Баспасөз бостандығының келелі мәселелері


Мазмұны
Кіріспе
Курстық жұмыстың мақсаты: Журналистика маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі болып табылады. Онсыз қоғам өмірін көзге елестету мүмкін емес. Өз тарихында журналистика бұқаралық ақпарат құралдары жүйесі ретінде ұзақ жолын қалыптастыру.
Курстық жұмыстың міндеті: Журналистика қоғамның әлеуметтік институттарының бірі болып саналады. Сондай-ақ ол адамдарды идеялық тәрбиелеу құралы ретінде қызмет атқарады.
XVI-шы ғасырда адамдардың бір-бірімен хабар алмасу құралы ретінде пайда болғанымен, оның негізі ерте кезді мегзейді. Сол уақыттардан бері журналистика даму, қалыптасу жолдарынан өтті. Әртүрлі қоғамдақ формация дәуірлерін бастан кешірді. Сөйтіп өзінің тарихын рөлін толық ашып берді. Бұлай дейтін себебіміз, ешқандай басқа құрал дәл осы журналистика секілді халықты әлеуметтік-саяси тұрғыда жылдам әрі жан-жақты, белсенді түрде әр түрлі хабарлармен қамтамасыз етіп көрген емес. Бұл ретте адамның сана-сезіміне, іс-әрекетіне әсер етіп, олардың көзқарастары мен мақсаттарының қалыптасуына ықпалы тиген. Сөйтіп, ол барлық уақытта қоғам өміріне араласа отырып, пайымдаулармен, баға берумен, қорытындылар жасаумен, ұсыныстар айтумен зор қозғау салады. Әсіресе, саясат, экономика, экология, қоғамдық-әлеуметтік қатынастар т. б. көптеген салаларда шешім жасап жүзеге асыруға ықпалы болады.
1 Баспасөз бостандығының келелі мәселелері
Егеменді ел атанып, тәуелсіздік жолына халқымыз соңғы оншақты жылда небір қилы кезеңдерді бастан кешіруде. Қазан төңкерісінен кейін жетпіс жылдан астам уақыт бойы коммунистік шеңберде дами келе сталиндік, хрушевтік, брежневтік догматизмдерден бас тартқан, демократия мен жариялылыққа жол ашқан сексенінші жылдардағы қайта құрудың алғашқы қадамдары көңілімізне көп сенім ұялатып еді. Амал нешік, бірпартиялық аппарат өктемдігіне негізделген социалистік қоғамның саяси-экономикалық проблемалары еңсе көтертпестей қордаланып қалған болып шықты.
Газет-журналдардың, радио мен телевизияның шындық пен объективтілікке ұмтылысы журналистерге соңғы жылдары пайда болған өзге партиялық құрылымдар мен түрлі саяси қозғалыстар қызметін, олардың күнделікті тыныс-тіршілігін жан-жақты көрсетіп отыруға мүмкіндік берді.
Мәскеудегі 1991 жылғы тамыз оқиғалары партиялық өктемдікке біржолата нүкте қойды. 74 жылға жуық уақыт өзіміз жырлап келген мызғымас одақ ыдыраджы. Қазір елімізде әлеуметтік жаңаору процестері күрделоі де шиеленісті жағдайда жүріп жатыр. Қоғам бір-бірімен керағар идеялар мен пікірлер тайталасының аренасына айналды.
Өкімет билігін қайта бөлісуге ұмтылған күштердің бой көтеруі даму заңдылығынан туындаған көрініс ретінде мойындалып отыр. Осы орайда, заң шығарушы, атқарушы және сот биліктері құрылымдарының арақатынасы мен шекарасы бұрынғыдан да айқындала түсті. Бір жайт айқын: қоғам дамуындағы кұрт бетбұрысты кезеңде жоғарыдағы биліктердің бір-бірімен тығыз байланысы мен ынтымағынсыз мемлекет еркін тыныс ала алмайды. Бұған соңғы жылдары бұқара санасында пайда бола бастаған төртіншіу билік - баспасөз билігінің күшін қоссақ, қоғам дамуындағы өзгеріс аясының да кеңейе түсері де ақиқат.
Төртінші билік: шындық па әлде елес пе? Бұл қазір қазақ журналистикасындағы өткір проблемелардың бірі. Осы идеяны теориялық жағынан негіздеуге ұмтылған ғалымдар мен журналистер соңғы уақыттарда газет-журналдарда өз ойларын ортаға салып, пікірлдер сайысына шақырып келеді. Шын мәнінде әлі де болса, шынайы сөз еркіндігіне тұсау салынып отырған қоғамда баспасөздің толық тәуелсіздікке ұмтылуы заңды. Өкініштісі сол, «төртінші билік» заң жүзінде бекітілген жоқ, оның функциялары негізделмеген. Бұқаралық ақпарат құралдары туралы Республика Заңы баспасөздің, радио мен телевидениенің қоғамдағы орнын өһз мүддесіне сай бір арнаға бағыттап отыр, журналистердің құқығына ішінара ғана кепілдік берді, олардың міндеттерін белгіледі. Онда билік өкілеттігі жөнінде сөз жоқ. Демек, журналистика әлемін «төртінші билік» елесі кезіп жүр.
Қоғамдағы биліктер құрылымдары жөнінде әңгіме қозғағанда «төртінші биліктің» заң шығарушы, атқарушы және сот биліктерінен принципті айырмашылығы бар екенін атап айту ләзім. Заң шығарушы билік өзінің кез келген деңгейінде - мейлі ол нормативті акт немесе Президент Жарлығы болса - біржақтылық қасиетке ие. Жарлық орындалу тиіс. Атқарушы және сот биліктерін қолдану кезінде де жоғарыдағы бәржақтылық сақталатыны мәлім. Қандай бір бағдарламаның болмасын орындалуы билікті жүзеге асыруға бағытталған, ол белгілі бір жарлықпен, кодекспен, тағы басқалармен заңдастырылады. Қал-қадірімізше төртінші билік - баспасөз билігі жөнінде түсінік беруге тырысып көрелік. Оның астарында бұқаралық ақпарат құралдарына ежелден тән қасиет белгілі бір идеяны қалың бұқара арасында насихатау, жүйелеу жататынымен ешкім таласа алмаса керек. Журналистика арқылы Заңның, Жарлықтың, нормативтік актілердің орындалуына бақылау жасалып келді. Жариялылық өмірімізге дендеп енген сайын, журналистика да терең өзгерістерге ұшырады.
Енді мәселеге өзге қырынан келейік: баспасөз билігі деңгейінде заңдар күшіне енеді. Негізінен алғанда қоғам өмірі екі күштің қақтығысынан - адамгершілік аспектілерін қиратудан және осы асыл қасиеттің салтанат құруынан тұрады. Бұл орайда, әр адамның өз позициясы болуы тиіс. Жаңа қоғамдық құрылыс құрсақ болды, бәрі де өздігінен шешіле салады деудің дұрыс емес екендігін кеңестік қоғамның тәжірибесінен айқын аңғардық.
Шынайы демократиялық қоғамда баспасөз билігі болуы тиіс. Бұл жерде билік мәселесін анайы үстемдікпен шатастыруға болмайды. Баспасөзге ежелден тән қасиет - оның қалың бұқарамен тікелей және кері байланысының екіжақтылығымен конфункциялылығы. Біріншіден, арасындағы байланысты ұйымдастырушы. Екіншіден, баспасөз қоғамның әлеуметтік өміріндегі өзгерістерге жедел үн қосып отырады. Осы арқылы заң шығарушы, атқарушы және сот биліктеріндегі ішінара құбылмалық жөнінде халықты хабардар етеді. Журналист қызметінің негізінде болып өткен, болып жатқан және алдағы уақытта болатын әлеуметтік өзгерістер жөніндегі концептуальды түсінік алынады. Баспасөз негізінен адамдар бойына моральдік, адамгершілік және эстетикалық танымды қалыптастыруды басты мұрат санайды. Еркін сөздің әсер ету күші кез келегн билік ықпалынан кем түспейді. Журналистің әлеуметтік әділеттілік проблемаларын шешу, траихи шындықты қалпына келтіру жөніндегі өткір сөздері, қалыптасып отырған әлеуметтік-саяси жағдайға философиялық талдау жасауы қалың бұқараның қым-қиғаш қайшылықты жайларды байыппен саралауына, олардың қоғамдарды өзгерістерге нақты көзқарастарын қалыптастыруына мүмкіндік берді. Саяси қайраткер, ғалым мен экономист оқырман - көрермен аудиториясында істің шынайы жай-күйін өз беттрінше жеткізе валмайды. Осы орайда, ақпарат құралдарының көмегі ауадай қажет. Бұл жағдайда халық журналистердің мұқият өңдеуінен, ой-елегінен өткен дүниені оқиды. Журналистің саяси ойлау мәдениетінің деңгей-дәрежсі айқын көрінетін тұс та осы.
Баспасөз билігі жөнінде айтқанда, ең алдымен, тұтас қоғам, жекелеген адамдар және журналистер мүдделерінің қаншалықты қоағалып отырағанын естен шығармау керек. Қазақ қоғамы нарықтық қатынастармен сипатталатын экономикалық дамудың ауыр да азапты кезеңін бастан кешіруде. Қазіргі таңда республикалық бұқаралық ақпарат құралдары жоғарыдағы өзекті мәселелер төңірегінде байсалды ой қозғауға бағытталған. Басылымдарда халық мүддесін көздеген материалдар бұрынғы қай кездегіден болсын салиқалылығымен назар аудартады. Солай десек те, бүгінгі кезеңде қазақ журналистикасының ішкі проблемалары қатты алаңдатып отыр. Жасыратыны жоқ, бұқаралық ақпарат құралдары, оның ішінде баспасөз ең алдымен қаржылық тоқырауды бастан кешіруде.
Қазір тәуелсіздік республика баспасөзінің ең арысы байланысшыларға да тәуелді болып отыр. Бүгінгі таңда нарықтық экономиканың от жалыны газет-журналдарды шарытып барады. Енді журналистердің алдына газет не журналдың мазмұндық жақсарту, қандай жолмен болса да оқырман назарын өзіне аудару міндеті қойылып отыр. Қалай десек те, мемлекеттен қажетті датация ала алмаған газеттер коммерциялық құрылымдар мен жеке адамдарға арқа сүйеп отыр.
Журналистика шынайы шындық, халықтың қамы үшін күресуі тиіс. Төртінші билік - баспасөз билігінің құдіреті күшті, оны ешкім ештеңемен ауыстыра алмайды.
- Журналистика және қоғам
Журналистика маңызды әлеуметтік құбылыстардың бірі. Журналистика адам санасын көтеруге, рухани әлемді байытуға себепкер болады.
Баспасөз, радио, телевидениенің негізгі міндеті - жалпы информацияны жинап, өңдеп, халыққа ұсыну. Ал жалпы “Бұқаралық ақпарат құралдары” деген атаудың өзі мына жайларды қамтиды:
- Бұқараға, мемлекетке қарым-қатынас. Яғни, барлық ақпарат мәселелері қоғамға, халыққа, ұлтқа арналмақ, олармен тікелей байланыс орнатылмақ.
- Бүкіл ақпарат көпшілік аудиториясының сұраныс-қажеттілігін, талап-талғамын қанағаттаныдру үшін берілмек.
- Қоғамдық істерге байланысты ел күткен мәселелерге белсенді позиция ұстап, соған жұртты жұмылдыруға атсалысу.
- Қажет еткен жағдайда әркімнің ақпарат құралдары орындарына қатысуына жол ашу.
- Билік пен халық арасындағы байланыс рөлін атқару.
- Жер жүзінде гуманистік борышқа адал болу және сақтау.
Журналистика тек қана хабарларды берумен шектелмейтінін ескеру керек. Ол сонымен бірге қоғамдық пікір рөлін атқаратынын да ұмытпау жөн. Баспасөз бен радио және телевизия арқылы берілетін материалдарда тақырыптың көптігі, ішкі және сыртқы өмір жайларын беруде кең көлемде әрекет етіп, географиялық тұрғыдан шектеліп қалмауды қарастыру абзал. Әрбір БАҚ берген материалдарда хабарлардың толық әрі жеткілікті болуы өте қажет. Бұл ретте мына жүйе бойынша жұмыс жүргізілмек. “Журналист - ақпарат - аудитория”. Журналист творчестволық тұлға - ол айтады, жазады, ал оны халық тыңдайды, көреді, оқиды. Міне, бұл байланыс үзілмей жүріп отырмақ. Сонда ғана бұқаралық ақпарат құралдарының ісі ойдағыдай жүзеге асады.
Демек, жұртшылық газет оқып, радио тыңдап, телевизор көрген кезде әлемдегі жаңалықтар мен өзгерістерді біліп қана қоймай, сонымен бірге сол жайларға өзінің де қаншалықты қатысы бар екенін сезініп, сол құбылыстардың неге, қалай, не үшін болғанына анық көзі жетуі тиіс. Оқиғалардың болу процесні аңғарып, даму тенденциясына ой жіберіп, дайындықта болуына, қажет жағдайда нақты іс-әрекетке араласуына әсері болуы керек.
Қазақстан Конституциясында: «Мемлекеттік органдар, қоғамдық бірлестіктер, лауазымды адамдар және бұқаралық ақпарат құралдары әрбір азаматқа өзінің құқықтары мен мүдделеріне қатысты құжаттармен, шешімдермен және ақпарат көздерімен танысу мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті» - делінген. Бұл әркез бұлжымай орындалып отыруы тиіс.
Журналистика, ең алдымен, өмір көрінісін, беретінін есте сақтаған жөн. Ол өмірді сипаттап қана қоймай, болып жатқан іс-әрекеттерге адамның өзінің де бағыт-идеал алуына ой тастайды.
Осылайша журналистиканың ақпараттық қызметі маңызды қоғамдық-саяси рөл атқарып, жұртшылыққа әлеуметтік белсенділік туғызып, шындықты ашып береді. Ақпараттық қызмет халықтың керегіне жауап беріп, әлеуметтік дамудың жолдарын жариялап отырады. Сондықтан бұл салада қоғамдық-саяси қызмет жасаудың өнерін игере біліп, әлеуметтік процестерге өз еңбегімен араласуы - күн тәртібінен түспейтін мәселе.
Жалпы журналистика - халықтық, ұлттық болып саналады. Өйткені журналистика - халықтың қамын ойлайтын, соның қажетін қарастыратын сала. Сондықтан халықтың жағдайын ойластыруды журналистика әркез назардан тыс қалдырған емес. Қандай мәселені көтермесін журналистика соның бәрін халықтық тұрғыда қозғауға, халықтың сөзін сөйлеуге күш салады. Әрқашан халықтың жағында болып, халықтық позиция ұстайды. Бұл дұрыс та. Себебі, жеке біреулерге қызмет етпей немесе азын-аулақ топтың мүддесін көздемей, бүкіл жұртшылықтың, жалпы адамдардың мүддесін көздейтін мақсат анағұрлым ақылға сыйымды, адамгершілікке жататын іс болса керек. Тар көлемде белгілі біреулердің ғана идеясын жақтамай, нағыз адамзатқа қызмет ету - биік моральдық-этикалық қасиет екені ақиқат.
Журналистиканың халыққа қызмет етуі - сол халықтың реалды қажеттерін өтеу үшін, оны прогреске бастайтын, жақсылыққа жеткізетін жолды таңдау деген сөз. Дүниеде бірер адамның бақытты болғанынан ештеңе бітпейді, ал бүкіл халық бақытты болса, онан асқан арман - мақсат жоқ. Міне, журналистика да осы жағдайды ескеріп, осы бағытта жұмыс істемек. Халық өмірінде қандай жаңалықтар, өзгерістер, бастамалар болып жатыр? Осының бәрі журналистикада айнадағыдай көрініп отыруы керек. Сондай-ақ халықтың пікірі, ойы, мақсаты журналистиканың ең бір мұқият назар аударып отыратын тұсы. Ал өмірде жақсылықтар болып жатса, соны журналистика ең бірінші көре біліп, ізін суытпай жариялап отыруы тиіс. Оны кең насихаттап, қолдап, таратып отыруы жөн. Ал, егер қажет болған жағдайда, оны тіпті тез өмірге енгізуге күресіп отырудың да мәні зор. Яғни халықтың шынайы керегін қанағаттандыратын болуы керек. Сол үшін де халықты біріктіріп, оның жетімсіз нәрсесін жеткізуге ұмтылу үлкен жауапкершілік. Журналистер жан-тәнін аямай, қате идеяларды немесе астарында жалған мақсат жатқан істерді халық алдында әшкерелеп, кемшілігін ашып айтып, оны толықтыруға, түзетуге тырысу қажет. Халық өмірінде кдергі келтіретін нәрсенің бәрін журналистика дер кезінде көріп-біліп, ескертіп отыруы, қоғамдық пікір туғызуы парыз екені айтпаса да түсінікті. Сондықтан өмірде сенімсіз нәрсеге жол бермеу керек.
Мұндай жайларды атйқанда, жазғанда, әрине, оның қарапайым халыққа түсінікті болуын ойластыру керек. Бұл ретте ауыл адамы үшін де, қала адамы үшін де, сондай-ақ интеллигентке де қозғалып отырған мәселе ортақ әрі екі жаққа бірдей түсінікті, ұғынықты болуы өте маңызды. Жалпы журналистикада екіұшты ойдан, бір-біріне қайшы пікірден сақтану қажет. Ондай жағдайда оқырманды не тыңдаушыны шатастыру оңай. Ал бұл журналистиканың беделін түсіретіні белгілі. Журналист үшін түсінікті тіл, анық ой қажет. Сөзді, сөйлемді ауырлатпауға тырысу керек. Халық әрбір мақаланы оқығанда, не тыңдағанда қиналмай ұғатындай дәрежеде болуы тиіс. Әртүрлі терминдер мен шетелдің сөздерін және түсініксіз ұғымдарды журналистикаға тықпалай бермей, тиімді тәсілдерді қолдану қажет.
Келесі бір білуге тиіс нәрсе - журналистиканың демократиялылығы. Яғни, журналистика шынайы демократия үшін еңбек етеді, күреседі. Халықтың демократиялық құқықтарын кеңейту үшін күш жұмсайды. Халықтың еркіндігі, оның өз ісін атқаруы мен тиімді мемлекет ісіне араласуы баспасөз, радио, телевидениенің үздіксіз жүргізіп отыратын мәселесіне айналуы қажет.
Демократия - саяси құрылыстың формасы ретінде азаматтардың теңдігі мен бостандығын, өкіметті басқаруға араласуын, әртүрлі орындарға сайлануға қатысуын, Конституцияда адам праволарын қамтамасыз етуді көздейтін бағыт. Ол қоғамдық ұйымдар қызметін, үкіметтік, мемлекеттік мәселелерді бүкілхалықтық етіп талқылауды жүргізуге пайдалы. Демократия жағдайында барлық адам заң алдында бірдей құқыққа ие болады, олардың әділ өмір сүруіне кепілдік беріледі. Біреуге біреу қысым жасау тиылып, демократияға көшкенде ғана шынайы өмір қатынастары орнығады. Демократияның тағы бір пайдасы - жариялылықты күшейтіп, әділетсіздікке қарсы сынды дамытуға жағдай жасайды. Демократия мен журналистика тығыз байланыста болуы тиіс.
Демократия кезінде журналистиканың рөлі онан сайын артып, қоғамдық пікірдің ұйымдастырушысы мен жариялаушысы ретінде көрінеді. Қоғамдық пікірді туғызатын да, жасайтын да халық, әлеуметтік топтар. Қоғамдық пікір - өз кезіндегі әлеуметтік өмірдің маңызды мәселелеріне байланысты туады. Өткен мен бүгінге байланысты процестер мен фактілерге байланысты өріс алады. Актуальді оқиғалар мен құбылыстар, іс-әрекеттер мен идеялар бағаланып, нақты мақсаттар мен міндеттер және оған жету жолдары жөнінде қоғамдық пікір пайда болады. Ол - көзқарастар мен тарихи санаға қатысты болып келеді. Жалпы қоғамдық пікір - өмірдің нақты жағдайларын байқай отырып, оны қалай өзгертудің жолдарын қарастыратын жүйе болып табылады. Қоғамдық пікір тарихи жағдайларға байланысты өзгеріп отырады. Ол ғылым, саясат, экономика, мәдениет, яғни барлық саланы қамти береді. Демек, журналистика болса, сол қоғамдық пікірдің туып, дамуына, жариялануына қызу араласып отырады. Егер демократия болмаса, қоғамдық пікір де еркін дами алмайтыны белгілі. Қоғамдық пікір - қоғамдық санадан туып, әртүрлі пікірлер арқылы қалыптасады.
Бұл орайда Президентіміз Н. Назарбаевтың: «Ғасырлық тарихта біздің мемлекет тұңғыш рет саналы түрде шығармашылық үрдістерге қысым жасаудың кез келген түрінен бас тартып отыр» - деуі журналистикаға да қатысты боларына сөз жоқ.
Журналистиканың халықтығы мен демократиялылығы - оның қалың көпшілікпен байланысында. Сол арқылы журналистика өз жұмысы туралы халықтың қатысын әрі пікірін біліп отырады және халық арасында демократиялық құбылыстардың ашық, екпінді жүруіне мүмкіндік туғызады.
2. 1 Журналистің қоғамға тән кәсіби рөлі
Әрбір кәсіптің өз мамандығы болатын секілді, журналистік мамандық та өз саласы бойынша пайда болған. Ал қандай мамандық болса да өз ерекшелігімен көрінетіні белгілі. Демек, журналистика - басқаға ұқсамайтын, өзгелерден айырмашылығы бар мамандық. Ол өз творчествосы арқылы қоғамға, адамға қызмет етеді. Әрбір мамандық сияқты, журналистің де өзіне қатысты білімі, іс-тәжірибесі болмақ. Кезінде ұлы ғалым М. Ломоносов журналист туралы өзекті ойларын айтқан. Оның еңбегі «Журналистік дәреже туралы диссертация» деп аталған. Жалпы журналист қандай дәрежеде жұмыс істесе де, қоғамдық ақпараттық саланың қызметкері болып есептеледі. Ол әркез жаңаны жақтаушы, бар жақсылықты қолдаушы болып табылады. Сөйтіп газет-журнал немесе радио мен телевидениенің жұмысын атқарып, творчествалық қызмет жасайды. Ол редакция жұмысында бірінші - ұйымдастырушылық, екінші - әдеби өңдеу, үшінші - шығарушылықпен айналысады. Бұл үшін оған білім мен қабілет керек. Оған қоса өмірдегі құбылыстардың мәнін түсіне білу де үлкен қасиет болып саналады. Қандай оқиғаны болсын тапқырлықпен, сенімді түрде, көз жеткізіп жазатын болуы керек. Жұртқа өмір жайлы толғап айта білу де үлкен өнер. Ол үшін тіл, сөз байлығын қолдану қажет. Тағы бір айтарлық жайт, журналист қоғам қайраткері бола алса тіпті жақсы. Ол уақыт, заман ағымын жақсы түсінуі тиіс. Әсіресе жұрттың назарын аудара білгені жөн.
Журналистің тағы бір қасиеті - оның саяси-әлеуметтік қызметіне, дүниеге деген көзқарасына, позициясына байланысты. Бұл - жан-жақты білімділік пен саяси-азаматтық тұрғыдан өсу, кемшіліктерге төзбеу, өз өмірін халық ісі үшін арнауға келіп тіреледі. Әрбір журналист өз елінің патриоты болумен бірге, сол мемлекеттегі және жер жүзіндегі оқиға-құбылыстарға сергектікпен қарап, жедел жариялап отыруы міндет. Журналист өз ісіне адал берілген маман болуы тиіс.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz