Оқыту процесіндегі экологиялық тәрбие


КІРІСПЕ
Курстық жұмыстың өзектілігі: қазіргі кезде айналадағы ортаны қорғау мен табиғат байлықтарын тиімді пайдалану мәселесіне ерекше назар аударылып отыр. Ғылыми-техникалық прогрестің қарқындап дамуы биосфераға тікелей ықпалын тигізіп, жер шарындағы экологиялық жағдайдың күн сайын қиындап бара жатқанын көрсетіп отыр.
Экологиялық дағдарыстың неғұрлым қауіпті көріністері - аймақтың техногенді шөлейттенуі, топырақтың тозуы, су ресурстарының тартылуы, атмосфераның ластануы, ормандардың сиреуі, табиғаттың генетикалық қорының бүлінуі, тіршілікке қатер төндіретін қауіпті табиғи құбылыстар мен өнеркәсіп апаттарының белең алып, әрі улы қалдықтарының жинақталуы айналаны қоршаған ортаға терең зиянын тигізуде. Соған байланысты бүгінгі таңда жастарға, жаппай үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беру мәселесі мемлекеттік деңгейде қойылып отыр. Ол «Қазақстан - 2030» даму стратегиясында басты орын алады.
Табиғат байлықтарын қорғау және оны тиімді пайдалану жөнінде алға қойылған маңызды міндеттердің бірі - ғылыми тұрғыда негізделген ұсыныстарды жасау үшін табиғи экологиялық жүйені қосымша түрде терең оқып, білу болып табылады.
Экологиялық білім мен тәрбие беру өзіне кешенді зерттеулерді талап етеді: біріншіден, табиғат пен қоғам арасындағы қарым-қатынасты қалыптастыру үшін көпшілікке біртұтас ғылыми білім жүйесін беру; екіншіден, тұлғаның дүниеге деген гуманистік көзқарасын тәрбиелеу; үшіншіден, экологиялық мәдениетті дамыту; төртіншіден, қоршаған ортаны қорғауда белсенді бағытты ұстау және алған білімді тәжірибе жүзінде іске асыру.
Оқушылардың сезімі мен сенімін дамытып, оларды парасаттылыққа тәрбиелеуге экологиялық тұрғыда тәрбиелеудің маңызы зор. Балалардың мейірімділік, қайырымдылық, аяушылық, мүсіркеушілік және басқа гуманистік ерекшеліктерін дамыту бағытында табиғатпен сырласуы жеткіліксіздеу болса, олар парасатты тәрбие алуда белгілі бір мөлшерде қысым жасау мен шектеушілікке душар болады.
Табиғат - сұлулықтың өмір-бақи таусылмас қайнар көзі. Сондықтан да ол эстетикалық тәрбие берудің ең маңызды құралдарының бірі саналады. Ал бұл экологиялық тәрбиемен іштей жалғасып, табиғаттың күйзеліп, күйреуіне қарсы тұратындай адамның қалыптасуына ықпал етеді. Қандай жұмыстың болса да «экологиялық жағы» еске алынбаса, табиғат пен адам арасындағы зат алмасуды заңды түрде үйлестіріп отыратын еңбекке үйрету мен тәрбиелеу саласында орны толмас олқылықтар пайда болады.
Курстық жұмыстың мақсаты: Экологиялық тәрбиенің мазмұны мен міндетін зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
- экологиялық тәрбие және экологиялық тәрбие берудің мақсаты мен міндеттері туралы түсінік беру;
- экологиялық білім берудің теориялық-педагогикалық негіздерін ұғындыру;
- мектеп оқушыларына экологиялық тәрбиені табиғатпен қарым-қатынаста жүргізуді ұйымдастыру;
- мектеп бағдарламасындағы экологиялық тәрбиенің мәнін талдау.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: теориялық әдіс, бақылау әдісі, түсіндіру әдісі, зерттеу әдісі, талдау әдісі.
Курстық жұмыстың құрылымы: бұл тақырыпқа жазылған курстық жұмыстың көлемі кіріспеден, бір бөлімнен, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.
- ЭКОЛОГИЯЛЫҚ БІЛІМ БЕРУ ЖӘНЕ ТӘРБИЕ
1. 1 Оқу үрдісінде экологиялық тәрбие берудің мақсаты мен міндеттері
Республикамыз дамудың жаңа жолына түскен кезеңде жас ұрпақты ізгілікке, эстетикаға, отан сүйгіштікке баулитын экологиялық білім мен тәрбие берудің маңызы арта түсуде. Себебі, «табиғат - қоғам - адам» жүйесіндегі қарым-қатынастардың шиеленісуі жылдан-жылға күшейіп, экологиялық зардаптар тіршілікке қауіп төндіріп отыр. Осыған байланысты Қазақстан Республикасы Президентінің бұйрығымен «Білім туралы» Заңы (1999), «Айналадағы ортаны қорғау туралы» Заңы (1997), «Қазақстан Республикасы стратегиялық тұрақты даму жолына арналған 2030 бағдарламасы» (1996), «Қазақстан Республикасы экологиялық қауіпсіздігі тұжырымдамасы» (1997), «Қазақстан Реслубликасы экологиялық білім мен тәрбие берудің ұлттық стратегиясы» (1998), «Экологиялық білім бағдарламасы» (1999), «Қазақстан Республикасы орта білім берудің мемлекеттік стандарттары» (1998), «Қазақстан Республикасы 2004-2015 жылдарға арналған экологиялық қауіпсіздікті сақтау тұжырымдамасы» (2004) және т. б. құжаттар қабылданды [5, 33бет] .
Қоғамымыздың білім саласындағы азамат ғалымдары Ә. Бейсенова, Ж. Жатқанбаев, Н. Сарыбеков, К. Сарманова, А. Сотников, С. Тілеубергенов, Н. Торманов, т. б. экологиялық білім мен тәрбие берудің теориялық негіздерін, мазмұнын, ұйымдастыру жолдары мен әдістерін зерттеуде үлкен үлес қосты. Соңғы кезде экологиялық білім беру жүйесі туралы дүниежүзілік тәжірибеге қарағанда оның әр түрлі моделі қолданылып келеді. Олар:
- көп пәнді жүйе (барлық пәнді өздерінің ортақ тақырыбына сәйкестендіріп, экологиялық білім беру) ;
- бір пәнді жүйе (экологиялық білім бір ғана пән арқылы беріледі) ;
- аралас (экология жеке пән ретінде) оқытылады.
Республикамыздың оқу жүйесінде экологиялық білім берудің мемлекеттік бағдарламасы дүниежүзілік тәжірибелерді саралай отырып көпшілікке, жеткіншектерге үздіксіз экологиялық білім мен тәрбие беруді көздейді. Ол төмендегідей оқу жүйесінен тұрады:
- мектептерге дейінгі мекемелерде экологиялық тәрбие беру;
- мектеп қабырғасында экологиялық білім мен тәрбие беру;
- жоғары оқу орындарында экологиялық білім беру (әр түрлі сала бойынша) ;
- мамандарды қайта даярлау мекемелерінде экологиялық білім беру;
- көпшіліктің экологиялық сауатын ашу.
Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен оқу жоспары бойынша жалпы және арнайы білім беретін оқу жүйелері 2000 жылдан бастап жаңа базистік оқу жоспарына көшірілді. Ол - орта мектеп (10-11 сыныптар) және бастауыш мектеп (1-4 сыныптар) . Жоғарыдағы оқу құрылымына қарай әрбір пән мұғалімі оқушыларға экологиялық білім мен тәрбие беру үрдістерін жоспарлауы тиіс. Осыған орай, ғалымдар А. Захлебный, И. Суравегина, Б. Лихачев еңбектерінде көрсетілген экологиялық тәрбиенің әмбебап маңыздылығын ескере отырып, біз экологиялық тәрбие беруде оқушылардың «экологиялық сауатын» ашудан сөз бастағанды жөн көрдік. Өйткені, экологиялық тәрбие экологиялық білімділікпен тығыз байланыста қалыптасады. Экологиялық білім беру бағытында экология ғылымында негізгі ұғымдар мен түсініктер бар, олардың негізгілері: «экологиялық сана», «экологиялық сауаттылық», «экологиялық этика», «экологиялық мәдениет», «экологиялық білім», т. б. Экологиялық ұғымдардың мәнін әрбір оқушы білуі тиіс. Ұғымдарды түсіну оқушылардың табиғатқа деген көзқарасын қалыптастырады [19, 22бет] .
Ауа - табиғаттың ажырамас элементі, онсыз жан баласы дем алуы, қоректенуі, жылу мен жарықты қабылдауы мүмкін емес. Қысқасы, табиғатсыз тірлік те, өмір де жоқ. Сондықтан да қоршаған ортамыз табиғатқа деген қарым-қатынас терең ізгілік пен адамгершілікке ұласуы қажет. Осымен қатар табиғат-адамдар үшін таным мен эстетикалық қарым-қатынастардың нысаны. Оның тартымды құпия сырына енудің өзі терең ғылыми көзқарастың қалыптасуына ықпал жасайды. Осыған орай, экологиялық мәдениетті адамның негізін қалаушы бастапқы, міндетті және жалпыға ортақ берілуі тиіс экологиялық тәрбиенің қажеттілігі туындайды. Жоғарыда атап кеткендей, экологиялық сана толығымен экологиялық білімді қамтыса, оның құрамдас бөлігі эстетикалық сезімдер мен экологиялық жауапкершілік болып табылады.
Экологиялық сана мынадай маңызды функцияларды атқарады:
- ағартушылық функциясы;
- дамытушылық функңиясы;
- тәрбиелік функциясы;
- ұйымдастырушылық функциясы;
- болжаулық (прогностикалық) функциясы.
Аталған функцияларға сипаттама берсек, ағартушылық функциясы оқушылардың табиғат: эстетикалық жаратылыс және ол барлық тіршілік иелерінің өмір сүру ортасы екендігін түсінулеріне көмектеседі. Өскелең ұрпаққа экологиялық тепетеңдіктің қайтымсыз бүлінуіне жол бермей, табиғатты қорғау мақсатында экологиялық білімдерін пайдаланудың қажеттілігі туралы ой, көзқарастарын қалыптастырады.
Жастардың жан-жақты үйлесімді дамып қалыптасуы үшін білім мен төрбие ғана емес, әсем табиғат, тылсым дуние, жаратылыс күштерінің ықпалы, сонымен қатар, жоғары мәдениетке қол жеткізген отбасы тәрбиесі керек.
Табиғат пен адам дамуы егіз, бір-бірімен тығыз байланысты. Сондықтан, адамзаттың табиғатқа, қоғамға, жаратылыс әлеміне, айналасындағы жан-жануарға деген ізгі қатынасы сүйіспеншілік сезімінің дамуымен айқындалады.
Экология - 200 жылдық тарихы бар жас ғылым. Экология терминін неміс биологы Эрнест Геккель (1968ж. ) «Естественная история происхождения» атты кітабында алғаш рет қолданған. Экология - «ойкос» деген грек сөзі, «үй, баспана» ұғымын білдіреді. Э. Геккельдің айтуы бойынша экология - зоологияның бір тармағы, жанды мақұлықтардың органикалық және анорганикалық ортамен өзара қатынасын зерттейді. Экология ғылымы жеке пән түрінде биология ішінде пайда болды. Экологияны ғылыми негіздеген эволюция туралы ілімнің негізін салушы ағылшын ғалымы Чарльз Дарвин, оның анықтауы бойынша экология тірі ағзалардың ортадағы тіршілік әрекетін және өзара қатынасын зерттейтін биологиялық ғылым. «Экология» ғылымы теориялық және тәжірибелік маңызы бар барлық ғылымның кешенді негізінде тез дами бастаған салаға айналды. Экология дегеніміз - табиғатты пайдаланудың ғылыми-теориялық негізі.
Қазақстандағы экологиялық апат аймақтарының болуымен тығыз байланысты. Батыс Қазақстан жұртшылығын әскери полигондар, экологиялық талаптарды өрескел бұзып отырған өндіріс орындары алаңдатып отыр.
Қарашығанақ кен орнын игеруге 3000 га-ға жуық егіс, жайылым және орман жері пайдаланылады. Бұрғылайтын қондырғылар мен магистралды газ мұнай тасымалдайтын құбырлар кездейсоқ апатты жағдайға ұшыратуы мүмкін, осы кезде қоршаған ортаның әсіресе жер бетіндегі сулардың ластануы орын алады. Апаттық жағдайлардың тууының негізгі себебі - тасымалдау құбырларының коррозия процесіне ұшырап, жарылуы (90, 5 %) .
Еділ мен Жайық өзенінің аралығында орналасқан аумағы 40 мың км 2 құмды өңір орта есеппен теңіз деңгейінен 0, 21м төмен жатыр. Жер астының тұщы су қоры мол екені анықталды. Облыс тұрғындары Азғыр мен Капустин Ярдағы әскери ядролық сынақ полигонын жабуды, сынақ аймақтарын өз иелеріне байырғы тұрғындарға қайтаруды, т. б. талап етіп, осы мақсатта бұқаралық саяси күрес шараларын жүзеге асыратын қоғамдық қозғалыс құруды ұсынды. 1990 жылғы мамыр 1992 жылғы мамыр аралығында «Нарын» қозғалысының орталығы Орда ауданында болды.
Органикалық отынды жағу кезінде атмосфераға күкірттің қос тотығынан басқа азоттың қос тотығы да шығарылады. Күкірт пен азоттың қос тотықтары «Қышқылдық жаңбыр» деп аталатын жауын түсуіне себепші болады, олар топыраққа араласа отырып, оның қышқылдылығының жоғарылауына әкеп соқтырады. Ауылшаруашылық дақылдарының өнімділігіне әсерін тигізді. Қышқылдық жаңбырлар металды жабдықтар мен құбырлардың тоттануын туғызуы мүмкін.
Әскери полигон Батыс Қазақстан облысы мен Астрахань облыстың шекарасында орналасқан. Адамдар мен тірі табиғатқа тигізген зияндары жөнінен «Азғыр», «Капустин Яр» белгілі Семей полигонынан асып түседі. Полигондар онкологиялық, жүрек тамыр және басқа ауруларды қоздырып, жануарлар мен өсімдіктер дүниесіне зиянын тигізді.
Озон қабатының жұқаруы, қышқылды жаңбыр, жер ғаламшарларындағы климаттың жылына бастауы жер биосферасындағы тіршілікке тікелей қауіп төндіруде. Ойықтардың пайда болуына өнеркәсіптерден бөлінетін М, Си, Ғе, Мп, С1, Р оксидтері әсер етеді. Озон қабатының бұзылуы жер бетіндегі тіршілікке зиянды әсер етеді [24, 19бет] .
Табиғатпен етене жақын өскен баланың орны мән маңызы туралы білім беру жүйесіндегі ереже классикалық педагогикада дәлелденіп, одан әрі дамытылды. Ж. Ж. Руссо, Г. Песталоцци, Ф. Дистерверг сияқты ұлы педагогтардың табиғат құралдарының адамершілік сезімін нығайтудың педагогикалық құндалығын атап өткені белгілі. Ал бұл адамның сүйкімді түйсік алып, игілікті мінез-құлқының қалыптасуына ықпал етеді.
Орыс халқының ұлы педагогы К. Д. Ушинский баланың табиғатпен етене жақын өсуін кең көлемде жүргізуге жұртты үндеді. Ол "педагогикада табираттың тәрбиелік ықпалы, болар-болмас дәрежеде бағаланғаны таңқаларлық нәрсе" деп қапаланды. Баланы табиғатпен етене жақын өсірудің тәрбиелік құндылықтары турасындағы оның пікірін А. Я. Герд, А. П. Павлов және басқалар өз еңбектеріне байытып, дамыта түсті .
Классикалық педагогиканың идеяларын пайдаланған советтік мектеп пен ғылыми педагогика адамның табиғатқа деген социалистік негіздегі жаңаша қарым-қатынасын теория мен практикада жүйелі түрде іске асырып келеді.
Табиғатты оқып-үйрену мен оқушылардың онымен тығыз байланыста болуына іскерлік тұрғыда мән берілуде. Н. Н. Крупская адамның табиғи ортада деген қарым-қатынастың қалыптасуы күнделікті қызмет барысында жүзеге асатынын атап өтті. Даңқты педагогтың осы тұжырымын біздін еліміздегі жасөспірім натуралистер қозғалысының жаппай дамуы айқын дәлелдеп отыр.
Табиғатты ақыл-ой және адамгершілік-эстетикалық тәрбие мақсатында пайдалану жөніндегі В. А. Сухомлинскийдін терең тұжырымы да одан әрі дамытып зерттеуге тұрарлық. В. А. Сухомлинский «интелектуалдық қажырлы еңбекке» жігерлендіріп тәрбиелеудегі табиғаттың рөлін жан-жақты аша түсу міндетін қойғанды. «Мұндай өмір үшін табиғатпен байланыс жасаудың мүмкіндігі ұшан-теңіз», - деп атап көрсетті ол. Оның шығармаларында қоршаған ортаны өз еңбегімен жақсартуға ат салысқанында ғана баланың табиғатқа қамқорлықпен қарауы қалыптасатыны ашық та айқын көрініс тапты. Егер экологиялық тәрбие беру жүйелі түрде жүзеге асырылса, сабақ және сабақтан тыс жұмыс бірлігі мазмұндық, ұйымдастыру және әдістемелік жағынан қамтамасыз етілсе, экологиялық тәрбие мазмұны қазақ этнопедагогикасы материалдарымен толықтырылса, мектеп оқушыларының экологиялык білімі мен жеке тұлғалык адамгершілік қасиеттерін, табиғатқа аялы көзқарасын, қарым-қатынасын қалыптастыруға болады.
Өндірістің өсуіне қарай табиғаттан алынатын шикізат пен өндіріс қалдықтарының көлемі айтарлықтай артады. Бұған қарап табиғатты қорғау үшін өндірістің көлемі нен қарқынын тежеу керек деген қорытынды шықпаса керек. Бұл жерде әңгіме адамның табиғатпен арақатынасын дұрыс жолға қою мәселесі туралы болмақ.
Табиғат пен қоғамның өзара жан-жақты байланысын бірте-бірте аша түсу әлемдік шындықтың тұтастығы мен дамуына оқушылардың көзқарасы мен сенімін тұжырымдап, бекітеді. Біртұтас байланыстың себеп-салдары туралы экологиялық білімі, құрылымдық талдаудың жүйесі мен түсініктерді қорыту оқушылардың ақыл-ойын дамытуға бағытталған міндіттерді шешуді түбегейлі жақсарта түседі.
Олай болса, тәрбие саласындағы экологиялық көзқарас педагогика жеке адамды қалыптастыруда табиғат сырын мейлінше толық пайдалануға, айналадағы ортаның әлеуметтік табиғи факторының өзара байланысына назар аударуға бағыт-бағдар сілтейді.
Мектеп, сондай-ақ күллі білім беру жүйесі «табиғатты бағындырудың» болашақтағы зардабын есепке алмай, тек жақын күндегі пайдасын ойлап, табиғаттан несібе алу дәстүрінен қол үзіп, ат құйрығын кесетін жас ұрпақты даярлауға міндетті.
Ал табиғатпен қарым-қатынасты дұрыс жолға қою дегеніміз - бұл табиғат байлықтарын көздің қарашығындай сақтап, оны үнемді пайдалану, сондай-ақ шаруашылықты ғылыми тұрғыдан жүргізіп, табиғаттан қанша қажет болса, тек сонша ғана ала білу жөнінде біртұтас кешенді шаралар жасау деген сөз. Даланың табиғат байлығын шектен тыс рәсуә етсе, онда ол табиғаттың өзін-өзі қалпына келтіру қабілетін жояды.
Адам нен табиғаттың соншалық нәзік байланысына иненін жасауындай болса да зақым түссе, бұл адамзаттың Жер бетінде биологиялық түр ретінде өмір сүруіне қауіпті зардаптар туғызады.
Адамның табиғатқа бағытталған өзімшіл шабуылынан туындайтын кесапат зардаптарды болдырмау үшін ғылыми-техникалық, саяси-әлеуеттік, экологиялық және басқа бірқатар проблемаларды шешу керек. Бұлардың арасында педагогикалық, тәрбиелік мәселелер алғы шептен орын алады. Неге десеңіз, өсіп келе жатқан ұрпақ мектеп қабырғасында жүріп айналадағы табиғи ортаны көздің қарашығындай сақтауга, онымен ғылыми тұрғыда қарым-катынас жасауга дайындалуы тиіс.
Міне, сондықтан да оқу құралдарын «экологияландыру» идеясы былайша айтқанда, оның мазмұны мен сабақ жүргізу методикасында мектеп оқушыларының экологиялық мәдениетін қалыптастыру міндеттері көрініс табуы бүгінгі таңда соншалық маңызды алып отыр. «Экология» деген сөз «тіршілік ету мекені», «өмір сүрген орта туралы ғылым» дегенді білдіреді. Оны немістің атақты табиғат зерттеушісі Эрнет Геккель тұңғыш рет 1869 жылы ғылыми сөздік қорға қосты. Ол экологияның зерттейтін заты тіршіліктің айналадағы ортамен байланысы болуга тиіс деп есептеді.
Қазіргі заманғы ғылымда «экология» деген сөздің түсінігі түпкі биологиялық мағынасымен шектелмейді. Қазір экология табиғаттағы адамның мінез-құлқының жалпы стратегиялық бағытын айқындауға жұмылдырылып отыр. Сондықтан да жастарды айналадағы табиғи ортамен тиімді байланыс жасауға үйрету, оларда экологиялық саналы тәртіп қалыптастыру жалпы білім беретін мектепттердің аса маңызды міндеттерінің бірі болып саналады.
Экологиялық білім мен тәрбие берудің мақсаты:
- қоршаған ортаға жауапсыздықпен қараушыларға жол бермеу;
- жастардың бойында экологиялық мәдениет дағдысын қалыптастыру;
- қоғамдық пайдалы еңбек және еңбек тәрбиесі арқылы табиғатты қорғау, күту және жақсарту;
- экологиялық білімді насихаттау.
Экологиялық тәрбиенің негізгі мақсаты - жастардың экологиялық көзқарасын, санасын, табиғатқа үлкен парасаттылық, жауапкершілік, қарым-қатынасын қалыптастыру. Осы тәрбие арқылы адамның мәдениеттілік сезімі, экологиялық санасы қалыптасады.
Экологиялық тәрбиенің басты міндеттері:
- өмірде және нақты іс-әрекетінде экологиялық білімді қолдана білу, іскерлікке төселу;
- табиғатты қорғау және өзгертуге байланысты оқушыларды жаппай қоғамдық пайдалы еңбекке қосу;
- мектепте экологиялық білім және тәрбие қорамын ұйымдастыру.
Ең басты міндеттердің бірі - оқушыларды табиғатты қорғау мәселелері туралы ғылыми теориялық және тәжірибелік біліммен қаруландыру.
Экологиялық тәрбие еңбек тәрбиесімен байланысты, өйткені өндірістік іс-әрекеттің барысында адам жерді пайдалану негіздерін, топырақты эрозиядан қорғауды игеру, дақылдарды суару мөлшерін, минералдық тыңайтқыштарды, улы химиялық заттарды беру мөлшерінің мерзімін технологиялық талаптарға сәйкес есепке алып отырады.
Оқушылардың экологиялық білімнің белгілі жүйесін игеруі, табиғатты қорғауы, жер байлығын тиімді пайдалануы экологиялық мәдениетті жетілдіріп, дүниетану көзқарасын қалыптастырады.
Оқу-тәрбие процесіндегі экологиялық тәрбие. Оқыту процесіндегі экологиялық тәрбие. Экологиялық білімнің негізгі көздері: химия, физика, биология, география, астрономия пәндері, олардың бағдарламаларындағы оқу материалдарын дәрістерде терең түсіндіріп, сыныптан және мектептен тыс экологиялық жұмыстарда тиімді қолдана білуге оқушыларды үйрету және дағдыландыру - мұғалімнің міндеті.
Бастауыш сынып оқушылары табиғат байлығын ауыл шаруашылығында пайдалану жайлы алғашқы ұғымды еңбек сабақтарында алады. Олар үй мүліктерін, киім-кешек, тағам, т. б. жаасайтын табиғат заттарын пайдалану жолдарымен танысады.
Бастауыш сыныптардың оқу бағдарламасындағы оқушылардың экологиялық іскерлік дағдысын қалыптастыруға бағытталған жұмыс түрлері: өсімдіктердің даму кезеңіне фенологиялық бақылау жүргізу, мектеп және қоғамдық мүлікті ұқыптылықпен күту, тұрмыста электроэнергияны, газды, суды үнемді пайдалану. Орта және жоғары сыныптар оқушыларын кең көлемде экологиялық біліммен қаруландыру қажет.
Қазіргі жағдайда өндіріс табиғатқа күшті әсер етуші фактор болып отыр. Осыған орай табиғатты ұтымды пайдаланудық ғылыми білімге негізделетінін оқушылардың түсінуі керек. Өндірістік іс-әрекеттің нәтижесінде ортада әр түрлі өзгерістер болып жатыр.
Экологиялық тәрбие жұмыстарының түрлері:
- Ауыл мектептерінің оқу-тәжірибе алаңын бағалы ағаштар тұқымының көшеттерін өсіріп, көгалдандыруға пайдалану.
- Мектеп оқушылары мемлекеттік орман шаруашылығына үнемі көмек көрсетіп отырады. Олардың негізгі атқаратын жұмыстарының түрлері: көшет материалдарын өсіру, ағаштар отырғызу, оларды күту, өрттен, ұрылардан қорғау, орман-тоғай зиянды жәндіктермен күресу.
- Оқушылар ауылшаруашылық тәжірибе жұмысымен айналысады. Тәжірибе жұмысы биология, химия мұғалімдерінің, жергілікті ғалымдарының басшылығымен жүргізіледі.
- Оқушылар табиғатқа зиян келтіретін адамдармен күреседі, қорықтағы ережені бұзушыларды анықтайды, химиялық улы заттарды, минералдық тықайтқыштарды сақтау және қолдану ережелерін бұзушыларды әшкерлейді.
- Экологиялық тәрбиеге айланысты мектепте жаппай шаралар ұйымдастырылады. Олар: кештер, дәрістер, баяндамалар, т. б.
- Жалпы білім беретін мектептерде экологиялық білім мен тәрбие әр түрлі сыныптардағы оқу пәндерінің мазмұны, қоғамға пайдалы жұмыс және өндірістік еңбек арқылы іске асырылады.
Экологиялық қоғамның мақсаты: қоғам мүшелерін өздері тұрған аймақтың табиғатын қорғауға, күтуге тәрбиелеу, зерттеу жұмысына тарту, зерттеуді жүргізудің әдістері мен тәсілдеріне үйрету, мектепті экологиялық жұмыстың орталығына айналдыру.
Қоғам мүшелері мектептегі жастар ұйымымен ынтымақтасып, тұрғылықты жерде экологиялық штабтар құрады, жорықтар, саяхаттар ұйымдастырады. Экологиялық деректерді, ғылыми мағлұматтарды білім және тәрбие процесінде пайдалану мұғалімнің білімділігіне, педагогикалық шеберлігіне, жоғары мәдениеттілігіне байланысты.
Экологиялық тәрбие оқушылардың - табиғатқа жаңаша көзқарасын қалыптастырып, әр түрлі нысандарда жүргізіліп, жеке тұлғаның эмоциялық сезімдік әлемін қалыптастыруға бағытталып, адамгершілік, жауапкершілік қасиеттерін жетілдіреді [9, 20бет] .
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz