Жауаптылыққа қабілеттілік қылмыстық жауаптылықтың жағдайы ретінде


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 36 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан Республикасының білім және ғылым министрлігі

Жетісу Әлеуметтік - гуманитарлық колледжі

Курстық жұмыс

Пән: Қылмыстық құқық

Тақырып: Қылмыс құрамы

Орындаған:321 топ оқушысы Оңғарбекова Д. А

«Құқықтану» мамандығы 0201000

Тексерген: ЗП-ның оқытушысы Рахатова. К. О

Талдықорған, 2019ж

Мазмұны

1. Кіріспе . . . 4

1. Қылмыс құрамы . . . 5

1. 1. Қылмыс құрамының ұғымы мен маңызы . . . 8

1. 2. Қылмыс құрамының түрлері . . . 10

1. 3. Қылмыс құрамы және қылмысты дәрежелеу . . . 12

1. 4. Қылмыс объектісі туралы түсінік және оның мәні . . . 15

2. Негізгі бөлім

2. 1. Қылмыстың заты . . . 17

2. 2. Қоғамға қауіпті іс-әрекеті . . . 20

2. 3. Қылмыстың субъективтік және объективтік жағы . . . 25

2. 4. Жауаптылыққа қабілеттілік қылмыстық жауаптылықтың жағдайы ретінде. Жауаптылыққа қабілетсіздік ұғымы . . . 31

2. 5. Қылмыстық жауаптылық . . . 33

3. Қорытынды . . . 35

4. Қолданылған әдебиеттер . . . 36

Кіріспе

Жұмыстың өзектілігі - Қазақстан Республикасының жаңа Қылмыстық кодексі Қазақстан Республикасы конституциясының және халықаралық құқықтың жалпы жұрт таныған принципттері мен нормаларына негізделген. Қылмыстық құқық пәнінің Жалпы бөлімінің «Қылмыс құрамы» курсын оқу барысында болашақ заңгерлер жеке адамдардың әрекетінде немесе әрекетсіздігінде қылмыстың нақты құрамының барын анықтауды, қылмысты дұрыс саралауды, іс-әрекетте құқыққа қайшы және қоғамға зиянды мән-жайлардың бар немесе жоқ екендігін дұрыс белгілеуді, кінәліге жаза тағайындауды қолданып жүрген қылмыстық заңға сәйкес қолдануды, бұл жерде іс-әрекеттің қоғамға қауіптілігінің мәнін және дәрежесін, кінәлінің жеке тұлғасын, жауаптылықты жеңілдететін және ауырлататын мән-жайларды ескере отырып қолдануды, сол сияқты адамды қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босатудың заңда көрсетілген негіздері мен шарттарын нақты, терең біліп үйренеді.

Қылмыс құрамын терең оқып меңгеру болашақ заңгерлер үшін заңдылық қағидасын берік сақтаудың, оны іс жүзіне асырудың кепілі болары сөзсіз.

Жұмыстың мақсаты - зиянды әрекет жасағанда субъектінің қол жеткізуге ұмтылатын нөрсесі. Қылмыстың себебі сияқты қылмыстың мақсаты да адамның қылмыс жасауына байланысты оның санасында болатын субъективтік процесті сипаттайды. Яғни, мақсат қылмыстың қоғамға қауіптілік өлшемін көрсетеді, бұл жазаға міндетті түрде ықпал жасауға тиіс.

ҚК-тің кейбір баптарында мақсат қылмыс құрамының міндетті нышаны ретінде көзделген. Бұл дегеніміз - занда көрсетілген мақсатпен жасалған әрекеттер ғана қылмыстың осы құрамына жатады деген сөз. Мысалы, диверсия (ҚК-тің 171 бабы) Қазақстан Республикасының қауіпсіздігі мен қорғаныс қабілетіне нұқсан келтіру мақсатында, қарақшылық (ҚК-тің 179 бабы) - бөтеннің мүлкін иемдену мақсатында жасалынады. Бөтеннің мүлкін ұрлаудың қайсысы болса да пайда көру үшін жасалынады. Қылмыстың кейбір құрамдарында мақсат қылмыстың саралаушы нышаны ретінде қарастырылады. Мысалы, басқа қылмысты жасыру немесе оны жасауды жеңілдету мақсатымен, жәбірленушінің мүшелерін немесе тінін пайдалану мақсатымен қасақана адам өлтіру (ҚР ҚК-тің 96 бабының «к», «м» тармақтары), есірткі заттарды немесе жүйкеге әсер ететін заттарды сату мақсатында заңсыз сатып алу, сақтау (ҚК-тің 259 бабының 2 бөлігі) .

Мақсат әрбір қылмыста емес, тек тікелей ниетпен жасалатын қылмыстарда ғана болуы мүмкін. Жанама ниетпен немесе абайсызда жасаған қылмыстың қылмыстық құрамының нышанында мақсат болмайды, себебі кінәнің бұл нысандарында қылмыскер зардаптардың болуын қаламайды.

Қылмыс жасаудағы мақсаттың дұрыстап басын ашу ниеттің мазмұнын жөне бағыттылығын анықтауға көмектеседі. Мысалы, төбелес кезінде пышақжарақатын салуды, көп жағдайларда, қасақана жасалған әрекет деп санайды. Бірақ бұл әрекетті дұрыс саралау үшін ниетті факт ретінде көрсете салу жеткіліксіз, себебі пышакден жарақат салудағы мақсатқа байланысты бұл әрекет бұзақылық, дене жарақатын қасақана салу немесе өлтіруге оқталғандық ретінде саралануы мүмкін.

Жұмыстың міндеті - Қазақстан Республикасының қылмыстық кодексiнiң 2-бабына сəйкес қылмыстық заңның мiндеттерi болып:

1. Адам мен азаматтың құқықтарын, бостандықтары мен заңды мүдделерiн, меншiктi, ұйымдардың құқықтары мен заңды мүдделерiн, қоғамдық тəртiп пен қауiпсiздiктi, қоршаған ортаны, Қазақстан Республикасының конституциялық құрылысы мен аумақтық тұтастығын, қоғам мен мемлекеттiң заңмен қорғалатын мүдделерiн қылмыстық қол сұғушылықтан қорғау, бейбiтшiлiк пен адамзаттың қауiпсiздiгiн қорғау, сондай-ақ қылмыстың алдын алу болып табылады.

2. Бұл мiндеттердi жүзеге асыру үшiн Осы Кодексте қыл мыстық жауаптылық негiздерi белгiленедi, жеке адам, қоғам немесе мемлекет үшiн қауiптi қандай əрекеттер қылмыс болып табылатыны айқындалады, оларды жасағаны үшiн жазалар мен өзге де қылмыстық құқықтық ықпал ету шаралары белгiленедi делiнген.

Қылмыстық заң тек Қылмыстық Кодекстен тұрады. Өзге заңдар қылмыстық кодекске енгізілгеннен кейін ғана заң ретінде қолданылады.

Көрiп отырғанымыздай, қылмыстық заң алдына екi үлкен мiндет қояды.

Бiрiншi мiндет - адамды, қоғам мен мемлекеттiң мүдделерiн, сонымен бiрге адамзат пен бейбiтшiлiктi қорғау мақсатында қылмыстылықпен қылмыстық - құқықтық күрес жүргiзу.

Екiншi мiндет - қылмыстардың алдын алу. Ол жалпы жəне жеке (арнайы) алдын алуды қамтиды.

1. Қылмыс құрамы

Қылмыс құрамы дегеніміз - әрекеттің қылмыс ретінде қоғамға қауіптілігін сипаттайтын объективтік және субъективтік белгілердің жиынтығы. Қылмыс құрамының элементтері- объектісі, суъбектісі, объективті жағы, субъективті жағы. Қылмыс объектісі- қылмыс бағытталған және қылмыстық заңмен қорғалатын қоғамдық қатынастар. Қылмыс субъектісі- қылмыс істеген адам . Қылмыс суъбектісі болып тек 16 жасқа толған, ақыл - есі дұрыс адам бола алады. Кейбір ауыр қылмыстар үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады. Қылмыстың объективті жағы қылмыстың сыртқы жағын бейнелейді . Қылмыстың объективті жағына жататын элементтер, қылмыскердің қоғамға қауіпті іс- әрекеті немесе әрекетсіздігі, сол іс- әрекет немесе әрекетсіздіктен туындаған қоғамға қауіпті нәтиже, іс- әрекет немесе әрекетсіздік және одан туған қоғамға қауіпті нәтиже арасында себепті байланыс, тағы басқа қылмыстың сыртқы жағын сипаттайтын белгілер ( қылмыстың жасалу орны, уақыты, құралдары т. б) . Қылмыстың субъективті жағына қылмыстың ішкі жағы жатады . Қылмыстың суъбективті жағына адамның істеген қоғамға қауіпті іс-әрекеті немесе әрекетсіздігіне және одан туындайтын қауіпті нәтижеге психикалық қатнасы. Қылмыстың суъбективті жағының элементтері: кінә, ниет (мотив), мақсат. Кінә екі нысанада көрінеді, қасақана және абайсызда жасалған қылмыстар. Қасақана кінәнің өзі тиісінше, тікелей қасақаналық және жанама қасақаналық болып бөлінеді. Тікелей қасақаналық дегеніміз адам өз әрекетінің қоғамға қауіптілігін ұғынып, оның қоғамға қауіпті зардаптарының болуының мүмкіндігін немесе болмай қоймайтындығының алдын ала біліп және осы зардаптардың тікелей тілеп жасауы. Жанама қасақаналық кезінде адам өз әрекетінің қоғамға қауіптілігін ұғынып, оның қоғамға қауіптілігін ұғынып, оның қоғамға қауіпті зардаптарының болу мүмкіндігін біліп, оны тікелей қаламаса да оған саналы түрде жол береді немесе немқұрайлы қарайды . Абайсыздық екіге бөлінеді, менмендік және немқұрайлылық. Егер адам- өз әрекетінің қоғамға қауіп туғызу мүмкіндігін білсе, бірақ бұл зардаптарды жеткілікті негіздерді жеңілтектікпен болғызбау мүмкіндігіне сенсе, қылмыс менмендікпен жасалды деп танылды. Егер адам өз әрекетінің қоғамдық қауіпті зардаптарының болуын болжап білмесе, бірақ қажетті ұқыптылық пен сақтылық болғанда ол бұл зардаптарды болжап біле алатын болса, қылмыс немқұрайлылықпен жасалған болып танылады. Қылмыс ниеті(мотиві) -суъбектінің қылмыс жасау кезінде басшылықа алған ішкі ниеті, қозғаушы күші. Қылмыс мақсаты-субъект қылмыс жасай отырып ұмтылған нәтиже. Қылмысты жасау сатылары: қылмысқа дайындалу, қылмысқа оқталу, аяқталған қылмыс. Қылмысқа дайындалу тікелей ниетпен қылмыс құралдарын немесе қаруларын іздестіру, әзірлеу, бейімдеп жасау, қылмысқа қатысушыларды іздестіру, қылмыс жасауға келісу немесе қылмыс жасау үшін өзгеде қасақана жағдайлар жасауды айтамыз. Қылмысқа қатысу деп- екі немесе одан да көп адамның қасақана қылмыс жасауға бірлесіп қатысуын айтамыз . Қылмысқа қатысушылардың түрлері:қылмысты орындаушы, ұйымдастырушы айдап салушы, көмектесуші. 1) Қылмысты тікелей жасаған немесе оны жасауға басқа адамдармен (қоса орындаушылармен) бірге тікелей қатысқан адам қылмысты орындаушы деп танылады . 2) Қылмыс жасауды ұйымдастырған немесе оның орындалуына басшылық еткен адам, сондай-ақ ұйымдасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдастық құрған не оларға басшылық еткен адам, сондай-ақ ұйымасқан қылмыстық топ немесе қылмыстық қауымдыстық құрған не оларға басшылық еткен адам ұйымдастырушы деп танылады. 3) Басқа адамды азғыру, сатып алу, қорқыту немесе басқа жолдармен қылмыс жасауға көндірген адам айдап салушы деп танылады. 4) Кеңестерімен, нұсқауларымен, ақпаратпен, қылмысты жасайтын қару немесе құралдар берумен немесе қаламысты жасауға кедергіледі жоюмен қылмыстың жасалуына жәрдемдескен адам, сондай-ақ қылмыскерді, қаруды, қылмыс іздерін немесе қылмыстық жолмен табылған заттарды жасыруға, сол сияқты сол заттарды сатып алуға немесе өткізіп беруге күні бұрын уәде берген адам көмектесуші деп танылады.

1. 1. Қылмыс құрамының ұғымы және оның маңызы

Қылмыс ұғымында 3- тарауда берілген жалпы анықтама - ол заңдық абстракция және де нақтылы жоқ нәрсе. Бұл ұғымда барлық қылмыстарға тән белгілер жалпылама көрсетілген. Тек нақты қылмыс қана (кісі өлтіру, ұрлау, тонау, т. б. ) жасалынады, сол үшін жазаланады. Бұл қылмыстардың әрқайсысына тән нышандар Қьілмыстық Кодекстің Ерекше бөліміндегі тиісті баптарда сипатталған. Қандай да бір жасалған әрекетте қылмыс құрамының бар-жоғы туралы мәселені шешу үшін сол әрекетті жасаған адамды қылмыстық жауапқа тартуға негіз болатын мән-жайлардың белгілі бір жиынтығын анықтау қажет. Жасалған әрекетті қылмыс деп тану үшін оны қылмыстық- заң нормаларында бекітілген тиісті қылмыс құрамдарымен салыстыру қажет. Нақты қоғамға қауіпті әрекетті қылмыс ретінде сипаттайтын, қылмыстық заңда белгіленген объективтік нышандардың жиынтығын қылмыстық құқықта қылмыс құрамы деп атау қабылданған.

Қылмыс пен қьглмыс құрамы өзара ұқсас, бірақ бірдей ұғым емес.

Қылмыс - нақты адамның іс жүзінде жасаған нақты әрекеті немесе әрекетсіздігі және ол көптеген өзіне тән нышандармен сипатталады. Ал қылмыс құрамы - қандай да бір къглмыстык әрекеттің өзіне тән белгілерін ғана анықтайтын нормативтік санат. Қылмыс құрамының маңызына осы тұрғыдан түсінік бере аламыз. Егер қылмысты жасау қылмыстық жауаптылыққа тартуға іс жүзінде негіздеме бола алса, қылмыс құрамы оның заң жүзіндегі негіздемесі. Бұл екі негіздеме өзара байланысты, екеуі бір бүтінді құрайды: қылмыс құрамы заң бойынша анықталмаса қоғамға қауіпті әрекет қылмыс болып саналмайды, қандай да бір қылмыс құрамының нышандарының болуы, егер жасалған әрекетте осы нышандар болмаса, қылмыстық жауапқа тартуға негіз бола алмайды. Сондықтан да, жалпы ҚК-тің 3 бабына сәйкес, заң шығарушы да, теория да, практика да Қылмыстық Занда қарастырылған қылмыс құрамының барлық нышандары бар қоғамға қауіпті әрекетті ғана қылмыстық жауаптылықтың бірден бір негізі ретінде қарастырады. Бұл дегеніміз, қандай да бір басқа мөн-жайлар (сол субъектінің жеке басын сипаттайтын деректер жасалған әрекеттің саяси маңызы, т. б. ) қылмыстық жауаптылыққа негіздеме бола алмайды. Мүндай негіздеме болмаса қылмыстық жауаптылық жайында сөз де болуға тиіс емес, егер адам, өзінің жасаған әрекетінде қылмыс құрамы болмаса да қудалауға түссе, қылмыс құрамының жоқ екендігі қай кезде анықталса, сол уақыттан бастап қудалау мүлде тоқтатылуға тиіс. Кылмыс құрамының барлық нышандары бар әрекетті жасау қылмыстық жауаптылық үшін бірден-бір және жеткілікті негіздеме деп заң әдебиеттерінде дұрыс көрсетілген, бұл дегеніміз - қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органға адамды жауапқа тарту үшін оның жасаған әрекетінде қылмыс құрамының бар-екендігін анықтағаны жеткілікті. Кылмыстық жауаптылыққа тарту мәселесін шешу үшін басқадай мән-жайларды анықтаудың қажеті жоқ. Бұл, әрине, қылмыстық қудалауды жүзеге асыратын органның басқа ешқандай мән-жайды анықтауы тиіс емес деген түсінік бермейді. Мысалы, қылмыс жасаған адамның сол қылмысқа дейінгі мінез-құлқын, жүріс-тұрысын сипаттайтын деректер. Бұлардың іс үшін өте маңызы зор, оларды үкім шығарғанда сот ескереді, бірақ олар қылмыстық жауаптылыққа негіз бола алмайды. Сонымен, қылмыс құрамы болмаса қылмыстық жауаптылық жүзеге аспайды. Осындай маңызды, өзекті рөлімен қатар қылмыс құрамы басқа да «қызметтік» деп аталатын өте қажетті міндеттерді атқарады.

Қьлмысты саралау процесі тек қылмыс құрамы негізінде ғана жүзеге асырылады, себебі ол қажетті қылмыстық-заң үлгісі (эталоны) болып саналады, онымен салыстыру арқылы жасалған қылмыстың мазмұны мен сипатын толық жәие дәл көрсететін тиісті қьшмыстық заң нормасын таңдауға болады. Қылмысты саралау мәселесі - теория бойынша да, практика тұрғысынан алғанда да күрделі де маңызды мәселелердің бірі, себебі қылмыстық заңның тиімділігі де, бұл заң қолданылған адамның тағдыры да жасалған өрекеттің қалай сараланғандығына байланысты. Саралау (квалификация) термині екі латын сөзінен түрады - «сапа» және «істеу». Қылмыстық заңға байланысты алсақ, бұл дегеніміз - қоғамға қауіпті өрекетті аралас деликттерден айыруға мүмкіндік тудыратын сапалы баға беру деген мағына. Басқаша айтқанда, қъшмысты саралау дегеніміз - адам жасаған қьшмыстың нақты нышандарының қылмыстық-заң нормаларында көзделген нақты қылмыс құрамының нышандарына дәл келетіндігін анықтап, заң жүзінде тиянақтау. Қылмыс құрамының нышандары тек Ерекше бөлімнің диспозицияларында ғана емес, ҚК-тің Жалпы бөлімінің тиісті баптарында да баяндалған. ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптарында өртүрлі қылмыс

Мысалы, кісі өлтіргені үшін жауаптылық көзделген 96 баптың диспозициясында адамның кісі өлтіргені үшін қанша жастан қылмыстық жауаптылыққа тартылатындығы көрсетілген. Бұл ақпарат ҚК-тің Жалпы бөлімінің бабында берілген.

ҚК-тің Ерекше бөлімінің баптарында, әдетте, қылмысты орындаушының тікелей өзі жасаған немесе аяқталмай қалған қылмыс құрамдарының нышандары келтірілген. Егер қылмысқа қатысушының (дем берушінің, азғырушының) алдын ала қылмыстық өрекеті немесе әрекетсіздігі орын алса, онда бұл әрекетте, жалпы алғанда, ҚК-тің Ерекше бөлімінің тиісті баптарында көрсетілген қылмыстың қандай да бір кұрамының белгілері түгелдей болмайды. Бірақ бұл жағдайда да қылмыс құрамы болады, ал ол тек Ерекше бөлімдегі бапта ғана емес, сонымен қатар Жалпы бөлімнің тиісті баптарында бар нышандар арқылы құрастырылады. Қылмысты саралағанда сол әрекетке сәйкес келетін қылмыс құрамы бар Жалпы бөлімнің бабы немесе оның бөлігі дөл көрсетілуге тиіс, ал егер аяқталмаған қылмыстық өрекет, қылмысқа қатысушылық болса (олар жайында алда толық айтылады), онда ҚК-тің Жалпы бөлімге тиісті баптарына сілтеме берілуге тиіс.

Қылмысты саралаудың нәтижелері іс жүргізу құжаттарында (қылмыстық іс қозғау туралы, айыпталушы ретінде жауапқа тарту туралы қаулыларда, үкімде, т. б. ) көрсетіледі. Қылмысты саралаудың маңызы сонда, ол қылмыс жасап айыпты болған адамды қылмыстық жауаптылыққа тарту түріндегі қылмыстық заңның атқаратын міндетін реттейтін тетікті «іске қосатын» заңдық фактінің (қылмыстық құрамның барлық нышандары бар қоғамға қауіпті әрекет жасау) бар екендігін ресми түрде растайды.

Қылмысты дұрыс саралаудың қаншалықты маңызды екендігі осыдан да түсінікті болар, ол жасалган қоғамға қауіпті әрекеттің нышандарын әлеуметтік-заң тұрғысынан дәл талдау арқылы қамтамасыз етіледі.

Әрекетті дұрыс саралау үшін, қылмыстық занды дұрыс қолдану үшін істің нақты мән-жайын, сондай-ақ қылмысты қылмыс емес әрекеттен, бір қылмысты екінші қылмыстан айыруға мүмкіндік беретін құрам нышандарын жақсы білу қажет. Қорыта келгенде, қоғамдағы заңдылықтың жайы заң қолданатын органдардың қылмысты қаншалықты дұрыс саралай алатындығына едәуір байланысты.

1. 2. Қылмыс құрамының түрлері

Қылмыстық құқық теориясында барлық нақты қылмыс құрамы, елеулі белгілерінің топтасуына байланысты белгілі бір топтарга бөлінеді. Қылмыс құрамы топтастырудың алдына қойған міндеті. Әрбір нақты қылмыстың түсінігін, құрылысын және оларға тән жалпы заңдылықты тереңірек түсіндіру болып табылады.

Қылмыс құрамын мынандай белгілерді қолдану арқылы топтастырады:

1. іс-әрекеттің қоғамға қауіптілік дәрежесі.

2. қылмыс құрамын суреттеу тәсілі.

3. қылмыс құрамының құрылымы.

Қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесін сипаттайтын жағдайларына байланысты қылмыс құрамы негізгі, ауырлататын және жеңілдететін мән - жайлар болып екіге бөлінеді.

Негізгі қылмыс құрамы деп, қылмыстың іс - әрекеттерінің белгілі бір түрінің негізгі және тұрақты белгілерінен тұратын, сондай-ақ ауырлататын және жеңілдететін мән - жайларсыз құралған құрамды айтамыз.

Айталық қасақана адам өлтірудің негізгі құрамы ҚР ҚК-тің 96-бабының ішкі бөлімінде кісі өлтіру деп басқа адамға құқыққа қарсы қасақана қаза келтіру деп көрсетілген. Айтылған анықтамада қасақана кісі өлтіруге байланысты нақты және тұрақты белгілері ғана көрсетілген, ал ауырлататын және жеңілдететін мән - жайлар көрсетілмеген. Демек, негізгі қылмыс құрамында қандай да болмасын ауырлататын немесе жеңілдететін мән - жайлар керсетілмейді.

Егерде қылмыс құрамында іс - әрекеттің негізгі белгілеріне қоса жеңілдететін мән - жайлар көрсетілсе, онда мұндай қылмыс құрамы жеңілдететін мән-жайлары бар қылмыс құрамы деп аталынады.

Мысалы: жаңа туған сэбиді анасының өлтіруі (ҚР ҚК-тің 97- б. ) . Жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіру ҚР ҚК-тің 98- б. ), қажетті қорғаныс шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру (ҚР ҚК-тің 99- б:), қылмыс жасаған адамды ұстау үшін кажетті шаралардың шегінен шығу кезінде жасалған кісі өлтіру . Осы келтірілген мысалдарға, негізгі белгілерге қоса қосымша белгілере яғни жеңілдететін мән - жайлар керсетілген. Жан күйзелісі жағдайында болған адам өлтіруде қосымша белгі - жәбірленушінің күш қолдануынан, қорлауынан немесе ауыр балағаттауынан не өзге де заңға қарсы немесе моральға жат іс-әрекетінен болған, кенеттен пайда болған субъектінің жан күйзеліс жағдайы (қылмыс құрамы жеңілдететін мән - жайлармен) .

Қылмыс құрамында негізгі белгілермен қоса ауырлататын мән -жайларда айтылса, бұл дәрежеленген құрам, я болмаса іс - әрекетті қауіптілік қылып көрсететін ауырлататын мән - жайлары бар құрам деп айтылады.

Дәл осындай құрам ҚР ҚК-тің 96 - бабының 2-ші бөлігінде көрсетілген. Бұл бапта ауырлататын мән - жайлар арқылы адам өлтірудің он үш белгісін (а-н тармақтарындағы) көрсеткен, және ол белгілер мейлінше толық қамтылған белгілер болып табылады.

Кейде жасалынған қылмыстық ауырлық дәрежесіне қарай заң шығарушы дәрежеленген қылмыс құрамының әр түрлілігін ерекше ауырлататын мән - жайлары бар қылмыс құрамы түрінде бөліп көрсетеді. Мысалы, ҚР ҚК-нің 131-бабының 3-ші және 4-ші бөліктері ерекше ауырлататын қылмыс құрамы болып табылады.

Қылмыс құрамының белгілерін суреттеу тәсіліне байланысты жәй және күрделі қылмыс құрамы деп екіге бөлінеді.

Жәй қылмыс құрамы деп - қандай да болмасын қылмыс құрамы элементтерінің қиындатылған белгілері жоқ құрамды айтамыз.

Мысалы, бөтеннің мүлкін жасырын ұрлау ҚР ҚК-тің 175- б. Демек, жәй қылмыс құрамында бір іс-әрекетпен бір ғана объектіге қол сүғушылықты сипаттайды.

Күрделі қылмыс құрамы деп, - қандайда болмасын қылмыс құрамының элементтерінің қиындатылған белгілері бар құрамды айтамыз. Күрделі қылмыс құрамында екі бірдей объект, екі бірдей әрекет және кінәнің екі бірдей нысаны болады. Мысалы, шабуыл жасап тонау кезінде қиянат жасаушы екі бірдей объектіге қол сүғады (меншік және адамның денсаулығы) . Кінәнің екі бірдей нысаны арқылы жасалынған қылмыс деп кінәлінің қылмыстық іс - әрекетті қасақана жасауы бірақ, одан түсетін зардаптарға абайсыздықпен қарауын айтамыз. Мұндай жағдайға мысал келтіретін болсақ ҚР ҚК-тің 103-бабы 3-ші бөлігі, денсаулыққа қасақана ауыр зиян келтірумен қатар жәбірленушінің өліміне абайсыздықпен қарауы.

Қылмыс құрамын олардың құрылымына қарай бөлудің тәжірибелік маңызы зор. Осы құрылымына байланысты қылмыс құрамы материалды, формалды, қысқартылған қылмыс құрамы болып екіге бөлінеді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қылмыс құрамы
ҚЫЛМЫС ҚҰРАМЫНЫҢ ЭЛЕМЕНТЕРІ
Арнайы субъектінің белгілері
Қылмыстың субъектісі
ҚЫЛМЫСТЫҚ ҚҰҚЫҚ БҰЗУШЫЛЫҚ СУБЪЕКТІСІ
Қылмыстық құқық туралы
Қылмыстың құрамы, қылмыстық жауаптылық және оның негіздері
ҚЫЛМЫС СУБЪЕКТІСІНІҢ ЕРЕКШЕ МӘСЕЛЕЛЕРІ
Қылмыстық құқық бұзушылықтың арнайы субьектісі
Қазақстан Республикасының құқықтық саясат тұжырымдамасы аясында кәмелетке толмағандарға қатысты Қазақстан Республикасының қылмыстық заңнамасын жетілдіру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz