Көзқарас және философия


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 22 бет
Таңдаулыға:   
№ 1 ЕМТИХАН БИЛЕТІ
  1. Көзқарас және философия. Мифология, дін және философияның арақатынасы

Философия дүниегекөзқарастың бір түрі. Дүниегекөзқарас- дүние туралы жалпы пікірлер жиынтығы және адамның әлемдегі орыны жайлы көзқарасы. Тарихи тұрғыда қарайтын болсақ, дүниегекөзқарас үш негізгі типтен тұрады: Мифологиялық, діни, философиялық.

Мифология (гр. Myfos-аңыз, logos-ілім) - әлемді фантастикалық және ақиқат жағдайда түсінетін қоғамдық сананың бір түрі. Мифологиялық туындыларда әлемнің қалыптасуы, жер, адам, тіршілік, өмір және өлім секілді мәселелер көп кездеседі. Мифтің ерекшелігі: табиғат және табиғат құбылыстарына жан бітіру, фантастикалық құдайлардың болуы, олардың қарым-қатынасы, адамзат баласымен араласуы т. б.

Дін- бәрінен жоғары жаратушы күшке және оның қоршаған орта мен адам баласына әсері бар деп есептейтін сенім-нанымға негізделген көзқарас формасы. Діннің мифологияға ұқсастығы бар: Әлемнің пайда болуы, жер бетіндегі тіршілік, адамның іс-әрекеті туралы адамгершілік-этикалық мәселелерді алға қояды. Қоғамды игі істерге шақыруда: мәдениеттің қалыптасуына әсер етуімен қатар адам баласын сыйласымдылыққа, әділеттілікке, төзімділікке тәрбиелеп, өзіндік парыз мәселесін түсіндіруде діннің атқарар маңызы ерекше.

Философия - дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы- нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.

  1. Герменевтика - түсінудің жалпы теориясы. Фридрих Шлейермахер, Вильгельм Дильтей

Герменевтика - гр. һегmeneutikos - түсіндірмелік, талқылаушылық - классикалық түсінікте - мәтіндерге (текст) түсінік беру өнері. Саяси консалтингта да мәтіндерді түсіндіріп, талдауда, адамның немесе әлеуметтік топтың мінезқұлқын талдау технологиясында қолданылады.

Герменевтика ежелгі антикалық дөуірде көне ақындардың (ең алдымен - Гомердің) шығармаларындағы рәміздерді, таңбаларды, құпиялап айтуларды түсіндіру тәсілі ретінде қалыптасқан. Орта ғасырларда Библиядағы көркем бейнелер мен меңзеп айтуларды түсіндіруге байланысты герменевтиканы діни өкілдер жан-жақты қолданған. Қайта Өрлеу дәуірінде Герменевтика антиктік мәдени мұралардың тілін тірі, сол замандағы мәдени тілге аудару мақсатында пайдаланылған. Ф. Шлейермахер еңбектерінде Герменевтика Қасиетті Жазу мәтіндеріндегі астарлы тілді Жаңаша түсіндіру үшін кеңінен пайдаланылды. Ол үшін догматтар мен рәміздер діндарлық сезімдер болып табылады, дамушы діни тәжірибе сенімінің субстанциясына айналды. Шлейермахер қазіргі философиялық ұғымдарды қолдану тәжірибесі арқылы ескі діни мәтіндерге жаңа мазмұн беруге болады дейді. Неміс ғалымы, (1768-1834), «Герменевтика» трактатының авторы Фридрих Шлейермахер қазіргі герменевтиканың негізін қалаушы деп есептелінеді. Шлейермахер әдісінің ерекшелігі - бұл логика және риторикалық категорияларды ғана емес, сонымен бірге «ішкі логика» жолы арқылы туындының «санасыз» ұғыну түйістіктерін қосу. Басқа неміс ғалымы В. Дильтей «Герменевтиканың пайда болуы» кітабын жазды, сол кітапта суретшінің рухани өмірі «ішкі шынайылығын» ұғынуға шақырған. Әдеби герменевтикада өнер туындысын шығармашылық қызметтің бірыңғай өнімі ретінде түсуніге болмайтыны туралы қорытындысы беріледі.

  1. Түсіндіріңіз және өз ойынызды білдіріңіз: «Дүние қу - бір ағын су» (Шәкерім Құдайбердіұлы

Жан иелері бұл ағын суда ағып бара жатқан шөп тәрізді болып, ақыры фәни көлге құйылады. Фәни көліміз - өлім. Осылай сана-сезімі фәни болмыстың деңгейінде болғандар өмірі өліммен аяқталып, жоқ болады. Бірақ тән өлгенмен мәңгілікті жан өлмейді, сондықтан егер адамның көкірек көзі ашылатын болса, онда ол өмірін әрі қарай жалғастырып болмыстың ішкі мақсатына, Түп Иеге қайтуға ұмтылады. Тіршілік көрінісін ағынды сумен, ал адамды сол судың толқынымен арпалысып, ағып бара жатқан қайықтағы жанмен салыстырған әңгімені Л. Н. Толстойдың шығармасынан да кездестіреміз.

№ 2 ЕМТИХАН БИЛЕТІ
  1. Философияның мақсаты мен мәні. Философияның анықтамасының, формаларының және бағыттарының көптүрлілігі

Сократ: «Философия - ойлау арқылы ақиқатқа, білімге жету»

Геродот: «Философия - білімді, ақылдылықты сүю»

Аристотель: «Философия - ғылымдар негізі».

Философия даналықпен, ақыл-оймен байланысты. Философия терминінің өзі грек тілінен аударғанда phileo - сүйемін, sophia - даналық дегенді, басқаш айтсақ, даналыққа құштарлы дегенді білдіреді.

Философияның басы - таңдану. Сократ «Менің білетінім - мен ештеңе білмеймін» дегендей, таңданған адам заттың, құбылыстың себебіне тереңдеп үңіледі, философиялық пайымдау жасауға ұмтылады. Философиялық білімге еркіндік, тәуелсіздік тән. Философия - бар болып отырғанды (сущее) тұтас, элементтері бірі-бірімен тыгыз байланысты түрде қарастыратын, оның даму заңдылықтарын зерттейтін ғылым.

Философия пәнінің зерттейтін сұрақтары: болмыстың өмір сүру жағдайы, материя, оның формалары, сана және санасыздық, адам, оның өмірдегі мәні мен әлемдегі алатын орыны, жан, адамның рухани өмірі, қоғам, табиғат, өркениет, экология, дүниені танып білу, қозғалыс, диалектика және оның заңдары.

Философия - дүниегекөзқарастың ғылыми-теориялық түрі. Философиялық көзқарас мифологиялық және діни көзқарастан айырмашылығы- нақты ұғымдарға, категорияларға сүйене отырып логикалық ой қорыту ерекшелігінің бар болуы. Философия даму барысында үш кезеңнен өтті: Космоцентризм, теоцентризм, антропоцентризм.

  1. Позитивизм: Огюст Конт, Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер

Позитивизм - ғылымда философияға қарсы қоятын, фил. мәселелерді терістейтін, тек арнайы «оң» ғалымдардың білімін мойындайтын философиялық ағым. Өзінің даму барысында 4 кезеңнен өтті

1. Классикалық позитивизм. 2. Махизм. 3. Ноепозитивизм. Пост-позитивизм.

Позитивизмнің бірінші тарихи формасы Х1Х ғасырдың 30-40 жылдарында етек алды. Оның негізін салушы француз философы О. Конт (1798-1857ж. ) болды. Еңбектері: «Позитивистік фил. курсы», Позитивистік фил. жалпы шолу». Конт бойынша, ғылымның ісі затты түсіндіріп беруде емес, бейнелеп беруде. Ғылым “Неге?” деген сұраққа жауап беруге дәрменсіз, ол барлық фактіні “Қалай?” деген сұрақтың маңайында өрбітуі тиіс. Тек осы жағдайда ғана ғылым позитивті болалады. Бұл тек ғылымдарға ғана тиісті емес, философияғада қатысты. Философияның оңды міңдеті нақты-ғылыми білімдерді, ғылымдардың рационалды классификациялық негізінде жүйелендіру болып табылады.

Неопозитивизм. Негізгі позитивизм - “дұрыс пікір”деп аталатын ұғым болып дүниеге келді, оның бастамасын салған Огюст Конг (1798 - 1857) және Джон Стюарт Милль, Герберт Спенсер. Бұл философияның арғы түбі Д. Юм мен И. Кантқа тіреледі. Олардың мақсаты ғалымдарды толып жатқан алдын ораған бос ойлардан, былайша айтқанда, философияданазат ету. Олардың пікірінше, әрбір ғылым - өз алдына философия. Сол ғалымдарды зерттеу қажет. Сөйтіп, революция арқылы үстемдікке қолыжеткен буржуазия бұрын материализм, ғылым үшін күркскен болса, енді одан бас тартып, идеализмге біржолата ден қойды.

Махизм - 1) тар мағынасында - Австрия физигі және философы Э. Махтың философиялық көзқарасының жиынтығы; 2) кең мағынасында - 20 ғасырдың басында Э. Мах, Р. Авенариус (Швейцария) және олардың шәкірттерінің еңбектерінде, сондай-ақ К. Пирсон (Ұлыбритания) мен П. Дюгемнің (франция) еңбектерінде талданған философия мен ғылыми методологиясындағы субьективтік-идеалистік бағыт.

Позитивизмнің үшінші түрлі - неопозитивизм немесе логикалық позитивизм. Ол XX ғасырдың 20- жылдарында дүниеге келді. Өкілдері: Морис Шлик, Рудольф Канап, Отто Нейрат, Филип Франк, т. б. Бұлар өз ойларын қатаң түрде ғылыми логикаға дүниеге келді. Сондай - ақ, әрбір сөздің мағынасын ашу (Б. Рассел) мәселесі, ақырында, себептілік, қажеттілік, мүмкіндік, бөлшек, т. б. котегориялар проблемасы туындады.

  1. Түсіндіріңіз және өз ойыңызды білдіріңіз: «Менің білетінім ештеңе білмейтінім» (Сократ)

Сократ «Менің білетінім - мен ештеңе білмеймін» дегендей, таңданған адам заттың, құбылыстың себебіне тереңдеп үңіледі, философиялық пайымдау жасауға ұмтылады.

Бір білетінім - өзімнің ештеңе білмейтінім, - дейді Сократ. - Ал мына жұрт бірдеңе білетін сияқты болып жүреді, анығында еш нәрсе білмейді. Сонда өзімнің білмейтіндігімді білетіндіктен мен басқалардан көбірек білетін болып шықтым деген екен. Мен бәрін білемін деген бекер. Өйткені бәрін білемін деген адамның өзінің білмейтіні болады. Дүниенің талай құпиясын ашып, тарихтың талай тағылымын зерттеген ғалымның өзі де кейде қарапайым нәрсені білмеуі мүмкін. Сондықтан мен білемін айтуға болады, бірақ білмейтініміздің көп екенін мойындауымыз керек. Өйткені өмірдің біз білетін де, білмейтін де құпиясы көп. Менің білгенімді ол білмеуі мүмкін немесе оның білетінін мен білмеуім мүмкін. Менің білетінім, ештеңе білмейтінім деген сөздің мағынасы меніңше білемңн деп аз ғана білгеніңмен тоқтап қалмай, білмейтініңді білетіндерден сұрап, үнемі ізденісте жүруге шақыратын сөз болса керек.

№ 3 ЕМТИХАН БИЛЕТІ
  1. Философияның қызметтері: көзқарастық, болжамдық, сыни, рационалдау және жүйелеу

1) көзқарастық - философиялық көзқарас көзқарастың жоғарғы деңгей болып табылады. Көзқарас - адамның өзі, қоғам, дүние туралы өзіндік ой-пікірлерінің күрделі құрылымнан тұратын жиынтығы. Оның құрамдас бөліктері ретінде білімді, акыл-ойды, сезімдерді, үміт-ұмтылыстарды наным-сенімдерді, құндылықтарды, күдік-күмәндарды және тағы басқаларды атауға болады. Көзқарастың мифологиялық, діни түрлері белгілі, олардың да адам өміріндегі маңызы ерекше. Бірақ философия ғана жан-жақты, ғылыми, терең, толыққанды көзқарасты қалыптастырады.

2) рациональды жүйелеу - философия адам тәжірибесін теориялық деңгейде тұжырымдайды, ғылыми емес, қарапайым бақылаулардың және ғылыми танымның нәтижелерін философиялық деңгейде қорытып-сараптайды, дұрыс-бұрысын айырып, белгілі бір жүйеге келтіреді

3) сыни - философиялық ұғымдар мен категорияларды, заңдарды игеру, философия тарихымен, оны жасаушы философиялық тұлғалармен танысу, олардың ілімдерін зерттеу адамға өз өміріне, қызметіне, қоғамдағы орнына тереңірек үңілуге, сыни тұрғыдан талдауға үйретеді. Философия ғылымының көмегімен адам өз өмірін қайта құруға талпынады деуге болады. Ол жеке адамның ғана емес, бүкіл қоғамның тыныс-тіршілігін сыни сараптан өткізеді, адам мен қоғамның ақиқатқа жету жолындағы қателіктерін жоюға ықпал етеді;

4) болжам жасау - философия жеке адамның да, бүкіл қоғамның да болашағын болжауға септігін тигізеді, жаңа көзқарас-идеялардың негізін салады. Әрине, болашақты түгелдей жоспарлау мүмкін емес. Бірақ философияның көмегімен адам өзінің басты мақсаты - саналы тіршілік етуші адам атына сай өмір сүру сатыларын, өмірлік мақсаттарын, қысқа өмірде қажет болатын негізгі ұстанымдарын жалпы түрде болса да анықтап алады.

5) гуманистік - философия адамды дүниедегі ең басты құндылық деп таниды. Философия ғылымының көмегімен адам өзін ардақтауды, өзімен бірге өмір сүріп отырған басқа адамдарды бағалауды, өзінің бойында адамшылық қасиеттерді тәрбиелеп-дамытуды үйренеді.

6) практикалық - неміс философы Гегель философияны өмір көшінен үнемі кеш қалып жүреді деп сынаса да, қазіргі философияның, онымен айналысатын философ мамандардың негізгі мақсат-міндеті оның практикалық сипатын зерттеу болуы деп ойлаймыз. Жан-жағынан адам, өмір, қоғам, дүние, табиғат туралы түсініксіз сұрақтар қаумалап, өмірден, қоғамнан өз орнын таба алмай қиналған қазіргі заман адамына құрғақ теориялар мен шым-шытырық абстракциялардан пайда шамалы, оған өзінің кім екенін, дүниеге келгендегі мақсатын түсіндіріп беретін, алдынан күнбе-күн тосып отырған қиыншылықтарды жеңуге көмектесетін, бір сөзбен айтсақ, практикалық сипаты бар философия қажет.

  1. Эдмунд Гуссерльдің феноменологиясы

Феноменология - алғашқы түйсіну нәтижесін, сана танымын пайымдап ашудың тәжірибесі, батыс философиясына ерекше ықпал еткен субъективтік идеалистік бағыт.

Дүниетаным мәселелерімен айналысқан XX ғ. келесі ағым -феноменология. Негізін қалаған - Эдмунд Гуссерль (1859-1938 жж. ) . Ойшыл өзінің еңбектерінде «Заттардың өзіне қарай!», яғни геккель мен кантқа қарай, деген ұран тастады, өйткені сол кездегі И. Канттың ізбасарлары ғылыми таным жолында шындықты ұғымдар арқылы құруға болады деген көзқараста болды. Екінші жағынан, ол неопозитивистердің шындықтың сезімдік деректердің негізінде «тікелей берілгені» жөніндегі қағидасына қарсы бағытталған болатын.

Өз заманындағы таным теорияларын сынға алғанда Э. Гус­серль тағы да келесі екі ұғымды бір-біріне қарсы қояды. Олар білім мен пікір. Еуропалық мәдениеттің дағдарысы - осы ұғымдардың айырмашылығын елемегенінде. Пікір дегеніміз бұлдыр, айқын емес білім, ол - жеке мүдденің шеңберімен шектелген таным. Оған ол қарсы ұғым ретінде «теория» деген грек сөзін қояды, ал оның алғашқы мағынасы - бимүдделі аңлау. «Тек қана теорияға бағышталған философия дүниенің универсалдық көкжиегін көре алады», -деп қорытады Э. Гуссерль.

Ойшылдың өз алдына қойған негізгі мақсаты - сананы тазарту, оның адамзат тәжірибесі, тарихи процестен тыс өмір сүретін алғашқы құрылымын анықтау болып табылады. Гуссерльдің феномені - ол бұрынғы классикалық философиядағы басқа терең жатқанды көрсететін сезімдік тәжірибе арқылы берілетін құбылыс емес, ол - өз-өзін ашатын, табатын, тікелей санаға айқын көрінетіннің бәрі. Феноменология - айқындығы тікелей интуиция арқылы көрінетін идеалдық мән-мағынаны зерттейтін ілім. Санадағы феномендер адамға тіл арқылы беріледі. Сонымен қатар оған адамның жан дүниесіндегі тебіреністер, сана арқылы ойланатын заттың мән-мағынасы т. с. с. бәрі де жатады.

Таза сананың іргетасты ерекшелігі - оның интенционалдығы (intentio - латын сөзі, ұмтылу), яғни бірдеңеге әрқашанда бағытталғаны, соның санасы. Қабылдау, еске сақтау, қиялдау, еске түсіру, тілеу, ой формалары т. с. с. бәрінің де заттық мазмұны бар. Интенционалдық сананың құрамдас бөліктерін неше түрлі мән-мағнаға толықтырады.

  1. Өз ойынызды білдіріңіз. Неге олай? «Ең тамаша ойшылдар философиямен ғасырлар бойы айналысты. Бірақ соған қарамастан, онда бірде-бір дау туғызбайтын пікір жоқ» (Дени Дидро)

Бұл жағдайдың қалыптасуынаң себебі - адам баласы бір-біріне жүз пайызға ұқсамайтынына және түрлі деңгейлерде айырмашылық жасайтынына байланысты болып табылады. Бұл айырмашылық адамдардың генетикасынан да, анатомиясынан да, білімінен де, өмір сүру жағдайларынан да, қаражаттың болу болмауынан да және т. б. жағдайларда айқын көрінеді. Философиямен айналысатын ғалымдар мен ойшылдар біз осы дүниеде не үшін жаралғандығымыз туралы, адамзаттыңнегізгі мақсаты туралы және т. б. жағдайлар туралы өздерінің пікірлерін ұсынады. Бірақ, бір адам үшін - бұл сұрақтардың жауабы бақытты болумен байланысты болса, басқа адам үшін - бұл білімді игерумен байланысты болады, үшіншілер үшін бұл сұрақтардың мәні мүлдем жоқ. Нәтижесінде сан алуан пікірлер туындайды, бірақ нақты бір шешім қалыптаспайды. Менің ойымша, адам, тіпті ең ақылды әрі білімді философиялық сұрақтарға нақты әрі дау туғызбайтындай жауап бере алмайды, себебі адам идеалды емес, ол қателерді жасайды және ең бірінші өзінің өмірін ойлайды.

№ 4 ЕМТИХАН БИЛЕТІ
  1. Қазақтардың алғы философиялық дүниетанымының қалыптасуы. Тәңірге, Жер-Суға, Ұмайға сиыну

Көне түріктердің дүниекөзқарастарын біз алғашқы діни сенімдер мен табиғатқа деген сүйіспеншіліктерінен байқай аламыз. Қазақ жерін мекендеген ежелгі тайпалардың бірнеше наным сенімдері (шаманизм, тотемизм, Тәңіршілдік, анимизм, фетишизм) болған. Соның ішінде ежелгі қазақтардың дүниетанымын толықтай ашатын Тәңіршілідік діні еді. Тәңіршілдікте басты құдай - Тәңірі, ол аспан әлемнің жалпы сипатын беруші, жердегі өмір образын қадағалаушы. Тәңіршілдіктегі Құдай өзімен-өзі пайда болған немесе батыстық тілмен айтсақ, өзіне-өзі себеп абсолюттілік емес, ол табиғат құбылысы. Оның барлық әрекеті табиғаттың тылсым күштері арқылы адамға танылып отырады.

Білге қаған мен Күлтегін ескерткіштерінде „Биікте көк Тәңірі, төменде қара жер жаралғанда, екеуінің арасында адам баласы жаратылған . . . " - деп жазылған.

Көне Түркілердің нанымында ерекше орынға ие болған Ұмай ана - үйдің шаңарақтың, ошақтың қамқоршысы, балалардың сүйеушісі, өнердің қолдаушысы. (Тувадағы Ұйық өзенінің бойынан табылған түркі ескерткішінде Ұмай анаға арналған қоштасу сөздері жазылған) . Қазақтардың дүниетанымындағы екі құдай да табиғаттың бір бөлшегі ретінде болса, өзі сол табиғат бөлшегіне тәуелді жан ретінде айқындалған.

Жер-су құдайына келетін болсақ, ол да табиғатты пір тұтудан туындайды. Алтайлық аңызда: “Үлген жаратылысқа дейін шексіз-шетсіз, түпсіз-тұңғиық теңіз үстіндегі кеңістікте тіршілік етеді. Сонда Үлгенге судан Ақ ана шығып, оған жер мен аспанды жаратуды үйретеді” делінген. Бұл аңызда да матриархаттық, рулық, қауымдық қатынастар ықпалы байқалады. Матриархаттық-рулық қауымнан патриархалды қауымға біртіндеп өту барысында жер-су соңғы орынға ығыстырылады. Көк аспан ретіндегі Тәңір өзінің жоғарғы құдай ретіндегі маңызын жоғалтпайды, патриархалдық-қауымдық қатынастардың күшейіп, нығаюына байланысты ол зор, қаһарлы тұлға сипатына ие болады.

  1. Артур Шопенгауэрдің пессимистік философиясы: әлем - ақыл-ойсыз ерік және соқыр күш

Иррационализмнің көрнекті өкілі Артур Шопенгауэр (1788-1860) - волюнтаризмді негіздеуші. Волюнтаризм - қоршаған дүниедегі басты қозғаушы күш - ерік (воля) деп санайтын философиялық ағым. «Дүние ерік және қабылдау ретінде» атты шығармасында логиканың жеткілікті негіз заңын тұжырымдады. Онда философия материалистер сияқты объектіге де, идалистер сияқты субъектіге де емес, сананың акті болып табылатын қабылдауға сүйенуі қажет.

- Ерік - абсолютті бастама, барлық мәнді анықтауға және оған ықпал етуге қабілетті идеалды күш;

- Ерік - тіршілік негізінде жатқан космостық күш;

- Ерік сана негізінде жатады және заттардың ең жалпы мәні болып табылады. Әр адманың еркі әрекетерін анықтайтыны сияқты, бүкіл әлемдік ерік - дүниедегі сыртқы құбылыстардың пайда болуы мен заттардың қозғалысына себепші болады;

- өлі табиғаттың да «бейсаналық», «қалғып жатқан» еркі бар;

- дүние - еріктің жүзеге асуы.

Шопенгауэрдің адам тағдыры мәселесінде пессимистік сипатта болды. Адам табиғатқа ғана емес, өзіне-өзі билік ете алу мүмкіндігіне сенбеді. Адам тағдыры бүкіләлемдік хаосы тізбегінде өтеді, бүкіләлемдік қажетілікке бағынышты. Жеке адам еркі қоршаған дүние еркіне бағынышты. Осындай ойларыменол өмір философиясының пайда болуына әсерін тигізді

  1. Түсіндіріңіз және өз ойынызды білдіріңіз: «Адам көркі - ақыл» (Мұхтар Әуезов)

Әр адамның көркі оның сыртқы келбетінен көрінбейді, оның ойлау қабілеті арқылы танылады.

№ 5 ЕМТИХАН БИЛЕТІ
  1. Көне Үнді Ведаларындағы дүние, адам, өмір туралы алғашқы философиялық түсініктер. Ведалардың құрамдас бөліктері

«Веда» сөзі «білім» дегенді білдіреді, бірақ бұл ерекше білім: гимндер, дұғалар, құрбандық шалу, садақа беру формулалары. Оларда дүние, адам, адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсініктер бейнеленді. Ведалар 4 бөліктен тұрады:

1. Самхиттер - құдайларға арналған гимндер жинағы; олардың ең көнесі Ригведалар құдайларға арналған 1028 гимннен тұрады;

2. Брахмандар - діни Салт өлеңдер жинағы.

3. Араньяктар - «Орман кітаптары» - қоғамнан бөлектенушілерге немесе орман кеңістігінде ақиқат пен табиғат туралы ойға берілушілерге арналған ережелер жинағы.

4. Упанишадалар - философиялық мазмұны терең, рационалистік сипаты басым негізгі бөлім, Ведаларды аяқтаушы болғандықтан кейде веданта («Ведалардың соңы») деп аталады.

Б. з. д. II және I мыңжылдықтар аралығында пайда болған, және адамзаттың әдеби ескерткіштерінің ең ежелгілерінің бірі болып табылатын ведалар ежелгі үнді қоғамының рухани мәдениетінің дамуына, оның ішінде философиялық ойдың дамуында үлкен анықтаушы рөлге ие болды. «Веда» сөзі санскриттен аударғанда «білім» деген мағынаны береді. Бірақ бұл жай білім емес, ерекше білім. Ведалар әнұрандардан, дұғалардан, дуалардан, құрбандық шалу формулаларынан тұрады. Ведалардың образдық көркем тілімен аса ежелгі діни дүниетаным, адамның өмірі және адамгершілік туралы алғашқы философиялық түсінігі берілген.

  1. Фридрих Ницше христиандық құндылықтар туралы. Асқан адам туралы ілім

Ницше - Батыс Еуропада «Құдай өлді» деп христиан дініне қарсы шығып, «сверхчеловек», яғни «асқан тұлға» туралы ілім жасаған зайырлы философ. Ницше бүкіл Еуропа мәдениетін өзінен бұрын болмаған табандылықпен және әмбебаптылықпен сынады. Ницшенің ойынша, христиандардың рухты өмірден биік қоюы қате, өйткені біз тек мына бар дүниеде ғана өмір сүреміз, сондықтан өміршең, өмірге ырықты, ынталы болғанымыз жөн.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Философияның ерекшелігі және негізгі анықтамалары. Философия – даналық
Философия және дүниетаным жайлы
Философияның пәні мен әдісі
Ойлау мәдениетінің пайда болуы. Философияның пәні мен әдісі
Философиялық білімнің ерекшелігі
Философия - адамзаттың рухани табысы
«Философия көзқарас ретінде»
Дүниеге көзқарастың тағы бір формасы, жоғарыда атап өткеніміздей - философия
Философияның даму тарихы
Философияға кіріспе. философияның дамутарихы. философия пәні мен функциясы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz