Күздегі күбіршелерді тексеру


Жұмыс түрі:  Дипломдық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 72 бет
Таңдаулыға:   
Мазмұны
Мазмұны: Бет
Мазмұны:
Нормативтік сілтемелер
4
Мазмұны:
Анықтамалар
Мазмұны:
Белгілер мен қысқартулар
Мазмұны:
Кіріспе
3
Мазмұны: 1
Әдебиетке шолу
8
Мазмұны: 2
Негізгі бөлім
Мазмұны: 2. 1
Шаруашылыққа қысқаша сипаттама
26
Мазмұны: 2. 2
Зерттеу материалы және әдістемесі
31
Мазмұны: 2. 3
Өзіндік зерттеулер
Мазмұны: 2. 3. 1
Семей аймағында таралған шегіртке зиянкестері
38
Мазмұны: 2. 3. 2
Семей аймағында таралған шегіртке зиянкестерімен тиімді күресу шаралары
65
Мазмұны: 2. 3. 3
Семей аймағында шегірткелердің қоныстануын мониторингтік тексеру
80
Мазмұны: 2. 3. 4
Семей аймағының табиғат жағдайларының агрометеорологиялық сипаттамасы және оның шегіртке зиянкестерінің дамуы мен таралуына әсері
86
Мазмұны: 2. 3. 5
Зерттеу нәтижесінің экономикалық тиімділігі
93
Мазмұны: 2. 3. 6
Еңбек қорғау және техника қауіпсіздігі
94
Мазмұны:
Тұжырымдама
100
Мазмұны:
қорытынды және ұсыныстар
104
Мазмұны:
Пайдаланылған әдебиеттер тізімі
105
Мазмұны:
қосымшалар

Кіріспе

Ауыл шаруашылығы өндірісі халық шаруашылығындағы маңызды сала. Оның басты міндеті - халықты жеткілікті мөлшерде сапалы азық-түлікпен, өнеркәсіпті шикізат қорымен қамтамасыз ету, сондай-ақ мал шаруашылығына тиісті жем-шөп қорын дайындау. Қазіргі кезде ауыл шаруашылығында өндірілетін шикізаттар мен өндіріс тауарлары адамзат тұтынатын қордың ¾ құрайды. Ауыл шаруашылығының жетістіктеріне қарай, халықтың тұрмыс тіршілігінің деңгейін анықтауға болады.

Биылғы жылы ауыл шаруашылығы өндірісі өнімнің көлемі 10 пайызға өсті. Бұл соңғы 8 жыл ішіндегі осы саладағы ең жоғары көрсеткіш болып табылады. Барлық дақыл түрлері бойынша өнім өндіру көлемі арттырылды. Жалпы бункерлік салмақта 23 млн. тоннадан астам рекордтық астық жиналды. Бұл өткен жылмен салыстырғанда 35 пайыз көп. Сондай-ақ жеміс-жидек және жүзім өсіру 16 пайызға, мал шаруашылығының азығын дайындау 20 пайызға артқан.

Дипломдық жұмыстың мақсаты және міндеттері - зиянды насекомдар мен басқа организмдердің зақымдау салдарынан ауыл шаруашылығы өсімдіктері өнімінің шығынын мүле болдырмау немесе оны мейлінше азайту.

Қазақстан Республикасы аумағында ауыл шаруашылығына көпқоректілерден 50 түрлері және мамандандырылған зиянкестерден 100 ден аса түрлері, аурулардың 70 түрлері және 120 дан кемірек арам шөптер түрлері зиян келтіреді.

Шегірткелерге қарсы алқаптарды инсектицидтермен жаппай өңдеуді зиянкес дернәсіл фазасында жатқандықтан дәл қазір өткізуді фитосанитарлар ұсынуда. Жай сөзбен айтқанда, дернәсіл кезеңінен ересек шегірткеге дейін жаз бойы дамитын зиянкес қанаттанған соң аз да болса қашықтыққа ұша алады, бірақ егіс алқаптарына да ауыса алады.

Алқап үшін аса қауіпті зиянкес - үлкен алаңдарда өнімге қысқа мерзім ішінде айтарлықтай зиян келтіретін үйірлі шегіртке болып табылады. Оңтүстік Қазақстан облысының механикаландырылған қатары егістің алғашқы күндері Сарыағаш өңірінде мароккалық шегірткенің үйірін өткерді. Өңірдің фермерларына зиянкеспен күресте «Республикалық фитосанитариялық диагностика және болжам әдістемелік орталығының» аймақтық филиалдарының мамандарының кеңестері көп көмек көрсетті. Үйірлі шегірткелердің пайда болуына лезде әрекет ету керек, дейді мамандар, себебі мароккалық шегіртке әрбір 5-7 күн сайын жаңа жастық циклге өтеді. Егер оның пайда болу ошақтарын уақыты өңдемесе, қанаттанған шегірткемен күресу өте қиындап кетеді.

Қорытындылай келе, ауыл шаруашылық дақылдарын зиянды жәндіктерден ойдағыдай қорғаудың негізгі шарты - оларды бір-бірінен ажырата білу, содан кейін олардың тіршілік әрекеттерін, яғни биологиялық және экологиялық ерекшеліктерін жете білу керек. Сонда ғана зиянкестерге қарсы күрес шараларын дер кезінде тиімді ұйымдастыруға мүмкіндік туады.

Дипломдық жұмыстың өзектілігі - үйірлі шегірткелерге қарағанда жаппай таралу кезінде ауыл шаруашылығына айтарлықтай зиян келтіретін саяқ шегірткелермен күресу мәселесі.

Зерттеу объектісі - Семей аймағында таралған ауыл шаруашылық дақылдары мен жерлерінің зиянкестері болып табылды.

Дипломдық жұмыстың мақсаты - Семей аймағында таралған шегіртке зиянкестері және олармен тиімді күрес шаралары мәселесін зерттеу болып табылады.

Зерттеудің міндеттері:

  1. Шегіртке зиянкестерінің морфо-биологиялық ерекшеліктерін зерттеу;
  2. Аймақтағы фитосанитариялық жағдайды таразылап, шегіртке зиянкестерінің даму және таралу мониторингін жүргізу;
  3. Табиғат жағдайының агрометеорологиялық сипаттамасымен және олардың Семей аймағында таралған шегіртке зиянкестерінің даму және таралуына әсерімен танысу.

Жұмыстың ғылыми жаңалығы - шегіртке зиянкестеріне қарсы қазіргі заманғы технологияны енгізу, адонис, димилин, номолт, талстар, дурсбан сияқты ұзақ персистентті (2-4 апта) инсектицидтерді пайдалану.

Жұмыстың тәжірибелік маңызы - осы жұмыстың зерттеулері аймақтың ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкестерімен, ауруларымен және арам шөптерімен күресі шараларына қосылуы мүмкін.

2. 2 Зерттеудің материалы және әдістемесі

Зерттеу материалы ретінде ауыл шаруашылық дақылдарының зиянкесі - шегіртке зиянкестері әр түрлі өсіп-даму кезеңдерінде бақылауға алынып, зерттеледі. Зерттеу процесі жылына төрт мезгілде өткізіледі: көктемде - күбіршенің қорытындысын тексереді; көктем мен жазда - күбірше мен ұрықтар тексеріледі; жазда - қанаттанған шегірткелерді тексереді; күзде - күбіршені тексереді.

Тұрғылықты орнын тексеру және шегіртке зиянкестерінің санын есептеу. Шегіртке зиянкестерінің санын есептеу мақсатында тұрғылықты жерлері тексеріледі. Жыл сайын 4 рет жергілікті жер әрбір аймақты белгілеу, барлық жерлердің қорытындысын шығарып болған соң ондағы ересек шегірткелердің әр түрін ұстап оларды зерттеу.

  1. Көктемдегі күбіршені тексеру. Тексерудің мақсаты қыстап шыққан күбіршенің жағдайын қарау. Өлген және өмір сүруге жарамды жұмыртқаларды таңдау, олардың ұрықтарының шығу уақытын анықтау. Көктемдік тексеру қар еріп, жер кепкеннен кейін жүргізіледі. Былтырғы аудандардағы күбіршелер көп орналасқан жерлерге таңдаулы тексеру жасау. Таңдаулы аймақтар белгілі маршрутпен, әрбір 100 м х 50 см өлшеміндей жер қазылып, 0, 25 м2сынама алынады. Олардың тереңдігі 5-8 см. Қазылған жерлерді бөлікке бөліп ажыратады. Күбіршені тексерген жерге белгі қояды.

Жұмыс аяқталысымен, жиналған күбіршені қапқа немесе пакетке салып, жиналған орын, күн мен жинаған адамның тегі жазылып, этикетка жасалады. Жасалып болған соң Қазақ Н. И. өсімдікті қорғау зертханасына жіберіп, жыртқыштармен және аурумен зақымданған жерлерді тексеру. Зиянкес шегірткелердің топтық-үйірлі жерлерде кездессе, олардың алдын алу шараларын қолдану.

  1. Көктем мен жаздық ұрықтарды тексеру. Мақсаты: ұрықтануы, тұрақты жерлерді тексеру, оларды құртуға түрлі амал-шаралар қолдану. Аудандарды аралау, былтыр күзде және көктемдегі тексеруде күбіршені тапқан жерлерді қарау. Бұл жұмыс ұрықтану басталғаннан кейін және химиялық тазартуды бастағанға дейін жасалады. Тексеру маршруты құрылады. Зиянкес шегірткелер мекендейтін жерлер таңдалып араланады. Маршруттар арасы 100 м-ден 300 м-ге дейін болады. Есептеуді әрбір 1 м2сайын визуалдық немесе рамалық әдіс арқылы тексереді. Жұмыстың аяғында орташа есептер алынып, карта-схемада аумағы көрсетіледі. Осы көрсеткіштер арқылы шаралар жоспарланып, химиялық тазартулар немесе түрлі шаралар қолданылады.
  2. Жазғы қанаттанған шегірткелерді тексеру. Мақсаты: зиянкес шегірткенің көрінетіндерінің құрамын, тұрғылықты жерлерін анықтау. Жаздық тексеру жүргізген кезде олардың түрлерінің айырмашылықтарын, күбіршелер мен ұрықтарындағы айырмашылықтарын қарау.

Вегетациялық кезеңде олардың айырмашылықтары жақсы байқалады. Тексеруді жоспарлағанда әрбір шегірткеге экологияныі әсерін байқау, ауа райы мен тұратын мекен-жайының айырмашылықтарын қарау. Жалғыздық фазасындағы шегірткелерді үш топқа бөлуге болады: ерте көктемдік (атбасарлық саяқ шегірткесі, айқас жолақты саяқ шегірткесі), көктемдік (сібірлік саяқ шегірткесі, қара жоақты саяқ шегіртке), кеш көктемді (кішкене айқас жолақты шегірткесі, қарақанатты саяқ шегірткесі, ақ жолақты саяқ шегірткесі) .

Сондықтан санын есептеу үшін атбасарлық саяқ шегірткенің популяциясын мамырдың ортасында, кішкене айқас жолақтыкін - маусымның ортасынан, ақ жолақты саяқ шегірткенікін - жазғы тексерудегі шегірткелердің түрлері мен фазалық ауысымдарын бақылау.

  1. Күздегі күбіршелерді тексеру. Мақсаты: күбіршелердің көп жерлерін тексеру, аудандағы топтаса салуды тексеру. Тұратын мекен жерлерін және күбіршелерінің орнын табу үшін екі амал қолданады. Біріншісі, жұмыртқалайтын жерлері белгісіз болғанда осы жағдайда белгілі маршрутпен аралықтары 100 м болады. Әрбір 100 м сайын жерден тексеруге сынама алынады. Екіншісі, жаздағы тексерудің нәтижесінде ұрғашылар белгіленген нақты жерді тексереді. Енді сынама алу үшін былай жүргізіледі: осы аумақтың тура ортасынан жердің кішкене бөлігі алынады. Сонымен бірге перпендикуляр жақта әрбір 100 м сайын жердің кішкене бөлігі алынады. Сынама алу үшін үстіңгі қабатынан 5-8 см жердің бөлігі алынады. Таңдалып алынған жерді ұсақтап оларды қарап, күбіршелерді алып санаймыз. Жердің сынамасы 50-55 см (1, 25 кв/м) .

Ауыл шаруашылық жерлерінің жан-жағы, жол шеті міндетті түрде қаралу керек. Жасалған жұмыстың нәтижесін картаға түсіреді.

Жәндіктерді жинаудың әр түрлі тәсілдері бар. Неғұрлым оңтайлысын таңдау агроценозға, жинау объектісіне және маманның алдына қойған мақсатына байланысты болады. Ашық жерлерде көптеген жағдайда мәдени өсімдіктер тәрізді жабайы өсімдіктер де неғұрлым тиімдісі сачокпен шабу әдісі болып табылады.

  1. Сачок тігілетін мата нығыз болу керек. Шабуды құрғақ өсімдікке жел мен күнге қарсы бағытта жүргізеді. Шабу барысында жоғары және орта сатыдағы мекендеушілерді ғана жинауға болатынын ескеру қажет. Күйрек сабақты өсімдіктерде (соя, картоп), орамжапырақта, бағалы декаративтік және гүлдік өсімдіктерде, сонымен бірге ағашты және тікенді парадаларда биотүсірілім әдістері - субстратты қоректенушілермен бірге қарау және жинау әдістері тәжірибеленеді. Жоғары қозғалғыштық пен жәндіктердің ұсақ көлемдігі сынама мен эксгаустердің көмегімен жинауға болады.
  2. Эксгаустер немесе сорғыш кез келген қоректі скляннадан немесе 10-12 см ұзындықпен, 3-5 см диаметрлі цилиндрінен жасалады. Эксгаустер қызметінің принципі - жәндіктерді сору. Егер цилиндр болса, екі түтік кіргізу қажет, біреуі - бұрылғанда бүгітілген жері бар, бұл жәндіктерді жинау үшін, ал екіншісі түзу, мұның резина ұшы болу керек, ол арқылы ауаны сору үшін қолданады. Жәндіктер сору түтігінен, содан кейін жинаушының аузына түспес үшін бұл түтіктің бір ұшы газбен немесе капронмен бекітіледі. Тығындағы саңылау сфероның көмегімен жасалады. Объектіге байланысты эксгаустер әр түрлі пішінде болуы мүмкін.

Ағаштарда өсімдік үстіне жабылған нығыз матаға сілку әдісін қолдануға болады. Бұл жағдайда кейбір жәндіктердің жерге құлап, біраз уақыт бойы қозғаусыз қалу қасиеті қолданады. Сілкуді таңертең ерте немесе кешкі уақытта өткізген жөн. Бұл кезде жәндіктердің басым бөлігі аз қозғалыста болады.

Ағашты өсімдіктерде белдік әдісі оң нәтиже береді. Белдікті нығыз қағаздан немесе әлсіз материалдан жасауға болады және бағаға байлау керек, оның ішкі жағынан жәндіктер белдік арасына түсе алуы қажет. Бұл үшін жіптен жасалған екі тартқыш қолданады, белдіктің жоғары бөлігі бойынша тартқышты нығызырақ қылып жасайды.

Ашық та, жабық та топырақта гүлді тор әдісін қолдануға болады. Дөңгелек пішінді диаметрі 25 см, ұзындығы 67 см, сырты күңгірт түспен, ал іші сары, көк немесе ақ түсті эмальденген металл ыдыс, жәндіктер қоректенетін кез келген жерге қойылады. Сары түс теңқанаттылар отрядын тартады, әсіресе, құмырсқа, трипс, қоңыздарды, көк пен ақ түс - шегірткелерді тартады.

Топырақ үстінде мекендейтін жәндіктерді аулауда барбер торы тиімді. Бұл 12 см ұзындықтағы, 5-8 см диаметрдегі шыны банка. Тордың үстіңгі бөлігі топырақ үстінен 1-2 см көтететіндей етіп қадайды. Содан соң банкінің айналасын ені 5-7 см болатын білікпен толтырады, ол судың ағып кетуінен қорғайды. Торды 2/1 көлемдегі 1%-тік формалинмен немесе глициринмен толтырады.

Зерттеуге алынған материалдар (зиянкес шегірткелер әр түрлі өсу кезеңдерінде) келесі әдістермен зерттеледі:

Материалдарды белгілеу.

Жиналған материалдардың сапасы оның анықтамасының сәйкестілігі мен нақтылығы оның дұрыс белгіленуіне байланысты. Көптеген жағдайда жәндіктерді жансыздандыру үшін марилкаға енгізеді. Марилка - бұл сірке қышқылына матырылған мақта тығылған кішкене пробирка. Марилканың түбіне жәндіктер соғылмау үшін және артық ылғалды жою үшін жылтыр қағаздың қиындысы салынады.

Содан соң өлген жәндіктерді марилкадан шығарады да кептіру үшін жұқа мақта қабаты - матрасиктерге (0, 5-1 см) қояды немесе түбіне дейін мақтаны матырып, құрғақ борпылдақ бос болмауы керек; әлсіз, ұсақ жәндіктер талшық арасында адасып сынып қалмау керек.

Жәндіктерді матрастарға мүмкіндігінше отряды, түрі, туысы бойынша топтап салу қажет. Егер бір пробиркада әр түрлі топтағы жәндіктер болса, бұл маманның жұмысының жүйелігін күрделендіреді. Матрасикқа жәндіктерді қырынан қояды, бұл оларды сынудан қорғайды. Оларды біркелкі қатармен бір-біріне тигізбей қояды.

Ауруды анықтау немесе оның өлу себебін білу мақсатымен жиналған жәндіктерді ешнәрсемен белгілемей, боямай, құрғақ пробиркаға немесе матрасикке енгізеді.

Диагностикаға арналған материалдар толыққанды, яғни жәндіктердің барлық денесі толық сақталған болу қажет. Мұрты, аяғы, қанаты жоқ немесе кір, қатып үлгермеген материал анықтауға қабылданбайды. Сонымен бірге түрдің көптеген санын жіберу керек. Құрғақ материалды анықтауға жібермес бұрын, әсіресе, матрасиктерде коллекция зиянкестермен ластанбағанын тексеру керек. Егер де бұл жағдай анықталса, оны дезинфекциялау қажет.

Этикеттеу. Этикеткасы жоқ материал ешқандай ғылыми құндылыққа ие бола алмайды. Әрбір үлгіні тек этикеткамен жабдықтау қажет: географиялық және экологиялық. Олар дұрыс толтырылуы қажет.

1 географиялық әдіс - облыс, республика немесе өлкені көрсетіп жазады

2 статция сипаттамасы (егін, саз)

3 рельеф сипаттамасы (таулы шың, жағалау)

4 жинау күні

5 жинаушы адамның аты-жөні

Егер жинау тауда өткізілсе, сол орынның теңіз деңгейінен биіктігін көрсету қажет. Егер маңызды зиянкесті жинаса, онда 1м 2 мөлшердей санын және зақымданған өсімдікті көрсету қажет.

Паразиттік жәндіктер үшін қожайыны мен қожайыны табылған өсімдікті, жыртқыш үшін құрбандықты көрсету қажет. Шіркейлер мен кенелер үшін қоректену өсімдігінің зақымдану ерекшелігі, өсімдіктің жұқтыру дәрежесін және өсімдіктегі зиянкестің орналасу орнын көрсету қажет.

Ауруын анықтау үшін жинақталған жәндіктерді этикеткалау барысында:

1 жәндіктің тірлік атауы;

2) өткен аурудың жағдайын, маусымдағы ауа райы жағдайын, қоректену жағдайын, учаскедегі жәндіктердің санын көрсету керек.

Матрасиктердің этикеткасы қаламмен немесе химиялық емес қарапайым қарындашпен толтырылады. Жарылған жәндіктердің этикеткасын 15/20 7-10 мм көлемдегі қағазға тушпен жазу немесе көшірмесін басып шығару қажет. Спирттік материалға этикетканы жұқа пергаменттік қағазға тушпен толтырады. Жазу жазылған бөлігі пробирка немесе банкінің қабырғасына жұлмай-ақ оқи алатындай жабыстырылу қажет.

Құрастыру (монитировка) . Жәндіктерде монтаж жасауға әкелу мүмкіндігі болса, ол мұны анықтаудағы ең жақсы нұсқа. Коллекциялық монтаж жасалу процесі балқыту, жою, кептіру және бекітуден тұрады. Құрғақ материал үшін ылғалдау қажет болады. Балқыту алдында энтомологиялық түйреуіштер арқылы шүберектің көмегімен қорғаушы порофиндік қабаттан тазартылады. Жаңа жиналған материалды балқыту тек өліктің біреуі өткеннен кейін ғана іске асырылады.

Көптеген жәндіктерді (шыбын, көбелек) орта сызықтан кішкене оңға қарай кеуде ортасынан түйрейді, түйреуіш аяқ арасынан өтуі керек. Қоңыздар мен тікқанаттыларды оң жақ қанат үстінің бұрышынан, түйреуіш ені ортасынан шығатындай етіп түйрейді. Ал егер қанатты түзету қажет болса, қолқа ортасынан түйрейді. Қандаланы орта сызықтан азырақ түсіріп, түйреуіш төменгі жағынан өткізіледі. Жәндіктердің түйреуіш арасын 1-1, 5 см болады. Осы мақсатта препаратталған иненің кесіндісін қолдануға болады.

Ұсақ жәндіктер қатарын ешқандай да түйреуішпен түйреуге болмайды. Оларды ақ қағазға жабыстырады. Жарғақ қанаттылардың мұрты мен ұзын аяқтарын тік бұрыш картонға жабыстырады. Жабыстыру барысында жәндіктің анықталуына қажетті дене бөліктері дұрыс жабыстырылып, бенокульмен дұрыс қаралатындай болу керек. Шегірткелерді, шыбындарды, шіркейлерді оң жақ қабырғасымен, басын алға қойып немесе арқасын артта қалдырып, басын солға бұрып жабыстырады.

Ең жақсы желім оргстеклоны ацетонда немесе алмұрт эссенциясына ерітіп отырып әзірленеді. Осыған ұқсас желімді рентген пленкасын немесе фитопленканы эмульсиядан тазартылған күйде алмұрт эссенциясында еріту немесе шие ағашынан тұрып қалған шырынын суда еріту арқылы дайындауға болады.

Құрғақ материалды түйреу алдында немесеспиртке ауыстырумен байланысты эксикаторда жәндікті икемділік берілгенше ұстау керек. Бұл үшін эксикаторға 10-20 см қабатты құм себіледі. Оны қайнаған сумен ылғалдандырады, бірнеше темол мен фенол кристалдарын салады.

Ұсақ жәндіктер үшін дымқыл құмның орнына дымқылданған жылтыр қағаздың 5-6 беті жеткілікті. Бұл жағдайда кристалл орына 70%-тік спирттік темол ерітіндісін құяды.

Жәндіктерді матрасиктің мақталы қабатынан ала салысымен эксикаторға енгізеді. Егер 1-2 данасын сулау қажет болса, оны матрасигімен қосып қиып алады. Сулау уақыты жәндіктің көмегімен хитин қаттылығына байланысты болады.

Кейбір шегірткелер (шегіртке, көбелек, жарғаққанаттылар) стандарт түзеткіштерде түзеледі. Ол екі қозғалмалы тегіс тақтадан тұрады, ортасында 0, 5-1 см саңылау бар. Түзетуші объектінің денесі саңылауға түсіріледі, қанаты түзетіліп, тақтаға бекітіледі.

2. 3 Өзіндік зерттеулер

  1. Семей аймағындағы таралған шегіртке зиянкестері

Семей қаласы бойынша бірнеше ауылдар мен аудандарға 2010 - 2011 жылдары көптеген жерлерге италияндық шегіртке зиян тигізді.

Жеке шегірткелерді тексеру сәуірдің үшінші декадасында басталады. Әрбір жер тексеріледі, яғни егіншілік жер көпжылдық шөптер арасы, жолдың шеті де қаралады. өткен жылдың қыстағы суығы мен ақ жауынның нөсерлеп жаууынан олардың саны азайды. Күбіршедегі жұмыртқаның саны 14-18. 28 мамырда ұрықтармен тексерілуі басталды. Олардың түрлері: ақ жолақты саяқ шегіртке, кішкентай айқас жолақты дала шегірткесі. 8 маусымдағы жас ерекшеліктері: қара қанатты саяқ шегіртке - бірінші жаста 85%, екінші жаста 11%, үшінші жаста 4%; айқас жолақты шегіртке - бірінші жаста 75%, екінші жаста 16%, үшінші жаста 7%, төртінші жаста 2%. Орта есеппен олар 1 экз/м 2 -тан 6, 8 экз/м 2 -қа жетеді.

Ұрықтардың жастық мөлшері 13 маусымда: бірінші жаста 50%, екінші жаста 26%, үшінші жаста 13%, төртінші жаста 11%. Бірінші жастан екіншісіне түлеу кезінде ауа райының жақсы әсерінен олар тез дамиды. Жалғыздық фазасындағы шегірткелердің ұрықтануы 9 мамырда белгіленген. Ауа температурасы +15, 5 °. Қанаттану 18 маусымда басталады. Орташа ауа температурасы +24, 5°, ал жеке шегірткелердің топтық ұрықтануы 19 мамыра, орташа ауа температурасы +18, 5° және тиімді температура 140. топтық қанаттану бірінші, орташа ауа температурасы +22, 0° және тиімді температура 570.

Сурет 1. Саяқ шегіртке - жұмыртқа салуы.

Ұрықтануы 9 шілдеде, орташа ауа температурасы +22° және тиімді температура 685. жұмыртқаны 18 шілдеде, орташа ауа температурасы +23, 5° және тиімді температура 813.

Ұрғашы шегіртке өте жұмсақ жерде күбіршесін салады. Күздік тексеру жаздық тексеру жүрген жерлерде өтеді. Залалданғаны тек бір жылы жерде - 6%, күбіршенің ішінде 10-18 жұмыртқа болады.

2010 жылғы көктемдегі тексеру жүргенде Новобоженка ауылдық мекенінде 0, 4 га жерден 10% қосылған. 1м 2 күбіршенің саны 0, 8-7. Күбіршенің саны 243, олардың ішінде өлгені 25.

Знаменка ауылды жерінде 0, 2 га жерден 75% бұзылған. 1м 2 күбіршенің саны 0, 5. Күбіршенің саны 80, олардың ішінде өлгені 60.

Италияндық шегіртке көктемгі үйірлі күбіршелердің санын тексеру 6 мамырдан басталып 15 мамырда аяқталды. Егіндік және ауыл шаруашылық жерлерде қанаттанғаннан жұмыртқалағанға дейін өмір сүрген жерлерін тексеру. Орта есеппен 0, 05-тен 0, 2 шт/м дейін жетеді.

Жұмыртқалайтын жерлері өсімдіктер аса сирек өсетін ылғал жерлер болады. Қысқы уақытта 17-20% күбірше залалданып, жарамсыз болып қалған. Күбіршенің ішінде 20-27 жұмыртқа болады.

Көктемдік және жаздық тексеру. 26 мамырда басталып 2шілдеде аяқталады. Италияндық саяқ шегірткелердің ұрықтарын тексердік. Озерка ауылдық мекенінде 2000 га егіншілік жерінде өтті, 900 га жерден табылды. Республикадан қаржы бөлініп, оларды адонис 4%-тік препаратымен 5 маусымнан 4 шілде аралығында тазалады. Новобоженка ауылдық мекенінде 1500 га егіншілік жерінен 300 экз/м2 және 300 га - 7экз/м2 табылды. 10-19 маусымда тазарту жұмысы жүргізілді. Жастық ерекшелігіне байланысты: бірінші жастағы 75%, екінші жастағы 22%, үшінші жастағы 8%. өсімдіктерге зияндылығы тіркелмеген. Ауа райынан жылы және ыстық күндері ұрықтарының дамуына жақсы әсер етеді. 26 мамырда италияндық саяқ шегірткенің ұрықтары ауа температурасы +16, 5° және тиімді температура 155. жергілікті жерде ауа райының құрғақ, ыстық болуы ұрықтардың топтасуына жақсы әсер етті.

Жаздағы қанаттанған шегірткелерді тексеру 14 шілдеде басталып, 6 тамызда аяқталды. Қанаттану 1 шілдеде, ауаның орташа температурасы +22° және тиімді температура 570. топтық қанаттану 9 шілдеде, ауаның орташа температурасы +21° және тиімді температурасы 828. ұрықтану 21 шілдеде, ауаның орташа температурасы +25° және тиімді температура 828. жеке шегіртке жұмыртқасын 24 шілдеде, ауаның орташа температурасы +29° және тиімді температура 930 болғанда салуды бастайды.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Италиялық шегірткенің фазалық өзгергіштігі
«бастауыш сынып оқушыларына экологиялық тәрбие беру»
КАРА БИДАЙ
Қоянның сойыс өнімдерінің жұқпалы аурулар кезінде ветеринариялық- санитариялық сараптау
Тасқын кезеңіндегі ағынды судың шығынын есептеу
Ауыл шаруашылығы жануарлары денесінің микрофлорасы
Аграрлық саясат
Бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастырудың мүмкіндіктері
Бидайдың жұмсақ және қатты түрлерінің айырмашылық белгілері
Биология пәні бойынша сабақтан тыс оқытуды ұйымдастыру
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz