Колледжде дуальді оқыту жүйесін қалыптастырудың педагогикалық мәселелері


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 7 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АБАЙ МЫРЗАХМЕТОВ АТЫНДАҒЫ КӨКШЕТАУ УНИВЕРСИТЕТІ

ӘОЖ-377. 75 Қолжазба құқұғында

Абжанова Данагуль Жамбыловна

ДУАЛЬДІ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІНДЕГІ КОЛЛЕДЖ СТУДЕНТТЕРІНІҢ БОЙЫНДА ЕҢБЕК ҚҰНДЫЛЫҒЫН ҚАЛЫПТАСТЫРУДЫҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ШАРТТАРЫ

6М010300- Педагогика және психология

Педагогика ғылымдарының магистрі дәрежесін алу үшін дайындалған диссертация

Ғылыми жетекшісі:

педагогика ғылымының кандидаты, доцент

Сенкуаев Сабыр Тәлиұлы

Қазақстан Республикасы

Көкшетау, 2020 жыл

МАЗМҰНЫ

НОРМАТИВТІ СІЛТЕМЕЛЕР, АНЫҚТАМАЛАР; ҚЫСҚАРТУЛАР ТІЗБЕСІ; СИМВОЛДАР; АРНАЙЫ ТЕРМИНДЕР ЖӘНЕ ОЛАРДЫҢ ТҮСІНІКТЕМЕЛЕРІ МЕН ҚЫСҚАРТУЛАРЫ

КІРІСПЕ

  1. ЖАҺАНДАНУ ДӘУІРІНДЕГІ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ БІЛІМ БЕРУДІҢ ПЕДАГОГИКАЛЫҚ ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ білім беру жүйесінің қалыптасу және даму тарихыҚазақстанның кәсіби білім беру жүйесінде дуальді оқытудың пайда болуы мен дамуының кәсіби білім беру жүйесінде дуальді оқытудың енгізілу жағдайы
  2. КӘСІБИ БІЛІМ БЕРУ ЖҮЙЕСІНДЕ ДУАЛЬДІ ОҚЫТУДЫҢ ҒЫЛЫМИ НЕГІЗДЕРІДуальды оқытудың құрылымы мен дуальді білім беру жүйесін қалыптастырудың оңтайлы жолдары. Колледждерде дуальді оқытудың заманауи мәселелері
  3. ДУАЛЬДІ ОҚЫТУ ЖҮЙЕСІ БОЙЫНША ЖАСАЛЫНҒАН ІС-ТӘЖІРИБЕ ЖҰМЫСЫНЫҢ БАРЫСЫ МЕН ҚОРЫТЫНДЫСЫ. Колледжде дуальді оқыту жүйесін қалыптастыру жолдарыКолледж студенттерінің бойында еңбек құндылығын арттыру үшін жүргізілген іс-тәжірибе жұмыстарының кезеңіТақырып аясында жүргізілген іс-тәжірибе жұмыстарының жалпы қорытындысы.

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМШАЛАР

ҚОСЫМША-А

ҚОСЫМША-Ә

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі.

Қазіргі уақытта әлемде оқытудың дуалды жүйесі-техникалық және кәсіптік мамандар даярлаудың ең тиімді жолдарының бірі болып табылады. Нақты өндіріс жағдайларына бейімделген, жұмыс орнында дағды мен білімді тікелей игеруге бағытталған, практикалық сағаттардың оқыту бағдарламасына барынша үйлесіммен біріктірілетін білікті мамандарды дайындау қазіргі кезде білім берудің дуалды жүйесі деген атпен белгілі . Бүгінгі таңда еңбек нарығында жоғары білікті мамандар тапшылығы ерекше орын алуда. Қалыптасқан жағдайдың негізгі себепшісі білім беру үрдісін ұйымдастыру және жүйедегі мәселелер, яғни жас маманның бойынан табылуға тиісті тәжірибелік дағды, білім мен тәжірибені талап ететін нақты өндірістік жағдайлардан теориялық білім берудің алшақтап кетуі болып табылады.

Кәсіптік білім берудің мемлекеттік стандарттарының жаңа буыны құзыреттілік қатынасқа негізделген, соған сәйкес қазіргі заманғы маман еңбек нарығында және кәсіби салада әлеуметтік қорғалуды, икемділікті, бейімделгіштікті, табыстылықты қамтамасыз ететін әлеуметтік және кәсіби сапалардың жиынтығына ие болуы қажет. Стандарт талаптарына сәйкес кәсіби құзыретті маман даярлау мазмұны білім, білік, дағдыларды қалыптастыруға ғана емес, өндіріс қажеттіліктеріне сәйкес дамыған кәсіби іс-әрекет дағдыларын меңгертуге бағытталған.

Бүгінгі таңда Қазақстанда дуальді оқыту орта білімнен кейінгі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарында табысты жүзеге асырылып келеді. Осы тәжірибе дуальді оқытуды ендірудің теория мен практика арасындағы алшақтықты жоятындығын; білім алушының оқу мен жұмысқа практикалық дағдысын игеру түрткісін жоғарылататындығын, мекеме басшысының өзінің қызметкерін практикалық оқытуға қызығушылығы болатындығын және т. б. көрсетеді.

Дегенмен, Қазақстанда дуальді педагогикалық білім беру жүйесі игерілмей жатқаны белгілі. Оны игеру үшін әр түрлі деңгейдегі білім беру ұйымдарының басшылары мен ғалымдарының, педагог-практиктерінің аса жауапты да көп еңбекті талап ететін жұмысының қажеттілігі артады. Әсіресе дуальді оқытуды педагогикалық білім беруге ендіру үшін алдымен оның теориялық-әдіснамалық негіздерін жасаудың қажет екендігі анық. Осы тұрғыда кәсіби білім беру жүйесінде дульді оқытудың ендірілу тәжірибесін зерттеудің қаджеттілігі арта түсуде.

Алыс және жақын шет елдік ғалымдар зерттеулерінде кәсіби білім берудегі дуальді оқыту мәселесінің бірқатар аспектілері зерттелінген. Мысалы, кәсіби білім беруді дамытудың заманауи тұжырымдамасы мен теориясы (С. Я. Батышев, А. П. Беляева, А. Т. Глазунов, А. М. Новиков және т. б. ) еңбектерінде қарастырылған.

B. C. Безрукова, А. О. Велижанина, Н. В. Кузьмина, Г. М. Романцев, Л. Е. В. Ткаченко және т. б. инженерлік-педагогикалық білім берудегі дуальділік мәселесін зерттесе, З. А. Бердникова, М. Н. Кларина, И. Е. Мамаева, С. М. Шохин және т. б. ғалымдар дуальді оқытуды кәсіби білім берудің қосымша формасы тұрғысынан негіздеген.

Қазақстанда дуальды оқыту жүйесін білім беру жүйесіне еңгізу техникалық және кәсіптік білім беру жүйесінде яғни, колледждерде бастау алды. Сондықтан дуальды оқытудың жүйесін еңгізудің мүмкіндіктері, ерекешліктері және жетістіктері колледждердің директоры, әдіскерлері, мұғалімдері мен өндірістік оқу шеберлерінің еңбектерінде көрініс тапты. Атап айтар болсақ, Н. В. Шерстнева, О. Г. Витвицкая, С. К. Сапаргалиев, Б. Д. Бозымбаев, Г. Г. Сафонова, Ж. К. Есентаев, Ш. Т. Баекеева, Г. Ерданова, М. А. Айтжанов, В. В. Нечипоренко, Д. К. Токтамысова және т. б.

Жоғары кәсіптік білім беру жүйесіне дуальды оқытуды еңгізудің алғы шарттарын С. А. Жолдасбекова, Н. Айдабулова, С. Б. Жолдыбаева, Ф. К. Шуканова, Ж. Е. Алшынбаеваның еңбектерінде қарастырылған.

Осы еңбектерге жасалған талдау кәсіби білім жүйесінде дуальді оқытудың дамуы мәселесінің отандық ғылымда арнайы зерттеу нысанына алынбағандығын көрсетеді. Зерделеу нәтижесінде бүгінгі практикадағы сұраныс пен теориялық зерттеулер арасында қарама-қайшылық туындатады:

  • Кәсіби білім беру жүйесі дамуын зерттеудің жеткіліксіздігі;
  • кәсіби білім берудегі дуальді оқыту жүйесінің элементтерін кәсіби педагогикалық білім беруде пайдалану қажеттілігі мен оның ғылыми негіздерінің жасалмауы
  • кәсіби білім беру жүйесінде дуальді оқыту элементтерін пайдаланудың әдістемелік ұсыныстарын жасау қажеттілігі мен дуальді оқытудың әдістемелік негіздерінің жеткілікті зерттелмеуі.

Осы қайшылықтардың шешімін іздестіру біздің зерттеу жұмысымыздың тақырыбын «Дуальді оқыту жүйесіндегі колледж студенттерінің бойында еңбек құндылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттары» деп таңдауымызға негіз болды.

Зерттеудің мақсаты: Дуальді оқыту жүйесіндегі колледж студенттерінің бойында еңбек құндылығын қалыптастыруды теориялық негіздеу және оны тәжірибеде қолдануға ұсыныстар әзірлеу.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Колледжде дуальді оқыту жүйесін қалыптастыру жолдары;
  2. Колледж студенттерінің бойында еңбек құндылығын арттыру үшін жүргізілген іс-тәжірибе жұмыстарының кезеңі;
  3. Тақырып аясында жүргізілген іс-тәжірибе жұмыстарының жалпы қорытындысы.

Зерттеу нысаны: колледж студенттерінің бойында еңбек құндылығын қалыптастырудың маңызы.

Зерттеу пәні: колледж студенттерінің бойында еңбек құндылықтарын қалыптастыру үдерісі.

Зерттеудің ғылыми жаңалығы: Дуальді білім беру жүйесінде колледж студенттерінің бойында еңбек құндылығын қалыптастырудың педагогикалық шарттарының маңызын анықтау.

Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер, колледж студенттеріне дуальді оқу жүйесі енгізіліп, тереңдетіп оқытылса, онда студенттердің бойында еңбек құндылығының педагогикалық шарттары қалыптасады.

Зерттеудің әдіснамалық және теориялық негіздері: Психологиялық, педагогикалық ғылыми зерттеулердегі жалпы теориялар жүйесі; педагогикалық зерттеулер, іс-әрекеттік тәсілдер; тарихи-танымдық тұжырымды ойлар; жалпы педагогиканың әдістемелік тұжырымдамалары; білім берудің әлеуметтік-философиялық негіздері; білім беруді технологияландыру теориялары: дуальді оқытудың теориялық тұжырымдары; дамытуға негізделген әдіс-тәсілдер теориясы, қазіргі білім беру проблемалары, дуальді оқыту жүйесін дамыту саласындағы отандық және шетелдік ғалымдардың еңбектері.

Зерттеу әдістері: Зерттеу проблемасы бойынша психологиялық-педагогикалық әдебиеттерді оқып үйрену және талдау; педагогикалық бақылау; сауалнама; әңгімелесу; психологиялық-педагогикалық эксперимент; эксперименттік зерттеу мәліметтерін математикалық өңдеу.

Зерттеудің практикалық маңызы: Зерттеу нәтижесінде колледж студенттерінің бойында еңбек құндылығын қалыптастырудың маңызы анықталды. Бұл деңгейлердің сипаттамаларын колледж мұғалімдерін, колледж психологтарын, сондай-ақ болашақ мамандарды кәсіби даярлау үдерісінде қолдануға болады. Ұсыныстар мен кейбір тұжырымдарды колледждің оқу-тәрбие жүйесінде пайдалануға болады.

Қорғауға ұсынылатын қағидалар:

  1. Колледжде дуальді оқыту жүйесін қалыптастыру жолдары;
  2. Колледжде дуальді оқыту жүйесін қалыптастырудың педагогикалық мәселелері
  3. Зерттеу нәтижелерінің жалпы қорытындысы.

Зерттеудің нәтижесінің сенімділігі мен дәлелділігі:

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Дуальды оқыту үдерісін жоспарлау
Кәсіптік оқу орындарындағы казіргі кезде қолданылатын заманауи техникаларды, оларды қолдану әдістерін анықтау
Дуалды оқыту жүйесі
Кәсіптік оқыту саласындағы педагогикалық технологиялар
Қазалы аграрлы – техникалық колледжі ақпаратында ҚР индустриялды-инновациялық дамуы үшін жұмысшы кадрларды дайындаудың тиімді механизмі
Қарағанды қаласының колледждерінде кәсіби білім беру дуальды оқыту жүйесінің дамуы
Педагогикалық кеңес мүшелерінің құрамын бекіту
Білім беруді бағалау тарихы
Жаңа білім беру жүйесі
Қазақ халқы қолөнерінде шәкірт тәрбиелеу жүйесі – дуальді оқыту бастауларының негізі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz