Қылмыстық жазаны жұмсарту немесе жазасын өтеуден босату



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 27 бет
Таңдаулыға:   
Курстық жұмыс

Тақырыбы: Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босату.
Рақымшылық немесе кешірім жасау актілерінің заңды табиғаты мен мазмұны.

ЖОСПАР:

І. Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3

Қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босату туралы

түсінік және оның түрлері. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 4-5

Жазадан, босату туралы түсінік және оның түрлері ... ... ... ... ...6

Рақымшылық және кешірім жасау ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ..7

ІІ. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық

жауаптылық пен жазадан босату ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... .8-13

2.1. Рақымшылық немесе кешірім жасау актілерінің заңды

табиғаты мен мазмұны ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..1 4-17

2.2. Рақымшылықтың кешірім беруден айырмашылығы ... ... .18-22

ІІІ. Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .23-26

Қолданылған әдебиеттер ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 27

КІРІСПЕ

Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына он бес жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген істер атқарылғаны баршамызға да мәлім. Осыған сәйкес қылмыстылықпен күресте мақсатқа жету кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тартпай-ақ немесе оған жаза тағайндап, бірақ оны жазаны нақты өтеуден босату, сондай-ақ жаза өтеуден мерзімінен бұрын босату, өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы да мүмкін. Осыған байланысты қылмыстық құқық жауаптылықтан және жазадан немесе жазаны жеңілірек жазамен айырбастау туралы институтты белгілейді. Мұның әрқайсысы тәжірбиеде кеңінен қолданылады. Жалпы қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың мынадай түрлері көрсетілген:
1. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
2. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.
3. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
4. Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жазадан босату.
5. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
6. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату.
Осы аталған негіздер мен қылмыстық жауаптылықтан босату түбегейлі түрде шартсыз жүзеге асырылады. Қылмыстық жауапкершіліктен босату кінәліні жасаған қылмыстан кейінгі барлық құқықтық салдардан босатуды білдіреді. Қылмыстық жазаны жұмсарту немесе жазасын өтеуден босату. Кешірім беруге сотталушының шын жүректен өкінуі немесе егер жазасын өтеушінің ауруының асқынуына адамгершілік таныту себеп болуы мүмкін.
Кінәсін мойындау рақымшылық жасауға міндетті шарт емес.
Рақымшылық актісімен бұрын жазасын өтеп шыққан тұлғадан сотталғандығы алынып тасталуы да мүмкін. ҚР Заңнама талабына сәйкес сотталғандарға рақымшылық жасау құқығына тек ел президенті ие. Мемлекет басшысы сотталған азаматты тағайындалған жазасынан толықтай не ішінәра босата алады немесе оны жеңілдете алады.

1.1.Қылмыстық жауапкершіліктен және жазадан босату туралы түсінік және оның түрлері.

Алайда қылмыстық жауапкершіліктен босату адамды кінәсіз деп тануды білдірмейді, өйткені жасалған әрекет үшін азаматтық-құқықтық жауапкершіліктен, сондай-ақ әкімшілік тәртіптік немесе қоғамдық жазадан босатылмайды. Қылмыстық жауапкершіліктен босату тек қылмыс жасаған адамға ғана қолданылады. Сондықтан да, егер адамның әрекетінде қылмыс белгілері жоқ болса, онда мұндай адам қылмыстық жауапкершілікке тартылмайды. Қылмыстық жауапкершіліктен босатуды сот, прокурор, тергеуші, анықтау органының қызметкері қолдана алады.
Қазақстан Республикасының Қылмыстық кодексінде қылмыстық жауапкершіліктен босатудың мынадай түрлері қарастырылған. Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Адам мынадай шартпен шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босатылуы мүмкін: кішігірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасау, келтірілген зиянды өтеу, қылмысты ашуға белсенді түрде көмектесу. Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауапкершіліктен босату. Қажетті қорғану -- бұл адамның коғамға пайдалы әрекеті. Алайда қажетті қорганудың шегінен асып кетуі қылмыс деп танылады, өйткені, нәтижесінде адамды өмірінен заңсыз айыруға, сондай-ақ оның денсаулығына ауыр зардап келтіруге жол берілуі мүмкін. Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Мұндай босатуға егер айыпты адам:бірінші рет қылмыс жасаса; жасалған қылмыс кішігірім немесе орташа ауыр санатқа жатқызылса; жәбірленушімен татуласса, ол жәбірленушінің тиісті іс жүргізу нысанында айыпты адамға деген талабынан бас тартуынан көрінеді; жәбірленушіге келтірілген зиянның есесін толтырған жағдайда жол берілуі мүмкін. Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауапкершіліктен босату. Қылмыстық жауапқа тартудың ескіру мерзімі деп қылмыс жасаған күннен бастап, сот үкімі заңды күшіне енген кезге дейінгі мерзімді айтады, содан кейін заңда көзделген шартты жағдайларда қылмыстық жауапкершілік жоққа шығарылады. Мұндай босату қылмыс жасалған күннен бастап мынадай мерзімдер өткен жағдайда жүзеге асады:
кішігірім қылмыс жасалғаннан кейін екі жыл;
орташа ауырлықтағы қылмыс жасалғаннан кейін бес жыл;
ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он жыл;
аса ауыр қылмыс жасалғаннан кейін он бес жыл. Ескіру мерзімі қылмыс жасалған күннен бастап сот үкімінің заңды күшіне енген сәтіне дейін есептеледі.
Адам қылмыстық жауаптылыққа істеген іс-әрекеттерінде қылмыстық заңда көрсетілген нақтылы бір қылмыстың құрамы болған жағдайда ғана тартылады. Мысалы: тонау, ұрып-соғу, денсаулыққа қасақана орташа зиян келтіру, бұзақылық тағы басқа. Мұның өзінде қылмыстық жауаптылық оның іс-әрекеті нақты қылмыс құрамын түзейтін қылмыстық құқылық нормаларды кінәлі түрде ғана бұзғанда жүзеге асырылады. Қылмыстық жауаптылық бұл қылмыстық құқылық норманы бұзудың нәтижесі, қоғамға қауіпті іс-әрекеттің көрінісі болып табылады. Қылмыс істелмесе қылмыстық жауаптылық та болмайды. Қылмыстық заң бойынша жазалау қатерімен тыйым салынған қоғамға қауіпті іс әрекеттер үшін қылмыстық жауаптылық тек қана қылмыс істеу арқылы келтірілген зиянның көлеміне, қылмыстың жасау тәсіліне, кінәнің нысанына, қылмыскердің тұлғасының ерекшеліктерін еске ала отырып жүзеге асырылады. Қылмыстық жауаптылық өзіне тән ерекшелігімен оқшауланған құқылық жауапкершіліктің бір түрі болып табылады. Қылмыстық жауаптылық - өзінің нысаны, мазмұны жағынан мемлекеттік күштеу мәні бар жауаптылықтың түрі. Өйткені мемлекет кез келген қылмысқа тиісінше баға бере отырып, оны істеген адамға мемлекет тарапынан заңда көрсетілген күшпен орындалуға тиісті шараларды қолдануды жүзеге асырады. Яғни, қылмыстық жауаптылықтың әлеуметтік мазмұнының өзі сол субъектіге қылмыстық жауаптылық жүктей отырып, мемлекет оның істеген қылмысын мінеп, оған заңдылық баға береді. Қылмыстық жауаптылықтың мазмұны (теріс қылыққа моральдық саяси баға беріп мінеу және мемлекет, қоғам тарапынан қылмысын бетіне басу) және заңдылық (қылмыс істеген адамға қолданылатын мемлекеттік күштеу шаралары). Бұлар қылмыстық жауаптылықтың маңызды, мәнді екі бөлігі болып табылады. Сонымен, қылмыстық жауаптылық деп қылмыс заңы бойынша қылмыс деп белгіленген нақты іс-әрекетті істеген адамды мемлекет атынан оның тиісті органдары арқылы мінеушілігін (айыптаушылығын) айтамыз.
1.2.Жазадан, босату туралы түсінік және оның түрлері
Соттың қылмыс жасаған деп таныған адамын, сот тағайындаған жазадан босату -- жазадан босату деп танылады. Қылмыстық заңда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын - шартты түрде босату көзделген. Жаза тағайындалған адам жазаны өтеу мерзімі біткенге дейін түзелуі мүмкін, сондықтан жазаны әрі қарай орындау мақсатсыз және қажетсіз болып қалады. Осыған байланысты қылмыстық заңда жазаны өтеуден мерзімінен бұрын -- шартты түрде босату институты көзделген, ол бірқатар шартты жағдайлар болғанда адамды жазаны өтеуден одан әрі босатудан көрінеді. Барлық жаза үшін мерзімінен бұрын -- шартты түрде босатуға жол берілмейді, тек түзеу жұмыстары, әскери қызмет бойынша шектеу, бас бостандығын шектеу, тәртіптік әскери бөлімде ұстау немесе бас бостандығынан айыру сияқты жазаларға ғана таралады. Өмір бойы бас бостандығынан айыру жазасын өтеп жүрген адам, егер сот бұл жазаны одан әрі өтеуді қажет етпейді деп таныса және кемінде жиырма бес жыл бас бостандығынан айыруды іс жүзінде өтесе, мерзімінен бұрын -- шартты түрде босатылуы мүмкін.
Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын -- шартты түрде босату шартсыз емес, өйткені жазаның өтелмеген бөлігінде, сотталушы сот жүктеген талаптарды орындауға міндетті. Сотталушының сот тағайындаған жазаның белгілі бір бөлігін өтеуі жазадан мерзімінен бұрын шартты түрде босатудың міндетті белгісі болып табылады.
Егер айыпты өзіне жүктелген міндеттерді орындамаса шартты түрде мерзімінен бұрын жазадан босату алынып тасталады. Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босатуды алып тастау дегеніміз -- сотталушының жазаның өтелмей қалған бөлігін одан әрі өтеуі үшін жаза өтейтін жерге қайтарылуын білдіреді.
Мерзімінен бұрын шартты түрде босатумен қатар Қылмыстық кодексте басқа да жазадан босатудың түрлері қарастырылған, олар: жазаның өтелмеген бөлігін неғұрлым жеңіл жаза түріне ауыстыру; ауруға шалдығуына байланысты жазадан босату; жүкті әйелдердің және жас балалары бар әйелдердіц жазасын өтеуін кейінге қалдыру, төтенше мән-жайлардың салдарынан жазадан босату мән жазаны өтеуді кейінге қалдыру; айыптау үкімінің ескіру мерзімінің өтуіне байланысты жазаны өтеуден босату.

1.3.Рақымшылық және кешірім жасау.
Жауапкершіліктен және жазадан босатудың аралас түрі - рақымшылық және кешірім жасау. Адамдардың жеке айқындалмаған, белгілі бір санатты кешірім жасау кезінде жазаны одан әрі өтеуден босатылуы не оған тағайындалған жаза қысқартылуы немесе жазаның неғұрлым жеңіл түрімен ауыстырылуы мүмкін.
Рақымшылық қылмыстық құқықтағы гуманизмнің бір көрінісі. Әдетте, біздің мемлекетіміздің тарихындағы атаулы күндерге немесе елдегі белгілі бір оқиғаларға байланысты жарияланады. Қазақстан Республикасының Парламентіне рақымшылық жасау актілерін шығару құкығы берілген. Рақымшылық жасау актісі, ол шығарылғанға дейін және оның заңды күшіне енгеніне дейін қылмыс жасаған адамдарға таралады. Рақымшылық жасау актісіне сәйкес қылмыс жасағаны үшін сотталған адамдар негізгі жаза түрінен босатылуы, оларға тағайындалған жаза неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылуы мүмкін, жазасын өтеген адамның рақымшылық жасау туралы актімен соттылығы алынып тасталуы мүмкін. Рақымшылық жасау актісіне қарағанда, кешірім ету -- бұл ауыр қылмыс жасағаны үшін соттың айыпталған адамға қатысты жеке кешірім жасау актісі. Кешірім ету актісін шығару назар аударуға және қолдауға тұрарлық ерекше мән-жайларға негізделеді -- шын өкіну, ізгілік. Кешірім ету нақты адамдарға қатысты, атап белгіленген бір немесе бірнешеуіне қолданылады. Кешірім ету актісінің нәтижесінде анағұрлым қатаң жазалар (өлім жазасы сияқты) жазаның неғұрлым жеңіл түріне ауыстырылуы не жаза қысқартылуы немесе алынып тасталуы мүмкін.
Кешірім ету құқығы Қазақстан Республикасының Президентіне берілген. Кешірім ету жасалған қылмыстың санаттарымен де, қолданылған жазаның түрімен де шектелмейді.
Сонымен, қылмыстық жауапкершіліктен босату деп, қылмыс жасаған адамды мемлекет тарапынан соттау міндетінен, оның әрекетін теріс бағалау түрінде босатуды айтады. Қылмыстық кодексте қылмыстық жауапкершіліктен босатудың көптеген түрлері қарастырылған. Жазалаудан босату деп соттың үкімімен тағайындалған қылмыстық жазаны өтеу міндетінен айыпты адамды толықтай немесе ішінара босатуды айтады.

ІІ. Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық
жауаптылық пен жазадан босату.

Еліміздің тәуелсіз, демократиялық, құқықтық мемлекет болып жарияланғанына он бес жыл болды. Осы жылдар ішінде көптеген істер атқарылғаны баршамызға да мәлім. Осыған сәйкес қылмыстылықпен күресте мақсатқа жету кінәлі адамды қылмыстық жауапқа тартпай-ақ немесе оған жаза тағайндап, бірақ оны жазаны нақты өтеуден босату, сондай-ақ жаза өтеуден мерзімінен бұрын босату, өтелмеген жазаның бөлігін жеңілірек жазамен ауыстыру арқылы жүзеге асырылуы да мүмкін. Осыған байланысты қылмыстық құқық жауаптылықтан және жазадан немесе жазаны жеңілірек жазамен айырбастау туралы институтты белгілейді. Мұның әрқайсысы тәжірбиеде кеңінен қолданылады. Жалпы қылмыстық заң бойынша қылмыстық жауаптылықтан босатудың мынадай түрлері көрсетілген:
Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату.
Жәбірленушімен татуласуына байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жазадан босату.
Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату.
Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылықтан босату.Осы аталған негіздер мен қылмыстық жауаптылықтан босату түбегейлі түрде шартсыз жүзеге асырылады. Қылмыстық заң бойынша кінәлі деп танылған адам жаза өтеуден жазаны өтеуді жалғастырудан босатылуы немесе оның жазасының жеңілірек жазамен ауыстырылуы мүмкін.
Қылмыстық жауаптылықтан босату, жазадан босату немесе жазаны одан әрі өтеуден босатудың бір-бірінен айырмашылығы оларды қолдану негіздеріне байланысты болады. Әдетте, қылмыстық жауаптылықтан босату істелген қылмыстың қоғамға қауіптілігі онша көп болмаған және оны істеген адамның түзелуі, жаза қолданбай-ақ мүмкін болған жағдайларда қолданылады. Жазадан немесе оны одан әрі өтеуден босату сот үкімі бойынша белгілі бір жазаға тағайындалып, соны өтеу барысында өздерінің түзелгендігін дәлелдеген адамдарға қолданылады. Мұндай жазадан босату тек заңда белгіленген тәртіппен сот арқылы ғана жүзеге асырылады.
Осы аталған қылмыстық жауаптылықтан босатудың түрлеріне қысқаша тоқтала кетсем.
1.Шын өкінуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату, бұл бірінші рет кешірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адам, егер ол қылмыс жасағаннан кейін айыбын мойындап өз еркімен келсе немесе қылмысты ашуға жәрдемдессе немесе қылмыс келтірген зиянды өзгеше түрде қалпына келтірсе, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін (65-бап, 1-бөлігі).
2.Қажетті қорғану шегінен асқан кезде қылмыстық жауаптылықтан босату, бұл қылмыстық кодекстің 66-бабына сәйкес қоғамға қауіпті қылмыстан болған үрейлену, қорқу немесе сасқалақтау салдарынан қажетті қорғану шегінен асқан адамды сот істің мән-жайын ескере отырып, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы.
3.Жәбірленушімен татуласуға байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату,бұл қылмыстық кодексте (67-бап) бірінші рет кешірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс істеген адам егер ол жәбірленушімен татуласса және жәбірленушіге келтірген зиянның есесін толтырса, қылмыстық жауаптылықтан босатылуы мүмкін деп көрсетілген.
4.Жағдайдың өзгеруіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату, бұл қылмыс белгілері бар әрекет жасаған адамды, егер істі сот қараған кезде жағдайдың өзгеруі салдарынан ол жасаған әрекет қоғамға қауіпті емес деп таңылса немесе бірінші рет кешірім немесе орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған адамды, егер ол адамның содан кейінгі мүлтіксіз мінез-құлқына байланысты іс сотта қаралған уақытта ол қоғамға қауіпті деп есептеле алмайтындығы белгіленсе, сот қылмыстық жауаптылықтан босатуы мүмкін (68-бап).
5.Ескіру мерзімінің өтуіне байланысты қылмыстық жауаптылықтан босату,бұл қылмыстық жауапқа тартудың мерзімінің ескіруі деп қылмыс істеген уақыттан бастап,кінәлі адамды сол қылмысы үшін заңда көрсетілген шарттарға сәйкес жауапқа тартуға мүмкіндік беретін уақыттың өтуін айтамыз.
(69-бап).
Рақымшылық немесе кешірім жасау актісі негізінде қылмыстық жауаптылық пен жазадан босатудың осы түрінің түсінігіне, құқықтық мәнісіне толығырақ тоқталсам.
Рақымшылық және кешірім берудің құқықтық мәні туралы мәселе заң әдебиеттерінде жеткілікті түрде нанымды ашылмаған және айтарлықтай толық етіп дербес қарауды талап етеді. Рақымшылық және кешірім берудің құқықтық табиғатына дұрыс және толық баға берудің тек қана теориялық емес, сонымен қатар тәжірибелік те маңызы бар, яғни осы институттардың мәнін ашуға, оларды тағайындаудың шарттары мен тәртіптерін анықтауға икемдейді. Бүгінгі таңда заңтануда рақымшылық шығару мемлекеттің шығармашылық құқық қызметіне жатады және кешірім беруден оның айырмасы рақымшылық нормативтік акті болып табылады деген пікір қалыптасты.
Рақымшылықты актінің өзінде ұсынылған қылмыстың немесе қылмыстық топтың категорияларына қатысты анықталған ереже бойынша құқық қорғау органдары орындайды. Рақымшылық актілерінде оны қолдану тәртіптері мен шарттары белгіленеді. Рақымшылықтың бұл ерекшелігі оны сөзсіз нормативтік актіге жақындатады.
Рақымшылық шыққанға дейін жасалған қылмыстың бәріне бірдей жарияланбайды, тек қана категориялары анықталмаған тұлғалар мен қылмыстың жекелеген түрлеріне ғана қатысты. Рақымшылық бойынша босату заңның өзінде қарастырылғандықтан, бұл жағдайды қолданымдағы нормативтік қылмыстарға енгізілген өзгерістер туралы куәлік ретінде түсіндіруге болмайды.
Қылмыс жасалғаны үшін сотталған тұлға, жазалаудан оған тағайындалған жазаның қысқартылуына не болмаса ең жеңіл жазамен ауыстырылуына немесе жазаның қосымша түрінен босатылуына байланысты босатылуы мүмкін. Жазалауын орындаған тұлға, рақымшылық туралы актімен соттан босатылады.
Рақымшылық актісі оны қолдану жағдайларының белгісіз санына қолдануы сөзсіз, бірақ ол түбегейлі тұрақты емес. Рақымшылықтың ең көп қолданылуы ол шыққаннан кейін. Бұған белгілі дәрежедегі тергеу барысында тоқтату туралы рақымшылық актілерінде жазылған нұсқаулар да бейімдейді. Уақыт өте келе, рақымшылыққа жататын қылмысты ашу мүмкіндігіне қарамастан, оны қолдану жағдайы тым сирейтін болады. Рақымшылық арнайы актімен тоқтатылмайды, ол өзінен-өзі біртіндеп күшін жояды.
Заң әдебиеттерінде рақымшылық пен кешірім беруді анықтайтын пән бірлігі жоқ. П.С.Ромашкин қылмыстық қудалауды рақымшылық мәніне жатады деп түсінген.
В.М.Галкин рақымшылық және кешірім беру құқық бұзушыларды кешіру актісі болып табылады және құқық бұзушыдан тек қана материалдық-құқықтық зардапқа ғана әсер етеді деп санайды.
Рақымшылық мәнін анықтау үшін рақымшылық деген түсініктің өзін ұғындыруға назар аудару қажет. Рақымшылық сөзі - гректің (amnestia), ұмыту, естен шығару, кешіру деген сөзінен шыққан. Кешіру яғни мейірбандық жасау,... кешіру,.. қандай да бір кінәні кешіру... (қандай да бір қылмысты жазасыз қалдыру).
Рақымшылық - кінәліні ақтамайды, керісінше, тұлға құқық бұзғандығын мойындайды, бірақ оны қылмыстық жауап беруден және жазалаудан босатады.
Рақымшылықтың кешірім беруден айырмашылығы, ол тек қана сотталғандар үшін жарияланбайды, жасаған істерінде бірқатар қылмыстар бар, қоғамға қарсы әрекеттер жасаған тұлғалар үшін де, бірақ рақымшылық актісімен байланысты, оған қолданылуы тиіс қылмыстық істі қозғай алмайды. Рақымшылық сол сияқты үстінен қылмыстық іс қозғалған тұлғаға да қатысты; қылмыстық жауапкершілікке тартылған (айыпталушы) тұлғаға да; өзіне қатысты қылмыстық ісі сотта қаралу сатысында жатқан тұлғаға да қатысты қолданылады.
Рақымшылық туралы акті осы жауапкершіліктен (толық немесе ішінара) босату тәсілі ретінде қаралатын болғандықтан, теориялық жағынан рақымшылыққа жататын тұлғалар тобы туралы мәселе, қылмыстық жауапкершілік субъектісі түсінігімен тікелей байланысты.
Рақымшылық актісінің күшімен жауапкершіліктен босатылған тұлғаның жалғыз ерекшелігі сол, қылмыс субъектісі болып, рақымшылық тек қана кінәлілерін мойындаған немесе сотталған тұлғалар емес, қылмыстық іс әлі қозғалмаған немесе ол тергеу сатысында жатқан тұлғаларға да қатысты.
Рақымшылық туралы актілерде соңғы жылдары рақымшылық қолданылмайтын тұлғалар тобының тарылып бара жатқаны байқалады.
Ереже бойынша, жазалау мерзімі мен түріне қарамастан, ерекше қауіпті қылмыс жасап сотталған адамға; қасақана қылмыс жасағаны үшін бас бостандығынан айрылып, қайтадан сотталғандарға; бұрын рақымшылық немесе кешірім беру тәртібімен жазадан босатылған және қайтадан қасақана қылмыс жасаған; рақымшылық актісінің өзінде саналып көрсетілген қылмыстар жасаған, сондай-ақ ұрлық, қымқыру, тонау, қарақшылық, алаяқтық және бопсалаушылық; жазалауды өтеу режімін бұзушылық жатпайды.
Көптеген рақымшылық актілері қылмыс жасағанға дейін мемлекетке белгілі бір еңбегі сіңгендерге арналады. Бірақ, сотталған адамның бұрынғы сіңген еңбегінің жасаған қылмысқа ешқандай қатысы бар ма деген сұрақ тууы мүмкін? Олардың түзетілуі және қайта тәрбиеленуінің дәлел бола алмайтыны сияқты, бұл да сол сияқты дәлел бола алмайды. Оның үстіне бұл сіңген еңбектер жаза тағайындаған кезде жағдайды жеңілдетуге сот оларды ескерген, өйткені олар айыпкердің жеке басының жағымды жақтарын есептеу үшін қабылданған. Марапаттаулары және басқа да еңбектері бар азаматтарды рақымшылық бойынша босату, дәл сондай қылмыс жасаған басқалардың арасында әлеуметтік әділетсіздікке апарады.
Рақымшылықты қолдану оның заңды мәнімен тығыз байланысты. Аталған актінің нормативтік емес сипаты рақымшылықты оны қолдануға әсер ететін ерекше жағдайға қалдырады. Рақымшылықтың уақытпен әрекет етуі жөнінде белгілі бір алауыздықтар теорияда да және тәжірибеде де туындап отырады. Атап айтқанда, акті шыққан немесе ол шыққаннан кейін, бірақ жарияланғанға дейін рақымшылыққа жататын қылмыс жасаған адамға оны қолдануға бола ма деген сұрақ туындайды? Оның дұрыс шешімі кейбір қылмыстарға, соның ішінде ұзарған және созылмалы қылмыстарға рақымшылықтың дұрыс қолданылуына байланысты.
Қылмыстық заңның әрекет ету шегі туралы жалпы ереженің рақымшылық актілеріне қатысы жоқ. Ол тиісті акті шыққанға дейін жасалған қылмысты ғана қамтиды. Рақымшылық актісінің тек керісінше күші бар, ол келешекке жарамайды. Осы негізде сот тәжірибесінің ұстайтын позициясы: тиісінше амнистия барлық жасалған іс-әрекетке, рақымшылық туралы акті шыққан күні жасалған, акті шығып, ол жарияланғанға дейінгі мерзім ішінде жасалған іс-әркетке қатысы болуы тиіс.
Шартсыз рақымшылыққа қарағанда шартты рақымшылықты және кешірім беруді қолдану кезінде жасалған қылмыстың қоғамға қауіптілік дәрежесі мен сипатын ғана ескермей, айыпкердің жеке тұлғасын да ескеру керек. Шартты рақымшылық және кешірім беру кезінде сынақ мерзімі, осыған ұқсас шартты соталғандағы бес жылдан артық болмауы керек. Белгіленген сынақ мерзімі қысқартуға жатпауы тиіс. Шартты рақымшылық алған және шартты кешірім берілген адамға белгілі бір міндет жүктелуі мүмкін, ол соны орындауы қажет. Шартты рақымшылық және кешірім берілген адамның мінез-құлқына бақылау жасалынады. Шартты рақымшылық алған адамның мінез-құлқына бақылау жасаушы органның ұсынысы бойынша, сот шартты рақымшылықты бұзуы мүмкін. Сынақ мерзімі кезінде шартты рақымшылық алған адам жаңадан қасақана қылмыс жасаған, орташа ауырлықтағы қылмыс жасаған, қасақана ауыр немесе ерекше ауыр қылмыс жасаған жағдайда шартты рақымшылық бұзылады. Шартты рақымшылық сол сияқты сынақ мерзімі бойында шартты рақымшылық алған адам өзіне жүктелген міндетті жүйелі түрде немесе әдейі орындамаған жағдайда бұзылуы мүмкін. Шартты рақымшылық алған адамға бақылау жасаушы органның ұсынысы бойынша, сот шартты рақымшылықты бұзу және сот үкімімен тағайындалған жазаны орындау туралы қаулы шығарады. Шартты рақымшылық алушы сынақ мерзімі ішінде абайсызда немесе қасақана онша ауыр емес қылмыс жасаған жағдайда шартты рақымшылықты бұзу немесе сақтау туралы шешімді сот шығарады. Шартты рақымшылықты және кешірім беруді қолдану айыпкердің мінезін түзейтін және толық түзелуге икемдейтін болады. Жауапкершіліктен және жазадан толық босатылу негізгі және сондай-ақ қосымша жазадан сотталу түріндегі құқықтық құтылумен болжанады.
Қазақстан Республикасы Конститутциясының 54-бабы 6-тармағына сәйкес Республика Парламенті адамдардың жеке айқындалған тобы жөнінде рақымшылық туралы заң шығаруға құқылы.
Қазақстан Республикасы Конститутциясының 44-бабы 15-тармағына сәйкес белгілі бір жеке адамға ол жөнінде айыптау үкімі заңды күшіне енген жағдайда кешірім жасау туралы актіні Қазақстан Республикасының Призиденті шығарады (76-бап, 3-бөлігі).

2.1. Рақымшылық немесе кешірім жасау актілерінің заңды
табиғаты мен мазмұны.

Рақымшылық және кешірім беру Қазақстан Республикасы Жоғарғы өкімет органдарының актілері болып табылады. Бұл актілер белгілі бір қылмыстар үшін жауаптылықты белгілеген қылмыстық заңдарды немесе сот үкімін жоймай-ақ қылмыстық жауаптылықты немесе жазада немесе оған сот тағайындаған жазаны жеңілірек жазамен ауыстыра алады. Рақымшылықты және кешірім беруді қолданудың өзі мемлекеттің ізгілік принципін басшылыққа ала отырып,қылмыс істеген адамдарға уақытша қателескен адамдар ретінде қарап, оларға сенім білдіру болып табылады. Рақымшылық актісі, әдетте, елде болған елеулі оқиғаларға немесе мерей тойларға байланысты қабылданады. Мысалы, 1991 жылы 15 ақпанда Қазақ Советтік Социалистік Республикасының Қазақ Советтік Социалистік Республикасының мемлекеттік егемендігі жөніндегі Декларациясының қабылдануына байланысты "Рақымшылық туралы" заңы қабылданса, 1993 жылы 5 қазанда "Халықаралық отбасы жылына байланысты рақымшылық туралы", 1996 жылы 15 маусымда "Қазақстан Республикасының жаңа Конститутциясының бір жылдығына байланысты рақымшылық туралы" және 2002 жылы 19 ақпанда "Қазақстан Республикасы тәуелсіздігінің он жылдығына байланысты рақымшылық жасау туралы" Қазақстан Республикасының заңы қабылданды.
Рақымшылық актісінің нормативтік мәнісі бар. Бұл акт рақымшылық туралы заңда көрсетілген істеген қылмысының қашан белгілі болғанына қарамастан белгілі бір санатқа немесе топтарға жататын адамдар жөнінде қолданылады.
1991 жылғы 16 ақпандағы рақымшылық актісі бойынша тағайындалған жазалау мерзіміне қарамастан бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан немесе бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазалардан мынадай сотталған адамдар: а) отанды қорғау жөніндегі жауынгерлік іс-қимылдарға қатысқандар; б) КСРО ордендерімен және медальдарымен наградталғандар; в) I және II топтағы мүгедектер; г) кәмелетке толмаған балалары бар әйелдер, сондай-ақ жүкті әйелдер; д) 60 жастан асқан еркектер; 55 жастан асқан әйелдер босатылады.
1994 жылғы 5 қазандағы рақымшылық актісі бойынша біріншіден, бас бостандығынан айыру түріндегі жазадан немесе бас бостандығынан айырумен байланысты емес жазадан тағайындалған жаза мерзіміне қарамастан бұрын еңбекпен тәрбиелеу колонияларында ұсталмаған (тағайндалған жаза мерзіміне қарамастан) кәмелетке толмағандар; үш жылға дейінгі мерзімді қоса бас бостанбығынан айыруға сотталып, еңбекпен тәрбиелеу колониясында ұсталған кәмелетке толмағандар; екіншіден, 16 жасқа дейінгі балалар; I және II топтағы мүгедек балалары бар, сондай-ақ жүкті әйелдер; әскери және интернационалдық борышын орындау кезінде қаза тапқан әскери қызметкерлердің жесірлері; соғыс мүгедектерінің және соларға теңестірілген адамдардың әйелдері; үшішіден, 1941, 1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысының қатысушылары мен мүгедектері, сондай-ақ соларға теңестірілген адамдар; 60 жастан асқан еркектер, 55 жастан ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мүлікті тәркілеу жазасының қолдану ерекшеліктері
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату туралы
Жекелеген түрлерi бойынша қылмыстық жазадан босатудың негiздерi мен тәртiбi
ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАЗАДАН БОСАТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
Қылмыстық жауаптылықтан босатудың түсінігі
Жазаның негізгі түрлері
Қылмыстық жауаптылықтан және жазадан босату
ЕСКІРУ МЕРЗІМІНІҢ ӨТУІНЕ БАЙЛАНЫСТЫ ҚЫЛМЫСТЫҚ ЖАУАПТЫЛЫҚТАН БОСАТУ
Қылмыстық жауаптылықтан босату негіздері және олардың түрлері
Жазаны өтеуден мерзімінен бұрын шартты түрде босату
Пәндер