Жүкті әйелдерге және бала емізетін аналарға көмек көрсету



Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 11 бет
Таңдаулыға:   
ОҚО ДСБ ШЖҚ Шымкент жоғары медициналық колледжі МКК
Мейіргер ісінің қолданбалы бакалавр біліктілігімен Мейіргер ісі бөлімі



Реферат

Тақырыбы: Қазақстан Республикасында босану және гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру. Перинатальды көмек көрсету туралы қазіргі заманға сай көзқарастар

Тобы: ҚБ 18 А
Орындаған: Әбдірәсіл Г.Б.
Қабылдаған: Сырлыбай Ф.Е.

Шымкент, 2019 жыл

Жоспары
I. Кіріспе
1. ҚР акушерия-гинекологиялық көмек көрсетуді ұйымдастыру
II. Негізгі бөлім
1. Акушерялық стационарда аурулардың алдын алу
2. Перинатальды көмек көрсету туралы заң жүзінде қарастыру
III. Қорытынды
IV. Пайдаланылған әдебиеттер

Кіріспе
Акушерия - әйел туралы ғылымның бір бөлігі (гинекология сөзі gunea - әйел деген сөзден шыққан), ол ұрықтану, жүктілік, босану, босанудан кейінгі кезеңдерге байланысты процестерді зерттейді. Акушерия термині accoucher деген француз тілінен шыққан - босану кезіндегі көмектесу деген мағынаны білдіреді.
Акушерияның ғылыми аспектілері ұрықтанудың, эмбрион мен ұрықтың, босану қызметінің, ұрықтың құрсақтан тыс дамуға өту және жаңа туған нәресте өмірінің алғашқы жеті тәуліктегі өмірінің физиологиясы мен патологиясын зерттеуге байланысты.
Акушерия физиологиялық жүктілік пен босануды жүргізуге, жүктілік пен босану кезіндегі асқынуларды анықтау мен емдеу әдістерін жасауға, асқынулар кезіндегі акушерлік тактиканы анықтауға, босандыру әдістерін жетілдіруге негізделеді, яғни болашақ ұрпақтың денсаулығын нығайтуға бағытталған шаралардың кешенінен тұрады.
Жүкті, босанушы, босанған әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге, гинекологиялық науқастарға емдік-профилактикалық көмек көрсету жалпы медициналық тәжірибеден ерекшелене отырып, арнайы кәсіби бағытты юолып табылады.
Акушер-гинекологтардың негізгі міндеттері:
* Ана аурушаңдығы мен өлімін азайту;
* Перинатальды және нәрестелер аурушаңдығы мен өлім көрсеткіштерін азайту;
* Отбасын жоспарлау, жасанды түсіктердің алдын алу, бедеулікті емдеу бойынша жұмыстар жүргізу;
* Гинекологиялық аурушаңдықты төмендету;
* Әйелдерге әлеуметтік-құқықтық көмек көрсету.
Ана мен нәресте денсаулығын қорғауды қамтамасыз ету және гинекологиялық науқастарға көмек көрсету амбулаторлы және стационарлы көмек беру қарастырылады.
Амбулаторлы акушерлік-гинекологиялық көмек
Қазіргі уақытқа дейін жүкті, босанған әйелдерге және гинекологиялық науқастарға амбулаторлы көмекті оқшауланған әйелдер кеңесінде көрсетіліп келді. Бұдан басқа, емханалардың және медико-санитарлық бөлімдердің арнайы жетілдірілген бөлімшелері бар. Ресейде жүкті әйелдер белсенді диспансерлі әдістерді қолдану арқылы бақыланады. Жүкті әйелдерге бақылау жүргізу жүктіліктің қалыптыдан ауытқуын уақытында анықтап, емхана немесе стационар жағдайында адекватты медициналық көмек беруге негізделеді. Жүктілік ағымының бақылау нәтижелері және клиникалық тексеру мәліметтері жүкті әйелдердің жеке карталарында тіркеліп, оның көшірмесі жүкті әйелдің жүкті әйелдің босану үйіне жіберілетін алмасу карталарында жазылады. Стационарда емдеу нәтижелері, босану барысы мен нәтижесі осы картада жазылып, амбулаторлы бақылайтын акушер-гинекологына қайта жолданады.
Бақылау барысында әрбір жүкті әйелдер стоматолог, терапевт, көрсеткіштері бойынша эндокринолог, окулист дәрігерлеріне қаралуы қажет.
Барлық жүкті әйелдерге емханалық жағдайдапренаталды диагностика жүргізілуі керек.
Әйелдер кеңесі мен емханардың акушерлік-гинекологиялық бөлімдерінде гинекологиялық науқастарды тексеру жүргізіледі, бедеулік, жүктілікті көтере алмаушылық, эндокринді патологиялар бойынша мамандар болады.
Стационарлық акушерлік көмек
Акушерлік стационарлар әр түрлі масштабты болуы мүмкін: аймақтық аурухананың акушерлік кереуетінен көп салалы аурухананың босану бөлімдері мен перинатальды ортлықтарға дейін.
Ана мен перинатальды өлім көрсеткішін төмендету мақсатында асқынған жүктілікпен әйелдерді кәсіби мамандандырылған көмек көрсетуге қабілетті ірі босандыру мекемелеріне жатқызу қажет. Ресейдің көптеген ірі қалаларында мамандандырылған босану үйлері ұйымдастырылған, оларда келесі патологиялармен әйелдер шағырланады:
1. Жүрек-қан тамыр жүйесінің патологиясы;
2. Қант диабеті;
3. Үйреншікті жүктілікті көтере алмаушылық;
4. Резус-сенсибилизация;
5. Инфекциялық аурулар;
6. Бүйрек патологиясы.
Мұндай маманданудың оң әсері бар, өйткені босану үйі аталған аурулар бойынша ғылыми-әдістемелік орталыққа айналып, жүкті, босанушы, босанған әйелдерге және жаңа туған нәрестелерге көмек жоғары кәсіби деңгейде көрсетіледі.

2.1. Акушерялық стационарда аурулардың алдын алу
Акушерлік- гинекологиялық мекемелердің профильдік түрлері
1.Фельдшер-акушерлік пункт (ФАП)-алғашқы дәрігерлікке дейінгі ауыл тұрғындарына профилактикалық ем және санитарлық -эпидемиологиялық көмек көрсететін медициналық мекеме: жүкті әйелдерді тізімге алу, жүкті әйелдердің денсаулығын бақылау және олардың денсаулықтарының жағдайының бақылауын қамтамасыз ету, гинекологиялық науқастарды бақылауын және жанұя жоспарлау жұмыстарын ұйымдастырады.
2.Жанұя дәрігерлік амбулаториясы (ЖДА)-алғашқы медико-санитарлық көмектің негізгі номенклатуралық медициналық мекемесі. ЖДА науқас медициналық көмекке келгенде алғашқы дәрігермен қарым-қатынаста болатын мекеме. ЖДА-бұл ересектерге, жүкті әйелдерге, босанатын әйелдерге,босанған әйелдерге және гинекологиялық науқастарға дәрігерлік ем және профилактикалық көмекпен қамтамасыз ететін медициналық мекеме.
3.Базалық әйелдер консультациясы-тұрғындарға амбулаторлы акушерлік-гинекологиялықкөмек көрсететін мамандырылған мекеме. Базалық әйелдер кеңес үйі-перзентхананың, орталық аудандық ауруханасының, консультативті диагностикалық емханасының тәуелсіз бөлімі және жоғарғы қауіпті топтағы әйелдерге мамандандырылған көмек көрсететін екінші этап болып табылады.
4.Неке және жанұя кеңес үйі немесе Адам репродукция орталығы-әйелдер кеңес үйінің бөлімі немесе тәуелсіз мекеме болуы мүмкін және некелік қатынастардың бұзылуына келтіретін жағдайларда және ауруларда консультативті, профилактикалық емі көмек көрсетеді.
5.Перзентхана-ауылдық, қалалық, облыстық, ауруханаларының акушерлік, гинекологиялық бөлімдері-әйелдерге мамандандырылған дәрігерлік, акушерлік-гинекологиялық стационарлық көмек көрсететін мекеме болып табылады.
6.Перинатальді орталық-қала, облыс ішінде, ауылдық және қалалық тұрғындарға мамандандырылған арнайы көмек беретін консультативті ұйымдастыру-методикалық, емдеу және оқу мекемесі.
7. Республикалық ана және нәресте денсаулығын қорғау ғылыми зерттеу орталығы.ҚР профилактикалық ем көмек көрсететін және акушерлік -гинекологиялық қызметін жетілдіретін, ғылыми зерттеуді үйлестіретін, жоғары квалификациялық мамандарды дайындайтын және халықаралық қарым-қатынастарын қамтамасыз ететін бас мекеме.
Әйелдер кеңес үйінің мақсаты: осы аймақта тұратын барлық әйелдерге амбулаторлы профилактикалық ем көмек көрсету.
Міндеттері:
1. Жүкті, босанған әйелдерді жәнегинекологиялық науқастарды тізімге алу және профилактикалық ем көмек көрсету.
2. Жанұя жоспарлау жұмысын жүргізу.
3. Санитарлық ағарту жұмысын жүргізу.
4. Жүкті, босанған әйелдерге және гинекологиялық науқастарға диагностикалық және емнің жаңа әдістерін тәжірибеге енгізу.
5. Әлеуметтік-құқықты көмек.
6. Жүкті, босанған әйелдерге және гинекологиялық науқастарды зерттегенде басқа мекемелермен қатысты қамтамасыз ету.
7. Перзентхана мен балалар емханасымен, жедел жәрдем станциясымен, санитарлы-эпидемиологиялық мекемемен және басқа мекемелермен (тері венерологиялық, туберкулезге қарсы, онкологиялық) ұдайы байланыста болу
Әйелдер кеңес үйінің құрылысында болу керек: шешінетін жер,тіркеу орны, күтім бөлмесі, жүкті, босанған әйелдерді, гинекологиялық науқастарды қабылдайтын бөлмелер, манипуляциялық бөлме (гинекологиялық емдеу процедуралары үшін) процедуралық бөлме, жануя жоспарлау кабинеті, клиникалық зертхана, УДЗ-бөлмесіфизиотерапиялық бөлме.
Ірі кеңес үйлерінде болады: терапевт,стоматолог, генетик бөлмелері, жатыр мойнының аурулары және бедеулік, жүктілікті сақтай алмағандағы әйелдерді қабылдайтын бөлмелер.
Әйелдер кеңес үйінің негізгі көрсеткіштері:
1. Ана өлімнің көрсеткіші
2. Перинатальді аурулардың және өлімнің көрсеткіші
3. Жүкті әйелдердің ерте келуі( 12-аптаға дейін). Аймақта жүкті әйелдер диспансерлік тізімге 12-аптаға дейін 70 және одан көп пайызда алынса жаксы көрсеткіш болып саналады
4. Берілген аймақтағы репродуктивті жастағы әйелдердің аборт пайызы
5. Тізімде тұрған жүкті әйелдің терапевтке қаралған пайызы
6. УДЗ-ге міндетті түрде қаралған пайызы
7. Мерзімінен бұрын туудың пайызы
8. Ауыр гестозтардың жиілігі
9. Септикалық асқынудың жиілігі
10. Экстрагенитальді аурулардың жиілігі (жүкті әйелдің денсаулық индексі)
Әйелдер кеңес үйінде акушерканың міндеттері:
1. Жүкті, босанған (перзентханадан шыққаннан кейін) әйелдерге қызмет көрсету.
2. Нәрестені антенатальді қорғау
3. Әйелдердің арасынан жоғарғы қауіпті топтарды анықтау және оларды тізімге алу.
4. Белсенді патронаж өткізу
5. Басқа мекемелермен ұдайы байланысты қамтамасыз ету
6. Жанұя жоспарлау жұмысын жүргізу
7. Гинекологиялық науқастарға көмек көрсету
8. Денсаулық сақтау және басқа медициналық сұрақтар бойынша санитарлық ағарту
жұмысын жүргізу.
Перзентхана құрамы:
Перзентхана-ең ірі медициналық мекемелердің бірі, оның негізгі мақсаты жүктілікті сақтау, босану, босанғаннан кейін сәби мен ананың денсаулығын қорғау.
Перзентхана бөлімшелер 3 блоктан құралады:
1-ші блок-клиникалық: қабылдау бөлім(физиологиялық, обцервациялық, физиологиялық бөлімі өзінің босану бөлімімен , обсервациялық бөлімі өзінің босану бөлімімен, босанғаннан кейінгі бөлім (ана, нәресте бірге болатын бөлімшелерімен), жүктіліктегі патология бөлімі, жаңа туған нәресте бөлімі, операциялық бөлім, реанимациялық және интенсивті терапия бөлімі, гинекологиялық бөлімінен тұрады.
2-ші блок-лабараториялы-диагностикалық. Заласыздандыру бөлімі. Автоклав бөлімі. УДЗ-кабинеті. Физио-кабинеті. Барокамера
3-ші блок-Әкімшілік -емханалық
Ана өлімі (АӨ)-жүктілік , босану кезеңдеріндегі және босанғаннан кейінгі 42 кун аралығындағы өлім жатады.

Жүктілік, босану, босанғаннан кейінгі
Ана өлімі,%= (42кун аралығында)өлген әйелдердің саны х 100000тірі
туылғандар саны
➔ Ана өлімінің көрсеткіші-жылына өлген аналардың 100000 мың тірі туылғандардың санымен анықталады. Емдеу профилактикалық мекемелердің негізгі сапалы көрсетімдерінің бірі-ана өлімінің деңгейі.
ҚР ана өлімі себептерінің құрылымы
Себептері: 1.Басқа себептері
2.Қан шығыны( патологиялық)
3.Түсіктер
3. Гестоздар
4. Сепсис
5. Жатырдан тыс жүктілік
Басқа себептері:
-Жүктілік, босану және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Отбасын жоспарлау
Әйелдердің еңбегін қорғауды құқықтық реттеу
Сотталғандардың құқықтық жағдайы ұғымы
Жүкті әйелдердің, емізу кезіндегі (лактация) және қарт адамдардағы фармакотерапия
Әйелдерді гинекологиялық тексеру
ИТА - йод тапшылығы аурулары
Босанудан кейінгі ағзада болатын өзгерістер
Қазақстан Республикасы Президентiнiң 2006 жылғы 1 ақпандағы Жарлығы
Туберкулез бен жүктілік
Жеке еңбек шартының ұғымы
Пәндер