Проблемалы оқыту технологиясы
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ
АБЫЛАЙ ХАН АТЫНДЫҒЫ ҚАЗАҚ ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ҚАТЫНАСТАР ЖӘНЕ ӘЛЕМ ТІЛДЕРІ УНИВЕРСИТЕТІ ШЕТ ТІЛІ: ЕКІ ШЕТ ТІЛІФАКУЛЬТЕТІ
ТАҚЫРЫБЫ:
Оқыту барысында пәнаралық байланысты жаңа технологиялар арқылы ұйымдастыру
(Дипломдық жұмыс)
Студент: Ануар Айнұр Марғұланқызы,
ПФИЯ 4 курс
Жетекші: Жансугурова К.Т
Алматы 2020
ТАҚЫРЫБЫ: ОҚЫТУ БАРЫСЫНДА ПӘНАРАЛЫҚ БАЙЛАНЫСТЫ ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАР АРҚЫЛЫ ҰЙЫМДАСТЫРУ
КІРІСПЕ
Тақырыбтың өзектілігі
Келер ұрпақ алдында зор жауапкершілік жүгін арқалап келеміз,-деп Елбасы Н.Ә.Назарбаевтың сөзі ұстаз қауымына үлкен тапсырыстарды артып отырған жайы бар. Еліміздің болашағы көркейіп, өркениетті елдер қатарына қосылуы, бүгінгі ұрпақ бейнесімен көрінеді. Дүниежүзілік озық тәжірибелерге сүйеніп, жаңа типті оқыту, яғни әр баланың табиғи қабілетін дамыту үшін қолайлы жағдайлар жасай отырып, оны жан-жақты дамыту керек. Қазіргі білім беру мазмұны жаңарып, жаңа көзқарас пайда болып, оқытудың жаңа технологиясы өмірге келді. Яғни педагогикалық технология ұғымы іс-әрекетімізге кеңінен еніп, қолданылуда. Елбасы Н. Ә. Назарбаев мемлекетіміздің болашақ дамуына арналған Қазақстан 2030 бағдарламасында жоғары білімнің сапалылығы, адамсүйгіштігі және ғаламдануы аркылы мәдениет жасауға, интеграцияға ерекше мен бергені белгілі. Eлiміздің егемендік алуымен байланысты әлеуметтік экономикалық салаларымыздың барлық жақтарында жаппай өзгерістер, жаңа бастамалар серпінді қадамдар жасалып жатыр. Білімнің мазмұны ғылымдардың өзара байланысы, өндіріс пен қоғамдық дамудың жанару барысына тікелей ықпал жасайды. Осы орайда мектептің оқу-тәрбие үрдісінің пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырылуы, ғылымдар жүйесінің бір арнаға тоғысуы, адамның интеллектуалдық өрісін байытумен бірге, бүкіл адамзаттық құндылықтар көзінің де бірліrін, жалпы ақиқат дүниенің біртұтас жүйе екендігі туралы ғылыми көзқарастың қалыптасуына мүмкіңдік береді. Мектеп оқушылары жекеленген пәндерден алынған білімдерін тұтас біріктіріп қабылдай алмайды. Оның негізгі себебі, олар бір бірімен байланыста, сабақтастықта қарастырылмайды. Осының нәтижесінде оқушыларда тұтас көзқарастың туындауына қиындык туғызады. Сондықтанда окушы санасына дұрыс көзқарас қалыптастыру үшін мектептегі оқу пәндері арасындағы пәнаралық байланысты анықтап, дұрыс пайдалана білу қажеттігі туады. Пәнаралық байланысты жан-жақты педагогикалық-психологиялық, әдістемелік жағынан зерттеуге бұрынғыдан да зор маңыз беріліп отыр. Бұл мәселені көптеген ғалымдар: М.А. Данилов, В.В. Давыдов, И.Д. Зверев, Р.Г. Лемберг, В.Н. Максимова, В.Н. Малахов, С.А. Рубинштейн, Д. Б. Эльконин, Д Локк, И. Г. Пестапоций, Ж. Руссо, Я.А. Коменский т.б. қолданып келді. Олар пәнаралық мәнін, кұрылымын әдіснамалық денгейде калыптастырған. Республикамызда пәнаралық байланысты зерттеп, өзіндік пікір айтып жүрген ғалымдарымыз баршылық, мәселен: П. М. Иванов (1956), К. Муханов (1967), С. Мусабеков (1966), А. А. Бейсенбаева (1970), Р. Абасова (1991), С.В. Илларинов (1991), Ж.е, Шокыбаев (2000) т.б. Қазіргі таңда жас ұрпаққа білім мен тәрбие берудің халықтық педагогикаға қарай бағытталуы, ұлттық салт-саналарымыздың оқушылардың ата-бабалар қалдырған бай мәдени мұраларына деген биік құрмет сезімімен жандандыру секілді маңызды мәселелердің барлығы да ана тілін оқыту icін жетілдіруге келіп жеткізеді. Баланың пәнге деген дұрыс оң көз қарасын қалыптастыратын бір жүйе- ана тілі пәнін тек қолданушы деңгейінде қалдырмай, оның болашағы үшін жауапты екенін сезіндіру. Атап айтқанда, оқыту үрдісін тимді ұйымдастыру, жеке пәндер арасындағы ортақ ұйымдарды, заңдылықтарды бір-біpімен өзара байланыста қарастыру. Оқушылардың танымдық, ізденушілік қабілеттерін, іс әрекеттерін дамыту, алған білімдерін жинақтау, тәжірибеде қолдана білуге үйрету т.б. мәселелер дидактикалық тұрғыдан шешуді қажет етеді. В.Кларин технология сөзінен қандайда болсын істегі шеберлікті, оқыту-үйретудегі амалдардың жиынтығы, ал педагогикалық технология (тәрбие технологиясы, қарым-қатынас технологиясы, оқыту технологиясы) педагогикалық мақсатқа қол жеткізу жолындағы барлық қисынды ілім амалдары мен әдіснамалық құралдардың жүйелі жиынтығымен жұмыс істеудің реті - деп түсінік берді. Педагогикалық жаңа технология - іс-әрекетке, оқыту барысында жүзеге асатын педагогикалық жүйе. Ол дара тұлғаны жетілдіруге, белгілі бір мақсатқа жету жолында арнайы ықпалды ұйғаруға қажетті байланысқан әдіс-тәсілдер. Ендеше педагогикалық технология - оқу-тәрбие үрдісінің шығармашылықпен оқытумен тәрбиенің тиімділігін қамтамасыз ететін жанды құрамдас бөлігі, технология - ақырғы мақсатқа жететін әрекеттер жүйесі. Жаңа педагогикалық технология баланың жетілген тұлға ретінде дамуы үшін маңызы зор.
Қазіргі уақытта педагогика ғылымының бір ерекшілігі - баланың тұлғалық дамуына бағытталған жаңа оқыту технологияларын өмірге енгізуге ұмтылуы. Педагогикалық технологиялар - бұл білімнің басымды мақсаттарымен біріктірілген пәндер мен әдістемелердің: оқу-тәрбие процессін ұйымдастырудың өзара ортақ тұжырымдамамен байланысқан міндеттерінің, мазмұнының, тұрпаттары мен әдістерінің күрделі және ашық жүйелері, мұнда әрбір құрамның басқаларына әсер етіп, ақыр аяғында оқушының дамуына жағымды жағдайлар жиынтығын құрайды
Зерттеудің нысаны:
Бастауыш мектепте оқу тәрбие үдерісін жетілдірудегі Ағылшын тілі пәнінің орны.
Зерттеудің пәні:
Ағылшын тілі пәнінің басқа пәндермен байланысын жүзеге асыру.
Зерттеудің мақсаты:
Пәнаралық байланыс қазіргі педагогика ғылымының басты мәселеci екендігін дәлелдеу, ұлы педагогтардың, ғылыми зерттеушілерінің еңбектері арқылы бүгінгі білім мазмұнына тірек болатынын көрсету. Бастауыш мектепте оқыту барысында пәнаралық байланысты жаңа технологиялар арқылы ұйымдастыру және оқушылардың танымдық қызығушылықтарын одан ары арттыру.
Зерттеудің міндеттері:
1. Бастауыш сынып окушыларының оку жұмысын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастырудың педагогикалық-психологиялық ерекшеліктерін анықтау.
2. Пәнаралық байланыстың мазмұнын ашу.
3. Ағылшын тілін оқыту барысында пәнаралық байланысты жаңа технологиялар арқылы жүзеге асыруда бала дамуының маңызы.
1.1.Бастауыш мектеп жасындағы оқушылардың оқу жұмысын пәнаралық байланыс тұрғысынан ұйымдастырудың педагогикалық психологиялық ерекшеліктері. Қазіргі қоғамның өзекті мәселелерінің бірі әлеуметтік, экономикалық өзгермелі жағдайларда өмір сүруге дайын болып қана коймай, сонымен қоса оны жақсартуға ықпал ететін жеке тұлғаны қалыптастыру. Мұндай тұлғаға қойылатын бірінші кезектегі нақты талаптар шығармашылық, белсенділік, әлеуметтік жауаптылық, терең білімділік, кәсіби сауаттылық. Осыған байланысты мектеп баланың дамуында негізгі рөл аткаратыны анық байқалады. Баланың жеке тұлға ретінде жан-жакты дамуы, өзіндік көзқарастың қалыптасуы мен ой-өрісінің кенеюі мектеп қабырғасында каланады. Сондықтан жоғарыдағы айтылған мәселелердің шешімі оқыту үдерісінде пәнаралық байланыс ерекше педагогикалық маңызды рөлге ие болуда. Қазірrі кезде мектептегі қайта кұру білім берудің мазмұнын жетілдіруді, ғылыми пәндердің өзара байланыста жүргізілуін талап етеді. Мектеп оқушылары жекеленген пәндерден алған білімдерін тұтас біріктіріп кабылдай алмайды. Оның неrізгi себебі олар бір-бірімен байланысты сабақтастықта карастырмайды. Осының нәтижесінде оқушыларда тұтас көзқарастың туындауына қиындық туғызады. Сондықтан да окушы санасында дұрыс көзқарас қалыптастыру үшін мектептегі оқу пәндері арасындағы пәнаралық байланысты дұрыс әрі анық етіп жеткізе білу қажет. Жаңа технология түрлерін сабақ үрдісінде пайдалану, оқушының шығармашылык, интеллектік қабілетінің дамуына, өз білімін өмірде пайдалана білу дағдыларының қалыптасуына әкеледі.
Жаңа технологияны қолдану мына кезеңдер арқылы іске асады:
І кезең: оқып-үйрену;
ІІ кезең: меңгеру;
ІІІ кезең: өмірге ендіру;
IV кезең: дамыту.
Қазіргі ағылшын тілді елдердің экономикасының дүниежүзіне ықпалы артуда. Екіншіден, ағылшын тілі- әдебиет пен саясаттың, өнердің, сауда-саттық пен әр түрлі ресми қарым-қатынас тілі. Бірақ та ағылшын тілі мамандарының алдында проблемалар да бар. Олар: біріншіден, ағылшын тілін оқытуда жаңа технологияларды енгізуге байланысты материалдық-техникалық базаның талапқа сай келмеуі. Екіншіден, теориялық білімді тәжірибемен ұштастыруда базалық ортаның аз қамтылуы. Осы проблемаларды шешудің бірден-бір жолы оқу бағдарламасын өзгерту, әдістерді жетілдіру. Ағылшын тілін оқыту әдістемесі әрдайым толықтыруды, дамытылуы тиіс. Ендеше оқушылардың дүниетанымын кеңейтуде танымдық белсенділігін арттырып, білім, біліктерін жетілдірудің қоғамдық мәні зор болып келеді.
Жаңа педагогикалық технология мақсаты - оқытуды ізгілендіруі, яғни оқу құралдары оқушылардың өздігінен танымдық іс-әрекетін жүргізе алатындай болуы керек. Жаңа педагогикалық технология түрлері өте көп.
Ойын технологиясы. Педагогикалық ойындар технологиясы дегеніміз педагогикалық жұмысты ойын түрінде ұйымдастырудың әдістері мен тәсілдерінің жиыны. Ойын түріндегі жұмыстар сабақ үстіндегі қолайлы деген жағдайларда пайда болып, оқушыларды қызықтырушы құрал ретінде қолданылады.
Проблемалы оқыту технологиясы. Проблемалы оқыту - мұғалім басшылығы мен қиын мәселелерді туғызу және оқушылардың белсенді түрде өз беттерімен мәселелерді шешу. Қорытындысында олардың ойлау қабілеттері дамып, шығармашылық іскерліктері мен дағдылары қалыптасуына жағдай жасайды.
Сын тұрғысынан ойлау технологиясы
Мақсат пен міндеттердің орындалуы мынадай ұзақ жоспарлар арқылы іске асады:
- ассоциация;
- бірлестік қызмет;
- көзқарасын талдау мен дәлелдеу түрінде қорғау. Бұл технология бойынша:
- оқу үрдісінде қызығушылық артады;
- оқушының өз бетімен білім алуына мүмкіндік беруі туады;
- оқушының ақпараттық тіл байлығы жетіледі.
Деңгейлік саралау технологиясы. Саралап оқыту технологиясы, оқыту процесінің белгілі бөлігін қамтып, ұйымдастырудың шешімдері, оны оқыту құралдарының жиынтығы түрінде көрінеді. Сыныпты, топтарды оқытуға әртүрлі қолайлы жағдай туғызуды қажет етеді; әдістемелік педагогикалық-психологиялық және ұйымдастыру-басқару шаралары біріктіріледі.
Деңгейлеп оқыту технологиясының мақсаты: әрбір оқушы өзінің даму деңгейінде оқу материалын меңгергенін қамтамасыз етеді.
1) Деңгейлеп оқыту әр оқушыға өз мүмкіндіктерін пайдалана отырып, білім алуына жағдай жасауға мүмкіндік береді;
2) Деңгейлеп оқыту әр түрлі категориядағы балаларға, олармен саралай жұмыс істеуге мүмкіндік береді.
3) Деңгейлеп-саралап оқыту құрылымында білімді игерудің бірнеше деңгейі қарастырылады: ең төменгі деңгей (базалық), бағдарламалық, күрделенген деңгей сондықтан әрбір оқушы меңгеруі тиіс.
Жекелеп оқыту технологиясы. Жекелеп оқыту - оқу процесін ұйымдастырудың мына түрлері мен үлгілерін қарастырады.
- мұғалім бір ғана оқушымен жұмыс істейді;
- оқушы тек оқу құралдары мен өзара қатынаста (оқулықтар, компьютер, т.б) болады. Жекелік оқудың басты жетістігі баланың қабілетімен оқу қызметінің желісін әдісі мен мазмұнын өз қабілетіне қарай бейімдеуіне мүмкіндік береді.
Топтық технология. Бұл сыныпта оқу жұмысын ұйымдастырудың үшінші және төртінші деңгейі. Бұндай жұмыс белгілі-бір тапсырманы бірлесіп шешуі үшін сыныпты уақытша топтарға бөлуді қажет етеді. Оқушылардың өзіндік ерекшеліктерін ескеріп, бірлесіп үйренуге мүмкіндік береді.
Кезеңдеп оқыту технологиясы
1. Мәдени кезек сөз - оқу процесінің екі негізгі бөлігі арасында кезексөз түрінде құрылады.
Оқу-негізгі таңдану нүктесі айналасына орналасқан ішкі кезексөзге негізделіп құрылады.
2. Дидактикалық бірлікті ірілендіру (ДБІ) Әдістемелік құрылымның түзгіші негізіне мұғалім мен оқушы қызметін байланыстырушы ретінде математикалық жаттығу ұғымы алынған, әрі тұра, кері ұғымдары мен қағидалары бір кезде оқытылады.
ДБІ технологиясының ашушы түзгіші - жаттығу - үшен сабақтардың бірінде қаралады:
- қазіргі тапсырма;- кімге арналғандығы;
- жинақтау. Технология мазмұнының басты ерекшелігі пән оқу материалдарының дәстүрлі дидактикалық құрылымын қайта құру.
3. Ойлау қызметін кезеңдер бойынша қалыптастыру, мақсаттың бағытталу технологиясы - бағдарлық білім, шеберлік және дағдыны әсерлі меңгеру. Бұл технология әрбір оқушының жұмыстарды, әрбір қадамын мұғалімнің бақылауын қажет етеді. Сабақ меңгерудің барлық кезеңдерінде бақылап отыру - технологияның ең маңызды құраушыларының бірі болады. Ол оқушыны қателесуден сақтандыруға бағытталады.
Жеке пәндік педагогикалық технология.
1. Ерте және ыждағатты сауаттылыққа оқыту технологиясы. Технология мазмұны оқу процесі бала миының танымдық қуатын жан-жақты жандандыра отыра, қызметі мен қатынастары арқылы баланың табиғи ойлауына негізделген.
2. Әсерлі сабақтар жүйесіне негізделген технология.
Мақсаттық бағыттары:
- қалыпты білім, шеберлік дағдыны меңгеру;
- ойлау қызметіне математикалық тәсілдерді меңгеру;
- қабілетті балаларды дамыту;
Өзіндік дамыту технологиясы (М. Монтессори) Мақсаттық бағыты:
- жан-жақты дамыту;
- жекелікті тәрбиелеу;
- бала санасында ойлау қызметі мен пәндер түзгіштерін біріктіру.
Басты мақсаты - оқыту дағдысы: қолдағы ұсақ моторлар, есті дамыту.
Дамыта оқыту технологиялары.
1. Л.В. Занковтың дамыта оқу жүйесі. Оқыту қызметінің негізгі мотивациясы танымдық қызығушылық. Занков әдісі әртүрлі қызметтерге тарту, дискуссия, дидактикалық ойындарда оқытуда, пайдалану, сол сияқты есті, ойлауды, елестетуді, сөйлеуді байыту бағытындағы оқыту әдісі.
2. Д.Элькони - В.Давыдовтардың дамыта оқыту технологиясы. Элькони - Давыдов техноло-гияларындағы дамыта оқыту ең алдымен оның мазмұны, теориялық білімге негізделе отырақұрылған. Білімнің теориялық негізі терең түрдегі жинақтаудан тұрады. Дәстүрлі технологиялардан өзгешелігі дамыта оқыту оқу қызметін басқаша бағалайды. Оқушының орындаған жұмыстары мен сапасы оқушыға білімнің жетімділігі мен қабілетінің жететіндігін мұғалімнің көзқарасы бойынша бағаланбай, оқушының өз мүмкіндігі тұрғысынан қаралады.
3. Жеке бас шығармашылығын дамытуға бағытталған дамыта оқыту жүйесі. Іздену, ойлап табу қызметтері процестері оқытудың негізгі мазмүны болады.
Дамыту мазмұны жақыннан орташаға, сонан кейін қашықтағы мақсаттық келешекке көшуден тұрады.
Бұл технологияда ұжымдық жұмыс әдісі кеңінен қолданылады; ойға шабуыл, ұйымдастыру ... жалғасы

Ұқсас жұмыстар
Пәндер
- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.
Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz