Журналисттің ақпарат таратудағы тапқырлығы



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
ҚР БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
Қазақстан Республикасының жоғарғы оқу орындары арасында өткізілетін жыл сайынғы республикалық студенттердің ғылыми-зерттеу жұмысы

5В040500 - Журналистикамамандығы
Заманауи қоғамның дамуындағы әмбебап журналистерді дайындау мəселесі

Ұран: Әмбебап журналист - заман талабы
Тірек сөз: жаңа медиа

СҒЗЖ байқауына қатысатын автор мен ғылыми жетекші туралы
МӘЛІМЕТ

АВТОР
1. Тегі: Жақан
2. Есімі: Мөлдір
3. Әкесінің аты: Нұрланқызы
4. Курс: 3
5.Мекен жайы: Қарағанды қ., Язев - 8 көшесі, 34-пәтер. Қарағанды қ.,

ҒЫЛЫМИ ЖЕТЕКШІ:
1. Тегі: Рамазанова
2. Есімі: Жанар
3. Әкесінің аты: Сембековна
4. Ғылыми дәрежесі: Филология ғылымдарының кандидаты
5. Лауазымы: Журналистика кафедрасының доценті
6. Мекен жайы: Қарағанды қ., Н.Әбдіров 282 - 75 п.

Ғылыми жұмыстар жөніндегі проректор Х.Б.Омаров

Ғылыми жетекші: Ж.С. Рамазанова

Жұмыс авторы: М.Н. Жақан

Ғылыми жұмыстың аннотациясы

1. Тақырыбы: Заманауи қоғамның дамуындағы әмбебап журналистерді дайындау мəселесі
2. Мемлекеттік ғылыми-техникалық ақпараттық рубрикаторы: 163102
3. ЖОО: Академик Е.А.Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті
4. Жұмыстың аяқталған жылы: 2018
5. Жұмыс көлемі: 23 бет
6. Қосымша саны: -
7. Иллюстрация саны: 3
8. Кесте саны: -
9. Әдебиет тізімінің саны : 7

1. Жұмыс сипаттамасы: Бұл мақалада қазіргі таңдағы жаңа медианың дамуы және оның қыр-сыры жайлы айтылған. Сондай-ақ, ең бастысы - осы салада білікті де білімді мамандарды қалай даярлауға болатыны жайлы сөз қозғалды. Конвергентті журналистикаға анықтама келтіріліп, оның түрлері ажыратылған. Жоғарғы оқу орындарында әмбебап журналистті дайындап шығудың жолдары саралап жазылған.
2. Зерттеуде қолданылған әдістер:
Баяндау
Жинақтау
Жүйелеу
Салыстыру
Талдау
тұжырым жасау әдістері қолданылды.
3. Ғылыми зерттеудің негізгі нәтижелері: Журналистік білім берудегі теория мен тәжірибенің тепе-теңдігі атты мақала жарыққа шықты. Әмбебап журналистерді даярлауға қажетті үлгілер мен оқытудың негізгі бағыттары анықталды. Әр болашақ журналист теория мен практика тепе-теңдігіндегі алшақтықты жоюға ықпал етеді.
4. Ғылыми зерттеулерді растайтын құжаттар: жоқ
Автордың қолы:

МАЗМҰНЫ:

КІРІСПЕ:

1.1 Әмбебап немесе мультимедиялық журналист деген кім? ... ... ... ... ... 7
1.2 Конвергентті журналистика және оның қыр-сыры ... ... ... ... ... ... ... ..8
1.3 Жоғарғы оқу орындарында әмбебап журналистерді
дайындау мәселесі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...15

ҚОРЫТЫНДЫ:
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР:

Аннотация
Бұл мақалада зaмaн тaлaбы бойыншa унивeрcитeт қaбырғacында бәceкeгe қaбiлeттi, caпaлы кaдр дaйындaу, cтудeнттeрдiң кәciби бiлiктiлiгiн aрттыру мәселелері қамтылған. Қазіргі БАҚ тәжірибесіндегі конвергентті журналистика, жаңа медиа, мультимедиалық журналистика деген сияқты жаңа ұғымдарының ерекшеліктері сараланып жазылған. Әмбебап журналисттерді дайындаудағы қажеттіліктер анықталды. Автордың жүргізген зерттеуінің нәтижесінде жоғарғы оқу орындарында білікті де білімді маман шығару үшін оқытудың кейбір үлгілері ұсынылды.

Аннотация
В данной статье рассмотрены проблемы подготовки конкурентоспособных, высококвалифицированных кадров в стенах университета по современным требованиям. Проанализированы характерные особенности новых понятий, таких как конвергентная журналистика, новая медиа, мультимедийная журналистика. Выявлены и обоснованы все необходимости в подготовке универсальных журналистов. На основе проведенного исследования автором предлагается некоторые примеры обучения в вузах для выпуска квалифицированных и высокообразованных специалистов.

Annotation
This article deals with the problems of training competitive, highly qualified personnel in the University according to modern requirements. The characteristic features of new concepts such as "convergent journalism", "new media", "multimedia journalism"are analyzed. Identified and justified all the need for the training of universal journalists. On the basis of the study the author offers some examples of training in universities for the release of qualified and highly educated professionals.

Кіріспе

Ғылыми жұмыстың өзектілігі: Заман күннен күнге дамып жатыр. Ақпараттық және коммуникативтік технологиялар ортақ ақпараттық ресурсқа құйылып, интеграциялануда. Осыған байланысты журналистика да қоғамның өзге институттары секілді біраз өзгерістерге ұшырады. Сондықтан, бүгінде әмбебап журналистер жоғары тапшылыққа ие. Ал осы әмбебап журналистерді университет қабырғасында қалай дайындау қажет? Нендей бағытты ұстану керек? Бұл мақалада осы сұрақтарға жауап беруге тырыстық.

Жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Журналистік білім берудегі теория мен практиканың тепе-теңдігін сақтаудың тиімді тетіктерін көрсету. Оқытудың жаңа үлгілері мен бағыттарын анықтау. Жаңа медиадағы пайда болған терминдерді ажырату. Конвергентті журналистиканың қыр-сырын саралап жеткізу. Журналистік білімнің алдында тұрған жаңа мақсатты айқындау.

Зерттеу нысаны: Қарастырылып жатқан мәселенің шетелдік үлгілері, дүниежүзінде қалыптасқан оқытудың негізгі бағыттары, т.б.

Зерттеу бөлімі:

0.1 Әмбебап немесе мультимедиялық журналист деген кім?
Жалпы, адамзат өркениетінің даму сатысында бірнеше ақпараттық серпілістер болды. Олардың алғашқысы - жазу арқылы ақпараттың ұрпақтан-ұрпаққа жетуі. Екіншісі - баспа ісінің пайда болуы. Үшінші серпіліс - электрдің пайда болу нәтижесінде қалыптасқан телефон, теледидар, радио секілді т.б. ақпарат тарату құралдарының дамуымен ерекшеленеді. Ал, ХХ ғасырдың соңынан басталатын төртінші серпіліс - копьютерлік технологияның желілік технологиямен бірігуі нәтижесінде қалыптасып, ақпараттық-коммуникациялық технологиясы атанған жаңа ақпараттық серпіліс. Бүгінде осы ақпараттық серпіліс дәуірді таңқаларлық өзгерістерге бастар негізгі күшке айналып келеді. [1,11 б.]
Журналистиканың өзге мамандықтардан ерекшелігі - бірнеше саламен ұштасуында. Бұрын журналистің қаруы - қалам мен қағаз болса, бүгінде олардың қатарына компьютер мен ғаламтор қосылды. Жаңашылдықтың ықпалымен журналистикада жаңа терминдер, түсініктер қалыптасты. IT әлемге қадам басып келе жатқан бұл саланың мамандары бірте-бірте әмбебап журналист, мультимедиалық журналист болуға дағдыланып келеді. Сұраныс пен талап артқан уақытта, әмбебаптылық өте маңызды.
Мультимедиаша баяндау журналистерді мәтін жазып қана қоймай, аудиофайл жазып, фото, видео түсіріп, оларды өндеп, монтаждауға үйретеді. Журналист медиа құрылымдарды игере отырып, мультимедиалы контент ұсынып, жаңартып отырса, әрі ол оқырманға өтімді болса, жаңа медианың қарқынды түрде дамып келе жатқандығын көрестеді. Оқиғаға байланысты мақала жазу, видеосын ұсыну, аудио түсінік беріп, ғаламторға сілтеме жасау тек конвергенттікті емес, журналисттің кәсіби шеберлігін де талап етеді. Конвергентті журналист болу деген жаңа бір түсінік емес. Журналисттің ақпарат таратудағы тапқырлығы. Демек бұл үрдістің қалыптасқанына біраз уақыт болған. Батыста конвергентті журналистиканың дамуы, коммерциялықпен байланысты. Яғни, бәсекеге қабілетті болу үшін, журналист өз еңбегін әртүрлі қырынан көрсете білуі шарт. Мультимедиялық журналистика - бұл журналистік материалды жеткізудің қандай да бір түрі. Бұл бір тақырыпта жазылған, бірақ құрамында бірнеше формат - фото, видео, мәтін, инфографика, интерактив бар медаиөнім болып табылады. Форматтардың үйлесімділігі әртүрлі, алайда сол материалда ортақ мағына, мақсат, тақырып, идея және мәселе болуы тиіс. Мультимедиялық журналистика бұл ретте телевизиялық, радио және газет журналистикасымен бір қатарда тұрады. Бұл - ақпаратты жеткізудің басқа тәсілі, шығармашылық туындының басқа амалы. Телеарна адамы жақсы кадрға жоғары сезімталдықты және қозғалысты, радио адамы "дұрыс" дыбыс шығаруды, ал "мәтінші" баспа тілін жеткізуді алға қойса, мультимедия адамы үйлесімділікті қамтамасыз етеді. Мультимедиялық журналистикада мобильді журналист түсінігі танымалдылыққа ие болып келеді. Бірақ мультимедиялық журналистика мұнымен шектеліп қана қоймайды.
Мультимедиялық журналистика - бұл жалғыз - жарым журналистің жұмысы емес. Бұл - командалық жұмыс. Мультимедиялық журналистер мен бірмедиялық журналистер бар. Бұл қалыпты жағдай. Сонымен, мультимедиялық журналистика дегеніміз не? Үш ұғымға бөліп қарастырсақ:
1).Мультимедиялық журналистика - бұл журналистік материалдарды ұсынудың қандай бір нақты түрі.
2).Мультимедиялық журналист - бұл материалды өңдеп және монтаждай алатын бірнеше адам емес, бұл мультимедиялық тұрғыда ойлай алатын, түрлі жобаларда өзіне бірнеше рөлді ала алатын адам (монтаж, дыбыстау, мәтін жазу, сұхбат алу)
3).Мультимедиялық редакция бірнеше мамандардан тұруы тиіс. Олардың барлығы да мультимедиялық журналистер болуы міндетті емес.
Ең бастысы - журналист бәсекелестік салада өзін жақсы көрсете білуі тиіс. Бұл тұрғыда қазіргі уақытта барлық БАҚ бәсекелестікке қабілетті деу қиын. Сондықтан, жеке бас пен журналистік қызмет бәсекелестікке қабілетті болуы қажет.

1.2 Конвергентті журналистика және оның қыр-сыры
Бірнеше медианың бір арнада тоғысуы немесе мультимедиалық өнімнің интернетте өзара ықпалдасуы - конвергентті журналистика деп аталады. Бүгінде оқырмандар визуалды ақпаратты қажет етеді. Мәселен, оқиға орнынан түсірілген видео немесе фото ұзын әрі ұзақ мәтінді оқығаннан гөрі түсініктірек. Сондықтан әр түрлі медиа құрылымдарды біріктіруші конвергентті журналистиканы интернет сайттарынан, блогтардан табамыз. Демек, оқиғаны жан-жақты кеңейтіп баяндау үшін интернеттің үлесі зор. Яғни жоғарыда атап өткен визуалды ақпаратты медианың барлық түрі арқылы (аудио, видео, фото, инфографика) көруге болады. Бұл Мультимедиа анықтамалығында атап көрсеткендей ақпаратты қызықты, түсінікті, ең бастысы интерактивті етіп баяндауға көмектеседі. Конвергентті журналистиканың оқиғаны баяндаудағы маңызы:
oo мәтін - сараптаманы жеткізеді.
oo аудио мен видео - адамның эмоциясын, оқиғаның шиеленіскен тұсын жақсы жеткізеді.
Басқаша айтқанда, конвергентті журналистика дегеніміз - ақпараттық және коммуникативтік технологиялардың ортақ ақпараттық ресурсқа құйылып, интеграциялануы. Мәскеу мемлекеттік университетінің шетел журналистика кафедрасының оқытушысы Павликова Марина БАҚ және коммуникацияларды зерттеушi канадалық Дэнис Макуэйлаға сүйене отырып, келесi анықтама бередi: Бұл бiр маңызды өнiмнiң әртүрлi арналарға әртүрлі құралдармен таратуы. А.Г. Качкаева конвергенцияны төмендегідей жіктеуді ұсынады:

- Конвергенция - бұл медиахолдингтің медиа-стратегиясы;
- Конвергенция - бұл тактика;
- Конвергенция - қайта қаптау;
- Конвергенция - бұл ақпаратты жинақтау және өңдеу;
- Конвергенция - ақпарат берудің жаңа түрі.

Сонымен, конвергенция - бұл бірыңғай контентті әр түрлі құралдармен (мәтін, дыбыс немесе видео) және коммуникацияның әр түрлі арналары (пресса, телекөрсетілім, радио, Интернет) арқылы тарату.
Алғаш рет Хелемендик В.С. БАҚ қызметінің жаңа тәсілін және бұқаралық ақпарат құралдарының жүйесі анықтамасын 1977 жылы енгізді. Нәтижесінде БАҚ-тың дәстүрлі жүйесі өзгерді. Қазіргі газеттер, радио, телекөрсетілім және Интернет жақындасу пайда болатын мультимедиалық ортада қызмет етеді. Хелемендик бұқаралық ақпарат коммуникация координациясының негізгі принциптерін былайша көрсетті: ерекшелігі, мазмұнын жүйелі түрде түзетуі, қызметтің ортақтығы және басылым, радио және телекөрсетілімнің өзара тәуелділігімен, олардың өзара әрекеттесуін мойындау организациялық құрылымы өзгереді және қазіргі таңда дербес газет, радио, телекөрсетілімнің жалпы ақпараттық орталыққа бірігуі олардың бұқараға эффекті әсер етеді.
Яғни, конвергентті журналистика - теория мен тәжірибе ұштастығы. Қазіргі ғылым үңілген сайын тереңдейді, қараған сайын ұлғая түседі. Интернет арқылы толассыз таралып жатқан ақпараттар ағынын түгел толықтай игеріп, түсіну мүмкін емес. Осындай ақпараттар медиа-конвергенция деген сәндік үдерісті құрап, құрамы тек қана әмбебап журналистерден тұратын конвергенциялық редакциялар өмірге келді. Конвергентті журналистика термині қалай пайда болды? Конвергенция (convergо - жанасу, қосылу) сөзі биология, этнография, тіл білімдерінде үйлестіру, жанастыру үдерістерінің баламасы ретінде қабылданғанына біраз уақыт болды. 1970 жылдан бастап термин компьютер, телефон, теледидар сияқты ақпараттық-коммуникативтік технология платформаларына қолданылып, бүгінгі таңда одан да ауқымды ұғымға ие болып отыр. Дигитализация, былайша айтқанда, компьютерлік парктің ұлғайтылуы мен контенттің цифрлық түрі жетілдірілуі - бір тұлғаның бірнеше қызметті қатар атқара алуына жол ашады. Бұл тұрғыда журналистің бойынан репортер, жазушы, фотограф, дизайнер, әдеби редактор, вёрстка жасаушы, кеш жүргізуші, монтаж жасаушы деген сынды сан қырлылықты кездестіруге болады. Басқа да шығармашылыққа қатысты қабілеттер бір бойынан табылмаған маман конвергентті редакция штатынан қысқартылса, өзінен өзге ешкімге өкпе арта алмас. Репортердің дәстүрлі түсірілімі қолындағы блокноты мен микрофоны, диктофоны, иығындағы ауыр телекамерасы арқылы жүзеге асады. Оған артында шұбатылып жататын сансыз сымдарды қосыңыз. Бүгінгі заманда бұл құралдардың барлығы төс қалтаға сыяды және тек кәсіби мамандарда ғана бар дүние емес. Сол себепті онлайн режимде оқиға орнынан редакцияға тікелей репортаж беру конвергентті журналисті басқалардан ерекшелейді. Медиадағы конвергенция - төртінші билікті негізгі ғылыми құрылымдарды біріктіруге шақырады. Медиа-өнімдердің жанрлық және стилистикалық шекарасын нығайтады, нарықтық параметрдегі маңызын ұлғайтады. Басылым иесіне журналистиканың әмбебаптануы идеясын тудыратын энтузиазмды дәл осылай түсінуге болады. Конвергентті ақпараттық өндіріс - күтпеген оқиғаларға, қиын жағдайларға ұжымды кәсіби икемдеуге арналған жүйе [2]
Мердок Макленнан, The Telegraph медиа тобынын жетекшісі: Жұрттың бұқаралық ақпарат құралдарына деген талабы өзгерді. Оларға құр газет емес, түрлі ақпарат көздері арқылы таратылатын контент қажет болды. Және олар контентті күніне 24 сағат, аптасына 7 күн қатарынан қажет етті. Демек, конвергенция журналистиканың кезекті даму сатысы.
Кейбір зерттеушілер конвергенттілікті үш үлкен сатыға бөліп қараймын.
Гаджеттер конвергенциясы
Журналист дегенде дәстүрлі түрде қолында блокноты мен қаламы бар адам көзге елестейтін. Телевизия дәуірінің арқасында оның образына камера мен микрофон қосылды. Ал қазір журналист кім? Жақсы бір смартфоны болса, кез-келген адам журналист болып кете алады деген пікір де бар.
Мамандықтар конвергенциясы
Журналист тек жазу білу керек деген түсінік жойылды. Өзі жазып, өзі суретке немесе видеоға түсіріп, монтаждап және басқа да манипуляциялар жасайтын әмбебап маманға айналды. Демек бұл айтып отырғанымыз журналистік конвергенцияның кәсіби сатысы немесе формасы.
БАҚ түрлерінің конвергенциясы
Бұл үздіксіз процесс. Радио газетке жарияланған материалдарды тыңдарманға аудио арқылы жеткізу арқылы конвергенцияның алғашқы сатысын бастады. Телевизия мұны тереңдете түссе, Интернет әбден шарықтау шегіне жеткізді. Қазір уеб-сайт әрі газет, әрі радио, әрі телевизия.
Мысалы, жанрлар конвергенциясын Асаубек Айымбетов Еуразия бірінші арнасында Басты жаңалықтарында сәтті қолданып жүр деп айтуға болады. Бұл хабардың уақытының басқалармен салыстырғанда кештігі жаңалықтар форматын өзгертуге мәжбүр етті. Демек, конвергенцияға тағы да объективті фактор себеп болып отыр. Эфирге шығам дегенше көрермен күннің басты жаңалықтарынан хабардар болып үлгереді. Сондықтан рейтингті жоғалтып алмау үшін мамандар бұрын басы қосылмаған жанрларды біріктіруге тырысқан.

Конвергентті журналистикада оқиға мына ретпен тарайды:
1. Келіп жеткен ақпарат туралы сайтқа бір-екі абзацты хабарлама жарияланады.
2. Болып жатқан оқиға туралы толығырақ ақпаратты қайдан алуға болатынын хабарлайтын радио хабар таратылады.
3. Видео түсіріліп, теледидардан жаңалық айтылып, радиодан оқиға туралы сайттағы ақпарат таратылады.
4. Сайтқа толықтырылған мәтін видеомен бірге жарияланып, газетке басылып шығуы ықтимал графиканың кескіні жарияланады. Сайттарға мәтіннің бәрінде сілтемелер болады.
5. Күндізгікешкі радио және теле жаңалықтарға оқиғаның толық нұсқасы әзірленеді. Радио және теле жаңалықты таныстырғандар оқиға туралы толық ақпаратты сайттан және ертең жарық көретін газеттен оқуға болатынын ескертеді.
6. Газет жарық көреді. Газеттегі мақалада оқиға қатысты видеоны, аудионы және тағы басқа қосымша сілтемелерді сайттан табуға болатыны хабарланады
Оқиғаның хабарлану реті медиа ұйымның қолында бар ресурстарға орай түрленуі ықтимал. Енді "осындай жүйеде қызмет ететін журналист қандай болуы керек?" деген сауал туындайды.
Конвергентті журналист жоғарыдағы медианың барлық түрінде ақпараттың қалай әзірленетінін білуі тиіс. Яғни, оқиға туралы ақпарат Интернетте, радиода, баспасөзде қалай көрініс табатынын терең түсінуі керек. Жанры қандай, мәтіннің тілі қандай, Интернетке түсірілетін видеоның, үнхабардың, мәтіннің теле мен радио станцияға жіберілетінінен айырмасы қандай, қандай сілтеме мен графика болғаны тиімді т.с.с. әрі ең бастысы ақпараттың бірнеше медиа платформада көшіп жүретінін есте сақтауы тиіс. Қысқаша бұны "мультимедиаша ойлану" дейді.
Ең алғаш қазақ журналистикасын конвергенциялау қажеттілігі жайлы "Ақпаратты Қазақстан - 2020" атты бағдарламада айтылған болатын. Ал Америкада конвергенттілік құбылысы газеттегі жарнаманың құны түсіп, Интернет арқылы жарнама тарту үшін жанталасумен басталды. Ормандарды сатып алып, қағаз бизнесіне ақша құюдың тиімді емес екенін түсінуден ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Интернет журналистиканың даму сипаты және Қазақстанның ақпараттық кеңістігі
Бүгінгі қазақ телеарналарындағы жаңалықтардың берілу тәсілі (31 телеарна негізінде)
Қазақ телевизиясының алғышшартары
Тележурналистика жүйесіндегі сұхбат жанры
Зерттеу жұмысының ғылыми жаңалығы
ВЗАИМОДЕЙСТВИЕ ИНТЕРНЕТ - ЖУРНАЛИСТИКИ И ТРАДИЦИОННЫХ СМИ
Журналист тұлғасын қалыптастыру факторлары
Интернет журналистиканың пайда болу тарихы
Телехабар - теледидар бағдарламаларын құру және оларды эфирге тарату
Сұхбат түрлері
Пәндер