Мал шаруашылығында гетерозисті пайдалану


1. 1. Әдебиетке шолу . . .
1. 1. 1. Гибридтеу . . .
1. 1. 2. Мал шаруашылығында гибридтеуді пайдаланудағы негізгі мақсат . . .
1. 1. 3. Малдарды гибридтеуде кездесетін қиындықтар . . .
1. 1. 4. Мал шаруашылығында гетерозисті пайдалану . . .
ІІ. Технологиялық бөлім. Малды гибридтеу . . .
2. 1. Қашыр . . .
2. 2. Арқар-меринос . . .
2. 3. Бір өркешті түйе . . .
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі . . .
Кіріспе
Жалпы, халқымыздың өмір бақиғы тіршілік көзі болған мал шаруашылығы Қазақстандағы ауыл шаруашылығының негізгі салаларының бірі болып есептелінеді. Ауыл шаруашылығының бұл саласының бірден-бір ерекшелігі жыл бойы өнім өндіруге бағытталғандығы. Мал шаруашылығы халықтың жылдың төрт мезгілінде етпен, сүтпен және маймен, ал өндірісті - жүнмен, қаракөл елтірісімен, мал терісімен, т. б. қамтамасыз етеді. Сала екі бағытта өркендейді; оның біріншісі жылдам өркендеу - сүт пен етті ірі қара мал, шошқа және құс шарашылығы, екіншісі жайбарақат қоркендеудегі-жайылым мал шаруашылығы - оған қой, түйе, жылқы және ешкі шаруашылықтары. Сондықтанда, мал шаруашылығын өркендету жолдарын таңдағанда мал өнімдерін өндірудің бағытын ең алдымен есепке алған жөн.
Болашақ адамзат тағдырына әсер ететін әлемдік проблемалар қатарына жануарлардың гендік қорын сақтау мәселесі де жататын болады. Осы жағдайды ескере отырып, Қазақстанда ауыл шаруашылығы малдарын сақтау, қорғау және пайдалану мемлекеттік қамқорлыққа алынып, осы бағытта жүйелі түрде ғылыми-зерттеу жұмыстары жүргізілуде.
Дүние жүзінде Қазақстан қой шаруашылығы мал шаруашылығының негізгі саласы болып енсептелінетін бірден-бір республика. Қазақстанның көп көлемдегі шөлді-шөлейтті және кең байтақ жазық даласы қой шаруашылығын өркендетуге өте тиімді аймақ.
Мал шаруашылығын өркендету кезеңінде аса мән беретін жағдай, ол табиғатың тепе-теңдігін сақтау. Мал басы көбейген сайын жайылым нашарлай береді, ал азайса жайылым жақсарады. Сондықтан, мал басымен жұмыс істегенде жайылымдық өсімдіктер құрамымен, жемшөп қорына назар аудара отырып, жануарлар мен өсімдік әлемінің тепе-теңдігін сақтау қажет. [1]
Сонымен бірге жергілікті тұрғындарының малының өнімділігін арттыру бағытында мал тұқымын асылдандыруға, пайдалануға етті ірі қараның қазақтың ақбас, санта-гертруда, әулиекөл, герефорд және қалмақ тұқымдарының әр елді мекеннің табиғи-климаттық жағдайына байланысты пайдалануға болады. Қазіргі таңда республика аудандары мен елді мекендерінде қолдан ұрықтандыру пунктері ашылуда. Бұл өте жақсы бастама. Ірі қара мал шаруашылығында қалай болғанда да ең басты міндеті жұмыс, ол осы мал тұқымының жоғары сүтті, кемінде жылына 8-10 мың литр сүт беретін қазақстандық тұқымын шығару.
Ауыл шаруашылығы мал тұқымын шығару төрт жолмен жүргізіледі.
1. Жаңа жоғары өнімді мал тұқымын шығару үшін ішкі таза тұқымдық немесе жаңартылатын тұқымдық селекция жолымен
2. Шет жерден әкелінген жоғары өнімді мал тұқымын жаңа жағдайға қалыптастыру арқылы
3. Жоғары өнімді мал тұқымын төменгі өнімді мал тұқымымен шағылыстыру
4. Бір немесе бірнеше мал тұқымдарын шағылыстыру арқылы жаңа жерден жаңа мал тұқымын шығару.
Жаңа мал тұқымын шығаруды мақсатқа қойғанда малдың негізгі екі қасиетін есепке алған жөн. Ол, біріншіден, жоғары өнімділік, ал екіншіден жергілікті ортаға, сол аймаққа тән ауруларына бейімділігі. Ал жергілікті малдардың осы бағыттағы гендік бағалылығы, құндылығы өте жоғары. Олардың генінде ұзақ мерзімдік жергілікті жерге бейімделуіне байланысты ерекше тұрақты өнімділік және биологиялық қасиеттері қалыптасқан, ал жергілікті жердің малындағы бұл ерекшеліктер шеттен алынып келген ешбір мал тұқымында болмайды. Тіпті шет елдің ең жоғарғы тиімді, дені сау малының өзі жаңа жерге қалыптастыру өте қиын құбылыс. Сондықтан шетелден жоғарға өнімді мал ұрығын немесе эмбрионын әкеліп, оны жергілікті мал жатырында өсіруін бастау қажет. Сонда ғана жергілікті жердің табиғатына, экологиялық жағдайына, ауа-райына, жайылымы мен жем-шөбіне сай жоғары өнімді мал тұқымын шығаруға болады. Одан бөлек шетелден әкелінген мал тұқымына сол елдің ауа-райы, жайылымы, табиғи-экологиялық жағдайы басқаша Қазақстанда қалыптастыру мүмкін емес [1] .
І. Негізгі бөлім
- Әдебиетке шолу
Гибриттердің ғылыми тәсіл ретінде жануарлардың өзгергіштігі мен тұқым қуалаушылығын және ұрықтану процестері мен олардың шығу тегін тексеруде маңызы өте үлкен. Дегенмен гибридтеуді қолданудағы нешізгі мақсат - жабайы және жартылай жабайы жануарларды адам игілігіне пайдалану. Осы тұрғыдан гибридтеуді екі түрге бөледі. Оның бірі - күнделікті пайдалануға жарайтын мал алу үшін, ал екіншісі - малдың жаңа тұқымдарын шығару үшін пайдаланады. Күнделікті пайдалануға жарайтын мал алу үшін қолданылатын гибридтеу көне заманнан белгілі. Адам осыдан 4 мың жыл бұрын есекпен жылқыны будандастырып, жүк артуға, қара жұмысқа төзімді, ұзақ тіршілік ететін ұрпақ-қашарды алған. Сол сияқты айыр түйе мен аруананы будандастырудан қоспақ түйе алған
Малдың қандай тұқымын өсіру керек және гибридтеу керек екендігі жөнінде академик М. Ф. Иванов мынадай пікір айтқан. Мал тұқымы - азықтандыру, күту және ауа райы жағдайларына сәйкес таңдалып алынады және сол жағдайға байланысты жетілдіріледі. Сонымен қатар малды азықтандыру, күту шарттары сол тұқымның өзіне тән ерекшеліктеріне сәйкес қолданылады. Тұқымның биологиялық қасиеттері мен оған жасалған тіршілік жағдайының арасындағы айырмашылық неғұрлым көп болса, малдың тұқымын өсіру шаруашылық жағынан алғанда соғұрлым тиімсіз болады.
Будандастыру мал өсіруде өте кең тараған тәсіл. Оның ұғымының алғашқы ғылыми анықтамасын сонау XIX ғасырда Ч. Дарвин берген болатын. Қазіргі уақытта будандастыру деп белгілі бір мақсатпен екі мал тұқымы өкілдерін бір-бірімен шағылыстыруды, сонымен қатар будандарды өзара немесе басқа топтармен шағылыстыруды айтады. Будан деп екі тұқым өкілдерін шағылыстырудан туған малды атайды.
Будандастыру - жануарлардың тұқым қуалайтын белгілерін тез өзгертудің барынша тиімді әдісі ғана емес, сонымен бірге, жаңа мол өнімді тұқымдар шығарудың да тиімді әдісі.
Будандыстырудың табысқа жетуі бастапқы тұқымдарды дұрыс тандай білуге, будандастырудың мақсаттары мен түріне; ұрпағының қасиеттеріне қарай тексерілген жақсы аталықтарды жұптастыруға; будан мал үшін жақсы азықтандыру және күтіп-бағу жағдайларын жасауға байланысты.
Будандастыру мал шаруашылығында еретеден-ақ қолданылып келеді. Халықтың Шығыстан Батыс Европаға қоныс аударуы, славяндардың ата-тектерінің Шығыс халықтарымен сауда байланыстарын орнатуы жануарлардың, ең алдымен жылқының әр түрлі тұқымдарын сұрапыл түрде будандастыруға түрткі болды. Орта ғасырлардың өзінде-ақ Батыс Еуропаға шығыс жылқылары кеңінен ене бастаған, сөйтіп олар жегілетін және салт мінетін жылқылардың бастамасы болған. Бұдан сәл ертерек Испанияда будандастыру жергілікті қылшық жүнді қойларды жақсарту үшін қолданылды, оларды мериностармен жұптастырған. [2]
Будандастыру ХVІІІ ғасырдың аяғында және XIX ғасырда капитализм дами бастаған кезеңде кеңінен қолданылды. Англияда адамдардың бір ұрпағы ішінде будандастырудың көмегімен ірі қараның, шошқаның, қойдың, жылқының 60-қа жуық тұқымы шығарылды. Жануарлардың жаңа тұқымдарын шығару әдісі ретінде будандастыру, сондай-ақ, Ресейде, Швейцарияда, Францияда және басқа да елдерде қолданылды. Стихиялы түрде өмірге келгендіктен, мал өсірудің бұл әдісінің бастапқыда ғылыми негізі болмады. Кейінірек будандастырудың мәні және мал өнімділігін жетілдірудегі оның маңызы туралы әр түрлі теориялар пайда бола бастады. Юстинус тұқымдардың константтығы теориясын ұсынды. Ол жануарлар тұқымына табиғат тұқым қуалаушылықтың мызғымас күшін берген деп есептеді және ол жануар тұқымының құндылығын екі жолмен анықтады: шығу тегінің тазалығы және жаратылуының ұзақтығы, яғни тұқымның шығу тегі неғұрлым таза болса және ол неғұрлым ертерек жаратылған болса, ол соғұрлым құнды болмақ. Алайда мұндай таза константты, шығу тегі таза жануарлар болмайды, оның үстіне олардың мал шаруашылығына керегі де жоқ. Сонсон мен Ноден будандастыру ретсіз өзгергіштікті туғызады деп көрсетті. Ол замандағы көптеген селекциөнерлер тұқымды жақсарту немесе жаңа тұқым шығару үшін будандастыру әдісін қолданудан қауіптенді. Ч. Дарвиннің айтуынша, олар шығу тегі әр түрлі тұқымдардың бағалы қасиеттерін бойына сіңірген жаңа тұқымдарды шығару мүмкін емес деген жабайы сенімде болып, таза қан және тұқымның константтығы теориясынан ажырай алмады.
Бұдан кейінгі тұқым шығару жұмыстары мұндай қауіптерді серпіп тастап, мал өсірудің аса бағалы әдісі ретінде будандас-тырудың ғылыми негіздерін жасады. Орыс зоотехниясының классиктері П. Н. Кулешов, М. Ф. Иванов, Е. Ф. Лискун, Д. А. Кисловский және басқалары будандастырудың ғылыми биологиялық негіздерін талдауға зор үлес қосты. П. Н. Кулешовтың дәл айтқанындай, будандастыру дегеніміз ескі түбірлерге жаңа өскіндерді телу және бұл телуден ауыл шаруашылығы мақсаттары үшін едәуір пайдалы тұқымдар алу деген сөз.
Гетерозис бұдан бірнеше ғасыр бұрын белгілі болған және мал шаруашылығы мен өсімдік шаруашылығы тәжірибесінде пайдаланылған, бірақ бұл құбылыстың көптеген теориялық мәселелері әзірше жеткілікті зерттелмеген. Гетерозис эффектін тудыратын тұқым куалау факторлары үйлесімділігінің механизмін ашу әрекеті әлденеше рет жасалған. "Гетерозис" терминін ғылымға А. Шелл (1914) енгізген, ол гетерозис деп гетерозиготалықтың әсерінен туған гибридтік күшті түсінген. Д. А. Кисловский гетерозисті түсіндіру үшін облигатты гетерозиготалық болжамын ұсынған. Бұл болжам бойынша организмде екі жақты - пайдалы және зиянды әсер ететін гендер болады, гетерозиготалы күйдегі осындай гендері бар организм тіршілікке барынша қабілетті болып келеді. [3]
А. Шелл мен О. Ист аса басымдық болжамын ұсынды, ол Д. А. Кисловский ұсынған облигатты гетерозиготалық болжамына жуықтайды. Оның мәні мынада: жоғары гетерозиготалылық организмнің физиологиялық қызметінің алуан түрлі және күшті болуын гомозиготалылыққа қарағанда жақсы қамтамасыз етеді. Х. Ф. Кушнер көптеген эксперименттердің негізінде мал шаруашылығында пайдаланылатын гетерозис құбылысының бес формасын бөліп көрсетті:
1) I ұрпақтың гибридтері немесе будандары тірілей массасы және тіршілік қабілеті жөнінен өздерінің ата-енелерінен асып түседі;
2) I ұрпақтың будандары дене бітімінің мықтылығы, ұзақ жасауы, жұмыс қабілеті жөнінен, өсімталдығына толық немесе ішінара зақым келген жағдайдың өзінде, өз ата-енелерінен асып түседі;
3) I ұрпақтың будандары тірілей массасы жөнінен аралық орын алады, бірақ өсімталдығы мен тіршілік қабілеті жөнінен ата-енелерінен айтарлықтай асып түседі;
4) жеке алынған әрбір белгі бойынша тұқым қуалаудың аралық типі сақталады да, ал ақырғы өнімі жөнінде көтеріңкі гетерозис байқалады;
5) будандар немесе гибридтер өнімділігі жөнінен таңдаулы ата-енелерінен аспайды, бірақ ата-енелерінің орташа арифметикалық көрсеткіштерімен салыстырғанда едәуір жоғары деңгейде болады.
Гетерозисті жануарларды шығарудың түрліше әдістері тәжірибеден өткен. Оларға түр аралық гибридтеу тұқымаралық будандастыру, тұқым ішінде гетерогенді жұп кұру, аталық іздер, аралық кросстар, арнайы құрылатын инбредгі іздердің кросстары, әр түрлі жағдайларда өсірілген жануарларды жұптастыру жатады. Бұл әдістердің әрқайсысының өзіндік ерекшеліктері бар және барлық белгілер бойынша емес, тек белгілі бір белгілер бойынша ғана пайдаланылуы мүмкін. Гетерозисті алуға қандай әдістің пайдаланылғанына қарамастан, аталықтың жеке ерекшеліктерінің зор маңызы бар. Оның шығу тегі неғүрлым бағалы және өзінің қасиетгерін ұрпақтарына беру кабілеті неғұрлым жоғары болса, басқа жағдайлардың бәрі тең болғанның өзінде де оның ұрпағында гетерозис құбылысы жоғары дәрежеде байқалады. Гетерозистің жануарлар өнімділігін арттырудағы және олардың шаруашылыққа пайдалы басқа да белгілерін жақсартудағы орасан зор ролі көптеген ғалымдарды оны ұзақ сақтау немесе бірнеше ұрпақтың бойында сақтау жолдарын іздеуге мәжбүр етті. Д. А. Кисловский гетерозисті тұқым аралық кезек (ауыспалы) будандастырудың кейінгі ұрпақтарында да сақтап калу мүмкіндігін алғашқылардың бірі болып теориялық түрғыдан дәлелдеді. Ол бұлайша будандастыруда сіңіре және өнеркәсіптік будандастырудың жақсы жақтары мен ерекшеліктері өзара ұштасады деп тұжырымдады.
Малдың жаңа тұқымдарын шығарудың екі әдісі бар:
а) бастапқы жануарлар саны көп болғанда;
б) бастапқы жануарлар саны аз болғанда.
М. Ф. Иванов бірінші әдісті, яғни көптеген жануарлармен
жұмыс жүргізуді барынша тиімді әдіс деп есептеді. Ал өзі болса, бірқатар себептерге байланысты, шошқаның украиндық далалық тұқымын шығаруда инбридингті қолдана отырып, екінші әдіс бойынша бастапқы ата-тектің аздаған ғана мал санымен ойдағыдай жұмыс жүргізген. Егер М. Ф. Ивановтың жұмыс схемасын гендердің "ығысуының" жалпы теориясы тұрғысынан қарайтын болсақ, онда оның селекциядан өткізген шошқалар тобы сөзсіз қырылып қалуы тиіс еді. Американдық ғалымдардың жақын инбридингті қолданып, 140 мәрте қайталай жүргізген осындай жұмысының сәтсіз аяқталғаны зоотехниктерге мәлім. М. Ф. Иванов жануарлардын, бірнеше бағалы тұқымын шығарып, өз жұмысын ойдағыдай аяқтады. [4]
Ол жануарларды зауыттық будандастыруда мынадай жағдайларды сақтау қажеттігін көрсетті:
1) жаңа тұқымның қандай болатыны жөнінде айқын түсінік
болуы қажет (өнімдік бағыты, типі) ;
2) будандастыру жолын дұрыс анықтау (әр буын ұрпақ-
тарымен жүргізілетін тұқым асылдандыру ерекшеліктері) ;
3) будандастыруға арналған бастапқы тұқымдарды дұрыс
тандай білу;
4) жұмысқа көптеген жануарларды пайдалану;
5) тұқымды қалыптастырып, бекітудің алғашқы сатысында
қатаң сұрыптау жүргізе отырып, туыстық жұптастыру қолдану;
6) табынды толықтыратын төлдер үшін жақсы азықтандыру
және күтіп-бағу жағдайларын жасау.
Зауыттық будандастыруды төрт кезеңге болуге болады: бірінші кезең - тұқымдық топ түзу, селекциялық ізденіс (жоспарланған ұнамды типтегі жануарларды шығару) ; екінші кезең - будан ұрпақта жануарлардың қажетті нәсілдік қасиеттерінің типін нығайту, ол үшін жақын туыстық жұптастыру қолдану; үшінші кезең - будандарды "өз ішінде" өсіру, тұқым құрылымын жасау, туыс емес жаңа аталық іздер мен аналық ұялар қалыптастыру; төртінші кезең - ұйымдастыру кезеңі (тұқымды бекіту, оның өсу аймағын анықтау т. с. с. стандартын жасау) .
М. Ф. Иванов жай зауыттық будандастыру әдісімен шошқаның украиндық далалық ақ тұқымын шығарды (53-сурет) . Мұнда бастапқы тұқым ретінде мынадай екі тұқым алынды: тірілей массасы төмен жене тез жетіле қоймайтын украиндық жергілікті қысқа құлақты шошқа және аса өсімтал, тез жетілетін, тірілей массасы үлкен, бірақ Украинаның оңтүстігіне нашар жерсінетін ағылшындық ірі ақ шошқа. М. Ф. Иванов бірінші кезеңде ірі ақ шошқа тұқымының таңдаулы аталық іздерінің бірінің қабаны Керзонды украиндық жергілікті бес мегежінмен будандастырған. I ұрпақ дамуы мен өсімталдығы жөнінен бастапқы аналық тұқымға қарағанда әлдеқайда жақсы болғанымен, ол ғалымның қойған талаптарына сай келмеді. Ол енді алынатын ұрпақта ірі ақ тұқымның белгілерін күшейтіп нығайту үшін I ұрпақтың будандарын осы ірі ақ тұқымның Бар-Нон 197 жене Бар-Нон 15 қабандарымен қайтадан будандастырды. Бұл қабанның екеуі де тұқымды қалыптастырушылар ретінде пайдаланылды. Бар-Нон 197 мегежіндердің бір тобына пайдаланылып, одан аналық ұрпағы ғана тұқымға қалдырылды. Бар-Нон 15 мегежіннің келесі тобын ұрықтандырып, тұқымға оның тек еркек ұрпағы ғана қалдырылды. Қайыра будандастыру арқылы алынған 2 ұрпақтан Асканий 1 қабаны сұрыпталып алынды, ол инбри¬динг (ІІ-ІІІ) қолдану арқылы шығарылған, дене бітімі мықты, тірілей массасы үлкен, жетілгіштігі жақсы мал болды. Бұл жануар алға қойылған мақсатқа сай келді. Сөйтіп Украинаның оңтүстігінде мол өнімді, етті-майлы, тез жетілетін, осы аймақта өсіруге жақсы бейімделген жануар болып шықты.
М. Ф. Иванов Асканий 1-дің ұнамды типін ұрпағында орнықтыру (бекіту) мақсатымен жаңа тұқым шығарудың екінші кезеңінде де осы қабанға жақын инбридинг қолданды. Асканий 1 өзінің "қарындастарын", тікелей ұрпақтарын және немерелерін ұрықтандырды. Будан текті, гетерозисі айқын байқалатын, дене бітімі мықты, тірілей массасы үлкен, атасына (Асканий 1) жақын инбридинг қолданудан алынған ұрпақты денінің саулығына, дене бітімінің мықтылығына, даланың табиғи жағдайларына бейімділігіне қарай қатаң сұрыптау ешқандай зиянды зардап шектірген жоқ. М. Ф. Иванов тұқым түзудің үшінші кезеңінде бірқатар қабандардың (Задорный, Ворожей, Степняк) туыс емес аталық іздерін түзе отырып, тұқымды таза өсіруге көшті. Тұқымның құрылымы түзілді, мал басы артты, стандарт қалыптастырылды.
Жылқының әйгілі орлов желісті тұқымын шығару күрделі зауыттық будандастыруға мысал бола алады. Бұл тұқымды қалыптастыру А. Г. Орлов зауытында 50 жылға (1780-1830) созылды. Ол кезде аса қажеттілігіне қарамастан, Рессейде жегін жылқылары жоқ еді. А. Г. Орлов өзінің атымен аталған желісті жылқы тұқымын шығару барысында Хренов жылқы зауытына (Воронеж губерниясы) шетелдік мініс жылқылары мен жегін тұқымдарының 3 мындай жылқысын жинаған. Ол 1775 жылы Түркиядан Ресейге арабтың 30 айғыры мен бірнеше биесін әкелген. Осылардың ішінен Салтан және Сметанка айғырлары жақсы болып шыққан. Бастапқы тұқымдар ретінде араб, дат және голланд тұқымдарын пайдаланған. [5]
Будандастыру жоспары мынадай болды. Араб тұқымының Сметанка айғыры даттық жегін биелерге жұпталды. Осындай жұптастырудың нәтижесінде Полкан 1 айғыры алынды, ол өз "әкесінің" жеңілдігі мен дене бітімінің әдемілігін, ширақ жүрісін, қызу қандылығын, ал енесінен - дене пішінінің шомбалдығын, жақсы жегілетін қасиеттерін тұқым қуалай қабылдады. Полкан 1 жақсы желісті қасиеттерге ие болмаса да, бұл будандастырудағы таңдаулы ұрпақтың қатарына жатқызылады. 1783 жылы зауытқа Голландиядан бірнеше желісті биелер әкелінді де, оларды Полкан 1-мен үрықтан-дырды. Одан 1787 жылы Барс 1 атты тамаша айғыры алынып, ол осы тұқымның шығу тарихында өте зор рөл атқарды. Оның экстерьері өте жақсы, бұлшық еттері мықты жетілген, аса ширақ әрі төзімді, жақсы желісті қасиеттері болды. Барс 1 орловтың желісті тұқымының негізін салушы деп есептелді.
А. Г. Орловтың жақсы жылқы тұқымын шығаруда табысқа жетуі шебер тандалған бастапқы тұқымдарды сәтті будандастыруға ғана емес, сонымен бірге жұптарды дұрыс таңдауға, жылқыларды жақсы жаттықтырып, сынауына, төлдерді дұрыс өсіруге байланысты еді. Хренов жылқы зауытында жануарлардың жаңа тұқымдарын шығаруда әр түрлі орташа инбри¬дингі, малды гетерогенді және гомогенді жұптастыруды, аталық іздер бойынша өсіруді ойдағыдай қолданды. А. Г. Орлов қайтыс болғаннан кейін тұқым шығарудың қорытынды кезеңіндегі жұмыстарды В. И. Шишкин жүргізді. 1836 жылы тұқым қалыптастырылып, оны дүние жүзі мойындады. Орловтың желісті жылқылары өздерінің ширақтығымен, шапшандығымен белгілі болды. 1867 жылы Парижде Бүкіл дүниежүзілік көрмеде Бедуин атты жылқысы бұл тұқымның атын әлемге жайды: ол Булон орманындағы құм төселген жолда салмағы 9 пұт тартатын американдық екі дөңгелекті арбамен 3 км қашықтықты 4 мин. 45 секундта, оның ішінде соңғы километрді 1 мин. 29 секундта шауып өткен. 1880 жылға дейін жылқының орлов тұқымына шапшаңдық жөнінен ешқандай бәсекелестер болмаған. Ол кейін ғана біріншілікті едәуір жеңіл типті американдық желісті жылқыларға беруге мәжбүр болған.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz