XІX-XX ғасырдағы Ресейдегі саяси және құқық тарихы



Аталмыш дәуір елдегі феодалдық.крепостниктік жүйе дағдарысының тереңдеуімен, капиталистік қатынастардың қалыптасуымен, либерализм идеяларының таралуымен және революциялык қозғалыстың пайда болуымен сипатталады. Ресейдің саяси жағдайына және саяси.құқықтық ойына әсерін тигізген халықаралық фактор Ұлы Француз революциясы болды. Бұл Ресейдегі легитимді саяси.құқықтық идеологаядан, декабристердің саяси идеяларынан және батысшылдық пен славянофилдікке жіктелген ерте либералды саяси ойдан айқын аңғарылады.

Николай Михайлович Карамзиннің Еңбектері
Қалыптасқан осындай саяси ахуалға сай ағартушы абсо¬лютизм идеяларына легитимділік принципін енгізе отырып, са¬модержавие өзінің идеологиялық бағдарын өзгертті. Легитимділіктің орысша үлгісі белгілі жазушы жөне тарихшы Николай Михайлович Карамзиннің (1766—1826) еңбектерінен айқын көрінеді. Он екі томдық "Ресей мемлекеті тарихының" және Александр I патшаға арнап жазған "Ескі және жаңа Ресей туралы" жазбалардың авторы консервативті көзқарасты ұстанды.
Монарх пен халықтың тұтастығының нысаны ретіндегі са¬модержавие Карамзиннің пікірінше, Ресей үшін орыс халқының рухы мен дәстүрлеріне сөйкес келетін нағыз табиғи басқару нысаны.
Аталмыш дәуір елдегі феодалдық-крепостниктік жүйе дағдарысының тереңдеуімен, капиталистік қатынастардың қалыптасуымен, либерализм идеяларының таралуымен және революциялык қозғалыстың пайда болуымен сипатталады. Ресейдің саяси жағдайына және саяси-құқықтық ойына әсерін тигізген халықаралық фактор Ұлы Француз революциясы болды. Бұл Ресейдегі легитимді саяси-құқықтық идеологаядан, декабристердің саяси идеяларынан және батысшылдық пен славянофилдікке жіктелген ерте либералды саяси ойдан айқын аңғарылады.

Николай Михайлович Карамзиннің Еңбектері
Қалыптасқан осындай саяси ахуалға сай ағартушы абсо¬лютизм идеяларына легитимділік принципін енгізе отырып, са¬модержавие өзінің идеологиялық бағдарын өзгертті. Легитимділіктің орысша үлгісі белгілі жазушы жөне тарихшы Николай Михайлович Карамзиннің (1766—1826) еңбектерінен айқын көрінеді. Он екі томдық "Ресей мемлекеті тарихының" және Александр I патшаға арнап жазған "Ескі және жаңа Ресей туралы" жазбалардың авторы консервативті көзқарасты ұстанды.
Монарх пен халықтың тұтастығының нысаны ретіндегі са¬модержавие Карамзиннің пікірінше, Ресей үшін орыс халқының рухы мен дәстүрлеріне сөйкес келетін нағыз табиғи басқару нысаны. Әуел баста славяңдар вечелік дәстүрден өз еркімен бас тартып, варяг княздарын өздеріне билеуші ретінде шақырған болатын. Монархияны шектеуге қарсы шыға отырып ол ұлттық қасиетке, Ресейдің төлтумалылығына
1. Сатершинов Б.Сырымбетұлы Б. Мұхамедов М. «Саяси құқықтық ілімдер тарихы» Алматы
2007
2. Аннерс Э. История европейского права М., 1994

Пән: Саясаттану
Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 12 бет
Таңдаулыға:   
XІX-XX ғасырдағы Ресейдегі саяси және құқық тарихы 3 мамыр
2012
Д. А. ҚОНАЕВ АТЫНДАҒЫ
Орындаған: УНИВЕРСИТЕТ
АЗАМАТТЫҚ – ҚҰҚЫҚТЫҚ
ПӘНДЕР КАФЕДРАСЫ
Тексеруші:

МАЗМҰНЫ

I.
Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 3
II. Николай Михайлович Карамзиннің
еңбектері ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ...3
III. Саяси-құқықтық ойдың өзгеше үлгісін Михаил Михайлович Сперанский
ұсынысы ... ...4
IV. Ресейдегі 1825—1861
жылдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... .6
V. Декабристердің радикалды саяси-құқықтық
идеялары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..6
VI. Пестель
революциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..7
VII. Никита Михайлович Муравьевтің
Конституциясы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
.8
VIII. Алғашқы
батысшыл ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .10

КІРІСПЕ
Аталмыш дәуір елдегі феодалдық-крепостниктік жүйе дағдарысының
тереңдеуімен, капиталистік қатынастардың қалыптасуымен, либерализм
идеяларының таралуымен және революциялык қозғалыстың пайда болуымен
сипатталады. Ресейдің саяси жағдайына және саяси-құқықтық ойына әсерін
тигізген халықаралық фактор Ұлы Француз революциясы болды. Бұл Ресейдегі
легитимді саяси-құқықтық идеологаядан, декабристердің саяси идеяларынан
және батысшылдық пен славянофилдікке жіктелген ерте либералды саяси ойдан
айқын аңғарылады.

Николай Михайлович Карамзиннің Еңбектері
Қалыптасқан осындай саяси ахуалға сай ағартушы абсолютизм идеяларына
легитимділік принципін енгізе отырып, самодержавие өзінің идеологиялық
бағдарын өзгертті. Легитимділіктің орысша үлгісі белгілі жазушы жөне
тарихшы Николай Михайлович Карамзиннің (1766—1826) еңбектерінен айқын
көрінеді. Он екі томдық "Ресей мемлекеті тарихының" және Александр I
патшаға арнап жазған "Ескі және жаңа Ресей туралы" жазбалардың авторы
консервативті көзқарасты ұстанды.
Монарх пен халықтың тұтастығының нысаны ретіндегі самодержавие
Карамзиннің пікірінше, Ресей үшін орыс халқының рухы мен дәстүрлеріне
сөйкес келетін нағыз табиғи басқару нысаны. Әуел баста славяңдар вечелік
дәстүрден өз еркімен бас тартып, варяг княздарын өздеріне билеуші ретінде
шақырған болатын. Монархияны шектеуге қарсы шыға отырып ол ұлттық
қасиетке, Ресейдің төлтумалылығына негізделген легитимді принципті
ұстанады. Ресейдің ерекше тарихи даму жолындағы Иван IV, Петр I, Павел I
тирандық басқаруларын сынайды. Мемлекет нысаны территорияның көлеміне
байланысты деген Монтескьенің ойын қолдай отырып, демократия ертедегі
Новгород үшін қажет болса, ал қазіргі кең байтақ Ресей мемлекеті үшін
монархия гана тиімді деп санайды. Оның ойынша самодержавиенің тірегі
православие болып табылады. Осылайша ол XIX ғасырдағы ресми идеологияның
сүйенген классикалық триадасының іргетасын қалады: самодержавие,
православие, төлтумалық (халықшылдық).

Саяси-құқықтық ойдың өзгеше үлгісін Михаил
Михайлович Сперанский ұсынысы
Легитимді саяси-құқықтық ойдың өзгеше үлгісін талантты мемлекет
қайраткері Михаил Михайлович Сперанский (1772— 1839) ұсынады. Провинциалдық
дворян отбасынан шыққан ол жас кезінен өз қабілетімен көзге түсіп,
мемлекеттік қызметке араласып Александр І-нің сенімді өкіліне айналады.
Реформа-торлық әрекеті үшін реакцияшыл дворяңдар (аракчгеевшілдік)
тарапынан қысым көрген ол шалғай губернияларда қызмет етеді. 1819—1821
жылдары Сібір генерал-губернаторы қызметіндегі оның жүргізген отаршылдық
реформасының ("Сібір қазақтары туралы ережесінің" нәтижесінде хандық
биліктің жойылуы) казак тарихына да қатысы болды. 1821 жылы Мемлекеттік
Кеңестің мүшесі ретінде Петербургке қайта оралған ол ресми жобаларға
байланысты патшаға жазған жазбаларынан оөге 45 томдық "Ресей империясы
заңдарының толық жинағы" (1830), 15 томдық "Ресей империясының зандар
жинағы (1832—1839) жұмыстарына жетекшілік етті.
Сперанскийдің шығармашылығында буржуазиялық заңгерлік дүниетаным Ресейдің
феодалдық құқықтық тәртіптеріне бейімделеді. Оның концепциясы бойынша,
мемлекет болып ұйымдасқан қоғамда еркіндіктің саяси және азаматтық деп
аталатын екі түрі бар. Саяси еркіңдік — бұл "жалпы еріктің" нәтижесінде
қабылданған заң арқылы жүзеге асатын бүкіл мемлекеттік таптардың заң
шығарушы және атқарушы билікке қатысу мүмкіндігі. Алайда заң шығаруға тек
меншік иелері ғана мүдделі болғаңдықтан қатыса алады. Азаматтық еркіндік-
азаматтық құқықтар арқылы қамтамасыз етілетін қоғамдағы барлық
сословиелердің бір-біріне тәуелсіз өмір сүруі.
Осыңдай идеялық-теориялық позициядан шыға отырып Сперанский Ресейде нағыз
еркіндік жоқ, оның мемлекеттік құрылысы "түбірлі мемлекеттік зандармен"
шектелмеген деспотия деген қорытындыға келеді. Екі ғана әлеуметтік топ
бар: мем-лекеттің құлдары және помещиктің құлдары. "Біріншілері
екіншілеріне қатысты ғана еркін, шындығында Ресейде бейшаралар мен
философтардан өзге еркін адамдар жоқ". Мүндай деспоттық жағдайдан шығу
жоғарыдан жүргізілген реформалар арқылы "нағыз монархияға" өтумен жүзеге
асуы мүмкін. "Нағыз монархияға" көшу заңдылық принципі арқылы іске асуы
тиіс. "Нағыз монархияның " келесі принципі биліктің ажыратылуы:
мемлекеттік Дума — жоғары заң шығарушы орган, министрліктер — атқарушы
орган, Сенат-жоғары сот органы. Сперанскийдің билікті белу принципінің
ерекшелігі — биліктің барлық нысандарын біріктіріп мемлекеттік Кеңес құру
және императорға жалпы жетекшілік беру. Яғни бұл концепция самодержавиенің
мүддесіне бейімделген.

Ресейдегі 1825—1861 жылдары
Ресейдегі 1825—1861 жылдар аралығын дворяндық революцияшылдық кезең деп
атайды. Легитимді консервативтік идеологиядан айырмашылығы болған бұл
қозғалыстың бастапқы өкілдері декабристер еді. Декабристердің идеяларына
Ұлы Француз төңкерісінен өзге бірқатар факторлар ықпал етті: 1812 жылғы
Отан соғысынан кейінгі, орыс армиясының шетел жорықтарынан кейінгі
патриотизм крепостниктік қанаудың күшеюі және өкіметтің реакциялық бағытта
"жоғарыдан жүргізген реформаларына", аракчеевшіддікке деген наразылық.
Декабристер қозғалысы біртекті болған жоқ: радикалды бағыт ("Оңтүстік
қоғам") және шектеулі бағыт ("Солтүстік қоғам"). 1825 жылы "Оңтустік
қоғамға қосылған "Славяндардың біріккен қоғамында" демократиялық үрдістер
үстем болды. Бірақ, олар абсолютизм мен крепостниктік құқықты теріске
шығаруда бір-тұтас көзқарасты ұстанды.

Декабристердің радикалды саяси-құқықтық идеялары
Декабристердің радикалды саяси-құқықтық идеялары Павел Иванович
Пестельдің (1793—1826) "Орыс правдасында" жарқын мазмұндалған. Ол 1816
жылдан бастап масон үйірмелеріне қатыса жүріп, "Игілік одағын" құрушылардың
бірі болды, алайда кейінірек құпия "Оңтүстік қоғамды" үйымдастырып оның
басұшысы болды. 1824 жылы бұл қоғамды "Солтүстік қоғаммен" біріктіру
мақсатында Петербургқа да барып қайтты.
Қоғам мен мемлекеттің пайда болуын Пестель адам болмысының табиғи
зандылықтарымен байланыстырады. Барлық қоғамның мақсаты "жалпы
қажеттіліктерді өтеу" болып табылады. Мақсат ортақ болғанмен, оған жетудің
жолын тандау" әрбір адамның жеке қасиеттерінің ерекшеліктеріне байланысты.
Сондықтан тұтастыққа жету үшін әрбір адам өз пікірінің "кейбір бөлігінен
бас тартуы керек". Мақсат пен құралдардың бірлігіне "барлығы заң алдында
тең болатын азаматтық қоғамда" қоғамдық шарт арқылы жетуге болады.
Қоғамдық шарттың мақсаты "Жалпы бүкіл қоғамның және әсіресе, тек
таңдаулылардың емес, оның әрбір мүшесінің игілігі". Мемлекет санаулылардың
ғана қамқорлығын ойласа, онда оның түбірі бүзылады. Пестель Ресейде
феодалдық аристократияның орнына "байлықтың аристократиясы" орнағанын
қаламайды, сондықтан ол жерді жекелей қоғамдастырған аграрлық реформаның
жобасын ұсынады.
Халықты азаматтық қоғамның мүшесі ретінде түсінген Пестельдің пікірінше,
"жеке еркіндік әрбір азаматтың ең бірінші және маңызды құқығы және әрбір
өкіметтің ең маңызды міндеті". Өкімет азаматтардың еркіндігін шектеу үшін
емес, керісінше оған ықпал ету үшін құрылады. Оның ойынша, революция занды
өз мүддесіне пайдалануды жоюдың және еркіндікті қалпына келтірудің
радикалды құралы болып табылады. Қоғам революциядан емес, революцияның
болмауынан жапа шегеді.

Пестель революциясы
Пестель революция жеңісінен кейін 10—15 жылға созылатын Уақытша жоғары
басқару диктатурасын жақтады. Пестельдің жобасы бойынша революцияның
басында-ақ Ресейдегі самодержавие мен билік етуші әулет жойылып, халық
егемендігі принципіне негізделген республика жарияланады. Барлық
сословиелік жеңілдіктер жойылып, билік жалпыға бірдей (жасы 20-ға жеткен ер
адамдар) сайлау арқылы іске асады. Оның жоғарғы органы бір палаталы — Халық
вечесі, атқарушы биліктің органы
— Державалық Дума бес жылға сайланады.
Заң шығарушы және атқарушы биліктермен қатар Пестель бақылаушы билікті де
бөліп көрсетеді. Ол елде конституцияның орындалуын, заң шығарушы жөне
атқарушы биліктердің өз міндеттерінен тысқа шығып кетпеуін қадағалайды.
Оның орталық органы — Жоғарғы собор. Пестель жобасында болашақ Ресей
республикасы унитарлық мемлекет.
Шаруаларға жерді бай помещиктерден тегін, озгелерден ақшалай компенсация
төлеу арқылы алып беру көзделді. Пестель әрбір болыстағы жерді екіге
болді: жеке меншік және қоғамдық меншік. Қоғамдық жердің кесінділері
сатылмайды, тек бір от-басына лайық колемде болшектеліп, пайдалануға
таратылып беріледі. Адамдар өмірінің материалдық жағдайына кепіл болмай,
еркіндіктің бұлыңғыр болатынын Пестель жақсы түсінді.

Никита Михайлович Муравьевтің ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Б.С. Сүлейменовтің өмірі мен ғылыми мұрасы
КӨНЕ ШЫҒЫС ФИЛОСОФИЯСЫ ТАРИХЫ
Ұлытау өңірінің тарихи географиясы (XV ғ. – XIX ғ. соңы)
Дәрістер - Тарих
Заң психологиясының даму тарихы
Ш.Уалихановтың саяси-құқықтық көзқарасы
ХІХ ғ. соңы ХХ ғ. басындағы қазақ зиялыларының қалыптасуының алғышарттары
Әлеуметтану ғылымының тарихы мен әлеуметтану пәнінің зерттеу объектілері
XX ҒАСЫР БАСЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ БАСПАСӨЗІНІҢ МӘДЕНИ ӨМІРІНДЕГІ ОРНЫ
ХІХ ғ.-ХХ ғ. басындағы ресейлік мәдениет контекстіндегі орыс философиясы
Пәндер