Шағын кәсіпорын жұмысының экономикалық сипаттамасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 26 бет
Таңдаулыға:   
ҚАРАҒАНДЫ ЭКОНОМИКАЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ
ҚАЗТҰТЫНУОДАҒЫ

Экономика және басқару факультеті

Экономика және кәсіпкерлік кафедрасы

КУРСТТЫҚ ЖҰМЫС

Ұйым экономикасы пәнінен
Тақырып: Қазақстан Республикасының өнеркәсібіндегі шағын кәсіпорындар қалыптасуының тиімділігі және дамуы (кәсіпорын мысалында)

Орындаған:
Студент 31к
Тобы
Олжатай Р.К
Ғылыми жетекші:
Ибитанова К.К

Қарағанды 2019

Мазмұны
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3-5

І - Бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ

1.1. Шағын кәсіопрынның маңызы мен атқаратын кызметтері
1.2. Шағын кәсіпорын жұмысының экономикалық сипаттамасы
1.3. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің даму мәселелері

ІІ - Бөлім. ЖІГЕР АҚ СҮТ ӨНЕРКӘСІБІ КӘСІПОРЫНДАРЫНЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАҒДАЙЫ ЖІНЕ ДАМУ ТЕНДЕНЦИЯЛАРЫ

2.1. Жігер Ақ сүт өнеркәсібі кәсіпорындарының қазіргі жағдайы және даму тенденциялары
2.2. Жігер Ақ ЖШС өнеркәсібінің қаржылық тұрақтылығының көрсеткіштерін талдау
2.3. Жігер Ақ өнеркәсібіндегі шағындарды талдау

ҚОРЫТЫНДЫ

ҚОЛДАНҒАН ӘДЕБИЕТ

КІРІСПЕ

Менің курстық жұмысымның тақырыбы Қазақстан Республикасының өнеркәсібіндегі кәсіпорындар қалыптасуының тиімділігі және дамуы. Курстық жұмыс 2 бөлімнен тұрады.
Бірінші бөлімде кәсіпорынның маңызы және міндеттер, шағын кәсіпорынның экономикалық сипаттамасы, сонымен қатар кәсіпкерліктің мәні мен негізгі ерекшеліктері және Қазақстандағы шағын кәсіпкерліктің дамуы туралы тақырыпталға тоқталдым.
Екінші бөлімде Жігер Ақ сүт өнеркәсібі кәсіпорындарының қазіргі жағдайы және даму тенденциялары туралы айтылған.
Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың негізгі мақсаты - олардың әлеуметтік-экономикалық қызметін тиімді атқаруына мүмкіндіктер жасап, өмір сүру мерзімінің неғұрлым ұзаруына ықпал ету. Нарықтық экономиканың басты принципіне байланысты, қандайда болмасын шаруашылық субъектілері, ол адам болсын, жанұя, топ, ұжым, кәсіпорын, мүмкіндік түрде жұмысты іске асыруына және экономикалық қызметте кәсіпкерлік түрін таңдап алуына құқықты.
Экономикалық қызметте кәсіпкерлік түріне әртүрлі өнім, тауар өндіру, қызмет көрсеті, сол сияқты сауда-делдалдық, қаржы-несие, ғылыми-ақпарат, басқару жұмыстары, яғни өндіріс шеңберіндегі кез-келген жұмыс түрі, бөлісу және қайта бөлу, айырбас, тұтыну және қоғамдық өнімді пайдалану және т.с.с. жобалануы тиіс. Бұлардың бәрі заңға сәйкес, оған қайшы келмеуі керек.
Кез-келген экономикалық өндіріс үрдісінде жаңалау цикліндегі типтік фазамен байланысты (өндіру - айырюас - бөлу - тұтыну) экономикалық қызметтерді кәсіпкерлік жұмыстарға, өндірістік, коммерциялық және қаржылық түрлеріне бөлуге болады.
Өдірірістік кәсіпкерлік - бұл түріне тауарларын өндіруге бағытталған, өнімді тұтынушыларға сату жұмыстарын орындау, қызмет көрсету, ақпарат ұсыну жатады. Сонымен қатар, өндіріс міндетіндегі негізгі мақсаттан, атап айтқанда өндірістік ресурстар мен қамтамасыз етілуінен басқа: өнімді сақтау, тасымалдау, өткізу және т.с.с. қосымша қызметтер кәсіпорынның негізгі міндетін толықтырды.
Коммерциялық кәсіпкерлік - бұл түріне негізінен тауар-ақша және тауар айырбастау міндетіндегі операцияларды жатқызуға болады. Мысалы, тауарды сатып алу барысында сатудың төмендегідей негізгі коммерциялық кезеідері анықталды:
Тауардың түрін таңдау;
Жоғарғы сапалы тауарға сатып алу бағасын белгілеу;
Өндірге тауарға деген сұранысын белгілеу.
Жұмыстың өзектілігі: Кәсіпкерлікті қолдап, шағын және орта
кәсіпкерлікті дамыту әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті елу елдің қатарына еніге бет алған Қазақстан үшін өзекті мәселелердің бірі болып табылады.
Қазақстан Республика Конституциясында былай деп жазылған: Әркімнің кәсіпкерлік қызмет еркіндігіне, өз мүлкін кез-келген заңды кәсіпкерлік қызмет үшін еркін пайдалануға құқығы бар. Бәрісізге мәлім, өндірістің негізгі факторлары табиғи, еңбек, өндірістік ресурстар болып табылады. Нарықтық экономика кезінде осы факторладың жұмыс істеп, қозғалысқа түсуіне әсер ететін нақты күш бар. Олар: іскерлік, басқару және өз мүмкіндіктерін белгілі бар мақсатта жетістікке қол жеткізуге пайдалана білу икемділігі.
Кәсіпкерліктің түрлі формаларының өзара тиімді ынтымақтастық құруы келешегі зор бағыт. Шағын кәсіпорындар ғылыми техникалық жетістіктерді қабылдауға анағұрлым қабілетті, нарықтағы сұраныс өзгерісіне өңаай бейімделеді. Кәсіпкерлік нарықта консалтингтік, брокерлік, маклерлік, делдалдық, жарнама, қолданбалы зерттеу жұмыстары бойынша қызмет көрсетумен қамтамасыз етіліп, белсенді рөл атқарады.
Кәсіпкерлікті дамыту кез-келген деңдейдегі басқаруды жетілдіру үшін қажет. Кәсіпкерлікті дамыту кәсіпкерлікті дамыту мынандай сұраққа жауап іздеу керек: Геосаясаттық өзгерістер іскерлік белсендікке қандай әсер тигізеді? Кез-келген экономикның бүгіні мен болашағында стратегиялық көзқарассыз ешқашан даму болмайды.

І - Бөлім. ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНДАҒЫ ШАҒЫН КӘСІПКЕРЛІКТІҢ ДАМУ ЖАҒДАЙЫ

1.1.Шағын кәсіпорынның маңызы мен атқаратын қызметтері

Қазіргі жағдайда капитализмге ауысу жолында қоғамдық меншікті жекешелендіру арқылы ірі кәсіпорындарды таратып, ұсақ, шағын және орта мөлшердегі кәсіпорындар құралып жатыр. Ол дұрыс деп айту қиын. Дегенмен осы бағытта ірі кәсіпорындар жойылды. Ендігі мәселе осы шағын кәсіпорындардың кәсіпкерлік ісі туралы.
Халық шаруашылығы барлық салаларында шағын кәсіпорындардың болуы дүниежүзілік практикада экономикалық тиімді іс болып табылады. Қазіргі замандағы экономикада ірі монополистік шаруашылыққа тығыз байланыстағы орта және шағын деңгейдегі кәсіпорындар ара салмақтарының өзара байланысы көптеген факторлармен байланысты. Шынында ірі фирмалар зор материалдық, финанстық, еңбек ресурстары және маманданған кадрлар бар. Олар жоғарғы дәрежеде ғылыми-техникалық шешімдер қабылдап, өндірістің технологиялық жаңа әдістерін қолдана алады. Ал, екінші жағынан соңғы уақытта шағын және орта дәрежелі кәсіпкерлік істер орын талап етпейтін, жұмыс салаларында пайда болады. Шағын және орта кәсіпорындар, әсіре ғылыми жұмысты талап етпейтін салаларда және тұтыну тауарларын шығару салаларында болады.
Шағын фирмалардың ірі фирмалармен салыстырғанда экономикалық тиімділігі жергілікті нарыққа жақындығы, клиенттердің сұранысына икемділігі шағын мөлшерде өндіруі. Шағын кәсіпорынға, өндіріске өндірістік және дербес тұтынудың сұранысының бөлінуімен байланысты өркендейді.
Шағын және орта дәрежелі деңгейдегі бизнес экономиканы жетілдіруге септігін тигізеді: бәсекелестік орта өркендейді, қосымша жұмыс орны пайда болады, тұтыну секторы ұлғаяды. Шағын кәсіпорындардың дамуы нарықты тауар және қызметтермен толықтырады, экпорттын потенциалын арттырады және жергілікті шикізат ресурстарын тиімді пайдалануға мүмкіндік жасайды. Шағын кәсіпорын дүниежүзінде маңызды орын алады. Ол тек қана тұтыну сферасында емес, сол сияқты кейбір бөлек үзелдер мен механизмдерді шығару жағдайында немесе полуфабрикаттар өндіріп негізгі басты өндірісті қамтамасыз етуде маңызда орын алады. Шағын кәсіпкерлік субъектілері жеке адамдар болу да мүмкін. Шағын кәсіпкерліктің табысты дамуын айқындайтын басты шарттардың бірі шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін қамтамасыз ететін инфроқұрылымның жақсы дамыған және дұрыс жұмыс жасайтын элементтерінің жолға қойылуы болып талады. Шағын кәсіпкерліктің өзіндік жүйесін құру мен қолдау - бұл нарықтық қайта құруларды жүзеге асырып жатқан елдердің аса маңызды міндеті.
Қазіргі уақытта республикада шағын кәсіпорындардың өміршеңдігі мен өркендеуін арттыратын, жаңа отардық технологияларды жасауға және игеруге, жоғарғы пайдалы ғылымды қажетсінетін өнімдерді шығаруға мүмкіндік туғызатын, нағыз кәсіпкерлікті қолдаудың тиімді құралы болып табылатын бизнес инкубаторлар, технопарктер және шағын кәсіпкерлікті дамуы жөніндегі орталықтары жұмыс жасауда. Бірақ, шағын кәсіпкерлікті дамуы жөніндегі орталықтары жұмыс жасауда. Бірақ, шағын кәсіпкерлікті қолдау орталықтарын құру идеясы Қазақстанның көптеген аймақтарында қолдау тапқанына және тарағанына қарамастан, жұмыс істеп тұрған ұйымдардың туындап келе жатқан тәжірибесі республиканың шағын кәсіпкерлігін қолдаудың нарықтық инфроқұрылымын табысты дамыту үшін жеткіліксіз. Шағын кәсіпкерлікті қолдаудың республикалық жүйесінің дамуын тежеп отырған бірқатар мәністер бар шағын кәсіпкерлікті қолдау инфроқұрылымы объектілерін құру жөніндегі біріңғай әдістемелік ұсыныстар әзірленген жок, жергілікті жерлердегі атқарушы өкіметпен өзара іс қимыл кәсіпкерлер құқықтарын қорғау жөніндегі қауымдастыққтар, мемлекеттік уәкілетті оргондар көптеген кәсіпкерлер есептеу, бизнес-жоспарлау, маркетинг қаржылық талдау, құқықтық мәдениет машықтарын әлсіз меңгергендіктен, шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді күшейту керек. Кәсіпкерлерге заңдардағы және қажетті құжаттарды ресімдеудің сол немесе өзге тәртібіндегі көптеген өзгерістерді уақытылы байқап отыру қиын. Шағын кәсіпкерлікті тиімді дамыту жағдайларын жасау, шағын кәсіпкерлікті мемлекеттік қолдаудың икемді жүйесін қалыптастыру үшін жергілікті атқарушы өкімет пен көсіпкерліктің қоғамдық бірлестіктерінің өзара үйлескен іс-қимылы қажет. Осы мақсаттарға жету үшін мынадай бірінші кезектегі шараларды бөліп көрсеткен дұрыс: мемлекеттік қолдаудың нақты шараларының мазмұны туралы толық және жариялы ақпараттың болуы;
Кез-келген кәсіпкер ала алатын, заңдар, салықтар, бәсекелестер, клиенттер, тауарлар, жұмыстар мен қызмет көрсетулер рыногының жй күйі туралы іскерлік сипаттағы мәліметтерді қамтитын ақпараттық желі қалыптастыру, шағын кәсіпкерлік мәселелері жөнінде осы экономика секторының жай-күйін және оның даму үрдістерін айқындауды объективті түрде бағалау мақсатында жұйелі зерттеулер ұйымдастыру; шағын кәсіпкерліктің есеп және мемлекеттік статистика жүйесін жақсарту, шағын кәсіпкерлік секторының қызметін ынталандыруға, халықты жеке бизнеспен айналысуға даярлауға, кәсіпкерлер туралы тиісті қоғамдық пікір қалыптастыруға бағытталған насихаттау және білім беру науқанын ұйымдастыру.

1.2. Шағын кәсіпорын жұмысының экономикалық сипаттамасы

Қазақстан Республикасында мемлекеттік кәсіпорынға мына кәсіпорындар жатады:
1) Мемлекеттік, шарушылық жүргізуге құқығы бар, толық шаруашылық есепке негізделген (қорғаныс зауыттары дәрі-дәрмек дайындау және т.б.)
2) Қазыналық жедел басқаруға құқығы бар, толық шаруашылық есепке негізделген (байланыс телекоммуникациясы, геодезиялық жұмыстар өндірісі және т.б.)

Қазақстандығы шағын бизнесті дамыту факторлары

Қаржы-несие механизмін жетілдіру
Салық жүйесін жетілдіру
Басқа да факторлар
Шағын кәсіпорындар құру үшін мемлекет тарапынан берілетін несиелер мен субсидиялар
Біріңғай салық заңдарын құру мен салық салудың ықшамдалған жүйесін кеңінен қолдану
Кәсіпорындарды тіркеу процедурасын жеңілдету
Шағын кәсіпорындарды несиелейтін арнайы қорлар мен институттарды құру
Шағын кәсіпорындардың қызмет етуінің алғашқы жылдарында төмендеген салық ставкларын қолдану
Шағын кәсіпорындарды дамыту бойынша жергілікті аймақтық бағдарламаларды дамыту және жұмыссыздарға бизнем-тренингті жүргізуді дамыту
Шағын кәсіпорындарға инвестициялар тарту және салық жеңілдіктерін беру
Қызмет түріне байланысты табысқа салықтың сараланған (дифференн) ставкасын белгілеу
Меншікті бизнесін ашу мақсатында жұмыссыздарды өзіндік жұмыс бастылыққа кеңінен тарту
Жеңілдетілген амортизациялар мен лизингті қолдану
Депрессияланған аймақтарда жұмыс істеп, жаңа жұмыс орнын құрып отырған шағын кәсіпорын субъектілеріне қосымша жеңілдіктер көрсету
Аймақтық модульді кәсіби оқыту орталығының жұмысын жандандыру
Сақтандыру механизмін қолдану

Шағын кәсіпорындардағы жұмышылардың шектеулі саны:
Өнеркәсіпте, құрылыста және көлік саласында (автобус, тролейбус парктері) - 100 адам;
Инновациялық қызметтерде - 60;
Көтерме саудада - 50;
Ғылыми техникалық ортада - 60;
Бөлшек сауда мен тұрмыстық қызмет көрсеуде - 30;
Басқа да салалар мен қызмет түрлерінде - 50 адам;
Шағын кәсіпкерліктің негізгі артықшылықтарына мыналарды жатқызуға болады:
Алғашқы қапитал салымдары мен айналым қаржылары тапшы болған жағдайда көптеген кәсіпкерлер үшін тиімді нысан;
Нарықтық сұраным өзгерістеріне тез бейімделу мүмкіндігі мен икемділігі;
Жұмыссыздықпен күресудегі орны мен ролі. Жұмыс орындарын ұйымдастыруда кең мүмкіндіктің болуы;
Үстеме шығын шамасының анағұрлым төмендігі;
Басқару аппаратының ықшамдылығы;
Жергілікті шикізат қорларын іске жарату, тіпті өндіріс қалдықтарын да іске асыру және басқа мүмкіндіктерді пайдалану.

Алдымен кәсіпкерлік ұғымына қазақстандық заңнамаға сәйкес анықтама береміз, себебі кәсіпкерлік қызметтің негізгі белгілері содан туындайда.
Бизнес - табыс әкелетін кез-келген қызметтің түрі. Ал кәсіпкерлік (предпринемательство) - новаторлық іс. Нағыз кәсіпкер ол - өнертапқыш. Сондықтан да бизнеспен айналысатын адамдар ешуақытта кәсіпкер бола алмайды.
Экономикалық ғылымда кәсіпкерлік қабілеттілік деген ұғым бар. Кәсіпкерлік қабілеттілік дегеніміз - адамның бизнесте жаңалықты аша білу қабілеттілігі, бірақ бизнеске қатысатындардың барлығының қолынан келе бермейді. Басқа жұрт қалғып, қыдырып, той-думан жасағанда, барлық күш қуатын барынша жұмысқа жұмсап, новаторлықпен, мақсаттылықпен, коммуникабельдікпен, яғни адамдармен тез арада байланыс жасау қабілеттілігі, олармен өзара жақсы қатынастар құра білу, бәсекелестеріне қарағанда айналасына басқаша көз қараспен қарауда оқшауланып тұрады. Бизнесмендердің ішінен мұндай қабілеттілікпен оқшауланатындар жиі кездесе қоймайды. Демек, бизнес - бұл табыс әкелетін адамның экономикалық қызметі. Кәсіпкерлік - бұл да адамның экономикалық қызметі, бірақ бұл қызметті жаңа ізденіске бағыттайды және осы жаңалықты жүзеге асыру үшін тәуекелге бас ұрады.
Кәсіпкерлік бизнес саласында жүзеге асады, сондықтан да экономикалық әдебиеттерде олар үнемі пра-пар ұғым ретінде қарастырылады. Ал егер бизнестің новаторлық жағын қарастыратын болсақ, онда кәсіпкерлік қызмет термині қолданылады.
ҚР Азаматтық кодексінің (бұдан әрі ҚР АҚ) 10-б, 1-т-на сәйкес Кәсіпкерлік - меншік түрлеріне қарамастан, азаматтар мен заңды тұлғалардың табыс табуға басғытталған, жеке меншікке (жеке кәсіпкерлік) не мемлекеттік кәсіпорынды шарушылық басқару құқығына (мемлекеттік кәсіпкерлік) негізделген ынталы қызметі. Кәсіпкерлік қызмет кәсіпкердің атынан, оның тәуекел етуімен және мүліктік жауапкершілігімен жүзеге асырылады. Бұл анықатма толық емес шығар, бірақ оны талдауды кәсіпкерліктің төмендегідей белгілерін атауға мүмкіндік береді.
1.Дербестік.
Кәсіпкердің мүліктік және ұйымдық дербестігін шартты түрде бөліп көрсетуге болады. Қызметтің экономикалық базасы сияқты мүліктік дербестік кәсіпкерде айрықша өзіндік мүліктің бар болуымен анықталады. Мүліктік дербестік көлемі негізінде осы мүліктік субъекті жататын заңдық атағына байланысты болады. Мүліктің меншік иесінің дербестігі анағұрлым басым. Шаруашылық жүргізу құқығында жұмыс істейтін кәсіпорындардың да айтарлықтай мүліктік, бірақ заңмен шектелген дербестігі бар. Ұйымдық дербестік - кәсіпкерлік қызмет барысында дербес шешімдерді қабылдау мүмкіншілігі. Осындай қызметпен шұғылдану туралы шешім қабылдау, қызметтің түрін, ұйымдық - құқықтық нысанын, құрылтайшылардың шеңберін таңдау - мұның бәрі - ұйымдық дербестіктің көрінуі.
2.Тәуекел.
Кәсіпкерлік қызмет тәуекелге ұшырайды. Осы арқылы ол шаруашылық жүргізудің нашар нәтижелері кезінде мемлкетке жүгінуге мүмкіндігі болған зиянды кәсіпорындардың біле тұра жол берген әкімшілік - жоспарлы экономика кезеңінің шаруашылық қызметінен түпкілікті түрде ерекшеленеді. Кәсіпкерлік тәуекел - табысты жұмысқа қуатты ынта.
3.Кәсіпкерлік қызмет әрқашан табысты жүйелі түрде алуға бағытталған.
4.Жоғарыда келтірілген кәсіпкерлік анықтамасына сәйкес субъетілер табысты тауарларды сатудан, жұмыстарды орындаудан немесе қызмет көрсетуден алады. Бірақ бұл тұжырым түзетуді талап етеді. Істің мәні мынада, кәсіпкерлік қызмет көп қырлы және оның бағыттарын көрсетілген тізім арқылы ұсынуға болмайды. Осылайша, субъект табысты мүлікті иелену құқығын іске асыру барысында ала алады (мысалы, оны жалға беру кезінде. Жалдау - иелік ету және пайдалану, бірақ иелену емес). Патент иесі табысты жүйелі түрде алады, басқа адамдарға өзінің зияткерлік қызметі нәтижесін пайдалануына құқығын беріп лицензиялық шарттар жасасады.
5.Кәсіпкерлік қызметті заңмен анықталған ретте кәсіпкерлер ретінде заңмен бекітілген тәртіппен тіркелген адамдар жүзеге асырады.

1.3. Қазақстан Республикасындағы шағын кәсіпкерліктің даму мәселелері.

Қазақстан Республикасындағы кәсіпкерлік қызметтің субъектілері мыналар бола алады:
Қазақстанның азаматтары;
Шетел мемлекеттің азаматтары;
Адамдардың бірігуі (кәсіпкерлер ұжымы)
Кәсіпкерлердің мәртебесі заңды және заңды тұлғалар мемлекеттік тіркеуден өткеннен кейін күшіне енеді.
Құқығы, міндеті, жауапкершілігі және кәсіпкерлердің кепілдіктері ұлттық заңдармен реттеледі. Мысалы, Қазақстан Республикасының заңдарымен реттелетіндер.
Кәсіпкерлік қызметпен айналысу құқығы, кәсіпорындар құру және олар үшін қажетті мүліктер сатып алу;
Барлық субъектілердің рыноктағы материалдық, еңбекғ ақпарат және табиғи ресурстарға қол жеткізудің теңдік құқығы;
Меншік түрлеріне және ұйымдастыру - құқықтық формасына қарамастан кәсіпорын қызметінің теңдік жағдайы;
Кәсіпкерлердің мүліктерінен заңсыз айыруды қорғау;
Кәсіпкерлік саласындағы бекітілген шегінді еркін таңдау;
Нарықтық монополия жағдайында кәсіпкерлер мен кейбір тауар өндірушілердің бәсекеге селқос қарауына жол бермеу.
Кәсіпкерліктің экономикалық формадағы қызметіне төтеп беру өзгешелігі, кәсіпкер барлық жұмыстарды қолға алады, ал тұтынушы оған бүгіннен бастап ақша төлеуге дайын.
Кәсіпкер тауарлар өндіреді, содан соң оларды сатады. Осыған орай, кәсіпкерлік өндірістік, коммерциялық және қаржылық болып бөлінеді. Осылардың әрбір формасы өзіндік рекшеліші, өзгешелігі, демек өзіндік технологиясы болады.
Кәсіпкерлікті дамытуды белсенді түрде қолдайтын және республика үшін оның мағынасын өзгелерден жақсы түсінетін мемлекет Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев: шағын кәсіпкрлікке еңбекке жарамды халықтың ең аз дегенде 30%-ы жұмыс істеуіне қол жеткізу керек деген мақсатты алға кездейсоқ қойған жоқ.
Қазақстан Республикасында кәсіпкерліктің даму жағдайлары мен басым факторлары елімізде кәсіпорындар қызметіне қолайлы экономикалық ахуал жасау тапсырмалары, кәсіпорын функцияларын ырықсыздандыруға талдау қарастырылады және кәсіпорындардың қызмет ету негізінде заңды нормативтерді жетілдіруге ұсыныстар көрсетіледі.

Кәсіпкерліктің түрлері

Өндірістік
Коммерциялық
Қаржылық
Кеңес берушілік
Жаңартпашылық
Саудалық
Банкілік
Жалпы басқару
Ғылыми-техникалық
Сауда-көтерме сатып алу
Сақтандырулық
Әкімшілік жолмен басқару
Тауар өндіру
Сауда делдалдық
Аудторлық
Қаржылық басқару
Қызмет көрсету
Тауар биржалары
Лизингілік
Кадр басқару
Өндірістік тауарларды тұтыну

Биржа қорлары
Маркетинг
Өндірістік қызметті тұтыну

Өндіріс
Ақпараттық

Ақпараттық технология

Арнайы қызметтер

Өтпелі экономикада жаңа өркен жайған шағын кәсіпкерлікті дамыту және қолдау үшін мындай жағдайлар қажет:
еркін бәсекені құру негізі ретінде шағын кәсіпкерлікті дамытудың кешенді мемлекеттік ғылыми негізделген бағдарламаларын жасау;
оның дамуы мен қаржылық жеңілдіктер үшін қаржы базасын қалыптастыру (жеңілдетілген несиелер, жеңілдетілген салықтар, ақысыз сипатты жәрдем ақшалар);
бағдарламада ғылыми-техникалық прогресстің басымдық бағыттарында шағын кәсіпкерліктің орны ерекше анықталуы керек;
шағын бизнесті ұйымдастыруда, елдің әртүрлі аймақтарында шағын кәсіпорындардың арнайы орталықтары басты ролде болуы керек;
ірі және шағын бизнес ынтымақтастығының жүйесі негізінде, әсіресе сауда мен қызметтер саласында шағын бизнесті дамыту мақсатында ірі кәсіпорындардың ресурстарын тарту.
Шағын бизнесте жаңа жұмыс орындарын құру үшін мынадай шаралар қажет:
әкімшілік кедергілерін азайту және сыбайлас жемқорлықты болдырмау үшін, шағын бизнеспен өзара іс-әрекетте жауап беретін мемлекеттік өкімет оргондарының қызметі бақылау жүйесін әзірлеу;
аймақтық ұстаным бойынша шағын бизнеспен айналысатындарға өзін-өзі ұйымдастыруды ықпал ету;
басыды бағыттарды бөлу үшін шағын бизнестің нақты жобаларының мәліметтер базасын құру;
ауыл шаруашылығы шикізаттарын өңдеу жөнінде тамақ өнімдерінің шағын өндірістерін ұйымдастыру үшін, жергілікті өкімет органдарының балсында тұрған, бос қалған және тиімсіз пайдаланылып жүрген ғимараттарға түгендеу жұмыстарын жүргізу;
саудада жүрген, әсіресе айел адамдардың еңбек жағдайын жақсарту үшін қала және аудан орталықтарында ең аз төлемақымен (электроэнергиясы, жылумен қамтамасыз ету төлемдері) базарларда сауда жасайтындар үшін шағын қоймалар ұйымдастыру, сауда саласында шағын бизнестің инфроқұрылымдық қамтамасыз етуін жақсарту;
өнеркәсіп көлемінің өсуне және республика бойынша өнімдерді тасуға байланысты республикалық мәні бар автожолдардың бойынан жол бойындағы инфроқұрылымдар (кенпингтер, кафелер, мотельдер және т.б.) объектілерінде шағын бизнесті дамыту үшін жағдай жасау;
шағын және отбасылық кәсіпкерлікке жәрдемдесу (шағын кредит, өнімдерді санитарлоқ - эпидемиологиялық бақылаудан өткізу, сауда-алаңдарын көркейту);
жұмысты жаңа бастаған кәсіпкерлерге салық ставкасын төмендету;
жергілікті бюджеттен қаржылық қордау көрсету жөніндегі жобаларды қарау кезінде құрылған жұмысшы органдарының санына ерекше көңіл бөлу.
Бөлшек сауда, қоғамдық тамақтандыру және тұрмыстық қызмет көрсету салаларында 2003 жылы 1631, 2004 жылы - 1761, 2005 жылы - 1818 жаңа жұмыс орындарын құру жоспарланды.
Шикізатпен қамтамасыз етілуі мен өнімді өткізуі. Өнімді өткізу кезінде қиыншылықтардың пайда болуының бірден-бір себебі - бәсекелестік ортаның жоғарылылығы. Шағын кәсіпкрліктің дамуына кері әсер ететін басқа да факторлар шағын кәсіпкерліктің қызметін реттейтін қолданыстағы заңнамадағы нормалардың жетілдірілмеген және кей жағдайда нақты нормалардың болмауы болып табылады, бұл әкімшілік кедергілерді ұлғайтуға әкеледі.
Шағын бизнесте дамытудағы және жұмысбастылық мәселесін шешудегі мемлекеттік саясатты жасап, жүргізу үшін жоғарыдағы факторларды бөліп көрсетуге болады. Аталған факторлар өз кезегінде шағын бизнестің дамуын тежейтіндіктен бірінші кезектегі міндеттерді анықтауға мүмкіншілік береді.

2 кесте - Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің құрылымының өзгеру деңгейі

Көрсеткіштердің аталуы

Жылдар
20092014 жылға, %

2009
2010
2011
2012
2013
2014

1.Тіргеуге алынған ШКС саны, соның ішінде
514,4

331,5

372,5

388,2

408,5

449,9

87,4

Шағын кәсіпорындар, мың бірлік

318,4
109,0

110,1

111,7

103,2

114,8

36,0

Жеке кәсіпорындар, мың бірлік

196,0

225,5

262,5

276,6

305,2

335,1

171,0

2.Қызмет ететін ШКС, саны мың бірлік, соның ішініде

248,2

280,9

329

353,7

382,2

376,4

151,6

Шағын кәсіпорындар, мың бірлік
52,2
58,4
66,5
77,0
77,0
97,1
186,0

Тіркеуге алынған субъектілердің жалпы санындағы қызмет ететін ШКС үлесі, % соның ішінд
48,3
84,7
99,2
91,1
93,7
83,7
173,3
Шағын кәсіпорындар үлесі, %
10,1
17,6
17,9
19,9
18,8
21,6
213,9
4.Тіркелген шағын кәсіпорындардың жалпы санындағы қызмет ететін шағын кәсіпорыдардың үлесі, %
16,4
53,6
60,5
69,0
74,5
84,6
515,8
Ескерту - КР шағын кәсіпорындары кызметінің негізгі көрсеткіштері, 1 бөлім, 2007ж. ҚРСтатистика жөніндегі агенттігінің мәліметтері негізінде автормен құрастырылған

Қазақстан ғылыми-сыйымды өнімдер нарығынд. Ғылыми сыйымды өнімдермен айырбас кызмет көрсетуді, тауарлармен жасалынатын сауданы, лицензиялар мен патенттерді сату, салып алуды төмендетеді. Ғылыми сыйымды өнімдер әлемдік нарығының субъектілері болып мемлекеттер, фирмалар, университеттер, қорлар, жеке тұлғалар, ғылымдар мен мамандар табылады. Ғылыми сыйымды өнімдер әлемдік нарығының объектілері болып заттай формадағы (агрегаттар, инструменттер, технологиялық желілер, өнеркісіптік үлгілер және т.с.с.) және заттай емес формадағы (патенттер, лицензиялар, ноу-хау, тауарлық белгілер және т.б.) интеллектуалды қызметтің нәтижелері табылады. Халықаралық маманданған ұйымдардың терминологиясын қолдана отырып, заттай емес формадағы технологиялық айырбастың немесе ғылыми сыйымды өнімдер айырбасының объектісі болып өнеркәсіптік үлгілер табылады.
Республика нарықтық экономикаға өту кезінде ғылыми сыйымды өнімдер айырбасы мәселелерін шеш отырып, белгілі бір қиындықтарды басынан кешіру мүмкін. Бірақ-та әлемдік нарыққа ғылыми сыйымды өнімдермен шығу келесі мәселелелердің шешілуін талап етеді:
ең алдымен әлемдік деңгейге сәйкес келетін жаңа технологиялардың тізімін ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
«Қаржы менеджмент» пəн бойынша сырттай оқу нысанында оқитын студенттерге өзіндік жұмыстарды орындауға арналған əдістемелік нұсқасы
Шағын кәсіпкерлік субъектілерінің қызметінің тиімділігін арттырудың теориялық мәселелері
КӘСІПКЕРЛІК ҚЫЗМЕТТІҢ ТИІМДІЛІН ТАЛДАУ ЖӘНЕ БАҒАЛАУ
Өнеркәсіпте шағын кәсіпорындарды дамыту мен оның артықшылықтарын дәлелдеу
Кәсіпорындағы қаржылық шаруашылық жұмысының негіздері
ЖШС “Меркур Строй Сервис” экономикалық және кәсіпкерлік белсенділігін талдау
Кәсіпорынның бизнес - жоспарын құрудың теориялық негіздері
Бизнес-жоспардың маңызы мен баптары
Қаржылық жоспарлау мен болжаудың теориялық негіздері
Бәсекелестік. Алматы нан» АҚ әлеуетін талдау
Пәндер