Педиатрия пәні



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ОҚО ДСБ ШЖҚ Шымкент жоғары медициналық колледжі МКК
Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавр біліктілігімен Мейіргер ісі бөлімі



БӨЖ
Тақырыбы: Педиатрия пәні; ҚР-да Педиатриядағы мейіргер ісінің болашақ дамуы, балалар дамуындағы динамикалық процесс.

Тобы: ҚБ 18 А
Орындаған: Әбдірәсіл Г.Б.
Қабылдаған: Сүйінбай А.Ә.

Шымкент, 2019 жыл

Жоспары
I. Кіріспе
1. Педиатрия қандай ғылым
II. Негізгі бөлім
1. Қазақстандағы педиатрия пәні
2. ҚР-да Педиатриядағы мейіргер ісінің болашақ дамуы, балалар дамуындағы динамикалық процесс
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

І. Кіріспе
Педиатрия (грек. paіdos -- бала және іatreіa -- емдеу) -- медицина ғылымының балалар ауруларын зерттейтін саласы. Бала организмінің анатомиялық-физиологиялық ерекшеліктерін, бала ауруларының себептерін анықтау, емдеу, олардан сақтану, сондай-ақ, нәрестені туғанға дейін және туғаннан кейін дұрыс күту, тамақтандыру әдістерін қарастырады.
19 ғасырдың 2-жартысынан педиатрия өз алдына ғылым саласы ретінде дами бастады. Оның дамуына үлкен үлес қосқан ағылшын дәрігерлері У.Кадоган, Г.Армстронг, т.б. болды.
19 ғасырдың аяғында Парижде Педиатрия мектебі ашылды, ол бүкіл Еуропаға педиатрлар дайындайтын орталыққа айналды. Ресейде 1866 жылы орыс педиатры А.Н. Тольский (1832 -- 1891) алғаш Педиатрия клиникасының негізін салды. Қазақстанда Педиатриялық зерттеулерді A.И. Авенирова бастады.
1933 жылы оның басшылығымен Қазақ медицина институтында (қазіргі Қазақ ұлттық медицина университеті) Педиатрия кафедрасы ашылып, мұнда туберкулез,безгек, күл, полиомиелит, т.б. аса қауіпті бала ауруларына қарсы шаралар іздестірілді. Қазір зерттеу жұмыстарымен Педиатрия және бала хирургиясы ғылыми орталығы, сондай-ақ, республикадағы медициналық академиялар мен Алматы дәрігерлер білімін жетілдіру институтының Педиатрия кафедралары шұғылданады.

2.1. Қазақстандағы педиатрия пәні
Қазір Қазақстанда 6 жоғары медициналық оқу орындарында Педиатрия факультеті бар.
Педиатр-дәрігерлердің саны -- 6 мыңнан астам (2005). Республикада травматология және ортопедия саласында, туа біткен аномалия, асқазан-ішек жолдарының бұзылуы, өкпе хирургиясы, реанимация және белсенді терапиямен емдеу әдістері жетілдірілді (К.Ормантаев, К.Қожақанов, т.б.), операциядан кейінгі ішек резекциясынан сақтану жолдары табылды (З.Аханзарипов), балалардың туа біткен обструктивті уропатиясын хирурггиялық жолмен емдеу ретроспективті тұрғыдан зерттеліп, бұрыннан қолданылып жүрген хирургиялық коррекция тәсілдері жетілдірілді (І.Мәжібаев, Б.Майлыбаев). Ревматизм мен жүре біткен жүрек ақауының (Б.Хабижанов, т.б.) және эндокриндік сырқаттарды (Р.Базарбаева) анықтау, емдеу әдістері табылып, күнделікті дәрігерлік жұмыста қолданылатын болды. Жас нәрестелерге арналған сүт тағамдарының ("Балдырған", "Балбөбек", т.б.) тұңғыш рет кешенді клиникалық-гигиеналық негіздемесі зерттелді (Ә.Машкеев, т.б.).
Қазір Педиатрия саласы бойынша республикада ғылыми орталықтар құрылуда. Онкогематология орталықта тұңғыш рет балалардағы жедел лейкоз, апластик анемия және қатерлі ісікқан ауруларын емдеудің жаңаша бағдарламасы енгізілді (К.Омарова, т.б.), неонатология орталық қалыптасты (Т.Чубакова).
Осыған орай, ел болашағын ойлайтын, сол үшін іс бітіре алатын, бойында үлкен адамгершілік және азаматтық қасиеті бар ғалым дәрігерлер, осы істі ұйымдастырушылар болып шықты.
Қазақстандағы бала денсаулығын қорғау ісіне белгілі үлес қосқан профессорлар А.И. Авенирова, Т.Н. Никонова, А.Б. Бисенова, Х.В. Мирзалиева, И.А. Барлыбаева, К.Д. өтегенова, В.В. Сурат, А.К. Машкеев, К.С. Ормантаев, Ш.З. Ибраев, Н.А. Каюпова ж.б. болды. Осы жолда Денсаулық сақтау министірлігінің, Алматы, Астана, Қарағанды, Ақтөбе, Семей мемлекеттік медицина академиялары, КР Педиатрия ғылыми зерттеу институтының (қазіргі РК педиатриясының және бала хирургиясының ғылыми орталығы) педиатрлар-дәрігер мен ғылыми қадрлар дайындауда қосқан үлестері өте зор.
Балалар денсаулығын қорғау ісінде Кеңес ғалымдарының үлесін ұмытпау керек. Бұл тарапта А. А Кисельдің, Т. Н. Сперанскийдің, А. Ф. Турдың, М. С. Масловтың, Ю. Ф. Домбровскаяның, М. Я. Студеникиннің, Ю. Е. Вельтищевтің, В. А. Таболиннің, Е. Е.Новикованың, Е. А. Надеждинаның еңбектерін әдейі атап кету керек.
Соңғы жылдары педиатрия қалыптасқан бағыттарына қарай деонтология, алдын алушылық, клиникалық, ғылыми, қоғамдық және экологиялық түрлі бағыттарға бөлінеді.
П е д и а т р и я л ы қ д е о н т о л о г и я медицина қызметкерлері бала, оның ата-анасы және жақындары, қоғам алдындағы борышын санамен түсіне білуіне, сонымен қатар ауыратын балалармен, сол тәңіректегі адамдармен этикалық, мамандыққа байланысты қарым-қатынас жасауды тәрбиелейтін тәртіп жинақысы.
П р о ф и л а к т и к а л ы қ (алдын алушылық) педиатрия - уруларды болдырмау, мүгедектіктен сақтандыру істерінің жинақысы. Алдын алу жұмысты осы мүддегіге сай біріншілік, екіншілік, үшіншілік деп айырады. Профилактикалық (алдын алушылық) педиатрияға өмір сүру мәнінің саулығы (темекі шегумен, есірткі және тағы басқа зиянды заттарды қолданумен күрес, гигиена, дене шынықтыру мәселелерімен айналысу) халықтың жалпы медициналық сауатын көтеру, перинатологияның мәселелерін шешу, диспансерлік бақылау, балаға зәбір жасамау, жұқпалы ауруларға қарсы егулер жасау т.б. жұмыстар жатады.
К л и н и к а л ы қ педиатрия - ауырған балаларға дер кезінде диагноз қою, емдеу, бұзылған денсаулығын орнына келтіру (реабилитация) мәселелерімен айналысады. Осымен қатар дәрі-дәрмектермен емдеген кезде бала денсаулығына зиян келтірмеу, кезеңдік ем, мамандырылған ем істері де клиникалық педиатрияның жұмысы.
Ғ ы л ы м и педиатрия - әр түрлі аурулардың таралуын, шығу себептерін зерттеп, медицина ғылымдарының жетістіктерімен ұштастыру жатады. Тұқым қуалайтын ауруларды, ауруға бейімділік туғызатын жағдайларды және ауруларды табу, емдеу, жою жолындағы ғылыми жетістіктерді іске асыру - ғылыми педиатрия міндетіне жатады.
Қо ғ а м д ы қ педиатрия - денсаулық сақтау ісін басқару, жоспарлау және қоғамдық жағдайлардың бала денсаулығына келтіретін әсерлерін қамтиды. Сонымен қатар профилактикалық істердің, әр түрлі фондтардың медицинамен байланысын, медициналық қамтамасыздандыру жұмыстарымен айналысады.
Э к о л о г и я л ы қ педиатрия - ауа райының, табиғаттың, әр аймаққа сай сыртқы орта факторлары өзгерісінің бала денсаулығына келтіретін зиянды әсерлерін зерттеу, осы кездерде кең тараған радиацияның, гербицидтер мен пестицидтердің бала ағзасына залал келтірмеуіне, соған сай жұмыстар жасалауын қамтамасыз ету бағытында жұмыстармен айналысады.

2.2. ҚР-да Педиатриядағы мейіргер ісінің болашақ дамуы, балалар дамуындағы динамикалық процесс
Қазіргі кезде Дүниежүзілік Денсаулық Сақтау ұйымының еңгізілген жаңалықтарын және ұсыныстарын қамти отырып, қазақстандық педиатрияда бала денсаулығын сақтау ісінің жүйесі белгіленіп, бағдарламасы жасалған. Кезеңдерге бөлгенде - олар: отбасы, емхана, аурухана, санаторий болып келеді.
Бала денсаулығын қорғау жолында - отбасы, қоғам, медициналық мекемелер және олар ішіндегі ең негізі - медицина қызметкерлері болып тұрады.
Дереу босану 37-41 жүктілік жұмасына дейін созылады. Мерзімінен бұрын босану - 37 жұмаға дейін кездеседі, кешіккен босану - 42 жұмадан кейін.
Ұрықтың салмағы 270 күн аралығында 6·1012 көбейеді. Туғаннан кейін адамның салмағы тап осылай көбейсе, ересек адамның салмағы жер салмағынан бір неше рет асатын еді. Ұрықтың бойы жүктілік кезде 5000 рет көбейеді.
- Баланың кіндігін кескеннен кейін (неонатальдық) ж а ң а т у ғ а н д ы қ кезең басталады. Бұл кезеңде ағза сыртқы қоршаған ортаның жаңа жағдайларына икемделеді, шараналық (плаценталық) қан айналымы өзгеріп, өкпе арқылы тыныс қалыптасады, дене жылылығын қалыптастыруын жүйелілеуі өзгереді. Осы алдынғы, бір жұмаға жуық неонаталдық мерзіміді тез бейімделу кез деп атайды. Перзент жаңа қоршаған ортаға үйренісіп, қоршаған орта әсерлеріне жауап қайтара бастайды: физиологиялық тері қызаруы, физиологиялық сарғаю, физиологиялық дене салмағы жойылуы, жыныстік криз т.б. түрінде. Осы кезеңде тек жаңа туған балаларда кездесетін аурулар айқындалады, олар: тумастан біткен ақаулар, тұқым қуалау аурулар, гемолиздық ауру, әртүрлі әсерлерден бала миының зақымдануы, тұншығу, іріңді тері аурулары, сепсис т.б. Осы жаңа туғандық кезеңде шартты рефлекстер пайда болады, бала анасымен әсерлі байланыс жасайды.
Акселерация жағдайы генотиптін өзгеруіне (халықтардың бір елден екінші елге көшуіне, ұлттар аралық некелесу жағдайларға, әлеуметтік жағдайларға) байланысты болып тұр. Баланың физикалық дамуы баланың денсаулығының негізгі көрсеткіші болып саналғаннан біздер баланың физикалық дамуын бағалағанымыз жөн. Баланың физикалық дамуын зерттеуі бірінғайланған, стандартты өлшеу аспаптары қолданылады. Екі жасқа дейінгі баланың бойын өлшеу үшін әдейіленген бойөлшегіш қолданылады. Бойөлшегіш - ұзындығы 80 см, кеңдігі 40 см, қаптал жағында- сантиметрлік шәкілі бар тақтай, оның қапталында көлденең орналысқан планка жылжып тұр. Баланы бойөлшегішке басын қимылсыз көлденең планкаға тақап жатқызады да, тізесіне сәл ғана басып, аяқтарын жазады. Бойөлшегіштің жылжымалы планкасын баланың табандарына қатты басады. Жылжымалы және жылжымалы емес планкалар аралығы баланың бойына сәйкес болады.
Жаңа туған баланың бойы 46-56 см арасында қобалжиды: орташа алғанда ер балалардың бойы 50,7 см, қыз балалардың бойы 50,2 см. Бірінші күндері баланың бойы шамалы қысқарады, себебі - басындағы туылуға байланысты пайда болған ісік ыдырайды. Бір жасқа дейінгі бала денесінің бойы келесі формула бойынша саналады: бірінші өмір тоқсанында - ай сайын 3 см, немесе 9 см тоқсанына, екінші өмір тоқсанында - 2,5 см ай сайын немесе 7,5 см тоқсанына, ІІІ өмір тоқсанында - 1,5-2,0 см немесе 4,5-6,0 см, IV өмір - 1 см немесе тоқсанына 3 см. Жылына баланың бойы жиырма бес сантиметрге өседі. Бір жасар баланың бойы 75 см. Қазіргі кезде баланың бойы 4 жасында екі есе өседі, ал 12 жасында 3 есе өседі. Екінші жасында бала бойы 12-13 см-ге өседі, ал үш жасқа таман бала жеті-сегіз см қосады.
Бір жастан асқан балалардың бойын келесі формула бойынша белгілейді:
8-жасар бала бойы 130 см, әр жетпейтін жасқа 130 см-ден 7 см алынады, ал әр қосылған жасқа 130 см-ге 5 см қосады. Мысалы, 3 жасар баланың бойы: 130-(7∙5)=95 см. 12 жасар баланың бойы: 130+(5∙3) =145 см. Басқаша бала бойының қатынасын центильдерге байланысты бағалайды (кестелерді қара).
Баланың дене салмағын әдейіленген 25 кг жүктемелікті бала таразысында өлшейді. Әуелі таразыға салынған жөргекті өлшеп алады, күйентіні жабады, сонан соң өлшенген жөргек үстіне шешіндіріп баланы салады. Баланың басы және иықтары таразының кең жағына, аяқтары тар жаққа қаратылады. Салмағын өлшейтін адам күйентінің тап алдына тұрады, оң қолмен гірлерді ығыстырады, сол қолмен баланы құлаудан сақтайды. Салмақтын көрсеткішін жазып алғаннан кейін гірлерді нөлге қояды, күйентіні жауып, баланы таразыдан алады.
Нәрестенің дене салмағы ер балаларда - 3500 г, қыз балаларда 3350 г. Салмағы 2500,0-граммнан кем балалар шала туған, ал салмағы 4000 граммнан асса - ірі балалар болып саналады.
Нәрестенің бас айналымының өзгерістері баланың физикалық дамуының және патологиялық жағдайлар пайда болуының (микро-, гидроцефалия) көрсеткіші болып саналады. Бас айналымын см таспамен өлшейді, артқы жағында - шүйде бойынша, алдынғы жағында - қас доғасы бойынша.
Жаңа туған баланың бас айналымы орташа алғанда 34-36 см болады. Бірінші айлары және жылдары бала басы тез өседі, ал бес жастан кейін өсуі баяулайды. Бір жасқа дейінгі балалардың бас айналымын келесі формула бойынша белгілейді: алты айлық баланың бас айналымы 43 см, әр жетіспейтін айға 43 см-ден 1,5 см алып тастау керек, ал әр келесі айға 0,5 см қосу керек.
2-15 жасар балаларға: 5-жасар баланың бас айналымы 50 см, әр жетіспейтін жасқа 50 см-ден 1 см алу керек, ал әр келесі жылға 0,6 см қосқан жөн.
Кеуде айналымы дененің көлденең өлшемдері өзгерістерін анықтау үшін негізгі антропометриялык көрсеткіштердің бірі болып саналады. Ол кеуде қуысының даму дәрежесіне, көкіректегі бұлшық еттерінің және тері асты май қабатының дамуына байланысты көрсеткіш болып саналады.
Жүйке жүйесi жатыр iшiлiк кезеңiнiң 1-i жұмасында пайда болады. Туғаннан кейін бас мидың қалыптасуына байланысты күрделi процессi аяқталмайды. Жаңа туған баланың бас миының айырмашылығы - ол шартты түрiнде iрi, iрi салалары және қатпарлары жақсы дамыған, бiрақта олардың тереңдiгi мен биiктiгi шамалы. Ұсақ қатпарлары туғаннан кейiн қана пайда болады. Жаңа туған бала миының сұр заты ақ затынан нашар бөлiнген. Барлық жүйке жасушалары бiр бiрiне жақын, үстiрт, олар мидың ақ затында да орналасқан.
Жаңа туған бала миының салмағы дене салмағынан шартты түрде көбірек. Ми салмағын дене салмағымен салыстырғанда - дене салмағының бір килограмына 18 - 19-і болады, бір жасар балада 111-112, 5 жасар балада 113-114, ересек адамда 140. Тоғыз айда бас мидың салмағы екi есе, үш жаста - үш есе көбейедi.
Баланың бас миы қан тамырларға, әсіресе капиллярларға өте бай, капиллярлар туғаннан кейiн де дами бередi. Осыған байланысты балалар бас миының қанмен қамтамасыз етуі ересектермен салыстырғанда, жоғарылау. Жүйке жүйесiне көп мөлшерде оттегi де керек. Сондықтан, мидың оттегіге қажеттілігі бұлшық еттерге қарағанда жиырма есе көп.
Бала ауырса, баланың миында көп мөлшерде улы заттар жиналып, зат алмасуды бұзады. Осы себептен жас балаларда инфекциялық аурулардың токсикалық түрлерi жиі кездеседі. Гематоэнцефалды кедергiнiң өткiзгiштiгi де осы жағдайды шиеленістіреді.
Жүйке жүйесiнiң дамуына байланысты бас мидің химиялық құрамы да өзгереді: мидағы су мөлшерi азаяды, ақуыздар және нуклеин қышқылдар мөлшерi көбейедi, ақ заттағы липидтер мөлшерi де үш есе көбейедi. Жүйке жүйесінің дамуы баланың жасына байланысты: жас балалардың бас миы тез дамиды, ол әсіресе,бірінші үш айда белгілі. Нерв жасушаларының ажырасуы үш жаста бітеді, ал сегіз жасында ми қыртысы ересек адамның ми қыртысына ұқсас болады.
Баланың жұлыны туар кезде бас миының дамуымен салыстырғанда, жақсы дамыған. Мойынның және белдің жуан жерлерi тек үш жастан кейiн пайда болады. Жұлын салмағы он айда екi есе көбейедi, үш-бес жас аралығында үш есе көбейедi. Жұлын ұзындығы 7-10 жасқа таман екi есе өседі, он жастан кейiн мидың өсуi баяуланады да, жұлынның төменгi шегi жоғарылайды. Мидың ликворы мөлдiр. Ол бұлдыр болса - бала iрiңдi менингитпен ауырғаны, ал қан аралас болса - мидың затына қан құйылған туралы ойлануға болады.
Мидың қызмет атқаруы негізі рефлекстерге байланысты. Рефлекс дегеніміз нерв жүйесінің әртүрлі қоздырғыштарға қайтаратын жауабы. Мысалы, бала дыбыс шыққан жаққа басын бұрып қарайды, ыстық затқа қолы тиіп кетсе - тартып алады, қараңғы жерде шырақ жанса - көзін жұмады т. б.
Бала туғанда үш түрлі шартсыз рефлекстермен туады, олар:
- тұрақты, өмiр бойы болатын автоматизмдер;
- туғаннан кейiн жойылатын; өтпелi (транзиторлы) рефлекстер,
- туғаннан кейiн пайда болмай, өсе келе дамитын рефлекстер.
Бiрiншi топ рефлекстерiне жататын рефлекстер: мүйiзгек рефлексi, конъюнктивтiк рефлексi, жұтыну рефлексi, орбикулопальпебралді рефлекс, аяқ-қолдың сiңiрлiк рефлексi. Осы шартсыз рефлекстердің негізінде қоршаған орта әсеріне байланысты шартты рефлекстер пайда бола бастайды.
Шартсыз рефлекстердің екінші тобына келесі өтпелі рефлекстер жатады:
Б а у э р р е ф л е к с і - баланы ішіне жатқызып, бүктетілген аяқтарының табандарына алақанды жолатса, бала еңбектегендей қозғалыс жасайды;
М о р о (құлаштау) р е ф л е к с і - бала басынан 15-20 см қашықтықта үстөл үстін соқса, бала әуелі қолдарын екі жаққа жаяды да, сосын оларды бұрынғы қалпына келтіреді;
Ж е л к е б ұ л ш ы қ е т т е р і н і ң р и г и д т ы ғ ы - арқасында жатқанбала желкесіне қолды салып, бала иегімен кеудесіне жетсін деген мақсатпен басын алға бүккізу, жауабы оң болса - желкесінде ауырсыну сезім пайда болады;
Р о б и н с о н р е ф л е к с і (жармасу рефлексі)- баланың қолына салынған затты бала жармасып үстай алады да, жібермейді;
Б а б к и н р е ф л е к с і (алақанды-ауыз рефлексі) - үлкен саусақтармен баланың алақанына басса, ол аузын ашып, басын еңкейтеді;
К е р н и г б е л г і с і - тізе және жамбас буындарда бүгілген аяқты тізе буынында жазуға тырысу, реакциясы оң болғанда - арқасында қатты ауырсыну сезім пайда болады да, бала аяғын жаза алмай қалады;
Б р у д з и н с к и й б е л г і с і - қолдарды желке мен кеудеге қойып, баланың басын тез бүккен кезде оң реакция кезінде екі аяғын да тізе буындарында бүгеді және арқасында ауырсыну сезім пайда болады.
Жаңа туған баланың ми қабығы шартты рефлекстерге мұрсасы жететiнi қазiргі кезде анықталды. Рефлекстiң дамуы бiрiншi кездерi тамақ доминантасына байланысты. Егерде жылап жатқан баланы қолға алып, кеудеге басса (емiзiп жатқандағы жағдай), бала тынышталады. Тiптi бiрiншi өмiр күндерiнен бастап, ересек адам жақындағанда, нәрестенiң қимылы қоза бастайды - бала тамақтануға әзiрленгендей болады.
Әуелi шартты рефлекстердің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Пән бойынша үлгілік оқу бағдарламасының мазмұны
Педиатрия негіздері
ЖПД практикасындағы иммунды профилактика
Басқа бюджеттердің есебінен ашылған лимиттер
Балалар аурулары пәнінен дәрістер кешені
Отандық педиатрияның қалыптасуы және даму кезеңдері
Педиатрия туралы жалпы түсінік
Педиатрия дамуы. Қазақстандағы педиатрия
Педиатрия даму тарихы
Педиатрия кәсібінің ерекшелігі
Пәндер