Меркі ірімшік зауыты ЖШС сүт өнімдерін өндіріске дайындау



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 21 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ
ҚАЗАҚ ҰЛТТЫҚ АГРАРЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
"ТЕХНОЛОГИЯ ЖӘНЕ БИОРЕСУРСТАР" ФАКУЛЬТЕТІ
"ТАҒАМ ӨНІМДЕРІНІҢ ТЕХНОЛОГИЯСЫ ЖӘНЕ ҚАУІПСІЗДІГІ" КАФЕДРАСЫ

БЕКІТЕМІН
"Технология және биоресурстар"
факультетінің деканы
_______________Б.Буралхиев
"____" ______________2019ж

ӨНДІРІСТІК ПРАКТИКА ЕСЕБІ
ТПРПТПТтттттттП-209к студенті Шолпанбай Жанна

Практика жетекшісі: Джанкуразов Б.О
Өндірістегі практика жетекшісі: Голенцева Л.А

Алматы, 2019

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3
Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...4
Меркі ірімшік зауыты ЖШС жалпы сипаттамасы ... ... ... ... ... ... ... 3
Меркі ірімшік зауыты ЖШС сүт өнімдерін өндіріске дайындау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7-13
Ірімшік өнімінің жасалу технологиясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 14-18
Cүт өнімдеріне қойылатын санитарлық және технологиялық талаптар ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .19-23
Өндіріске қолданылатын негізгі құралдар мен жабдықтар ... ... ... ... ... ... 23 -30
Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 24
Қолданылған әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 25

Кіріспе
Мен Шолпанбай Жанна , 5В072800 Қайта өңдеу өндірістерінің технологиясы мамандығының 2-курс студенті Жамбыл облысы, Меркі ауданы Меркі ірімшік зауыты сүт өнімдері ЖШС сүт және сүттен жасалатын өнімдерін өндіретін кәсіпорында өндірістік практикадан өттім
Өндірістік практиканың мақсаты мен мідеттері
Практаканың мақсаты: Сүт және сүттен жасалатын өнімдеріне қажетті шикізаттарды талдап сүт өнімдерін өндіру технологиясымен танысу. Сүт және сүттен жасалатын өнімдерінің және олардың ассортименттерін дайындау барысындағы технологиялық жабдықтарымен толықтай танысып, оларды практикада қолдану
Жұмыс принциптерін жеке-жеке талдау жасау
Практиканың басты міндеттері:
1.Сүт өнімдерін өндіру технологиясын толықтай зерттеу
2. Меркі ірімшік зауытында орналасқан жабдықтармен танысып, олардың жұмыс істеу принципін игеру
3.Ірімшік өндіретін технологиялық жабдықтарға қойылатын талаптарды игеру
4.Дайын өнімдердің тағамдық құндылықтары мен сапасын анықтау
5.Тәжірибе жүзінде ойлау қабілетін қалыптастыру, кәсіптік біліктілікті арттыру, жоспарлау және жүзеге асыру.

Негізгі бөлім

Кәсіпорындағы техникалық қауіпсіздік ережелері және еңбек қауіпсіздігі
1. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекітудің осы Ережесі (бұдан әрі - Ереже) "Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау туралы" Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес әзірленді және ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты әзірлеу және бекітудің тәртібін белгілейді.2. Ұйымдағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық - жұмыс берушінің өндірістік орындарда, кәсіпорын аумағында, құрылыс алаңдарында, көлік құралдарында және ұйымның осы жұмыстар жүргізілетін немесе қызмет міндеттері орындалатын өзге де орындарында жұмыстар атқару кезінде еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғау саласында заңдардың қолданылуын нақтылайтын актісі.3. Еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулықты (бұдан әрі - Нұсқаулық) әзірлеуді жұмыс беруші учаскедегі, цехтағы, қызметтегі, зертханадағы әрбір кәсіп үшін тұтастай сияқты, жұмыстың жекелеген түрлері (биіктіктегі жұмыс, сынақтар мен т.б.) мен еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау қызметі үшін немесе еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі маман (бұдан әрі - жауапты тұлға) жасайтын тізбеге сәйкес жұмыс орындарына арнап ұйымның мүдделі құрылымдық бөлімшелер мен қызметкерлер өкілдерінің қатысуымен жүзеге асырады. Сондай-ақ, нұсқаулықтарды әзірлеуді жұмыс берушінің (ұйымның) тапсырысы бойынша шарт негізінде еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау саласындағы ғылыми мекемелердің мамандары жүзеге асыра алады.4. Тізбе жұмыстардың, кәсіптер мен жұмысшылардың бірыңғай тарифтік-біліктілік анықтамалығы мен қызметшілер лауазымдарының біліктілік анықтамалығын ескере отырып бекітілген ұйымның штат кестесі негізінде жасалады. Жасалған тізбені басшы немесе өзге де лауазымды адам бекітеді және ұйымның құрылымдық бөлімшелеріне таратылады.5. Нұсқаулықтар, жабдықты жасаушы-зауыттың пайдалану және жөндеу құжаттамаларында, сондай-ақ кәсіпорынның технологиялық құжаттамаларында жазылған қауіпсіздік талаптары мен өндіріс жағдайларын ескере отырып, Қазақстан Республикасының нормативтік құқықтық актілерінің және еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау жөніндегі салалық нормативтердің негізінде әзірленеді.6. Жаңа өндірістерді, технологияларды немесе жабдықтарды пайдалануға беру үшін мемлекеттік қабылдау комиссиясы объектіні қабылдап алғанға дейінгі мерзімге уақытша нұсқаулықтар әзірлеуге және қолдануға жол беріледі. Уақытша нұсқаулықтар технологиялық процестердің (жұмыстардың) қауіпсіз жүргізілуін және жабдықты қауіпсіз пайдаланылуын қамтамасыз етуі тиіс. Уақытша нұсқаулықтарды әзірлеу осы Ережеде белгіленген тәртіппен жүзеге асырылады.7. Әрбір нұсқаулыққа тиісті атау берілуі тиіс. Атауында қандай кәсіп немесе жұмыс түріне арналғаны қысқаша көрсету керек, мәселен: "Газбен дәнекерлеушіге арналған еңбек және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық", "Биіктікте жұмыс орындау кезіндегі еңбек және еңбекті қорғау жөніндегі нұсқаулық" және тағы басқалары.8. Нұсқаулықта технологиялық процестің қысқаша сипаттамасы беріледі және қауіпсіз еңбекті ұйымдастыру мәселелерін жан-жақты қамтиды.10. Нұсқаулық талаптары осы жұмыс орындалатын жағдайларды ескере отырып, технологиялық процесс ретіне сәйкес: 1) еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жалпы талаптары; 2) жұмыс алдындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары; 3) жұмыс уақыты кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары; 4) авариялық жағдайлардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары; 5) жұмыс соңындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары жазылуы тиіс.9. "Еңбек қауіпсіздігі мен еңбекті қорғаудың жалпы талаптары" бөлімінде: 1) адамдарды кәсібі бойынша дербес жұмысқа немесе тиісті жұмысты атқаруға (жасы, жынысы, денсаулық жағдайы, нұсқаудан өткізу) жіберудің шарттары; 2) ішкі тәртіп ережелерін сақтау қажеттігі туралы нұсқаулар; 3) еңбек және демалыс режимін орындау жөніндегі талаптар; 4) қызметкерге әсер ететін қауіпті және зиянды өндірістік факторлардың сипаттамалары; 5) мемлекеттік, салалық стандарттар мен олардың техникалық жағдайлары көрсетілген, арнаулы киім, арнаулы аяқкиім мен басқа да қорғану заттарын берудің осы кәсіпке арналған нормалары; 6) өрт және жарылыс қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі талаптар; 7) қызметкер білуі және жұмысты орындау кезінде сақтауға тиісті жеке гигиена ережесі көрсетіледі.10. "Жұмыс алдындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары" бөлімінде: 1) жұмыс орнын, жеке қорғану заттарын дайындау тәртібі; 2) жабдықтың, тетіктер мен құралдың, қоршаудың, дабылдатқыштың, оқшауланған және басқа да құрылғылардың, жерге қосылған қорғау сымының, желдеткіштің, жергілікті жарықтың және т.б. дұрыстығын тексерудің тәртібі; 3) бастапқы материалдардың (дайындамалардың, жартылай фабрикаттардың) болуын және олардың жай-күйін тексерудің тәртібі; 4) үздіксіз жұмыс жағдайында ауысымды қабылдап алудың тәртібі; 5) өндірістік санитария талаптары жазылуы тиіс.11. "Жұмыс уақыты кезіндегі еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары" бөлімінде: 1) жұмысты қауіпсіз орындаудың тәсілдері мен жолдары, технологиялық жабдықты, тетіктер мен құралдарды пайдалану ережелері; 2) бастапқы материалдармен (шикізат, дайындамалар, жартылай фабрикаттар) қауіпсіз жұмыс істеу ережелері; 3) көлік құралдарын, бос ыдыстар мен жүк көтеру механизмдерін қауіпсіз пайдалану ережелері; 4) жұмыс орнын қауіпсіздік жағдайында ұстау жөніндегі нұсқаулар; 5) нормативтік технологиялық режимнен ауытқудың негізгі түрлері және оларды жою әдістері; 6) авариялық жағдайларды болдырмауға бағытталған әрекеттер; 7) қызметкерлердің қорғану заттарын пайдалануына қойылатын талаптар жазылуы тиіс.12. "Авариялық жағдайлардағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары" бөлімінде: 1) келеңсіз салдарларға әкеп соғуы мүмкін авариялар мен жағдайлар басталған кездегі қызметкерлердің іс-әрекеттері; 2) жарақаттану, улану және кенеттен ауыру кезінде зардап шегушілерге медициналық жәрдем көрсету жөніндегі іс-әрекеттер; 3) қызметкердің жарақаттануы және жабдықтың, тетіктің және құралдың ақаулы болуы жағдайлары туралы ұйымның әкімшілігін хабардар етудің тәртібі жазылуы тиіс.13. "Жұмыс соңындағы еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау талаптары" бөлімінде: 1) жабдықты, тетіктерді, машиналарды, механизмдер мен аппаратураларды қауіпсіз ажыратудың, тоқтатудың, бөлшектеудің, тазалаудың және майлаудың тәртібі, ал үздіксіз процесс кезінде - олардың ауысым бойынша тапсырудың тәртібі; 2) жұмыс орнын өткізудің тәртібі; 3) өндіріс қалдықтарын жинаудың тәртібі; 4) жеке гигиена мен өндірістік санитарияны сақтау талаптары; 5) жұмыс уақытында анықталған барлық кемшіліктер туралы басшыны хабардар ету тәртібі жазылуы тиіс.

2.1 Меркі ірімшік зауыты ЖШС жалпы сипаттамасы
Меркі ірімшік зауытының негізі - 1936 жылы құрылған. Ол ауылшаруашылық өнімдерін оның ішінде сүт өнімдерін өндіретін аудандағы алып кәсіпорындардың бірі.
Алғашқыда зауыт ғимараты арнайы белгіленген үйлерде орналасты. 1954 жылы Меркі ауданында тәулігіне 40 тонна сүт өндіретін алып жаңа ірімшік зауыты салынды. 1970-1980 жылдар арасында зауыт 800 тонна сүт 800 тоннадан 1200 тоннаға дейін ірімшік жылына 40-60 тоннаға дейін май өндірді.
Меркілік ірімшік зауытының аты біздің ауданымыздан тыс басқа да аймақтарға тарай бастады, бұны сол жылдардағы көптеген көрмелерге қатысқандағы туралы марапат қағаздары дәлелдейді. Қайта ұйымдастыру жылдарында біздің өндірістік кәсіпорын белгілі себептерге байланысты көптеген қиындықтарды бастан өткізді. Кәсіпорын бір кездері тығырыққа келіп тірелді, яғни мемлекет алдындағы қарыздар тағы басқалар, сондай-ақ шикізаттың әкелуі бұзылып, өнімді өткізуде көпшілік қиындықтарға тап болды. 1977 жылдың аяғында зауыт ААҚ Меркі ірімшік зауыты болып аталып, ауданда сондай-ақ облыс деңгейінде алдынғы қатарлы кәсіпорындардың біріне айналып отыр. Қазіргі кезде кәсіпорынның басшылығында - Айтуленов Дастан атты азамат. Бүгінгі таңдағы күрделі экономикалық өмірдің ағымына сіңіп кету үшін ол өз кезегінде кездейсоқ шешімдер шығарып, оның қарқынды дамуы мен өндірілетін өнімнің өсуіне әкеліп отыр. Қазіргі таңда зауыт Костромдық, Голландық, Ресейлік, Меркілік, Ойталдық ірімшіктерін сондай-ақ, ерітілген Янтарь айран, қаймақ, ірімшік, шаруа майын және тағы басқа, сүт тағамдарын шығарады. Кәсіпорын сәтті жұмыс істеуі үшін, оны қажетті мөлшерде жоғары дәрежелі шикізатпен қамтамасыз ету керек. Сондықтан бұл араға ең бірінші орынға сүт тапсырушылармен жұмыс істеу жоспары шығады. Шикізаттың тапсырылуы және онымен дер кезінде есептесу кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуінің кепілі болып табылады. Қазіргі кезде сүт тек қана Меркі ауданынан емес, сонымен қатар Т. Рысқұлов, Қырғызстан Республикасынан, Ұлан өңірінен, Жуалы аудандарынан және тағы басқа көптеген аймақтарынан тапсырылады. Бүгінгі таңда зауытта шамамен 120 адам тұрақты қызмет атқарады. Негізгі мамандар үлкен жұмыс өтілі бар біліктілігі жоғары деңгейдегі қызметкерлер. Осыған байланысты мамандардың көп уақыты өндірілетін өнімнің сапасын арттыруға арналған. Осы мақсатта 2004 жылы ірімшік өндіретін бөлімшелердің іші-сырты күрделі жөндеуден өтіп, жаңа пластикалық әйнектермен жасалған есік, терезелер орналастырылады, құбырлардың техникалық қайта салынуы жүргізілді.
Сонымен қатар өндірілетін өнімнің сапасының жоғары деңгейге жетуінің тағы бір себебі ол өндірісте ешбір химиялық және өзгеде қосындыларсыз тек қана экологиялық таза өнімді пайдалану болып табылады. Сондықтан, рынокта өнімге деген сұраныс өсуде, оның ішінде Қарағанды, Астана, Алматы, Тараз, Байқоныр қалаларын мысалға келтірсек болады. Талмай-қажымай атқарған жұмыстың нәтижесі өндіріліп жатқан өнімнің сапасының артуына септігін тигізді. 2005 жылы Food Экспо - 2005 атты халықаралық көрмеде алты бірдей алқамен және жоғарғы сапалы Костромдық, Янтарь, айран, қаймақ, ірімшік өнімдері атты дипломды иеленді. Осы тектес жәрмеңкелер мен көрмелерге қатысудың нәтижесінде көпшілік компаниялар мен фирмалар бізді танып, одан әрі бізбен қатынасуға ерік білдірді. 2005 жылы зауыт халықаралық сапа стандарттарды енгізуді айқындайды. Соған сәйкес халықаралық тәуелсіз сарапшыларды шақырды, ал олар өз кезегінде барлық сапа көрсеткіштерін түпкілікті тексеріп, ірімшік өндірісін халықаралық деңгейге шығаруды растайтын USO-9001-2000 атты сертификатымен куәландырды.
Яғни, бұл халықаралық нарықта сауда жасауға толық құқықтарға ие екенімізді растайтын куәлік USO сертификаты біздің мақсатымыздың орындалуының алғы шарты еді.
Зауытта жұмысшылардың кәсіптік біліктілігін арттыруға байланысты аттестациялар жүргізіліп отырады және өзінің біліктілігін шет елдерде арттыруға мүмкіншіліктері бар.
Зауыт басшылығы аудандағы ең бірінші болып жалақыны көтеріп, ай сайынғы жалақының үстінен берілетін сыйақының мөлшерін белгіледі. Зауыттың аумағында асхана жұмыс жасайды.
Онда зауыт жұмысшыларына қандай болмысын тағам 50% жеңілдікпен беріледі. Жыл сайын жұмысшылардың балаларын жазғы демалыстарда Тараз, Бішкек қалаларына, оның ішінде аквопарктерге кәсіпорынның қаражаты есебінен жіберіп отырады. Келесі кезекте дене сауықтыру шаралары тұр. Қазір Меркі ірімшік зауытында барлық жарыстарда зауыттың атын қорғап жүрген өзіміздің команда бар. Құлмағамбетов Мұраттың бастамашылығындағы командасын мақтанышпен айта аламыз.
Зауыттың тарихына және жұмысына өте үлкен үлестерін қосқан аяулы да ардақты ардагерлеріміздің құрметіне жыл сайынғы қарттар күні мерекесінде ардагерлерге үлкен дастархан жайылып, арнаулы сыйлықтар беріліп тұрады. Қазіргі таңдағы Меркі ірімшік зауытының қол жеткізген табыстарын оның президенті Айтуленов Дастан мырзамен байланыстыруға болады.
Биыл сүт шекерн шығаратын өндіріс цехын іске қостық. Сүт шекері тамақ өнеркәсібіне кеңінен қолданылады (балалар тағамдары, сусындар, дәрі-дәрмек жасау үшін). Лактоза өндірудің жылдық көлемін 50 тоннаға жеткізіп, 15 жұмыс орнын ашу жоспарланып отыр.
Қазіргі кездегі зауыттың алдында тұрған көкейкесті мақсаттарының бірі - қазіргі заманның талаптарына сай келетін жаңа құрал-жабдықтарды лизинг тәртібімен алу. Сондықтан бүгінгі таңда осындай мақсаттарға жету үшін Меркі ірімшік зауытының ұжымы талмай қызмет етуде.
1-сурет. Ірімшік өнімін қаптау барысында

2.2 Меркі ірімшік зауыты ЖШС сүт өнімдерін өндіріске дайындау
Сүт тағамдары - сүттен дайындалатын әр түрлі өнімдер. Оларды дайындау кезінде сүттің сақталу мерзімін ұзарту және оның құрамындағы пайдалы заттар мен жұғымдылық сапасын сақтау мақсаты да көзделеді. Сары май және ірімшік, сүт консервілерін (қойытылған сүт, т.б.), ашытылған сүт (айран, қатық, құрт, қымыз, сүзбе, шұбат, т.б.) дайындау ісі ертеден белгілі.
Сүт және сүт өнімдерінің түрлері. Сүт және қышқыл сүт өнімдеріне: сүт, қымыз, шұбат, құрт, айран және қаймақ т.б. жатады.* Сүт. Сапасы мен дәмі оның майлылығымен анықталады. Майы көп болған сайын, оның дәмі де жақсы болып, құнарлылығы да артады.* Қымыз. Бие сүтінен жасалатын қышқыл диеталық сусын. Антибиотикалық (туберкулезге қарсы) заттың қалыптасуына сеп болады.* Шұбат. Түйе сүтінен жасайды. Ол қымызға қарағанда қоюырақ және және майлырақ болады, жақсы сақталады, өзінің емдік сапасын ұзақ уақыт бойы жоғалтпайды.* Құрт. Сүтті ашытып, сосын ұзақ уақыт араластырып, сұйықтықтың айтарлықтай бөлігі қайнап суалғанша қайнату арқылы жасалады.* Айран. Бір литр сүтке ашытқы ретінде қатық, айран немесе қаймақты пайдалану арқылы жасалады. Сүтті әбден қайнатып, бөлме температурасына дейін салқындату қажет, дайындалған ашытқына қосып, сосын шыны немесе керамикалық ыдысқа құю керек. Әбден ұюы үшін бес-алты сағатқа қою қажет.* Қаймақ. Зарарсыздандырылған кілегейден алынады, қышқыл сүт бактерияларының таза дақылдарынан ашытылып, 18-20° С температурада 3 сағат бойы ашытылады. Алынған қаймақ 2-6° С температураға бір тәулік қойылады.

2-сурет. Өндіріс технологінің өндіріс жабдықтарымен таныстырды

3-сурет. Өндірістен шығарылатын өнім

Сүт өнімін өндіру технологиясы

Сүт және сүт өнімдерін дайындау және сатумен айналысу үшін үй-жай қажет. Ол қажетті деңгейде жарық, микроклиматпен қамтамасыз етілуі тиіс. Жұмыс орнында (ауада) зиянды заттар құрамы санитарлық және гигиеналық нормативтерде бекітілген шектен асып кетпеуі керек.
Сүт өнімдерін дайындаудағы басты технологиялық ерекшелік - сүт қышқылы бактериялары немесе ашытқы дақылдарын пайдалану арқылы іске асады. Алдымен сүтті қайнатады. Содан кейін суытады (30-45° С) және ауқымына қарай 3-5% ашытқы салады. Сүтті қажетті ыдысқа құйып, (стақанға, банкіге, шөлмекке және т.б.) және ұю пайда болғанға дейін термостатқа қояды.

4-сурет. Өндірістегі жұмысшылардың өнімді таныстыруы

Ашыту аяқталғаннан кейін сүт өнімін тоңазытқыш камерада 6+-2° С жоғары болмайтын температурада сақтайды. Бұл уақыт аралығында өнім тығыз біркелкі консистенцияға келеді. Сүт өнімдерін суытқаннан кейін белгілі бір уақыт тоңазытқыш камераларда жетілуі үшін сақтайды. Сүт өнімдерін 80° С жоғары болмайтын температурада сақтау қажет. Аса жоғары температурада сақтау олардың қышқылдығының артуына, іркіттің бөлінуіне, сапасының төмендеуіне және бұзылуына әкеп соғады. Міндетті түрде жабық ыдыста сақтау қажет. Біріншіден, бұл ұзақ уақыт сақтауға жәрдемдеседі, екіншіден, жабық ыдыстағы өнім тоңазытқыштағы басқа да заттардың түрлі иістерін өзіне сіңірмейтін болады.
Сүтті алғашқы өңдеу бұл сүтті өңдеудің күрделі процесстерінің алғашқы стадиясы болып табылады. Сүтті алғашқы өңдеу фермада немесе қабылдау пункттерінде жүргізіледі. Мұндағы негізгі технологиялық операциялар - сүтті жинау, тасымалдау, қабылдау, сапасын бақылау және көлемін анықтау, тазалау, мұздату және сүтті сақтау.
Жоғары сапалы сүтпен қамтамасыз ету кезінде сүтті жинау мен тасымалдау жұмыстарын дұрыс жолға қою басты жұмыс болып табылады. Сүтті өңдеу орындарына сүт арнайы транспортпен жеткізіледі. Транспорт таза және оның арнайы санитарлық паспорты болуы керек. Оның жарамдылығы 6 ай. Тасымалданатын сүттің қышқылдылығы 19оТ, температурасы 8оС аспауы керек.

5-сурет. Өндірістен шығарылатын өнім түрлері

Сүт зауытында сүтті қабылдау.

Сүт өңдейтін кәсіпорындарда сүтті салмағына (кг) немесе көлеміне (мз) арнайы қабылдау орындарында қабылдайды. Сүтті қабылдау кезінде ыдысына, оның тазалығына, пломбының саулығына көңіл аударады. Содан кейін сүттің исіне, температурасына, оның сапасын анықтау үшін сынама алады.
Сүтті сүт зауытына арнайы транспорттармен жеткізеді: автокөлік, теміржолмен, су асты жолымен. Транспорт ретінде рефрижеторларды, сүт цистерналары мен жылуоқшауландырғыш бар машиналарды қолданады. Сүт пен кілегейді зауытқа флягтармен жеткізуге болады.
Сүт тасымалдауға арналған автомолцистерналар алюминнен және тот баспайтын болаттан жасалады және бір, екі немесе төрт секциядан тұрады. Сүтті тасымалдау кезінде сүт жылып кетпес үшін цистернаның сырты жылуоқшауландырғыш ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорынның өндірістік бағдарламасын қалыптастыру
Маркетингтің негізгі концепциялары
Ірімшік жасайтын қондырғылар
Сүтті салқындату қондырғысы
Кластерлік жүйе
«Ақсай» нан комбинаты
Агроөнеркәсіптік кешеннің құрамы
Қостанай облысының азық – түлік өнеркәсібіндегі «Новый день» сүт зауытының алатын орнын анықтау
«Алтын сапа» сапа деңгейі
Кәсіпорынның бәсеке қабілеттілігі
Пәндер