Мүмкіндігі шектеулі балаларды отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері


ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ АТА-АНАЛАРЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
Орындаған : Тоқтарғазиева Жамиля Айдарқызы
Тобы : 402
Мамандығы : 0111000 «Негізгі орта білім»
Біліктілігі : 0111083 «Шетел тілі мұғалімі»
Ғылыми жетекшісі : Сарсекова Гульжан Кусмановна
Педагогика пәнінің оқытушысы
Семей, 2019
МАЗМҰНЫ
КIРIСПЕ . . . 3
І ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУДІҢ МАҢЫЗЫ . . . 6
1. 1 Инклюзия туралы түсінік . . . 6
1. 2 Жалпыға білім беру процесіне мүмкіндігі шектеулі балаларды қосудағы шетелдік тәжірибе . . . 9
1. 3 Интегративті процестердің отандық нормативті-құқықтық негіздері . . . 12
ІІ ИНКЛЮЗИВТІ БІЛІМ БЕРУ ЖАҒДАЙЫНДА ОТБАСЫМЕН ЖҮРГІЗІЛЕТІН ЖҰМЫС . . . 20
2. 1 Ерекше білімді қажет ететін балалардың ата- аналарымен жұмыс жасау формалары мен түрлері . . . 20
2. 2 Мүмкіндігі шектеулі балаларды отбасында тәрбиелеу ерекшеліктері . . . 22
ІІІ ІС-ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ . . . 25
ҚОРЫТЫНДЫ . . . 26
ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТIЗIМI . . . 27
ҚОСЫМШАЛАР . . . 28
КІРІСПЕ
Инклюзия - бұл балаларды олардың жыныстық, этникалық және дінге қатыстылықтары, оқудағы жетістіктері, денсаулық жағдайы, даму деңгейі, ата-аналарының әлеуметтік-экономикалық мәртебесі мен басқа да айырмашылықтарына қарамастан жалпы білім беретін үдеріскеи толық енгізу үдерісі, яғни, жалпы білім беру сапасы сақталған тиімді оқытуға бағытталған мемлекеттік саясат.
Инклюзивті оқыту негізінде балалар құқығын кемсітпеу, барлық адамдарға деген теңдік қатынасты қамтамасыз ету, сонымен біге ерекше оқу қажеттілігі бар балаларға арнайы жағдай қалыптастыру идеологиясы жатыр.
Тәжірибе көрсеткеніндей, бүгінгі қатаң білім беру жүйесінен балалардың бұл бөлігі шығып қалады, өйткені қалыптасқан жүйе мұндай балалардың даралық қажеттілігін қанағаттандыра алмайды. Ал, инклюзивті бағыт мұндай балаларды оқуда жетістікке жетуге ықпал етіп, жақсы өмір сүру мүмкіншілігін қалыптастырады.
Инклюзивті оқыту - барлық балаларға мектепке дейінгі оқу орындарында, мектепте және мектеп өміріне белсене қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту - оқушылардың тең құқығын аңықтайды және ұжым әрекетіне қатысуға мүмкіндік береді. Инклюзивті оқыту - адамдармен қарым-қатынасқа қажетті қабілеттілікті дамытуға мүмкіндік береді.
Инклюзивті білім беру - бұл тәсіл, оның ортасында әртүрлі білімділік қажеттіліктері бар бала орналасады. Ендеше, инклюзивті білім беру барлық балалардың дамуындағы ауытқуларға қарамастан шынайы ортада бірдей бағдарламамен оқып, білім алуын талап ететін тәсіл. Негізгі идеясы - барлық балалар бірдей қарым-қатынасқа мұқтаж. Олай болса, төменгі жастағы балаларды инклюзивті оқыту идеясының қандай артықшылықтары бар?
Кімге пайда әкеледі?
Артықшылықтың сипаттамасы дамуында ауытқуы бар ьалалар сегрегация (қалыпты балалардан бөлек ұстау) салдарынан құтылады, оның ішінде «ақыл-есі аз» деген «мөр» тағылудан және қалыпты балалармен шектеулі байланыс әсерінен жағымсыз қарым- қатынастың қалыптасуынан құтылады. Олар басқа балаларға еліктеу арқылы бейімделудің жаңа дағдыларын, сәйкес үлгілерді меңгереді. Олар өз қатарластарының қалыпты ортасына түседі, олармен қарым-қатынасқа түседі, жаңа әлеуметтік дағдылар, коммуникативті дағдылар және әлеуметтік қолдау шеңберін игереді. Шынайы өмір тәжірибесіне ие бола отырып, олар ересек өмір сүру жағдайына қажетті дағдыларды алу мүмкіндігіне ие болады. Оларға дамуы қалыпты балалармен достасу мүмкіндігі беріледі.
Қоғамдық 1. Дамуында ауытқуы бар балаларды оқытудың арнайы бағдарламаларын жүзеге асыруға бөлінген қаржыны үнемдеу мүмкіндігіне ие болады.
Дамуында ауытқу бар балалар отбасы
- Олар қалыпты даму үстіндегі балалар өмірімен таныс болады.
- Мүмкін олар өздерін қоғамның басқа мүшелерінен тым көп оқшауланбағанын сезінер.
- Оларда дамуы қалыпты балалар отбасымен достық қарым-қатынас қалыптасып, ол отбасы қажетті көмек көрсетуі мүмкін.
Дамуы қалыпты балалар бар отбасы
- Оларда даму мүмкіндігі шектеулі балалар отбасымен достық қарым-қатынас қалыптасуы мүмкін. Отбасына қажетті көмек көрсетуі мүмкін.
- Өз балаларына олардан ерекшеленетін балаларды сол қалпында өз қатарына қабылдауды үйрету мүмкіндігі туады.
Аталған артықшылықтардың көпшілігі жүзеге аспай жатады. Оны жүзеге асыру үшін мақсатты және сақтық шаралары қажет. Көп жағдайда ол инклюзивті білім беру бағдарламасының практика жүзінде іске асыруымен тығыз байланысты.
Дамуы қалыпты балаларға мынандай мүмкіндіктер беріледі:
- Өзі қатарлас - мүгедек балалар жайлы неғұрлым толық және шынайы түсінік алу, оларды және айырмашылығын қабылдау олардан ерекшеленетін адамдарға жағымды қатынас қалыптастыру. Бөгет болатын кедергілерге қарамастан олардың табысқа жетуін көру, жалпы білім беретін мектептердегі үдеріске мүмкіндігі шектеулі балаларды енгізу еріксіз, шарасыздықпен, жүйесіз іске асуда, оның факторлары мынадар:
- Мүмкіндігі шектеулі балаларға арналған арнайы біліім беру мекемелер санының аздығы (әсіресе ауылдық жерлерде) ;
- Ата-аналар өз балаларын арнайы білім беру мекемелеріне беруден бас тартады:толар арнайы мектептің алыстығын, балаларды тасымалдаудың қиындығын алға тартады, баласын инернат жағдайында тәрбиелегісі келмейді. Әрбір ата-ана өз баласын дамуы қалыпты балалар қатарынан көргісі келеді.
Мүмкіндігі шектеулі балаларды жалпыға білім беру ортасына қарай бейімдеу 2002 жылдан басталды. Сол жылы Қазақстан ТМД елдерінің арасында алғаш рет «Мүмкіндігі шектеулі балалар әлеуметтік және медико-педагогикалық тұрғыдан қолдау» туралы заңды қабылдады. Осы заң аясында жарымжан балаларға ерте бастан білім беру мәселесіне мән берілген. Оларды білім беру, әлеуметтік, медициналық тұрғыда қамтамасыз ету қарастырылған. Ең бастысы, аталмыш заңда инклюзивті білім берудің принциптері айқындалды.
Курстық жұмыстың мақсаты: Ерекше білімді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналарымен жұмыс жасау барысында қандай әдіс- тәсілдердің тиімді екендігін аңықтау
Курстық жұмыстың міндеттері:
Зерттеу жұмысының болжамы:
Зерттеудің іс жүзіндегі маңызы: бастауыш сынып оқушыларының дүниетану және жаратылыстану пәнінен алған білімдерін іс жүзінде өз беттерімен зерттеушілікпен айналысу қасиетін қалыптастыруға баулу.
Зерттеу обьектісі: жаратылыстану және дүниетану пәндерінде бастауыш сынып оқушыларының оқу - тәрбие үдерісі.
Зерттеу пәні: бастауыш сынып оқушыларына жаратылыстану және дүниетану пәнінен бақылау әдісін жүргізу.
Зерттеу жұмысының методологиялық және теориялық негізі: бастауыш сынып оқушыларын табиғи көрнекі құралдармен таныстыру арқылы мұғалім сол жердегі табиғат ерекшеліктерін түсіндіреді. Ал, оқушылар жекелеген объектілерінің қасиеттерін біліп, елімізде қандай да бір табиғи байлықтардың пайдаланылуын анықтауға жәрдемдеседі.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері:
- Зерттеу мәселесіне байланысты кітаптар мен оқу құралдарын, арнайы әдебиеттердi, ғылыми-зерттеу материалдарын талдау;
-жинақтау;
-топтау;
-теориялық талдау;
-салыстыру;
-бақылау;
-эксперимент;
- зерттеу әдістері қолданылды.
Зерттеу жұмысының базасы: мектептегі біртұтас оқу - тәрбие процесі.
Курстық жұмыстың құрылымы: зерттеу жұмысы кіріспеден, негізгі бөлімнен, іс-тәжірибелік бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады.
2. 1 ЕРЕКШЕ БІЛІМДІ ҚАЖЕТ ЕТЕТІН БАЛАЛАРДЫҢ АТА- АНАЛАРЫМЕН ЖҰМЫС ЖАСАУ ФОРМАЛАРЫ МЕН ӘДІСТЕРІ
Мектептің оқу-тәрбие ісінде сынып жетекшісі мен ата-аналардың өзара әрекеттестігі аса маңызды рөл атқарады. Мектеп пен отбасының серіктестігі бала тәрбиесіне қатысты мәселерді оңтайлы шешуге жағдай жасайды.
Ата-аналармен жұмыс жүргізу бағыттары:
- Ата-аналармен үнемі байланыс жасау және оны орнықтыру.
- Бала тұлғвасын тәрбиелеуде мектеп пен отбасы бірлігінің талаптарын жасау.
- Ата-аналарды сынып жұмыстарын ұйымдастыруға тарту.
Тұлғаның қалыптасу үдерісі - күрделі үдеріс. Мұнда тіпті тәжірибелі педагогтың өзіне ата-анамен одақтасуы қажет болады.
Мұғалімдер мен ата-аналардың бірлескен іс-әрекеттерінің міндеті - тәрбие ортасын құру, мектеп пен отбасы талаптарының бірлігін қамтамасыз ету.
Ол үшін мынандай ұстанымдарды ұстануға болады;
- Әрекеттің толық өзара түсініктілігі мен келісімділігі;
- Ата-анамен үнемі байланыс жасау;
- Әрбір баланың жақсы қасиетіне сүйену.
Мұғалім мен отбасының өзара әркеттестігі тәрбие жүйесін жаңартуда шешуші рөл атқарады. «Педагог - бала - ата-ана» бірлігі оқуға талаптануға, өзіне сенімді күшейтуге көмектесетін, педагогикалық үдерісті балаға ізгілікті-тұлғалық қатынаста құруға ықпал етеді.
Қазіргі уақытта мектеп пен отбасы ынтымақтастық әрекетінің келесі бағыттары айқындалған: ата-аналармен ұйымдастыру - педагогикалық жұмыстары; ата-аналардың педагогикалық сауаттылығын дамыту; ата-аналармен баланың оқу үлгерімі мен тәрбиесін жақсарту үшін жүйелі жеке дара жұмыстарын жүргізу.
Ата-аналармен ұйымдастыру-педагогикалық жұмыстары ата-аналар комитеті (жалпы мектептік, сыныптық), ата-аналар жиналысы және конференциялары сияқты формалар арқылы жүзеге асады.
Ата-аналар комитеті . Ата-аналар комитеті - ең белсенді, ықыласты деген ата-аналардан тұратын қоғамдық орган, ол жалпы мектептік немесе сыныптық жиналыстарда сайланады. Ол 5-6 адамнан ( өзара негізгі міндеттерді бөліп алатын төрағадан және 4-5 мүшесінен) тұрады. Керек болған жағдайда ата-аналар комитетінің жанында кеңестер, комиссияның ынталы топтары құрылуы мүмкін.
Дұрыс және жөнді жұмыс атқаратын ата-ааналар комитеті - сынып жетекшісінің оң қолы. Сыныптың барлық күнделікті жұмысы ( ұйымдастырылатын, орындаушылық, бастамалық, тәрбиелік, бақылаушылық, үгіттеушілік) сынып жетекшісінің шебер әрі бағыттаушылық ықпалымен ата-аналар комитетінің көмегімен жүзеге асырылады. Ата-аналар комитетінің мүшелері сынып жетекшісіне мектеп пен оқушылардың отбасылары арасындағы байланысты орнатуға, сынптан тыс тәрбие жұмыстарын (мерекелерді, кештерді, саяхаттарды, театрға саяхат т. б. ) өткізуге көмектеседі. Олар педагогикалық жағынан кемшілігі бар балалардың ата-аналарымен арнайы жұмыс жүргізе алады.
Ата-аналар комитеті жұмысының жемісті болу шарттары - оның мүшелерінің ата-аналар ұжымының алдында есеп беруі, оның іс-әрекетіне дем беру ( алғыстар, мақтау қағаздары, жүмыс тәжірибесін талдап қорыту және арнайы бюллетеньдер т. б. шығапу арқылы), сынып жетекшісімен үздіксіз ынтымақтастық әрекет.
Ата-аналар комитетінің рөлі айрықша. Мектеп жанынан құрылған ата-аанлар комитеті бала тәрбиесіне ықпал етуде көптеген игі істердің бастамасы болуда. Мектеп пен отбасының тәрбие берудегі біріккен іс-әрекеттерінде әртүрлі іс әрекеттер қолданылады. Оны екі топқа бөлуге болады: бірінші әдістерге оқушыларға ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтеру арқылы әсер ету жатса, екіншісіне - тікелей әсер ету жатады. Бірінші топқа ата-аналар жиналысын жатқызуға болады. Ата-аналардың жалпы жиналысында тәрбие беру шараларын өткізудің маңыздылығына тоқталып, балаларға тәрбие беру жолдары айтылады. Ақпарат мазмұнында мектеп оқушыларының мінез-құлқына қысқаша талдау жасау сипатында болады. Сыныптағы ата-аналар жиналысында балаларға тәрбие берудің жас ерекшеліктеріне тоқталуға, сыныпта осы бағытта жүргізіліп жатқан жұмыстармен, кейбір заң актілерімен таныстыруға болады. Ата-аналардың педагогикалық мәдениетін көтерудің басқа түрі тәрбие мәселелері бойынша дәрістер оқу, әңгімелесу, педагогикалық өзіндік білімін көтеруге арналған нұсқаулар, балаларға адамгершілік - құқықтық тәрбие беру жөнінде нақты тапсырмалар беру, адамгершілік - құқықтық тақырыптардағы әдебиеттерді ата-аналармен бірлесіп талқылау болып табылады. Ата-аналар мен мұғалімдердің жеке кездесулерінің пайдасы көп. Көзбе-көз кездескенде ең жан ауыртатын, құпия, басқа адамдардың көзінше айта алмайтын сырларын бөлісе алады. Осындай әңгімелесуде жасөспірімдердің тәрбиесіне жағымды әсер ететін әдісті табу оңай болады.
Ата-аналардың балалардың жас ерекшелігіне сай білімін, педагогикалық мәдениетін көтеруге лекторийлер, тақырыптық оқулар ұйымдастырылған. Отбасылық жарыстар «Шаңырақ», « Әкем мен мен», «Жарасымды отбасы», «Алтын ұя», «Қуаныш шуағы», «Көңілділер көші», «Алғырлар сайысы» сайыстарын өткізу дәстүрге айналады. Мұндай жарыстар ата-аналарды мектеппен жақындастырып, оқушыларға жан-жақты тәрбие беруде қолайлы әлеуметтік орта қалыптастырады.
«Сіз қандай ата-анасыз?» деген сауалнама, «Бала тәрбиесі баршаға ортақ», « Бала тәрбиесінде ата-ана рөлі», « Ата-ана - бала тірегі», «Бақытты балалық шақ», «Бар үмітім - балам», «Сырласу» т. б. тақырыптағы дөңгелек үстел, кездесу кештері бала тәрбиесіне үлкен ықпал етеді. Сабақтан себепсіз қалған оқушылармен, олардың ата-аналарымен жекелей жұмыс, «Ашық есік күнін» өткізу өз нәтижесін берері хақ.
Мектептің отбасымен ұйымдастырылатын - педагогикалық жұмыстар жүйесінде мектеп кеңестерінің қызмет-әрекеті ерекше орын алады, олардың қызметтері сан алуан болып келеді. Олар ата-аналардың мектеппен байланысын нығайтуға, олардың педагогикалық сауаттылығын ұйымдастыруға ықпал етіп, кейбір отбасыларға тәрбиеден көмек көрсетеді. Кей мектептерде құрамына жеткілікті әкімшілік өкілдері, кәсіпорын, фирма, мәдени-ағартушылық ұйымдар, мәдени ұлттық орталықтар басшылары кіретін « Қамқорлық кеңестері» қызмет етеді. «Қамқорлық кеңестер» мектептерге жөңдеу және жабдықтау жұмыстарында, компьютерлендіру тілек-талаптары бойынша клубтарды ұйымдасстыруға, кәсіби бағыттарында, еңбекке орналасуда демеушілік көмек көрсетеді.
Ата-аналар жиналысы. Мектеп пен отбасыларының ынтымақтастық әрекеттерінің ұйымдастыру-педагогикалық формаларына, сондай-ақ, ата-аналар жиналыс немесе конференцияларда отбасы мен мектептің оқыту тәрбие жұмыстарын жетілдірудің өзекті мәселелері талқыланады. Мектептегі ата-аналар жиналысы, әдетте жылына 2-3 рет өткізіледі. Отбасымен ұйымдастыру педагогикалық жұмыстың ең тікелей формасы жеке сынып оқушылары ата-аналар жиналыстары. Мұндай жиналыстарда сынып жетекшілері оқушылардың үлгерімдері мен тәртібі, сынып өмірі жайлы, ұжым міндеттері туралы, т. б. ақпарат береді. Жиналыстар отбасы мен мектептің тәрбие жұмыснда ортақ мақсаттарды аңықтау үшін өте маңызды. Жиналыстарды оқушылармен бірге өткізген тиімді. Ата-аналар жиналысы әртүрлі болуы мүмкін; тақырыптық, жиналыс-практикумдар, қорытындық, тоқсандық, жылдық, топтық, әңгімелесу-жиналыстар, т. б. жылына бір рет болса да сынып немесе мектеп деңгейінде диагностикалық негізде ата-аналар жиналысын (немесе конференцияларды) өткізіп тұру керек, яғни бұл өзгерістің жетекші (өзгермелі) сипаттары арқылы мектептегі және отбасындағы шынайы жайды аңықтау үшін керек.
Сынып жетекші ата-аналармен жұмыста түрлі формаларды қолдануына болады:
- Көпшілік (ата-аналар жиналысы, ата-аналар дәрісі, конференциялар, практикумдар, отбасы тәрбиесі тәжірибесімен алмасу, пікірталастар, сұрақтар мен жауаптар кеші, ашық есік күндері, балалармен бірлескен мерекелер, ұжымдық демалыс күндері, мәдени мекемелерді аралау, серуендеу, экскурсиялар, еңбек істері және т. б. )
- Топтық (ата-аналар комитеті, сынып кеңесі, қарым-қатынас клубы, ата-аналармен өзара әрекеттестік тренингі, практикалық сабақтар, пікірталастар, әңгімелесу және т. б. )
- Дербес (ұсыным, кеңес, әңгімелесу, тапсырма, отбасын аралау және т. б. )
Педагог жұмысында ата-аналармен ынтымақтастығы, оқу-тәрбие ісіне белсене араласуы түрлі үйірмелік, спорттық, клубтық жұмыстарды ұйымдастырғанда көмегін келтіреді.
Ата-аналармен бірлескен түрлі кездесулер, кештерді мынандай тақырыптарда ұйымдастыпуға болады: «Бос уақыт - жанға жайлылық», «Біздің отбасының қалауы», «Әкем, анам және мен», «Жарасымды отбасы», «Адам деген ардақты ат», «Адам болам десеңіз», «Тәрбие - тал бесік», «Өнегелі отбасы», «Бала өмірдің - қызығы», «Баламыз - болашағымыз», «Тәтті арман», «Үміт оты және т. б.
2. 2 Ерекше білімді қажет ететін балаларды тәрбиелеп отырған ата-аналардың иклюзивті санасын кеңейту
Қазіргі таңда отбасына, әлеуметтік институт ретінде, үлкен назар аударылады. Көптеген мамандар отбасын үлкен реабилитациялық мүмкіндіктері бар құрылым ретінде қарастырады. Даму бұзылыстары бар, сонымен бірге туылғаннан мүгедек балаларға әлеуметтік қорғау жасауда және психологиялық-педагогикалық қолдау көрсетуде орын табатын қиындықтарды пәнаралық жүйелі бағыттарда зерттеу қажет (Л. М. Шипицина, С. В. Ковалев, Е. М. Мастюкова және т. б. ) .
Инклюзивті білім беруді дамыту іс-шараларын жоспарлауда бала мен оның отбасын жүйелі әлеуметтік зерттеу, жалпы білім беретін мектептің оқу процесіне баланы нәтижелі қосуға кедергі болатын қиындықтарды, кедергілерді, асуларды бағалау маңызды рольді алады.
Инклюзивті білім беруге жайлы орта жасау үшін білім беру және түзете-дамыту процестеріне ата-аналар белсенді қатысулары керек.
Отбасы күрделі ішкі құрылымға, өзіндік психологиялық құрылымға және ерекше функцияларға ие.
«Ерекше» баланы тәрбиелейтін отбасы үшін негізгі болып келесі қызметтер табылады:
1) түзете-дамыту,
2) орын толтыру және реабилитациялау (мақсаты - баланың психофизикалық және әлеуметтік статусын қайта құру, балаға материалдық тәуелсіздікке және әлеуметтік бейімделуге мүмкіндік беру) .
Даму бұзылыстары бар балалардың туылуы ата-ананың қоршаған ортаға, өздеріне, өз баласына, басқа адамдарға және өмірге көзқарастарын өзгертеді.
Жалпы білім беру мектебінде оқуда мүмкіндігі шектеулі балалардың әлеуметтік-биологиялық және эмоционалды, іс-әрекеттік бейімделуінде отбасындағы қарым-қатынас маңызды роль ойнайды.
Жалпы білім беру мектебінің мұғалімі мүмкідігі шектеулі балалардың психофизикалық ерекшеліктерін ғана емес, сонымен бірге жүйелі көмек пен қолдауды қажет ететін отбасыларын да білуі керек.
Даму бұзылыстары бар балалардың отбасындағы қарым-қатынас ерекшеліктерін анықтау үшін, отбасылық тәрбиелеу стильдері мен типтерін, сонымен қатар мүгедек-балалардың отбасыларын, заманауи ой-пікірлерді зерттеу керек.
Даму бұзылысы бар баланың туылуы ананы стресс жағдайына түсіреді. Мүмкіндігі шектеулі балалардың отбасына тәуелдік деңгейі өте жоғары, әлеуметтік ортамен өзара байланысқа түсу дағдылары шектелген. «Ерекше» баланы тәрбиелеу мен дамыту мәселесі ата-ана үшін өте ауыр болады, олар күрделі психологиялық жағдайға ұшырайды. Мұндай отбасыларына жүйелі психологиялық-педагогикалық көмек керек. Мүмкіндігі шектеулі баласы бар отбасымен жүргізілетін жұмысқа гуманизм позициясынан қарап, ата-ананы баланы келешек өміріне ерте дайындауына бағыттау қажет.
карьерасының, өзіндік жоспарларының жойылуы
«өмір аяқталды» деген сезімдер
физикалық/моральдық жүктеменің артуы
төмен өзіндік бағалау депрессиялық күй
қорқыныштар,
ұялу стресс, истерика
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz