Бастапқы қор мың тонна


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 73 бет
Таңдаулыға:   

Жаңажол кен орнында мұнайды жинау, дайындау және тасымалдау кезінде сусыздандыру тәсілдерін талдау

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ
10
: 1.
КІРІСПЕ: Геологиялық бөлім
10: 11
: 1. 1
КІРІСПЕ: Кен орынның геологиялық құрылымының сипаттамасы
10: 11
: 1. 1. 1
КІРІСПЕ: Жалпы мағлұматтар
10: 11
: 1. 1. 2
КІРІСПЕ: Стратиграфия
10: 12
: 1. 1. 3
КІРІСПЕ: Тектоника
10: 17
: 1. 1. 4
КІРІСПЕ: Мұнайгаздылығы
10: 17
: 2.
КІРІСПЕ: Технологиялық бөлім
10: 19
: 2. 1
КІРІСПЕ: Кен орынды игеру жүйесі
10: 19
: 2. 1. 1
КІРІСПЕ: Ағымдағы игеру жағдайын талдау
10: 20
: 2. 1. 2
КІРІСПЕ: Ұңғылар қорының және олардың ағымдағы дебиттерінің, игерудің технологиялық көрсеткіштерін талдау
10: 26
: 2. 1. 3
КІРІСПЕ: Мұнай және газ қорларының өндіруін талдау
10: 27
: 2. 1. 4
КІРІСПЕ: Кеніштің энергетикалық жағдайының сипаттамасы, игеру режимдері
10: 28
: 2. 1. 5
КІРІСПЕ: Қабатты және ұңғыны гидродинамикалық зерттеу
10: 30
: 2. 1. 6
КІРІСПЕ: Қабат қысымының жүйесі және қолданыстағы қабаттардың мұнайбергіштігін арттыру әдістері
10: 32
: 2. 2
КІРІСПЕ: Мұнай және газ өндіру техникасы мен технологиясы
10: 33
: 2. 2. 1
КІРІСПЕ: Ұңғыларды пайдалану тәсілінің көрсеткіштерінің сипаттамасы
10: 33
: 2. 2. 2
КІРІСПЕ: Ұңғыларды пайдалану кезінде қиындықтың алдын алу шаралары және олармен күрес
10: 35
: 2. 2. 3
КІРІСПЕ: Ұңғы өнімдерін кәсіптік жинау және дайындау жүйесінің талаптары мен оларға ұсыныстар
10: 36
: 2. 3
КІРІСПЕ: Арнайы бөлім
10: 40
: 2. 3. 1
КІРІСПЕ: Жаңажол кен орнынында мұнайды жинау, дайындау және тасымалдау кезінде сусыздандыру тәсілдерін талдау
10: 40
: 2. 3. 1. 1
КІРІСПЕ: Жаңа техника және технологияны қолдану
10: 45
: 2. 3. 1. 2
КІРІСПЕ: Сусыздандыруда қолданылатын химиялық реагенттер
10: 46
: 2. 3. 2
КІРІСПЕ: Мұнай тұндырғышының есебі
10: 48
: 2. 3. 3
КІРІСПЕ: Компьютерлік программаларды қолдану арқылы есептеу
10: 49
: 3.
КІРІСПЕ: Экономикалық бөлімі
10: 52
: 3. 1
КІРІСПЕ: Кенорынды игерудің техника-экономикалық көрсеткіштері
10: 52
: 3. 2
КІРІСПЕ: Экономикалық тиімділік есебі
10: 55
: 4.
КІРІСПЕ: Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімі
10: 59
: 4. 1
КІРІСПЕ: Кәсіпорындағы қауіпті және зиянды факторлар
10: 59
: 4. 2
КІРІСПЕ: Еңбек қауіпсіздігін қорғауды қамтамасыз ету шаралары
10: 62
: 5.
КІРІСПЕ: Қоршаған ортаны қорғау бөлімі
10: 69
: 5. 1
КІРІСПЕ: Атмосфералық ауаны қорғау
10: 69
: 5. 2
КІРІСПЕ: Су ресурстарын қорғау
10: 73
: 5. 3
КІРІСПЕ: Жер ресурстарын қорғау
10: 75
:
КІРІСПЕ: ҚОРЫТЫНДЫ
10: 77
:
КІРІСПЕ: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ
10: 78
:
КІРІСПЕ: А. 1- қосымша
10: 79
:
КІРІСПЕ: Ә. 2- қосымша
10: 80
:
КІРІСПЕ: Б. 3- қосымша
10: 81
:
КІРІСПЕ: В. 4 - қосымша
10: 82
:
КІРІСПЕ: Г. 5 - қосымша
10: 83
:
КІРІСПЕ: Д. 6 - қосымша
10: 84
:
КІРІСПЕ: Е. 7 - қосымша
10: 85

КІРІСПЕ

Еліміздің экономикасындағы басты мәселелердің бірі - Мұнай - газды өңдіру саласы болып табылады. Қазақстан Республикасының президенті Н. Ә. Назарбаев халыққа жолдауында айта кеткендей; «Қазақстан пайдалы қазбаларға өте бай, әсіресе мұнай-газ саласы да. Сондықтан да, бұл саладағы өңдірісті жылдам да, әрі тиімді етеп өңдіру қажет. Алдымыздағы 20-30 жылдың ішінде альтернативті энергоресурстарын үнемі пайдалануымыз мүмкін».

Қазақстандағы мұнай-газ саласының дамуына қарай, қазіргі уақытта, мұнай-газ ісі ғылымы да қарқынды дами бастайды. Әр түрлі, ресурстарды пайдалана отырып, ғылымның алға жылжығаның байқаймыз. Дүние жүзіндегі зертханаларда экологиялық таза, сұранысқа тиімді энергоресурстар шығарылыуда. Қазіргі уақыттың өзінде жанар майды қажет етпейтін автокөліктер ойлап шығарылыуда, адамзат атом реакторлары және термоядролық реакцияларды қолдануды жүзеге асырды.

Қазақстан Республикасының алдына қойған мақсаттарының бірі:

  1. Қарқындылығы жоғары кен орындарды игеру;
  2. Кен орындарды жылдам да, әрі тиімді етіп игеру;
  3. Мұнай және газ саласындағы алдынғы қатарлы геологиялық бақылауды және жаңа кен орындардың ашылыуын жүзеге асыру.

Қазақстандағы мұнай-газ кен орындарының ішіндегі ең ірі кен орындардың бірі-Жаңажол кен орны. Еліміздің эконоикасының дамуына үлкен үесін қосуда.

Жаңажол кен орны Ақтобе облысы Мұғалжар ауданында орналасқан. Жаңажол кен орнының сатысында (Алибекмола, Жаңажол, Ұрыхтау, Қоңғыр, Шығыс Төрткөл) 4411 м аралықтағы тереңдікте. Кеңкияқ кенорнының сатысында (Арайсай, Кеңкияқ, Көкпенде, Оңтүстік Мартук, Жантай және т. б) олар 5182 м тереңдікте - будалардың оңға жуық коллекторлары бөліп тұр ( 20 - 84 м қалыңдықта, мұнай қабаттарымен негізделген, газ және конденсатта кездеседі), оның құрамына: окс горизонтындағы - бір; серпухов ярусында - үш; башкир ярусында - үш; коллекторлы будаларды өз - ара аргелитті қабаттармен немесе тығыздығы жоғары карбонаттар болып бөлінеді. Әр будаларда екі - жеті қабат болады, олардың қалыңдығы 3 - 38м аралығында және буланған коллекторлармен бірге, ыдыраған және сирек булармен, булы қабаттармен, ыдыраған қабаттар түрінде. КТ-1 сатысының, физикалық және мұнай өнімінің сапалы мінездемесі жақын. Олар жеңіл (833 - 836 кг/м3) . Күкіртті (0, 4 - 0, 9%), парафинді (3, 95%), шайырдың және асфальтеннің мөлшері 4, 6 - 5, 6%. Фракцияның шығу температурасы 200С, 32%- дейін жетеді, ал 300С 55% шамасында. Мұнайдың топтық құрамы: метанды - нафтенді.

Дипломдық жобада Жаңажол кен орнындағы мұнайдың құрамына байланысты деэмульсиялаудың тәсілдерін негіздеуге талдау жасалып, осы әдістердің экономикалық тиімділігін дәлелденді.

АҢДАТПА

Осы дипломдық жобада бес негізгі бөлім қарастырылған.

Бірінші бөлімде кен орынның геологиялық құрылымдық сипаттамасы, стратиграфиясы, тектоникасы, мұнайгаздылығы және мұнай мен газдың қорлары туралы айтылған.

Технологиялық бөлімінде кен орынды игеру жүйесі алдымен игеру кешенін қарастырамыз, содан соң пайдалану ұңғыларының орналасуын анализдейміз, игеру режимін таңдаймыз, өндірудің техникаға арналған таңдауы және белгілері, технологиялық көрсеткіштердің, ұңғыма фондының структурасының және олардың қазіргі дебиттерінің анализі, мұнай және газ технологиясы, ұңғымаларды пайдалану түрлерінің көрсеткіштерінің мінездемесі, ұңғымаларды пайдалану кезіндегі қиындықтармен күресу және оны алдын-алу жөніндегі салтанатты іс-шаралар, ұңғылар өнімдеріне жинау жүйесі және өнімді дайындау талаптары мен кеңестері қарастырылған.

Арнайы бөлімде Жаңажол кен орнындағы мұнайды жинау, дайындау және тасымалдау кезінде сусыздандыру тәсілдерін талдау қарастырылады.

Экономикалық бөлімінде кен орнын пайдаланудағы техника-экономикалық көрсеткіштеріне талдау, яғни экономикалық тиімділік есебі көрсетілді.

Қауіпсіздік және еңбекті қорғау бөлімінде қауіпті және зиянды өндірістік факторларды талдау және қышқыл ерітінділермен жұмыс жасау кезіндегі қауіпсіздік көрсетілген.

Қоршаған ортаны қорғау бөлімінде атмосфераны және литосфераны ластайтын көздер ретінде технологиялық үрдістер көрсетілген.

АННОТАЦИЯ

Этот дипломный проект состоит из пяти основных частей.

В первой части изложены следующие основные параметры: строение, выделение коллекторов, пористость, нефтенасыщенность, коэффициенты проницаемости, физико-гидродинамические характеристики, запасы нефти и газа.

В технологической части сначала выбираем система разработки, объект разработки, потом анализируем размещение эксплуатационных скважин и наконец выбираем режим разработки, а также рассмотрены как: выбор и назначение техники для добычи; анализ структуры фонда скважин и их текущих дебитов, технологических показателей; технология добычи нефти и газа; характеристика показателей способов эксплуатации; мероприятия по предупреждению и борьбе с отложениями при эксплуатации скважин; требование и рекомендации к системе сбора и промысловой продукции скважин.

В специальной части дипломной работы анализ методов обезвоживания при сборе, подготовке и транспортировке нефти на месторождения Жанажол.

Технико-экономические показатели эксплуатации месторождения рассмотрены в экономической части.

В части безопасность и охраны труда указаны анализ опасных и вредных производственных факторо.

В части охраны окружающей среды рассмотрены технологические процессы которые являются источниками загрязнения атмосферы и литосферы.

ANNOTATION

This diploma project consists of five main sections.

Section one describes the following main parameters: structure, reservoir quality discrimination, porosity, oil saturation, permeability coefficients, physical- hydrodynamic characteristics, and oil and gas reserves.

First select object of development in development section, then analyze production well location and select development regime.

Section three, facilities and production techniques, describes the following items such as: the selection and purpose of production facilities, analysis of well stock structure and their current flow rate, technological parameters, oil and gas production techniques; characteristics of production method, preventive measures and debris buildup control during well operations; requirements and recommendations to gathering system and oilfield well products.

-at the second section I wrote about the setup of useful special of working of depth wading rod pump and selection of equipment.

Technical and economic index of well production is stipulated in the economic section of administrative parameters of oil and gas production department.

Evaluation of occupational hazard and well operation by means of airlifting is described in safety section.

Technological process that is the source of air and water pollution described in environment protection section.

1 Геологиялық бөлім

1. 1 Кен орнының геологиялық құрылымының сипаттамасы

1. 1. 1 Кен орнының жалпы мағлұматтары

Жаңажол кен орны Ақтобе облысы Мұғалжар ауданында орналасқан. Кен орын 1978 жылы №4 ұңғымен ашылған. Онда тұз асты түзілімдерінің жоғарғы корбонатты қабаттарынан өнеркәсіптік маңызы бар мұнай ағымы алынған.

Бұл кен орын Ақтөбе облысының Мұғалжар ауданына жатады. Кен орын Қандыағаш қаласынан оңтүстікке қарай 130 км қашықтықта орналасқан. Облыс орталығы Ақтөбе қаласынан солтүстікке қарай 240 км жерде орналасқан, қала мен кен орын тас жол арқылы байланысып жатыр. Аудан бойынша халық саны көп емес.

Ең жақын теміржол станциясы шығысқа қарай 100 км шамасында орналасқан. Жақын жерде Жанажол совхозы солтүстік-шығысқа қарай 15 км қашықтықта орналасқан. Жем станциясы Жана Жол кен орнынан солтүстік батысқа қарай 35 км жерде Кеңқияқ кен орны игерілуде. Гурьев-Орск құбыр желісі 100 км қашықтықта өтеді.

Жана Жол кен орны 1982 жылдан бері игеру сатысында. Игерудің негізгі сатысы жағарғы корбонатты қабат.

Жана Жол кен орнынан 130 км қашықтықтағы Қандыағаш қаласында СНПС «Ақтөбемұнайгаз» кәсіпорны орналасқан. Кен орын аумағында электр желісі, игеру ұңғыларын бұрғылау үшін жүргізілген.

Кен орынды қайта жандандыру 1960 жылы(Домбровский П Я, МойсенюкН К) жүзеге асырып, 1961 жылы бұрғылауға өткізді. Ақтебе геофизикалы экспедитция ғалымдарының зерттеуі 1975-1980 жылы жүргізілді. Бұрғылау барысында 1-ші ұңғыма тереңдігі 3154м, ал 2-ші ұңғыма 1966 жылы 2433м терендікте болды. 1976 жылыдан 1978 жылдын 31 наурызына дейін жүргізілді. Осы бұрғылау нәтижесінде фонтанды бұрғылау алынды.

Жергілікті жер бедері әлсіз төбешікті жазық даладан тұрады және жыралармен бөлінген. Абсолют белгілер +125 тен 270 м-ге дейін ауытқиды. Минимал белгілер кен орнын территориясын оңт. батыстан шектеп жатқан Жем өзенінің ұзындығынына жатқызылған. Территорияның негізгі бөлігі жазақ дала. Климаты кенет континенталды ұзақ, салқын қысымен, қар қалындығы 20 см-ге дейін және салыстырмалы түрде қысқа жазымен сипатталады. Үлкен ауқымдағы жылдық және тәуліктік температура ауытқулары тен. Темперетура +40С-тан -40С-ге дейін, кеш көктемдік және ерте күздік суықтар болады.

Территорияның жазық болыуы жел күштерінің пайда болыуына жақсы жағдай тудырады. Қыста батыс бағыттағы желдер басым және борандар тудырады. Жаз мезгілінде солтүстік шығыс бағыттағы желдер басым болады, бұл ылғалдылықтың тез буланып кетуіне әсер етеді.

Гидрогеографиялық торап үш өзенмен көрсетілген. Оның ішіндегі ең ірісі Жем өзені. Оның бастауы Мұғалжар тауларының батыс баурайынан шығады. Оның ұзындығы 712 км. Ол кен орыннан 2-14 км қашықтықта өтеді. Суы минералданған және техникалық қажеттіліктерге қолданылады. Тұрмыстық қажеттіліктерге құдық сулары алынады. Жем өзені балыққа бай. Онда шортандар, майшабақтар, алабұғалар мекен етеді.

Тамды өзені өз бастауын Шабаева ауылы жанындағы бұлақтан алып, Елек өзеніне келіп құяды. Өнеркәсіптік балықтар мекені болып келеді: сазан, алабұға, судак және т. б.

Бұлардан басқа төрт кешігірім өзендер бар; Сазды, Ақжар, Қаракеш, Талды-су. Олардың тұрақты ағымы жоқ, сондықтан жиі кеуіп кетеді.

Өсімдік әлемі тек атмосфералық шөгінділер есебінен құралады. Өсімдік әлемі кедей және негізінен бетегелер тобынан құралған.

Жылдық орташа шөгінділер 170 мм. Қыс мезгілінде журдің қату тереңдігі 1, 5-1, 8м.

Сыртқы ауаның абсолютті минемалды температурасы +43С, -42С

Орташа айлық ауаның ылғалдылығы сағат 13:00-де. Салқын айда 77%, ыстық айда 29%

Қар қалындығы қыс мезгілінде 20 см. Өсімдік жабыны жартылай шөл далаға тән.

  1. Стратиграфия

Жоғарғы корбонат қатқабатының қималарын салыстыру нәтижесінде үш коллектор будалар ( жоғарыдан төмен қарай А, Б, В будалары) анықталған. олар бойынша газ, конденсат және мұнай қорлары анықталған. Стратиграфиялық тұрғыданА және Б будалары Гжель мен Касым жікқабаттарына жатқызылған. Құрылымның солтүстік күмбез маңында №10, 13, 50 ұңғылар ауданында В будасы анықталады.

Литологиялық жыныстары әктастармен, доломиттермен және соларға тән түрлермен көрсетілген. Әктастар органогенді, микрокристаллды, псевдоолитті. Органогенді әктастар А будасы үшін тән (Гжель жікқабаты) . Олар органикалық қалдықтардан тұратын сұр түсті жыныстар. Кеуектулік бұрыс пішінді болып келеді, өлшемдері 0, 005-0, 5 мм, сирек 1 мм., каверналы 1-5 мм. Жарықшақтық нашар дамығын. Микрокристалл әктастар әр түрлі дәрежеде саздалған, біртекті, негізінен тығыз, жарықшақтығы органогенді әктастар арасында кездеседі, сонымен бірге гжель жікқабатының төменгі боліктерінде жеке будалар түзеді.

Доломиттер өңімді жыныстар қимасында кең тараған. Олар біртекті, массивті, қоңыр-сұрғылт жыныстар, арасында жиі битумнан қалған белгілер болады.

А, Б, В будалары керн материалдарымен қанағатты түрде қамтылған. А будасы бойынша 34 рет кеуектілік пен өткізгіштік (8 Мg) анықтау жүргізілген. Кеуектілік сонымен бірге СКҚ арқылы да анықталады. СКҚ бойынша алынған кеуектілік көрсеткіші керн мәліметтеріне жақын. Жобалау үшін 12%-ке тең кеуектілік пен 8 Мg өткізгіштік қабылданады. Мұнайға қанығу 80%-ке тең.

Б будасы бойынша 7 ұңғыдан 215 кеуектілікті есептеуге және 186 өткізгіштікті есептеуге қажетті үлгілер алынады. Мұндағы кеуектілік - 13, 7%, өткізгіштік - 171 Мg. Мұнайға қанығу 87%-ке тең. Осы параметрлер жобалауға қабылданады.

В будасы 164 кеуектілік пен 82 өткізгіштікті анықтау орындалған. Мұнда кеуектілік - 10, 2%, өткізгіштік - 175 Мg. Мұнайға қанығу 86%.

В1 будасы кернмен сипатталмаған. Оның параметрлері В будасымен келтірілген. Төменгі корбонатты қатқабат толық зерттелмеген, өткізгіштігі анықталмаған. Керн бойынша кеуектіліктің орташа мәні - 11 %. Мұнайға қанығу 75%.

Бірінші корбонатты қатқабат (КТ-1) әктастармен, доломиттермен көрсетілген. Сирек түрде саз қабатшалары кездеседі. КТ-1 қатқабатының қимасында үш өнімді коллектор будалары анықталған. ( А, Б, В) .

Өнімді будалардың коллекторлық қасиеттері керн және геофизикалық зерттеулер кешені бойынша зерттелген. Керн бойынша орташа арифметикалық кеуектілік мәні А, Б және В будалары үшін сәйкесінше: 11, 5%, 13, 7% және 10, 2%.

А, Б, В будалары газ бүркемесінің газбен қанығыуы 79%, 82%, 81%.

ГИС нәтижелері бойынша орташа кеуектілік : А будасы бойынша - 12%, Б- 13, 8%, және В- 11, 5% болады.

Жоғарыда келтірілген мәліметтер бойынша А және Б будалары керн мен ГИС арқылы зерттеу жүргізу нәтижелері бірдей де, ал В будасы бойынша керн 7 ұңғыдан алынғаның, ал ГИС зерттеу жұмыстары 12 ұңғы бойынша жүргізілгендігін ескеріп, кеуектілікті 11% деп аламыз. А, Б және В будаларының өткізгіштік сипаттамасын негіздеу үшін тек қана керн мәліметтері алынады. Орташа өткізгіштік А, Б және В будалары бойынша сәйкесінше 0, 0008 мкм 2, 0, 171 мкм 2, 0, 114 мкм 2 . А және Б будалары бойынша бастапқы мұнайға қанығу геофизикалық зерттеулермен анықталады және сәйкесінше 80%- ға тең. В будасы үшін 86%.

В1 будасы кернмен әлсіз сипатталған. Ол бойынша барлық параметрлер В будасындай етіп алынады.

Стратиграфикалық қатынаста Г будасы Мәскеу жікқабатының нашар горизонтына жатқызылған, ал Д будасы Мәскеу жікқабатының верей горизонтына, башкир жікқабатына және серпухов жікқабатының протвин горизонтына жатады.

Жобалау үшін кеуектіліктің келесі мәндері ұсынылады: Г І-9, 5%, ГвІ ІІ-12, 6%, ДнІ-10, 8% және Д І ІІ-9, 8% .

Өңімді будалардың өткізгіштігін негіздеу үшін керн материалының, геофизикалық және гидродинамикалық зерттеулердің нәтижелері қолданылады. Керн мәліметтерінің шектеулі екендігі белгілі болғандықтан өткізгіштікті белгілі кеуектілік және каротаж бойынша анықтаған жөн.

Жобалауға келесідей өткізгіштіктің берілгендері ұсынылады. ГІ-0, 0185 мкм2; Гв-ІІІ-0, 0824 мкм2; ДнІ, ДвІ-0, 0603мкм2.

Жалпы мұнайға қанығу тек ГИС арқылы анықталады және будалар үшін келесідей болып келеді:ДнІ, ДвІ және Д ІІІ үшін 89%, 85%, 73%; газға қанығу : ГнІІІ-78% және 83%.

Өнімді будалардың қалындығы өте ауқымды көлемде өзгеріп отырады.

Мысалы, КТ-1 қатқабаты бойынша негізінен 30-60 м. Болса, кейбір ұңғыларда 5, тіпті 2 м-ге дейін төмендейді. Олардың жоғары мәндері Б және В будаларында байқалады, кейбір ұңғыларда 100-109 м-ге жетеді. Будаларды бөлгіш қабатшалардың қалыңдығы ондаған метрге жетеді, тек бөлек ұңғыларда 2-5 м-ге азаяды, ал кейде 0-ге дейін түседі.

А будасының қалындығы 2, 4-89, 4 м, жалпы тиімді қалындығы 3, 4-66, 5 м, мұнайға қанығу максимум қалындығы 36 м-ге жетеді.

Орташа мұнайға қанығу қалындығы 12м . газға қанығу- 26м . Б будасы бойынша жалпы қалыңдық 4-104, 8 м, тиімді қалындық 3, 4-6, 4 м, мұнайға қанығу қалындығы 1-ден 47, 3 м-ге дейін.

Мұнайға қанаққан орташа қалыңдық кеніш бойынша 12 метр, газға қаныққан қалындық 14 метр.

В будасы Б будасы секілді кең ауытқуға ие қалыңдығы бар. Осылай, Б будасының жалпы қалындығы 10-нан 108, 8 м-ге дейін өзгереді, тиімділік қаландығы 6-40 м. Мұнайға қанығу қалыңдығының максимал мәні 55м.

Мұнайға қанығу қалындығының орташа мәні оңтүстік күмбезде 13м., солтүстік күмбезде 20, 9 м.

В1 будасының қалындығы 28, 2-73 м, мұнайға қанығу қалыңдығы 30, 8- 88, 6м.

Мұнайға қанығу қалыңдығының орташа мәнің оңтүстік күмбезде 5, 6 м, солтүстік күмбезде 7, 4 м. КТ-ІІ карбонатты қатқабатының интервалы құрылымының оңтүстік бөлігінде 827 м-ге дейін өзгереді. Ондағы Г және Д будалары да өз қалындықтарының тұрақсыздығымен ерекшеленеді: І блокта олардың қалыңдығы солтүстікке қарағанда аз. ГвІІІ будасының жалпы қалындығы 4, 2 м-ден 84 м-ге дейін, ГнІІІ будасы 4 м-ден 218 м-ге дейін өзгереді.

ГвІІІ будасының мұнайға қанығу қалындығының максимал мәні 30, 2 м; ГнІІ-71, 2 м ; ДвІ-115, 4 м; ДнІ-83, 8м.

Мұнай, газ және судың қасиеті мен құрамы

Мұнай - тау жынысы. Ол шөгінді тау жыныстар қатарына жатады, құрамында құм, топырақ, әктас, тұздар және т. б. Тау жыныстар көбінесе қатты күйде кездеседі, бірақ мұнай сұйық болады. Мұнай жер қойнауының мыңдаған метр тереңдікте орналасады. Мұнайдың негізгі қасиеті - жаңғыш.

Кен орынның орналасуына байланысты мұнай қоры әр түрлі болады. Мұнайдың негізгі салмағында көміртегі - 79, 5 - 87, 5 % және сутегі - 11, 0 - 14, 5 % болады. Бұлардан басқа мұнай үш элементтен құралады - оттегі, күкірт, азоттан. Олардың жалпы мөлшері 0, 5 - 8 % құрайды. Мұнайдың әр түрлі консентратцияға түсіуіне байланысты құрамында; ванадий, никаль, темір, алюминий, мыс, магний, барий, стронций, марганец, хром, кобальт, молибден, бор, мышьяк, калий. Олардың жалпы көлемі 0, 02 - 0, 03 % құрайды. Берілген элементтер мұнайдағы органикалық және бейорганикалық қосылыстарды тудырады. Мұнайдағы оттегі және азот қосылыстары берік күйде болады. Күкірт күкіртсутегінің құрамында болады. Мұнай құрамына шамамен 425 көмірсутегті қосылыстар кіреді. Негізгі үш топ: метанды, нафтенді және ароматты көмірсутегтер құрайды. Барлық мұнай түрлері көміртегтердің; 1) метанды - нафтенді, 2) нафтенді - метанды, 3) ароматты - нафтенді, 4) нафтенді - ароматты, 5) ароматты - метанды, 6) метанды - ароматты, 7) метанды - ароматты - нефтенді. Бұл классификацияда алғашқы болып, мұнай құрамындағы көмірсутег қосылыстардың ең азы қойылады.

Мұнай мен газ жанғыш пайдалы қазбалар қатарына жатады. Олар құрамында көмірсутегі емес қосылыстары бар әртүрлі құрылымдағы көмірсутегтерінің күрделі қоспаларынан тұрады.

Мұнай құрамы өте күрделі және әр түрлі болып келеді. Ол бір кеніштің өзінде де өзгеріске түсіуі мүмкін.

Жер жүзінде 23 мыңнан астам кенорны болса, оның ішінде Қазақстанда 200-ге жуық мұнай кенорны бар. Әр кен орынының мұнай құрамы ерекше және қасиеті де әртүрлі.

Мұнайдың қасиеті өңдіру барысында, мұнайдың қабат бойымен қозғалысында, ұңғыда және жинау мен тасымалдау жүйесінде өзгеріп отырады.

Мұнайдың құрамына метанды немесе парафинді ( СпН2н+2), нафтенді (СпН2п) және ароматты (СпН2п-6) көмірсутектер кіреді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қойма шаруашылығын ұйымдастырудың жағдайын тексеру
Қор қайтарымы
Негізгі өндірістік қорларды бағалау әдістері
Кенорын бойынша мұнайдың және еріген газдың қоры
Ұңғымалар қорын пайдалану коэффициенті
Біріншісі - Исфахан провинциясын Иран металлургиясының орталығына айналдырған Мобарек пен Мияндағы болат зауыты
ЖШС «Жигер» кәсіпорнының өндірістік шаруашылық қызметіне толық талдау жүргізу, кәсіпорынды басқару құрылымын зерттеу, және кәсіпорында негізгі капиталды пайдалану тиімділігін талдау және оның деңгейін арттыру бойынша іс-шаралар жобасын жасау
Кәсіпорындағы негізгі капиталды пайдаланудың теориялық негіздері
Алтын нарығының әлемдік металдар нарығындағы орны
Кисымбай мунай кен орны
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz