Діни бірлестіктердің мемлекеттен бөлінуі


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 68 бет
Таңдаулыға:   

Шет елдік зайырлы мемлекеттердегі діни ұстаным

ЖОСПАР

Кіріспе . . .
3
Кіріспе. . .:
3:
Кіріспе. . .: I ЗАЙЫРЛЫҚ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ . . .
3: 7
Кіріспе. . .: 1. 1 Зайырлық түсінігі және түрлері . . .
3: 7
Кіріспе. . .: 1. 2 Мемлекет және дін қатынастарының даму тарихы . . .
3: 23
Кіріспе. . .: II МЕМЛЕКЕТТІК БАСҚАРУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ ЗАЙЫРЛЫҚ ПРИНЦИПІ . . .
3: 41
Кіріспе. . .: 2. 1 Шет елдердің конституциялық жүйесіндегі зайырлы мемлекет принциптерің іске асыру тәжірибесі . . .
3: 41
Кіріспе. . .: 2. 2 Батыс Еуропа және ТМД елдеріндегі діни саясат . . .
3: 46
Кіріспе. . .:
3:
Кіріспе. . .: Қорытынды . . .
3: 61
Кіріспе. . .:
3:
Кіріспе. . .: Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
3: 65

Кіріспе

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста зайырлық ұғымы және оның даму тарихы, мемлекеттік басқару жүйесіндегі зайырлық принципі мен Батыс Еуропа және ТМД елдеріндегі діни саясат кеңінен қарастырылған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Конституциясының 1-бабы 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары» - делінген. Мемлекетіміздің басты қазынасы - адам және адамның өмірі, оның құқықтары мен бостандықтары болғандықтан азаматтарымыздың өзі қалаған дінге сенуі конституциялық құқықтарының қатарынан табылады. Ата заңымызға сәйкес азаматтарымызды тегiне, әлеуметтiк, лауазымдық және мүлiктiк жағдайына, жынысына, нәсiлiне, ұлтына, тіліне, дiнге көзқарасына, нанымына, тұрғылықты жерiне байланысты, сондай-ақ басқа да жағдаяттар бойынша кемсiтуге тыйым салынған. Ата Заңымыздағы осы айтылған қағидалар мемлекетіміздің зайырлы сипатта екендігінің басты нышандары. Еліміздің зайырлылығы мемлекеттік билік органдарының діни наным-сенімге көзқарасын айқындайды. Зайырлы мемлекетте мемлекеттік билік дін және діни бірлестіктерден бөлінген. Мемлекет дін ісіне, ал дін және діни бірлестіктер мемлекет ісі мен саясатқа араласпайды. Діннің зайырлы мемлекеттегі көрінісі Қазақстан Республикасының «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңында айқын көрсетілген. Бұл Заңның 3-бабының 1-тармағында мемлекеттің дін мен діни бірлестіктерден бөлінгендігі баяндалады. Бұған қоса, аталған Заңда діни бірлестіктер және Қазақстан Республикасының азаматтары, шетелдіктер мен азаматығы жоқ адамдар дінге көзқарасына қарамастан заң алдында тең екендігі, ешбір дін мемлекеттік немесе міндетті дін ретінде белгіленбейтіндігі мәлімделген. Зайырлы мемлекет ұғымының түп-тамыры діни құқық тұрғысынан адамсүйгіштік құқығын басшылыққа алуда жатыр. Адам және адамның өмірінің құндылығы ғасырлар тереңінен зайырлы және құқықтық мемлекет құруға деген талпынысты туындатты. Зайырлы мемлекет - діни наным-сенімді адам болмысына тән қажеттіліктердің бірі ретінде қарастырып, құқықтық нормаларды басшылыққа алады. Зайырлы мемлекетте діни құқық емес, адамның дінге деген құқығы әлеуметтік заңдылықтар шеңберінде қарастырылады. Мемлекеттің зайырлы немесе теократиялық үлгілерінің қайсысы дұрыс екендігі жайлы пікірталас туындағанда кейбір азаматтар зайырлы мемлекетте адам құқықтары басты орынға қойылатындығына көңіл аудармай жатады. Құқықтық мемлекет құрудың маңыздылығы еліміздің барлық азаматтарының діни сеніміне қарамастан заң алдындағы теңдігінен көрінеді. Оған азаматтарымыздың өз діни нанымдары себебінен Қазақстан Республикасының Конституциясы мен заңдарында көзделген міндеттерін атқарудан бас тартуға құқығының жоқтығы дәлел. Зайырлы мемлекетте азаматтық құқық пен заң алдындағы теңдік маңызға ие. Өйткені, бүгінгі таңда елімізде теріс пиғылды діни топтардың (әсіресе ислами теріс пиғылды топтар) теократиялық немесе клерикалды мемлекет құруға деген талпынысы зайырлылықпен тығыз байланыстағы құқықтық мәселелеріне, адамсүйгіштікке нұқсан келтіруі мүмкін. заирлыМемлекеттің зайырлы сипаты дінді жоққа шығару болып табылмайды. Зайырлылық адамның діни сенімге бостандығын мойындап, діндарлықты адам болмысына тән сипат ретінде айқындайды. Бүгінгі еліміздегі зайырлылық адами құндылықтарды басты орынға қоюдан, ар-ұжданы мен сенім бостандығын еркін ұстануды заң тұрғысынан қарастыруынан көрінеді. Зайырлы мемлекет діни таным құндылықтарын мойындап, мемлекетке зияны тимейтіндей қалыпта діни сенімнен адам болмысына жағымды әсерлерді алуға шақырады. Зайырлылық діңгегі - мемлекет тарапынан дінді адамзаттың асылы құндылығы ретінде мойындауға, оның қоғам мен мемлекет өміріндегі рөлімен есептесуге тіреледі. Зайырлылық - азаматтарымыздың таңдау еркіндігі мен рухани ізденістің көптүрлілігін мойындау, ой-сананың сан салалы ізденіске бағытталғандығы мен діни тәжірбиенің деңгейлеріне назар салу. Дүниетанымның көптүрлілігі зайырлы мемлекетте құқық негізінде ретке келтіріліп отырады. Зайырлы мемлекетте азаматтың дінге қатыстылығын мемлекет тарапынан басқару болмайды және бала тәрбиелеу барысында ата-аналар өзінің діни наным-сеніміне байланысты баланы оның құқықтарын ескере отыра тәрбиелеуі құпталады. Мемлекет басқару органдарының, өзге де мемлекеттік ұйымдардың және жергілікті өзін-өзі басқару мекемелерінің құзыретін діни бірлестіктерге артпайды және діни бірлестіктің қызметіне мемлекет заңдарына қайшы келмеген жағдайда араласпайды. Бұған қоса мемлекет білім берудің зайырлы үлгісін қамтамасыз етіп, білім беру мекемелерін толықтай қамсыздандырады. Зайырлы мемлекетте мемлекеттік органдардың қызметі мен қызметкерлерінің ұстанымы әлеуметтік ортада діни сипат пен рәсімде бейнеленбеуі қажет. Тиісінше мемлекеттік орган өкілдері ресми сипаттағы діннің жоралғыларын өткізуге құқығы жоқ болып табылады. Құзырлы орган өкілдері мен билік өкілдері және әскери адамдар өз құзыретін қандай да бір дін мен діни бірлестікке жағымды не жағымсыз көзқарасты қалыптастыру үшін қолдануға тыйым салынады. Жоғарыдағы айтылған мәселелерден өзге, мемлекет діни бірлестіктердің қызметіне құқықтық тұрғыдан қорғауды қамтамасыз етеді. Мемлекет діни бірлестіктермен зайырлы мемлекеттегіден өзге қарым-қатынаста да болуы мүмкін. Бұл жоғарыда ескеріліп өткен теократиялық және клерикалды мемлекет үлгілері. Тарихтан мемлекеттік биліктің діннің, дін қызметкерлерінің қолында болғандығы және мемлекеттік биліктің осы дін догмаларына сәйкес құрылғандығы белгілі. Біз бұл билік түрін теократиялық билік (грек. theos - құдай және kratos - билік) деп атаймыз. Жаңа тарихта теократиялық билік үлгісіндегі елдер XX ғасырдың бірінші жартысына дейін Монголия мен Тибетте болды. Бүгінгі таңда құбылыс ретінде теократиялық мемлекет Рим Папасы билік ететін Ватикан мен Ислам құқығын басшылыққа алатын бірер араб мемлекеттері болып отыр. Теократиялық мемлекетте адам құқығы Құдайға бағытталған қызмет негізінде «қызмет ету» құқығына сәйкес келсе, зайырлы мемлекетте адамның құқығы оның дінге сену немесе сенбеу дәрежесінен тәуелсіз болады. Теократиялық мемлекет дегенде бірақ клерикалды мемлекетті қарастырмаймыз. Өйткені, теократиялық мемлекетте мемлекеттік билік діннің немесе діни бірлестіктің қолында болса, клерикалды мемлекетте дін мемлекетпен бірікпеген, бірақ мемлекеттің кейбір құзыретіне, әлеуметтік, саяси өмірге әсер етіп, сот және білім беру салаларындаа маңызға ие. Бұндай мемлекеттің мысалы ретінде Иранды қарастыруға болады. Жалпы батыстын көптеген мемлекеттерінде зайырлылық дін мен діни бірлестіктерді мемлекеттік институттар ретінде емес, әлеуметтік өмірдің институттары, қоғамдық ұйымдар және олардың бөлімдері ретінде қарастыру байқалады. Бұндай мемлекетте әртүрлі конфессиялар арасында теңдік орнап, заң шеңберінде діни бірлестіктер қызметіне еркіндік берілген. Зайырлы мемлекетте атқарушы билік азаматтардың діни бірлестікпен қарым-қатынасына араласпаса, діни бірлестіктер мемлекеттің істеріне, саясатқа, жергілікті өзін-өзі басқару салаларына араласпайды және мемлекеттің зайырлы кейпін мойындайды.

Қазіргі заманда дінді «мемлекеттік» деген мәртебеге көтерген елдер көп болмаса да, олардың жалпы қатары бар екенін, тіпті кейбіреулерінің біршама ықпалды елдер екенін айта кету керек. Мәселен, әлемдегі Иран Ислам Республикасы, Пәкістан Ислам Республикасы, Сауд Арабиясы Корольдігі, Ватикан сияқты елдерде діндер өздерінің қызметін мемлекеттік ресмиленген құқықтық деңгейде атқаруда. Дегенмен, әлемдегі өркениетті елдердің көбісі өздерін «зайырлы мемлекеттерміз» деп жарялаған және олар өздерінің заң жүйесінде азаматтық құқықтарды негізгі басымдылық ретінде бекіткен. Осындай мемлекеттердің ішінде егеменді Қазақстан Республикасы да бар және ол өзін қазіргі замандағы, өркениетті, демократия жолын ұстанған зайырлы мемлекеттер қатарына қосады, сонымен қатар ол барлық діндерді және діншілдердің құқықтарын, көзқарастарын сыйлайтынын жария еткені де баршаға мәлім.

Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан - 2050» Стратегиясында еліміз бен өңіріміз үшін он негізгі сын- қатерді бөліп көрсеткен. «Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі. Тарихи уақыт аса жеделдей түсуде. Әлем қарқынды түрде өзгеруде және болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы адамды таң қалдырады». Зайырлы мемлекеттегі діннің орны туралы, алдағы уақытта жұмысымыздың қандай бағытта жүргізуіміз керек? - деген сұрақтар дипломдық жұмыстың өзектілігін көрсетеді.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Диссертациялық зерттеудің мақсаты - зайырлы мемлекеттің, сондай-ақ зайырлы мемлекеттік қызмет пен мемлекеттік және муниципалды оқу орындарының мазмұны мен маңызды белгілерін конституциялық-құқықтық базасын зерттеу.

  • зайырлы мемлекеттік қызметтің мазмұны мен маңызды белгілерін зерттеу;
  • зайырлы мемлекетті өзінің көп өлшемді табиғаты бойынша конституциялық және құқықтық зерттеу, зайырлы мемлекеттің негізгі белгілерін анықтау және зерттеу;
  • зайырлы мемлекеттің даму процестерін, зайырлы мемлекетті құқықтық қамтамасыз етудің қалыптасуы мен даму динамикасын және оның конституциялық құқықты түсінуін зерттеу.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Зерттеу тақырыбының өзектілігін ашуға орай зерттеуде салыстырмалы, тарихилық, типологиялық әдістерін, бірқатар авторлардың еңбектерін қолдандық. Сонымен қатар, салыстырмалы, жүйелік қағидаларына сай мемлекет және дін қатынасының ерекшеліктері мен ұқсастық қырларын талдау және топтау әдістері де қолданылады.

Зерттеудің нысаны. Шет елдік зайырлы мемлекеттер.

Зерттеудің пәні. Діни саясат.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелері дінтану ғылымының дамуына өз үлесін қоса алады деген сенімдемін. Диплом тақырыбы тарих, философия ғылымдарға ортақ жалпы танымдық және арнайы әдістер пайдалану негізінде жазылды. Зерттеу тақырыбының алға қойған мақсатына жету жолында объективті әлем дамуының жалпы заңдылықтарына негізделген теориялық және практикалық зерттеу тәсілдері пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыстың құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспе, екі тараудан, қорытындыдан, сілтеме және пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады. Зерттеу жұмыстың жалпы көлемі 67 бет.

I ЗАЙЫРЛЫҚ ҰҒЫМЫ ЖӘНЕ ОНЫҢ ДАМУ ТАРИХЫ

1. 1 Зайырлық түсінігі және түрлері

Дін - мемлекеттік саясаттағы, сондай-ақ қазақстандықтардың рухани өмірі мен мәдениетіндегі аса маңызды факторлардың бірі. Дін мәселесіндегі тарихи факторлардың қазіргі таңдағы әсері еліміздегі діни ахуалдың ерекшеліктерін нақты көрсетеді. Қазіргі кезде елімізде қалыптасып үлгерген ішкі саяси тұрақтылықтың алдағы уақытта да берік орнығуы көп жағдайларда мемлекет пен қоғамдық ұйымдардың бірлесіп атқаратын жұмыстарына байланысты. Еліміздің тәуелсіздік тарихындағы алғашқы кезеңдер ел экономикасын өркендетуге жұмсалса, бүгінгі таңдағы жұмыстар негізінен саяси құндылықтарды барынша дамытуға бағытталуда.

Қазақстан Республикасы Конституциясының 1-бабының 1-тармағында «Қазақстан Республикасы өзін зайырлы, құқықтық мемлекет ретінде орнықтырады» делінген. Конституциялық негіздегі «зайырлы» ұғымы мемлекеттің барлық салаларда, соның ішінде дін саласында да ашық, айқын саясат ұстанатынын, азаматтардың ар-ождан бостандығын қамтамасыз ететінін, дін мен мемлекеттік саясатты араластырмайтынын білдіреді [1] .

Заманауи мағынадағы зайырлылық қағидасы Еуропада пайда болған. Дегенмен, бүгінгі дамыған мемлекеттерде зайырлылықтың жүзеге асырылуы деңгейі әртүрлі. Жалпы айтқанда, зайырлылық мемлекет билігін діни тап өкілдеріне бермеу дегенді білдіреді, яғни, зайырлылық дегеніміз «дінсіздік» немесе «дінді жек көрушілік» емес. Жалпы зайырлылық тарихына қысқаша тоқтала кететін болсақ, зайырлылықтың отаны Франция болып саналады. Дегенмен діннің мемлекеттен бөлінуі Ежелгі Антикада байқалған. Жалпы батыста зайырлылық ұғымы екі бағытта дамыды:

1. Француздық және американдық бағыт.

2. Солтүстік Герман және Англо-саксондық бағыт.

Зайырлылық - көне Еуропада бір мағына беретін термин болғанымен, латын тарихының жалғасы болып табылатын елдерде (Жерорта теңізі жағалауындағы Рим империясы территориясында пайда болған елдер Италия, Франция т. б. ) «зайырлылық» деп аталса, ал протестанттық мәдениетін сіңірген Герман, Англо-саксондық елдерде (Германия, Ұлыбритания, АҚШ т. б. ) «секуляризм» ретінде қабылдаған.

«Зайырлылық» деген сөздің мағынасы - «дін мемлекеттен бөлек» дегенді білдіреді. Зайырлылық - ар-ождан бостандығы және төзімділік сынды ұғымдармен тығыз байланысты. Зайырлылық ұғымы мемлекеттің дінге деген ұстанымының демократиялық сипатта екендігін танытады [2] .

Жалпы «зайырлылық» ұғымына анықтама берген француз философы және филологы, позитивизмнің өкілі Огюст Конттың шәкірті Эмиль Литтре. Ол: «Барлық культтерге бейтарап қарайтын, діни басшылықтан тәуелсіз және кез келген теологиялық тұжырымдамадан азат болып табылатын мемлекеттің белгісі» деп тұжырымдады. Жалпы, қазіргі уақытта дүние жүзіндегі зайырлылық үлгілерін шартты түрде екі үлкен топқа бөлуге болады.

Біріншісі - «қатаң» болып саналатын, дінді қоғамдық өмір саласынан тысқары ұстауға тырысатын «франциялық» зайырлылық үлгісі болса, екінішісі - «жұмсақ» болып саналатын, әрбір азаматқа ұстанатын діни-наным сенімдеріне сәйкес, жеке және қоғамдық өмір салаларында өмір сүруіне жағдай жасайтын және діндердің қоғамдық өмір саласына араласуына тосқауыл қоймайтын «англо-саксондық» үлгісі.

Жаһандық деңгейде болып жатқан үрдістерді, адам құқықтары мен бостандықтарын қорғаудағы соңғы жетістіктерді және еліміздің ішкі әрі сыртқы саясаттағы ұстанымдарын назарға ала отырып, Қазақстан үшін зайырлылықтың «жұмсақ» үлгісі ең дұрыс таңдау болатыны анық.

Жалпы әлемдік қауымдастықта зайырлылықтың үш түрлі үлгісі қалыптасқан:

▪ Зайырлылықтың бірінші үлгісі - секуляристік (атеистік) үлгі. Оның көрнекі мысалы халқымыз бастан өткерген кеңестік режимді орнықтырған КСРО болып табылады. ҚХР да бүгінге дейін осы үлгіні пайдалануда.

▪ Зайырлылықтың екінші үлгісі - сепаратистік үлгі. Бұл үлгі діни қауымдастықтардың мемлекеттен бөлінгенін және заңнамада қандай да бір діннің немесе конфессияның ерекше құқыққа ие болмайтынын негізге алады.

▪ Зайырлылықтың үшінші үлгісі - таңдамалы негіздегі үлгі. Бұл үлгі қоғам үшін ерекше құнды болып табылатын, конституциялық деңгейде анықталатын діни басымдықтарды басты тірек етеді.

Жоғарыда айтылып кеткендей зайырлылықтың бірінші үлгісі - секуляристік (атеистік) үлгі. Қазақстан КСРО кезеңінде зайырлықтың секуляристік үлгісін бастан кешірді. Қазақстан қазіргі таңда зайырлылықтың сепаратистік үлгісін ұстанады. Бұл үлгі діни қауымдастықтардың мемлекеттен бөлінгенін және заңнамада қандай да бір діннің немесе конфессияның ерекше құқыққа ие болмайтынын негізге алады.

Ал таңдамалы үлгі бойынша мемлекет құрушы және мәдениет құрушы дін, дәстүрлі немесе тарихи дін, басым көпшілік ұстанатын дін секілді бірнеше ерекше мәртебелерді анықтау арқылы таңдау жасалады. Ерекше мәртебеге ие діндер қосымша ерекше құқықтарды иеленеді және ең алдымен азаматтық қоғамның барлық салаларында - білім, мәдениет, денсаулық сақтау, әлеуметтік қорғау, қарулы күштер, бұқаралық ақпарат құралдары салаларында кез келген діни қызметті жүзеге асыру құқығын иеленеді. Батыс Еуропаның көптеген елдері осы таңдамалы үлгі негізіндегі заңнаманы қолданады. Зайырлылықтың сепаратистік үлгісі АҚШ, Нидерланды секілді жекелеген елдерде ғана қолданылады [3, 17 б. ] .

Қазақстан Республикасында мемлекеттің зайырлылығын көрсететін мемлекет пен діни бірлестіктер арасындағы қарым-қатынастарды реттеудің бірнеше формалары қалыптасқан немесе мемлекеттің діни қатынастарды бірізділікке түсірудің бірыңғай бағдарламасы қамтамасыз етілген және табысты түрде іске асырылуда.

Зайырлы мемлекет дегеніміз - дін биліктен бөлінген және азаматтық, діни емес нормалар негізінде реттелетін құрылымы бар мемлекет; мемлекеттік органдардың шешімдері діни негіздемеге ие бола алмайды.

"Қазіргі уақытта ғылымда қандай да бір ресми мемлекеттік дін жоқ екендігі туралы түсінік басым болып отыр. Яғни, діндердің ешқайсысы мемлекетке міндетті немесе бағынышты болып табылмайды. Соған орай, зайырлы мемлекеттер «мемлекет пен шіркеу арасында байланыс жоқ және бір-бірінің жұмыстарына араласа алмайды» деп есептейді" [5, 48 б. ]

Зайырлы мемлекеттің заңнамасы діни нормаларға (толық немесе жартылай) сәйкес келуі мүмкін; "Зайырлылық" діни қағидалардағы қарама-қайшылықтардың орын алуынан емес, керісінше олардың бостандығымен айқындалады. Мысалы, түсік жасауға тыйым салу зайырлы шешім болып табылады, егер бұл діни алғышарттар емес, жалпыгуманистикалық көзқараспен (дәлірек айтқанда - медико-биологиялық мақсаттылықпен) негізделген болса.

Зайырлы мемлекетте әрбір адам діни институттарға жүгінбей-ақ өмір сүруге құқылы. Мысалы, мемлекеттің оған сай артықшылығы неке қию және сот төрелігін жүзеге асыру деген сияқты дүниелер. Зайырлы мемлекетте заң барлық дін өкілдеріне ортақ.

Мұсылман елдерінің көпшілігі зайырлы мемлекеттің критерийлеріне сай келмейді. Иран мен Сауд Арабиясы ресми түрде теократиялық мемлекет болып табылады [4, 87 б. ], көптеген араб елдерінің конституцияларында олардың заңдары Құран мен шариғатқа негізделген, құру діни форманың жалғыз мүмкіндігі. Соңғы жылдары Малайзияда зайырлы мемлекеттен қашу орын алып отыр (мұсылмандардың діни істерін талқылайтын полиция пайда болды) . Мұсылман халқы басым елдерден, Түркия, Қазақстан, Қырғызстан мен Әзірбайжан зайырлы мемлекет болып табылады. Сондай-ақ, мемлекеттің мемлекеттік діні бар бола тұра өзін зайырлы (Англия, Дания, Египет, Тунис, Бангладеш және т. б. ) деп жариялайтын жағдайлар да кездеседі.

Израильде де - дін толығымен мемлекеттен бөлінген емес.

Зайырлылық дінді мемлекеттен немесе қоғамнан аластатуды білдірмейді. Ол - қоғамдық-саяси билікті ұйымдастырудың негізгі нысаны ретінде мемлекеттің рөлін сақтай отырып, мемлекет пен діни ұйымдардың ара-жігін ажыратуға ықпал етеді.

Әлеуметтік ғылымда зайырлы және зайырлы емес мемлекеттердің әр түрлі негіздер бойынша типологиясы көрсетілген. Зайырлы мемлекеттерді жіктеу критерийлері:

1) мемлекет пен діни ұйымдар әріптестігінің болуы

2) діннің мемлекеттің құқықтық жүйесіне әсер ету дәрежесі. Бұл өлшемдер зайырлы мемлекеттердің 4 түрін бөлуге мүмкіндік береді: преференциалдық, эквипотенциалды (мемлекет - діни ұйымдарды мемлекеттік өмірден барынша оқшаулауға ұмтылады), контаминациялық, идентификациялық (мемлекеттің діни ұйымдармен ынтымақтастығы) .

Қазіргі уақытта пайда болған зайырлы мемлекеттің түрлері қоғам дамуының нәтижесі болып табылады. Зайырлы мемлекеттің белгілі бір түрін қалыптастыру қоғамдық динамиканың нақты тарихи, саяси, мәдени және өзге де ерекшеліктеріне байланысты.

Тарих басқа елдердің дамуымен, халықаралық саясат пен экономиканың өзгерістерімен байланысты. Рухани сала үшін ең маңызды адамзат, идеалға ұмтылу оның бүкіл тарихы. Барлық болып жатқан өзгерістерді бақылай отырып әлемде, XXI ғасырда дін айтарлықтай рөл ойнайды. XX ғасырда. Өзара іс-қимыл нысандары мен әдістерінен мемлекеттің діни бірлестіктермен қазіргі уақытта өте көп нәрсе байланысты: мемлекеттер ішіндегі және әлемдегі қауіпсіздік, діни негіздегі қақтығыстардың болмауы, адамдарды діни белгісі бойынша қудалау және т. б.

Ресейдегі мемлекет пен бірлестіктердің өзара іс-қимылынің негізін жақсы түсіну, оның перспективаларын бағалау үшін шет елдің тәжірибесіне жүгінеміз. Кейбір дамыған және дамушы елдерді, яғни түпсіз Оңтүстік пен «алтын миллиард» сияқты елдерге талдау жүргізіп көреміз. Әр типтің артықшылығы мен кемшіліктерін анықтау үшін мемлекеттердің типологиясын діни бірлестіктермен өзара әрекеттесуіне қарай бөлуге тырысамыз.

Бұл тақырып әлемдік тұрақсыздық жағдайында ерекше өзектілікке ие. Егер Таяу Шығыс пен Африка елдерінде билікке қиян түбегейлі қарайтын исламшылдар келсе, христиан және ислам қауымдастығында өзара қарама-қайшы қақтығыстар тудыруы, бұл өз кезегінде басқа мемлекеттерді арандатып, конфессиялық қақтығыстарды тудырады.

Саясаткерлер, дінді қандайда бір меркантилді немесе саяси экономикалық құрал ретінде, немесе саяси мақсатқа пайдалану, қиын әрі көп-қырлылықты дін ұсынатынын түсінбейді.

Діни негіздегі кез келген жанжал - бұл өте теріс құбылыс, тіпті бұл кім бүгін тиімді, өздері зардап шегуі мүмкін. Мысалы, 2012 жылдың басынан бері Ауғанстандағы америка әскерлерінің жағдайы, Құранның бірнеше даналарын өртегеннен кейін нашарлады.

Мемлекеттің өзара іс-қимыл деңгейі діни бірлестіктермен негіздері, ерекшеліктері мен қоғамдағы рухани және құқықтық мәдениеттің тереңдігі, онда басым болатын дін және мемлекеттің дамуына ықпал еткен дін үлкен дәрежеде.

Мемлекеттік-конфессиялық өзара іс-қимыл критерийі бойынша келесілерді атап өтуге болады: мемлекет түрлері: теократиялық, мемлекеттік діні бар мамлекет, зайырлы және атеистік. Әрбір түрін қарастырайық.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекет зайырлылығының мазмұнын және оның белгілері
Діни бірлестіктердің құқықтық жағдайы
Құқықтық қатынастардың түсінігі
Қазақстандағы діни жағдайдың заңдық негіздері
Қазақстан Республикасында діни саясатты құқықтық қамтамасыз ету
Жергілікті билік органдары
ҚҰҚЫҚТЫҚ МЕМЛЕКЕТТҢ ҚАЛЫПТАСУЫ МЕН ДАМУЫ
Қазақстандағы конфессияаралық келісім мәселесі
Құқықтық мемлекет сонымен бірге әлеуметтік мемлекет
Қазақстан Республикасы демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz