Ұлттық тәрбиенің өзегі - адамгершілік тәрбиесі



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ

Курстық жұмыстың өзектілігі: Ұлы тұлғалардың соның ішінде Абай, Ыбырай, Әл-Фараби және т.б. Отанына, еліне қызмет еткен адамдардың адамгершілік тәрбиесі туралы пікірлерін ортаға салу. Адамгершілік тәрбиенің қазіргі қоғамда алатын орны. Келешек ұрпаққа ұлы тұлғалардың ұлы сөздері арқылы адами қасиеттерді сіңіру. Адамгершілік тәрбиенің мазмұны мен бағыттары туралы ой қозғау. Адами қасиетті жоғалтпау, салт-сананы ұлттық құндылықтар арқылы тәрбиелеу, білім мен тәрбиені біріктіріп оқыту сынды мәселелерге мұғалім жауапты. Қазақ елінің дамуы үшін Отанын сүйетін, мемлекеттік құндылықтарды құрметтейтін, еліне, жеріне адал патриот азаматтар мен азаматшаларды тәрбиелеп шығару - ата-ана мен ұстаздың мақсаты. Руыңды қорғаймын десең, ұлыңды тәрбиеле, ұлтыңды қорғаймын десең, қызыңды тәрбиеле, деген дана халқымыз. Ұлда ұят, қызда қылық болуы үшін ұлттық дәстүрімізді жаңғыртып, балалардың бойына имани, адами қасиеттер дарыту керек. Адамгершілік тәрбие ананың ақ сүтінен дариды. Жас ұрпақты адами қасиеттерге баулу үшін, алдымен ата-ананың атқаратын рөлінің қаншалықты маңызды екеніне көзіміз жетеді. Сондықтан да ұлт үшін қыз тәрбиесі маңызды. Жастарды отбасы өміріне даярлауда, қыз баланың қонақ екенін, ұл баланың отбасының қорғаны екенін, шағын мемлекет құру үшін сыйластықтың басты рөл атқаратындығын ұғындыру ата-ананың міндеті болып табылады. Ұрпақ мәңгүрт болмай, өз тілін, дінін, ділін толық білуі тиіс. Дәстүрлі дінді ұстану, дінді құрметтеуге үйрету бала басқа ағымға кетпес үшін ғаламтор желісінен ізденбеуі керек екенін айту керек. Қыз баланың ары мен ұл баланың намысы ұлт мәселесінде бірінші орында тұрады. Малым - жанымның садақасы, жаным - арымның садақасы, - деп өткен, қазақ елі үшін қаншама еңбек сіңірген ұлы тұлғалардың адагершілік туралы пікірлері қай уақытта болмасын өз күшін жоймақ емес. Міне, сол үшін оқушыларды адами қасиеттерге баулу барысында осы ұлы тұлғалардың айтқан нақыл сөз, ұрпаққа деген өсиеттерінен тәлім алсақ нұр үстіне нұр болар еді.
Курстық жұмыстың мақсаты: Абай, Ыбырай, Әл Фараби тағы басқа ұлы адамдардың адамгершілік туралы пікірлерін зерттеу.
Курстық жұмыстың міндеттері:
oo адамгершілік тәрбиесінің мазмұны, бағыттары;
oo діни-рухтық тәрбие;
oo отбасы тәрбиесі. Жастарды отбасы өміріне даярлау.
Курстық жұмыстың зерттеу әдістері: шығармашылық әдіс, түсіндіру әдісі, зерттеу әдісі, көрнекілік әдісі, эвристикалық әдіс,
Курстық жұмыстың құрылымы: курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, бір бөлімнен, қорытындыдан және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I. АБАЙ, ЫБЫРАЙ, ӘЛ-ФАРАБИ ТАҒЫ БАСҚА ҰЛЫ АДАМДАРДЫҢ АДАМГЕРШІЛІК ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕРІ

1.1 Адамгершілік тәрбиесінің мазмұны, бағыттары

Адамгершілік тәрбиесі жастардың қоғамға, отбасына, елге, білімге, Отанға, жер бетіндегі бейбітшілікке қатынасын қалыптастырады. Осы заманғы адамгершілік тәрбиесі жекелеген бағыттарға емес, адамгершілік құндылықтарға негізделеді.
Адам - ең әуелі адамгершілігімен, парасатының биіктігімен көрікті. Мәдениет жоғары адам айналасындағылармен қарапайым қарым-қатынаста болады.
Адамгершілік тәрбиесі оқушыларды адамгершілік ұғымы, принциптері, мінез-құлық нормалары жайындағы біліммен кемелдендіреді. Оқушылар оларды оқып үйренумен шектелмей, оқу, тәрбие, еңбек процесінде іске асырғанда адамгершілік олардың сеніміне айналады.
Моральдың негізгі міндеті - адамның мінез-құлқын тәрбиелеу, осы арқылы олардың бойында әдеп сақтау қатынастарын қалыптастыру, адам мен қоғам арасындағы қатынасты реттеу [1, 12 б].
Адамгершілік тәрбиесі оқушылардың моральдық сенімдерін, жағымды мінез-құлық дағдылары мен әдеттерін қалыптастырады.
Адамгершілік - адамзаттың ең көркем қасиеті. Себебі бұл қасиет бізді осы өмірдегі барлық мақұлық атаулыдан ерекшелеп тұрады. Адамгершліктің басты қайнар көзі - тәрбие. Әлемнің екінші ұстазы Әл-Фараби тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың хас жауы деп айтқан. Ал, тәрбие қайдан басталады? Әрине отбасыдан. Отбасы шағын мемлекет. Осы шағын мемлекеттен сонымен қатар, мектептен алған тәлім-тәрбиемізбен біз үлкен өмірге өз бетімізше қадам басамыз. Адамсыз - қоғам, қоғамсыз - адам болмайды. Қоғамды құрайтын адамдардың соның ішінде олардың жеке қасиеттері, әсіресе, тәрбиесі ерекше рөл атқарады. Қоғамда өз іздерін қалдырған қаншама ұлы тұлғалар бар. Жақсының аты өлмейді, ғалымның хаты өлмейді. Демек, ұлы тұлғалардың елі, жері, халқы үшін атқарған қызметтері, еңбектері ешқашан өшпек емес. Олар қоғамда ойып тұрып орын алатындары осы адамгершілік қасиеттері мен тынбай еңбек еткендерінің арқасы. Солардың ішінде Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбайұлы, Әбу насыр Әл-Фараби және т.б. елі үшін ерен еңбек еткен тұлғалардың осы адамгершілік жайлы өз ой пікірлерін бойымызға сіңіру керек.
Адамгершілік тәрбиесінің теориялық мәселелері Әл-Фараби, Ыбырай, Абай, т.б. еңбектерінде кеңінен қолданыс тапқан.
Әл-Фараби Адам өз өмірінің қожасы, сондықтан өз бағытын өзі жасауы керек. Ол не нерсеге де ұқыптылықпен қарап, жиған-тергенін орынсыз шашпай, кез келген адамға сырын ашпай, өзінің мақсат мүдделері жөнінде достарымен ғана бөлісіп отыруы керек. Осылайша өмір сүрген адамның ғана ар-ожданы таза болады деген.
Абай адамгершілік, әдептік нормалары жайында көптеген пікірлер қалдырды. Оның бірінші қоятын талабы - мораль жағынан ұстамды, таза болу, сыпайы мінезді, жақсы құлықты, әділетшіл, шыншыл болу. Әдепсіз, арсыз, байлаусыз, өсекші, өтірікші, алдамшы, кеселді сияқты жаман мінездер мен әдеттерден, жарамсыз қылықтардан сақтанып, өзін одан жоғары санап, ондай қылықтарды бойына лайықсыз көрсе ғана, адам парасатты болады.
Абайдың қоятын екінші талабы - тұрақтылық, Қылам дегенін қыларлық, тұрам дегеніне тұрарлық, мінезде азғырылмайтын ақылды, арды сақтарлық беріктігі, қайраты бар болсын дейді.
Үшінші талабы - әділетшілдік. Әлеуметтік міндеті - дүниені белсене құрушы адамның бірі болып, халқы, Отаны үшін қызмет істеуі.
Ақын мейірімділік қасиетке терең мән береді (төртінші қара сөзі) [6, 18 б].
Қазақ халқы - мәдени бай мұрасы, өзіне біткен табиғи ерекшелігі бар, сергек ой, сезімтал жүрек, дәстүрлі тәрбие, әдіс-тәсілдері бар халық. Қазақ топырағында туып, білім алған, кейінгі ұрпаққа өшпес мұра қалдырған ұлы тұлғалар: Әбу Насыр Әл-Фараби, Жүсіп Баласағұн, Махмұт Қашқари, Шоқан Уәлиханов, Ыбырай Алтынсарин, Абай Құнанбаев, Ахмет Байтұрсынов, Сұлтанмахмұт Торайғыров, Мұхамеджан Сералин, Мұхтар Әуезов, Сәбит Мұқанов, Спандияр Көбеев, Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, тағы басқа ойшыл ғалымдар мен ақындар ғылымның әр саласы мен әдебиеттің, мәдениеттің дамуына игі ықпал жасады [3, 5 б].
Тәлім-тәрбие берудің басты саласының бірі - ұлтжандылық, халқы үшін адал қызмет ету. Ұлтжандылықтың, елін сүюдің ғажайып күш екендігін терең сезінген ежелгі қазақ ақын-жыраулары, ойшылдары өз шығармаларына осы тақырыпты үнемі арқау етті, көп көңіл бөліп, халықты елі үшін жанын пида етуге, жастарды елжандылық рухта тәрбиелеуге баса көңіл бөлді. Мысалы, ХVII-ХVІІІ ғасырда өмір сүрген жырау, қолбасшы батыр, қоғам қайраткері Ақтамберді Сарыұлы:
Жауға шаптым ту байлап,
Шепті бұздым айқайлап,
Дұшпаннан көрген қорлықтан
Жанды жүрек, қан қайнап,
Ел-жұртты қорғайлап,
Өлімге жүрміз бас байлап, - деп елінің бас бостандығы үшін жаумен жан аямай, кескілесе күресуге шақырады.
XIX ғасырда өмір сүрген Д. Бабатайұлы жігерсіз адамнан ерлік іс шықпайтындығын, ерік-жігердің, қажыр-қайраттың елі үшін күрестегі маңызын былай деп суреттеді:
Ер қолынан іс келмес, Жігерім болса жетем де,
Сұңқардайын түйілмей. Еліме барып ұл болам.
Буынып белін бекінбей, Жігерсіз болсам жетесіз,
Зердесі жігер қайнамай... Қойын жайып құл болам...
Жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеу XIX ғасырдағы қазақтың ақиық ақыны, жауынгер жыршысы Махамбет Өтемісұлының өлеңдерінде өзекті орын алады. Ол жастарды ерлікке, отан сүюшілікке, ар-намысты қорғауға, адамгершілікке уағыздайды. Ақынның қай өлеңін алсақ та, халыққа адал қызмет ет, еліңді, жеріңді жаудан қасық қаның қалғанша қорға, әділет үшін, халық үшін өкінбей өлу - азамат ердің ісі деген аталы сөздер өрнектеледі. Махамбет, Ақтамберді, Шал, т.б. ақын-жыраулар шығармасында ерекше сөз болатын ерлік, Отанын, елін, жерін жаудан қорғай білушілік, отбасы, ауыл-аймақ, ел намысын қорғау жолында жан аямаушылық сияқты ізгі қасиеттерді дәріптей отырып, жастардың бойына ұлтжандылық пен гуманистік қасиеттерді сіңіре аламыз [5, 51 б].
Профессор М. Ғабдуллин өзінің Ата-аналарға тәрбие туралы кеңес еңбегінде Бүгінгі жастарды ұлтжандылық рухта тәрбиелеуде ақын-жыраулардың өнеге сөздерінің белгілі мөлшерде пайдасы бар екенін баса айтады. Мұндағы тәрбиелік мәні бар әңгімелер жастарға жат емес. Халықты сүй, халық үшін ерлік еңбек ет, ел-жұртқа қорған бол деушілік қазіргі күнде ескірген сөздер емес, қайта мағыналы, мәнді сөздер. Сондықтан бұлардың ішінен жастарымызды тәрбиелеуде әсер ететіндерін таңдап алып, орнымен пайдалана білсек, нұр үстіне нұр болар еді, - дейді. Осы тұрғыдан алғанда қазақтың ұлы ойшылдарының кемеңгерлік ой-пікірлерін оқу-тәрбие ісінде орынды пайдалана отырып, оқушы-жастарды ұлтжандылыққа тәрбиелеу - әрбір тәрбиеші ұстаздың басты парызы [9, 31 б].
Әскери ұлтжандылық тақырыптарына ой толғаған жауынгер жазушы, тәлімгер педагог Бауыржан Момышұлы жас жауынгерлерді ерлік, ұлтжандылық, Отанын, елін, жерін сүю, ұлттар достығына тәрбиелеу қажеттілігін өз шығармаларының арқауы етті. Ол ұлттың дәстүрді, елжандылықты жастардың қанына сіңіруде мақал-мәтелдердің, батырлар жырларының, терме-толғаулардың мәніне тоқталады.
Ал жауынгер жазушы, фольклорист ғалым, Кеңестер Одағының Батыры Мәлік Ғабдуллин өзінің "Менің майдандас достарым" еңбегінде сұрапыл соғыстың бір толастаған кезінде тар окопта Ер Сайын, Ер Қосай, Қобыланды жырларын өзінің майдандас достарына әңгімелеп беру арқылы қазақ жастарын ерлікке қалай рухтандырғанын баяндайды. Ерлік тәрбиеден туады деп Бауыржан атамыз айтқандай, өзінің бар саналы өмірін жас ұрпақты оқыту-тәрбиелеу ісіне жұмсаған, қазақ халқының прогрессивті, педагогикалық ой-пікірлерін қалыптастырып, ұлт мектебінің іргетасын қалаушылардың бірі - қоғам қайраткері, белгілі жазушы, аудармашы, ағартушы-демократ Спандияр Көбеевтің өмірі мен педагогикалық мұрасын саралап қарастырсақ, оның жас ұрпақтың бойына отансүйгіштік қасиеттерді қалыптастырып, оларды ұлтжандылыққа баулуда еткен еңбегінің мол екенін байқаймыз.
Жеткіншек ұрпақты тәрбиелеуге қажетті негізгі адамгершілік қасиет, С. Көбеевтің пікірінше, ұлтжандылық болып табылады. Туған елін сүю сезімі туа біткен сезім болып табылмайды, оны адамға табиғат тарту етпейді. Елжандылықты қоғам мен жекелеген адамдар бойына сіңіріп, дамытып, тиісті деңгейге көтереді. Отбасы мен мектеп жастарды асқақ ұлтжандылық сезімге тәрбиелеуге тиіс, - дейді ол [10, 25 б].
Спандияр Көбеев жастарды елжандылыққа тәрбиелеуде география, жаратылыстану, тарих пәндерінің маңызын атай келіп, оқушыларды елжандылық пен ерлікке тәрбиелеуде алуан түрлі қоғамдық істерді пайдалану керектігін, әсіресе, өлкетану мұражайларына және туған өлкедегі тарихи жерлерге саяхатқа апару, еңбек және соғыс ардагерлерімен кездесу кештерін өткізіп отыру істерімен бірге мәдени-әдеби мұраларды да тиімді пайдалану керек дейді. С. Көбеев баланың өз Отаны үшін қажетті азамат болып қалыптасуында ата-ананың алатын орны мен атқаратын мәнін зор бағалап, отансүйгіштік тәрбие негізі ана тілі екенін терең түсіндіре білді. Оның пікірінше, жас ұрпаққа білім беру өз ана тілінде жүргізілуі керек. Барлық ақыл-ойын, күш-жігерін аянбай жұмсап, өз өмірінің жарты ғасырдан астамын мектепте өткізген С. Көбеев халықтар достығы жолында жалынды жаршы бола білді, жастарды туған халқын құрметтеуге тәрбиеледі.
Еліміз егемендік алып, мемлекет ретінде қалыптасты. Экономикадағы, саяси-әлеуметтік, ғылым салаларындағы жетістігіміз мақтануға тұрарлық. Осы жетістіктер аясында жас ұрпақта Отанын сүюге, ол үшін аянбай қызмет етуге тәрбиелеу - әр педагогтың басты міндеттерінің бірі.
Педагогикалық жұмыстағы шешуші нәрсе - ең жақсы оқыту әдістерін таба білуде. Жақсы ой мен жақсы сөз - жақсы істерге жетелейді.
Ұлттық тәрбиенің өзегі - адамгершілік тәрбиесі. Адамгершілік тәрбиенің ең негізгі міндеті жас ұрпақтың бойына өзі өмір сүріп отырған қоғамның алдында тұрған мақсат-мүддеге сай адамдық қасиеттерді қалыптастырып, жетілдіре отырып тәрбиелеу болып табылады. Жас ұрпақтың бойына адамгершілікті сіңіретін, оны жүрек тазалығына, бауырмалдыққа, татулыққа, адалдыққа тәрбиелейтін құндылықтарымыздың бірі - Алтынсарин әңгімелері [9, 16 б].
Адамзат дамуының қай кезеңінде болсын тәрбие мәселесі адам баласының ғұмырындағы баға жетпес құндылық болғандығы даусыз. Ата-бабаларымыз өз халқының ұлы қасиеттерін, адамгершілікке бай кесек мінездерін айта отырып, жас ұрпақтың ұлттық тәрбиемен сусындауына айрықша мән берген.
Әр халықтың болашаққа бет алған тарихи даму жолында жарық жұлдыздай болып бағыт-бағдар сілтеген, сөйтіп сол ұлттың, халықтың тарихында есімдері ерекше аталатын зор тұлғалары болатыны айқын. Есімдері мен еңбегі баршаға қымбатты, халқымыздың тұңғыш энциклопедист ғалымы Шоқан Уалиханов, ұлы данышпан ақын Абай Құнанбаев, тұңғыш ағартушы, педагог жазушы Ыбырай Алтынсарин сынды үш алып өз халқын мәдениетті халықтар қатарынан көргісі келді. Дегенмен Ыбырай Алтынсариннің өмір жолы, еңбек еткен ортасы, әлеуметтік істері өзгешелеу. Біріншіден, Ыбырай Шоқан мен Абайдың туған халқын мәдениетті халықтар қатарынан көргісі келетін арманын өз қолымен іс жүзіне асырды. Ол бұратана халықтар үшін тың үлгімен мектеп ашып, оқу құралдарын жазып, жинақтаған жаңашыл-педагог. Көзімнің үміт еткен нұры, балам, - деп басталатын атасының өсиет сөзін жастарды оқуға шақырудың, өнерге тарту мен талпындырудың ұтымды құралы ретінде пайдалана отырып, Абай атамыз бен Шоқан Уалихановтай аяулы азаматтың халқым қатардан қалмай оқыса, өнер-білімді игерсе деген арманын іске асырды. Надан жатқан, бірақ азғындық жолға түспеген, пайдалы нәрсенің бәріне жаны құмар халқын шын сүйген, оның болашағына шексіз сенген жігерлі күрескер Ыбырай Алтынсариннің қажырлы еңбегі арқасында 1864 жылы қазақ сахарасының төрінде балаларды өнер-білімге шақырған қоңырау үні естілді [12, 14 б].
Ұлы ағартушы төл шығармалары мен аудармаларында адамдық болмыс пен жүрек тазалығын, бауырмалдық пен адалдық сияқты құндылықтарды уағыздай отырып, Таза бұлақ әңгімесіндегі кейіпкердің Бойыңды таза сақта, бұлаққа қарасаң күн түссе күннің, шөп түссе шөптің сәулесін көреміз, көңілің сол реуішті сыртқа ашық көрініп тұрсын, - деп жаңа өспірім достарын таза мінез бен қайырлы істер істеуге шақырады.
Жастайынан жаман пиғылдан, жаман құлықтан өз-өзін тыймаған адам, қатайып кеткен ағаш сипатты. Түзетуге көнбейді, сынып кетеді. Ұлғайғанша жамандық қылған адамның өз қалпын өзгертуі қаншалықты қиын екендігін түсіндіреді. Жақсы, көркем мінезді жасыңнан әдет етсең, ол әдет тура жолдан қандай қиыншылық көрсең де жаздырмас дейді. Мысалы: Асыл шөп әңгімесіндегі сабырлық пен төзімділікке шақырған Бәтима, бай баласына обал болады деп, құспен ойнауға тыйым салған Үсен, әкесі үшін өз қолын кесуді өтінген мейірімді қыз, Аурудан - аяған күштірек әңгімесіндегі Сейіт. Өзі үшін қасірет тартқан анасын көрген Сейіт жарақат жанына қанша батса да, дыбыс шығармай жатады. Анасының қадірін білген бала - ұлы анасы Отаны үшін де барлық қиындыққа төзетініне сенесің.
Өлең-жырларында, мақал-мәтел, нақыл сөздерде Ы. Алтынсарин адалдық пен имандылықтың тағылымдық мәніне назар аударады. Әркім өзін-өзі жоғары тұтпай, хакім болсаң өзіңді зор тұтып, бөтенді қор тұтпай әділ болу, әркім өзіне тілеген жақсылығын өзгеге де тілеу керек, себебі дүниеде қанша адам болса - бәріміз бір Адам атадан өрбіген ағайынбыз деп түсіндіреді. Өзіне құрмет көрсетіп, бас иген шаруаға аса құрметпен бас иген ғұламаны еске түсірейікші. Осы бір шағын әңгімеден сыпайылық адамды көрікті етіп оның білімділігі мен мәдениеттілігін көрсететіндігін, ізгі құлықты адам әрі сүйкімді, әрі қадірлі болатындығын бала ұғымына сенімді жеткізеді. Ал тәкәппаршылдық, күншілдік, сараңдық дүниеде еткен жақсылықтарыңды жойып кететін мінез деп түсіндіреді. Жамандық іс бүйе мен жылан іспеттес. Жылан мен бүйені қанша асырап күтсең де, қолыңа тұтына беруді қоймасаң, ақырында өзіңді шағып, зиянын тигізбей қоймас дейді. Сараң, көңілінің жылуы жоқ Хусейіннің Әділдік шарасыз жағдайын әдемі суреттейді. Адамдарды алаламау арқылы тағдырдың рахым, парасатынан күдер үздірмейді.
Бейтаныс мейірімді адамның білімге құштарлығы бар жасқа тигізген пайдасы, қиындыққа түскен адамға жасаған рақымы, осы жақсылықтың әлгі адамға қайтарылуы, өз бетімен кәсіп етуге, өнер-білім игеруге, кісілікке ұмтылуы Ы. Алтынсарин шығармаларындағы ізгілікті тұжырымдамалардың алтын өзегін құрайды.
Ы. Алтынсариннің қай әңгімесін алып қарасақ та, адамды терең ойға жетелейтін, адам болып қалыптасуға көмектесетін, оқушыларға қызықты туындылар екені мәлім. Балалардың психологиясына өте жақсы әсер ететін, өмірді тануға көмектесетін бірден бір құрал.
Ұлы ағартушы қандай да бір ізгі, жақсы қасиеттің барлығы сеніммен, таза жүрекпен жасалу керек, яғни адамда ең алдымен иман болу керек деп, біз болмасақ, сіз барсыз, үміт еткен достарым, сіздерге бердім батамды деп, қазақ жастарынан үлкен үміт күтті. Бүгінде тек қазақ қауымы ғана емес, сондай-ақ, бүкіл еліміз болып, оны ұстаздардың ұстазы деп әр кез қастерлеп, қадір тұтады.
Ыбырай Алтынсарин: адамгершілікке тəрбиелеу құралы -- еңбек пен ата-ана үлгісі, - деп балаға берілетін тәрбиенің ата-анаға тікелей байланысты екенін атап өтеді. Яғни, ата-ана баланы тәрбиелемес бұрын, алдымен өзін-өзі тәрбиелеу керек. Бала - ата-ананың айнасы. Әкесі мен анасы балаға жастайынан еңбек етуге, жамандықтан аулақ болып, жақсылыққа жетелеуге баулу керек. Сонымен қатар, балаға берілген бірінші тәрбие ата-анасын, туысын, жолдасын сыйлауға үйретуден басталады деп тәрбиенің негізі - сыйластықтан құралатынын атап айтады. Адам қай жерге жұмысқа тұрмасын, ол сол жұмысына мінезімен сыяды. Қанша жерден білімді болсаң да, мінезің жаман болса еш жерге сыя алмайсың. Балаға білім мен тәрбиені қатар алып жүруге тәрбиелейтн екінші мекен - мектеп. Ағартушы мектеп қабілетсіздік пен жалқаулықтың ұясына айналмауы тиіс, - деп өзінің келешек ұрпақтың жалқау болмауына, еш нәрсеге ебі болмайтын адам болудан сақтануы керек екенін қазық қаққандай айтады. Біздің қазіргі заманымызда ата-аналар баласын көп өбектеп, тек соның сөзін сөйлеуі актуалды тақырып. Міне, осыдан кейін, тек ата-анасына ғана сеніп жүре беретін жалқау бала пайда болады. Қазақта балаңды аясаң, аяма деген керемет сөз бар. Баланы кішкентай кезінен еңбекке, тұлға болып қалыптасуына әсер ететін оның қоршаған ортасы екенін естен шығармау керек.
Адамгершілік жайлы ұлы ақын Абай Құнанбайұлы өзінің Ғылым таппай мақтанба өлеңінде бес нәрсеге асық, бес нәрседен қашық болуды үндейді:
Бес нәрседен қашық бол,
Бес нәрсеге асық бол,
Адам болам десеңіз.
Тілеуің, өмірің алдыңда,
Оған қайғы жесеңіз.
Өсек, өтірік, мақтаншақ,
Еріншек, бекер мал шашпақ --
Бес дұшпаның білсеңіз.
Талап, еңбек, терең ой,
Қанағат, рақым ойлап қой --
Бес асыл іс, көнсеңіз, - деп ақын талаптануды, еңбектенуді, терең ойлауды, қанағат қылып, рақымшыл болуды - адамныың ең ізгі қасиеттеріне теңейді [17, 23 б].
Абай Құнанбаев қазақ әдебиетіндегі, жалпы қазақ руханиятындағы болмысы бөлек дара тұлға. Абай ақын ғана емес, хакім тұлға. Ол көп қаламгерлер секілді өмірдің бар болмысы мен шындығын көркем бейнелеп қоюмен шектелмеген, өз шығармашылығы арқылы өзіндік танымын, адамгершілік ілімін жасаған ойшыл ақын. Ол өлеңдері мен қарасөздерінде оқырманына адам бол деп қана қоймай, сол адам болудың, адамгершіліктің қалыбын, ілімін жасаған ойшыл ақын. Ол өзіне дейінгі танымы мен төркіні терең адамгершілік ілімімен таныс болған. Өйткені оның ұзақ ізденіспен, треңінен толғатып тапқан толық адам танымы сонау Сократ, Платон, Аристотель заманынан іргесі қалана бастаған іргелі іліммен сабақтасады. Бұрынғы-соңғы ойшылдар адам болмысы, оның өзіндік мәні, адамдық қасиеті жөнінде көп толғанған. Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек - үшеуінен тұратын Абайдың толық адам танымы Аристотель, Әл-Фараби негіздеген ақыл, жан, тәннен тұратын адам болмысын ойға оралтады. Адам болмысын осы үшеуінсіз я үшеуінің бірінсіз елестету мүмкін емес. Тән Абайдың өзі жазғандай, жанға баспана болу үшін қажет, тәнсіз жан өзінің жасампаздық қызметін атқара алмай қалады. Ал жаны бар тән, дене әлі адам емес, жан-жануар, жәндіктер деңгейіндегі болмыс қана. Жан мен тәнге ақыл қосылғанда ғана адам болмысы пайда болады.
Ұлы ақын Абай өзінің Алланың өзі де рас, сөзіде рас өлеңінде:
Күллі мақұлық өзгерер, алла өзгермес,
Әһлі кітап бұл сөзді бекер демес.
Адам нәпсі, өзімшіл мінезбенен
Бос сөзбенен қастаспай, түзу келмес.

Махаббатпен жаратқан адамзатты,
Сен де сүй ол алланы жаннан тәтті.
Адамзаттың бәрін сүй бауырым деп,
Және хақ жолы осы деп әділетті, - деп адамның нәпіге құмаршыл келеінін, бос сөзбен ешнәрсе өнбейтінін айтып, Аллаға деген махаббатты жоғалтпай, нәпсіні тыйып, барша адамзатты бауырым деп сүюге шақырады.
Абай Құнанбаев қазақ әдебиетіндегі, жалпы қазақ руханиятындағы болмысы бөлек дара тұлға. Абай ақын ғана емес, хакім тұлға. Ол көп қаламгерлер секілді өмірдің бар болмысы мен шындығын көркем бейнелеп қоюмен шектелмеген, өз шығармашылығы арқылы өзіндік танымын, адамгершілік ілімін жасаған ойшыл ақын. Ол өлеңдері мен қарасөздерінде оқырманына адам бол деп қана қоймай, сол адам болудың, адамгершіліктің қалыбын, ілімін жасаған ойшыл ақын. Ол өзіне дейінгі танымы мен төркіні терең адамгершілік ілімімен таныс болған. Өйткені оның ұзақ ізденіспен, треңінен толғатып тапқан толық адам танымы сонау Сократ, Платон, Аристотель заманынан іргесі қалана бастаған іргелі іліммен сабақтасады. Бұрынғы-соңғы ойшылдар адам болмысы, оның өзіндік мәні, артықша қасиеті жөнінде көп толғанған. Сөйтіп, Абай өз өлеңдері мен қарасөздерін көп ізденіп, көп толғанып, байырғы төркінінен тартып ойлы, тамырлы, терең туынды етіп жазған. Нәтижесінде толық адам, жәуәнмәртлік, иманигүл танымдарын жарыққа шығарды. Абайдағы бұл іргелі танымдар әдебиеттану ғылымында көрнекті ғалым М. Мырзахметұлының зерттеулері арқылы танылып келеді. Ғалым еңбегінің жалғасындай болып, оның шәкірті Мақсат Әліпханның Қазақ әдебиетіндегі адамгершілік ілімі атты зерттеу еңбегі жақында ғана Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің Ұлағат баспасынан басылып жарық көрді.
Ж. Баласағұн, А. Иассауи, Абай, Шәкәрім шығармаларындағы адамгершілік ілімі жөнінде танымы терең мақалалар жариялап жүрген ғалым. Оның бүгінде жарық көріп отырған Қазақ әдебиетіндегі адамгершілік ілімі атты зерттеу еңбегін ғылымдағы үлкен бір белес, танымдық мәні зор жаңалықты туынды деп білеміз [16, 33 б].
Зерттеу еңбегі бес тараудан тұрады. Кіріспе бөлімінде зерттеудің мән-маңызы, көкейкестілігі мен жаңалығы айтылып, адамгершілік іліміне жанасатын еңбектерге саралау жасалған. Кейінгі бес тарауда айтылар ой-толғамдардың өрелі де іргелі мәселелерге арналатыны осы кіріспеден-ақ көрініп байқалып тұрады. Ғалым адам болу мен адамгершіліктің адамзат өмірі мен болмысындағы орны мен мән-маңызын абсолютті ақиқатына жеткізе танытуға тырысқан. Оның ойынша, адамзат ойшылдарының әр кезең, дәуірлерде айтылып жүрген тұжырымдарының түпкі түйіні, темірқазығы - Аристотель жасаған қорытынды. Ал Аристотельдің пікірінше, ең басты мәселе, ең биік игілік, қасиетті құндылық - ізгілік пен қайырымдылық. Бұлар - адамгершіліктің өзегі мен өзі. Өзінің ғана қамын жеу өзімшіл, қайырымсыз адамдар мен жан-жануар, жәндік, құс атаулыларға тән болса, өзгеге жақсылық, қайырым жасай білу - адамдықтың белгісі. Демек адам болу қайырымды болу арқылы келеді екен. Осы орайда Аристотельдің автор сүйенген, тірек еткен пікірі талассыз ақиқат, ең басты мәселе, ең биік игілік, қасиетті құндылық - қайырымдылық. Ал қайырымдылық пен адамгершілік егіз, бірінсіз бірінің бар болуы, болмысқа айналуы мүмкін емес. Әр нәрсе де өзінің мәнімен, өзіндік қасиетімен қадірлі, құнды әрі бар бола алады. Яғни адам өзінің мәні, қасиеті - адамгершілігімен, қайырымдылығымен қадірлі әрі абзал болмақ. Автордың кіріспе бөлімде осы мәселені негіздеп, бекітіп, танытып алуының жөні бар. Өйткені алдағы тарауларда кеңінен талданып танылатын адамгершілік ұғымы мен ілімінің мән-мазмұны осы кіріспеде айқындалып алынады.
Адамзат баласы шыр етіп дүние есігін ашқаннан әуелі ауаны, одан қоректі, кейін киімді, есі кіре келе ақыл-ой, білімді, дүние, мансапты, тағы басқа өзі қажет етіп тұтынатын әр түрлі игіліктерді іздеумен болады. Адам өмірі әр түрлі арнайы таңдап алынған игіліктерсіз жалғаса алмайды. Өйткені Алла ғана ешнәрсеге мұқтаж емес, адамзат баласы материалдық, рухани игіліктерсіз өмір сүре алмайды. Осы орайда адамзат баласы Абай айтатын жан қалауы, тән қалауымен түрлі-түрлі игіліктерді қажет ету, тұтыну, иелену әрекетімен өмір сүреді. Ал адамның қалауына ерік берер болсақ, ондай игіліктер жүздеп саналады. Мәселе өмірді мәнді, адамды абзал, абыройлы ететін игілікті танып, таңдап, сол оңды, жөнді игілікпен өмір сүре білуде.
Мақсат Әліпхан өзі қарастырып отырған адамгершілік ілімінің артықша маңызын Аристотельдің игіліктер туралы пікірімен бекіте түседі. Аристотель адамзат баласының қажет етіп тұтынатын көптеген игіліктерін жинақтап үш-ақ топқа бөледі. Бір ерекшелігі, Аристотельдің игіліктерді жанға қатысты және тәнге қатысты деп жүйелеуі Абайдың жан қалауымен, тән қалауы туралы іргелі ойына негіз болғанға ұқсайды. Сөйтіп Аристотель игіліктерді жанға қатысты, тәнге қатысты және сыртқы игіліктер деп үш топқа бөледі. Жанға қатысты игіліктерге Аристотель ақыл мен қайырымдылықты жатқызады да, тамақ, киім, байлық, мансап, атақ-даңқ т.б. секілді өзге екі топқа кіретін игіліктерді ақылдылық пен қайырымдылыққа жеткізер баспалдақ, көмекші санайды әрі жанға қатысты ақыл мен қайырымдылықты барша игіліктердің ішіндегі ең абзалы, ең биігі, ең қадірлісі деп біледі. Ал ақыл мен қайырымдылықтың адамдық болмыс пен адамгершілікті жасайтыны белгілі. Адамның ділін, болмысын құрайтын ақыл мен қайырымдылықтан өзгелердің бәрі де қосымша, жанама түрде қажет болғанымен, адамның болмысы мен қасиетін танытатын адамгершілігін қалыптастыра алмайды. Мақсат Әліпхан осылайша кіріспе бөлімінде адамгершіліктің ең әуелі қайырымдылық, ал қайырымдылықтың қасиетті құндылық екенін айқындай бекітіп алады да, адамгершілікті тақырыптық тұрғыда емес, ілімдік жағынан жырлауға үлес қосқан біршама еңбектерге сыни әрі танымдық тұрғыдан саралау жасайды. Әрі әдеби зерттеудің философиялық мазмұнға ауыңқырап кетуінің де себеп, сырын іздейді. Білікті ғалымдар тұжырымына сүйене отырып ақиқатты, адамгершілікті айтуда, танытуда философия мен әдебиеттің бір арнадан табылатынын, философиядағы моральдық мазмұнның әдебиетте көркемдік стильмен берілетінін негіздеп алады. Автор философиялық мәселенің әдебиет арқылы айтылуының ерекшелігіне де назар аударады. Шығыста пәлсапалық ойлар арнайы философиялық трактаттардан гөрі философиялық емес, сипаттағы шығармаларда көбірек көрініс тапқанын негізге алып, қазақ әдебиетіндегі адамгершілікті сөз етудің заңды әрі орынды екенін атап өтеді. Осы тұрғыдан келгенде автордың философиядағы адам мәселесі, мораль, этика қағидаларын Жүсіп Баласағұндағы жәуәнмәртлік, Ахмет Иассауидегі хал ілімі, Абайдағы толық адам танымы, Шәкәрімдегі ар білімі, ұждан анығы арқылы қарастыруына жол ашылады. Сөйтсе де Мақсат Әліпхан әлі де ақындар шығармаларындағы адамгершілік ілімінің көрініс табуын қарастыруға көшіп кетпей, алғашқы тарауда адамгершілік ілімінің төркіні жөнінде ой өрбітеді. Бұл алғашқы тарауда адамгершілік ілімінің ұғымы, қалыптасуы, әр түрлі ойшылдар еңбектерінде жалғастық тапқаны арғы төркін-тегі, мол мазмұн, терең танымымен қарастырылған.
ХV-XVIII ғасырларда өмір сүрген ақын-жыраулар шығармаларының ішкі иірімдеріне бойлай көз жүгіртсек, онда бір ғана тақырыптың аясына сиятын ой кешу ерекшеліктеріне, үлгі-өнеге, тәрбие түрлеріне, тәрбиелік үгіт, насихат ой толғамдарына қайран қалмасқа болмайды. Қандай құбылысты алсаңыз да, халқымыз оны этикалық құндылықтарға негіздеген. Әлеуметтік тіршіліктің өзегінде, ойлау дүниесінің бел ортасында адамгершіліктің тұтқасы ретінде ең алдымен, адам баласының бойындағы жақсы, жаман мінез-құлықтары, кісілігі, қадір-қасиеті тұрды. Ендеше, данагөй аталарымыздың мұрасы - даналық, шешендік өнері арқылы жасалған адамгершілікті тану, игеру мектебі. Қазақ тарихындағы ұлы тұлғалардың бірі, Аристотельден кейінгі екінші ұстаз атанған, атағы әлемге танымал болған қасиетті ғұлама философ Әл-Фараби даналықты негізге ала отырып, өзінің философиялық және әлеуметтік-этикалық трактаттарында жеке адамдардың өмірі, олардың бағытқа жету жолдарын ғылыми философиялық негізде ашып беруге ұмтылған. Дана ғұлама Бағыт жолын сілтеу трактатыңда адам баласының қалауымен болатын талпыныс нәтижесіндегі игілікті мақсаттарының ішінде ең пайдалысын - бағыт дейді. Оған қолы жеткен тірі пеңде әр уақытта қанағат тұту керек. Мұндай пайымдаушылық әркімнің бағыт туралы ұғымын түрліше түсінікте қабылдауына әкеліп соғады. (Мысалы, байлық, т.б.) Әл-Фарабидің пікірінше бағытты көксеу әр адамнан өз бағытының шыңына жету жолының әдісі мен амалын табуды талап етеді. Бабамыз әлеуметтік-этикалық көзқарастарында адамның жеке басына қатысты бағыт ұғымын оның адамгершілігімен ұштастырады. Бағыт бір сөзбен, философиялық ой-зердесі, терең ақылдылық, сонымен бірге жақсы мінез-құлық үйлесімділігі. Соның ішінде мінез-құлық табиғи жолмен жетілген адам жанының рухани байлығы. Ол әрқашанда адамдардың іс-әрекетімен танылады. Дана өзінің этикалық шешімінде оның негізгі ажырамас бөлігі саналатын ақыл-ой мен адамгершілікті жоғары қояды. Оның пікірінше, қайырымды адам дегеніміз ақылды, яғни адамгершілігі мол адам. Мұндай адам өзіндегі адамшылық құндылықтарды танып, соған ие болып, оны одан әрі дамыту негізінде жетіледі. Ол үшін ең алдымен адам өзіне өзі адал болуы керектігіне баса назар аударады. Қытай халқының рухани өмірінде өпшес із қалдырған ұлы ойшыл Конфуций: Парасатты адам танымының тереңдігімен, жанының жалындылығымен ерекшеленбей тұра алмайды. Оның жүгі ауыр, жолы ұзақ. Ол көтеретін жүктің аты - адамгершілік. Бұл ауыр жүк емей немене? Бұл жолдан оны ажал ғана айыра алады. Дана адам асып-тасымайды, талғамайды, батыл адам қорықпайды деген екен.
Ағартушы-гуманист Абай Құнанбаев өзінің тереңнен толғаған озық ойларында оның шынайы туындысы болған моральдық қисындарды, адамгершіліктің талап-тілектерін ашып көрсеткен. Абайдың қара сөздерінің негізгі нысана болған этикалық тәлім жүйелері адамгершілік қағидаларға негізделген. Абай бәрінен де ар-ұятты жоғары қояды. Адамның ең асыл касиеттері осылар деп білген. Абай Адамшылықтың алды - махаббат, ғаділет, сезім. Бұлардың керек емес жері жоқ, кіріспейтұғын да жері жоқ. Ол - Жаратқан тәңірісінің ісі, - дейді.
Даналықты игеру жай ғана меңгеру емес, даналықтың диалектикасын игеру деген сөз. Дана адам - даналықты игеріп қана қоймай, оны шеберлікпен әрі қарай дамытып отырады. Дара тұлғалардың даналығының өзі - қазақ халқына тән адамгершілікті игеруден, сіңіруден келіп шықты. Демек, даналық және адамгершілік біте қайнасып жатыр, әрі бірін-бірі толықтырып жатыр. Сайып келгенде, даналық және адамгершілік бір-бірінсіз өмір сүрмейді.
Ж. Баласағұнның Құтты білік еңбегіндегі қоғамдағы адам өмірі, жалпы игілік пен жеке бақыттың үйлесімділігі, ізгіліктер мен қателіктер, адамдық пен надандық, өлім мен өмір, әділдік пен достық сияқты адамзаттық тіршіліктің әр тынысымен тамырлас түбірлі сұрақтарды қамтитын ізгіліктік белсенділіктер жеке тұлғаның өзін-өзі рухани жетілдіру әдісі және адамзаттық тәртіпті реттеуші компоненттері ретінде қарастырылады.
Ізгілік - адам болмысының ішкі жан дүниесінің, шындық жолға сай, толығымен тазарып, қайтадан өмірге келгендей сапалы өзгерісін қажет ететін күрделі де маңызды рухани құбылыс. Жолы тура болғанымен, азапты келетін ізгіліктің тұрақтап қалу мүмкіндігі де бар. Ол мүмкіндік адамның өз қолында. Ізгі адамның қағидасы жалғыз: Өз игілігім - ел игілігі. Адамның тұлғалық бақытының мәні де осында.
Ізгі ой, ізгі сөз, ізгі көңіл, ізгі тіл, ізгі жүрек, ізгі тірлік, ақыл, білім белсенділіктерінің табиғаты мен өзара қатынасы, өзара тәуелділігі - ғұлама ізгілігінің негізін құрайды. Кейінірек сөз қозғайтын ізгі жол, ізгі бек - жоғарыда аталған ізгіліктік белсенділіктердің ізін баса, болып отыратын, көріне алатын нәтижесі. Алғашқы аталған ізгіліктік белсенділіктер басым қызметте көрінеді. Бұл басымдылық әрбір ізгіліктік белсенділіктің адам болмысына ізгілік рухын дарытып, ізгілік жолына түсуіне тигізер ықпалы мен әрекетіне байланысты анықталады.
Ізгі ой - адамның рухани дүниесіне елеулі әсер етер алатын күшке ие ізгіліктік белсенділік. Ой - ізгілікті тудыратын да, ізгілікке қарсы бағытта қозғайтын да маңызды компонент. Ой қозғайтын ниеттің дұрыс болуы - адамның өз қолындағы іс. Ниеттің туралығына тірек болар негізгі қағиданы ақыннын өзі-ақ ұсынады: көп тыңда және тандай біл!. Мұндай жағдайда жан әлемінің тылсым жағындағы ниеттің ізгі ойды адам болмысына бейімдер мүмкіндігі де мол. Іс-әрекетке ұмтылған субъективтік-тұлғалық ниеттің байлық, атақ-даңқ, кек алу мақсатына емес, ізгілікке бағытталуы - ізгілікке қажет маңызды шарт. Жүрек ой мен сезім күшіне бағынады. Мәселе, қарама-қайшылықта немесе алғашқылықта емес, жүрек пен ой, сезім күштерінің біртұтастығында. Бұл - ғұлама ізгілігінің ішкі, аса бір мәнді жағы. Ізгіліктің кепілі - жүректің тазалығында, ізгілігінде.
Адамды адам қылатын екі қажеттіліктің бірі - оның ішкі жан дүниесі, яғни көңілі болса, екіншісі - тілі екен. Бұл жағдайда басым қызмет, негізгі рөл көңілдікі, сондықтан тіл көңіл ағысына көп қарсы келе алмайды. Жүрек материя, көңіл мен тіл - оған тән рух. Екеуінің бірлігі адамды тіршілігіне қажет күш, құралмен қамтамасыз етіп отырады. Егер тілді желдірер сөзге зиян келсе, сөз бұзылса болғаны, онда тілің мен тәнің, көңіл мен көркіңнің де құрдымға кеткені. Адам осылайша адамдық мәнінен айрылмақ. Тілдің адамды әлемге би етер қызметінен басқа, оның өзін жоқ қылар зияны мен қасіреті де бар екеніне ғұлама терең мән берген.
Ж.Баласағұнның ең құнды ойларының бірі - адам болмысына адамдық, мәнділік берер екі негіз - көңіл мен тілді өз деңгей, дәрежесінде ұстап тұратын күш, құрал - ақыл мен білім категорияларының ерекшеліктерін ашып қана қоймай, олардың арасындағы органикалық байланыс заңдылығының мәнін түсіндіріп бере алуы. Адам өміріне ізгіліктік сипат берер екі құндылық - ақыл мен білімнің ажырамас байланысының маңызын екеуінің қоғам мен табиғат арақатынасындағы адам орнын анықтап, рөлін көтерудегі қызметінің ұқсастығы арқылы көрсетеді. Қорыта келгенде, тілден айырылу - елдіктен айырылу. Бұл - ақынның шешімді ойы. Ғұламаның пікіріне сүйенсек, тілді сақтап қалудың шарттары төмендегідей: біріншіден, әр адам сөз әдеби бойына сіңіріп, сөз өнерін үйренгені абзал; екіншіден, тілді демейтін ақыл мен білім ағысын ізгілікке бұрудың негізін баланың сәби кезінен-ақ санасына қалауды ұсынуы; ең негізгі шарты - сөз бен істің арасындағы алшақтықты азайтуы арқылы, сөздің мәні мен тіліміздің қасиетін жоғалтып алу қасіретінен елінің болашағын сақтап қалу. Тілден айрылу қасіретінің нәтижесінен сақтандырған Ж. Баласағұн - ел болашағын, бүтіндігін биік көзқараста білдіріп қана қоймай, қорғап, қолдай білген гуманист, қоғам қайраткерінің өшпес рухын өзіне сіңіріп, өзінен көрсете алған ақиық Ренессанс тұлғасы.
Ізгілік - адамның адамшылық өлшемі. Ғұлама қоғам өмірінің мәнді, маңызды салаларындағы қайшылықты құбылыстар мен келеңсіз көріністерді шешу міндетінің жауапкершілігін ізгі жүректі ізгі жанға әкеліп тірейді. Ізгі жан тұлғалықтан гөрі қоғамдық қасиетімен көбірек ерекшеленеді. Ізгі жанды көптің ішінен тану да қиын емес, ісімен ізіне қара да қорытынды шығар, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ШЕШЕНДІК ӨНЕР ТҮРЛЕРІ
Бала тәрбиесі және отбасы
Бастауыш мектепте адамгершілік тәрбие берудегі әдіс - тәсілдеріне сипаттама
Тұлғаны қалыптастыруда дене тәрбиесінің маңызы
Ұлы ойшылдар тұжырымдамаларындағы рухани адамгершілік құндылықтар
Жеке тұлғаның дамуының педагогикалық сипаттамасы
Мектеп жасына дейінгі балаларды адамгершілікке тәрбиелеу
Ұлттық тәрбиенің әдіснамалық негіздері
Халықтық педагогика және оқу - тәрбие жұмыстары
Адамгершілік тәрбиесінің критерийлері
Пәндер