Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 62 бет
Таңдаулыға:   

ҚР-да қызмет ететін миссионерлік діни ұйымдар

ЖОСПАР

КІРІСПЕ . . .
3
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .: I Тәуелсіз Қазақстандағы діни ахуал . . .
3: 6
КІРІСПЕ. . .: 1. 1. Миссилнерлік түсінігі және Қазақстандағы діни жағдай . . .
3: 6
КІРІСПЕ. . .: 1. 2. Қазақстандағы діни бірлестіктер . . .
3: 18
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .: II Діни бостандықтың қоғамдық өмірге әсері . . .
3: 26
КІРІСПЕ. . .: 2. 1. Қазақстандағы миссионерлік ұйымдардың қызметі . . .
3: 26
КІРІСПЕ. . .: 2. 2. Адастырушы түрлі діни ағымдар . . .
3: 36
КІРІСПЕ. . .: 2. 3. Дін бостандығының Қазақстанның қоғамдық өміріне ықпалы . . .
3: 47
КІРІСПЕ. . .:
3:
КІРІСПЕ. . .: ҚОРЫТЫНДЫ . . .
3: 57
КІРІСПЕ. . .: ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . .
3: 60

КІРІСПЕ

Қазақстан зайырлы мемлекет болып табылады, онда конфессияаралық татулық пен келісім салтанат құруда, дінге сенушілермен қатар атеистік көзқарасты ұстанатын азаматтардың да құқығы құрметтеледі. Мемлекет діни қызмет саласына араласпайды, алайда конфессиялармен өзара іс-қимылды қамтамасыз етуі және азаматтардың діни сенім бостандығы құқығын қорғауы тиіс. Осындай талап белгілеген еліміздің Конституцияның 1-бабы 1-тармағындағы мемлекеттің зайырлы сипаты діннің мемлекеттен бөлектігін білдіреді. Діни сенім бостандығы - бұл адамның өзі қалаған дінге ғибадат ету құқығы. Конституцияның 14-бабына сай заң алдында жұрттың бәрі тең, бұл зерделеу нысанына қатысты қолданыста барлық діндер мен діни бірлестіктер заң алдында бірдей екенін, кейбір діндер мен діни бірлестіктерге қандай да бір артықшылықтар жасалуына жол берілмейтінін, дінге көзқарасына, нанымына байланысты немесе кез-келген өзге жағдаяттар бойынша кемсітуге тыйым салынатынын айғақтайды. Жалпы Қазақстан Республикасы өзін тәуелсіз мемлекет ретінде жариялағаннан бері барлық дінге деген құрметін өзін зайырлы мемлекет ретінде орнықтыруымен, діни бiрлестiктер iсiне мемлекеттiң және мемлекет iсiне діни бiрлестiктердiң заңсыз араласуына жол берiлмейтіндігін негізгі заңмен бекітуімен дәлелдеп келеді. Қазақстан тәуелсіздігінің алғашқы жылдары қабылданған нормативтік құқықтық актінің бірі «Діни сенім бостандығы және діни бірлестіктер туралы» Қазақстан Республикасы Заңының болуы осының дәлелі. Дін бұл өзіндік даму үрдісі бар, қоғамның дамуы мен қалыптасуына өз әсерін тигізуші процесс. Оны қысып ұстауға да және бос жіберуге де болмайды. Дін байыбы-мен бапталып, ыңғайымен реттеліп отыруы керек. Осы тұрғыдан алғанда, қоғамдық қатынастың бір саласы ретінде ол құқық нормаларымен, яғни заңмен реттеліп отырады. Қазақстан Республикасы Конституциясының 19-бабына сәйкес әркім өзінің қай дінге жататынын анықтауға және оны көрсету-көрсетпеуге хақылы. Сонымен қатар Конституцияның 39-бабына сәйкес жоғарыда аталған құқықтар мен бостандықтар ешбір жағдайда да шектелмеуі тиіс. Алайда бұл жерде азаматтың тек қай дінге жатуын анықтау құқығы ғана айтылып тұр. Яғни, қай дінге жатуын анықтау құқығы шектелмейді, бірақ оны пайдалану, жүзеге асыру белгілі бір көлемде заңмен шектелуі мүмкін.

Елімізде 2011 жылдың 11-ші қазанында «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» Заңның қабылданып жұмыс істей бастады. Қабылданған жаңа Заң бақылаусыз миссионерлік қызмет пен псевдодіни ұйымдардың заңға қайшы әрекеттерінің алдын алу сияқты өз мақсаттары мен міндеттеріне сай қызмет етіп, қоғам тұрақтылығын қамтамасыз етуде. Бүгінгі таңда Қазақстан жерінде 3, 5 мыңға жуық діни ұйымдар тіркелген болса, олардың ішінде 2383 исламдық, 299 православтық, 84 католиктік және 500-ден аса протестанттық ұйым бар. Қазақстан Республикасының аумағында 10 исламдық, 76 православтық, 230 католиктік, 96 протестанттық шетелдік миссионерлер қызмет етуде.

Қазіргі заманда дінді «мемлекеттік» деген мәртебеге көтерген елдер көп болмаса да, олардың жалпы қатары бар екенін, тіпті кейбіреулерінің біршама ықпалды елдер екенін айта кету керек. Мәселен, әлемдегі Иран Ислам Республикасы, Пәкістан Ислам Республикасы, Сауд Арабиясы Корольдігі, Ватикан сияқты елдерде діндер өздерінің қызметін мемлекеттік ресмиленген құқықтық деңгейде атқаруда. Дегенмен, әлемдегі өркениетті елдердің көбісі өздерін «зайырлы мемлекеттерміз» деп жарялаған және олар өздерінің заң жүйесінде азаматтық құқықтарды негізгі басымдылық ретінде бекіткен. Осындай мемлекеттердің ішінде егеменді Қазақстан Республикасы да бар және ол өзін қазіргі замандағы, өркениетті, демократия жолын ұстанған зайырлы мемлекеттер қатарына қосады, сонымен қатар ол барлық діндерді және діншілдердің құқықтарын, көзқарастарын сыйлайтынын жария еткені де баршаға мәлім.

Қазақстан Республикасының Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев «Қазақстан - 2050» Стратегиясында еліміз бен өңіріміз үшін он негізгі сын- қатерді бөліп көрсеткен. «Бірінші сын-қатер - тарихи уақыттың жеделдеуі. Тарихи уақыт аса жеделдей түсуде. Әлем қарқынды түрде өзгеруде және болып жатқан өзгерістердің жылдамдығы адамды таң қалдырады». Зайырлы мемлекеттегі діннің орны туралы, алдағы уақытта жұмысымыздың қандай бағытта жүргізуіміз керек? - деген сұрақтар дипломдық жұмыстың өзектілігін көрсетеді.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Дипломдық зерттеудің мақсаты - ҚР-да қызмет ететін миссионерлік діни ұйымдардың жұмысын қарастыру, олардың атқаратың жұмысы турасында ақпарат жинау.

  • миссионерлік діни ұйымдардың қызметінің мазмұны мен маңызды белгілерін зерттеу;
  • миссионерлік қызметтің негізгі белгілерін анықтау және зерттеу;
  • миссионерлік қызметтің даму процестерін, зайырлы мемлекетті құқықтық қамтамасыз етудің қалыптасуы мен даму динамикасын және оның конституциялық құқықты түсінуін зерттеу.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Дипломдық жұмыстың әдіснамалық негізі радикалды діни ағымдардың тарихын зерттеу мен объективизм сияқты ғылыми білімнің іргелі принциптерін қамтиды. Адамзат қоғамының тарихының құбылыстары мен үрдістерін сыни талдауды қолдану өте маңызды. Зерттеу жұмысында индукциялық және шегерім әдістерін, салыстырмалы, статистикалық және әлеуметтік әдістерін кеңінен қолданылды. Зерттеу барысында мәселені жан-жақты қарастыруға мүмкіндік беретін әртүрлі әдістер қолданылды, оларға: анализ, синтез, ретроспективалық, салыстырмалы - тарихи, феноменологиялық, тарихи - логикалық және сипаттап баяндау, хронологиялық - проблемалық әдістері жатады. Аталған әдістердің көмегімен түрлі радикалды діни ұйымдардың тәжірибесіндегі жалпы және ерекше сипаттамалары анықталды. Сонымен бірге, әлеуметтанулық сауалнама әдісі пайдаланылды.

Зерттеудің нысаны. Қазақстан Республикасындағы діни бірлестіктер

Зерттеудің пәні. ҚР-да қызмет ететің миссионерлердің жұмысы

Зерттеудің тәжірибелік маңызы. Зерттеудің теориялық және практикалық маңыздылығы радикалды діни ағымдар мен діни экстремизмнің генезисінің тарихи және теориялық негіздерін кешенді талдау, жаһандану жағдайында діни экстремизмге қарсы күреске жаңа тәсілдерді енгізу арқылы анықталады. Жеке тұжырымдар мен ұсыныстарды мемлекеттік құрылымдар, саяси партиялар, азаматтық қоғам институттары, діни ұйымдар діни қақтығыстарды шешу, конфессияаралық қатынастарды реттеу және діни экстремистік идеологияның халыққа әсерін әлсірету үшін пайдалануы мүмкін.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыстың құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспе, екі тараудан, қорытындыдан, сілтеме және пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады. Зерттеу жұмыстың жалпы көлемі 62 бет.

I ТӘУЕЛСІЗ ҚАЗАҚСТАНДАҒЫ ДІНИ АХУАЛ

1. 1 Миссионерлік түсінігі және Қазақстандағы діни жағдай

Миссионерлік - діни қызметтердің ерекше бір түрі. Миссия - латын тілінде «missio» міндет, орындалуы тиіс тапсырма деген мағынаға келеді. Этимологиялық жағынан миссионерлік Христиан дініне тән. Миссионерлік дәстүрді христиандар Исаның серіктеріне және Маркос, Лұқа және Жохан нұсқасындағы Інжіл мен Павелдің хаттарына негіздейді. Інжілдің жаңа өсиетіндегі Матай жазған ізгі хабарларда:

«19. Сондықтан барлық күллі халықтарға барыңдар! Оларды Менің шәркірттерім етіп, Құдай Әкенің, Рухани Ұлының және Киелі Рухының атымен шомылдыру рәсімінен өткізіңдер!

20. Әрі сендерге өсиет еткендерімнің бәрін де ұстануға үйретіңдер! Естеріңде болсын, мен бұл дүниенің ақыр соңына дейін әр күні өздеріңмен бірге болып, сендерге жар боламын», - деп көрсетілген [1] .

Христиан діні үшін миссионерліктің үш сатылы мақсаты бар. Бұл еш өзгермейтін қасаң қағида. Әлемге Христиан дінін жайып, Иса Мәсіхке сенушілердің санын арттыру, шіркеу құрылыстарын салмас бұрын миссионерлік әрекеттерін жалғастыратын мамандар мен адамдар табу және тұрғылықты халықтың ғылыми-әдеби шығармаларына, мәдени құндылықтарына христиандық элементтерді енгізу болса, сонымен бірге, дамыған Батыстық өркениетті христиандықпен бір деп көрсету. Батыс өркениеті мен мәдениетін негізгі өлшем, эталон ретінде ұсыну, еліктіру шарт.

Христиандар Сан-Павелді тұңғыш миссионер ретінде таниды. Миссионерліктің 13 ғасырға жуық және жеті сатылы тарихы қалыптасқан. Әрбір саты өзіндік әдістемелік және кезеңдік шарттарды анықтайтын даму жолының көрсеткіші десек те болады. Бірінші саты 33-100 жылдар аралығы -Иса серіктерінің кезеңі, 800-1500 жылдар арасы - орта ғасыр кезеңі, 1500 -1650 жылдары реформалық кезең, 1650-1793 жылдары аралығы постреформа кезеңі, 1793-жылдан бүгінгі күнге дейінгі кезең модернизация кезеңі болып есептеледі [2] .

Миссионерлік-діни ілімдер мен империалистік мемлекеттердің шіркеумен бірігіп, саяси мақсат-мүдделерін іске асыру үшін қолданылатын саяси қызметтің бір түрі десек те болады. Қазіргі таңда бірқатар империалистік мемлекеттердің құрылымдары, қайырымдылық қорлары, үкіметтік емес ұйымдар мен қаржылық топтар материалдық және моральдық тұрғыдан көмектесіп, отарлау саясатын шіркеумен бірлесе отырып жүргізеді. Бұлардың мақсаттары діни ағарту немесе адамды күнаһарлықтан құтқару емес, керісінше, сол мемлекеттің халқының мәдениеті мен өткен тарихын жадынан шығарып, мәңгүрттендіру арқылы жер байлығына ие болу. Бұндай әрекеттер біздің ғана халықтың басындағы нәубет емес, орта ғасырларда Христиан миссионерлері өз әрекеттерін Африка және Азия халықтарының да ортасында жүргізді. Соның нәтижесінде көптеген жергілікті халықтардың мәдени, діни құндылықтары деформацияланып, өздеріне құлдық қамытын кигізгені тарихи ақиқат.

Өткен тарих тереңіне бойласақ, христиан миссионерлігі белгілі бір халықтың ұлттың болшағы үшін қызмет етпегенін, керісінше шағын мәдениеттер мен ұлттарды ассимилицияға ұшырату, жер бетінен жоюдың таптырмас құралы болғанын байқаймыз. Мәселен ХVIII-ғасырда Батыс отаршыл мемлекеттері Австралия құрлығының байырғы тұрғындарын ұлттық табиғи қалпынан айырған осы миссионерліктің үлкен жемісі болатын [3] .

Миссионерлік қызметін атқаратын ғалымдар алдымен баратын жердің географиялық ерекшеліктерін, халқының рухани болмысы мен өткендегі тарихи жолын, психологиясын, мінез-құлқын, салт-ана дәстүрінің ерекешелігін, билеу жүйесін, яғни өзіне қажет буынды да ұрымтал тұстарын терең барлап зерттей отырып, миссионерлік саясатының стратегиялық негіздері мен тактикалық әдістерін, мақсаттарын анықтап алады [4] .

Еліміздің аумағында христиандардың пайда болғаны туралы алғашқы деректер V-VI ғасырлаға жатады. Әсіресе ІХ-Х ғасырларда Ұлы Жібек жолы бойынша ауып келген христиан миссионерлерінің белсенді қызметтерінің нәтижесінде кейбір түркі тайпаларының арасында несториандық таралған. Дереккөздер мәліметтеріне сүйенсек, Тараз бен Меркіде, сонымен қатар Сырдария өзені бойында христиан шіркеулері болғандығы археологиялық қазбалар арқылы мәлім. Алайда Х-ХІ ғасырларда аймақта исламдандыру процесі етек алып, христиандық шіркеулер мешіттерге айналдырылды [5] .

Ал, миссионерлік әрекеттер біздің елімізде және Орта Азия территориясындағы түркі халықтарының арасында өте ерте заманнан-ақ жүргізілгені белгілі. XVI-ғасырда Ресейдегі Қасым хандығының соңғы мұрагері Сайын Болатханның шоқынып, өз атын өзгертіп Самсон атанғаны тарихтан белгілі жәйт. Өйткені шоқынған бұратана атаулының ата-анасы қойған есімі міндетті түрде өзгертіліп, оның ата тегі жаңадан орысшалап қойылатын дәстүр сол тұстан-ақ қалыптасқандығын аңғартады [3] .

Христиан миссионерлігінің Қазақ жеріне орналасуын төрт кезеңге бөліп қарастыруға болады. Оның бірінші кезеңі - ІІІ-ХІҮ ғ. ғ. аралығын қамтиды. Бұл уақытта еліміздің және Орта Азия территориясына мелькиттер, яковиттер, несторияндар Армияндық, Апостоль және Католик шіркеулері болатын. Бұл кезеңде Христиан діні жергілікті басқа да діндермен яғни, Зороастризм, Иудайзм, VIII-ғасырда Ислам дінімен амалсыз ымыраласып әрекет етуге мәжбүр болды. Алайда ХІV ғасырда Христиандық Ислам дінінің ықпалымен Қазақ даласынан біраз уақыт ығыстырылды [6] .

Қазақстанда миссионерлік әрекеттің қарқындаған уақыты Ресей империясы қазақ жерін мемлекет меншігі ретінде жариялаған тұста және шекарасын ресми түрде белгілеп, картасын сызып бекіткен соң патша үкіметі бұрыңғы уақытша ислам дінін тарату саясатынан бас тартып, 1862 жылдан бастап ресми түрде қазақ халқын шоқындыру, сол арқылы біртіндеп орыстандыру саясатын ашық жүргізе бастады [7] . Патша үкіметі бұл миссионерлік әрекетті жан-жақты зерттеп әрі сақтықпен жүргізді. Мәселен ең шұрайлы жерлерден қазақ шаруаларын ығыстырып, орыс мұжықтарын көбірек қоныстандыру, жер-су аттары мен адам есімдерін өзгерту, елді мекендерде аралас мектептер ашу, жергілікті халықтың жазу емлелерін ауыстыру, билік структурасы мен туыстық нинститутарына өзгерістер енгізуді шіркеу мемлекетпен бірлесе жүргізді.

Екінші кезең - ХҮІІІ ғасырдың аяғы - ХХ басында Қазақ хандығының Ресей бодандығын алғаннан кейін, әскерилер арқылы келген. Бұл кезеңнен бастап орыс православие шіркеуі іргесін берік орнатып, миссионерлік әрекеттерін жүзеге асыруға тырысты. Сонымен бірге ХІХ ғасырдың аяғында Католиктер, Протестанттар, Баптистер, Адвентистер және Менониттер де келе бастады. Бұл Протестанттық секталармен қоса орыс православ шіркеуінен бөлініп шыққан ескі дәстүрді қолдаушы ағымдар - молокандар, скопцылар, иеговист-ильинцилар Қазақстанға жер аударылған переселендер мен қара шекпенділер арқылы да келді. Бұл саяси-миссонерлік процесске Ұлы Қазан төңкерісі кезінде Кеңес үкіметінің атеистік идеологиясы кедергі жасады. Жетпіс жыл өмір сүріп, тарих сахнасынан кеткен әлемдегі алғашқы және соңғы атеистік «ұлы держава» миссионерлікке қайтадан айқара жол ашып берді.

Үшінші кезең - 1917 жыл мен 1991 жылдар арасын қамтиды. Бұл дінге деген жаппай қарсылық білдіріліп, діни ғибадат орындары жабылы, діни қызметкерлерді қудалаған кезең болды.

Ұлы Отан соғысына дейін көптеген діни қызметкерлерді жер аударып, қатаң түрде жазалап, келген Кеңес үкіметі соғыс басталғаннан кейін дінге деген қатаң саясатын сәл де болса босаңсытты. Көптеген жабылып қалған ғибадат үйлері қайтадан ашылып, 60-80-жылдары Католиктер мен түрлі Протестанттық секталар да ресми тұрғыда пайда бола бастады [7] .

Соңғы кезең - еліміздің тәуелсіздік алған жылдарымен тұспа-тұс келеді. Осы уақыт ішінде Республикамыздың территориясында бұрын соңды кездеспеген ағымдар мен секталар, атап айтар болсақ, пресвитариандық және методистік, протестанттық конфессиялар: «Агапе», «Жаңа өмір», «Иегова куәгерлері», «Бахай сенімі», «Ібіліс шіркеулері», «Саентология шіркеуі» және т. б. өз алдарына діни бірлестік болып құрылып орналаса бастады [6] .

Тәуәлсіздігіміз жарияланып, егеменді ел болғалы бері елімізде жасыратыны жоқ, діни экспанция үдеп, дін мәселесі қоғамымызда басты назарда тұрғаны да жасырын емес. Іргесі бекімеген егемен еліміздің Діни-сенім бостандығы туралы заңымыздың тым асығыс әрі еш дайындықсыз қабылдануын пайдаланған кейбір түрлі жат пиғылдағы діни секталар миссионерлік әрекеттерін белсенді түрде жүргізіп келеді.

Тәуелсіздік алғалы миссионерліктің қарқынды түрін Дәстүрлі емес діни қозғалыстар жалғастырды. Бұл діни қозғалыстар өз қызметтерін заманауи ақпарттық-техниканың соңғы жетістіктерін пайдалана отырып жүргізеді. Көпшілік жиналатын акт залдарында, стадиондарда сенімді түрде сұхбаттар өткізіп, жеке интернет сайттары, телеарналар, радиожелілері арқылы хабарлар таратып, өздерінің жекелеген газеттері мен журналдарына мақалалар, жарнамалар жариялап отырады. Батыс мемлекеттерінен елімізге және басқа да тәуелсіз мемлекеттерге жіберілетін әдебиеттердің 1991 жылдың қыркүйек айына дейінгі саны екі миллионнан асып түскен. Соңғы жыдары Қазақстанда қазақ және орыс тілдерінде шығатын кітап пайызы (қазақша 5%, орысша 21%) сырттан келетін кітап санының төрттен бірін құрайды [7] .

Миссионерлік әрекетті әлемнің бірнеше мемлекеттерінде белсенді түрде атқарып жүрген «Иегова куәгерлері» екі жүз тілде жиырма жеті миллион данамен журнал шығарып, екі жүз отыз елде үгіт-насихат жұмыстарын жүргізеді. Нью-Йоркте «Күзет мұнарасы» қоғамының «Бруклин» баспаханасында үш мыңнан астам адам жұмыс істейді. Баспаханада айына ағылшын тілінде үлкенді-кішілі алпыс мыңдай және жүз жиырма тілде отыз миллиондай кітап шығарылады. Бұл кітаптарды тарату үшін екі миллиондай адам жұмыс істейтін «Эймак» тарату желісі белсенді жұмыс атқарады [8] . Бұл, әрине, тамыры, түп төркіні арыда жатқан дәстүрлі саясат екені белгілі.

Христиан діні миссионерлік әрекеттерін тек адам баласын ақиқатқа жеткізіп, тура бағыт беру ғана емес, басқа да саяси мақсаттар үшін пайдаланады. Тәуелсіздік алған уақытымыз бен өткен тарихымыздағы Христиан миссионерлігі ұлт болып қалыптасуымызға кері әсерлерін тигізіп, дінімізді, мәдени құндылықтарымызды жоюға бағытталғанын көреміз. Бұл - рухани экспансия бүгінде де жан-жақты өз функциясын жалғастырып келеді.

Қазақстандағы миссионерлік, аз зерттелген және тарихи кітаптарда үстірт жазылған тың тақырыптың бірі болғандықтан, оны терең зерттеп, жас ұрпақ санасына діни түсінік қалыптастыруымыз тиіс. Тағыда мұндай рухани шабуылдармен жалпы қоғам мүшелерінің діни сауатын арттыру арқылы күресе аламыз. Ол үшін арнаулы және жоғарғы оқу орындарында «Дінтану» дәрістер өткізу және дәстүрлі Ислам дінінің құндылықтарын ғылыми негізде танып, насихаттау. Республикалық БАҚ-да дәстүрлі емес діни қозғалыстардың миссионерлік қызметтері жөнінде ақпараттарды үнемі жариялап тұру.

Қазақстан Республикасының «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» Заңының бойынша еліміздегі діни бірлестіктердің қызметі, миссионерлік қызмет, дінтану сараптамасы, ғибадат үйлерін салу, діни әдебиетті тарату секілді барлық қызметтердің тәртібі айқындалған. Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарын бекіту туралы бұйрықта нақты көрсетілген.

Миссионерлiк қызметті жүзеге асыратын адамдарды тiркеудi уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне құжаттарын ұсына алады. Ресми тіркеу куәлігін алғаннан кейін барып, миссионерлік қызметін тек өзінің тіркелген аймағында ғана жүзеге асыра алады. Заңға сәйкес миссионерлер уәкілетті органның аумақтық бөлімшелерінде жыл сайын қайта тiркеуден өтуге мiндеттi.

Қазақстан Республикасының 2011 жылғы 11 қазандағы «Діни қызмет пен діни бірлестіктер туралы» Заңының 8-бабының 1-тармағына сәйкес, діни ілімдерді таратуға бағытталған қызметті тек тіркеуден өткен азаматтар, шетелдіктер мен азаматтығы жоқ тұлғалар жүргізе алады және олар Қазақстанда ресми тіркелген діни бірлестіктің өкілдері болуы тиіс. Елімізде Заң бойынша өңірлердегі Дін істері басқармаларынан тіркеуден өткен миссионерлер ғана діни ілімдерді таратуға құқылы. Кез-келген азамат көшеде, қоғамдық көліктерде, аялдамада немесе басқа да қоғамдық орындарда (базарда, жатақханада, сауда-cаттық орталықтары және т. б. ) қандай да бір діннің артықшылығы туралы уағыз насихат жұмыстарын жүргізе алмайды. Діни насихат жүргізген адам заңсыз миссионерлік қызметпен айналысқан болып, заң бойынша жауапқа тартылады.

Миссионерлер тіркелу үшін қажетті құжаттар мен материалдарды уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне тапсырады. Олар:

1) паспорт немесе жеке куәлік көшірмесі;

2) миссионерлiк қызмет аумағы мен мерзiмi көрсетiлген өтiнiші;

3) дiни бiрлестiктің атынан миссионерлiк қызметті жүзеге асыру құқығына дiни бiрлестiк берген құжаты;

4) өкілі миссионер болып табылатын діни бірлестікті Қазақстан Республикасында мемлекеттік тіркеу туралы куәліктің және оның жарғысының көшірмесі;

5) миссионерлік қызметке арналған діни әдебиетті, дiни мазмұндағы өзге де ақпараттық материалдарды, дiни мақсаттағы заттарды ұсынады.

Ал, Қазақстан Республикасындағы шетелдіктер мен азаматтығы жоқ адамдар миссионер ретінде тіркелу үшін уәкілетті органның аумақтық бөлімшелеріне қосымша мынадай құжаттарды:

1) миссионер оның атынан өкілдік ететін дiни бiрлестiктің шет мемлекеттің заңнамасы бойынша ресми тiркелгендiгiн куәландыратын заңдастырылған немесе апостиль қойылған құжатты;

2) Қазақстан Республикасында тіркелген діни бірлестіктің шақыруын ұсынады. Шет мемлекеттер берген құжаттардың қазақ және орыс тілдеріне аудармасының дұрыстығы Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған және аударманы жүзеге асырған аудармашы қолының түпнұсқалығы Қазақстан Республикасында нотариат куәландырған түрінде табыс етіледі.

Республикада 18 конфессияның 569 миссионері тіркелген. Тіркелген миссионерлердің арасында саны жағынан православиенің және католицизм дінінің миссионерлері басым.

Миссионер.jpg

Алматы қаласы Қоғамдық даму басқармасы «Діни қызмет және діни бірлестіктер туралы» заңының 5 бабы 10 тармағына және Діни қызмет саласындағы мемлекеттік көрсетілетін қызметтер стандарттарың басшылыққа ала отырып «Миссионерлік қызметті жүзеге асыратын тұлғаларды тіркеуді және қайта тіркеуді жүргізу» мемлекеттік көрсетілетін қызметті көрсетуде. Стандартты басшылыққа ала отырып төмендегідей себептермен миссионерлік қызметті тіркеуден бас тартады:

біріншіден, дінтану сараптамасының теріс қорытындысы;

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстан Республикасындағы қоғамдық және діни бірлестіктер қызметінің құқықтық негіздері
Діни бірлестіктердің құру тәртіптері
Адам және азаматтардың құқықтарының негіздері, оларды қорғау
Дін саласындағы негізгі мемлекеттік саясат сектаның рухани рөліне қызмет ету
Қазақстан Республикасында діни саясатты құқықтық қамтамасыз ету
Құқық және заң анықтамалары
Қазақстандағы діни жағдайдың заңдық негіздері
ҚР адам мен азаматтың азаматтық құқықтық жағдайы
Дін саласындағы мемлекеттік саясатты жүзеге асырудың негізгі қағидаттары
Қазақстан Республикасындағы саяси партиялар мен қозғалыстар
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz