Балалар мен жасөспірімдердің есірткілік заттарға әуестену мен тәуелділікке шалдығу жағдайларына әкеп соқтыратын жағдайлар


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 60 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны:

Кіріспе . . . 2

Негізгі бөлім

1. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың өзекті сұрақтары: жедел-іздестірушілік сипаттамасы, себептері, белгілері және олардың алдын алу.

1. 1. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың жедел-іздестірушілік сипаттамасы . . . 5

1. 2. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың өзекті сұрақтары мен әлеуметтік-психологиялық ерекшеліктері . . . 14

1. 3. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың есірткіліктің себептері мен белгілері . . . 23

2. Балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықпен есірткіге тәуекел топтарын ерте анықтау ерекшеліктері және алдын алу мәселелері.

2. 1қр мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлық пен есірткіге тәуелділікті анықтау ерекшеліктері . . . 34

2. 2. Балалар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлық пен есірткіліктің алдын алу . . . 40

Қорытынды . . . 51

Пайдаланылған әдебиеттер . . . 53

Кіріспе

Қазақстан Республикасы өзiн демократиялық, зайырлы, құқықтық және әлеуметтiк мемлекет ретiнде орнықтырады, оның ең қымбат қазынасы - адам және адамның өмiрi, құқықтары мен бостандықтары. [1]

Қазіргі таңда балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлық көптеген әуестік артып бара жатқанын байқап жүрміз. Оның салдарынан көптеген балалар мен жасөспірімдердің қоғамдық ортаға деген көзқарасы, достарына деген қарым-қатынасы және денсаулығына көп зиян тигізіп, соның салдарынан балалар мен жасөспірімдер өлімі көбеюде. Нашақорлық - менің ойымша, бұл аурға кең жол ашумен қатар келер ұрпақтың денсаулығына, өміріне және болашағына деген тигізер зияны мол. Сол себепті Қазақстанда «Жастар есірткіге қарсы» атты акция ұйымдастыруы қажет және көптеген үгіт-насихаттау жарнамалар мен жарнамалық роликтер ұсынылуы керек деп ойлаймын. Осы жарнамалар болашақ жастар мен болашақ қоғамға деген үлкен жетістік болар еді деп есептеймін. Қоғамда жүргізіліп жатқан осы іс-әрекеттер тек қана балалар мен жасөспірімдер болашағы үшін болуы қажет. Қазақ жастарының білімін көтеруге және болашақта өз орнын таңдауға тікелей әсерін тигізетін қозғалыстар студенттер мен оқушылар арасында кеңінен таралуына өз септігімді тигізсем деймін. Қазіргі таңда көптеген оқу орындарында көптеген жастар ұйымы қызмет етуде өз үлестерін қосып жатыр. Яғни аталып өтетін көптеген мейрамдар мен кештерді ұйымдастыру осы жастар ұйымының негізгі міндеті болуы керек. Себебі, балалар мен жасөспірімдер арасында жарыстар өткізуге және білімділік, өнертанымдылық, ән-күй байқауын, тренинг сияқты іс-шараларды өткізуге жастар ұйымының атқарар рөлі өте маңызды. Балалар мен жасөспірімдерді білімге тарту мен қатар олардың өмір жолында жаңылыспауына және көптеген қиындықтарға ұшырамауына жәрдемдесуге дайынмын. Балалар мен жасөспірімдер арасында 1-желтоқсан «Антиспид» күніне отырыстар, іс-шаралар ұйымдастырылып соған байланысты осы СПИД-ке қарсы шаралар жүргізу мен қорғану мүмкіндігін жасауымыз керек.

Есірткілік заттар бүгінгі таңда әлемінің жазылмас дертіне айналып отырғаны ешкімнен жасырын емес, ең сорақысы балалар мен жасөспірімдер нашақорлықтың зиян екенін біле тұра, осы жолға салынуы болып отыр. Мәселен, Қазақстанда 2018 жылғы статистикасына сүйенер болсақ, нашақорлар жалпы саны 20 мыңға жеткен және оның көп бөлігі балалар мен жасөспірімдер болып отыр.

Есірткілік заттар - нашақорлықтың дамуына әкелетін әртүрлі табиғаттағы өсімдік немесе синтетикалық текті заттар тобы болып табылады. Бұл препараттардың негізгі тәуекелі мен зияндары адамдардың оларды қалай қолданатыны, психикаға және миға қабылдауға әсер етуінен, адамдар осындай құралдардың қажетіне әкеле алатын жағдайлардан туындайды. Балалар мен жасөспірімдердің психобелсенді заттарды пайдалануы қазіргі қоғамның маңызды мәселесі деп айтуыма болады. Ол елдің әрбір бесінші тұрғынына жанама немесе тікелей әсер етуі мүмкін деген деректер бар. Денсаулықтың нашарлауы, темекі шегудің таралуы, алкогольді ішімдіктер мен есірткілік заттарды пайдалану қиын деңгейге жеткенін байқадық және бұл үрдістердің одан әрі өсуі қайтымсыз салдарларға әкеп соғуы мүмкін. Нашақорлық - бұл жай ғана есірткі және онымен байланысты мәселелер емес, бұл балалар мен жасөспірімдердің менталитеті, яғни балалар мен жасөспірімдердің есірткілік заттарға деген құмарлығы деуге болады. Жалпы елімізде есірткілік заттарды қолданатын балалар мен жасөспірімдер туралы көптеген пікірлер бар: біреу тамақ ішеді және соңында толып кетеді, ал біреулер қарым-қатынаста өз-өзімен кетіп қалады дейді, өйткені ол тым қызғанышпен немесе өзімшілдікпен қарай бастайды, ал кейбіреулер құмар ойындарда, нашақорлар тобында ішеді, есірткі қолданады дейді. Жасөспірімдер нашақорлығы жүйелі түрде есірткіні қолдана бастаған балалар мен жасөспірімдердің жасы он жыл ішінде 15 жастан 21 жасқа дейін көбейген. Есірткілік заттар балалар мен жасөспірімдер арасында сәнге яғни, модаға айналған. Көбінесе балалар мен жасөспірімдердің есірткілік препараттар мен қоспаларды дәріханалардан оңай алуға мүмкіндіктері бар.

Қазақстанда есірткілік заттардың ахуалының өңірлік дамуын талдау балалар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлық ауруы, соның ішінде токсикомания емделуі өте қиын ауру болып келеді. Балалар мен жасөспірімдер есірткілік заттарға деген кайф яғни ләззат деген сөзді ауыздарынан тастамайынша, балалар мен жасөспірімдерді осы есірткілік заттарға деген кейбір мәселелерді шеше алмаймыз. Нашақорлық біздің қоғамымыздың маңызды мәселелерінің бірі болып табылады, сондықтан да білім беру ортасында психобелсенді заттарды теріс пайдаланудың алдын алуды ұйымдастыруда батыл және белсенді іс-әрекеттердің аса қажеттілігін ұйымдастыруымыз қажет. Ұлттың байлығы мен өркендеуінің маңызды көрсеткіші өскелең ұрпақтың денсаулық жағдайы болып табылады. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДҰ) қызметінің басым бағыттарының бірі балалар мен жасөспірімдерді салауатты өмір салты дағдыларына үйретуді мақсат етеді. Салауатты өмір салтының маңызды аспектілерінің бірі ос балалар мен жасөспірімдердің есірткілік заттардан және алкогольдық ішімдіктерден саналы түрде бас тартуы болып табылады. Бүгінгі таңда есірткілік заттар мен алкогольдық ішімдіктердің алдын алу ерекше маңызға ие мәселелердің бірі болып отыр. Сарапшыларының пікірінше, нашақорлық мәселесі драмалық сипатқа ие болған деседі. Бүкіл әлемде нашақорлыққа қарсы күреске жыл сайын ондаған миллиард долларға есептелетін елеулі қаражат бөлінеді екен, алайда дүние жүзіндегі нашақорлардың азаюуына көңіл толарлық емес. Есірткілік заттардың әр түрлі түрлерін қамтитын нашақорлықтың таралуының барлық көрінісі одан да қайғылы жағдай болып отырғаны белгілі. Ал ауыр тәуелділік туындайтын есірткіні заңсыз өндіру және тарату қоғамның келесі ұрпақтарының азып-тозуына әкелуіп соқтыруы мүмкін. Нашақорлық әрдайым популяцияларды, адамдар топтарын, жеке индивидумдарды таң қалдырады, оларға салауатты өмір салты мен денсаулық мәдениетінің төмен деңгейі болғаны жөн. Бұрынғы дәрігерлер кез келген ауруды емдеуден гөрі алдын алу оңай екендігі туралы үлкен ғұлама сөздерді айтқан болатын. Нашақорлықтың алдын алуда объективті ақпараттың болуы, дұрыс ұйымдастырылған бос уақыт, жас мүдделері мен қажеттіліктерін, сондай-ақ әртүрлі жасөспірімдер мен жасөспірімдер топтарының ерекшеліктерін ескере отырып, бос уақыттарын орынды пайдалануы қажет деп ойлаймын.

Балалар мен жасөспірімдер нашақорлығы - бұл ең алдымен, отбасы қасіреті, баланың өмірі мен денсаулығы деп айтуға болады. Жалпы айтқанда баланың нашақор болуы ол ең біріншіден ата-ананың тәрбиесі, екіншіден баланың қоғамдағы араласатын ортасы әсер етеді деп ойлаймын. Осы дипломдық жұмысымды балалар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлығының өзекті мәселелеріне арнағым келіп отыр.

  1. Балалар мен жасөспірімдер арасындаға нашақорлықтың жедел іздестіру сипаттамасы.

Нашақорлық (наркомания) - грек тілінен nacre және manya - ессіздік, құтыру деген мағынаны білдіреді. Есірткілік заттарға деген тәуелділіктің нәтижесінде пайда болатын созылмалы ауру екененін білеміз. Үнемі есірткілік заттарды тұтынуға құштар адамдарды нашақорлық деп аталады. Есірткілік заттарды пайдалану психикалық және тәндік тәуелділікке, адам баласының үнемі азғындалуына дейін апарып, өмірі мен денсаулағының нашақорлануына әкеліп соқтырады. [2]

Қазір бүкіл әлем елдері нашақорлыққа қарсы күресті ашық деп жариялап отыр. Себебі нашақорлық адамзат баласына әкелетін зардабы өте үлкен, зияны өлшеусіз. Соңғы жылдары мемлекітіміз есірткіге қарсы заңнамасын барынша күшейткен болатын. Елімізде құқық қорғау органдары алдына есірткі бизнесі мен нашақорлыққа қарсы күрес аса маңызды міндет ретінде қабылдаған болатын. Жалпы нашақорлыққа яғни есірткілік заттарға қатысты қылмыстардың барлығы ауыр қылмыс түріне жатады. Жыл сайын мемлекетіміз есірткі қылмыстарының алдын алу, жолын кесу мақсаты үшін көптеген іс-шаралар жүргізуде.

Нашақорлықты жою мақсатында болашақта жақсы нәтижеге жету үшін «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» деген халық даналағының сөздерін ұран етіп, Қазақстан халқы болып келесідей маңызды міндеттерді атқару керек:

1. Ең алдымен уәкілетті мемлекеттік органдармен нашақорлыққа қарсы қоғамдық қорғаныс қабілетін әлеуметтік бейімділікті қалыптастыруды жүзеге асыру қажет. Бұл үшін мемлекеттік әлеуметтік саясат, білім беру жүйесіндегі балалар мен жасөспірімдер арасындағы көлемді мәдени тәрбие жұмыстарын балалар мен жасөспірімдердің бос уақыттарын қоғамдық саяси жарыстар мен спорттық жұмыстарды ұйымдастыру арқылы жүзеге асыра отырып, осы салада негізгі бағыт беретін күш-жегерді арттыру үшін атқарушы билік органдары мен азаматтық қоғам саясаттарының жұмыстарын жетілдіру мен жандандыру, ең бастысы нашақорлыққа итеремелейтін басты себептері мен тәуелділікті анықтап және оларды қалпына келтіру жұмыстырын жасау қажет.

2. Нашақор балалар мен жасөспірімдердің өз денсаулығына деген көзқарасын өзгертуі керек, олардың санасына адам денсаулығы адам үшін ең басты құндылық болып табылатын туралы идеяны түсіндіріп жеткізу маңызды алғышарты болып табылатын салауатты өмір салтын жүргізуде барлық күш-жігерін ынталдыратын бағдарламаларды әзірлеу және енгізу қажет.

3. Есірткілік заттар жайлы кері мағынаны білдіретін ақпараттарды берумен қатар есірткілік заттарды пайдалануға тыйым салу мен бірге жауапкершілік болатынын ескертуіміз қажет.

4. Құқық қорғау органдары және есірткілік заттар мен есірткі айналымына қарсы іс-шараларға қатысатын басқа да мемлекеттік органдардың бас назарын балалар мен жасөспірімдердің есірткілік заттарға қол жетімділігін барынша болдырмауымыз қажет.

5. Уәкілетті мемлекеттік органдардың, сондай-ақ нашақорлықтың алдын-алуға және оны өңдеуге мамандырылған медициналық мекемелердің материалдық-техникалық жағдайларын күшейтуіміз қажет. [3]

Есiрткілік заттардың заңсыз айналымы мен терiс пайдаланылуына қарсы iс-қимыл шаралары туралы заңының 34 және 35- баптарында нашақорлықпен ауыратын балалар мен жасөспірімдерді мәжбүрлеп емдеу жайында жазылған:

Есірткіден емделуден жалтаратын нашақорлықпен, уытқұмарлықпен ауыратын балалар мен жасөспірімдерді мәжбүрлеп емдеу мәселелері, балаларды нашақорлықпен немесе уытқұмарлықпен ауру деп тану тәртібі және оның мамандырылған емеду профилактикалық мекемесіне емделуге жіберудің негіздері, мәжбүрлеп емдеуді тоқтатудың негізі мен тәртібі, нашақорлықпен уытқұмарлықпен ауыратындарды есепке алу және емдеуді жүргізу тәртібі Қазақстан Республикасының заңымен реттеледі. Нашақорлықпен ауыратын балалар мен жасөспірімдерге медициналық-санитарлық көмек көрсетуге нашақорлық аурудың алдын алуды, балалар мен жасөспірімдерді тексеруден өткізуді, ауытқуларға диагноз қоюды, нашақорлық аурудан зардап шегетін балаларды емдеуді, күтуді, медициналық оңалтуды қамитды және Қазақстан Республикасының заңдарында белгіленген тәртіппен жузеге асырылады. Нашақорлықпен ауыратын балаларға мемлекет медициналық-санитарлық көмек көрсетуге кепілдік береді және ол заңдылық, адамгершілік құқықтарын сақтау принциптері негізінде жүзеге асырылады. Әрекетке өабілетсіз деп танылған балалар мен жасөспірімдерге наркологиялық көмек олардың ата-аналарының асырап алушылардың немесе қамқоршылардың келісімі бойынша Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен жүзеге асырылады. Өз еркімен емделуден жалтаратын нашақорлықпен ауырған балалар мен жасөспірімдер Қазақстан Республикасының заңдарында көзделген тәртіппен денсаулық сақтау жүйесінің мамандырылған емдеу және алдын алу мекемелерінде мәжбүрлеп емделуге тиіс. Есірткі стационарлық емдеу кезеңінде балалар мен жасөспірімдерге яғни науқастарға оқуға, еңбекке уақытша жарамсыздық парағы, ал емдеу аяқталғаннан кейін оның ата-анасының өтініше бойынша емдеу мақсаты көсретілген анықтама беріледі. Нашақорлықпен ауыратын балалар мен жасөспірімдерге көмек көрсететін адамдар( наркологтар, адвокаттар, дәрігерлер, мұғалімдер және тағыда басқалар) қызметтеріне төленетін ақы мемлекет есебінен немесе қайырымдылық есебінен төленеді. [4]

Біздің Республикамыздың Қылмыстық Кодексінің «халық денсаулығына және адамгершілікке қарсы қылмыстар» тарауында кейбір баптарының санкцияларында, атап айтсам, Қылмыстық Кодекстің 296-303 баптарында тек бас бостандығынан айыру түрі ғана қолданылады. Тәркілеуді аталған баптарға қосымша жаза ретінде қолдану, есірткі бизнесінің экономикалық бастауының алдын-алуда ғана ретінде қолданылуын кеңейтеді деген ойдамын. Мемлекетіміздің жарқын болашағының кепілі, еліміздің ертеңі жасөспірімдер. XXI ғасыр жаңа технологиялардың ғасыры, жалпы айтқанда күн сайын шығатын технологияның саны көбейіп келеді. Балалар мен жасөспірімдердің өмірге деген қызығушылығын арттыруда және олардың тәрбиесіне, білімділігіне, ең бастысы денсаулығына көңіл аударуымыз қажет. Әсіресе, ересек адамдар балалар мен жасөспірімдерді есірткі заттарын тұтынуға көндіру елімізде елеулі мәселелердің бірі болып отыр. Ол Қазақстан Республикасының Қылмыстық Кодексінің 299-бабында көрсетілген:

299-бап. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға көндiру.

1. Есірткі, психотроптық заттарды, сол тектестерді тұтынуға көндiру -

төрт мың айлық есептiк көрсеткiшке дейiнгi мөлшерде айыппұл салуға не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына не бір мың сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға не төрт жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығын шектеуге не сол мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

2. Мынадай:

1) адамдар тобының алдын ала сөз байласуымен;

2) бірнеше рет жасалған дәл сол іс-әрекет -

үш жылдан сегiз жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

3. Осы баптың бiрiншi немесе екiншi бөлiктерiнде көзделген:

1) көрiнеу кәмелетке толмаған адамға не екi немесе одан да көп адамға қатысты;

2) күш қолданып немесе оны қолдану қатерін төндіріп;

3) қылмыстық топ жасаған іс-әрекеттер -

жетi жылдан он жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға жазаланады.

4. Осы баптың бiрiншi, екiншi немесе үшiншi бөлiктерiнде көзделген іс-әрекеттер, егер олар абайсызда жәбiрленушiнiң өлiмiне немесе өзге де ауыр зардаптарға әкеп соқса, -

он бес жылдан жиырма жылға дейiнгi мерзiмге бас бостандығынан айыруға не өмiр бойына бас бостандығынан айыруға жазаланады.

Жалпы осы балалар мен жасөспірімдер арасында нашақорлықты азайту үшін, ол үшін Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 11-тарауындағы баптармен жаза тағайындалады. Мысалы Қазақстан Республикасы Қылмыстық Кодексінің 296-бабында көрсетілген қоғамдық орындарда есірткі, психотроптық заттар, сол тектестер мен прекурсорлардың медициналық емес тұтыну сексен айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұлсалуға ие, сол мөлшерде түзеу жұмыстарына ие сексен сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тартуға ие, жиырма тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алуға жазаланады. [5]

Жедел іздестірушілік сипаттамасы:

Балалар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың жедел-іздестіру сипаттамасы:

1) Балалар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлықты және оған байланысты құқық бұзушылықтарға қарсы күресте әлеуметтік жағдайларды кеңейту, оның ішінде қоғамдық және басқа да ұйымдар мен азаматтарды есірткілік заттарға тыйым салу негізі арқылы жүзеге асыру;

2) Балалар мен жасөспірімдер арасындағы нашақорлықтың және соның іщінде есірткілік заттарды пайдалануға байланысты құқық бұзушылықтардың кең етек алуының алдын алу шараларын қамтамасыз ету;

3) Балалар мен жасөспірімдер арасындағы есірткілік заттардың айналымын бақылау, олардың заңсыз айналымы мен шектен тыс пайдаланылуына қарсы іс-қимыл шаралары саласындағы есірткі бизнесіне болдырмау үшін жедел-іздестіру шараларын күшейту;

4) Балалар мен жасөсрімдер арасындағы есірткілік заттардың айналымы саласындағы маңызды мәліметтер алуына мемлекеттік бақылау жасау;

5) Балалар мен жасөспірімдер арасындағы есірткілік заттарды теріс пайдалануына қарсы іс-қимылды мемлекеттік негізде жүзеге асыру;

6) Балалар мен жасөспірімдер арасындағы есірткілік заттардың айналымы саласындағы жедел-іздестіру қызметін нығайту;

7) Мемлекеттік және басқа да органдардың қызметін ведомстволық қызметтерін жүзеге асыру;

8) Балалар мен жасөспірімдер арасындағы есірткілік заттарын шектен тыс пайдалануды тыйым салуға бағытталған жұмысты ұйымдастыру мен жүргізу міндеттерін кешенді түрде жүзеге асыру;

9) Қазақстан Республикасы Ішкі Істер Органдары мен өзге де уәкілетті мемлекеттік органдарына немесе денсаулық сақтау органдарына жекелеген азаматтардың есірткілік заттарын заңсыз тұтынуын, не есірткілік заттарға масаң күйде деген ақпарат түскен жағдайда медициналық куәландыруға жатады. Есірткілік заттарын заңсыз тұтыну фактісі куәлардың айғақтары негізінде, сондай-ақ есірткілік заттарға куәлардың нәтижелері, сондай-ақ адам организмінде есірткілік заттарының бар-жоғына тестілеулер болған кезде ғана анықталады. Есірткілік заттарын заңсыз тұтыну салдарынан есірткіге масаю фактісін анықтау медициналық куәландыру жүргізу міндеті тек қана дәрігердің ғана құзыреті негізінде жүзеге асырылады, ал «Нашақорлық» диагнозын тек дәрігерлік консультациялық комиссия ғана белгілейді. Есірткілік заттарын заңсыз тұтынатын адамдарды анықтау мен есепке қою тәртібі денсаулық сақтау, ішкі істер мәселесін реттейтін уәкілетті органдардың Қазақстан Республикасының өзге де уәкілетті органдар нормативтің құқықтық актілермен айқындалады.

Нашақорлықпен күресте құқық қорғау органдарына және басқа да мемлекеттік органдарға маңызды орын берілуі қажет. Жалпы білім беретін мекемелерді бекітілген кәмелетке толмағандардың істері жөніндегі инспекторлар, мектеп орналасқан аумаққа қызмет көрсететін учаскелік инспекторлар, сондай-ақ аталған объектілерді жедел жасыруды жүзеге асыратын қылмыстық іздестірудің жедел уәкілдері жиі тексеріп тұруы қажет. Полиция қызметкерлері жүзеге асыратын ерекше функциялар мен міндеттердің арасында балалар мен жасөспірімдер арасындағы есірткілік заттарын қолданудың алдын алу сияқты міндеттер көзделген, яғни бұл жағдайда ең басты міндет ол - есірткілік заттарды және есеңгірететін заттарды оқушылардың қолына түсуіне және қолдануына жол бермеу болып табылады. Балалар мен жасөспірімдер темекі шегу мен ішімдікті пайдаланғанда зияны жоқ деп ойлаған кезде, олар есірткіге деген өте үлкен ықтималдық пайда болады. Балалар мен жасөспірімдер өз мінез-құлқын құбылта отырып, есірткіні ойындағы қиялдарымен байланыстырады: "кез келген уақытта мен есірткілік заттарды тастай аламын, нашақор болмаймын" деп ойлайды. Әдетте, әлеуметтік жағдайы жоғары отбасынан шыққан балалар мен жасөспірімдер нашақорлар қатарын қосылады. Мұндай отбасылардағы әлеуметтік-психологиялық жағдайды тұрақты, отбасы саясаты, білім беру жағдайы және қаражаты жақсы деңгейде болады. Балалар мен жасөспірімдердің тәрбиесіне теріс әсер ететін есірткілік заттарын тұтынуды, ата-аналар не заңды өкілдері тұрғылықты жері бойынша бақылауды жүзеге асыру қажет, жасөспірімдерді тәрбиелеуді ата-аналар барынша күшейту қажет. Есірткілік заттардың алдын алу жүйесінің өкілдерімен бірге Төтенше Жағдайлар Комитеті қызметкерлерімен балалар мен жасөспірімдердің тұрғылықты жері бойынша кенеттен тексеру кестесін жасауымыз қажет. Есірткілік заттардың заңсыз айналымының және пайдаланудың жолын кесу мақсатында жоспарлы әрі нақты жедел іс-шаралар жүргізіледуі қажет. Операциялар, рейдтер және тексерулер, олардың процесінде ұсақ-түйек жымқыру, оның негізінде дайындалатын сыра мен сусындарды ішу, алкоголь және құрамында спирт бар өнімдерді не есірткілік заттарды қоғамдық орындарда тұтыну, сондай-ақ ұсақ бұзақылық жасағаны не қоғамдық орындарда алкогольдік немесе есірткілік заттарға мас күйінде болғаны үшін балалар мен жасөспірімдерге әкімшілік жауапкершілікке тартылатынын ескертуіміз қажет. Балалар мен жасөспірімдер арасында маскүнемдіктің, нашақорлықтың алдын алу, спирттік ішімдіктерді пайдалануға жол беретін тұлғаларды анықтау мақсатында мәдени-ойын-сауық және жастардың жаппай демалатын орындарына тексеру жүргізілуі қажет. Тексеріс барысында базарлар, дискотекалар, барлар, жертөлелер, шатырлар және спирттік ішімдіктер сатылатын және есірткілік заттарының таралуы мүмкін өзге де мекемелер мен орындарды жиі тексеріп тұруымыз қажет.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Зиянды әдеттер және олардың алдын алу туралы
Зиянды әдеттер және олардың алдын алу
Нашақорлық - қоғамдық дерт
Жастарға ғасыр індетінің психологиялық – педагогикалық әсер ету аспектілері
Есірткімен байланысты қылмыстармен күрес мәселесі әлем коғамдастығының назарында
Нашақорлық - қылмыс бастауы
Жастар арасындағы нашақорлықтың алдын алу шаралары
Маскүнемдік пен девианттық мінез - құлық мәселелерін алдын алу шаралары мен әдістері
Кең тараған есірткі
Жасөспірімдердің есірткі қолдануына қарсы кеңес берудің психологиялық маңыздылығы
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz