Ислами дағуат Аллаһ тарапынан


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 64 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ

«ТАРИХ ЖӘНЕ ДІНТАНУ»ФАКУЛЬТЕТІ

«ТАРИХ ЖӘНЕ ДІНТАНУ» КАФЕДРАСЫ

«Қорғауға жіберілді»

«__»2019ж.

кафедра меңгерушісі т. ғ. к, . профессор

Абдыкалыков Ұ. Қ.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Ислам дініндегі уағыз насихаттың маңыздылығы мен алғы-шарттары

Орындаған:

Ғылыми жетекші:

Алматы 2020

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ

«ТАРИХ ЖӘНЕ ДІНТАНУ» ФАКУЛЬТЕТІ

«ТАРИХ ЖӘНЕ ДІНТАНУ» КАФЕДРАСЫ

Гаджиев Мұхтар

Ислам дініндегі уағыз насихаттың маңыздылығы мен алғы-шарттары

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Алматы 2020

МАЗМҰНЫ

Кіріспе . . . . . .
3
Кіріспе. . . . . .: І Ислам дініндегі уағыз-насихат және оның шариғи маңыздылығы . . . . . . . . .
3: 7
Кіріспе. . . . . .: 1. 1 Уағыз-нәсихат және дағуат сөздерінің мағынасы . . .
3: 7
Кіріспе. . . . . .: 1. 2 Дағуаттың ерекшелігі мен маңызды . . .
3: 19
Кіріспе. . . . . .: IІ Ислам негіздеріне сәйкес уағыз жасау әдісі . . .
3: 27
Кіріспе. . . . . .: 2. 1 Дінге шақырудың шарттары мен сатылары . . .
3: 27
Кіріспе. . . . . .: 2. 2 Уағыз-нәсихат шарттарын орындаудың нәтижесі… . . . …… . . .
3: 39
Кіріспе. . . . . .: 2. 3 Діни уағыз-нәсихат жасаудағы әдіс-тәсілдер . . .
3: 45
Кіріспе. . . . . .: Қорытынды . . .
3: 59
Кіріспе. . . . . .: Пайдаланылған әдебиеттер . . .
3: 63

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Дипломдық жұмыста Құран мен сүннет аясындағы уағыз насихаттың жасалуы, яғни шариғи тұрғыда айтсақ Ислам негіздеріне сәйкес дағуат жасаудың әдіс-тәсілдерін және оның ерекшелігі мен маңыздылығы кеңінен қарастырылған.

Зерттеу тақырыбының өзектілігі. Еліміз өз егемендігін алғалы бері ғылымы саласына барынша көңіл аударуда.

Соның ішінде дін саласы да өзінше дамып, әсіресе соңғы жылдары жалпы діннің де, діни мекемелердің де ықпалы өсіп, қоғамдағы саяси мәдениеттің қалыптасуына жәрдемші рол атқарып келеді.

Сонымен қатар қазіргі таңда ел арасында жүрген түрлі дін өкілдері өздерінің үгіт-насихаттарын түрлі әдістермен жүргізу үстінде. Айта кету керек көптеген қандастарымыздың басқа дінге еліктеп, өтіп жатқандары да рас. Бұған себеп: біріншіден - Исламға дағуат жасау тәсілдерінің төмен деңгейде екендігі болса; екіншіден - еліміздегі Ислам танушы мамандарының уағыз-нәсихат жасау әдіс-тәсілдерін толық меңгермегендігі мен оның маңыздылығын толық түсінбегендігі.

Сондықтан да Ислам дінінің Қазақстан халқы үшін оның қажеттілігін ескере отырып, жұмысыма Ислам дініндегі уағыз насихаттың маңыздылығың тақырып етіп алдым. Ислами дағуаттың жүргізу әдіс-тәсілдерін оның басқа діндердің үгіт-насихат жүргізу ерекшелігін және маңыздылығын оқырман қауымға жеткізуге тырысамыз.

Ислам дінімен келген діни міндеттерді, шариғат үкімдерін, адамдардың бір-бірімен қатынасындағы заңдылықтарды және Ислам діні әкелген бүкіл ақиқатттарды жер бетіне тарату әрбір мұсылмандардың міндеті. Бұл ақиқаттар әлемді дұрыс басқаруға жол ашады.

Ал, қоғамдық өмірде қолданылуы екі дүниеде де орасан зор табысқа кенелтіп, көптеген бақытсыздықтан құтқарады. Құран Кәрімдегі аяттарға және хадистерге қарағанымызда Ислам дінін дағуаттау уәжіп. Осы қасиетті кітабымыз дағуаттауды бұйырып және уәжіп екендігінің айдан анық мына төмендегі аятпен көрсетуде:

«Сендерден жақсылықққа шақыратын, сондай-ақ дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосатын топ болсын. Міне солар құтылушылар» [4, Әл-Имран: 104] .

Осы аятта жақсылықққа шақыру, жамандықтан тыятын бір топ болып, мұсылмандардың иман келтіргеннен кейін орындалуы керек болған алғашқы міндеттерінен.

Ислам дініне шақыру басқа діндегі немесе белгілі бір идеологияға шақырумен тең келмейді. Ислам діні білімге мән беріп, қандай да бір мәселеде қатты назар аударуды талап етеді. Ислам дағуатшылары надандықтың және құмарлығының арқасында соңына ерген нәпсісінің кесірінен, тура жолдан оңайлықпен адасуда. Іс-әрекеттерінің нәтижелері өзінің күткен нәрселерінен басқа болып, тіпті Аллаһ Тағаланың разылығы емес қаһарына ұшырайтын істер істегендігін көреді. Бұл істеген қателіктерінің әсерінен өмір бойы құтыла алмай, оны түзету де қиындыққа соғып жатқандығын өмір сахынасынан көрудеміз.

Адамдарды Исламға шақыру, оларға жақсылықты әмір етіп, жамандықтан сақтандыру - ислами бір жауапкершілік. Ислам жолында жүргендер бұл міндетті орындауы керек: талпыныс, ойлау және уақыттармен оның ақысын берулері қажет. Негізінде бұл міндет әрбір мұсылманның мойнындағы орындалуы керек болған ең басты міндеті.

Шынында Ислам дағуаты өте өзекті мәселе, бірақ оған онша мән бермей, керекті дайындықтардан өтпестен, болашақтағы жоспарды талқыламастан дағуатқа кірісу үлкен бір қауыпты тудырады.

Құран мен сүннет бойынша дағуат айту әдісінің себептеріне тоқталар болсақ:

Қазіргі таңға дейін келген білім, логикалық шығармалардың көбі жас ұрпақтың Ислам дінін қабыл етулеріне өздерінің кері әсерлерін тигізіп отырды. Бұлар Ислам ақиқатын жалғанға шығару, әрі адамдардың сенім-нанымдарын күдікке түсіру мақсатымен оқу орындарында жас ұрпақтың санасын улау ниетімен сабақтарды өз дегендеріне жету үшін пайдаланғаны мәлім.

Бүгін бұл қулықтарының арты ашылып, білімді өз дегендеріне қолданудың соңы жетті. Ақиқатты іздеушілер Ислам, иман тұрғысындағы ақиқаттарды, өмірлік жүйе және қарым-қатынастағы туралықты көрулері ашық дәлел болған. Қоғамдағы бұл күдікті (бүлікті) әрекеттерді көре білген жас ұрпақ Ислам дінін өмірлеріне сіңдіре білу үшін қажымас қайрат көрсетіп, талпынған. Ислам діні бұл ұрпаққа ақиқаттарды үйретіп, жүректеріне Ислам принциптерін бекітіп, оларға ой-пікір, тәлім-тәрбие үйрену үшін тура жолды көрсетеді. Ислам дінін жақсы түсінген, іс-қимыл, әрекеттерін және мінез құлқын Ислам тәрбиесімен тәрбиелеген әрі тек қана Аллаһ Тағала разылығы үшін Ислам дінін қоштап-құптаған көптеген жас ұрпаққа мұқтажбыз.

Қоғамдағы бұл бүліктер білінгенімен, ақиқатты перделеуден дәрменсіз қалса да, жер бетінде Ислам дінін ұстанушыларға кедергі, кесірін тигізуге мүмкіншілік іздеп, әлі де тырмысуда. Ислам дұшпандарының бір жерде жиналғанын, мәжіліс құрып мәселе талқылағанын көрсеңіз олардың мұсылмандарға қарсы әрекет жасау, мұсылмандардың жүректерінен Ислам сүйіспеншілігін өшіру мақсатымен немесе Ислам дініне немқұрайлы қарату үшін жоба-жоспар құрып жатқандығын білгеніңіз жөн.

Бұл жағдай, Ислам дініне шақырушылардың көп, сан емес сапалы болған жас ұрпақтың, Ислам дінін шынайы мойындаған бар күш жігерімен Ислам дінінің шарықтауына үлес қосар топтың керек екендігін көрсетеді.

Ислам ғалымдарының айтуынша: «Ислам жолында қара басының қамын ойлаған, нәпсісінің жетегінде жүрген, көздеген мақсаттарына жету жолында адамдық қасиеттерін, ар-намысын аттаған адамдар жоқ болған кезде Ислам дініне халықты шақыру фарз кифая еді» - деп өз пікірлерін білдірген. Ал бүгінгі таңда мал-мүлік, күш-құдірет, әйел құмар сияқты нәрселер Аллаһ Тағала жолында және оның разылығын іздеуге кедергі болып, негізгі мақсатқа айналуда. Сондықтан қазіргі кезде Ислам дініне шақыру фарз айн дәрежесіне шыққан. Бұл жауапкершілік белгілі бір топқа немесе жеке бір тұлғаға артылмай Аллаһ Тағалаға шынайы сеніп, бекемденген әрбір мұсылманның мойнындағы міндет екендігін ұмытпауымыз керек. Әділетті, шарапатты болған Ислам дініне төнген қауыпке қарсы шығу үшін әрбір мұсылман күш-дәрмені жеткенше әрекет ету мұсылмандық борышымыз.

Ислам дініне шақыру басқа діндегі немесе белгілі бір идеологияға шақырумен тең келмейді. Ислам діні білімге мән беріп, қандай да бір мәселеде қатты назар аударуды талап етеді. Ислам дағуатшылары надандықтың және құмарлығының арқасында соңына ерген нәпсісінің кесірінен, тура жолдан оңайлықпен адасуда. Іс-әрекеттерінің нәтижелері өзінің күткен нәрселерінен басқа болып, тіпті Аллаһ Тағаланың разылығы емес қаһарына ұшырайтын істер істегендігін көреді. Бұл істеген қателіктерінің әсерінен өмір бойы құтыла алмай, оны түзету де қиындыққа соғып жатқандығын өмір сахынасынан көрудеміз.

Шынында Ислам дағуаты өте өзекті мәселе, бірақ оған онша мән бермей, керекті дайындықтардан өтпестен, болашақтағы жоспарды талқыламастан дағуатқа кірісу үлкен бір қауыпты тудырады.

Тақырыптың зерттелу деңгейі. Құран мен сүннет аясындағы дағуат мәселесі туралы, нақты қазақша жазылған ғылыми жұмыстар болмағандықтан, дипломдық жұмысымды жазу барысында көбінесе шетелдік әдебиеттерді пайдаландым. Сонын ішінде түрік тілінде жазылған әдебиеттерді қазақшаға аудардық. Атап айтар болсақ: Afzalur Rahman. «Siret Ensiklopedisi», Said Hava. «Allah yerinin Ahlak ve kültürü», Ömer Çelik. «Üsve-i Hasene», Salıh Suruç. «Peyğamberimizin Hayatı», Ramazan el-Buti. “İslama Davet metodu”», Imam Gazzali. «Ihya-u Ulumid-dın».

Сонымен қатар отандық зерттеушілердің де еңбектерін пайдаландық:

Артемьев А. И., Исаұлы М., Жолдыбайұлы Қ., Садық Көстереліұлы.

Зерттеудің мақсаты мен міндеттері. Жұмысқа кірісер алдында мына жайларды ескердік. Әрқандай істің өзіне тән өлшемімен безбені, мақсаты мен мұраты болатынын білеміз. Өлшеусіз өнер, мақсатсыз жұмыс оңбайды. Сондықтан осы жұмысты жазуда белгілі бір өлшемдердің, қағида мақсаттардың болатынын ескерсек;

  • Алдымен дағуатқа кіріспестен бұрын дағуат сөзіне анықтама беріп, дағуат сөзі басқа да қандай мағыналарға келетіндігін білгеніміз жөн.
  • Ислам дағуаты басқа діндердің үгіт насихаттарынан маңызы мен ерекшелігін анықтап көрсету.
  • Дағуат айтудағы қолданылатын негізгі әдістерді барынша кең көлемде талдап көрсету негізгі мақсатымыз.

Зерттеудің нысаны мен пәні. Диплом жұмысының негізгі нысаны- Құран мен сүннет аясындағы уағыз-насихат мәселесінің ерекшеліктерін қарастыру.

Диплом жұмысының пәні - Құран және сүннет аясында дағуат жасаудың мәнін қарастыру.

Зерттеу жұмысының теориялық және практикалық маңызы. Зерттеу жұмысының нәтижелері дінтану ғылымының дамуына өз үлесін қоса алады деген сенімдемін. Диплом тақырыбы тарих, философия ғылымдарға ортақ жалпы танымдық және арнайы әдістер пайдалану негізінде жазылды. Зерттеу тақырыбының алға қойған мақсатына жету жолында объективті әлем дамуының жалпы заңдылықтарына негізделген теориялық және практикалық зерттеу тәсілдері пайдаланылды.

Зерттеу жұмысының құрылымы. Ғылыми жұмыстың құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспе, екі тараудан, қорытындыдан, сілтеме және пайдаланылған әдебиет тізімінен тұрады.

Зерттеу жұмыстың жалпы көлемі 64 бет.

I ИСЛАМ ДІНІНДЕГІ УАҒЫЗ-НАСИХАТ ЖӘНЕ ОНЫҢ ШАРИҒИ МАҢЫЗДЫЛЫҒЫ

1. 1 Уағыз-нәсихат және дағуат сөздерінің мағынасы

Негізінде уағыз-нәсихат ілімі Ислам діні бойынша терминдік тұрғыда «Дағуат» деп аталады. Ал «дағуат» терминің шариғатымызда екі мағынада қарастырылады: біріншісі - қарапайым адамдарды оқыту ісі, дін және тіршілік істері жөніндегі ұғымдарын кеңейту, әр бір адамның өміріндегі мақсатын түсіндіруге, оларды тура жолға түсіруге жағдай жасау үшін барлық ілімді қамтыған кешенді бағдарламаның болуы.

Екіншісі - дағуаттың Исламды таратуға, оны адамдардың санасына жеткізуге қатысты мағынасы. Аллаһтың діні - жер жаһанды мекендеген халықтарға тура жол көрсету үшін келген. Ол адамдардың бірлігіне, рухани қажеттіліктерін табуына, құқықтарының қорғалуына, тіліміздегі көп мағыналы дағуат сөзі «Адамдарды белгілі бір мақсатқа үгіттеу», «Үндеу», «Назар аударту», сол мақсаттың ақиқаттығына көз жеткізіп, көңілдерін сендіру, бағыттау тұрғысында қолданылады. Дағуат сөзінің Исламға қатысты мағынасы - ерекше мәнді. Оның ерекшелігі адамдар арасында осы хақ дініміздің кеңінен таралуына жағдай туғызады.

Араб тілінде «дағуат» сөзі - «даъуа» деп айтылады. Оның тілдік мағынасы: «Шақыру», «Айқайлау», «Дауыстау», «Дұға немесе теріс бата жасау» - дегенді білдіреді [1, 149 б. ] .

Ал терминдік мағынасы: «Тура жолға шақыру», «Бұл дүниеде және ақыретте бақытты болу үшін жақсылыққа шақырып, жамандықтан тыю», «Аллаһтың хақ діні Исламға шақыру» - деген ұғымды білдіреді.

Жалпы айтқанда Құранда кездесетін дағуат сөзінің қолданылу аясында осы тәрізді мағыналас келетін «Тәблиғ», «Иршад», «Уағыз», «Насихат», «Әмр бил-Маъруф - Нәһй анил-Мүнкар», «Инзар» сияқты сөздер де жиі ұшырасады. Олар тілдік жағынан дағуат сөзінен өзгеше болғанымен, түсіндіру барысында дағуат сөзімен бірдей немесе соған жақын мағынада қолданылады.

Енді осылардың тілдік мағыналары мен терминдік мағыналарына тоқтала кетсек:

А) Тәблиғ сөзі арабшада - «Жеткілікті болды», «Мақсатқа жетті» немесе «Жеткізілді» - деген мағыналарды білдіреді [2, 84 б. ] .

Терминдік мағынасы: Пайғамбарларға Аллаһтан уахи арқылы келген иләһи үкімдердің ешқайсысын өзгертпей, дәл өз қалпында адамдарға білдіру. Тәблиғ - бүкіл Пайғамбарларға ортақ сипат. Құранда айтылған Пайғамбар қиссаларында, тәблиғ жауапкершілігін маңыздылығын, әрі ауыр екенін мына аяттардан көре аламыз:

«Расында Біз Нұхты (а. с. ) еліне Пайғамбар етіп жібердік. Сонда ол: «Әй елім! Аллаһқа құлшылық қылыңдар, сендердің Одан басқа тәңірлерің жоқ. Күмәнсіз мен сендерге келетін ұлы күннің азабынан қорқамын» [4, Әъраф: 59] .

Ә) Насихат. Насихат сөзі сөздікте - «Үгіт жасау», «Шын жүректен айту», «Амалды ықыласпен орындау» сияқты мағыналарда қолданылады.

Оның терминдік мағынасы: - адамдарды жаман іс-әрекеттерден, жаман пиғылдар мен көз бояушылықтан ұзақтату, тура жолға салу деген мағыналарды білдіреді [2, 377 б. ] .

Насихат айтушы кісі тыңдаушылардың жүректерін жұмсартатын тәтті тілмен айтуы тиіс. Сонымен қоса, адамдарға осы дүниелік және ақыреттік жауапкершіліктерді үйрету. Бұл жайында Пайғамбарымыз (с. а. у. ) :

  • «Дін - насихат» - деп, насихатты бір неше тармақтарға бөлген:
  • Аллаһ үшін насихат: Ол - Аллаһқа иман келтіру, сансыз нығметтеріне шүкіршілік жасау, бұйрықтарына мойынсұну. Аллаһтың үкімін адамдардың үкімінен барлық уақытта жоғары санау.
  • Кітабы үшін насихат: Құран Аллаһтың кітабы екендігін, онымен амал жасау керектігіне, Оның жіберген барлық парақтары мен кітаптарына күмән келтірместен, иман келтіру.
  • Аллаһтың Елшісі үшін насихат: Оның Пайғамбар екендігіне, алып келген хабарлардың күдіксіз ақиқат екендігіне, оның тиым салғандарынан ұзақ тұру және ең соңғы Пайғамбар екендігіне иман келтіру, растау.
  • Мұсылмандардың көсемдері үшін насихат: мұсылмандардың басшысына, ақиқат пен әділеттілікте оған жәрдемдесу. Оның жасаған зұлымдығына қарсы шығу, оған дінге байланысты істерді үйрету.
  • Барлық мұсылмандар үшін насихат: бүкіл мұсылмандарды Аллаһтың бірлігіне және Оның ұлылығы мен бұйрықтарына мойынсұну керектігін насихаттау [3, 200 б. ] .

Бұған байланысты Құранда да көптеген аяттар бар: «Бұл Құран - бүкіл әлем үшін бір насихатшы» [4, Сад: 87] . Б) Иршад. Иршад сөзі «Тура жолды тауып, өз шешімін қабылдады» - мағынасына келеді.

Иршад түсінігі мен дағуат сөздері бір-біріне өте жақын. Құранда есімі айтылмаса да «рушд» сөзі 19 жерде кездеседі. Мәселен: «Аллаһ кімді қаласа сол тура жолда, кімді адастырса, сонда әсте оған көмекші, жетекші таба алмайсың» [4, Кәһф: 17] .

В) Әмр бил-Маъруф - Нәһй анил-Мүнкар.

Арабшада «білу», «тану», «түсіну», «ойлану» мағынасындағы «ирфан» түбірінен шығып, «маъруф» сөздігінде «білінген», «таныған», «түсінген»; «нүкір» немесе «нәкәра» түбірінен келген «мүнкар» сөзі «түсініксіз», «жатырқаған», «қиыншылық көрген» мағыналарына келеді.

Құран мен хадистерде терминдік мағынасындағы «Маъруф» және «Мүнкар» сөздері әлі осы күнге дейін қолданылумен бірге түсіндірілуі аумақты мағыналарда қолданылғандығын көреміз [3, 26 б. ] .

Құран Кәрімдегі аяттарға және хадистерге қарағанымызда Ислам дініне насихаттау уәжіп, басқалары бойынша парыз. Құран Кәрім насихат кітабы. Осы қасиетті кітабымыз бізге насихаттауды бұйырып және уәжіп екендігінің айдан анық мына төмендегі аятпен көрсетуде: «Сендерден жақсылыққа шақыратын, сондай-ақ дұрыстыққа қосып, бұрыстықтан тосатын бір топ болсын. Міне солар құтылушылар» [4, Әли Имран: 104] .

Осы аятта жақсылыққа шақыру, жамандықтын тыятын бір жамағат болу мұсылмандардың иман келтіргеннен кейінгі орындалуы керек болған алғашқы парыздарынан. Бұл міндетті орындай алған мұсылмандар құтылғандар. Жақсылыққа шақыру, жамандықтан қайтару барлық мұсылмандарға парыз кифая дегендер де бар. Бұл нәрсені орындамаған қандай да бір мұсылман өзінен жауапты. Бірақ, бір адамға парыз айн емес. Халықтың барлығының мойнындағы міндеті. Өйткені, сіздерден бір топ шығару, оларға көмек көрсетіп, бұл жауапкершілікті орындау барлығымыздың басты міндетіміз.

Пайғамбарымызға Аллаһтан бұйырылған әмірлер оның үмметіне де тиісті. Аллаһ Исламға шақыру парыз кифая немесе уәжіп екендігін мына аятпен көрсетуде:

«Ей, Пайғамбар! Раббыңның тарапынан түсірілгенді жалғастыр. Егер оны орындамасаң, елшілік міндетін жалғастырмаған боласың» [4, Маида: 67] .

Мұсылмандар бұл міндетті орындаумен жүктелген. Әлемде Аллаһтың дінін жаю үшін және әр адамның мұны біліп үйренуі үшін мұны орындауы керек. Қаласа Ислам жерінде болсын немесе басқа жерде болсын. Пайғамбарымызға қарағанымызда пайғамбарымыз Меккеде немесе Мәдинада болсын адамдарды Исламға шақырды және асхабтарына да мұны осылайша әмір етуде және әдістерін де үйретті. Ислами дағуат әр мұсылманның мойнындағы жауапкершілік. Ислам дініндегі дағуат, белгілі бір бөлімнің емес, иман келтірген барлық адамдардың міндеті. Әрбір адам өзінің біліміне қарай басқаларына насихатта болып оларды тура жолға шақырады.

а) Құранда дүниедегі жаратылыстардан мысал беріп, Аллаһтың бірлігіне дағуат ету

Жаратушы Раббымыз өзінің қасиетті Кәламында әлемдегі қоршаған жаратылыстан көптеген мысалдар беріп, өзінің Ахад - Жалғыз екендігін адам баласының түсіне алатындай тілмен сана сезімімен ойлай алатындай дүниедегі күнделікті тіршіліктерден мысалдар беруде:

«Олардың ішінде айды нұр қылып, күнді шам қылдық» [4, Нұх сүресі: 16]

«Көрмейсің бе? Аллаһ көктен жаңбыр жаудырып, оны жер жүзіндегі қайнарларға салды. Сосын ол арқылы түрлі-түсті егіндер шығарды. Кейін оның қуқыл тартып сарғайғанын көресің. Кейін оны қоқымға айналдырады. Мұнда ақыл иелеріне үгіт насихат бар». [4, Зүмәр: 21] .

«Ол сондай Аллаһ, желдерді жібереді де, бұлттарды жүргізіп, оны қалауы бойынша аспанда жаяды. Және бұлтты бөлшектейді, сонда оның араларынан жаңбыр шыққанын көресің. Ол жаңбырды құлдарынан қалағанына жеткізеді» [4, Рум: 30] .

Ақыл иелері мұндай мысалдардан дүние өмірін өткінші екенін ұғып, өзіне бір сабақ алуына болады. Өйткені, әрбір жаздың соңында қыс болғаны сияқты, әрбір жастық шақтың да кәрілігі бар екендігін ескеруіміз жөн болар. Яғни, әрбір нәрсенің соңы бар екенін жоғарыда нақыл етілген аяттарды негіз ретінде қолдана аламыз.

«Ол сондай Аллаһ, көріп тұрғандарындай көктерді тіреусіз көтерді. Кейін ғаршыны меңгеріп, күн мен айды іске қосты. Олардың әрбірі бір белгілі мерзім үшін жүреді. Бүкіл істерді ол жолға қойып, аяттарды ашық баян етеді» [4, Рағыд: 2] .

«Әрі сондай Аллаһ, Жерді төсеп, онда асқар таулар, өзендер жаратты. Әрі онда әртүрлі жемістерден екіден жұп қылды. Түнді күндізге жабады. Шын мәнінде мұнда ойланатын қауым үшін дәлелдер бар» [4, Рағыд: 3] .

Рағыд сүресінің 2-3 аяттарында Аллаһтың барлық нәрсеге күші жетуші екендігін, Аллаһ көкті тірексіз көтерді және күн мен айды өзгермес бір системаға орнықтырғандығын, оған ешқандай да күштің мұқтаж еместігін нұсқап тұр. Сол үшін де ақыл иелерінде көптеген дәрістер жатыр, соны жақсылап түсінсін, әрі ойлансын.

«Аллаһ Тағала әр жандыны судан жаратты. Сонда кейбіреулері бауырымен жүреді, кейбіреулері екі аяғымен жүреді және кейбіреулері төрт аяқтап жүреді. Аллаһ қалағанын жаратады. Рас оның әрнәрсеге толық күші жетуші» [4, Нұр: 45] .

«Олар аспан бостандығындағы бағынышты құсты көрмей ме? Оларды Аллаһтан басқа ешкім ұстап тұра алмайды. Негізінен сондай иман келтірген қауым үшін әлбетте белгілер бар» [4, Нақыл: 79] .

«Түн мен күндіздің ауысуында сондай-ақ Аллаһтың көктен жаңбыр жаудырып, өлгеннен кейін жерге сонымен жан беруінде және желдерді игеруінде түсінген елге ғибрат бар» [4, Жәсия: 5] .

«Күдіксіз көктер мен жердің жаратылуыда түн мен күннің ауысуында адам баласына пайдалы нәрселермен теңізде жүрген кемеде және Аллаһтың көктен жаңбыр жаудырып, жер өлгеннен кейін онымен жандандыруында әрі онда әр түрлі хайуанды таратуында, желдерді және көк пен жердің арасында әлбетте ойланған елге (Аллаһтың барлығын, бірлігіне) белгілер бар» [4, Бақара: 164] .

ә) Құран аятының қарсысында адамның әлсіз қалдыруын мойындату әдісі

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Қазақстандағы дәстүрлі емес ислами ағымдар
Мәдиналық алғашқы мұсылмандар
Ислам дінінің түсу мақсаты
Ханафи фикх мазхабының негіздері мен ерекшеліктерін жас ұрпаққа көрсете білу
Қазақ руханиятындағы ислам құндылықтарын дінтану тұрғысынан талдау
Қожа Ахмет Яссауи өмірбаяны
Егемендік жылдардағы діни басылымдар ерекшелігі
Дағуаттағы жақсы байланыс құру жолдары мен әдістері
Ислам. Қазіргі кезеңдегі дәстүрден тыс діндер
Тәпсір әдістемесі
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz