтік тәжірибе жинақтауға негізделген, өзін, және басқа адамдарды, олардың өзара қатынастарын түсінуге және тұлға аралық оқиғаларды болжауға тұрақты қабілеттілік ретінде" түсінуге негізделеді.
А.К.Маркова бойынша, "педагогикалық іс-әрекет, педагогикалық қарым-қатынас жеткілікті жоғары деңгейде іске асырылатын, мұғалім тұлғасы жүзеге асырылатын, мұнда мектеп оқушыларының оқылуы мен тәрбиеленуінің жақсы нәтижелеріне жететін, педагог еңбегі".
Осы келістің үлкен жетістігі, кәсіби құзырлылықтың барлық сипатттамалары мұғалім еңбегінің үш жақтарымен ара-қатынаста болуы: оның технологиясымен-өзіндік педагогикалық іс-әрекетпен, педагогикалық қарым - қатынас және мұғалім тұлғасымен.
Бұл А.К.Маркова бойынша, біріншіден, педагогикалық еңбек субъекті, мұғалімнің өзін, көрнекі елестетуге мүмкіндік береді. Мұғалім тұлғасы педагогикалық іс -әрекет субъектісі ретінде А.К.Маркованың кәсіби құзырлылықты, оның өзіндік іс-әркеттік компаненті-іскерліктерді түсіндіруге келісі, авторға іскерліктердің ол бір тобын бөліп қана қоймай, сондай-ақ оларды мұғалім еңбегінің барлық жақтары үшін "жарып өткіш" қылуға мүмкіндік береді[1].
Л.М.Митина өңдеп, дамытып отырған, "іс-әрекет-қарым-қатынас- тұлға" схемасының контекстіндегі мұғалім тұлғасының моделі бес кәсіби маңызды сапаларға бөлінеді, олар педагогикалық қабілеттердің екі тобын айқындайды (Н.В.Кузьмина).
Жорамалдаушы-гностикалық қабілеттер (Педагогикалық мақсатты ұйғару, педагогикалық ойлау); Рефлексивті-перцептивті қабілеттер (Педагогикалық рефлексия, педагогикалық әдеп, педагогикалық бағыттылық).
Л.М.Митина зерттеулерінде, мұғалімнің елуден артық педагогикалық қасиеттері бөлінген (кәсіби маңызды сапалар да, сондай-ақ өзіндік тұлғалық сипаттамалар да). Осы қасиеттердің тізімін келтірейік: сыпайылық, ойлампаздық, талғағыштық, әсерленгіштік, тәрбиелілік, зейінділік, шыдамдылық пен өз-өзіне ие болу, мінез-құлық иілгіштігі, азаматтылық, адамшылық, іскерлік, тәртіптілік, мейірімділік, адал ниеттілік, идеялық сенімділік, бастамашылық, адалдық, ұжымшылдық, сыншылдық, логикалық, балаларға деген сүйіспеншілік, бақылампаздық, табандылық, жауапкершілік, қайырымдылық, жинақылық, үйірлік, саяси саналылық, адамгершілік, патриоттық, шыншылдық, педагогикалық эрудиция, алды-артын ойлағыштық, принципшілдік, өз бетіншілік, өзіне сын көзбен қараушылық, кішіпейілділік, әділеттілік, байыптылық, батылдық, өзін-өзі жетілдіруге ұмтылу, әдептілік, жаңалық сезу, өзінің абыройлық сезімі, жітілік, эмоционалдылық. Осы қасиеттердің жалпы тізімі үздік мұғалімнің психологиялық портретін құрайды. Осы портреттің өзегі, желісі өзіндік тұлғалық сапалар болып табылады: бағыттылық, талап ету деңгейі, өзін-өзі бағалау, "Мен" бейнесі.
Мұғалім тұлға, педагогикалық өзара әрекеттесудің белсенді әрекеттенуші субъект ретінде - тұтас күрделі жүйе. Бұл жүйе мұғалімнің кейбір жалпыланған психологиялық портреті ("пішін" емес) ретінде, мұғалімнің жалпыланған тұлғалық-кәсіби бейнесінің көрсетілуінің метафоралық формасы ретінде қарастырылуы мүмкін. Мұғалім үшін оның ең алдымен гуманистік бағдарланған тәрбиелеуші болу ерекшелігі маңызды. Оның күш жігерлері тұтастай бала тұлғасын оқу пәнінің құралдарымен дамытуға бағытталуы керек (мысалы, ана тілінің). Осыған орай, оқу пәнін, мысалы, тілді меңгеруді ұйымдастыру мұғалім үшін өзіндік мақсат емес. Бұл мектепке дейінгі және кіші мектеп жасындағы баланың дамыта оқыту теориясының контекстіндегі тұлғалық, интеллектуалдық, әлеуметтік дамуының құралы (Л.С.Выготский, Д.Б.Эльконин, В.В.Давыдов). Мұғалім тұлғасы, оның күйі мектепке дейінгі және кіші мектеп оқушысын ойымен оқытуға кірісуі, балалардың оқыту кезеңіндегі ғана емес, сондай-ақ келесі жылдардағы да күйлерінен, мінез- құлықтарынан, тұлғалық көріністерінен бейнеленетіні өте маңызды[2].
Кез-келген оқу пәні мұғалімнің психологиялық портреті келесі құрылымдық компонеттерге ие: адамның даралық сапалары, яғни оның индивид ретіндегі ерекшеліктері - темперамент, нышандар, т.б.; оның тұлғалық сапалары, яғни, оның тұлға ретіндегі ерекшеліктері - адамның әлеуметтік мәні; коммуникативтік (интерактивтік) сапалар: мәртебелік- позициялық ерекшеліктері, яғни оның ұғымдағы жағдайының, рөлінің, қатынастарының ерекшеліктері; іс-әрекеттік (кәсіби-пәндік), сыртқы мінез -құлықтық көрсеткіштер. Аталған компоненттер мен тіркесімдердің ерекшеліктері оқытудың әр сатысы үшін, соның ішінде мектепке дейінгі мекемелердегі оқыту мен тәрбие берудегі мұғалімнің психологиялық портретін анықтайды.
Мұғалім-бұл баланы түсінетін, сыйлайтын, оның сенімін тудыратын жолдас. Мұғалімнің, оның даралық-тұлғалық ерекшеліктерімен шартталған коммуникативті (интерактивті) сапалары мектепке дейінгі және кіші мектеп оқушыларының педагогикалық қарым-қатынас серіктерінің ерекшеліктерін бейнелейді. Балалардың жалғандыққа, өтірікке ерекше сезімтал екендігін есепке ала отырып, мұғалімнің үйірлік, оқу материалының меңгерілуін тексеру ретіндегі қарым-қатынастың нәтижесіне емес, тек өзіне деген нағыз қызығушылық сияқты сапаларының маңыздылығын атап өту керек. Қарым-қатынас процесін тиімді және балалар үшін қуанышты қылып ұйымдастыру үшін мұғалім оның пәнін білуі керек, яғни бала өмір сүретін мультфильмдер, ертегілер, кітаптар, күйтабақтар, оқиғалар дүниесіне ену және ең бастысы-осы дүниені өзі де қабылдауы керек[3].
Қалай десек те ұстаздың аты-ұстаз. Кейбіреулер бір баласына ие болып отырғанда, олар отыз - қырық баланы алақанда ұстап отыр. Өзге мамандық иелері телім-телім болып кетті.
Қалай дегенде де тәуелсіз елдің келешектегі тұтқасын ұстайтын жас ұрпақты қиындыққа төзіп, білім нәрімен сусындатып жүрген мұғалімдерге әрдайым алғысымыз шексіз. Өйткені: "Мұғалім-мектептің жүрегі".
Мұғалімнің жеке тұлғасы қандай болса, мектебі де сондай болады. Жақсы ұстаз мектепке жан кіргізеді.

Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз деген Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отыр. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып , оны жан-жақты дамыту керек.
Қазіргі қоғамда жастарға тәрбие берудің негізгі мақсатты үйлесімді жан - жақты дамыған мемлекетіміздің әлеуметтік - экономикалық дамуына өз үлесін қосатын жеке тұлға тәрбиелеу болып табылады. Бүгінгі қоғамымызда білім мекемелері тәрбиеленушілеріміздің сана - сезімінің өсуімен қатар, олардың рухани жан дүниесін байытуды жүзеге асыруы тиіс. Мүғалім тұлғасының ролі өткен кезеңдерге қарағанда екі - үш есеге артып, жас ұрпақты жаңаша тәрбиелеу Қазақстан мұғалімінің алдына орасан зор міндеттер қоюда.
Жас ұрпақты тәрбиелеу үрдісінде қол жеткізген жетістіктеріміз әлі де болса қоғам қажеттілігін толық қанағаттандыра алмай тұр. Болашақ қоғам иелерін тәрбиелеуде өзбетімен еңбек және өмір сүруге деген даярлық үрдісінде түбегейлі өзгерістер енгізу қажет. Себебі, жастарымыздың басым көпшілігі білім ұяларынан алған білік, дағды, іскерліктерін "өмір мектебінде" қолдануда "құзіретті" емес деп айтсақ қателеспейміз. Сондықтан жеке тұлға тәрбиелеу, қалыптастыру мәселесіне объективті ғылыми талдау жүргізу қажет. Бұл үшін жеке тұлғаны қалыптастыру мен дамыту механизмдерін, шарттарын, заңдылықтарын біліп қана қоймай, сонымен қатар "қалыптасушы субъектілерге" әсер етуші қоршаған жақын орта ерекшеліктерін, соның ішінде жеке тұлғаны қалыптастырушы педагог қауымына аса көңіл аударуды керек етеді[4].
Педагогика ғылымының ең алғашқы бастауларынан - ақ мұғалім әрекетіне нәтижелілік көрсеткіштері ғылыми негізделіп, теориялық -тәжірибелік зерттеулер жүргізіліп келді. Бұл зерттеулері кеңестік дәуірдің көрнекті ғалымдары: Н.К.Крупская, М.И.Калинин, А.С.Макаренко, В.А.Сухомлинский, Ш.Амонашвили және т.б. еңбектерінен көруге болады. Педагогика ғылымында жеке тұлға қалыптастыру екі түрлі астар берілді:
а) тәрбиенің жалпы міндеттерінде айқындалған, мақсатқа бағытталған педагогикалық әрекеттің құрылымы мен механиздері ретінде;
б) мұғалім тұлғасының оқушыға тікелей әсерін зерттеу (оқушы тұлғасын өзгертуге алдын - ала қойылған мақсатпен байланысты болмауы да мүмкін).
Алғашқы аспект психология - педагогика ғылымдарында (Ю.К.Бабанский, В.Ф.Баширов, А.В.Воробьев) жете зерттелініп келді. Ал екінші аспект бойынша, осы уақытқа дейін жүргізілген зерттеу жұмыстарының көпшілігінде психикалық қасиеттер жиынтықтары мен мұғалім тұлғасы сапаларының оқушыға тиімді әсер етуінің шарттарын бөліп көрсету орын алады. Тұлғаны индивидтің "сапа жүйелігі" ретінде түсіну (А.Н.Леонтьев) тұлға мәселесін, соның ішінде мұғалім тұлғасын зерттеуде жаңаша бағыттардың тууына себепші болды. Қазіргі психологияда белгілі психолог Л.С.Выготскийдің баланың жақын даму аймағын жасаушы ересектер деген қағидасы нақты орын алуда. Бала дамуындағы ересектердің маңызы туралы мұндай тұжырым білім беру үрдісінде мұғалімдердің жеке басында бірқатар өзгерістердің болуын талап етеді. Себебі, баланың жеке басының қалыптасуында ең маңызды роль атқаратын, оның тұлғасының қалыптасуына белсенді қатысушы тұлға ересек, яғни мұғалім болғандықтан, бірінші орында оның өз басына жете көңіл бөлінуі тиіс. Сондықтан, мұғалімнің жеке басына талдау жүргізуде методологиялық және теориялық көзқарастарға дұрыс сипаттама жасалуы маңызды әрекет болып табылады[5].
Психология ғылымында мұғалім тұлғасын зерттеу мақсаттары жеке тұлға мәселесін зерттеу мақсаттары жеке тұлға мәселесін шешуге бағытталған теориялық өңдеулерге негізделеді. Зерттеушілердің (В.Г.Ананьев, В.Н.Месяцева, Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, С.Л.Рубинштейн, Б.И.Теплов, Д.Н.Узнадзе) бұл мәселелерді шешу бағыттары әртүрлі, олардың бірқатары тұлғаның қайталанбас ерекшеліктеріне адамның іс-әрекетіндегі түрткілердің жан-жақты көрінісін, жеке биохимиялық қасиеттерін, әлеуметтік ролдерін, жоғары нерв жүйесі әрекетінің типтерін, келбетін, қызығушылығын, арман - мұраттарын, қабілеттерін, күшті әсерлерін, ұлттық мінез-құлық ерекшеліктерін, дүниетанымын, адамгершілік кескінін, өзіндік санасын, шығармашылық өнімдерін, қиялын, дәстүрлерін, түрлі тарихи кезеңдердегі дүниені қабылдауын, әлеуметтік топтардағы орнын, жауап қайтару жылдамдығын, ерік - жігерін, жек көру мен жақсы көруін, қысылтаяң жағдайларды бастан кешіруін, кәсіби біліктері мен дағдыларын, қылықтарын, әрекеттерін және т.б. жатқызады[6].
Оқушының жан - жақты қасиеттерінің қалыптасу үрдісінде мұғалім тұлғасының маңыздылығын міндетті түрде ескеру қажет. Әрбір балаға терең білім мен тәрбие беріп қана қоймай, әр баланың бойындағы табиғи қасиеттерін ашып, жеке тұлғаны қалыптастыру мақсаты жүктеліп отырған қоғамда, мұғалім тұлғасын жете зерттеудің төмендегідей бағыттарын жасауды қажет етеді:

Педагогтің тұлғалық сапалары

Педагогтің тұлғалық сапаларын жете бағаламау оның еңбегінің нәтижесіне кері әсерін тигізері сөзсіз. Педагогтің тұлғалық сапасы "Педагог-оқушы" қатынас жүйесінде оның әрекетінің психологиялық құрылымына әсер ететін шешуші бөліктердің біріне жатады. Педагогикада, негізінен, оқыту, тәрбиелеу және дамыту әдістеріне, сондай-оларда білік пен дағдыларды қалыптастыруға көбірек көңіл бөлінеді. Әрине, олардың мәнділігін кемітуге болмайды[7].
Бірақ, педагогтер өз әрекетінде бірдей әдістерді қолданғандығына қарамастан, бірдей нәтижелерге жете бермейтіндігі де белгілі. Оқыту әдістері педагогтің тұлғалық сапаларымен тығыз байланыста өзара әсерлесіп отырады. Мұғалімнің тұлғалық сапалары сабақта төмендегідей көрініс береді:
оқушыны тұлға ретінде қабылдау, оның табысқа жететіндігіне сендіру және мүмкіндіктерін көре білу әрі оны нығайтып отыру;
мәліметтерді қысқаша түрде беру арқылы оған әлсіз оқушының да, күшті оқушының да қол жеткізуіне мүмкіндік туғызу,
жаңа жағдайларға тез бейімделіп, сабақты оңтайлы қайта құра білу;
мейірімді, бірақ талап қоя білу;
оқушыны білім алуға жұмылдыра білу және оқуға ықыласын қолдап отыру;
оқудағы қиындықтарды алдын ала біліп, сол қиындықтарды жеңуге бағыт беріп отыру;
өз жұмысының кемшілік жақтарын көре білу, оны жойып отыруға ұмтылу.
Педагогтің сезімталдығы оқушыларда біліктерді қалыптастыру кезінде
оқушының әрбір жауабынан жақсы, айрықша нәрселерді іздеп тауып отыруынан көрінеді. Педагог әрбір оқушы бөтенге ұқсамайтын қайталанбас тұлға екендігін түсінуі тиіс. Білікті педагог оқушыны жауапкершілікке шақыруды айқайлап ұрысу, бұйрық беру немесе мораль оқу арқылы іске асырмайды. Педагогикалық әрекеттің өзара әрекеттесуші жүйесінде педагогтің тұлғалық сапаларын бірнеше топтарға бөлуге болады[8].
Бірінші топқа қиын қалыптастырылатын немесе қалыптастыру мүмкін емес жеке бастың сапалары жатады. Педагогтің екінші тұлғалық сапалары оқушымен екі арадағы психологиялық механизмдерге, ал үшіншісі -педагогикалық қабілеттің рефлексивтік деңгейіне негізделеді. Өзара қарым -қатынастың күрделі құрылымында аталып өткен топтарды шартты түрде алынған деп қарастырған жөн.
Педагогтің жеке басының тұлғалық сапаларының құрылымында болатын мына сапаларды атауға болады, оларға жан дүниесінің қағілездігі, юмор сезімінің, ішкі интуициясының болуы және оқушымен абайлап сақтықпен қарым - қатынас жасауы кіреді.
Жан дүниесінің қағілездігіне қайырымдылық, ізгілік, оқушының көңіл - күйін дөп басуы, қабілеттерін тану, оқудағы қиындықтарын көру ғана емес. Сондай - ақ оған дер кезінде көмек бере білу қабілеті де жатады.
Оқушымен абайлап сақтықпен қарым - қатына жасау сезімі оның тек мейірімділігінен ғана емес, талап қоя білуінен де байқалады.
Педагогтің юморлық сезімі оқушы тұлғасын өзін жетілдіруге рух, дем беруіне оң көңіл күйін ұстап тұра білу қабілетіне негізделеді. Бірақ, юмордың теріс жақтары болмауы тиіс. Әйтпесе ондай юмор (мысалы, мазақ ету) оқушыны кемітіп, "өлтіруі де" мүмкін. Интуиция (ішкі соқыр сезім) сезімі оқушының тек болжанған белгілі жағдайларда ғана емес, алдын ала белгілі емес тосын жағдайларда да педагогтің оқушыны басқара алуынан білінеді[9].
Оқушы мен мұғалімнің ара қатынасындағы психологиялық механизмдерге негізделген педагогтің тұлғалық сапаларының екінші тобына рефлексия, идентификация, эмпатия және децентрацияны жатқызамыз. Осы сапалардың негізіне мұғалімнің оқушының мінез-құлық, тәртібіне бейімделуі жатады. Осыған байланысты педагог оқушыларды болашағы бар немесе болашағы жоқ деп бөлуі мүмкін. Ондай педагогтердің мінез - құлығында: дөрекілік, әділетсіздік, ашуланшақтық басым болады.
Педагогтің оқушыға теріс қатынасы төменде көрсетілген белгілермен анықталады:
"жақсы" оқушыға қарағанда "жаман" оқушыға жауап беру кезінде ойлануға аз уақыт береді;
Егер дұрыс емес жауап берсе жетекші сұрақтар беріп көмектеспейді, басқа оқушыдан сұрайды немесе дұрыс жауапты өзі айтады;
"жаман" оқушыны дұрыс жауабы үшін мақтамайды;
"жаман" оқушының көтерген қолын байқамайды, берген жауабына мән бермеуге тырысады;
"жаман" оқушының көзіне көп қарамайды және оған күле қарамайды;
Тақтаға сирек шығарады, онымен мүлде жұмыс істемейді[.
Педагогтің әрбір тұлғалық сапалық қасиетінің өзіндік ерекшеліктері бар. Оларға өзіне сырт көзбен қарау (рефлексия), оқушының мәселелерін, мінез - құлығын түсіну мақсатында өзін оқушының орнына қоя білу (идентификация), әрбір оқушының эмоционалдық күйіне ене білу қабілеті (эмпатия) оқушыны бағалау кезінде өзінің эгоцентрлік бағасынан бас тартып, оқушының көзімен бағалай білу қабілеті (децентрация) жатады. Бұлардың бәрі осы өмірде пайда болатын психологиялық түзілістер.
Жұмысында талап қоя білетін, жауапкершілігі мол педагог өзінде осы сапаларды қалыптастыра алады. Педагогтің тұлғалық сапаларының үшінші тобының негізіне педагогикалық қабілеттің рефлексивтік деңгейі жатады. Психологияда тұлғаның жеке басының психикалық қасиеттері деп бір немесе бірнеше әрекет түрлерінің орындалу жағдайларын атайды. Педагогикалық қабілеттің рефлексивтік және проективтік деп аталатын екі түрі белгілі. Осы екі түрлі қабілет үзіліссіз бірге болады. Рефлексивтік деңгей мынадай тұлғалық сапалардан тұрады: нысанды (объект) сезіну, такт сезімі, әр нәрсенің шегін білу сезімі, өзінің қатысы барын сезіну, бағдарлай білу сезімі.
Нысанды сезіну педагогтің оқушыларды ең күшті эмоционалды күй туғызатын қызықты мәліметтерді таңдай білуінен көрінеді. Ондай мәліметтерге өте көп уақыт бөлмей, сабақтың 5 - 10 минутына арнаса да оқушының жадында өмір бойы сақталуы мүмкін.
Такт сезімі педагогтің төмендегідей сапаларынан көрінеді:
қатаң талап қоя білу, бірақ оқушыны мезі етіп жібермеу;
оқушыларды мадақтай білу, бірақ тым жалпылдап кетпеу;
мейірімді болу, бірақ өте иі жұмсақ болмау;
қатал болу, бірақ шектен тыс кетпеу;
өзінің қатысы барын сезіну, бірақ оқушының жауапкершілігін кемітпеу;
алдын ала оқушының эмоционалдық күйін болжай білу, бірақ қиындықтарды жеңуге бағытталған мақсатын жоққа шығармау;
оқушыны назарда ұстау, бірақ шегін білу.
Такт сезімі оқушымен байқап қатынас жасаумен тығыз байланысты. Шегін білу сезімі педагогтің оқушы тұлғасының әртүрлі әсерлерден қандай өзгерістерге ұшырайтындығын алдын ала білуге көмектеседі. Бағдарлау сезімі педагогтің оқушының жақсы жақтарына сүйеніп және оны ескере отырып оқушыны жоғарғы деңгейге көтеру әдістерін меңгеруіне мүмкіндік береді.
Проективтік деңгей дегеніміз - педагогтік әрекеттің мақсаттарына, оқу -тәрбие ақпараттарының мазмұнының композициясына, оқушы алдында беделді болу тәсілдерін меңгеруде, оқушыларды әртүрлі әрекеттерге және жақсы нәтижелерге қол жеткізуге жұмылдыруда, өз әрекетінің кемшіліктерін тауып, оны жою тәсілдерін игеру жолында сезімталдық көрсету деңгейі.
Педагогикалық қабілеттілік іштен бірге туатын дарын болып қана қоймай, өмірде де қалыптасады. Оларды кез келген педагог игере алады. Біз өнімді педагогикалық әрекеттің психологиялық құрылымына енетін педагогтің ең маңызды тұлғалық сапаларының сипаттамаларын бердік. Тәжірибелі немесе тәжірибесіз мұғалімдердің барлығына да оқушыларды оқыту, тәрбиелеу және дамытудың әдістерін таңдау емес, оқушылармен екі арада туындайтын психологиялық сипатты мәселелерді шешу әлдеқайда қиынырақ соғады[10].
Педагогтің тұрақты тұлғалық сапалары оқушылардың білімі мен тәртібінің бір қалыпты тұрақты болуына да әсер етеді. Оң кері байланыс (оқушы жауабы) оқушылардың жылдам дамығандығын, сондай - ақ ол педагогтің жоғары деңгейлі педагогикалық шеберлікке қол жеткізгендігінің айғағы болып табылады.

1.3.Мұғалім тұлғасын зерттеудің бағыттары

1. Педагогикалық әрекетті үйлестіруші -- Қоғамдағы орны мен қызметі, педагог беделін тұрақтандыру; оқушы әрекетін және өмірін ұйымдастыруда бағыттаушы; болашақ кәсіби сапаларды дамытушы; өзін - өзі бағалау, нәтижелі іс - әрекетке үйретуші; білім беруші "субъект" және "ата - ана" ретінде.
2. Педагогикалық қарым - қатынастың субъекті -- Оқу - тәрбие үрдісіндегі қарым - қатынас; қарым - қатынастағы коммуникациялық құзырлылық; субъект - субъектілік қарым - қатынастың түрлері.
3. Жантанушы ретінде -- Тұлғаны зерттеуші; түзетуші; дамытушы; кеңес беруші; ағартушы.
4. Мұғалім имиджі -- Жеке басының сүйкімділігі; киім кию үлгісі, сәнге қатынасы; сөйлеу мәдениеті, дауыс интонациясының жағымдылығы; өзін - өзі ұстауы, оқушылар мен педагогикалық ұжым арасындағы беделі.
Жоғарыда берілген зерттеу негізінде мұғалімнің тұлғасын жан - жақты анықтауға мүмкіндік береді. Қарапайым мысал ретінде түсіндірер болсақ, барша жасөспірімнің негізгі қызығушылығына айналған компьютер жүйесіндегі бір тетіктің кем болуы оның жұмыс атқару қызметін төмендетеді немесе істен шығарады. Мұғалімнің жеке тұлғасының кемшілігі болса, онда оқушылардың тәрбие ықпалына да соншалықты кері әсерін тигізеді.
Орыстың ұлы педагогі К.Ушинский "Тәрбиенің қайнар көзі тек адамның жеке басының өнегесіне негізделген. Ешқандай жарғы да, бағдарлама да, жасанды әрекетте оның орнын баса алмайды" деп текке айтпаған.
Біздің басты міндетіміз - Егеменді еліміздің жас ұрпағын ойлы да, іскер, жігерлі де, батыл, білімді, интеллектуалдық деңгейі биік, жан - жақты жетілген азамат етіп тәрбиелеу[11].
Өндірістік бәсекелестік және нарықтық қарым - қатынас, жұмыссыздық кезінде жастардың еңбек ету саласында өзінің құқығын қорғау үшін күреске даяр болу жағдайларында оларды еңбекке тәрбиелеудің жаңа үлгісін жасау мәселесі алға қойылып отыр. Еңбек тәрбиесі жолында - оны жоспарлау, ұйымдастыру, жүзеге асыру, бақылау жасау, бағалау сияқты бағыттық құрылымына оқушыларды қатыстыру көзделеді. Оқушының саяси мәдениеттілігін қалыптастыруда тұлғаның идеялық жалпы мәдениетінің түйінді өзегі деп қарастыру қажет. Мектепте оқушыларды саяси мәселелерге жан - жақты араласу мектепте ғана емес, одан тыс жердегі қоршаған шындықты жете түсінуі үшін оларды алуан түрлі қызметке қатыстыру үрдісінде қоғамдық идеяларды игеруде сындарлы сөйлесуге үйретіп, өзіндік пікір білдіруіне құрылуы керек.
Эстетикалық тәрбие мақсаты - оқушы бойына көркем - эстетикалық мәдениетті қалыптастыру, оны жоспарлау және мақсатты түрде сіңіру. Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының эстетикалық мәдениетін қалыптастырудың барынша өткір мәселесі, 1 - ден, оқушының эстетикалық санасына бұқаралық ақпарат құралдарының теріс ықпал етуінен және жалған өнердің сырттай тартымды болып көрінуінен деп айтуға болады. Экологиялық мәдениет ерекше мәнге ие. Экологиялық тәрбие мақсаты - оқушының өзін қоршаған ортада ғылыми білім, көзқарас және сенім жүйесін қалыптастыру, сол арқылы олардың қоршаған ортаға деген жауапкершілік қарым - қатынасын жан - жақты дамыту . Нағыз педагог - профессионал кең білімді, мәдениетті, ізгілікті және зиялы адал, жас ұрпақты дамыту, оқыту мен тәрбиелеудегі инновациялық бағытта жұмыс жасайтын, өзіндік мәні қалыптасқан обьективті қабылдау мүмкіндігі бар тұлға[12].

1.4.Мұғалімнің жеке басына, мамандығына қойылатын талаптар

Мұғалім еңбегі өте жауапты, әрі күрделі. Сондықтан мұғалімнің жеке басына, мамандық деңгейіне арнайы талаптар қойылады. Оның әрекетінің сипаты алдымен бағытына яғни қоғамға, өз мамандығының бағалы жақтарына сенімді болуына байланысты. Мұғалімнің басты бағыты дүниенің шындығын тану, идеялық тұрақтылық, қоғамдық-саяси белсенділік, азаматтық жауапкершілік, халық ісіне берілуі, оған әділдік.
Мұғалімнің іс- әрекеті жүйесінде кәсіптік бағыттылық жетекші орын алады. Оған баланы сұю, педагогтік жұмысқа психологиялық педагогикалық көрегендік және байқағыштық, педагогтік әдептілік, педагогтік қиял, ұйымдастырушылық, қабілет, әділдік, қарым- қатынас жасай алу, талап қоя білу, мамандыққа лайықты жұмысқа қабілеттілік, белсенділік, өз білімін көтеруге дайын болу және жаңашылдық сияқты қасиеттер жатады.
Мұғалім әрекетінің нәтижелі болуы педагогтік қабілетке де байланысты. Оның алғы шарты- кейбір адамдарда болатын нашар-тума іске жарамдылық белгі, оны тәрбиелеу, дамыту қабілеттті айқындай түседі. Нышан болмаған жағдайда да педагогтік қабілетті қалыптастыруға болады. Мұның негізі- мұғалім ізденесі. Белгілі психолог В.А.Крутецкий педагогттық қабілеттің психологиялық мәнін зерттей келіп, оны: даралық, дидактикалық, ұйымдастырушылық деп үш топқа бөлді. Даралық қабілет- мұғалімнің балаға деген ынта- ықылатынан, сенімінен, қиын жағдайда өзінің сезімін, мінез- құлқын басқара алуынан, оқушыға оқу материалын дайындап қызықты өткізуінен көрінеді. Дидактикалық қабілет- мұғалімнің өз ойын өзгелерге түсінікті, дәл жеткізуі, өтілетін тақырып материалын тиімді жоспарлауы, оқушының оқу материалын қаншалықты меңгергендігін қадағалау, өзінің даусын, қимыл- қозғалысын, бет- пішінін реттей алуы. Ұйымдастырушылық қабілет- мұғалімнің балалар ұжымын құрып, олардың мақсаты мен міндетін дұрыс белгілеп, балаларды өздігінен жұмыс жүргізуге, әр баланың дамуы мен ерекшелігін есепке алуы, психологиясын сезе білуі, оған әсер етудің тиімді тәсілдерін іріктеуі арқылы байқалады[13].
Мұғалімнің мамандық-көп еңбек етуді қажет ететін, қиындығы мол қызмет. Сондықтан мұғалім күшіне, байсалдығына, жүйке әрекетінің жұмысына арнайы талаптар қойылады. Айталық, күшті тітіркендіргіш әсеріне төзу зейінін шоғырландыра алу, әр кезде белсенді, сергек болу, жұмыс соңына дейін көңілді бұзбау, өз күшін қалпына келтіру, әр түрлі жағдайда ұстамдылық, шыдамдылық таныту, ойды жеткізудегі нақтылық, сезімталдық, істі шалт орындау, қойылған міндетті толқымай шешу, бір істен екіншіге тез көшу, қажеттілікке байланысты жұмыстарды дайындықсыз- ақ өткізуге қабілетті болу, жаңа жағдайға тез көндігу, үйлестіру және өзіндегі кемшілікті байқап, оның өзгеден орын алмауын аңғару т.б.
Мұғалім оқыту, тәрбиелеу және оқушылардың дамуы мен қалыптасуы процесін басқарады. Бұл олардың педагогика ғылымының методологиялық негізі мен категориялары, оқушы дамуы мен қалыптасуы, тәрбие мақсаты мен міндеті, әдістері мен тәсілдері, балалардың жасқа байланысты анатомиялық- физиологиялық даму ерекшеліктері, оқушыларға гигиеналық тәрбие берудің құралдары мен теориялық негіздері, бала психикасының даму заңдылықтары және баланың жас кезендеріне сай дара- психологиялық ерекшеліктері жайлы білімді, дайындықты талап етеді[14].
Мұғалім қызметінің әсерлі, тиімді және нәтижелі болуы олардың ісінде тапқырлықты, ептілікті талап етеді. Айталық, орын алған әлеуметтік- педагогикалық құбылыстың сипатына, болу себебіне талдау жасау және бағалау; оқушылардың оқу, тәрбиелік деңгейін айқындау; жеке оқушы мен ұжымның дамуын жобалау; оқу, тәрбие нәтижесін, оқушыларда боалтын қиындықтар мен қателерді болжау; нақты педагогикалық міндеттерді белгілеп, оның шешу жолдарын анықтау; оқу- тәрбие жұмыстарының дәлелденген әдістерін, құралдарын, ұйымдастыру формаларын таңдау; оқушылар әрекетін, оған педагогикалық басшылықты жоспарлау; оқушылардың тәртібін, мінез- құлқын, белсенділігін және дара психологиялық ерекшеліктерін басқару.

1.5.Мұғалім- адамтанушы мамандық

Мұғалімдік мамандық-адамтану. Егер сіз мұғалім болу жөнінде арман пайда болса, онда алдымен өзің сол жұмысқа дайынсың ба, жоқ әлде бейхабармысың, зерттей біл. Ф.М.Достоевский Өзіңнен өзіңді ізде, өзіне өзің бағын, өзіңді өзің біл- дегеніндей, бар нәрсенің өзіңе байланысты екенін ұмытпағын[15].
Нағыз тегеурінді мұғалім бойкүйез емес, ол еңбекқор. Бірде мұғалім бітіретін оқушылардан: Қандай мамандықты қалайсың? Қайда барасың? Деп сұрағанымда кейбіреуі ата- анамыз біледі? десе, бірен- сараны ғана жүректеріне қимастық асыл сезім ұялата білген ұстаздық мамандыққа қызығатынын, арман етіп ол жолды жалғастырғысы келетіндіктерін ашып айтты.
Оай болса, мұғалім мамандығы- мамандық аталуының қайнар көзі, биік тұғыры. Бұл биікке келген адамның оңай келе салуына хақысы жоқ. Чехтың ұлы педагогі Я.А.Коменскийдің Мұғалім ең жоғарғы құрметті орында, күн астында мұғалімдікке тең келер мамандық жоқ дейі сондықтан болса керек. Себебі халық үшін саналы өмірін сарп еткен, осы жолда бар мүмкіндігі келгенше сапалы іс тындырған, өз ісін өзінен кейінгілер жаңғартып та, жаңартып та қайталап жатқан адам ғана ұстаз бола алмақшы. Ұстаз сөзі-жүректің терең түкпірінен шығаратын сөз. Өмірдің өзі дәлелдеп отырғандай Ұстаз сөзі- жүректің терең түкпірінен шығатын сөз. Өмірдің өзі дәлелдеп отырғандай Ұстаз сөзінің екі түрлі сипаты бар. Бірі- шағын түсінік бойынша белгілі пәннен сабақ беретін оқытушы да, ал екіншісі - кең мағынада жоғары беделді, адамдарға ересен ықпал етуші ақылгөй, дана адам.[16] Сонымен, мектептегі ұстаз- баланың екінші ата- анасы, болашаққа айқын жоң сілтер ақылшысы. Оның мейірімге толы жүрегі шәкірт бойындағы талай ағаттықты кешіре біледі. Оның бойындағы білім мен ақыл- ойының қуаты талай тентекті жуасытып, небір еркені сабасына түсіреді, оларды саналы тәртіпке баулып, есейтеді. Сондықтан да әрбір шәірт өзіне үлгі-өнеге болған сүйікті мұғалімін- ұстазым деп атайды. Ұстаз бола білу, оны қадір тұту, қастерлеу, арындай таза ұстау- әр мұғалімнің азаматтық борышы. Ол өз мамандығын, өз пәнін, барлық шәкіртін, мектебін шексіз суюі тиіс. Ұстаздардың осыншама қадір- қасиет, құрметке бөлінуі өзін қоршаған орта мен әрбір шәкіртіне асқан сезімталдықпен, жауапкершілікпен қарым- қатынас жасауында.
Жалпы педагогика саласында, әсіресе оның басшылығында білгірлер, өз саласын жетік білетіндер істесе, інжудің құнын іздеген біледідегендей болар еді.
Мұғалімнің өзі мұғалімнің алдынан өтеді. Мұғалімдік біле білгенге дүниедегі ең қасиетті мамандық екенін ескерте отырып, осынау киелі мамандық жайлы көкейде жүргендерді да жаза кетейік. Ағылшын ақыны Джордж Герберт сонау ХҮІІІ ғасырдың өзінде Жүз ұстаздан гөрі жалғыз әке басымырақ деуі бала тәрбиелеуде әке- ұстаздың, еркек ұстаздың рөліне ерекше мән бергендігі сезіледі. Сондықтан жыл сайын жоғары педагогикалық оқу орындарына түскендер мен бітіргендер құрамына жан- жақты талдау жасай отырып, келешекте педагогикалық оқу орындарына ұстаздыққа икемі бар балаларды көптеп тартпайынша мұғалімдер қауымының сапасы қазіргісінен жоғарыламайды.
Мұғалім қандай болу керек? Мұғалімнің жеке басының үлгі- өнеге болаларлық сипатының бірі- оның асқан мейірімділігі. Мейірімділігі мұғалім балаға іштей жасауы керек. Мұғалім барынша адал болуы керектігін әсте естен шығармайық. Мына бір оқыс оқиға соңғы кездері мектептерде белең алды. Қу тіршілік мұғалімдердің ауру- сырқатын да ұмыттыра бастады. Бүгінгі науқастанып жұмысқа жарамсыз қағазын алатын мұғалім ауылда бірен- саран ғана. Себебі сол жұмысқа жарамсыз қағазына төленетін айлықты ала алмайды. Ал ілініп- салынып жүрген ауру- сырқатты мұғалім қайбір сабақ өтеді дейсіз.

Біз, мұғалімдер, балалардың әке- шешелерінің кім екеніне қарамауымыз керек. Оқымайды екен, қой екіні. Әділдіктен кетсең, өзіңді де, баланы да бұзасын. Бұдан шығар қорытынды: кешегі жалрыға бірдей міндетті орта білім беру кезіндегідей оқушыларға еңбегіне, біліміне қарамастан үш деген баға қойып, орта білім жөніндегі аттестат беріп, мұғалім беделін түсіру ешкімге ешқандай абырой әпермейді[17].

2.Мұғалімнің кәсіптік мәдениеті
2.1.Мұғалімнің кәсіптік мәртебесі және беделі

Қай заманның болсын мұғалімі ұлы Абайдың Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға дегеніндей, тәлім - тәрбие ісінен жалықпайтын, шығармашылығы мол, еңбекшіл парасатты азаматы болуы керек. Өйткені, баланы өзіне тарта алатындай шын тәлімгерлігі бар адам ғана ұстаз деген атаққа ие бола алады. Сондықтан қазіргі заман мұғалімі өз пәнінен білімді ғана болып қоймай, тарихи танымы мол, саяси- экономикалық және педагогикалық- психологиялық сауатты болуы тиіс. Сонымен бірге балаға ата- анадан кейінгі ақыл-ой, адамгершілік, эстетикалық, сана-сезімдік дене тәрбиесі мен ұлттық тәрбиені сіңіруші адам болуы шарт.
Жаңа заманның тарихын жазатын, кезінде бұрмаланған тұстарына әділ баға беретін, оның кемшін тұстарын толықтыратын бүгінгі жас ұрпақ. Сондықтан да елімізде жүріп ауқымды өзгерістердің мәнін әділ пайымдау бәрінен бұрын жастарды тәрбиелеп жатқан мына біздерге, мұғалімдерге үлкен жауапкершілік жүктейді.
Білім беру-тәрбиелеу мен оқытудың үздіксіз үрдісі екендігі заңды нәрсе. Бұл үрдестегі басты тұлға-мұғалім. Ұлы ғұламамыз А.Байтұрсынұлы ХХ ғасырдың басында Ең әуелі мектепке керегі- білімді, педагогика мен методикадан хабардар, оқыта білетін мұғалім деген екен. Өткен ғасырдың басында айтылған бұл сөз бұгінгі күні де ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушылардың тәрбиесіне ықпалын анықтау
Оқушыларды тәрбиелеудегі мұғалімнің жеке тұлғасының ықпалы
Мұғалімнің жеке және кәсіби сапалары
Мұғалім мен оқушы ынтымақтастығы
Оқушылардың тұлғалық қасиеттерінің ерекшеліктері
“Педагогикалық шеберлік” пәніне типтік оқу жоспары
Болашақ педагогтің құзіреттіліктерін қалыптастырудың педагогикалық негізі
Педагог тұлғасының кәсіби қалыптасуы мен дамуы
Мұғалімнің жеке тұлғасының оқушы тәрбиесіне ықпалы
Педагог тұлғасын қалыптастырудағы педагогикалық шеберліктің ролі
Пәндер