Қазіргі Қазақстандағы жастардың діншілдік мәселесі


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 65 бет
Таңдаулыға:   

Қазақстан жастарының дiни сауаттылығы және дiнтану пәнінің маңыздылығы

ЖОСПАР

Кіріспе . . .
3
Кіріспе. . .:
3:
Кіріспе. . .: I Еліміздегі жастардың дiни сауаттылығы және діншілдік . . .
3: 7
Кіріспе. . .: 1. 1 Жастарды діни сауаттылығын арттыру және оның маңызы . . .
3: 7
Кіріспе. . .: 1. 2 Қазіргі Қазақстандағы жастардың діншілдік мәселесі . . .
3: 19
Кіріспе. . .: II Тәуелсіз Қазақстанның рухани дамуындағы дінтану пәнінің маңыздылығы . .
3: 31
Кіріспе. . .: 2. 1 Дінтану пәні және оның қалыптасу кезеңдері . . .
3: 31
Кіріспе. . .: 2. 2 Қазақстандағы дінтану пәні . . .
3: 46
Кіріспе. . .:
3:
Кіріспе. . .: Қорытынды . . .
3: 61
Кіріспе. . .:
3:
Кіріспе. . .: Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
3: 64

Кіріспе

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан - 2050» Стратегиясында еліміз бен өңіріміз үшін он негізгі сын - қатерді бөліп көрсеткен. «Бірінші сын - қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі. Тарихи уақыт аса жеделдей түсуде. Әлем қарқынды түрде өзгеруде және болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы адамды таң қалдырады».

Уақыттың жеделдеуі адамның сезімі мен санасына салмақ салуда. Адамдарға әсіресе жастарға психологиялық көмек, қызмет керек. Зайырлы мемлекеттегі діннің орны туралы, алдағы уақытта жұмысымыздың қандай бағытта жүргізуіміз керек деген сұрақ қазіргі таңда мардымды болып табылады.

Алдымен айтарымыз - діни ағартушылық мәселесі. Еліміздегі барлық мектептердің 9 сыныптарында «Дінтану негіздері» пәні қазақ, орыс және өзге этнос тілдерінде жүргізіліп жатыр (32 сағ. ) . Оқулық та, бағдарлама да бар, проблемалар да бар. Ел аралап дәріс оқып жүргенде дінтану пәнінен сабақ беретін мұғалімдер:

Дінтану негіздері кеш берілді. Бұл бастауыш сыныптарында жүргізілсе, - деген тілек білдіруде, - мұндай тәжірибе Түркия және т. б. елдерде бар.

Сонымен бірге ата-аналарға, отбасына арналған әдебиет - оқулық болса деген де тілек білдіруде. Тәрбие отбасынан басталады. Дінге қатысты, ұлттық дәстүрлерге қатысты отбасыларының даярлығы жеткілікті ме? Интернетте әр түрлі пікір. Қоғамда да бұл істе жүйелілік жоқ, отбасында өсіп келе жатқан жас жеткіншек қандай жолға түсіп кетпек, оны кім бағдарламақ?

«Дінтану негіздері» пәнінің мектептерде оқытылу сапасы туралы айтсақ, ол міндетті оқылатын пәні емес, 9 сыныпта аптасына бір ақ рет өтетін вариативті пән. Демек, «Дінтану негіздері» мектептерде міндетті пән ретінде оқылатын мезгіл жетті. Сонымен бірге, еліміздегі діни жағдай әр аймақта біркелкі емес. Мысалы, дәстүрлі мұсылмандар тығыз шоғырланған Оңтүстік облыстарда: «Бізге «Дінтану негізінен» гөрі ислам мәдениеті туралы оқулық керек», - деген ұсыныстар айтылды. Оның объективтік негіздері де бар. Себебі, бұл өңірлерде ислам мәдениетіне қатысты ескерткіштер, мавзолейлер, ғимараттар, елді мекендер мол.

Дін - адамдар дүниетанымы мен эстетикалық талғамын қалыптастыруға, қоғам мүшелерін құрметтеп, айналаға мейіріммен қарауға, бейбіт өмірді қамтамасыз етуге, татулық пен тыныштыққа қызмет етеді. Қоғамның ең басты байлығы - адам болғандықтан, адамға тура жол көрсетіп, ақ пен қараны ажыратуда діннің алар орны ерекше.

ҚР Үкіметінің 2018 жылғы 15 наурыздағы қаулысымен бекітілген «ҚР діни экстремизм мен терроризмге қарсы іс-қимыл жөніндегі 2018-2022 жылдарға арналған» мемлекеттік бағдарламаны орындау мақсатында нәтижелі іс шаралар жүзеге асырылуда. Дін саласындағы мемлекеттік саясаттың 2017-2020 жылдарға арналған Тұжырымдама да аталған іргелі істің негізі болып табылады.

Ал, дінтану - бұл діннің қоғамдық маңыздылығы бар феномен ретінде жалпы жүйелік білім беретін пән. Қазіргі жаһандану процесі кезінде әр мемлекет өзінің ұлттық құндылықтарын, ұлттық болмысын сақтап қалуға тырысады. Бүгінгі әлеуметтік жағдайда елімізде белгілі бір идеологиялық білім ретінде дінге деген қажеттілік бар. Сол себептен, Қазақстан қоғамының түрлі этностық, конфессиялық сипатын ескере отыра, соған қоса ұлттық діни мұраны сақтап қалатындай қазіргі зайырлы қоғамға, заман талабына сай дінтану пәнін оқыту, дінтанушы мамандар аса қажет және бұл тақырып қашан да өзекті болып қала бермек.

Кеңестік идеология мен тоталитаризм нәтижесінде орын алған дін саласындағы жағдай мен халықтың діни сауатсыздығын пайдаланып, шетелдерден түрлі діни ағымдар келе бастады. Қазақ жастарының бір бөлігі исламнан бөлек түрлі дәстүрлі емес діни ағымдардың жетегінде кете барды, қалған бөлігі мұсылман елдері, солардың ішінде Иран, Сауд Арабиясы, Мысыр елдерінен келген идеологиялық діни ағымдардың ықпалына ұрынды. Ал, қазақи дәстүр мен мәдениетті сақтап қалған бөлігі ұлттық құндылықтарды алға тартты. Сондықтан, шетелден келген идеологияларға ұрынбай, өзіміздің ұлттық болмысымызды, дінімізді, зайырлы сипатымызды сақтап қалу үшін, халықтың діни сауаттылығын көтеру үшін діни білім, дінді оқытатын, діни жағдайды бақылап, талдау жасай алатын мамандар қажет болды. Осы орайда елімізде шетелдердің (Батыс және Шығыс) және көршілес мемлекеттердің діни білім жөніндегі тәжірибесі негізінде жоғарғы оқу орындарында дінтану пәні енгізіліп, кейіннен осы сала бойынша мамандарды даярлай бастады.

2001 жылға дейін елімізде дінтану мамандығы бойынша жүйелі оқыту моделі болған жоқ. Дінтану саласында оқып бітірген жастарға «Дінтанушы және араб тілінің маманы» деген біліктілік берілді. Тек, 2002 жылдан бастап «Дінтанушы» біліктілігі беріле бастады. Алғашқы кезеңдерде дінтану әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінде, Абылай хан атындағы Қазақ халықаралық қатынастар және әлемдік тілдер университетінде, Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде жүргізілді. Кейіннен бұл мамандықтар Демирел атындағы Қазақ-түрік халықаралық университетінде және «Нұр» қазақ-египет ислам университетінде (бұрынғы «Нұр-Мүбәрак» Мысыр ислам мәдениеті университеті) жүргізіле бастады.

Бүгінгі күні Қазақстанда дін мамандары екі бағытта - дінтанушылар мен теологтар ретінде даярланады. Дінтанушылар дінді ғылыми тұрғыдан зерттеп, жалпы әлемде бар барлық діндердің тарихы мен теориясын қарастырса; теологтар құдайды, дінді іш жағынан, діни тұрғыдан зерттеп, құдай идеясын мойындайтын және негіздейтін діндерді, ең алдымен, әлемдік діндерді зерттейді. Дінтанушы мамандарды Алматы қаласындағы әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті мен Шет тілдер және іскерлік университетінде (алғашында Абылай хан атындағы Халықаралық қатынастар және бүкіләлемдік тілдер университеті жанындағы Шет тілдер факультеті болған), Астана қаласындағы Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде, Түркістан қаласындағы Қ. А. Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде, Қарағанды қаласындағы Е. А. Бөкетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университетінде бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша даярлайды. Дінтанушы мамандарға мемлекеттік, діни және қоғамдық ұйымдарда, бұқаралық ақпарат құралдарында тәуелсіз сарапшы ретінде және сарапшылар комиссиясы құрамында, мемлекеттік басқару, сыртқы және ішкі саясат бөлімінің, дін істері агенттігінің қызметкерлері, мемлекеттік және мемлекеттік емес жоғарғы және орта арнаулы оқу орындарының оқытушылары ретінде сұраныс жоғары.

Қоғамда зайырлы дінтанушы мамандармен қатар, дінді тереңінен түсіндіретін теолог мамандарға да сұраныс жоғары. Ислам теологтарын Қазақстанда жалғыз «Нұр» қазақ-египет ислам университеті даярлайды. Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы жанындағы Республикалық Имамдардың білімін жетілдіру Ислам институтында имамдар бірнеше айлық курстардан өтіп, дәрістер алып, курс соңында емтихан түрінде сынақтан өтеді. Бұдан басқа, 9 медресе мен Ақмола және Павлодар облыстарында 2 қарилар дайындау орталығы жұмыс істейді. Исламдық білім беретін оқу орындары мен білім беру мекемелерінің бұл көрсеткішіне қарамастан, имамдарды даярлау саласында да әлі шешімін таппаған мәселелер бар. Қазақстандағы мешіттерде әлі де имамдардың жетіспеушілігі байқалады. Қазақстандағы барлығы 2228 мешітте жұмыс істейтін имамдардың шамамен 30% ғана жоғары білімі бар. Егер, республика бойынша жоғары білімді имамдарды даярайтын тек бір ғана жоғарғы оқу орны барын ескерсек, бұл көрсеткіш заңды. Халықтың 70 % астамы мұсылмандар болып табылады, ислам дінінің қазақ халқы үшін тарихи, мәдени маңызы зор. Халыққа ислам дінінің негіздерін, дін атын жамылған дәстүрлі емес діни ағымдар мен ұйымдардың діни идеологиясын ислам дінінің ханафи мазхабынан ажыратып бере алатын, бүгінгі діни ахуал жағдайында қоғамдағы тұрақтылықты сақтау үшін, әсіресе жастар арасында экстремистік және лаңкестік идеялардың алдын алу мақсатында діни сауаттылықты арттыруға бағытталған уағыздарды жүргізуде имамдардың рөлі зор. Сондықтан, ислам бағытындағы дін қызметшілерін даярлау мәселесі әлі де жетілдіруді қажет етеді.

Зерттеудің тақырыбы . Қазақстан жастарының дiни сауаттылығы және дiнтану пәнінің маңыздылығы

Зерттеу нысаны . Тәуелсіз Қазақстан Республикасының жастары.

Зерттеудің пәні . Қазақстан Республикасындағы жастардың діни сауаттылығы және Республикадағы дінтану пәні.

Зерттеудің мақсаты. Қазіргі діни білім беру жағдайларындағы тұлға дауының діни рөлін аңықтау және мектептердегі «Дінтану» пәнінің маңыздылығың көрсету.

Зерттеудің міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсатына орай келесі міндеттер айқындалады:

  • діни сауаттылықтың тұлға дамуына әсер етуі;
  • діни тәрбиенің мәнін ашу;
  • діни сауаттылықты көтерудің жолдарын аңықтау;
  • дінтану пәнінің рөлін көрсету;
  • дінтану пәнінің жастар сауаттылығын арттырудағы орның анықтау

Зерттеудің теориялық және әдіснамалық негіздері . Дипломдық жұмыстың әдіснамалық негізі радикалды діни ағымдардың тарихын зерттеу мен объективизм сияқты ғылыми білімнің іргелі принциптерін қамтиды. Адамзат қоғамының тарихының құбылыстары мен үрдістерін сыни талдауды қолдану өте маңызды. Зерттеу жұмысында индукциялық және шегерім әдістерін, салыстырмалы, статистикалық және әлеуметтік әдістерін кеңінен қолданылды. Зерттеу барысында мәселені жан-жақты қарастыруға мүмкіндік беретін әртүрлі әдістер қолданылды, оларға: анализ, синтез, ретроспективалық, салыстырмалы - тарихи, феноменологиялық, тарихи - логикалық және сипаттап баяндау, хронологиялық - проблемалық әдістері жатады. Аталған әдістердің көмегімен түрлі радикалды діни ұйымдардың тәжірибесіндегі жалпы және ерекше сипаттамалары анықталды. Сонымен бірге, әлеуметтанулық сауалнама әдісі пайдаланылды.

Зерттеудің құрылымы. Дипломдық жұмыстың жалпы көлемі 64 бет. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I Еліміздегі жастардың дiни сауаттылығы және діншілдік

1. 1 Жастарды діни сауаттылығын арттыру және оның маңызы

Еліміз егемендігін алып, тәуелсіздігімізді алғаннан бері ұмыт бола бастаған көптеген діни құндылықтарымыз бен тарихи, мәдени құндылықтарымызға қайта қауыштық. Жастардың діни сауаттылығы қазіргі қоғамда күрделі әрі өзекті мәселелердің бірі. Жастардың рухани санасын оятуда діннің алар орыны ерекше. Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың өзі айтқанындай: «Саясат күнде өзгереді, ал, дін - мәңгілік», - деген. Бұл жерде ұқпағымыз дін ол кеше, яки бүгін пайда бола салған ұғым емес. Ол сонау Пайғамбарлар заманынан келе жатқан сенім жүйесі. Жастардың діни сауаттылығын арттыруда әрине бірінші кезекте ислам дінінен ақпарат беру маңызды. Өйткені қазіргідей қоғамда дінді бұрыс бұрмалаудың нәтижесінде, оның ішкі-мазмұнына үңілместен қаралайтын да жағдайлар кездеседі. Ислам діні адамзат баласын тазалыққа, ілім-бімге, талапты болуға шақыратын дін. Өйткені, ақырзаман пайғамбары Мұхаммед Мұстафаға (с. ғ. с. ) ең соңғы, ең кәміл түрде түсірілген Құран Кәрімнің ең алғашқы әмірі «Оқы!» деп келуі - Ислам дінінің білім-ғылымға қаншалықты көңіл аударғаның о бастан-ақ аңғартты. Ең сүйікті құлына «Раббым ілімімді арттыр!», - деп дұға үйретуімен қатар, «Білгендер мен білмегендер тең болады ма?», - деп білімнің артықшылығын соқырға таяқ ұстатқаңдай көрсетіп берді. [1. 12 б] Ал, пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) хадисінде «Ғұламалар - пайғамбарлардың мұрагерлері. Пайғамбарлар соңынан динар немесе дирхам емес, ілім қалдырады. Кім соған қол жеткізсе, үлкен мәртебеге жеткені», - деуі арқылы сауатты болуға барынша ынталандырып тұрғаның көреміз. [2. 194-б]

Мінекей, жастардың діни сауаттылығын арттыру үшін маңызды қадамдар жасалуы керек. Және ислам дінін бір жақты қарамай, ілімге қаншалықты көңіл бөлумен қатар, сауатты болуға қаншалықты ынталандырады деген мәселені қарастыру да аса маңызды. Өйткені, жастардың арасында діни сауатсыздықтың салдарынан өзге ағымға кетіп жатқандары немесе исламдағы айтылған хадис мәтіндерінің мағынасын тікелей түсіну арқылы, сауатсыздыққа жол ашып жатқанын қазіргі қоғамымызда көрініс тауып отырған жағдайлар куә бола алады. Қазіргі кезде осы келеңсіздіктерді болдырмау үшін елімізде атқарылып жатқан шаралар өте көп. Атап айтсақ, жастардың діни сауатты маман болуына арналған еліміздегі заманауи оқу үрдісіне сай 9 медресе, 1 университет, 1 институт. Сонымен қатар, әр мешіттін жанынан діни сауат ашу курстары да жұмыс істейді. Ал, зайырлы ұстанымымызға сәйкес Білім және ғылым министірлігінің ұсынысымен мектептерге дінтану пәні де енгізілді. Соның салдарынан жастардың діни сауатын арттыру бір жолға қойылды деп селқос қарауға да болмайды. Тағы бір айта кетерлік мәселе, Дін істері агенттігінің тарапынан арнайы баспалардан діни кітаптарға қаржы бөліп, оны шығаруда қолға алынған шаралардың бірі. Мұны айтып отырған себебіміз, қазіргідей жастардың діни кітаптарға деген сұранысын интернет қанағаттандырып отырған секілді. Өйткені, ақпарат дамыған сайын адамның кітап оқуға деген қызығушылығы сәл төмендейді. Бірақ, кітап оқу арқылы да белгілі бір дәрежеде діни сауаттылығымызды арттыруға мол мүмкіндігіміз бар. Себебі, ғаламдық мәдениеттің бір бөлігін кітап құрайды. Кітап оқу-білімге ұмтылысты, дүниетанымды кеңейтуді, адамның өзін тануын білдіреді. Күнделікті өмірде кітап оқыйтын адам мен оқымайтын адаммен айырмашылығын тез байқауға болады. Кітап оқыйтын адам ақыл-парасат, таным, білім, елмен қарым-қатынас, тіл байлығы, сыпайлығы мен мәдениеттілігі секілді бірсыпыра ізгі қасиеттерімен ерекшеленіп тұрады.

Өмірде кітап оқудың адамға берері көп. Шыңдап келгенде, әр кітап бір-бір тәжірибелі ұстазға, ақыл қалтаға ұқсайды. Басқалардың қанша жылғы білген-түйген нәрселерін, ізденісін біз сол адамның жазған кітабын оқу арқылы-ақ үйрене аламыз. Демек, кітап оқу өмірде қателеспеу үшін басқалардың тәжірибесімен танысу дегенді де білдіреді. Кітап - адамға таптырмайтын пайдалы дос. Ол жай уақытта ешкімнің мазасын алмайтын, қажет кезде үнемі қасыңнан табылатын, кез-келеген сәтте кеңес беруге әзір. Ақылына ақы сұрамайтын, жан сарайымызды серпілтіп, дұрыс жолды көрсететін жанашыр, әрі жалықтырмайтын серік десек те болады.

Көп нәрсе білімсіздіктен туатыны даусыз. Ал, білімсіздің өзгелерді кері сүйрегеннен басқа берері болмайды. Өйткені, өзі ұйқыдағы жанның басқаларды оятуы мүмкін емес. Мал екеш малдың өзі кей шөптерді жемейтінің ескерсек, адамға қандай кітап оқу керектігі де ойлануға тұрарлық. Бұл тұрғыда кітап таңдаудың да маңыздылығы зор. [3. 108, 109 б]

Бұны айтып отырғандағы мәселе, қазіргі қоғамымызда барлық жастарың діни сауаттылығы бірдей деп айта алмаймыз. Өйткені, діни сауатсыз жастардың өзге ағымдарға кетіп қалу қаупі басым.

Бүкіл ғылым атаулы діннен шығады, діннен қуат алады, дін арқылы өсіп-өркеңдеп жетіледі. Ғылымнан үміті бар жандар әрбір нәрсені өз жаратылыс мақсатын байланыстыра зерттеуі тиіс. Жастардың рухани және діни сауатты болуы кезек күттірмес мәселелердің бірі. Қазіргі қоғам жастардың діни сауаттылығының төмен дәрежеде сипатталуымен қатар, атынан да затынан да шатасатын саяси миссионерлік секталарға толы. Бұндай жолдарға, керітартпа ағымдарға кетпеудің ең әуелгі жолы ол - діни сауаттылықты арттыру. Ақиық ақын Мұқағали еліне шын жаны ашыған қайраткер. Ол біздің қазіргі қоғамымызды бір шумақ өлеңге сыйдырып былай деген:

«Қаймағы бұзылмаған қайран дінім,

Қаймағың быт-шыт болды қайдан бүгін», - деп, сан ғасыр бойы қаймағы бұзылмай, момын халқымызбен бірге жасасып келе жатқан асыл дініміздің қанаты қырқылып, мүгедек күйге ұшырағанын айтып күйзеледі. Қазіргі қоғамымызда діни сауатсыздықтың салдары төмендегідей:

Қазақстаңдағы дәстүрлі емес діни ұйымдардың және тоталитарлық секталардың көбеюі мен оның қатарына жастардың жалпы халықтың көптеп тартылуы көпұлтты мемлекетіміздің ұлтаралық татулық пен тұрақтылығына қауіпті фактор. Және ұлтаралық радикализммен шиеленісті тудыратын қосымша күш болып табылады. Бүгінде Қазақстан Бүкіл әлемдік діни-рухани форумның орталығы болып табылады. Ислам діні - ақырғы дін, барлық діндердің керек асылдарын бойына жинаған дін. Сондай-ақ, Адам баласының даму жолындағы рухани, ғылыми, мәдени жетілген кезіне арналған дін.

Ислам дінінде ешқандай кемшілік жоқ. Бар мәселе біздің оны дұрыс түсінбеуімізде. Ислам әлемінің өз кемеліне келмей, көштен кенже қалып, тоқырауы дінге байланысты емес, оның себебі, азған ақыл, зейінсіз жүрек, түйсіксіз түсініктің салдарынан және дін мен түйінді мәселелері көп қазіргі өміріміздің өзара үйлесімін терең түсіне алмауда. [ 4. 173 б ]

Қазіргі қоғамда жастардың діни сауаттылығын арттыруда материалдық игіліктермен шектемей, керісінше рухани құндылықтармен де байытып отырғанымыз жөн. Рухани құндылықтарды орыңдауды өзіңе міндет етіп қойған адам, алдымен негізгі құндылықтарды мұқтаждығымен қанағаттандырады. Содан кейін, өзі үшін ең маңызды болып табылатын рухани құндылықтарға бағытталады. Қарапайым шарттардың өзінде негізгі құндылықтарды құндылық ретінде мойындамайтын кездері де болады. Экономикалық ахуалы тұрақты, күнделікті тұрмысқа қатысты қажеттіліктерін жеңіл жолмен қамтамассыз ете алатын бір адамның, білім нәрімен сусындау, парасатты болу, жақсы өнер адамы болу, атаққа бөленуге сияқты негізгі рухани құндылықтарға қол жеткізу мүмкіндігі, мүмкіндігі шектеулі, экономикалық жағдайы төмен адаммен салыстырғанда әлдеқайда жоғары. Іс, жұмыс, ақша табу рухани құндылықтардың қалыптасуына демеу болатын құндылықтар болып табылады. Экономикалық жағдайы төмен адамның сана-сезімі көбінесе негізгі құндлықтардың орындалуына кері әсерін тигізеді. Рухани құндылықтарды жоғары құндылық ретінде қабылдағанымен, негізгі құндылықтардан асып, шыға алмағандықтан оларды жүзеге асыра алмайды. [4. 176 б]

Осы аталған рухани құндылықтар исламмен, ғылыммен астасып жатса, қоғамдағы жастардың да діни сауаты бейтарап қалмасы анық. Экс мүфти Әбсаттар қажы Дербісәлі: «Менің ойымша, ислам дінінен ғылымды, не болмаса ғылымнан Ислам дінін бөліп тастау қате. Бұл екеуі бірігіп, қосыла келе ғаламдық өркениетке жеткен. Сондықтан ислам дінін ғылым десек те, ғылымды дін десек те болады», - деп, білім мен ғылым құндылығы исламда да өрбитіндігін сенімділік пен орнықтылық ұялататын қорытынды айтады. Жеке тұлғаны қалыптастыру - оқып үйренуден басталады. Құран мен хадистерге де қарап отырсақ, ғылымның абыройы көтеіріліп, ғұламалар ардақталған. Исламда ғылыммен шұғылдану сауабы - нәпіл намаздардан да жоғары тұрады. Ислам ең алдымен білімді иманның серігі қылып, қадірін көтерді. Сондай-ақ, ғалымдарды да ардақтауға бұйырды. Білім мен иман-ислам өркениетінің негізі. [4. 186, 187]

Интеллектуалдылық құндылықтары ретінде әрбір мұсылманның парызы - білім іздеу. Білім іздеу арқылы адам әлемдегі нәрселердің жаратылысына ой жүгіртуге, оларды танып-білуге құштарландырады. Ол арқылы ой-өрісі, білім мен ғылымға деген қызығушылығы оянып, адамзаттың көкжиегі кеңіді. Ислам - ең басты кезекте ғылымды қолдады. Себебі, исламда ғылым иманның серігі, сондықтан ғалымның ғылыми еңбектері нәтижесінде шариғат жанданып, ислам заңдылықтары сақталды. [4. 209 б]

Қазіргі қоғамымызда жастардың діни сауаттылығын дінге жаңадан бет бұрған жастарымыздан көруге болады. Біздің мемлекетіміз зайырлы дін болғанымен енді дінімзге кең еркіндік беріп жатыр. Жастарымыз шет мемлекеттерге шығып діни ілім алып, елге келіп, белді қызмет орындарында лауазымды қызметтер атқарып жатыр. Біз өмір сүріп жатқан күрделі әрі қарама-қайшылықтарға толы бұл ғасыр өткен ғасырлардан мүлдем ерекше.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
ДІНШІЛДІК ЖӘНЕ ЖАСТАР АРАСЫНДАҒЫ ДІНИ ҚҰНДЫЛЫҚТАР
Қазақстан Республикасының діни проблемалары мен ұлт дүниетанымына әсері
Қоғам және жастар
Қазақстандағы діни процестердің әлеуметтік өмірге әсері
Оңтүстік өлкедегі қазіргі қоғамның әлеуметтік-экономикалық, мәдени тұрғысынан діннің рөлін зерделеу
«Қазіргі діни лаңкестік білдірушілік ахуал әрекеттерінің насихат жұмыстарына тигізер зардаптары»
Қазақстан Республикасының діни проблемалары мен ұлт дүниетанымына әсері және исламның таралуы
КСРО-ның мемлекеттік–партиялық жүйесіндегі дегі атеистік саясат: идеологияландыру және дінге қарсы күрес
ҚАЗАҚСТАННЫҢ ҚАЗІРГІ ЖАСТАРЫНЫҢ ЭТНИКАЛЫҚ АРХЕТИПТЕРІ
Православ діни философы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz