Аффект жағдайында кісі өлтірудің объективтік белгілері


МАЗМҰНЫ
КІРІСПЕ
1 АФФЕКТ - ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ЖӘНЕ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
1. 1 Қатты жан күйзелісі жағдайының түсінігі
1. 2 Аффектінің қылмыстық-құқықтық сипаттамасы
2 АФФЕКТ ЖАҒДАЙЫНДА ЖАСАЛҒАН КІСІ ӨЛТІРУДІҢ ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ СИПАТТАМАСЫНЫҢ ӨЗЕКТІ МӘСЕЛЕЛЕРІ
2. 1 Аффект жағдайында кісі өлтірудің объективтік белгілері
2. 2 Аффект жағдайында кісі өлтірудің субъективтік белгілері
3 АФФЕКТ ЖАҒДАЙЫНДА КІСІ ӨЛТІРУ ҚЫЛМЫСЫНЫҢ КРИМИНОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
3. 1 Жас ерекшелігіне байланысты аффектінің көрісінісі
3. 2
ҚОРЫТЫНДЫ
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
КІРІСПЕ
Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабына сәйкес, мемлекеттің ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмірі, құқықтары мен бостандықтары болып табылады. Сондықтан, әр азаматтың өмірі - мемлекеттің негізгі негізгі құндылығы. Адам құқығы туралы бүкіл әлемдік декларациясының 3-бабында, әрбір адам өмір сүруге, бостандықта болуға және оның жеке басына қол сұғылмауына құқылы деп көрсетілген. Сол себептен де, адам өмірін қорғау, жеке басына қол сұғылмаушылықтан сақтау - елдің, жалпы алғанда, қоғамның және әрбір қоғам мүшесінің негізгі міндеті.
Жеке тұлғаға қарсы қылмыстар - бұл адам мен азаматтардың өміріне, мүдделеріне және бостандықтарына қарсы бағытталған қоғамға қауіпті іс-әрекет. Бұндай қылмыстардың салдарынан шындықтың бетін ашу, сотта азаматтық-құқықтық дауларды шешу көбінесе адамдардың мінез-құлқымен, олардың қылықтарымен анықталатын әртүрлі эмоциялық құбылыстарға ұласады. Кейбір психикалық, эмоциялық күйлер, басынан кешірілген ауыр қайғы-қасірет, олардың денсаулығына физикалық және моральдық зиян келтіреді. Кей жағдайларда осындай күйлер адамдарды агресивті қылықтарға, оның ішіндегі зорлық-зомбылық сипатындағы құқыққа қайшы әрекеттер жасауға түрткі болатын итермелеуші күш ретінде көрінеді.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері: Дипломдық жұмыстың мақсаты - Қазақстан Республикасының қылмыстық құқығы бойынша аффект жағдайында адам өміріне қарсы қылмыстарды жан-жақты зерттеу, тиісті заңнаманы жетілдіруге қатысты ұсыныстар енгізу.
Алға қойылған мақсатқа жету мынадай міндеттерді шешуді қажет етеді:
- Аффекті жағдайына түсінік беру және оның мәнін ашу;
- Аффект түсінігін қылмыстық-құқықтық және психологиялық тұрғыда талдау;
- Оның пайда болу негіздерін айқындау;
- Аффект жағдайында кісі өлтірудің объективтік белгілерін анықтау;
- Аффект жағдайында кісі өлтірудің субъективтік белгілерін анықтау;
- Әдебиеттерді қолдану арқылы физиологиялық аффектінің патологиялық аффектіден айырмашылығын табу;
Зерттеу объектісі. Бұл зерттеудің объектісі ретінде аффект жағдайында жасалған адам өміріне қарсы қылмыстар үшін жауаптылықты белгілейтін қылмыстық-құқықтық нормаларды қолдануға байланысты туындайтын әлеуметтік қатынастардың жиынтығы болып табылады.
Зерттеу пәні. Аффект жағдайында жасалған адам өміріне қарсы қылмыстар жөніндегі бұрын қолданыста болған және қазіргі таңдағы қолданыста жүрген қылмыстық, халықаралық нормативтік құқықтық актілер мен институттары, сот практикасындағы мәліметтер, заңи әдебиеттер.
Тақырыптың зерттелу деңгейі. Қазақстан Республикасы тәуелсіздік алғаннан бастап, қазіргі күнге дейін адамның өміріне қол сұғатын немесе қауіп төндіретін әрекеттерге, жалпы алғанда қоғамға қауіпті қылмыстармен күресу және олардың алдын алу мақсаттарында көптеген шаралар жүргізіліп келеді. Бұған ғалым-заңгерлердің де қосқан үлесі зор. Соның ішінде А. Т. Ақажанова, Е. Ахметова, А. Н. Ағыбаев, Е. О. Алауханова, А. М. Мамытов секілді отандық ғалымдар мен солтүстік көршіміз ресей елінің О. Д. Ситковская, С. В. Бородин, В. Н. Кудряцев, Б. С. Волков, Н. И. Загородников, М. И. Вадеев А. В. Наумов, А. Блумба сынды ғалымдардың жұмыстары кісі өлтіруге қатысты көптеген мәселелердің шешімін табуға септігін тигізді.
Қылмыстық заң қолданылатын маңызды психологиялық концепциялардың қатарынан заң шығарушы ерекше мән беретін, оны қылмыстық жауаптылықты жеңілдетуге әсер ететін фактор ретінде аффектіні де жатқызуға болады. Тергеу және сот практикасын зерттеу барысында, кісі өлтіру және адамға ауыр дене жарақаттарын салу көбінесе аффект жағдайында немесе адамның эмоциясы мен әрекеттері әсер ететін басқа да эмоционалдық күйде жасалады.
Зерттеудің әдістемелік және теориялық негіздері. Зерттеудің әдістемелік және теориялық негізін жалпы ғылыми және жеке ғылыми әдістер құрайды. Жалпы ғылыми әдістердің ішінен логикалық, тарихи, жүйелік, әлеуметтік әдістер қолданылды. Бұл зерттеудің теориялық негізі - қылмыстық құқық ғылымының көрнекті ғалымдарының еңбектері болып табылады.
Жұмыста заң әдебиеттерімен қатар философиялық, әлеуметтік еңбектер, интернеттік ақпараттар қолданылды.
Дипломдық жұмыстың ғылыми жаңалығы.
Дипломдық жұмыстың құрылымы мен көлемі - студент қойылған ғылыми зерттеу мәселелерінің шешімін табу арқылы көптеген мақсатқа жету қисындығына сәйкес құрылды. Зерттеу жұмысы кіріспеден, үш негізгі бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
1 АФФЕКТ - ҚЫЛМЫСТЫҚ-ҚҰҚЫҚТЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КАТЕГОРИЯ РЕТІНДЕ
- Қатты жан күйзелісі жағдайының түсінігі
Қоршаған ортада кезіккендердің бәрі адамда оларға деген қандай да бағамдау қатынасы мен сезімдер пайда етеді. Олардың бірі ұнап - қуантса, екіншісі - қапаландырып, жеккөрушілік тудырады. Сезім түрі сан-алуан. Төңіректегінің өзі де адамның белгілі бір сезіміне себепші болады, мысалы, түсі ұнамайды, дауысы жағымсыз, дәмі татымсыз және т. с. с. Өмір жағдайлары мен тұрмыс оқиғалары күрделірек сезімдерге себепші болады. Сезім ауқымы кең: өкініш пен қанағаттану, қуаныш пен қорқыныш, таңдану мен жеркену - мұндай сезім түрлерін шексіз келтіруге болады. Сезім - бұл адамның қоршаған ортаның болмыс заттары және құбылыстарымен қатынас жасауынан туындаған әрқилы формада көрініс беретін толғаныс, күйзелістер.
Кейде көп сезімдерге адамның өзі құштар. Егер ол сезімдер қандай да бір себеппен болмай қалса, адам «эмоциялық ашырқауға» келіп, оның орнын толтыру үшін ән-күй тыңдайды, әсерлі фильмдер көріп не қым-қиғаш оқиғалы кітаптар оқиды.
Психиканың эмоциялық көріністердің ең қарапайым түріне эмоциялар жатады. Эмоциялар латын тілінен аударғанда «шайқаңдату, толқыту» деген мағынаны білдіреді. Бұл - қоршаған ортада болып жатқан құбылыстарға адамның субъективті қатынасын білдіретін қысқа мерзімді мазасыздану сезімдердің психикалық бейнелену түрі. Олар субъект үшін қандай да бір маңызды қажеттіліктерді қанағаттандыру немесе қанағаттандырмаумен байланысты. Эмоциямен салыстырғанда сезімдер психиканың анағұрлым кең және жоғары деңгейдегі әлеуметтік, интеллектуалдық тұрғыда қаныққан көріністері болып табылады. Көп уақытқа созылған эмоциялармен сезімдерді бастан кешіру психиканың тұрақты, анағұрлым күрделі, іштей қарама - қайшылық тудыратын эмоциялық күйлерге ауысуына әкеліп соғады. Эмоциялық күйлер - ұзақ уақыт бойы психикалық үдерістерге реңк беретін, субъектінің бағыттылығы мен оның болып жатқан құбылыстарға, оқиғаларға, адамдарға қатынасын анықтайтын көңіл-күйді қалыптастырады. Белгісіз, қарама-қайшы сипаттағы жағдайлар орын алғанда субъект оның дағдылы іс-әрекетін бұзатын, жоғары мазасыздықты туғызатын екіжақты (амбивалентті) эмоциялық күйлермен, сезімдерді бұзуы мүмкін. Мұндай психикалық күйді ар-ожданы алдында азап шегіп, істеген ісі үшін өкінетін адамдар басынан кешіреді. Сонымен қоса, осы сәттерде оның жаза тарту алдындағы қорқынышы, жасалған қылмысқа қатысы бар екені дәлелденбейінше жауапкершіліктен қашу үмітіне ұласады.
Эмоцияның қазіргі заманғы тарихы У. Джеймстің 1884 жылы жарияланған «Эмоция деген не?» атты мақаласынан басталды. У. Джеймс және Г. Ланге пайымдаған теория бойынша: сезімнің туындау себебі - сыртқы ерікті қозғалыстар, сонымен бірге, ішкі еріксіз жүрек толғаныстарынан болатын кейіп өзгерістерінен. Осы өзгерістерден туындайтын адам әсерлерінің бәрі - эмоциялық күйді танытады. У. Джеймстің айтуынша, біздің қайғыруымыз - жылағанымыздан, қорқуымыз - қалтырауымыздан, қуанғанымыз - күлгенімізден.
Эмоцияның сыртқы көрінісін бейімделу процестерінің ерекше класы ретінде қарастыра отырып, Ч. Дарвин биологиялық эволицияда маңызды рөл атқаратын адамдар мен жануарлар арасында эмоционалды жағдайлардың объективті көрінуінің ортақтығына тоқталады.
Жануарларда «экспрессивті қозғалыстар» инстинктивті мінез-құлықпен қатар жүреді(тістерді жұлу, жүнін сезіну және т. б. ) . Адамдарда жануарлармен салыстырғанда эмоциялардың сыртқы көрінісі әлсіздеу болады. Олар бастапқы биологиялық маңыздылығын жоғалтады және рудименттер түрінде болады. Адамдардың эмоциялардың сыртқы көріністерінің өрескел сипатын баса көрсете отырып, Ч. Дарвин адамның эмоцияларының жануарлардан пайда болуы туралы тұжырымдама жасайды.
Адамның күшті эмоциялық күйлерді бастан кешіретінін оның үйке, эндокринді, жүрек-тамыр жүйелерінің ұызметінде әртүрлі өзгерістер, бет-әлпет көрінісі, сөйлеуі, психомоторикасы дәлел болады. Көп жағдайда бұл ішкі мүшелердің қызметіне, жүрек жиырылуының жиілігіне, қан қысымына, тыныс алу ырғағына, тер бөліну қарқындылығына, т. б. ықпал ететін вегетативті жүйке жүйесімен байланысты. Тергеушінің, прокурордың, қорғаушының әртүрлі қылмыстық, азаматтық үдеріске қатысушылармен психологиялық байланыс, өзара түсіністік орнатуында эмоциялық күйлер үлкен рөл атқарады.
Психикалық процестер мен жағдайлардың ерекше класы оның өмірін жүзеге асыру үшін сыртқы және ішкі жағдайлардың маңыздылығын анықтай отырып, субъектінің қызметін реттеу функциясын орындайтын эмоциялармен қалыптасады. Психологияда эмоциялар әдетте эмоция, сезім және аффект деп аталады.
Эмоциялар қарапайым және күрделі болып екіге бөлінеді. Қарапайым эмоцияларға үрей, қорқу, қуаныш, көңіл-күй, қайғы және т. с. жатады, ал күрделі эмоциялар - жан күйзелісі, торығу, фрустрация, құмарлық және т. б. жатады. Заң қызметкерлерінің тергеу және сот барысында жиі ескеретін күйдің бірі - аффект.
Жан күйзелісі - қысқа уақытқа созылатын, бұрқ етіп сыртқа шығатын өте қауіпті қалып. Бұл мезетте адам не істеп, не айтып, не қойғанын білмейді. Оның барлық әрекеті өзін ашуға жетелеген, ызаландырған нысанға бағытталады, олардың айғақтары толық және дәлелді емес. Заңгерлердің кәсіби еңбегінде көңіл бөліп ескеретін эмоциялық күйлердің бірі - фрустрация. Бұл - адамның мінез-құлқында жан күйзелісінде көрініс табатын психикалық күй. Адам өмірі көптеген шектеулер мен тыйымдардан тұрады, олар небір арман, тілектердің орындалуына кедергі келтіреді. Кез-келген адам мұндай ұзаққа созылған кедергілерге шыдай алмайды, шиелініскен проблемаларды шешуге мұршасы жеткіліксіз болғандықтан, небір жағымсыз қылмыс жасауға бел буады. Суицид, яғни, өз-өзіне қол жұмсауға әкеліп соғуы әбден мүмкін. Адамның алдына қойған маңызды мақсаттары мен мүдделері іске аспауы - агрессиялық мінез-құлықтың пайда болуындағы негізгі себеп. Шабуылға (агрессияға) қарама-қарсы келетін адамға тән сабырлық («толеранттық») қасиетті қалыптастыру жөн. Шиеленіскен жағдаяттар фрустаттарды әрқилы эмоциялық әрекеттерге бағыттап, жағымсыз күйге түсіреді: агрессия, депрессия, қызбалық әрекеттер.
Аффект жағдайында кез-келген эмоционалды процесс сияқты ішкі реттеудің психофизиологиялық процесі болып табылады. Физикалық іс-әрекет тұрғысынан алып қарасақ, бұл - күшті эмоционалды жан толқынысы. Бұл күйдегі адам өз іс-әрекеттерін басқара алмайды, керісінше, қорлауға қарсы өз-өзін қорғау барысында әрекет етеді.
Психологиялық құрылымында жан күйзеліс күрделі психикалық процесс болып табылады. Аффекті жағдайын психологиялық жағдай ретінде (белгілі бір уақыт кезеңіндегі психикалық іс-әрекеттің сипаттамасы) және психикалық процесс (эмоцияның даму динамикасы) ретінде қарастыруға болады. Аффект жағдайының маңызды қасиеті - бұл адамның санасына, оның барлық ақыл-ой әрекетіне әсер ету қабілеті. Сонымен, мінез-құлық кездейсоқтық, тәртіпсіздік, мақсаттылықтың бұзылуымен сипатталады.
Психологияда аффект (лат. «affectus» - эмоционалды толқу, құмарлық) - субъект үшін маңызды өмірлік жағдайлардың күрт өзгеруімен байланысты және айқын қозғалыс көріністері мен ішкі ағзалар қызметіндегі өзгерістермен байланыс күшті және қысқа мерзімді жағдай болып табылады. Аффект жағдайы адамды сана мен еріктен айырады. Ол жан тыныштығына қарама-қайшылықты білдіреді. Аффект жағдайы бұрын болған оқиғаға байланысты пайда болады және адамның ішкі жан күйзеліс жағдайына негізделеді. Психологиялық әдебиеттерде, аффект жағдайы субъектінің көбінесе күтпеген жағдайда қауіпті жағдайдан шығатын амал таппағанда дамиды. Аффект жағдайы адамның психикалық жағдайын кенеттен өзгеріске ұшырататын, әртүрлі жағдайлардан пайда болуы мүмкін. Аффект жағдайына тап болған субъект жағымсыз сезімнен бастап таңғаларлық күшті әсерге ие болады және ол сал ауруына душар болады немесе өлімге әкеліп соқтырады. Аффект жағдайының ерекшелігі сана-сезімінің тарылуы болып табылады. Субъектінің назары аффект жағдайын тудырған жағдайлар мен олар жасаған әрекеттерге толығымен ауады. Субъектінің санасының бұзылуы осы оқиғаны тудырған жағдайдың жекелеген эпизодтарын кейіннен еске түсіре алмауы ықтимал, ал күшті жағдайларда - есін жоғалтуға және толық амнезияға әкелуі мүмкін.
Невроздың эксперименталды моделін құру жөніндегі жұмысында И. П. Павлов суперстронгтың қоздырғыштары ағзаға әсер еткен кезде, жүйке процестерінің өзара әрекеттесуі ми қабығындағы қозу немесе тежелу процестерінің шектелуіне байланысты бұзылатынын көрсетті. Бұл қозу немесе тежеу бағытында жоғары жүйке белсенділігінің бұзылуын тудырады. Екі төтенше жағдайға осындай өткір ығысулар (толқу және тежеу) тек өткір жағдайлардан туындайды және физиологиялық негізде аффект астеникалық (қорқыныш, қайғы т. б. ) және стеникалық (ашу, ыза) болып бөлінеді.
Астеникалық аффект жалпы «тежелуге» дейін, босаңсу, жалпы артта қалумен, релаксациямен сипатталады. Ал стеникалық аффектте денеде маңызды вегетативті, биохимиялық алмасулар орын алады. Бірақ, сонымен бірге бұлшықет тонусы жоғарылайды, тыныс алуы жиілейді, жүрек қызметі, тамыр жағдайы, қан қысымы, адреналин және қан деңгейі өзгереді. Адамның физикалық мүмкіндігі артады. Бұл - дененің қорғаныс режиміндегі реакциясы - энергияны жұмылдыру. Ашуланғанда адам қаны қайнап, бет-әлпеті күйіп, бұлшықеті кернеуленетінін сезеді. Күш-жігері өзін ренжіткен адамға тап беруге, шабуылдауға итермелейді. Ашу қаншалықты күшті болса, адам соғұрлым өзін жігерлі, мықты сезінеді.
Денеде пайда болатын мұндай терең өзгерістер адамның сыртқы келбетіндегі ерекше көріністермен бірге жүреді. Бетінің бозаруы немесе қызаруы, дауыс тембрінің өзгеруі, дірілдеген еріндер мен қолдың қозғалысы, тыныс алу, сөйлеу мен дауыстың үзік-үзік шығуы - аффектінің сыртқы белгілері болып табылады. Т. Рибот бұл жағдайды былай сипаттаған: «танаулар кеңейеді, еріндер ашылып, тістер көрінеді, дауыс дөрекі бола бастайды, есту қабілеті нашарлайды, сөйлеу жиіленеді және т. б. ».
Адамда болатын аффект жағдайының белгілері:
- Сезім мүшелерінің бұзылуы. Аффект жағдайы есту қабілетіне (құлақтағы шу), көру қабілетіне (көздегі қараңғылық және т. б. ), сезімталдыққа (адам дене жарақатын алады, күйдіред, немесе кеседі, бірақ оны елемейді) әсер етуі мүмкін.
- Бет-әлпетінің өзгеруі: кенеттен бозаруы немесе қызаруы.
- Жүрек қағысының күшеюі. Импульстің тамақ тұсынан соғуы, жүрегінің кеудені жарып шығардай сезінуі.
- Сөйлеу қабілетінің бұзылуы. Адам жақ және жұтқыншақ бұлшық еттерінің спазмына байланысты сөйлеу мүмкіндігінен айырылуы мүмкін.
- Адамның дірілдеуі, оқыстан терлеуі немесе алақанның құрғауы.
- Асқазан мен ішектің мазалауы. (диарея, іш қату, жүрек айну) .
- Соңына таман, күрт әлсіреуі, тонның түсуі, физикалық әрекеттер жасалса да, жасамағандай сезінуі, Қылмыскер аффект жағдайында кісі өлтіргеннен кейін жәбірленушінің қасына жай құлап, ұйықтап қалатын жайттар болған.
- Есте сақтау қабілетінің бұзылуы: адам мүлдем есте сақтамайды немесе аффект жағдайында не істегенін еміс-еміс есінде қалуы мүмкін.
Айналасындағы адамдар мынандай ерекшеліктерді байқауы мүмкін:
- Бірінші кезеңінде, аффект жағдайы әсер етпеген кезде, адамның қобалжуы артады, көп қателеседі және аз қимыл-қозғалыс жасайды.
- Ол өзіне бағытталған сөз бен ақпараттарды қабылдауы нашарлайды, өз икемділігін жоғалтады.
- Негізгі белгісі - реакциясы кенеттен жән жарылғыш сипатында болады.
Аффект жағдайы он шақты секундтан еі-үш минуттан артық емес уақытқа созылады.
Психология ғылымында әдетте аффекта ашу, ыза, қорқыныш, үрей, қуаныш, қайғы-қасірет болып ажыратылса, ал қылмыстық құқықта аффектінің ең басты түрі ретінде ашу мен қорқыныш болып табылады.
Сараптамалық тәжірибеде аффект жағдайын патологиялық және физиологиялық деп бөліп қарастырады. Алайда, дифференциалдық диагностика негізінде ұзақ уақыт бойы көптеген дау-дамайлар мен талас-тартыстардың негізгі тақырыбы болды.
«Физиологиялық аффект» түсінігі әдебиеттерде және сараптамалық тәжірибеде патологиялықтан ажыратылып, аффектінің психикалық қалыпты жағдай ретінде пайда болды және қалыптасты. Ал «патологиялық аффект» түсінігін 1867 жылы Р. Крафт-Эбиннің ұсынысымен енгізілді және де бүгінгі күні жалпыға бірдей негізде қолданылады.
Ұзақ уақыт бойы кеңінен тараған тәсілдердің бірі - психикалық сау және психикалық ауруға шалдыққан адамда пайда болатын физиологиялық және патологиялық аффектінің айырмашылығы.
Әдебиеттерде және сараптамалық тәжірибеде патологиялық аффект тек ақыл-есі кем, психологиялық ауруға шалдыққан адамдарда пайда болады деген көзқарас басым болды және адамның ақыл-ой әрекетінің уақытша бұзылуы оның пайда болуы үшін жеткілікті болып саналды. Физиологиялық аффектінің дамуы тек ақыл-ойы сау адамдарда болады деген болжамдар айтылды. Ақыл есі дұрыс адамдарда болатын аффект жағдайы психикалық ауруға шалдыққан жандардан дамуы бойынша ерекшеленді.
Я. М. Калашниктің ойынша, патологиялық аффект жағдайында психологиялық ауытқуы бар адамдарда оңай пайда болады. Алайда тәжірибе тұрғысынан алып қарасақ, патологиялық аффект жағдайында деп субъекті белгілі бір жағдайдан тыс уақытта психикалық есі дұрыс болса, психикологиялық әрекеттің әсерінен уақытша ауырсыну өзгерісінен пайда болғанда айтқан орынды.
Патологиялық аффект жағдайында дені сау адамда, әдетте, организмге әсер ететін әртүрлі факторлардың ықпалынан пайда болады.
Ұзақ уақыт бойы аффектінің тағы да бір тәуелсіз түрі - патологиялық негізде физиологиялық аффект жағдайына әсер етуі. Бұл жерде маскүнемдердің, психопаттардың, истерикаға шалдыққан тұлғаларда пайда болатын аффект жағдайы жөнінде айтылып тұр. Мұндай жағдайда, әдетте, субъекті әрқашан өз әрекеттерінің мәнін толық түсіне алмайды, басқара алмайды. Сондықтан, патологиялық негізде физиологиялық аффект жағдайына әсер етуі сана-сезімі бұзылмаған және де патологиялық аффект жағдайының белгілері жоқ адамға да әсер етуі мүмкін. Ол патологиялық аффекті жағдайымен теңестіріліп, психологиялық тұрғыда жетілмеген адамдардың жасаған заңсыз әрекеттері үшін қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін.
Уақытша ауыратын психикалық бұзылыс болып табылатын патологиялық аффект жағдайын фиизологиялық аффект жағдайынан ажыратып алу керек. Адам өз әрекеттерінен хабардар болу және оны бағыттау мүмкіндігін жоғалтады. Осылайша, бұл жағдай қылмыстық жауаптылықты жоққа шығарады. Өйткені, өз әрекеттерінің нақты сипаты мен қоғамға қауіптілігін сезіне алмайтын немесе созылмалы және уақытша психикалық бұзылулар, деменция немесе басқа психикалық аурудың салдарынан оны басқаруы мүмкін емес ақыл-есі кем адам қылмыстық жауапкершіліктен босатылады.
Физиологиялық аффект жағдайы - адамның мінез-құлқына айтарлықтай әсер ететін тез дамитын эмоционалды толқу. Ол уақытша психикалық ақыл-сананың бұзылуы емес және оның пайда болуы психикалық аурумен байланысты емес.
Аффект жағдайының табиғатын, және осы жағдайда жасалған кісі өлтірудің мәнін түсіну үшін адамның психикалық іс-әрекетінің басқа құбылыстарымен салыстарғандағы физиологиялық аспектісін қарастыру керек.
Психология мен психиатрияда аффект жағдайының патологиялық және физиологиялық болып бөлінуі жалпылама қабылданған болып саналады. Оларды ажыратылуы оның кімде пайда болғандығында емес, аффект жағдайының белгілері қаншалықты ауыр екендігіне, сана-сезімнің әлсіреуіне, әлсіздікке немесе патологиялық және физиолгиялық аффект жағдайының сапалық айырмашылығын басқа белгілерге байланысты. Аффект жағдайының екі түрі де үш кезеңде дамиды: дайындалу, аффективті белсенді әсері(жарылыс) және қорытынды сатысы.
Сонымен бірінші сатысы - дайындық. Патологиялық аффект жағдайы күтпеген күшті қоздырғышқа қарсылық білдіру кезінде, кей жағдайда, себепсізден себепсіз пайда болады. Ал физиологиялық аффект жағдайы
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz