Мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың санаттары


Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 29 бет
Таңдаулыға:   

КІРІСПЕ

Мемлекет - әр пәнде әртүрлі объект ретінде қарастырылады. Мемлекеттің негізінде микроэкономикалық ұйымдастыру және басқару әдістері жүргізіледі. Егер «қоғамдық менеджмент» деген ұғымға сипаттама берсек, қоғамдық негізде белгілі бір нәтижеге жету мақсатындағы менеджмент деп түсінуге болады.

Алғаш рет 1970 жылы мемлекеттік сектордағы менеджмент пәні Боккони университетінің (Италия, Милан) студенттеріне оқыту үшін ұсынылған. Мемлекеттік сектордағы менеджменттің негізгі мақсаты - жаңа басқару мәдениетін құру. Жаңа басқару мәдениетінің дамуы - кешенді процесті қамтиды, яғни жаңа білімді, ғылымды тәжірибені және қатынастарды игеру негізінде жүреді. Бұнда нақты көрініс - ережеге емес, адамдарға жүктелу немесе тиісті болуы керек.

Осыған орай, мемлекет қоғамның маңызды және күрделі саяси институты ретінде нақты құрылымға; ішкі бөлімше басқаруына ие болды. Әрбір мемлекеттік орган құрылым және кадрлармен анықталған өкілеттілікті беруде мемлекет атынан әрекет етеді. Мемлекеттік аппараттың және мемлекет механизмінің негізгі әлементі болып толығымен мемлекеттік орган табылады. Мемлекеттік органдар нақты сапалы белгілерге ие. Оларға:

  • мемлекеттің еркі бойынша және заңдық тәртіпте органдардың құрылуы;
  • мемлекеттің міндетінен және қызметінен туындайтын арнайы қызмет және қызметтің құқықтық -ұйымдастыру нысанын жүзеге асыру;
  • қызмет аясына тең мемлекеттік -билік өкілеттігін беру;
  • заңда бекітілген ұйымдастырушылық құрылымның жиынтығы (мемлекеттік лауазымды болу т. б. ) ;
  • кәсіби негізде мемлекеттік органдардың құзыреттілігін жүзеге асыратын адамдардың ерекше тобының жиынтығы;
  • мемлекет алдындағы жауапкершілігі.

Пайда болған мемлекеттік аппарат мемлекет қызметінің аясында өзінің міндетін және құзіреттілігін шешетін органдардың жеке топтарынан тұрады. Мемлекет органдары бір-бірінен пайда болуымен, құзіреттілік сипатымен көлемінен, мемлекеттік қызметті атқаруда әдіс -тәсілдерімен ерекшеленеді.

Курстық жұмыстың мақсаты: Қазақстан Республикасы мемлекеттік қызмет істерінің фунцияларын талдап, мәнін ашу.

Осыған орай мынадай міндеттемелерді орындау керек:

  • Мемлекеттік қызмет түсінігін талдау;
  • ҚР-дағы мемлекеттік қызмет лауазымдарына шолу жасау;
  • Мемлекеттік қызметке кіру, қызмет өтілі, мемлекеттік қызметті тоқтатудың жолдарын, шет ел тәжірбесін қарастыру;
  • Қазақстандағы мемлекеттік қызметшілердің рөлін анықтау.

I. Мемлекеттік қызмет туралы түсінік

1. 1. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі: лауазымдары және принциптері

Мемлекетті құрудың әлемдік тәжрибесі көрсеткендей, мемлекетте басқару функциясын аткару үшін ерекше жүйе - мемлекеттік билікті жүзеге асыруда маңызды рөл атқаратын мемлекеттік қызмет қажет екендігі анықталды.

Қазакстанда «мемлекеттік қызмет» термині XX ғасырдың соңғы он жылдығында ресми түрде айналымға енгізілді. Нақтырақ айтсақ, бұл термин ҚР Президентінің 1995 жылдың желтоқсандағы «Мемлекеттік қызмет туралы» заң күші бар Жарлығында қолданылған. Оған дейін бұл термин бейресми түрде жалпы түсінік ретінде қолданылған. Аталған заңның қабылдануы - мемлекеттік қызметті реформалаудың бүкіләлемдік тенденңиясы негізінде, мемлекеттік басқаруды қолайлы жүзеге асыруға мүмкіндік жасады. Олардың ішінде маңыздыларын атап өтсек:

1) биліктің барлық деңгейінде мемлекеттің басқарудың тиімді жүйесін құрудың негізі қаланды;

2) мемлекеттік қызметкерлердің мәртебесін заңнамалық түрде рәсімдеуге талпыныс жасалды;

3) мемлекеттік қызметті ұйымдастыру негіздерінің теориялық шартары бекітілді;

4) мемлекеттік қызметшілердің әлеуметтік қорғалуының негізгі шараларын және құқықтық жағдайларын реттеу басталды.

Осы тарауда қаралатын «Мемлекеттік қызмет дегеніміз не?» сұрағы - үлкен қызығушылық тудырып отыр. «Мемлекеттік қызмет» - көп мағаналы жиынтық ұғым. Әлемдік дәстүрлі ғылымның ортасында мемлекеттік қызмет әлеуметтік-құқықтық институт ретінде қарастырылады. Әлеуметтік институт ретінде мемлекеттік қызмет сол мемлекетпен бірге пайда болып, дамып отырады.

Танымал қазақстандық зерттеуші В. Н. Уваровтың пікірінше, мемлекеттік қызмет азаматтар атқаратын еңбектің бір түрі болып саналады, сол себептен ол қоғамдық еңбекті ұйымдастырудың жалпы принңиптеріне сүйенеді. Басқарудың нақты жүйесін жасақтау кезеңдерінде, яғни адамзат дамуының ерте сатыларында, еңбектің бөлінуі әртүрлі әлеуметтік топтардың қалыптасуына алып келді. Бұл топтардың ішінде біреуі «қызметкерлер» деген атау алып, ал оның қызметі - қоғамды әлеуметтік қызметтің өзге де түрлерімен қамтамасыз ететін «қызмет» құралы ретінде қалыптасты.

Мемлекеттік қызмет туралы Г. В. Атаманчуктің анықтамасына назар аударсақ: «Мемлекеттік қызмет - бұл мемлекеттік қызметтерді орындау арқылы мемлекеттің мақсаттары мен қызметтерін орындау барысында тәжірибелік және кәсіби тұрғыдан азаматтардың атсалысуы».

Әрбір азамат өз-өзіне билік жүргізеді, алайда үлкен топ арасындағы іс - қимылды үйлестіру басқару арқылы жүзеге асырылады. Сол секілді мемлекет те қоғамды мемлекеттік қызмет арқылы басқарады. Ол үш элементтің бір-бірімен тығыз байланысында ұйымдастырылады: мемлекет, мемлекеттік орган және мемлекеттік лауазымдар. Сонымен бірге, мемлекеттік қызметтегі әрбір азаматтың негізгі қызметі - мемлекеттің функцияларын жүзеге асыру болып табылады.

Мемлекеттік кызмет - адамдар үшін маңызды және қажетті, қоғамдық пайдасы зор кәсіби кызметтердің бірі болып табылады. Мемлекет - мемлекеттік қызмет деп аталатын арнайы құрылған аппаратсыз тіршілік жасай алмайды. Мемлекеттік қызмет қоғамдық пайдалы іс -әрекет бола тұра, сол статус берілген тұлғаның әлеуметтік маңыздылық параметрін белгілейді. Сондықтан мемлекеттік қызметші, жәй ғана кәсіби басқарушы немесе қызметші емес, сонымен бірге, мемлекеттік билік қызметінің кәсіби тұрғыдан жүзеге асуын ұйымдастыратын, қадағалайтын тұлға болып есептеледі.

Барлық жүйенің институционалды жасақталынуының тұжырымдылық тәсілін негізге ала отырып, кәсіби қызмет ретінде Қазақстанның мемлекеттік кызметі ерекше сала екендігі танылды. Бұл сала ҚР «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңы және осы заңның орындалуын қамтамасыз ететін жиырмадан астам нормалық құқықтық актлер, ережелер мен қағидалар бекітілді. Олар қызметтерді жіктеуді, жаңа еңбек төлемдерінің жүйесін, байқаулар, аттестация мен тестілеу жүйелерінің тәртібін реттеп, тәртіптік жауапкершілігін анықтауды, арнайы тексерулер тәртібін, кадр резервін қалыптастыруды, сонымен бірге, өзге де мемлекеттік қызметке байланысты сұрақтарды шешуге мүмкіндік туғызды.

Мемлекеттік қызметтің дұрыс жөнге салынып қызмет етуі, түптеп келгенде, бүкіл мемлекеттің тиімді жұмыс жасау қаблеттілігін қамтамасыз етеді. Мемлекеттің мақсаты мен функцияларын жүзеге асыруда мемлекеттік қызмет маңызды қызмет түрі ретінде ерекше екендігі белгілі. Демек, қазіргі мемлекеттің функциялары мен міндеттері мемлекеттік аппарат жұмысының ықпалымен жүзеге асып отырады. Мемлекеттік аппарат - ерекше топтағы адамдардан, яғни мемлекеттің қызметін жүзеге асыратын мемлекеттік қызметшілерден тұрады. Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» Заңының 1 бабында «Мемлекеттік қызметші - мемлекеттік органда заңдарда белгіленген тәртіппен республикалық немесе жергілікті бюджеттен не Қазақстан Республикасы Ұлттық банкінің каржысынан ақы төленетін қызметті атқаратын және мемлекеттің міндеттері мен функцияларын іске асыру мақсатында лауазымдық өкілеттікті жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының азаматы» -, деп түсінік берілген.

Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік құқықтың субъектілері ретінде демократия мен құқық негізінде экономика, әлеуметтік мәдениет және әкімшілік-саяси аяларын басқару және қоғамды реформалау сияқты міндеттерді шешуде аса маңызды рөл атқарды.

ҚР-ның мемлекеттік қызметшілерінің құқықтары мен міндеттері Қазақстан Республикасының «Мемлекеттік қызмет туралы» заңы арқылы реттеліп отырады.

Мемлекеттік қызметшілерге кез келген мемлекеттік ұйымдарда емес, тек мемлекеттік органдарда, мемлекеттік лауазымдық қызмет атқаратын адамдар жатады.

Мемлекеттік қызметшілер лауазымдары оларды жасақтау мақсаттарына қарай саяси және әкімшілік лауазымдарға бөлінеді. Мемлекеттік саяси қызметші-тағайындалуы (сайлануы), босатылуы және қызметі саяси- айқындаушы сипатта болатын және саяси мақсаттар мен міндеттерді іске асыру үшін жауап беретін мемлекеттік қызметші.

Саяси лауазымдарға:

  • Қазақстан Республикасы Президенті тағайындайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;
  • Қазақстан Республикасы Парламентінің Палаталары және Төрағлары тағайындайтын және сайлайтын мемлекеттік саяси қызметшілер, олардың орынбасарлары;
  • Қазақстан Республикасы Жоғары Сот аппаратының басшысы, оның орынбасарлары;
  • Конституцияға сәйкес Президент пен Үкіметтің өкілдері болып табылатын мемлекеттік саяси қызметшілер;
  • Орталық атқарушы органдар мен ведомствларды басқаратын мемлекеттік саяси қызметшілер (басшылар), олардың орынбасарлары атқаратын лауазымдар жатады. Саяси лауазымдарға Президент белгілейтін өзге лауазымдар да жатқызылуы мүмкін.

Мемлекеттік әкімшілік қызметші - мемлекеттік саяси қызметшілердің құрамына кірмейтін, мемлекеттік органда тұрақты кәсіби негізде лауазымдық өкілеттілікті жүзеге асыратын мемлекеттік қызметші.

Сонымен мемлекеттік қызметшілерді жоғарыдағыдай екі топқа бөлудің негізгі мақсаты мемлекеттік қызмет аясында демократияландыруды қамтамасыз ету, саяси қызметке тағайындалатындардың шегін белгілеу, оларға байланысты кәсіби қызметшілердің ауысуларын болдырмау, сөйтіп мемлекеттік аппараттың қалыпты жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызу және оның тиімділігін арттыру.

Мемлекеттік қызметтің маңыздылығы, мемлекеттің шешетін барлық
мәселелерінің ішінде кадрлар, ең алдымен басшылар туралы мәселе негізгі
болып табылатындығымен айқындалады.

Тек мемлекеттік аппарат реформаларды, жаңа идеялар мен заңдық ережелерді жүзеге асыруға міндетті, бірақ басқару қызметінде болатын кемшіліктердің көпшілігі аппаратшылардың кейбір бөлігінің қабілетсіздігімен, кей кезде тіпті реформалық бағдарламаларды қабыл алмауымен, одан бетер-олардың сыбайлас жемқорлығымен байланысты екендігі белгілі. Мемлекеттің мықты кадр потенциалын тиімді етіп пайдалану- алғы шепте тұратын жалпыұлттық міндет. Әр түрлі саясаткерлер келеді, кетеді, ал мемлекеттік басқару машинасы барлық жағдайларда да қалтқысыз жұмыс істеуге тиіс.

Мемлекеттік қызметті реформалау жөніндегі жүргізіліп
жатқан шаралар мемлекеттік аппараттың дәл, ұтымды және үнемді қызметін
қамтамасыз етуге, оны партиялық немесе топтық мүдделерге пайдалану мүмкіндігін болдырмауға бағытталған.

Мемлекеттік қызметшілердің әкімшілік-құқықтық мәртебесін белгілеген кезде мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымдарының құқықтық мағынасы мен топтастырылуын дұрыс түсінудің ерекше маңызы бар. Жалпы түрде алғанда лауазым деп, оған орналасқан адамның
өкілеттілігінің мазмұны мен көлемін білдіретін, белгіленген тәртіппен
құрылған бастапқы құрылымдық (ұйымдық) бөлік түсіндіріледі. Бұл ұйымдық-құқықытық санат тек қызметшілерге ғана тән: халықтың басқа топтары мамандықтары бойынша (мысалы, жұмысшылар өнеркәсіп кешенінде) жұмыс істейді (студенттер, оқушылар) оқиды т. с. с.

Мемлекеттік лауазым -нормативтік құқықтық актілермен белгіленген лауазымдық өкілеттіліктермен лауазымдық міндеттердің ауқымы жүктелген мемлекеттік органның құрылымдық бөлігі. Сонымен мемлекеттік деп тиісті мемлекеттік органның өкілеттіліктерін атқару және қамтамасыз ету туралы міндеттер көлемі белгіленген, еңбекақы төленетін және осы міндеттерді орындау үшін жауапты болатын тек мемлекеттік билік органдарындағы, сондай-ақ Конституцияға және басқа заң актілеріне сәйкес құрылатын өзге мемлекеттік органдардағы лауазым аталады. Мұндай өзге мемлекеттік органдарға, мысалы, Қазақстанның Ұлттық Банкі, Қазақстан Республикасының Прокуратурасы, Адам құқықтары жөніндегі Уәкілдің аппараты және т. б. жатады.

Мемлекеттік лауазым ұғымы тек мемлекеттік қызмет ұғымын анықтау
үшін ғана емес, сонымен бірге мемлекеттік қызметшінің құқықтық жағдайын, мемлекеттік қызметті өткерудің тәртібін (лауазымға орналасудың тәсілін, біліктілік дәрежесінің денгейін, мемлекеттік қызметті тоқтатудың негіздерін т. б) анықтау үшін өзекті, негізге алынатын ұғым болып табылады. Бұл орайда ҚР-сы Президентінің 2015ж. 29-
желтоқсандағы заңмен белгіленген мемлекеттік қызметтің мемлекеттік лауазымдарын бөлудің принципті маңызы бар.

Жоғарыда айтылғандай, мемлекеттік қызметшілердің лауазымдары ең
алдымен саяси және әкімшілік лауазымдарға бөлінеді. Бұл екі топ
лауазымдардың тізілімдері (Реестрлері) ҚР-сы Президентінің 2015ж. 29-
желтоқсандағы Жарлықтарымен бекітілген.

Саяси мемлекеттік қызметшілер лауазымдарына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі, оның орынбасарлары, орталық және жергілікті атқарушы билік органдарының басшыларымен олардың орынбасарлары және басқа республикалық мемлекеттік органдардың басшы қызметкерлері жатқызылған.

Мемлекеттік әкімшілік қызметшілер үшін санаттар белгіленеді. Ал мемлекеттік саяси қызметшілер үшін лауазым санаттары белгіленбейді. Лауазымдарды мемлекеттік әкімшілік лауазымдар санаттарының топтарына бөлу лауазымдарды топтастыруды қолданыстағы басқарудың құрылымына сәйкестендіруге мүмкіндік туғызады. Президенттің 2015ж. 29-желтоқсандағы жарлығымен мемлекеттік әкімшілік қызметшілер лауазымдарының тізілімімен қоса санаттарының тізбесі бекітілген. Ол тізбе бойынша мемлекеттік әкімшілік лауазымдар А, В, С, Д, Е санаттар топтарына бөлінген. Осы санаттар бойынша лауазымдар тізімін төмендегі кестеден көруге болады.

Кесте -1. Мемлекеттік әкімшілік лауазымдардың санаттары

Санаттар
Лауазымдар
Санаттар: А-тобы
Лауазымдар: Президент әкімшілігі
Санаттар: В-тобы
Лауазымдар: Парламент Палаталарының аппараттары, Премьер-Министрдің кеңесі, Жоғарғы Соттың аппараты, ҚР Конституциялық кеңесінің аппараты, ҚР Президентінің Іс Басқармасының қызметкерлері жатқызылады.
Санаттар: С-тобы
Лауазымдар: Үкіметтің құрамына кірмейтін орталық атқарушы органдар, орталық атқарушы органдардың ведомстволары, облыстық, аудандық аумақтық органдардың қызметкерлерінен тұрады.
Санаттар: Д-тобы
Лауазымдар: Облсытардың, аудандардың, кенттердің, ауылдардың (селолардың) аппараттары, облыстар, аудандар мәслихаттарының аппараттары, облыстар, аудандар соттарының аппараттары кірістірілген.
Санаттар: Е-тобы
Лауазымдар: Жергілікті атқарушы органдардың қызметкерлері жатады.
... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мемлекеттік қызметтің қағидаттары
Ішкі істер органдарындағы мемлекеттік қызметті ұйымдастыру және құқықтық негіздері
Мемлекеттің қызметі. Ұғымы
Қазақстандағы мемлекеттік қызмет пен қызметкерлердің тиімділігі мен әкімшілік құқықтағы жағдайы
Мемлекеттік қызметкерлердің қызметін бағалау және олардың әкімшілік-құқтық мәртебесі
Жеке еңбек шарты және оның мәні
Мемлекеттік басқарудың мәні мен ерекшеліктері
Мемлекеттік қызмет туралы жалпы ұғым. Қазақстан Республикасының мемлекеттік қызметі
Қазақстан Республикасындағы қызметшілердің конститутциялық құқықтық мәртебесі
Кадрлық резервтің міндеттері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz