Ұлттық ойын арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту


Тақырыбы: Мектеп жүйесінде ұлттық ойындарды сабақта пайдаланудың педагогикалық әдістемелік материалдын талдау.
Мазмұны:
Кіріспе
1тарау. Мектеп жүйесіндегі ұлттық ойындардың маңызы.
- Ұлттық ойын арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту.
- Педагогикалық әдістемелік тәсілдері.
2тарау . Мектеп жүйесіндегі ұлттық ойындардың тәрбиелік бағыты.
2. 1 Жасөспірімдерге ұлттық ойын арқылы қимыл қозғалыстарын дамыту.
2. 2 Ұлттық ойындар арқылы тәрбиелеу.
Қорытынды
Пайдаланылған әдебиеттер
Кіріспе
Ұлы Абай «Адамның ерекше қасиеттері-ақыл-ой, сана-сезім, ішкі жан дүниесі, жоғары кәсіби-дәрежесі, шығармашылығы ұстаздан қалады»-деп тегін айтпаған. Олай болса, баланың бойындағы ерекше қасиетті, шығармашылық қабілетті ашу-тәрбиеге жүктелер жауапты міндет болып саналады. ХХІ-ғасыр білімділер ғасыры болғандықтан бүгінгі таңда заманымызға сай, ой-өрісі жоғары, жан-жақты дамыған ұрпақ қалыптастыру мемлекетіміздің алға қойған аса маңызды міндеті. С. Ұзақбаева, А. Айтпаева жасаған қазақтың халық айтқан классификациясы «Жаңылтпаштар», «Санамақ», «Аңдардың айтысы» сияқты ойындары балалардың тілге, имправизацияға, ақыл-ойын қабілетін дамытуға септігін тигізеді. Ойын баланың көңілін өсіріп, бойын сергітіп қана қоймайды, оның өмір көзқарасына да таным-түсінігіне де әсер етеді. Ойын үстінде дене қимылы арқылы өзінің денсаулығын жақсартады. Халқымыз ойындарға тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп есептемей, жас ерекшеліктеріне сай, мінез - құлқының қалыптасу құралы деп ерекше атап өткен. Тәрбие мен білімнің алғашқы дәні - бала бақша ошағында ерекше беріледі. Бала денсаулығының мықты болып, дене құрылысының дұрыс жетілуі мектепке дейінгі кезеңде қалыптастырылады. Ұлттық ойындарды мектепке дейінгі ұйымдардың оқу тәрбие жұмысында пайдалану тәрбиешіден үлкен білімділікті, шеберлікті, төзімділікті, сабырлықты қажет етеді. Ұлттық ойындарда әр халық түрлі - түрлі жаттығулар жасау арқылы дене шынықтыру ісін қолға алған.
1тарау Мектеп жүйесіндегі ұлттық ойындардың маңызы.
1. 1 Ұлттық ойын арқылы оқушының ойлау қабілетін дамыту.
Ұлттық ойындар өзінің, жаратылысында ұлттық өнегені бойына сіңіріп, бүкіл ұлтқа тән қасиеттерді дарытып, толығып, жетілу арқылы, өзінің жан-жақты тәрбиелік рөлін шыңдай түскен. Қазақ зиялыларынан А. Байтұрсынов, Ж. Аймауытов, М. Дулатов, Н. Құлжанова, М. Жұмабаев және т. б ойынның бала өміріндегі басты іс-әрекет екендігін атап өткен. Ұлттық ойындар - қазақ халқының ерте заманнан бері қалыптасқан дәстүрлі ойын - сауықтарының бірі болып табылады. Оның адам денсаулығын жақсартуда пайдасы аса күшті екені баршаға мәлім. Балалар тек ойнап қана қоймай, сонымен бірге ойлайды, аңғарады, көп нәрсені білуге, зерттеуге талпынады. Яғни, қазіргі заман талабына сай белсене қатысады. Ойын балаларының қызметіндегі психикалық процесті сезіну, қабылдау, ойлау, елестету, ықыласын, тілін, жақсы дамытады. Балалар ойын арқылы тез тіл табысып бірінен-бірі ептілікті үйренеді. Бір мысал берсем: «Қуыр-қуыр, қуырмаш» ойыны балалардың саусақ маторикасын дамытуға, тіл байлығын артыруға, көңілін көтеруге болады. Балаларды қазақ халқының ұлттық ойындарымен ойната отырып жан-жақты тәрбиелейміз. Ойын балалар үшін оқу да, еңбек те болып табылады. Ойын - айналадағы дүниені тану үрдісі. Ойын балаларға өмірде кездескен қиыншылықтарды жеңудің жолын үйретіп қана қоймай, ұйымдастырушылық қабілетін қалыптастырады. Ойында бала қандай болса, өскен кезде жұмыста да, сондай болады. Ойынның да өзіне тән мотивтері болады. Мысалы мазмұндық, рөлдік ойындар баланың зейінін ашып, ойлауын, қиялын қалыптастыруда үлкен жұмыс атқарады. Ойын әсері арқылы бала өз қасиетін қанағаттандыра алатынын, қандай ерекше қабілеті бар екенін байқап көре алады. Ал, ақыл-ой ойындарында белгілі берілген ережелерді сақтап ойнайды. Ол ойындар баланың тапқырлығын, жылдамдылығын, зейінділігін арттырып, ерік сезім түрлерін де дамытады. Қызығу - байқағыштық іс-әрекеттің қозғаушы күші. Оқушының қызығуымен оқып-үйрену барысында қабілеті ашылып, зейіні ұшталады. Дұрыс қолданылған ойын түрлері мұғалімнің түсіндіріп отырған материалдарын оқушылардың үлкен ықыласпен тыңдап, мұқият меңгеруіне көмектеседі. Тіл дамыту бойынша пайдаланылған ойындар баланың сөздік қорын дамытып, әрбір сөзді еркін, өз мағынасында қолдануға, жылдам сөйлеуге жаттықтыруға бірден-бір таптырмайтын құрал екендігі даусыз. Ізденімдік ойындар - оқушыларды ізденімпаздыққа белгісіз нәрсені табуға құштарлыққа үйрететін дидактикалық ойынның бір түрі. Ойын бала табиғатымен егіз. Өйткені, бала ойынсыз өспек емес, жан-жақты дамымақ емес. Оқушылардың кейбір әріптерге, әсіресе « Р», «Л», «С», «Ң» дыбыстарына тілдері келе бермейді. Бұл жерде жаңылтпаш ойындарын пайдаланудың орны зор. Ойын арқылы бала көптеген мәліметтер алады, білім алады, нашар оқитын балалардың өздері де ойынға араласып сабаққа зейіні артады. Оқушылар дидактикалық ойын кезінде сабақ мазмұнындағы оқиғаны әңгімелейді. Дидактикалық ойындарда баланың сөйлеу, есте сақтау, ойлау қабілеттері жақсы дамиды. Ойын - балалар үшін оқу да еңбек те. Қандай ойын болмасын баланы жаңа бір нәрсеге үйретеді. Ойын балалардың достық сезімін оятып, бір-біріне қамқорлығы, бірлігі, бауырмалдығы нығаяды. Ойын арқылы баланы жақсылыққа, қайырымдылыққа, әдептілікке тәрбиелеуге болады. Ойынның негізгі мақсаты - баланы қызықтыра отырып білімді меңгерту болып саналады.
1. 2 Педагогикалық әдістемелік тәсілдері.
Қазіргі таңда әр ұстаздың алдына қoйып отырған басты міндеттерінің бірі - оқытудың әдіс-тәсілдерін үнемі жақсы жетiлдiрiп отыру және жаңа педагогикалық технологияларды меңгеру. Оқыту процесінде пайдаланылып отырған әртүрлі әдіс-тәсілдер мен жаңа технологиялардың өз нәтижелерін сапалы беруде. Олар баланың жеке қасиетін аша отырып, оның қызығушылық қабілетін қалыптастыру және білімін кеңейтуге, тереңдетуге жағдай жасап отыр. Ұстаз болу үшін ең басты мәселе - оқыту әдісін дұрыс таңдау және дұрыс бағыттау.
Бақылау әдісі
Белгіленген ережелерді сақтауға, қойылған талаптар мен міндеттерді орындауға үйрету мақсатымен оқушылардың іс-әрекеті мен мінез құлығына бақылау жүргізу.
Бақылау құралдары:
- оқушылардың мінез құлқы мен жұмысын күнделікті қадағалау;
- тапсырманы немесе қоғамдық жұмысты орындағаны жөнінде жеке әңгіме, жүргізу;
- оқушылардың жолдастары алдын да өз жұмысы мен тәртібі жөнінде қорытынды жасаулары.
Үйретудің типі. Оны өткізгенде бір білімді үйретуге қажет дағдыға соған байланысты әрекетті бірнеше рет қайталау мен жіберілген қателерді түзеу арқылы жүзеге асыру.
Жобалар әдісіОқушылардың білімдері мен ынталарын үнемі күрделендіріліп отырылатын практикалық тапсырмаларды, жобаларды жоспарлауы мен орындауы мақсатынды қалыптастыратын оқыту жүйесі. XIX ғ. екінші жартысында АҚШ-та пайда болған. 1920-жылдары кеңестік мектептерде ерекше қолданыста болған.
Рейтинг әдісіРейтинг әдісі дегеніміз қандай да бір тұлғаның қызметінің бағасын бағалап анықтау. Бұл жылдары оқу-тәрбие процесінде бақылау мен бағалау әдісі ретінде қолданыста.
Басқару әдісіБасқару субьектісінің басқа обьектісіне мақсатты түрде әсер етуінің тәсілдері мен құралдары жиынтығы болып табылады.
Білім берудегі әдістемеБілім берудің жекелеген процестеріндегі педагогика қызметтің нақты тәсілдерін, жолдарын, техникаларын сипаттап көрсету.
Әдістемелік жұмысБілім беру мекемелерінде оқытушылар мен тәрбиешілердің үздіксіз білім алу жүйесінің бір бөлігі. Әдістемелік жұмыс мектептегі оқу әдістемелік процесін жоғары деңгейге жеткізу және сол дәрежеде ұстауға негізделген. Ол оқу жылы бойы жүргізіледі және педагогтардың күнделікті тәжірибесімен қатар орындалады. Педагогикалық анализдің, теориялық және эксперименталдық зерттеулердің дамуына зор ықпал етеді.
Әдістемелік жұмыс мақсаты- оқушыларды оқыту мен тәрбиелеудің ең жеңіл әрі оңай әдістері мен жолдарын игеру;
- педагогтің оқу-тәрбиелік жұмысын жүргізуі мен ұйымдастыруына қатысты жалпы дидактикалық және әдістемелік дайындығының деңгейін сапалы түрде көтеру;
- педагогика ұжымның мүшелерінің тәжірибе алмасулары және озық педагогикалық тәжірибені анықтап, оны жас мамандарға насихаттау.
Педагогика әдіснамасы
Педагогикалық білім және оны игеру процесі, яғни, педагогикалық таным ілім туралы. Ол:
- педагогикалық білімнің оның ішінде педагогикалық проблематиканың;
- құрылымы мен қызметі жөніндегі ілімді қамтиды;
- әдістемелік мәні бар бастапқы, өзекті, философиялық теорияларды; тұғырнамаларды, болжамдарды;
- педагогикалық танымның әдістері жөнінде ілімді.
Тәрбие әдістері
Оқушылардың жеке тұлғалық қасиеттерін қалыптастыру процесінде олардың санасының - мотивациялық саласын дамыту үшін, мінез-құлық дағдылары мен әдістерін қалыптастыру үшін, сонымен бірге оларды түзету мен жетілдіру арқылы қолданылатын тәрбие жұмысының өзіндік тәсілдері мен жолдарының жиынтығы.
Ойын бұл жерде оқыту әдісі ретінде жүреді. Сондықтан да біз өз сабақтарымызда ойын әдістерін көптеп қолдануымыз қажет. Ойынға қойылатын әдістемелік талаптар:
- Ойынның мақсаты нақты және керекті көрнекіліктер мен материалдарға мұқият дайындалып, өзімізге ыңғайлы жерге қою.
- Ойынға кірісер алдында оның жүргізілу тәртібін оқушыларға мұқият түсіндіру.
- Ойынға сыныптағы оқушылардың толығымен қатысуын қамтамасыз ету.
- Ойын үстінде шешім қабылдай білуіне, ойлана білуіне ынталандыру.
- Ойын түрлерін бағдарламаға сай етіп іріктеп алу.
- Ойынды баланың жас ерекшелігіне қарай түрлендіріп ойнату.
- Қарапайым ойыннан қиын ойынға қиындықсыз көшу.
- Міндетті түрде ойынның қорытындысын жариялау тиіс.
Сонымен қатар математика сабағында ойынды пайдалану мүмкіндігі өте көп. Оларды қолдану ретіне қарай әр түрлі қылып өткізуге болады. « Өз орныңды тап», математика сабағында көп пайдаланатын, әсіресе көбейту кестесін еске түсіру мақсатында қолданылатын ойынның түрі « Қалт етпе қағып ал, жауабын тауып ал!» бұл ойын балаларды тез ойлауға, көбейту кестесін жылдам жаттауға зор үлесін тигізеді.
2тарау . Мектеп жүйесіндегі ұлттық ойындардың тәрбиелік бағыты.
2. 1 Жасөспірімдерге ұлттық ойын арқылы қимыл қозғалыстарын дамыту.
... жалғасыҚазақ халқының ұлы ойшылы Абай Құнанбаев «Ойын ойнап, ән салмай, өсер бала бола ма?» - деп айтқан баланың өмірінде ойын ерекше орын алады. Халқымыз ойындарды тек балаларды алдандыру, ойнату әдісі деп қарамай, олардың мінез-құлқының қалыптасу құралы ретінде ерекше бағалаған. Демек, қазақтың ұлттық ойындары сауықтық жағынан ғана емес, ол-спорт, ол- өнер, ол- шаруашылық тәжірибелік маңызы бар тәрбие құралы болып саналған.
Ұлттық ойындардың адамға тигізетін пайдасын халық ертеден-ақ білген. Ойындар атадан балаға, үлкеннен кішіге мұра болып жалғасып, халықтың дәстүрлі, мәдени, өнер тіршілігінің жиынтық бейнесі әрі көрінісі бола білген. Қазақтың ұлттық ойындары жүгіру, секіру деген сиақты түрлерігн бай болып келеді. Ойындарды көп ойнап, жүгіріп, далада, таза ауада жүру - жас ағзаның дұрыс өсуінің көзі болған және де балалар ойын ойнаған кезде міндетті түрде ерлікті, өжеттікті, батылдықты, шапшаңдықты сонымен қатар, мінез-құлық ерекшеліктерін, білек-күшін, дененің әдемі шынығуын қадағалаған. Бүгінгі жас ұрпаққа үлгілі, өнегелі тәрбие беру - қазіргі қоғамның басты міндеттерінің бірі. Ойын арқылы бала қоршаған ортаны өз бетінше таниды, өзінің өмірден байқағандарын іске асырып, қоршаған адамдардың іс-әрекетіне еліктейді. Қазақтың ұлттық қозғалыс ойындарын спорттық ойындардан ажыратып, алғаш рет бөліп қараған ғалым М. Гуннер қазақ ойындарына топтамалық жіктеу жасап, ұлттық ойындарды оқу үдерісінде пайдалануға ұсыныс жасайды.
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz