Тест - үлгерімді бақылау формасы



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 58 бет
Таңдаулыға:   
О.Тұрмағанбетұлы атындағы Маңғыстау индустриалды техникалық колледжі

Курстық жұмыс

Тақырыбы: Delphi ортасында тест бағдарламасын құру

Орындаған: Асанұлы Аманжан
Қабылдаған:Ражабова Айда

Жаңаөзен, 2019
МАЗМҰНЫ

Кіріспе
3
1 тарау. Тестілеу туралы жалпы шолу

1.1 Тарихи анықтама
5
1.2 Тестілеу және тест туралы негізгі ұғымдар
6
1.3 Тест - үлгерімді бақылау формасы
14
1.4 Тестік тапсырма мазмұнын іріктеу принциптері
23
1.5 Тесттердің түрлері және функциялары
25
1.6 Компьютерлік тестілеудің артықшылықтары мен кемшіліктері
34
2 тарау. Компьютерлік тест бағдарламасын дайындау

2.1 Қолданылатын бағдарламаларға сипаттама
37
2.1.1 Объектіге бағытталған бағдарламалау тілі Delphi 7
37
2.1.2. Мәліметтер қорын басқару жүйесі Microsoft Access
42
2.2 Есептің қойылымы
48
2.3 Блок-схема
49
2.4 Бағдарламаны пайдалану нұсқаулығы
50
Қорытынды
60
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
61
Қосымша
62

Кіріспе

Компьютер көмегімен оқыту идеясы арқылы ертеден-ақ пайда болған. Мұның негізгі себебі компьютердің адам тәрізді ойлап, онымен зерделі түрде диалог жүргізе алатындығына байланысты болды. Қазіргі уақытта компьютердің қызметі адамзат өміріндегі барлық салаларға енгізіліп отыр. Соның ішінде компютер білім беру салаларында да кеңінен қолданылады. Қазақстан Республикасының білім беру саласында, яғни, жоғарғы оқу орындарында студенттердің білімін тексеру негізінен компьютердің көмегімен жүзеге асырылады. Бұл дипломдық жұмыста - оқу процесін автоматтандыруға мүмкіндік беретін студенттердің білімін тексеруге арналған Компьютерлік тест бағдарламасы қарастырылып отыр.
Білімді компьютер көмегімен тексеру - осы Компьютерлік тест құрушылар және жоғарғы оқу орнындағы оқытушылардың үлкен қызығушылығын тудыратыны анық. Орта мектепті бітірушілерді жоғарғы оқу орнына қабылдау үшін енгізілген бірыңғай ұлттық тесттің енгізілуі қызығушылықты айтарлықтай арттырады.
Тестілеуді кең көлемде енгізуге, мамандарды дайындаудың көп деңгейлі жүйесіне өтуге байланысты тестілеудің өзектілігі арта түседі. Абитуренттер, одан кейін оқу процесінің әр түрлі этаптарында оқушылар, және де кәсіптік жұмыс кезінде де тестілеумен кездесіп тұруға тура келеді. Қазіргі уақытта педагогикалық тесттер оқу процесіне кеңінен енгізілуде.
Соңғы он жылда Республикамыздағы білім беру жүйесінде демократияландыру мен ізгілендірудің стратегиялық бағыттары қалыптаса бастады. Осының нәтижесінде оқушылардың оқу іс-әрекетін бағалаудың жаңа критерийлері пайда бола бастады. Бұл үрдіс оқу жоспарлары мен бағдарламаларының әр алуандылығын көздейтін жаңа білім беру жағдайында жүзеге асырылуда.
Оқыту мен білімді бағалаудың жаңа технологияларын ендіру педагог қауымның тесттерге деген қызығушылығын арттыруда. Көптеген педагогикалық жаңалықтардың бірі болып табылатын тестік жүйе студенттердің білім, білік, дағды дейгейін объективті бағалауға, студенттерді даярлау талаптарының берілген стандарттарға сәйкестігін тексеруге, оқушылар даярлығындағы қиын мәселелерді анықтауға жол ашады.
Кейінгі жылдарда студенттер мен оқушылардың білімін бақылауды ғылыми ұйымдастырудың жалпы мәселелеріне, педагогика теориясы мен әдістемесі, оқу үрдісін басқару мәселелеріне қызығу арта түсті.
Қазіргі уақытта талапкерлер мен студенттерді аттестациялық сынақтан өткізуде бақылаудың тестік түрлері неғұрлым объективті әдіс ретінде кеңірек қолданыла түсуде. Сонымен қоса, тесттерді оқушылар білімін бақылау мақсатында ғана емес, оқыту мен дамыту мақсатында да пайдалану бағыттары қарқынды іздестірілуде.
Мемлекеттік білім стандарты оқу барысында студенттердің игерілген білімінің барынша берік болуын талап етеді. Осыған орай тестік бақылау процедураларын объективтендіру ғана емес, оқыту мазмұнының берік меңгерілуін қамтамасыз ету мәселесі де өткір қойылуда.
Осы дипломдық жұмыста студенттер білімін тексеруге арналған Компьютерлік тест бағдарламасын құру қарастырылады.Курстық жұмыс үш бөлімнен, қорытындыдан, пайдаланылған әдебиеттер тізімінен және қосымшадан тұрады. Бірінші бөлімде, тест және тестілеу туралы жалпы шолу, тест құрудың формалары, компьютерлік тестілеудің артықшылықтары мен кемшіліктері теориясы қарастырылады. Екінші бөлімде жұмыстың іс жүзінде жүзеге асырылуы және Компьютерлік тест құруда пайдаланылатын бағдарламаларға сипаттама берілген. Сонымен қатар, бағдарламны құрудың блок-схема және дайындалған Компьютерлік тест бағдарламасын пайдалану инструкциясы толық жазылған.

1 тарау. Тестілеу туралы жалпы шолу
1.1 Тарихи анықтама

Тестілеудің тарихы ғасырлардың тереңіне кетеді, ол әрбір қабілеттіктердің сынауына байланысты, білімі, икемділігі және дағдысы. Біздің эрамызға дейінгі үшінші мыңжылдықтың ортасында Ежелгі Вавилонда жазғыштар дайындалатын мектептердің түлектері арасында сындар өткізілді. Кәсіби дайындалған жазғыш месопотамия өркениетінің сол уақыттағы кең білімінің арқасында орталық пішіні болды, ол міндетті түрде төрт арифметикалық әрекеттерді біліуі қажет, егістік жерлерді өлшеуді білу, рациондарды үлестіру, мүлікті бөлу, ән айту және музыкалық аспаптарда ойнау өнеріне ие болу тиіс.
Одан басқа, маталарды, металдарды, өсімдіктерді және басқаны талдау шеберлігі тексерілді. Ежелгі Египетте абыз өнеріне тек қана, белгілі сынақ жүйесіне шыдай алатындар оқыды. Ең алдымен абызға кандидат болатын адам әңгімелесуден өтті, соның процессінде оның биографиялық мәліметтері, біліктілік деңгейі анықталды; бұдан бөлек әңгіме жүргізу шеберліг, сыртқы бет әлпеті бағаланды. Одан кейін еңбек етуі, тыңдауы және үндемеуі, отпен, сумен сыналуы, қапас зынданда толық жалғыздықта қорқынышты жеңуі және басқа тексерілді.
Қазіргі уақытта тестілеу, оқу орындарында білім деңгейін бағалау үшін, жұмысқа қабылдар кезде, мекеме қызметкерлерінің квалификациясын бағалау үшін, былайша айтқанда адам әрекеттерінің түгел дерлік салаларында кең қолданылады. Сыналушыға ретімен бірнеше қатар сұрақтар беріледі, соларға міндетті түрде жауап қайтаруы қажет.
Әдетте әр сұраққа бірнеше вариант жауап беріледі, олардың ішінен дүрысын таңдап алу керек. Әр варианттың жауабына кандай да бір баға сәйкес келеді. Жалпы балл, сыналушының даярлық деңгейінің қорытындысы негізінде, жауаптар үшін бағаларды қосу арқылы шығады.

1.2 Тестілеу және тест туралы негізгі ұғымдар

Оқу процессінде компьютерді қолдану мүмкіндіктері өте алуан түрлі. Жүйелер немесе зерттелетін құбылыстарды модельдеу үшін, оқу ойындарды іске асыру, есептеулерді орындалу үшін қолдану, мәтінді редакциялау үшін, алуан түрлі тренажерлар ретінде, жобаны автоматтандыру құралы ретінде, бағдарламаланатын тәжірибелерді басқару, ақпараттық-іздеу немесе эксперттік жүйе ретінде, және соңында компьютерлік техниканы және бағдарламалауды практикалық оқыту құралы ретінде қызмет етуі мүмкін.
Қазіргі кезеңде компьютердің көмегімен өте көп оқыту құралдары жасалған. Оларды келесі түрде квалификациялауға болады: компьютерлік оқулықтар, пәндік-бағытталған орталар (микроәлемдер, модельдік бағдарламалар, оқыту пакеттері) лабораториялық практикумдар, тренажерлар, бақылаушы бағдарламалар.
Тестілеу - бұл өзіндік және педагогикалық білім модельдерінің сәйкестігін бағалау процессі. Тестілеудің басты мақсаты - бұл моделдердің өзара сәйкес еместігін және олардың деңгейінің сәйкес еместігін бағалау. Тестілеу арнайы тестер көмегімен, белгілі бір жиынтықтан тұратынын деңгейдің сәйкес еместігін көрсетеді. Тестік тапсырма - бұл нақты пәндік аясында анық және айқын тапсырма, бір мағынаны анықтайтын жауапты талап етеді немесе анықталған әрекеттер алгоритмін орындайды.
Тест - өзара байланысқан тестік тапсырмалар жиынтығы, оқушының білім сәйкестігін бағалауды рұқсат ететін, пәндік аясының біліуінің эксперттік моделі.
Тестік кеңістік - көптеген әр түрлі тестік тапсырмалар түгел модулдерден тұратын білім моделі.
Толық тест - көпшіліктенген тестік кеңістік, объективті бағаны қамтамасыз ететін дара және эксперттік модельдің арасындағы сәйкестік.
Нәтижелік тест - көлемі және уақыты бойынша тиімді толық тест.
Тестілеу оқыту жүйесінің педагогикалық құралы ретінде шығып және оқу процессінің бақылау әдісі (технология) ретінде қолданылуы мүмкін, оқушының білімін, икемділігін және дағды деңгейін бағалауға рұқсат етеді.
Компьютерлік тестерді құру келесі жүйелік қадамдармен жүзеге асыруға болады:
1) Білімнің эксперттік мақсаттау моделін формалау;
2) Тестік кеңістікті төмендегідей жобалау;
3) Тестік тапсырмаларды қалыптастыру және толтыру;
4) Толық компьютерлік тесті қалыптастыру;
5) Тестік эксперимент;
6) Нәтижелі тесті таңдау;
7) Сараптау, түзету және тесті пайдалануға болатын түрге жеткізу.
Соңғы уақытта оқу орындарында оқушы жастар білімін бағалауда тесттік бақылау жүйесін қолданылуда. Үкімет шешімімен біздің Республикада жалпы орта білім беретін мектеп түлектері мен орта және жоғары оқу орындарының студенттерін тестілеу орталығы құрылды.
Қазіргі білім беру саласына талдау жасасақ, қоғамның сапалы білімге деген сұранысының өсуі мен оған объективті бақылаусыз қол жеткізу мүмкін еместігі арасында қарама-қайшылық туындайды. Осы туындап отырған қарама-қайшылықты шешу мақсатына сәйкес психологиялық-педагогикалық әдебиеттерге талдау жасалды. Оқу тапсырмаларын орындау үрдісінде жүретін ойлау операцияларын тексеру мақсатында жасалған зерттеу нәтижелері көрсеткендей, тесттерді жіктеуді екі топқа бөлуге болатынын көрсетті. Бірінші топқа, факторларды, терминдерді, ұстанымдарды білуді, жадында қайта жаңғыртуды тексеру тапсырмаларын жатқызуға болады. Тапсырмалардың екінші тобы оқыған материалды оқушының түсінуін (қабылдауын) бағалайды. Түрлендіру, қайтадан кодтау, анықтаманы интерпретациялау, нақты жағдайды жинақтау, немесе абстракциялау, талдау т.б. арналған тапсырмалар ерекше топ құрайды.
Кейбір әдістемелік еңбектерде мамандар жалпы тексеру тапсырмаларын барынша аз пайдалана отырып, студенттердің білімі, біліктілігі және дағдысы туралы барынша мол ақпарат алынатындай етіп құрады.
Тестілеу үшін интрументальді құрал ретінде келесі талаптарды қанағаттандыратын компьютелік тестілеу жүйесін пайдаланған дұрыс:
Тест тапсырмаларын дайындаудың қарапайымдылығы (компьютерді төменгі деңгейде білетін оқытушылар тапсырманы дайындай алатын болуы қажет)
Қолдану аясының кеңдігі (әр түрлі пәндерден тесттерді дайындау мүмкіндігінің болуы)
Тест тапсырмалары базасын басқару жүйесінің ыңғайлылығы (тапсырмаларды қосу, жою және тест базасын біріктіру мүмкіндігі)
Тест нәтижелері бойынша статистикалық мәліметтерді жинау, сақтау және өңдеу жүйесінің болуы (тест тапсырушы және тест тапсырмалары үшін)
Оқу процесінде жедел бақылауды ұйымдастырудың жеңілділігі
Компьютерлік тест бағдарламаларының бірнеше түрлерін атап айтуға болады. Мысалы, жеке компьютерге ғана арналған, локальді желілер арқылы жұмыс істейтін бағдарламалар немесе глобальды желілерде жұмыс істеуге арналған тест бағдарламалары. Қазіргі уақыттағы глобальді компьютерлік желілердің тез дамуы - интернет желілерінде немесе локальді желілерде орналасқан интерактивті тесттердің көмегімен студенттерді ұзақтан тестілеудің перспективтілігін көрсетіп отыр. Оқу процесінің интенсивтілігін және тиімділігін арттырып ғана қоймай, сонымен қатар, еліміздегі алдыңғы қатарлы университеттердің потенциалды тыңдаушыларының қатарын айтарлықтай көбейтуге мүмкіндік беретін, білім жүйелеріндегі мұндай ақпараттық технологиялардың кең таралуына, глобальды желілерде жұмыс істеуге арналған тесттерді дайындау процесінің күрделілігі кедергі келтіреді.
Педагогикалық бағдарламалық құралдар - оқу процесін толықтай немесе қандайда бір бөлімдерін автоматтандыруға арналған. Традициялық үлгілерде оқыту әдістері кейде оқыту әдістері, оқу әдістері және бақылау әдістері деп бөлінеді. Педагогикалық процесте педагогикалық бақылау мынадай бірнеше қызметтерді орындайды: бағалау, ынталандыру, дамыту, оқыту, диагностика жасау, тәрбиелеу және тағы басқа. Оқыту кезіндегі бақылау процесі - оқытушылар үшін және оқушылар үшін де өткір психологиялық жағдайлармен байланысты, өте қиын және жауапты жұмыстың бірі болып табылады. Ал басқа жағынан алып қарасақ, оны дұрыс қалыптастыру мамандарды дайындау сапасының артуына үлкен септігін тигізеді. Осы педагогикалық процесте біренеше бақылау түрлерін ажыратып атап өтуге болады: алдын-ала, ағымдағы, тематикалық, рубеждік, қорытынды және шығарушы. Бақылау жүйесі емтихан және сынақтарды, ауызша сұрауды, бақылау жұмыстарын, коллоквиумдарды, рефераттарды, семинерлерды, лабораториялық жұмыстарды, өндірістік практика есептерін құрады. Студенттердің үлгерімін бақылаудың мұндай әдістерін қазіргі уақытта көптеген жоғарғы оқу орындары пайдаланады. Бақылау формасы таңдау өткізу орнына, мақсатына, уақытына, мазмұнына, әдісіне байланысты болады.
Айтылған диагностика жасау әдістерінің де қандай да бір кемшіліктері бар. Соның кейбіреулерін қарастырып көрейік:
оқытушы жұмысының ерекшеліктеріне байланысты қиындықтар туындауы мүмкін
бірдей жауапты бағалауда әртүрлі оқытушылардың қаталдық дейгейіне байланысты талаптарының сәйкессіздігі жиі кездеседі
кәсіпқойлық біліктілігінің айырмашылықтары
ағымдағы тексеруді ұйымдастыру барысында, студенттер саны көп болған жағдайда, бағалау негізінен формальді критерийлер бойынша жүргізіледі. Өйткені, оқытушыдан үлкен өлшемді ақпаратты дайындау, өңдеу, және оны талдау қысқа уақыт ішінде талап етіледі
кейбір студенттерді бағалауда оқытушының немқұрайлығы (психологиялық немесе басқада себептермен)
оқытушының жұмысын тексеріп, бағалау үшін пайдаланылады деп оқытушының сақтануына байланысты кейде студентке қойылған баға сенімсіз болуы мүмкін
білімді тексерудің традициялық формаларының ерекшеліктеріне байланысты қиындықтар (әр қанағаттанарлық баға үшін жеткілікті болатын білімнің нақты қалыптандырылған стандартының жоқтығынан, оқытушы көбінесе қандай баға қоярын білмей қиналады, мысалы қанағаттанғысыз немесе қанағаттанарлық)
студенттерге байланысты қйындықтар (шпоргалкаларды пайдалану, басқа студенттен көшіру, бір-біріне студенттердің көмектесуі сияқты әрекеттер студенттің білімін бағалауда сенімсіздіктерге алып келеді және оқытушы өзінің нақты педагогикалық жұмысының сапасына объективті қарауына кедергі келтіреді)
кадрларды дайындауда дұрыс стратегияны жасау үшін өзекті болып табылатын, әр түрлі жоғарғы оқу орындарында қандайда бір пәнді (мамандықты) оқытудың нәтижелерін салыстырудың тиімді механизмінің және бағалаудың объективті критерияларының болмауы; 3-4 сұрақтан тұратын билет арқылы емтихан қабылдау, материалды толық меңгергендігін бағалауға мүмкіндік бермейді және көшіруге жол беруі мүмкін.
Тесттердің мынадай артықшылықтарын айтуға болады.
Біріншіден, тесттер - бағалаудың неғұрлым сапалы тәсілі. Тесттердің объективтілігіне оны өткізу процедурасын, тестік тапсырмалардың сапа көрсеткіштерін тұтасымен стандарттау және тексеру жолымен қол жеткізіледі.
9
Екіншіден, тесттер - неғұрлым сыйымды құрал.Тест көрсеткіштері студенттерді белгілі бір меңгерілген білім жиынтығы бар екенін білуге емес, оқу бағдарламасының тақырыптары мен бөлімдерінің негізгі ұғымдарын, білік, дағдыларды т.б. меңгеру деңгейін анықтауға бағдарлаған.
Үшіншіден, тесттер - неғұрлым ауқымды құрал. Тест жұмысын орындай отырып, әрбір оқушы бағдарламада көзделген барлық тақырыптар бойынша тапсырма орындайды.
Төртінші, тесттердің бақылау жұмыстарынан маңызды айырмашылығы оның жабдықталғандығы яғни, тест өткізушілер мен студенттердің өзара қатынасын, студенттердің тестілеу кезіндегі іс- әрекетін, нәтижелерді өңдеу және мәліметтерді түсіндіру процедурасын реттейтін қатаң ереженің болуы.
Бесінші, тесттердің айырмашылығы, олар баға критерийлерінің бірліктерін пайдаланып және өткізудің стандарттық шарттарын көздеп, барлық студенттерді тең жағдайға қояды.
Осылайша, тесттер дәстүрлі бағалау құралдарына қарағанда студенттердің қандай да бір саладағы жетістіктерін неғұрлым объективті, және ауқымды түрде анықтауға жол ашады деуге болады.
Тесттердің осы айтылған басымдықтарға ие болуының негізгі себебі, оларды әзірлеу, қолдану және нәтижелерді түсіндіруден тұратын стандартталған процедурасының болуында.
Тест - бұл оқытушылардың салыстырмалы түрде аз уақыт аралығында әр студенттің оқудағы жетістігінің дәрежесін және сапасын бағалауға мүмкіндік беретін стандартты және стандартты емес сынақ. Жетістікті тексеру тесті нақты бір білімді немесе оқу пәндерінің бір бөлімін меңгеруінің сәттілігін бағалауға арналған, және ол бағалауға қарағанда меңгергендігінің объективті көрсеткіші болып табылады. Жетістік тесттерінің психологиялық тесттерден (қабілеттілік және интелектуальді тесттер ) жеке айырмашылығы бар. Оның қабілеттілік тесттерінен айырмашылығы, біріншіден, оның көмегімен нақты анықталған оқу материалдарын, мысалы, математиканың бір бөлімі немесе ағылшын тілінің курсын сәтті игергендігін анықтауға болады. Қабілеттілікті қалыптастыруға (мысалы, кеңістіктік) оқытудың әсері де айтылады, бірақ ол оның даму деңгейін анықтайтын жалғыз фактор болып табылмайды. Екіншіден, тесттердің арасындағы айырмашылық, олардың қолдану мақсатына қарай анықталады. Жетістік тесттері - нақты білімді сәтті игергендігін бағалау үшін оқулықтардың, әдістердің, бағдарламалардың тиімділігін анықтау, педагогикалық ұжымның, жеке оқытушының жұмыс ерекшеліктерін анықтау мақсатында қолданылады. Яғни, бұл тесттің көмегімен өткен тәжірибелерді және қандайда бір пәндерді немесе олардың бір бөлімен игеру нәтижелеріне болжам жасауға болады. Сонымен қатар, жетістік тесттері анықталған дәрежеде оқушының қандайда бір пәннен алға жылжуын айта алады. Өйткені, тестілеу уақытындағы білімді төмен немесе жоғары деңгейде игергендігі, оқу процесінің келесі уақыттарында дәл солай болмауы мүмкін. Жетістік тесттерінің сұрақтарына дұрыс жауап беру үшін, нақты фактілер, даталар және тағы басқада білімдерді игеру қажет. Жетістік тесттерінің тапсырмаларына - жадында жақсы сақтайтын ынталы студент еш қиындықсыз жауап бере алады. Осы жетістік тесттерімен қатар, нақ пәндер немесе олардың циклдары бойынша білімді меңгеруін бағалауға арналған кең көлемге бағытталған тесттер дайындалуда. Мысалы, жеке дағдыларды бағалауға арналған тесттер. Бұдан да кең көлемді болып табылатын білгірлікке үйрететін тесттерде бар. Олар қосымша білімдерді игеруде қажет болады. Мысалы, оқулықтармен, математикалық кестелермен, сөздіктермен жұмыс істеуді үйрену.
Берілген қандайда бір мәліметтердің негізінде қорытынды шығаруға үйрететін, талқылау жасауға үйрететін, логикалық ойлауды қалыптастыруға бағытталған тесттерде бар. Бұл тесттер өзінің мазмұны бойынша интеллектуалдық тесттерге өте жақын болады. Егер жетістік тесттері нақты бір пән бойынша үйретуді қалыптастыру тиімділігін бағалауға арналған болса, онда жеке тапсырмаларды құратындардың ішінде оқытушы міндетті түрде болуы керек. Жеке жетістік тесттерін, тест жинақтары ретінде біріктіруге болады. Ол өз кезегінде әртүрлі пәндер бойынша оқытудың сәттілік көрсеткішін алуға мүмкіндік береді. Әдетте, тест жинақтары білім дейгейлері әртүрлі өсіп келе жатқандарға арналады және ол, курстан курсқа сәтті өткен нақты ақпаратты алу үшін бірі-біріне сәйкестендіруге болатын нәтижені әрқашан бере бермейді. Бірақ, соңғы уақыттарда осындай да нақты ақпаратты алуға мүмкіндік беретін тесттер құрылды. Тестті өткізу формаларына байланысты жеке және топтық, ауызша және жазбаша, үлгілік, пәндік, аппаратуралық және компьютерлік, вербальді және вербальді емес болады. Осындай кезде бұл тесттердің әрқайсысының бірнеше құрамды бөліктері болады: тестпен жұмыс бойынша жетекші, тест тапсырмалары жазылған дәптер, егер қажет болған жағдайда, ынталандыру материалдары немесе аппаратура, жауап парақтары (үлгілік әдіс үшін), деректерді өңдеуге арналған шаблондар.
Нұсқаулықта тест мақсаттары, тестті таңдау түрлері, сенімділігін тексеру нәтижесі, бағалау және өңдеу әдістері туралы мәліметтер келтіріледі. Тест тапсырмалары субтесттерге (бір жерге біріктірілген тапсырмалар тобы) топталып, арнайы тест дәптеріне енгізілген. Тест дәптері бірнеше рет пайдаланылуы мүмкін, өйткені, тесттің дұрыс жауаптары жеке жауап парағына белгіленеді. Егер тестілеу жеке адамғы жүргізілсе, онда ол тестілеу аты жеке деп аталады. Ал бірнеше адамдарға жүргізілсе топтық деп аталады. Топтық тестілеудің артықшылығы - бір мезетте көптеген адамдарға тестілеу жүргізу, тестілеуді жүргізушінің қызметін жеңілдету және мәліметтерді компьютерде өңдеу мүмкіндіктерінің болуы. Топтық тестілеудің негізгі кемшілігі - тест алушының тест тапсырушылармен арадағы өзара түсіністікке жету мүмкіндігінің төмендеуі болып табылады. Сонымен қатар, топтық тестілеу кезінде тест тапсырушылардың жеке жағдайларын (қобалжушылық, мұңаюы, денсаулығының нашарлауы және т.б. ) қадағалау қиындықтары туындауы мүмкін. Кейде студенттің тесттілеу нәтижесінің төмен болған себебін түсіну үшін, қосымша жеке әңгімелесу өткізу қажет. Ал жеке тестілеудің мұндай кемшіліктері жоқ. Тестілеу жоғары оқу орындарында студенттерден аралық немесе қорытынды бақылау қабылдау кезінде, студенттерді жаттықтыруда, сонымен қатар студенттің оқып үйренуі немесе өзін-өзі дайындауы үшін кеңінен қолданылады.
Тест - қандайда бір тиісті талаптарды қанағаттандыруы қажет. Өйткені, кез-келген кездейсоқ алынған тапсырмалар жиынтығын тест деп атауға болмайды.
Бақылау тапсырмасының сенімділігі - бұл зерттелетін дидактикалық эксперименттердегі тапсырмалардың және оның бөлімдерінің көрсеткішін немесе дәл сол тапсырмалардың әртүрлі уақыттағы көрсеткіштерін қолдану үшін жеткілікті бірдей сипаттауға бейімділігі.
Бақылау тапсырмасының сенімділігі түсіндіру үшін, көбейту кестесінің барлық теңдіктерінің оң жақ бөлігін алып тастап, бақылау тапсырмаларының тізімі ретінде қарастырып көрейік. Егер тест тапсырушыларға осы сұрақтардың бірнешесін беріп, тапсырмадағы жұп қатарларға берілген жауаптары бойынша олардың білімін екі рет тексеретін болсақ, онда барлық тест тапсырушылардың бағалары жуық шамамен бірдей болатыны белгілі.
Сонымен қатар, тест тапсырушылардың әрқайсысының бағасы мынадай жағдайда да бірдей болуы мүмкін. Егер, көбейту кестесін жаттағандығын бақылау, қандай да бір тапсырмалар жиынтығы ретінде екі рет өткізілсе, бірақ бірнеше күннен кейін (мысалы, екі күннен кейін). Екі жағдайда да кейбір бағалардың жуық шамамен сәйкес келуі, қарастырылып отырған бақылау тапсырмаларының сенімділігі туралы айтып тұр, яғни, көбейту кестесі.
Тестілеу нәтижелері бойынша білім мен дағдының өсуі ғана емес, тұрмыстық деңгейде алынған білім, әрекет тәсілдері, материалдың белгілі бір бөлігін баланың қабылдау ерекшеліктері де анықталуы мүмкін. Осының нәтижесінде оқушының жеке даму бағдарламасының жобасын жасауға болады.
Тесттерді нормаға келтіру өте маңызды, өйткені нормалардың болуы шкалаларға тән ерекшеліктерді анықтауға, берілген тест үшін әрбір сыналушының басқаларға қатысты алғандағы орнын белгілеуге, бір немесе әр түрлі тесттер бойынша сыналушылардың немесе сыналушылар топтарының арасындағы статистикалық маңызды ұқсастықтар мен айырмашылықтарды белгілеуге жол ашады.
Студенттердің ең басты жетістігі - олардың оқу әрекетінің нәтижесі. Студенттердің жетістігін бағалау үшін оларды педагогикалық мақсаттармен қатар қою керек, ал қатар қою үшін мақсаттардың өзі соған сәйкес технологиялық формамен берілуі тиіс. Егер осындай алға қойылған мақсатты технологиялық аяқталған алгоритм түрінде қалыптастыру мүмкіндігі пайдаланылса, білім беру әрекеті нәтижелерінің моделін іс жүзінде көп аспектілі сипатталатын және әр түрлі бөліктерден тұратын тест құрастыруға жарамды формада жасауға айқын мүмкіндік туады.
Кез келген тесттің психологиялық немесе педагогикалық маңызды белгілеріне мыналар жатады:
Тестің біртұтастығы:
Метрологиялық негізделген болуы керек.
Сапа көрсеткіштеріне - валидтілік пен сенімділікке сәйкес келетін, болуы қажет.
Салыстыруға арналған өзге негіздер ретіндегі нормалары бар болуы тиіс.
Тестік тапсырмалар мынадай болуы тиіс:
белгілі бір ережелер бойынша құрастырылған;
тестілеу мақсаттарына және оны әзірлеушілердің ресурстық әлеуметіне сәйкес келетін;
практикада тексерілген;
есептеулі сапа көрсеткіштері - күрделілігі және дискриминативтілігі бар.
Жабдықтау мынадай болуы тиіс:
барлық сыналушылар үшін бірдей жағдайды қамтамасыз ететін;
өткізу уақытын шектейтін;
нұсқауларының бәрі бірдей, әрі сыналушыларға не істеу керектігін айқын түсіндіретін;
нәтижелерді статистикалық талдауды және оларды түсіндіруді алдын-ала қарастыратын.
Білім беру стандарттары "Білім туралы" заңның міндеттерін атқару үшін, біріншіден оның мазмұнының құрылымын іріктеу, екіншіден білімді игерудің сапасын анықтап алу керек, яғни дидактикалық бірліктердің дұрыс таңдалуын қамтамасыз ету керек. Одан кейін бұл талаптардың оқушылар үшін емес, мектеп бітірушілерге арналғанын ескеру керек. Ал алынған ақпараттар негізгі мектепте берілген жағдайда, оны он бірінші сыныпқа дейін ұмытпай сақтау мүмкіндігі қандай екендігін анықтау қажет? Бұл жағдайларда көптеген проблемаларды шешуге тура келеді.
Біріншіден, оқу пәндеріндегі дидактикалық бірліктердің құрылымын дәл анықтап алу керек және оларды сапалы игерудің жолдарын дұрыс ұйымдастыру керек.
Екіншіден, есте сақтау үшін емес, түсінуге қажетті іріктеп алынған дидактикалық бірліктердің мығым түрде қалыптасуын қамтамасыз ету қажет.
Үшіншіден, оқу үрдісі алдыңғы өтілген материалды түбегейлі түрде қайталауды қамтамасыз ететіндей болуы тиіс, яғни бұл кезде пән аралық байланыстар мен олардың қолданбалы жағы арта түседі деген сөз.
Осы айтылғандардан мемлекттік білім беру стандарттары талаптарын қанағаттандыруға байланысты бақылау әдістерін жетілдіру проблемасы ғана емес, білімнің тиянақты болу проблемасы да өткір түрде қойыла бастайды. Оларды шешудің бір бағыты ретінде комплекстік тестілеуді алуға болады, ал ол біріншіден, бақылау процедураларының объективті болуын, екіншіден, білімді игерудің деңгейін көтеруді, үшіншіден, жүйелі түрдегі қайталауды, яғни әр пән ішінде және пән аралық байланыстар түріндегі дидактикалық қайталаудың деңгейін көтереді, ал бұдан білімнің тиянақты болуы туындайды.

1.3 Тест - үлгерімді бақылау формасы

Қандай да болмасын процессті бақылау және өзгерту тек мәліметтер ағысын бақылау негізінде мүмкін, оқу процесінің әрекеттілігін де ескерген жөн. Стандарттардың тиімділігін қолдану тек студенттің білімін және икемділігін объективті бақылау жағдайында мүмкін.
Бақылаудың екі әдісі ажыратылады - субъективті және объективті. Субъективті бақылау әдісі білімді, икемділікті, дағдыны өлшеу және бағалауды ашу, емтихан алушының өзіндік ойынан шығатынын білдіреді. Бұл білімді бағалау әдісі қарытынды бақылау үшін жарамды, өйткені нәтижелердің қажетті дәлдігіне және ұдайы өндірісіне ие болмайды.
Объективті бақылау нәтижелердің қажетті дәлдігіне және ұдайы өндірісіне ие болатын бақылау деп түсінуге болады. Меңгерудің сапасын объективті бағалауға рұқсат ететін құрал, критериялық-бағытталған тест деп саналады, бақылау тапсырманы және эталонды ішінде үйлестіретін, меңгеру сапасы деп білуге болады.
Бірақ, оқуды бақылау жеткілікті дәрежеде объективтілікті және шапшандықты жетілдіру қолынан келе қоймайтыны нақты тәжірибе куәландырады. Соның салдарынан студенттердің оқу әрекеті туралы түсінігі жиы төмендейді.
Тест әдеттегі бақылаудан ерекше оқшаулануы студенттердің жауабын салыстыру үшін, оған (тапсырмаға) эталонды ертерек дайындап қою қажет. Эталон оқыту мазмұнын толық меңгеру дәрежесін тура анықтау, меңгеру коофициентін сипаттау, формула арқылы есептеу үшін қажет:
,
мұнда - оқушының дұрыс орындаған тест операцияларының саны, - тестегі операциялардың жалпы саны.
Батыста, әсіресе АҚШ-да, тесті айтарлықтай бұрыннан қолданады, біз білімді тест арқылы тексеруге келе жатсақ - олар болса керісінше тестік формадан, бақылаудың басқа дәстүрлі формаларына ауысып жатыр.
Жетістіктері:
Тестік тексерудің басты жетістігі ол жылдамдығы, ал дәстүрлі дидактикалық материалдар көмегімен тексеру оның негізділігі.
Кемшіліктері:
Егер студент өзінің жұмысының нәтижесін тек қана жауаптардың нөмірін көрсетсе, мұнда мұғалім шығарылған жолын көрмейді - оқушының ойлау әрекеті және нәтижесі тек ықтималды болуы мүмкін. Оқушының білімі бар болғанына кепілдік бермейді.
Тестердің кемшілігіне ойлап табу мүмкіндігін жатқызуға болады. Егер, мысалы, тестік тапсырмалар екі жауаптан тұратын болса, ішіндегі біреуі дұрыс, онда мұндай тестік тапсырмалардың жауаптарының жартысын ойлап табуға болады.
Тапсырмаларды екі топқа бөлу тиімді: оқытатын және бақылайтын. Бірінші топ оқу процесінде тұлғаны өркендету үшін қолданылады, екінші топ - оқу жылын аяқтағаннан кейін педагогтар немесе білім беруді басқаратын органдар, немесе диагностика деңгейі мен дайындық құрылымы мақсатымен басқа да периодта қолданылады. Бақылайтын тапсырмалар керісінше, диагностика деңгейі мен дайындық құрылымы мақсатымен оқу жылының немесе басқа да анықталған циклдың (тоқсан, семестр) аяқталуынан кейін педагог немесе тексеру органдарымен іске асырылады. Тапсырмалардың бір бөлігін оқыту және бақылау үшін қолдануға болады. Ал басқа бөлігі өзін-өзі оқыту, өзін-өзі бақылау үшін қолданылады және шығару жолы, сонымен қатар нақты, әрі толық жауаптар берілген.
Қазақстандық білім беруде тапсырмалар тестік және тестік емес формада қолданылады. Көптеген оқу тапсырмалары тестік емес формада келтірілген: негізінде бұл сұрақтар, тапсырмалар және жаттығулар. Шетелдік білім беруде тестік формадағы тапсырмалар үлесінің маңызы жоғары, бұл онда қолданылатын теориялар, әдістемелер мен технологияларды көрсетеді. Сонымен қатар онда елеулі роль атқаратын білім беруге арналған саясаттың прагматизмдік бейімделу болып табылады.
Кез келген педагогикалық құрал екі басты компоненттен тұрады - мазмұн және форма. Тапсырманың мазмұны тестілеудің мақсаты және шарттарымен анықталады, ол оқу дисциплинасының фрагментін бейнелейді. Бұнда төменде қарастырылған білім түрлерінің әртүрлі мазмұны сипатталады.
Педагогикалық өлшеулердің түсінік аппараты теориясының ядросы үш негізгі, иерархиялық бірлескен түсініктерден тұрады: тестік формадағы тапсырма, тестік тапсырма және педагогикалық тест. Бұл үш түсінік педагогикалық тестер өңдеуінің үш негізгі этаптарына сәйкес келеді. Бірінші этапта тестік формада тапсырма құрылады. Екіншісінде - тестік тапсырмалар құрылады. Үшінші этапта тестер өңделеді.
Тесті өңдеген кезде тек мазмұнның корректілігі емес, сонымен қатар кейбір статистикалық талаптар ескеріледі. Бұл үшін тапсырмалардың статистикалық құрылымы тексеріледі. Ең бірінші эмпирикалық түрде қиындық деңгейі және тапсырманың дифференциалданатын қабілеті анықталады. Осыдан кейін ғана тапсырма жүйесіндегі қиындық деңгейінің өршуі секілді, педагогикалық тест құрылады. Екі соңғы түсінікті зерттеуде тапсырманы толық талдаудан кейін тестік формаға оралудың маңызы бар.
Тестік формадағы тапсырмалардың барлығы да тестік тапсырмаларға айнала бермеді. Біріншіден тестологиялық түсініктердің ең маңыздысы форма мен мазмұн талабы жатады. Екіншіден маңызды қосымшалар статистикалық талаптар болып табылады.
Тек тестік тапсырмалардан ғана тапсырма жүйесіндегі қиындық деңгейінің өршуі сияқты, сапасы мен педагогикалық өлшеудің эффективтілігін қамтамасыз ететін педагогикалық тесті өңдеуге болады.
Тестік формадағы тапсырма белгісізбен бекітілген формадағы сөйлеммен құрылған бақылау материалының жалғыздығын сипаттайды. Белгісіз компонеттің орнына дұрыс жауапты қою тапсырманы ақиқи түрде айтылуына айналады. Дұрыс емес жауапты таңдау қате айтылуына әкеледі, бұл студенттің берілген оқу материалын білмегендігін көрсетеді. Тестік формадағы тапсырма педагогикалық мақсатқа сәйкестігінің, мазмұн корректілігінің жалпы талаптарына ғана жауап бермей, сонымен қатар спецификалық тестік форма арқылы пайда болатын қосымша технологиялық құрылымға ие болады.
Тестік формадағы тапсырмаларға келесі формальдық талаптар ұсынылады:
қысқалығы;
форманы дұрыс таңдау;
айтылудың логикалық формасы;
жауаптар бағасының бірдей заңдылығы;
жауаптар үшін анықталған орынның болуы;
тапсырма элементтерінің дұрыс орналасуы;
барлық зерттелушілердің инструкцияларының бірдейлігі;
тапсырма формасы мен мазмұнның инструкциясының адекваттілігі.
Тестік формада тапсырмалардың қысқалығы сөздер, символдар, графиктерді мұқият таңдауды қамтамасыз етеді, бұл арқылы минимум құралдарды тапсырма мазмұнындағы мағыналығы анық болуының максимумына жету керек. Қайталаулар, түсініксіздеу, сирек қолданылатын, сонымен қатар оқушыларға мағынасын түсінуге бөгет жасайтын белгісіз символдар, шетел сөздері алып тасталынады. Қысқалық айтылудың логикалық формасының артықшылық салдары болып табылады. Сондықтан тестік формадағы тапсырмалар тапсырмасы мен сұрақтары әрдайым қысқа болады.
Жиі кездесетін жағдайлар, тапсырма көбейіп бірдеңені тауып, есептеп, одан кейін оны түсіндіру талаптары тапсырма мен жалпы тестің сапалығын төмендетеді. Бірақ-та педагогикалық көзқарас бойынша бұл түрдегі тапсырмаларды оңай түсініп, құрастыруға болады. Сонымен қатар оқушы бірдеңені есептеп, одан кейін біреуге бірдеңені түсіндірсе, онда объективті әдіс субъективті әдіспен ілеседі, сондай-ақ сұрақты есептегенде балл қоюда қиындық туады. Бұған қайшылық ретінде, тестің маңызды талаптарының бірі - педагогтың қатысуынсыз баллдарды қоюда алдын-ала өңделген заңдылықтардың болуы.
Тапсырманың дұрыс формасы - тест мазмұнының тәртіпті және эффективті ұйымының құрылғысы. Осындай ұйым оқу дисциплинасының талдау мазмұнын, оқу материалының классификациясын, тематикааралық және пәнаралық байланыстың нығаюын, дидактикалық бірліктердің ірілеуін, осы бірліктердің тапсырма композициясының элементтері арқылы көрінуін болжайды. Тапсырма формасы дұрыс, егер ол мазмұнын нақты білдіруге мүмкіндік беріп, барлық зерттелушілерге түсінікті және формальдық белгілер бойынша қате жауаптар туындауын болдырмаса.
Егер тапсырмаларға дайын таңдау жауаптары берілсе (негізінен біреуі дұрыс, ал қалғандары қате), онда мұндай тапсырмаларды дұрыс бір жауапты таңдау тапсырмалары деп атаған дұрыс. Бұл санау бойынша бірінші форма. Бұл форманың логикалық негізін ең алғаш Аристотель құрастырған - үшіншісін алып тастау заңы болып табылады. Дұрыс жауапты таңдау ақиқат пікірді, ал дұрыс емес жауапты таңдау жалған пікірді туғызады. Үшіншісі берілмеген. Бұл заң бойынша методикалық ереже туындайды: дұрыс бір жауапты таңдаумен берілген әрбір тапсырма соңғы болу керек, бұл тапсырманы ойластырудағы мағыналылық туғызады және зерттелушілерде қарама-қайшы ойлар келтірмейді.
Бірінші формадағы тапсырмалардың екінші тәсілі салыстырмалы білімдерді тексеру үшін қолданылады, ол - әр түрлі дәрежедегі дұрыс жауаптар санынан ең дұрыс жауапты таңдау.
Сондай-ақ, бірінші формадағы тапсырмалардың үшінші тәсілі бір емес, бірнеше дұрыс жауаптардан тұрады. Бұл тапсырмалар бірнеше дұрыс жауаптарды таңдау болып табылады.
Үшіншіні алып тастау заңына ілесуге логикалық тыйым салынған, мысалы "дұрыс жауабы жоқ", "барлық жауаптар дұрыс" немесе "барлық жауаптар дұрыс емес", бірақ бұлар практикада әлі кездеседі. Осы жұмыста бұл тыйым сақталады. Жауаптарды таңдаудағы тапсырмалардың әрбір тәсілін мынадай түрлерге бөлуге болады: екі, үш, төрт және үлкен саны бар жауаптар.
Тапсырманың екінші формасында дайын жауап жоқ, сондықтан да әрбір зерттеушінің тестілеу кезінде жауап жазуға арналған жерге өзінің жауабын тіркеу керек. Бұл түрдегі тапсырмаларды ашық формадағы тапсырмалар деп атауға болады. Тапсырманы анықталған жауаппен толықтырғаннан кейін ақиқи немесе жалған айтылу пайда болады.
Бір жиынның элементтерін екінші жиынның элементтеріне сәйкес қою тапсырмаларын сәйкестік орнату тапсырмалары деп атауға болады. Бұл үшінші форма. Есептеулердің, әрекеттердің, қадамдардың, операциялардың, терминдердің дұрыс тізбегін орнату керек болған жағдайларда дұрыс тізбекті орнату тапсырмалары қолданылады. Бұл - тапсырмалардың төртінші формасы. Аталған әрбір форма білімнің спецификалық түрін тексеруге мүмкіндік береді, сонымен қатар оларға сәйкес бақылау материалдарын тексереді. Формаларды таңдау тест пен мазмұнның мақсатына, білімді тесттік бақылаудың теория мен әдістеме облысында оқытушылардың техникалық мүмкіндіктері мен дайындық деңгейіне байланысты.
Айтылудың логикалық формасы оқытылып жатқан оқу дисциплинасы бойынша білімдерді көрсетуге мүмкіндік беретін, адамның ойларын нақты көрсететін универсалдық құрал болып табылады. Бұл форма көп жағдайларда сұрақтарды алмастырады. Оқу сұрақтары көп сөзді сонымен қатар толық және толық емес, дұрыс және дұрыс емес, формасы, мазмұны және құрылымы бойынша әртүрлі жауаптарды тудырады, бұл арқылы мұндай жауаптардың бағасы оқытушының міндетті түрде қатысуын талап етеді және қандай да бір субъективизм үлесімен ілеседі.
Олардың сұрақтары мен жауаптары анықталмаған және көп сөзді болады, олардың ақиқатын айқындау үшін интеллектуалдық энергияның үлкен шығыны керек, ал бұл уақытта тестілеудің технологиялық әдістемесі дұрыс жауапты қате жауаптан нақты және тез дифференциалдауды ұсынады. Бұл мағынада дәстүрлі сұрақтар мен жауаптар технологиялық емес; оларды тестке қосуға ұсынбайды. Бұл қолайсыз құрылған кейбір есептерге де байланысты.
Тестік формадағы тапсырмалардың логикалық артықшылығы тұжырымның ақиқат және жалған айтылуына табиғи айналуының мүмкіншілігінде. Тапсырмалар мен айтылулардың бекітілген формасына көшу келесі қарастырылатын әдістемелік принциптердің қатарына сүйене отырып тапсырмаларды жаңадан құруға мүмкіндік береді.
Тестік формадағы тапсырмалардың технологиялық артықшылығы білімдерді оқыту мен бақылаудың рутиндік компоненттерінің автоматтандыру талаптарына сәйкестігі шығады. Егер әрбір тапсырмада жауапқа байланысты автоматты түрде 1 немесе 0 қойсақ, онда екі мәнді логикада негізделген бұл бағаны қолданудан шығатын артықшылықты оңай көруге болады. Бұл жауаптарды тез тіркеуге және барлығына бірдей қолданылатын уақытында өңделген заңдар бойынша оларды объективті бағалауға мүмкіндік береді. Тестік формадағы тапсырмалар компьютерге оңай теріледі, монитордың экранына ықшам жобаланады, форма мен мағынасы бойынша жақсы ажыратылады.
Тестік формадағы тапсырмалардың семантикалық айырмашылығы олардың мағынасы мен мәнінің жақсы түсінуінде. Бұл тестік формадағы тапсырмалардың сөз құрылымына байланысты: тестік тұжырымның мәні, баяндау формасында сөйлемнің жай құрылымының баяндауы жауаптың мағынасынан гөрі, жақсырақ ұғынылады. Жауаптың мағынасын дұрыс түсіну үшін контекст өте қажет. Тестік тұжырымдарда бірде-бір артық сөз бен таңба жоқ, бұл уақытта сұраққа талап етілетін мағынасын, мәнін және интонациясын көрсету үшін қосымша сөздер керек.
Қабылданған формада жауаптардың бірдей заңдылығы тестілеу ұйымының маңызды құралы болып табылады. Зерттеленушілердің ешқайсысына басқаға қарағанда ешқандай артықшылық берілмейді, барлығы да бірдей тапсырмаларға жауап беріп, бәріне бірдей уақыт беріледі. Баға заңдылығы алдын-ала анықталады және зерттелінушілердің барлығына бірдей қолданылады. Мұның бәрі тестілеудің стандартты шарттардың бұзылуынан туатын өлшеудегі қателіктер азаю үшін істелінетіні түсінікті. Тестілеу шарттарының стандартизациясы эксперимент өткізудегі талаптарды ескертеді. Осы жөніндегі тестік әдісті құрушылардың бірі болған адамның өзі жазады.
Жауаптар үшін анықталған орынның болуы тестік формадағы тапсырмалардың сыртқы белгілерінің біреуі болып табылады. Жауаптарды таңдау тапсырмаларда - бұл жауапты талап ететін әрбір тапсырмаға ұсынылатын сандардың ішіндегі код (сандар немесе әріптер). Ашық формадағы тапсырмаларда жауап тапсырма текстімен ілеседі, сызып тасталынған орынға жазылады. Сәйкестікті орнату тапсырмаларда жауаптар әрбір тапсырма мәтінінен төмен орналасқан, арнайы қойылған жолға немесе компьютерлік тестілеу кезінде "тышқан" арқылы белгіленеді. Ал тапсырмаларда дұрыс тізбекті орнату зерттеуші арнайы қойылған орынға рангттер қояды.
Тапсырманың формасы мен мазмұнының инструкциясының адекваттілігі компонеттердің өзара сәйкестігін білдіреді, бұл өзінің функциясы арқылы тапсырманы орындау үшін керек. Адекваттілік шартты тапсырманың мазмұнына еңгізген барлық талаптарды зерттеленушілердің санасына жеткізуге мүмкіндік береді. Сәйкессіздік тапсырманың мағынасын түсінудегі қатені тудырып, осыған сәйкес қате жауаптарға әкеледі.
Гегель форманың маңызды ролін бірнеше рет белгіледі: бұл оның ойынша "мазмұн үшін сыртқы емес, ал мазмұнның ішкі анықтамасы. Сондықтан да тиісті формасы жеткіліксіз өнер туындысы, ақиқи өнер туындысы бола алмайды". Аналогия бойынша форма мен мазмұн қосылып тапсырмаға тура бейнесін береді немесе керісінше мазмұн анықталған формаға ие болады. Осыдан Аристотель бойынша форма - заттың дамуымен қозғалатын ішкі күш болып табылады.
Формаға ие болу қажетті шарт, бірақ тестерді толық құруда жеткіліксіз шарт болып табылады. Форма тапсырмаларға тұтастық құрылым және анықталған, сыртқы ұйымшылдық береді. Тестік формадағы тапсырмалар тестік тапсырмаларға сырттай ғана ұқсайды, бірақ бұл әлі оларды тестке қосуға жеткіліксіз; тестке қосуға мүмкіндік беретін құрылым тексерісі керек. Сонымен қатар тәртіптен тәртіпке ауысатын мазмұн форманы өзіндік пән сипатында қозғауға және нақты оқу тәртібінің мазмұнынан тәуелсіз инвариант түрінде қарастыруға мүмкіндік береді. Мұнда мазмұнның өзгеруі кезінде бірқалыпты болып қалатын форманы жиі салыстыру туралы жалпы философиялық тезис расталады.
Аристотельден бастап, форма - элементтердің орналасуындағы тамаша принцип болып ұғынады. И.Кант басқа түсінік ұсынды, онда форма - тәртіпке салу принцип. Бұл екі ойлар - ұйым мен тәртіпке салу, сонымен бірге қандай да бір формаларда мазмұнның болу идеясы тестік тапсырмалардың формасын анықтаудағы негізіне енді: бұл - ұйым, тәртіпке салу және тест мазмұнының болу әдісі.
Тестерді өңдеудегі ғылыми негізін зерттеумен педагогикалық тестология айналысады. Шетел мемлекеттерінде эконометрия, биометрия, соцометрия және басқа да ғылымдар дамуын тапты. Тестология ретінде педагогикалық тесттер туралы қолданбалы ғылым, оларды өңдеу әдістері және тиімді қолдану түсініреді.
Тестік тапсырмалардың формасын өңдеудегі жалпы принциптер тестологияда ең маңызды зерттеу пәні ретінде қарастырылады.
Тест тапсырмаларының негізгі формалары мыналар болып табылады:
ашық формадағы тест тапсырмалары
жабық формадағы тест тапсырмалары
сәйкестендіру формасындағы тест тапсырмалары
тізбекті дұрыс орнату формасындағы тест тапсырмалары
Ашық формадағы тест тапсырмалары мынадый құрамды бөлімдерден тұрады:
а) тест тапсырушылардан белсенді іс-әркетті талап ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Информатика пәнінен қазіргі таңдағы бақылау, тексеру, бағалауды ұйымдастыру жолдарын қарастыру
Алдыңғы, ағымдағы, кейінге қалдыру және қорытынды бақылау
Білімді бақылау және бағалаудың түрлері мен формалары
Педагогиканы оқыту үдерісіндегі диагностика мен бақылау
Біліммен дағдыны бақылау және бағалау
Білімді бақылау мен бағалауда педагогикалық тестілеудің ролі
Бастауыш мектеп оқушыларының математикадан білімдерін тексеруде тест әдісін қолдану ерекшеліктері
Оқыту нәтижелерін бағалау
Оқушылардың үлгерімін тексеруде тестік форманы қолдану
Окыту сапасын бағалау объектілері
Пәндер