Еркекті адам ететін әйел


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 69 бет
Таңдаулыға:   

Әйелдердін құқығы ислами және батыс көз қараста

ЖОСПАР

Кіріспе . . .
3
Кіріспе. . .:
3:
Кіріспе. . .: I ИСЛАМДАҒЫ ЖӘНЕ БАТЫСТАҒЫ ӘЙЕЛ МӘСЕЛЕСІНІҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ . . .
3: , 6
Кіріспе. . .: 1. 1 Қасиетті Құрандағы және Хадистер әйел мәселесі мен құқықтары . . .
3: 6
Кіріспе. . .: 1. 2 Батыс мәдениетідегі әйелдің орны мен тарихы . . .
3: 18
Кіріспе. . .: II ҚАЗІРГІ МҰСЫЛМАН ҚОҒАМЫ МЕН БАТЫСТАҒЫ ӘЙЕЛ МӘСЕЛЕСІ
3:

23

3

Кіріспе. . .: 2. 1 Ислам өркениетіндегі әйел мәртебесі мен өзіндік ерекшеліктері . . .
3: 23
Кіріспе. . .: 2. 2 Батыстағы гендерлік саясат . . .
3: 35
Кіріспе. . .: 2. 3 Қазіргі Қазақстан қоғамындағы әйел мәселесі және исламның әсері………
3: 52
Кіріспе. . .:
3:
Кіріспе. . .: Қорытынды . . .
3: 63
Кіріспе. . .:
3:
Кіріспе. . .: Қолданылған әдебиеттер тізімі . . .
3: 67

КІРІСПЕ

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Қазіргі кезде қоғамдағы әйелдің орны мен рөлі, бейнесі туралы түсініктер ерекше өзекті мәселеге айналып отыр. Әйел тақырыбы оның ішінде әлемдік діндердегі әйел мәселесі қай қоғамда, қай кезеңде болмасын өзіндік маңызға ие болған. Әрбір дін әйел затының отбасындағы, қоғамдағы орны мен құқықтарына қатысты өзіндік көзқарасын білдірген. Әйел мен ер адам арасындағы қарым-қатынас әлеуметтік дамудың маңызды факторы болып табылады, өйткені, олар екі үлкен топты құрайды. Олардың қарым-қатынастарының сипаты қоғамдағы көптеген экономикалық, мәдени-әлеуметтік, саяси, рухани өмірдің себебі мен әсері болып келеді. Сондықтан да бұл қарым-қатынасты зерттеудің маңызы өте зор. Гендер түсінігі соңғы кезде елімізде ерекше жиі қолданысқа еніп, елеулі мәселеге айналып келеді. Гендер түсінігі қоғамдағы әйел мен ердің арасындағы олардың әр қайсысының әлеуметтік орнын анықтауға бағытталған ғылыми бағыт. Еркек пен әйел табиғатындағы өзіндік ерекшеліктерімен екеуі бір-бірін толықтыра түседі. Қазақ «екі жарты бір бүтін» деген. Әйел мен еркек минус пен плюс заңдылықтары іспетті. Әйел денедегі жүрек болса, еркек сол денедегі ақыл іспетті. Жүрек ақылсыз, ақыл жүрексіз ғұмыр сүре алмайды. Жүректі ақылдан жоғары яки ақыл жүректен артық деп айту мүмкін емес. Екеуі өз міндеттерін атқарған кезде ғана дене дұрыс қызметін жалғастыра алады. Ендеше, әйел еркектен жоғары яки төмен деу, жалпы алғанда дұрыс айтылған сөз емес. Әрқайсысының қоғамда өзіндік қызметі бар. Әрбірі соны дұрыс атқарған кезде ғана мінсіз қоғам пайда болады. Діндердің әйелдер туралы пайымдауларына назар аударсақ, кез келген әлемдік діндердің қасиетті кітаптарында жаратылыс және Құдайға құлшылық тұрғысынан қарағанда әйелдер мен ерлер тең екендігіне көз жеткізуге болады. Алайда әйел мен ерлердің физиологиялық, психологиялық және табиғи жаратылыстарына байланысты ерекшеліктері болатындығы хақ.

Адамзаттың бүгінге дейінгі жазба мәдениетінің тарихына үңілсек, адамзат (human being), адам (human), тарих (history) деген ұғымдарды пайымдаудан тұрады. Соған қарамастан, осы ұғымдар тікелей ерлердің тұрғысынан жазылған. Әйелдер тақырыбына жазылса да, ер адамдар өз тұрғысынан (male perspective) жазды. Адамзат мәдениетінің бесігі саналған Египет, Грек-Рим, Парсы, Үнді, Қытай мәдениетінің жазбаларынан бүгінге жеткен деректерден біз осыны аңғарамыз. Бұл жағынан жоғарыдағы тарихта әйел заты үнсіз (the silence) қалып келген. XVIII ғасырдың соңында Еуропада ерлердің әйелдерді толықтай бағынышты еткен қоғамдық отағасылық үстемдігіне қарсы әйелдер құқығы идеясының алғашқы негіздері пайда болды. 1791 жылы Франция төңкерісі қарсаңында О. Гоужес (Olympe de Gouges) «Әйелдер құғығының жарнамасы» шығармасында автор «әйелдер - туғаннан еркін адам, ол ерлермен тең құқылы» деп жазды. АҚШ-тық М. Фуллер әйелдердің заңды құқығы мен тұрмыстағы құқықтарын философиялық тұрғыдан дәлелдеуге тырысты. Ол әйелдер отбасымен ғана шектеліп қалмауы тиіс, қайта, өзін түрлі салада жетілдіруді мұрат етіп ұстануы, ақыл-ой, сана-сезім, ғылым-білім жағында жетілу әйел затының өзін шындай түсінуіне жол ашады деп қарады. Ағылшын Дж. Милл әйелдердің неке заңында ерлермен тең құқықты болу мәселесін көтерді. Ол неке шарты екі жаққа да тең болуы, әйелдерде некеден бас тарта алатын құқық болуы тиіс, әйел заты қоғамдық еңбекке араласуы керек, бұл олардың өзін асырауы үшін еріксіз некеге баруының алдын алады деп санады. Әйел заты қоғамдық еңбек бәсекесіне толық араласқанда ғана өзінің орнын табады, сондай-ақ, қоғамның қажетін толықтайды деп қарады. Ф. Энгельстің «Отбасы, жекеменшік және мемлекеттің пайда болуы» (Der Ursprung der Familie, des Privateigentums und des Staats6 1884 ), С. Веаувоурдің М. Далидің «Әйел затының қоғамы» (Gyn Ecology), т. б. еңбектері әйелдердің саясатта, экономикада және мәдениетте ерлердің еркіне бағынышты еткен қоғамдық әділетсіздікті өзгертіп, өз тұрғысын табуына теориялық негіз қалады. Қоғамдық теңдіктен соң тең құқық талап етуге мүмкіндігі жетті. Бүгінгі таңда таптық, нәсілдік, мәдениеттік айырмашылықтардан жоғары тұратын бұл идея әйелдердің құқығын қорғап қана қоймай, қоғамдық ғылымның барлық саласына ықпал етіп, адамзат қоғамы кез келген қайшылықтарды шешуде өз тұрғысынан жауап іздеп келеді. Әйелдер құқығы идеясы пайда болған күннен бастап әдебиетпен тығыз байланыста болды. Зерттеу аумағы - қоғам / адам, әйел / ер, әйел /отбасы, әйел / қоғам, т. б. қатынастарын қамтитын әйелдер құқығы идеясы дәл осы саланы кең көлемде, жан-жақты, өзіндік тәсілмен бейнелейтін әдеби шығармалардан өзіне дәлел тауып келеді [3] .

Соның нақты бір мысалы ретінде Дания драматургі Х. Ивсеннің «Қуыршақ отбасы» (A Doll's House) сахналық шығармасын айтуға болады. Аталған шығарма XIX ғасырдың соңында Еуропа қоғамындағы әйелдердің отбасы қатынасының жағдайына үңіле отырып, қайшылықтарды бейнелеген. Нара образында дәстүрлі отбасы әйелінің жаңа бейнесі жасалған. Ол қоғамнан отбасына дейінгі ерлердің үстемдігі жүріп тұрған ортада алғаш болып өзінің тәуелсіздігі, бостандығы туралы ойланады. Нара образынан XX ғасырда саясатта, экономикада, мәдениетте қоғамда тең құқығы болуын талап еткен әйелдердің алғашқы бейнесін көреміз. Туынды авторы ер адам болса да жоғарыдағы шығарма әйелдің еркі мен құқығы мәселесін көтерді. Шығарманың өмірге келуіне сол тұста қоғамда бел алған әйелдер құқығы қозғалысының ықпалы болғаны анық. Ежелгі Грекиядағы «Илиада» эпосындағы Илена мен Кассандраның, байырғы арабтың «Мың бір түн» шығармасындағы әйелдердің, ортағасырлық қытай әдебиетіндегі көптомды роман «Үш патшалық шежіресіндегі» әйелдердің, қазақтың «Қобыланды», «Ер Тарғын», «Алпамыс» эпостарындағы Құртқа, Қарлыға, Ақжүніс, т. б. әйелдердің образынан осыны көреміз. Бұларды ерлер көзқарасы тұрғысымен жазылған әйелдер образы деп атауымызға болады.

Зерттеудің тақырыбы. Әйелдердін құқығы ислами және батыс көз қараста

Зерттеу нысаны. Ислам және батыс мәдениетіндегі әйелдер

Зерттеудің пәні. Батыс мәдениеті мен Исламдағы әйел болмысына тән сапалар жүйесі.

Зерттеудің мақсаты. Батыс мәдениеті мен Ислам дініндегі әйел мәселесің зерттеу, осы жолда тарихи жағдайларды ескеру, олардың ерекшеліктерің қарастыру, арасындағы айырмашылықты көрсету және ұқсас тұстарын анықтау.

Зерттеудің міндеттері. Зерттеу жұмысының мақсатына орай келесі міндеттер айқындалады:

  • Баыс мәдениеті мен Ислам дініндегі әйел мәселесіне қатысты зерттеулер мен ғылыми материалдарды жинақтау және талдау;
  • Исламдағы әйел болмысына тән тәрбие ерекшеліктері мен мәдениет сапаларын сипаттау;
  • ислам дініндегі әйел болмысының қазақ қыздары бойындағы сабақтастығын көрсету;
  • Батыс мәдениеті мен Исламға тән тәрбие ерекшеліктерін бүгінгі қыз тәрбиесінде ескерудің жолдарын ұсыну, олардың құқықтық базасын қарастыру;
  • Қазақ халқының дүниетанымындағы ислам дінінің үйлесуінің тарихи-мәдени, рухани-әлеуметтік, саяси-құқықтық сипаттарын анықтау;

Зерттеу жұмысының әдістемесі Дипломдық жұмыстың тақырыбын зерттеу барасында шетелдік және отандық ғалымдардың ой-пікірлерін талдау, салыстыру арқылы ғылыми нәтижелерге қол жеткізіліп отыр. Ғылыми ақпараттарға теориялық талдау жасау, жүйелеу, салыстыру, топтау, тарихи - педогогикалық деректерге салыстырмалы талдау жасау, бақылау, анкеттеу, сұхбат, әңгімелесу және т. б. зерттеу әдістері қолданылды. Қойылған міндеттер мен мақсаттарды орындау үшін қосалқы келесі әдістерге сүйендік: ситуациялық анализ, синтез, ретроспективалық, салыстырмалы-тарихи, классификациялау, тарихи-логикалық және сипаттап баяндау, хронологиялық-проблемалық әдістері қолданылды. Аталған әдістердің көмегімен қазақ халқының мәдениеті мен Ислам дініндегі әйел мәселесіне қатысты ерекше сипаттамалар анықталды. Сонымен бірге, бұл еңбекте бірін - бірі өзара толықтыратын теориялық және эмпирикалық әдістер қолданылды.

Зерттеудің құрылымы. Дипломдық жұмыстың жалпы көлемі 69 бет. Зерттеу жұмысы кіріспеден, екі тараудан, қорытындыдан, қолданылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

I ИСЛАМДАҒЫ ЖӘНЕ БАТЫСТАҒЫ ӘЙЕЛ МӘСЕЛЕСІНІҢ ӨЗІНДІК ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ

1. 1 Қасиетті Құрандағы және Хадистер әйел мәселесі мен құқықтары

Исламдағы әйелдің орны мен рөлі туралы терең зерттелген шығармалармен көпшілік жете таныс болмағандықтан, Ислам мәдениетінде әйел адамның құқығы тым шектеулі деген түсінік қалыптасқан. Мұндай түсініктің орын алуына қазіргі батыс елдерінің исламды жаппай қаралау үрдісінің тигізген әсері де орасан. Жалпы, Ислам дінінде әйелзатына үлкен мәртебе берілген.

Исламға дейінгі кезеңде арабтарда әйелдің құқығы тым төмен еді. Әсіресе, арабтар қыз балаларды тірідей жерге көметін. Өлтіруге қимағандары қыздарын ұлдарша киіндіріп, жұрттан жасырып ұстаған. Бұлайша әйел мәртебесін тым төмендету себебі, қыздар өскенде жезөкшелік жасап, «абыройымызға дақ түсіреді» деп ойлайтын. Шынында да исламға дейінгі жабайы араб қоғамында жезөкшелік ерекше асқынып тұрды. Кейбір арабтар ұлдарын текті ету үшін әйелдерін өз қолымен ақсүйек адамның төсегіне апарып жатқызатын. Жезөкше әйелдер жүкті болып қалған жағдайда, Кайф деген сәуегей келіп, еркектердің біріне мына баланың әкесі сенсің деп, оны зинадан туған балаға әке ететін. Арабтардың «шиғар» деген некесі бойынша, қыздары бар арабтар бір-біріне қыздарын қалыңмалсыз беріп үйленетін. «Бәдел» деген неке бойынша, арабтар әйелдерін бір-біріне беріп айырбас жасайтын. Күйеуі өлген жесірді туыстарының бірі зорлықпен өзіне әйел ететін. Исламнан бұрынғы арабтардың азғынданғаны соншалықты, тіпті олар өгей шешелеріне де үйлене беретін.

Ал, ислам дінінің келуімен әйелге деген зорлық атаулы күшін жойып, олар ерекше жоғары мәртебеге қол жеткізді. Енді исламның әйелзаты үшін әкелген кейбір ізгіліктеріне тоқталсақ.

Ислам мемлекеті қалыптаспай тұрып-ақ, Мекке кезеңінде Құран кәрім әйел мен еркек теңдігін былайша паш етті: «Шын мәнінде Мен сендерден еркек, әйел амал істеушілердің амалын зая етпеймін. Сендер бір-біріңненсіңдер» («әл-Имран» сүресі, 195-аят) . Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) да әйел мен еркектің теңдігі хақында: «Әйелдеріңіздің сіздерде, сіздердің әйелдеріңізде хақыларыңыз бар», - деген болатын [5, 18 б. ] .

Сондай-ақ, арабтардың қыздарын тірідей жерге көмуін Құран былайша сынға алды: «Егер олардың біреуі қызбен сүйіншіленсе (әйелінің қыз тапқанын естісе), оны ашу қысып, беті қарая бастайды. Өзіне берілген жаман хабардың салдарынан, елден жасырынады. Оны қорлыққа шыдап ұстау немесе топыраққа көміп тастау керек пе? Олар нендей жаман үкім береді» («Нахл» сүресі, 58-59 аяттар) . Ата дініміз осылайша, арабтардағы азғындық әрекетке тыйым салды [6, 168 б. ] .

Пайғамбарымыздың (с. ғ. с. ) әйелзатына ерекше көңіл бөлу керектігі туралы хадистері өте көп. Солардың кейбіріне тоқталар болсақ: «Мұсылмандардың ең жақсысы, әйеліне дұрыс қарағаны», «Әйелдерге жақсы мінезде болыңыздар», - деп өсиет етті.

Жалпы, ислам әйелді өз апа-қарындасындай құрметтеуге шақырады. Бұл туралы Аллаһ Елшісі (с. ғ. с. ) былай деген-ді: «Әйелдерге ер кісілер өзінің апа-қарындастарындай мәміледе болуы керек. Еркекті адам ететін әйел».

Әйел дегенде ана еске түседі. Ал, Құранда әкеге құрмет көрсетуді анадан бөле- жара қарастырмайды: «Сендерге Аллаһ тек өзіне ғана бойсұнуды бұйырды, ата-аналарыңа жақсылық жасауды өсиет етті. Олардың біреуі немесе екеуі бірдей қартайып (қалжырап) қалса «үһ» деуші болмаңдар, зекіп ұрыспаңдар. Екеуіне де ізетті болыңдар. Екеуіне де зор мейіріммен, кішіпейілмен бас иіңдер. «Аллаһым, олар мені бала кезімде қалай мәпелеп өсірсе, Сен де оларға сондай рахымдылық ете гөр!» - деп айт» («Исра» сүресі, 23-24 аяттар) .

Ислам отбасылық қарым-қатынасты бірізділікке түсіріп, әйел мен ердің, ата-ана мен балалардың құқықтар мен міндеттерін нақты анықтап берді. Отбасы - адамның өз бақытын тауып, ұрпақтың жалғасуы, әрі ислам діні бойынша күнә деп саналатын жаман әрекеттерден қорғайтын бірден-бір қорған. Ислам діні бойынша отбасы түрі - патриархаттық негізде қалыптасты. Алайда, бұл қараңғылық дәуірдегі ер адамның отбасыдағы үстемдігінен өзгеше еді. Бірақ, отбасын басқаруда отағасы белгілі құқықтарға ие болды. Мысалы, әке өз баласын сатуға мен өлтіруге шешім қабылдауына құқығы болмады. Осыған байланысты қараңғылық дәуірде орын алған жас сәбиді өлтіру әдетіне тыйым салынды. Сондай-ақ, мұсылман құқығында әйел күйеуінің алдында кейбір мәселелер бойынша тәуелсіз болды. Алайда, еркектің қоғамдағы атқарар жұмысы ауыр болғандықтан, әйелден кейбір мәселелерде үстемдікке ие-тін. Бұл жайында Құран былай дейді:

«Еркек - әйелге билік жүргізеді. Себебі, Аллаһ оларды бір-бірінен артық етіп жаратқан және ерлер әйелдер үшін мал-мүліктерін сарп етеді. Жақсы әйел еріне бойсұнады, ерлері жоқ кезде бір Аллаһты пана тұтып, өздерінің абыройын сақтайды. Ал егер олардан жаман қылық көрсеңдер үгіт-насихат айтып, ескертіңдер, оған көнбесе төсекте бірге жатпаңдар. Онда да болмаса (соңғы шара ретінде) ұрыңдар. Егер бағынса, басқа жол іздеп оларды жәбірлемеңдер. Аллаһ сендерден ұлы, әрі үстем. Ерлі-зайыпты екеудің ынтымағы жараспай бара жатқанынан қауіптенсеңдер, онда ер жағынан бір әділ адамды, әйел жағынан бір әділ адамды жұмсаңдар. Аллаһ оларды татуластырар болса, онда араларының жарасып кетуіне дәнекер болыңдар. Аллаһ шынында да бәрін біліп, барлығынан хабардар болып тұрады» («Ниса» сүресі, 34-35 аяттар) [41] .

Құранның бұл үкімдерінің басты мұраты - отбасының татулығын сақтап, әйел мен ердің арасында келіспеушілік туындаған жағдайда, оны шешу үшін ортаға татуластырушыларды салып, отбасының айрылысуын тоқтатуды көздеген-ді. Ислам діні патриархаттық отбасыны белгілі бір өлшемде ғана қолдады. Өйткені, отбасылық қатынаста ер адамның әйелдің көңіліне дұрыс қарау, азық-түлікпен қамтамасыз ету, киіндіру секілді міндеттері және әйелдің тәуелсіз жеке көзқарасының болуы, мұсылман құқығында әйел мен еркектің белгілі бір деңгейде теңдігі болғандығын көрсетеді.

Пайғамбарымыз (с. ғ. с) жігіт пен бойжеткенді кәмелетке толғаннан кейін мүмкіндігінше тез үйленуге уағыздады: «Неке -менің сүннетім. Кімде-кім менің сүннетіммен амал етпесе, бізден емес. Үйленіңдер, себебі мен қиямет күнінде басқа үмметтердің қасында сендердің көптігіңмен мақтанамын. Кімнің үйленуге шамасы жетсе, үйленсін», - деді. Пайғамбарымыз (с. ғ. с) негізін салған мұсылман құқы бойынша үйлену парыз, уәжіп, сүннет, харам, мәкруһ, мубах болып алтыға бөлінеді.

1. Үйленбеген жағдайда жыныстық қатынасқа баратыны анық болған адамға үйлену парыз. Бірақ ер кісі әйелінің материалдық (ішіп-жемі, киімі, тұрғын үй, ауырған жағдайда дәрі-дәрмек қаражаты) жағдайы және мәһр ақысымен қамтамасыз етуі тиіс.

2. Үйленбеген жағдайда жыныстық қатынас жасау қаупі бар адамға үйлену -уәжіп. Мұндай жағдайдағы еркекке қойылатын шарт әйелдің мәһр және материалдық жағдайын қамтамасыз етуі тиіс.

3. Үйленгеннен кейін жұбайына жәбір көрсетуі анық, белгілі болған адамға үйлену - харам (тиым салынады) .

4. Ауру болып, үйленгенде бұл ауру жұбайына жұғатын болса, немесе жұбайында да ауру болып, үйленгенде бұл ауру еріне жұғатын болса, онда мұндай неке харам.

5. Жұбайына жәбір көрсетуі мүмкін болған адамға үйлену - мәкруһ (Аллаһ сүймейді) .

6. Үйленбесе жыныстық қатынасқа баратын қаупі жоқ, үйленсе жұбайына жәбір көрсету қаупі жоқ адам үшін үйлену - сүннет.

Үйлену мәселесіндегі мұсылман құқығының бұл үкімдері халықты зинадан қорғауға негізделгені анық байқалады. Себебі, зина отбасының шаңырағын шайқалтатын апат. Сондықтан, Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) бойдақ жігіттерге: «Ей, жігіттер! Сіздердің араларыңыздан кімнің үйленуге шамасы жетсе үйленсін. Себебі, үйлену көзді және нәпсіні харамнан қорғаушы» деп жастарды зинаға бармастан бұрын үйленуіне кеңес берген [7] .

Мұсылман құқында үйленген соң әйелге зұлымдық жасайтын болса, мұндай некені мәкруһ (Алла сүймейді) деп танып, әйелді зұлымдықтан қорғайды. Әйелді зұлымдықтан қорғаумен бүкіл отбасының құрып кетуінің алдын алады. Себебі зұлымдық көрген әйелде күйеуіне деген өшпенділік сезім күшейеді де жұбайлардың бірлігін қамтамасыз ететін сүйіспеншілікке деген жолдар жабылады. Бұл отбасыда дүниеге келетін баланың педагогика тұрғысынан алғанда тәрбиесі жетілмейді.

Мұсылман құқында үйленудің ең жақсы түрі Аллаһ Елшісінің (с. ғ. с. ) сүннеті негізінде үйлену. Пайғамбарымыз (с. ғ. с. ) мұсылмандарға үйленудің келтірер пайдасы туралы былай деген болатын: «Мұсылман Аллаһтан қорқып оған бойұсынғаннан кейін жақсы бір әйелінен пайданы көрген өзге ешкімнен де көрмейді.

Себебі әйеліне бұйырса, бұйрығын тыңдайды, жүзіне қараса сүйіспеншілігі оянады, сапарға шықса өзі болмаған уақыт бойы намысын және күйеуінің мал-мүлкін қорғайды». Бұл туралы Құранда: «Әйелдер сендердің киімдерің, сендер әйелдеріңнің киімдерісіңдер» («Бақара» сүресі 187-аят) - деп жұбайларды бір-бірінің денесін суықтан, ыстықтан қорғайтын, рухты түрлі зиянды нәрселерден қорғайтын киімге теңеген.

Мұсылман құқында некеге тұрудың үш шарты бар. Бірінші шарты бойынша, үйленуші ер адам мен әйелдің кәмелетке толуы, ақыл-есінің дұрыс болуы және Құранда некелесуге тыйым салған негіздер сақталуы керек. Екінші шарты бойынша, екі тараптың өзара келісімі қажет. Үшіншісі бойынша, неке куәландырылып, жариялануы шарт.

Мәһр, әйелдің келісіміне қарай, ақшалай немесе заттай болуы да мүмкін. Мәһрдің маңызы туралы Құранда («Ниса» сүресі, 24- аят) баяндалады. Мәһр қалыңдыққа берілетін түрлі бағадағы құн ғана емес, керісінше қоғамдағы әйелдің беделін білдіретін әйелдің және ақысы саналатын сыйақы. Исламнан бұрынғы дәуірде арабтарда "Ниһлә" деп аталатын қыздың құны берілетін болған. Оны тек қыздың өкілдері алатын. Ал исламда әйел адам мәһрдің құнын өзі белгілеп, жұмсауы да өз еркінде. Мәһрге белгілі бір шек қойылмаған. «Олардың біріне (әйелдерге) жүк-жүк мәһр берсеңдер де одан бірде-бір нәрсені кері алмаңдар» («Ниса» сүресі, 20-аят) .

Мұсылман құқы мына адамдардың бір-бірімен үйленуіне тыйым салды:

«Әкелерің үйленген әйелді (оның басқа әйелін) алушы болмаңдар. Бірақ, бұл аяттан бұрын алып қойсаңдар, оның жөні басқа. Ол деген барып тұрған оңбағандық, әрі сұмдық жаман салт.

Аналарыңды, өз қыздарыңды, апа-қарындастарыңды, әкелеріңнің қарындастарын, аналарыңның сіңлілерін, аға-бауырларың мен апа-қарындастарыңның қыздарын, емшек беріп баққан аналарыңды, емшектес болған апа-қарындастарыңды, қайын енелеріңді, өздерің отасқан әйелдердің (басқа ерінен туып) сендердің қолдарыңды тәрбиеленген қыздарын ( тіпті үйлеріңде болмаса да) егер бұрын некелесіп қойсаңдар, оқасы жоқ. Содан соң, өз нәсілдеріңнен болған балаларыңның әйелдерін алуларыңа және апалы-сіңлілердің екеуін бірдей алуға болмайды . . . ("Ниса" сүресі 22-23 -аяттар) .

Құранның бұл үкімдері сөз жоқ, қараңғы араб қоғамы үшін үлкен жаңалық болатын. Өйткені, исламға дейін арабтар өгей шешемен және кейбір туыстарымен үйлене беретін.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақ және ағылшын тілдеріндегі мақал-мәтелдердің гендерлік сипаты
АНТРОПОЦЕНТРИКАЛЫҚ МАҚАЛ - МӘТЕЛДЕРДЕГІ ӘЙЕЛ БЕЙНЕСІ
Ежелгі ақындар шығармаларын талдау
Қоғамдағы әйелдерге қатысты гендерлік мәселелер
Гендерлік лингвистиканы зерттеудің теориялық аспектілері
Әйел қызметі
Мақал-мәтелдердің лингвомәдени аспектіде зерттелуі
Аналардың анасы – Бегім ана
Тілдің үштұғырлығы тіл саясаты
Әйел заты
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz