Ислам дініндегі қылмыс пен жаза


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 66 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ

«ТАРИХ ЖӘНЕ ДІНТАНУ»ФАКУЛЬТЕТІ

«ТАРИХ ЖӘНЕ ДІНТАНУ» КАФЕДРАСЫ

«Қорғауға жіберілді»

«__»2020ж.

кафедра меңгерушісі т. ғ. к, . профессор

Абдыкалыков Ұ. Қ.

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Тақырыбы: Ислам дініндегі қылмыс пен жаза

Орындаған:

Ғылыми жетекші:

Алматы 2020

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ҒЫЛЫМ ЖӘНЕ БІЛІМ МИНИСТРЛІГІ

ШЕТ ТІЛДЕР ЖӘНЕ ІСКЕРЛІК КАРЬЕРА УНИВЕРСИТЕТІ

«ТАРИХ ЖӘНЕ ДІНТАНУ» ФАКУЛЬТЕТІ

«ТАРИХ ЖӘНЕ ДІНТАНУ» КАФЕДРАСЫ

Ардақ

Ислам дініндегі қылмыс пен жаза

ДИПЛОМ ЖҰМЫСЫ

Алматы 2020

МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ . . . 3

І ИСЛАМДАҒЫ ҚЫЛМЫС ПЕН ЖАЗА ҰҒЫМЫ

1. 1 Ислам дініндегі қылмыс және жаза түсініктері . . . 6

1. 2 Ислам ғалымдарының қылмыс пен жаза жайындағы тұжырымдары . . . 30

ІІ ИСЛАМДАҒЫ АДАМ ҚҰҚЫҚТАРЫ

2. 1 Ислам құқығының түсінігі мен ерекшелігі . . . 40

2. 2 Ислам шариғатындағы адам құқығының негізгі түрлері . . . 49

ҚОРЫТЫНДЫ . . . 62

ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ . . . 64

КІРІСПЕ

Жұмыстың жалпы сипаттамасы. Зерттеу жұмысында ислам дініндегі қылмыс және оның жазалары, олардың қоғамға тигізетін зияны жөнінде қарастырылады. Сондай-ақ, ауыр күнәлар мен айыптардың жеке тұлғалық зардаптары талданады.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі. Ислам діні - таза сенім діні. Әрбір дүниеге келген адамның бойында дінге, рухани тазалыққа, тылсым күшке сену сезімі болады. Бүгінде жер бетіндегі халықтың көпшілігі, сондай-ақ, Қазақстан халқының басым бөлігі осы дінді ұстанушылар. Ислам діні, ата-бабамыздан бері ұстанып келе жатқан дін болғанымен, кейінгі Кеңестік Одақтың жетпіс жыл бойы сіңірген атеистік сенімінің құрсауынан құтыла алмай жатқанымыздың әсерінен көпшілік бұл дінді толық әрі анық түсінбеуде. Сондықтан діннің шынайы мағынасы әрі оның жеке адамның қалыптасуы мен қоғамға тигізер әсері кезек күттірмей зерттеуді талап ететін басты мәселе.

Адамзат о бастан жақсы мен жаманды айырып, адамдар қалай өмір сүру керек, олар не істеуі не істемеуі керек, деген мәселелер төңірегінде ойланумен келеді. Әр пенденің осы сауалдарын қанағаттандыратын жауаптарды Алла Тағала Өз елшілері арқылы түсіндіріп отырған. Жаратушы Хақ Тағала адам баласын жер бетіне халифа етіп тағайындап, оны басқа барлық жаратылысқа үстем етті. Осы үлкен аманатты жүктей отырып, оның барлық құқықтарымен міндеттерін Өз Кітаптарында айқындап отырды. Мәселен, игі амалдары үшін қаншалық сауабы болса, жер беінде жүріп істеген қылмыстары үшін де лайықты жаза бар екенін ескертті.

Әр адам белгілі бір қоғамда өмір сүріп отырғандықтан қылмыс пен жазаның шариғи түрі болатындай, өмір сүріп отырған мемлекеттіңде белгілеген тиісті жазалары бар және кейбір тұстарда оның шариғатпен үндестігі болатындығы белгілі. Сондықтан, әр адамның өз құқықтары мен міндеттерін білмеуі оларды заңмен тиым салынған әрекетті жүзеге асырғаны үшін жауапкершіліктен босатпайды.

Қазіргі бұқаралық ақпараттың дамып жаһандану кезеңінде көптеген қалыпты, күнделікті мәселелерге басқа көзқараспен қайта қарау мәселесі туындап отыр. Өйткені қазіргі таңда айтып отырған ақпараттардың көптігінен (бұқаралық ақпарат құралдары, интернет, көптеген саяси идеологиялар мен қөзқарастардың тарауы т. б. ) қоғамда ақ пен қараны, ненің дұрыс, ал ненің бұрыс екенін ажырату үлкен мәселеге айналып отыр. Осыған орай қылмыс пен жаза әр уақытта қоғамның ең өзекті мәселесінің бірі болып келгені бәрімізге мәлім.

Қараханидтер дәуірінен Ислам дінін ұстанып, әдет - ғұрпымыз осы дін қағидаларымен сабақтасып кеткендіктен дипломдық жұмысымның тақырыбын «Ислам дініндегі қылмыс пен жаза» деп атауым шариғаттағы қылмыс деп белгілеген қылмыстардың біздің де салт санамызға жат екенін және зайырлы мемлекетте еркін өмір сүріп мұсылман адам ретінде құқықтарымыздың қандай екенін ашып көрсету басты мақсатым болды.

Зерттеу нысаны мен пәні. Дипломдық жұмыстың нысаны - қоғамдағы мұсылмандардың құқығы, қылмыстың шариғат үкімі бойынша жазасы қарастырылған. Зерттеу пәні қылмыстың түрлері, жаза деңгейімен құқық дәрежесін айқындау.

Зерттеу деңгейі: Ислам дініндегі қылмыс және жаза үкімдерінің қоғамға тигізетін зияны мен пайдаларын зерделей отырып, соның ішініде ислам дінінің бейбіт ғұмыр кешуге бағытталған жағымды дәйектерін алға тарта, Құран мен хадистегі негізгі қайнарларға жүгініп, ислам ғұламаларының көзқарастарына талдау жасалды.

Ұсынылып отырған ғылыми жұмысымды жасау барысында ислам дініннің негізгі дәйектемелерін қолданылған. Атап айтар болсақ:

Дипломдық жұмысымдағы ислам дініндегі қылмыс және оның жазасын өтеу мәселелері жайлы араб, түркі және қазақ тілінде атақты мұсұлман теологтардың бірқатар шығармаларында атап айтылған. Мысалы, Ахмад ибн Ханбал «Муснад Ахмад», «Дәрул фикр», Абу Абдилла Мухаммад ибн Исмағил Бұхари «Әл-Әдәбул муфрад», «Сохихул Бухари», Тирмизи Мухаммад ибн Иса «Сунан Тирмизи», Осман бин Мухаммад әл-Хамис «Хикбатун мин әт-Тарих», Муслим ибн Хажжажәл-Қашиириу «Сахих Муслим», Әби әл-Яср Мухаммад әл-Бәздауи «Усул ад-Дин», Абу әл-Хасан Али ибн Хабиб әл-Мауәрди «Әл-Аһкәм әл-Султания уа уйләяту әл-Диния», Абдул Азиз бин Абдулла бин Мухаммад бин Абду-Латиф әли әш-Шейх «Әр-Рәсайлу уәл-Мәсайл ан-Нәджия».

Дипломдық жұмыста түрк тілінде жазылған қайнар көз кітаптардан Ibn Hacer el heitemi «Islamda helaller ve haramlar», Muhammed bin Abdulkerim es Sehristani «El-Milel ven-Nihal (діндер және мазхаптар тарихы), Ebu Mensur el-Bagdadi «Мезхеплер арасындағы парықтар», Әбу Дауд Сүлейменнің «Әс-Сүнән» кітабынан шығармалар колданылған.

Сонадай-ақ, қылмыс пен жазаға, діни құқық мәселелеріне қатысты қазақ тіліндегі әдебиеттер аз, дегенмен бірнеше отандық дінтанушы мамандардың еңбектерің пайдаландым. Оларға: С. Өзбекұлы, М. Исахан «Ислам және Кәләмдық мәзһабтар», Алау Әділбаев, Шамшат Әділбаева «Әбу Ханифа және Ханафи мәзһабы», С. Смайыл «Мәзхабтар тарихы», А. Әділбаев «Имам Ағзам тағылымы», Р. Батталұлы «Ақида сабақтары», М. Исаұлы, Қ. Жолдыбайұлы «Ислам ғылымхалы» және Н. Б. Қалқаевамен Қ. Құрманбаевтің еңбектерін негізге ала отырып Ислам ғұламаларының жинақтаған хадис кітаптарымен салыстыра отырып зерттедім.

Дипломдық жұмыстың мақсаты мен міндеттері: Жұмыстың негізгі мақсаты қылмыс, жаза және құқық мәселелерін діни тұрғыдан зерттеу. Дипломдық жұмыс еңбегінің мақсатына сәйкес келетін мынадай міндеттер алға қойылды:

  • Қылмыс пен жаза атты жалпы түсінікті ашу
  • қылмыс пен жазаны діни тұрғыдан реттеу
  • өмір сүріп отырған қоғамдағы кейбір тұрпайы қылмыстардың мәнін ашу
  • оны діни тұрғыдан реттеу негіздерін көрсету.
  • Алла Тағала ардақтап мұсылман адамға белгілеген құқықтарының түр сипаттарын айқындау.

Жұмыстың теориялық және практикалық мәні. Құқық - мемлекет белгілеген немесе санкциялаған жалпыға бірдей міндетті мінез-құлық ережелерінің (нормаларының) жүйесі болып табылады және де сол заңдар мен нормаларда көрсетілген теріс қылық үшін жауаптылық көрсетілген тиісті нормалар арқылы реттеліп отырылады. Ал мұсылман «Ислам» негіздерін қарайтын болсақ бұл да діни, сенімдер мен нанымдарға негізделген адамдардың мінез-құлық ережелерінің бір жүйесі екенін, оның да қоғамдық қатынастарды реттеп, теріс қылықтары үшін жазалау шаралары қарастырылғанын байқауға болады. Осыны түйіндей келе, ислам діні қайғы қасіретке әкелетін қылмыстардың алдын алатын бірден бір жол деп айтуға әбден болады. Ислам әділдік пен бейбітшілікке үндеп, адам баласының намысы мен ар-ожданын қорғайды, тіпті Құран Кәрімде ислам барлық халықтармен достық қарым -қатынаста болып, мұсылман еместермен де әділ болуды талап етеді.

Осы жоғарыда баяндалғанды түйіндей келе, қылмыс пен жаза қоғам өмірінде әр уақытта айрықша орын алып келгенін, сондай-ақ дін мен құқықтың, қоғамдық теңдік пен тәртіпті, әділдікті көздейтінін көреміз.

Жұмыстың құрылымы: Диплом жұмысының құрылымы зерттеліп отырған тақырыптың мазмұнына сай кіріспе, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1 ҚЫЛМЫС ПЕН ЖАЗА ҰҒЫМДАРЫ.

1. 1 Ислам діні бойынша қылмыс және жаза мәселелері.

Ислам бүкіл адамзат қорғауға тырысып, адамдар арасында сыйластық болуын, олардың бас - бостандығын, ар - намысы және жалпы адамзаттық құқығының құрметтелуін талап етеді.

Құқық бұзушылық теориясы мұсылмандардың барлық қылықтары мен ойлары Алланың еркімен құрылған деп танылады. Құран мен басқада қасиетті кітаптарда жазылған белгілер жұмсақ болып табылады, сондықтан да мұсылмандарда өздеріне тән тәртіптері бар екендігін айта кету керек.

Сол үшін қауіпті қадамдар мұсылмандар шек қойған белгілерді бұзу деп саналады. Бұл тиымдар исламның негізі бағалы - дінің, өмірің, жеке басының өмірін қорғауға бағытталған. Шариғат белгілеген жазалаудан басқа да Алла қасында да жасаған күнәсі үшін Қияметте жазасы бар. Қылмыс - мұсылмандардың деликт, қылмыстық құқығының нормаларын бұзу ғана емес, жердегі мен о дүниедегі жазасын құрайтын діни күнә болып табылады. Ислам ғалымдары құқық бұзушылықтың топтарын аз ұстанған жоқ. Бұл жүйенің нәтижесі исламның деликт құқығын жақсы түсіндіреді. Құқық бұзушылық классификациясының көбі екі негізгі критериге бөлінеді: бұзылған мүдделердің мінезі мен жазаның анықталған дәрежесі.

Барлық құқық бұзушылықты үш топқа бөлінуіне сәйкес жүйенің кең тараған түрінің бірі болып:

1. Алланың құқығына қол сұғатын қылмыс;

2. Жасаған қылмысы үшін жеңіл жаза тағайындайтын қылмыс;

3. Жасаған қылмысы үшін жазаның нақты түрі көрсетілмеген қылмыс.

Біз қылмыстың бірінші түрі туралы айтқанда, бұл қылмыстар Алланың құқығына ғана емес, барлық мұсылман қауымының мүддесіне қол сұғып қайшы келетінін айта кеткен жөн. Қылмыстың бұл тобы мұсылман құқығында “хадд” деп аталады, нақты белгіленген жазамен жазалау деп танылған. Қылмыстың екінші тобында жасаған қылмысы үшін жеңіл жаза тағайындау ”кисас”, “кавад” немесе “дия” терминдерімен аталады. Құқық бұзушылық пен қылмыстың үшінші тобын ислам құқығында тазир - деп атайды. Бұл үшін жаза нақты белгіленбеген, бірақ бұл жасаған қылмысы үшін жаза жұмсақ болады деген сөз емес, себебі осы топтағы қылмысы Алла құқығын бұзу болып табылады. Бұл топтағы қылмыстың ерекшелігі мұсылмандардың жеке мүддесіне зиян келтіретін, қастандық жасайтын қылмыстар кіреді. “Хадд” термині Алланың құқығын барлық мұсылман қауымының құқығын бұзғаны үшін Құранмен белгіленген жазасы, өзі жасаған әркеті үшін жауапкершілікті түсіндіреді. Бұл категорияға келесі қылмыстар кіреді: спирт ішімдіктерін қолдану, ұрлық, қарақшылық, көтеріліс. Кейбір мұсылман ғалымдары (алкогольды қолдану, көтеріліс, сенімін жоғалту) қылмыс қатарына жатқызбауға да болады дейді.

Ислам спирттік ішімдіктер Аллаға адал сенудің ақыл - ойын бұлдыратып қарама-қарсы қоятындықтан тиянақты түрде спирт ішімдіктеріне қарсы болады. Бірақ Құранда нақты жаза түрі бұл қылмыстың түрі қарап жатқан қылмыстың тобына жатады. Өйткені, қылмыстың бұл түрі үшін жаза Сүннетте көрсетілген. Шариғатта айтылғандай, пайғамбар Мұхаммед (с. ғ. с. ) спирт ішімдіктерін қолданатындарға қарсы болған және олардың денесіне жаза қолдануды талап еткен, тіпті егер мұсылмандар осы қылмысты төрт рет жасаса өлім жазасына тартылатын болған. Алқаш адамдар жапырағы жоқ шыбықпен жазаланған. Кейін Омар халифаты спирт ішімдіктерін қолдануды тоқтатуды тілеп, осы қылмысты жасағандарға шыбықпен сексен рет дүре бергізген. Бұл құқық бұзушылықтың дәлелдемелері болып куәгерлердің айғақтары, сонымен қоса осы қылмыс түрін жасаған кінәлілардың қылмысын мойындауы болып табылады. Егер спирт ішімдіктері күтпеген жағдайда не күшпен ішкізілген болса, онда ішімдікті қолданған тұлғаға жауапкершілік көрсетілмеген.

Қылмыстың келесі тобы зинақорлық, бұл мұсылмандардың құқығына ар-ожданына қол сұғушылық деп, ауыр қылмыс болып саналған. Зинақорлық бұл “хадд” сызығымен жазаланатын, некесіз жыныстық қатынас жасау. Исламдардың айтуынша мұндай қылмысы үшін жазаланушылардың себебі мараль мен отбасының тұрақтылығын бұзуында. Құранда осы қылмыс түрін талқылайтын және оны жасағандарға қатаң жазаланушылықты ұрандайтын аяттар саны жетерлік. Мәселен: «Зина жасаған әйел мен зина жасалған еркекке әрбіріне жүз дүре соғыңдар. Егер Аллаһқа және ақырет күніне сенсеңдер оларға жұмсақтықтарың ұстамасын. Әрі екеуінің жазасын мұсылмандардың бір тобы көріп тұрсын». «Нұр» сүресі, 2-аят.

Бұл аят бойдақ ер не әйелдің ісіне берілетін жаза ретінде берілген. Дүре соғу - етке батырмай тек қана теріге әсер ететіндей түрде ұру. Ұрған кезде тек сыртқы қалың киімдер ғана шешіледі.

Үйленген ерге не әйелге берілген жаза «рәжм» (тас боран) жазасы. Бұл сүннетпен белгіленген.

Хадисте: «Үйленген кәрі еркек пен кәрі әйел зина жасаса, оларды рәжм етіңдер». Хазіреті Пайғамбар (с. ғ. с. ) екі яһудей ер мен әйелге және Майыз бен Ғамид тайпасының бір әйеліне рәжм жазасына берген. Рәжм туралы сахабалар арасында ауызбірлік бар.

Зина жазасы Аллаһқа қатысты ақы. Бұл отбасы және нәсәп және қоғамға қатысты қылмыстың бірі болғандықтан, қоғам ақысы болыпта саналады.

Зина жазасын іске асыру шарттары:

  1. Зина жасаған ер балиғат жасына жеткен болуы тиіс. Балиғат жасына жетпеген балаға қатаң жаза берілмейді.
  2. Зина жасаған әйелде балиғат, яки құмарлық сезімі оянған жаста болуы тиіс. Кішкене қызбен зина жасаған ерге де, қызға да қатаң жаза берілмейді. Сондай-ақ, балиғат жасына жетпеген баламен зина жасаған әйелге де қатаң жаза берілмейді. Бұған қатысты жазаны қазы береді.
  3. Зина жасаған ақыл-есі жарым адамдараға қатаң жаза берілмейді. Мәзһәб имамдары арасында бала мен есі жоқ адамдарға зина жазасының болмайтындығы туралы ауызбірлік бар. Оған мына хадис дәлел: «Үш адамға қалам жазылмайды. Балалықтан - балиғатқа толғанша, ұйықтаған адам оянғанша және ақыл-есі ауысқан адам - есі кіргенше». Осы жерде егер есі дұрыс біреу ақыл-есі жарым біреумен ойнас жасаса, онда ақыл есі дұрыс адамға зина жазасы беріледі.
  4. Фиқһ ғалымдарының басым көпшілігінің көзқарасына қарай, бір мұсылман мен бір кәпір зина жасаса зина жазасы жасалады. Ал, Әбу Ханифаның көзқарасына қарай үйленген кәпріге рәжм (тасборан) емес, дүре соғылады. Мәликилер бойынша, екі кәпір зина жасаса оларға зина жазасы берілмейді. Бірақ бұлар зина жасағандарын сөз қылса, тәртіпке келтіріледі. Кәпір ер кісі мұсылман әйелді зинаға зорласа өлтіріледі.
  5. Зина қалаумен жасалуы қажет. Көпшіліктің пікіріне қарай зинаға зорланған адамға да зина жазасы берілмейді. Хадисте: «Үмбетім қателесу, ұмыту, не зорлау арқылы жасаған істеріне үкім жүрмейді». Көпшіліктің пікіріне қарай зорланған ерге де қатаң жаза берілмейді.
  6. Зинаның адаммен жасалуы. Үш мәзһәб және Шафиғидың мықты көзқарасына қарай жан-жануарлармен зина жасағанға қатаң жаза берілмейді.
  7. Жыныстық қатынастың тура жерден болуы тиіс. Бөтен әйелмен зинадан тыс әрекеттерге жеңіл жаза беріледі.
  8. Зинаны күмәнді некеге сүйеніп жасамау қажет. Көпшіліктің пікіріне қарай, бір адам бөтен әйелді өз әйелі не күңі деп ойлап жақындасса зина жазасы берілмейді. Ал, әйел әдейі разы болса, онда жаза соған ғана беріледі. Әбу Ханифа және Әбу Жүсіп бойынша «адамның қателесу» жорамалы назарға алынбайды. Өйткені мұндай жағдайда күнә істегеннен күмән арылмайды.
  9. Зина дарул Ислам мемлекетінде жасалса, дін үкімі жүргізіледі. Өйткені Ислам дарул харб, яки дарул бағи (мұсылман емес) жерінде үкімін жүргізбейді.

Зина жазасы (осы істерді жасаған адам бойдақ, яки үйленген болып) екіге бөлінеді. Бойдақтарға - дүре соғылады, үйленгендерге - рәжм (тасборан) жасалады. Ислам мемлекетінің арнайы жазасы мен сүргінге жіберу де осыларға жатады.

Жүз дүре соғу жазасы: Бойдақ ер мен бойдақ әйел үшін зина жазасы жүз дүре екендігі Құранда айқын айтылған: «Зина жасаған әйел мен ерге жүз дүре соғыңдар». «Нұр» сүресі, 2- аят.

Исламның алғашқы кездерінде бойдаққа жүз дүре соғылып, онымен қатар бір жыл сүргін жазасы берілетін. Хадисте: «Бойдақтың бойдақпен зинасы үшін - жүз дүре және бір жыл сүргін. Жесір мен әйелінен айырылған ердің зинасы үшін жүз дүре және таспен рәжм (тасборан) жасау бар». «Нұр» сүресі түскен кезде бойдақтар үшін - тек қана жүз дүре, ал үйленгендер үшін - сүннетпен рәжм жазасы белгіленген.

Ханафилер бойынша, жер аудару зина жазасы емес қазыға қатысты жаза. Егер пайдалы болса береді. Негізінде зина жасаған адам тәубеге келгенге дейін абақтыда ұсталуы осы түрге жатады.

Шафиғи мен Ханбалилер бойынша, дүре мен бір жыл жер аудару бірге жасалады. Сүргін етілген жер жолаушылық (сафари) қашықтықтан ұзақ болуы тиіс. Әйел сүргінге күйеуі, не махрамымен барады.

Мәликилер бойынша, сүргінге тек ер кісілер жіберіледі.

Рәжм (тасборан) жазасы:

Рәжм - зина жасаған үйленген ер мен әйелге, яки жесір мен әйелінен айырылған ерге сүннетпен белгіленген жаза түрі. Хазіреті Омардың (р. а. ) Пайғамбардан (с. ғ. с. ) естіген: «Кәрі ермен кәрі әйел зина жасаса, оларды рәжм етіңдер» сөзі Құранның бір аяты екендігін айтса да басқа бір дәлел болмағандықтан, бұл сөз Құраннан алынбаған. Сондай-ақ, Хазіреті Омар (р. а. ) халифа болып тұрғанда Мәдинада мінберде рәжмді жариялағанда ешкім қарсы болмаған.

Хақ пайғамбардың рәжм жазасын іске асыру мысалдары:

1. Жұмыс берген адамның әйелімен ойнастық еткен бойдаққа жүз дүре және бір жыл сүргін жазасы әйелге тұрмыста болғандықтан рәжм берілген. Зина жасаған әйелдің ері мен бойдақтың әкесі Пайғамбарымызға (с. ғ. с. ) келіп, «Аллаһтың кітабымен» үкім берілуін сұрады. Бойдақтың әкесі Ислам үкімін білмегендіктен алдын ала баласы үшін жүз қой және бір күңді құтқаруды фидиясы ретінде береді. Хазіреті Пайғамбар (с. ғ. с. ) сонда: «Нәпсім құдыреттің қолында болған Аллаһқа ант етейін, араларыңда Аллаһтың кітабымен үкім беремін. Күң мен қойлар кері қайтарылады. Балаңа жүз дүре және бір жыл сүргінге айдалады. Ей, Унәйс! Сен әлгі адамның әйеліне бар. Егер зинасын мойындаса, оны рәжм ет» - дейді. Унәйс әйелге барғанда ол мойындайды да рәжм етіледі».

2. Зинасын төрт рет растаған Майыз ибн Мәлікке тасборан жазасы берілуі. Майыз Пайғамбарымызға келіп зинасын мойындайды. Осы мойындауын ол әртүрлі уақыттарда келіп төрт рет қайталайды. Пайғамбар оның ақыл-есі дұрыстығын не мастығын тексерген соң тасборан етуге әмір берген. Сахабалар тасборан жазасынан соң екіге бөлінеді. Біреуі: «Мәлік құрдымға кетті» десе, енді біреуі: «ол ең үлкен тәубеге лайық болды», - дейді. Сонда Аллаһ елшісі (с. ғ. с. ) : «Мәлік өте терең тәубе етті. Тіпті оның тәубесі бір үмбетке (халыққа) таратылса, бәріне жетер еді», - дейді.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Мұсылмандық құқық және оның бастаулары
Ислам дініндегі антрапалогиялық мәселелер
Мұсылмандық құқықтың жүйесі
Исламдағы адам өмірі
Мұсылман құқығының діни жинақтарындағы құқықтар
Ислам діні - араб мәдениетінің бастауы
Мемлекет дамуы кезеңдері
Ислам сөзiнiң түбiрi арабшадағы сәлиме, силм етiстiгi
Мұсылман құқығының пәні
Ислам діні туралы жалпы мағлұмат
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz