Халықаралық экономикалық жүйе



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
Шымкент қаласы
физика-математика бағытындағы
Назарбаев Зияткерлік мектебі

Қазіргі әлемдегі Қазақстан
Курстық жұмыс

Бөлім: Қазақстанның сыртқы саясаты
Бөлімше: Геосаясат және экономика
Тақырыбы: Қазақстанның геосаяси орналасуы экономика
үдерісіне қаншалықты əсер етеді?

( сөз)

Орындаған: ________
(қолы)

Қабылдаушы: ______
(қолы)
Ішкі модератор: ________________________________
(аты-жөні, қолы)


Шымкент қаласы 2019-2020

Мазмұны:

Кіріспе ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
3

Негізгі бөлім ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
4

Зерттеу әдісі ... ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
5

Зерттеу қорытындысы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .
9

Бағалау ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
10

Қорытынды ... ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..
12

Әдебиеттер тізімі ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...
13

Кіріспе
Қазақстан - 130-дан астам елдермен дипломатиялық қарым-қатынас құрған, Еуропа мен Азияда ортақ орналасқан, Еуразияның жүрегіне айналған мемлекет. Геосаяси орналасуындағы негізгі ерекшеліктер ретінде оның теңізге шыға алмауы, әлемдік ең ірі екі держава Қытай мен Ресеймен достық байланыста көршілес орналасуы, елдің көпвекторлы саясаты, Ұлы Жібек Жолы бойынша сегіз тораптың қиылысына еге, тарихында Азия мемлекеттерінің сауда байланысының еншілесі болған мемлекет болып табылады.
ҚР Сыртқы істер министрі Ерлан Ыдырысов сыртқы саясатқа Бейбітсүйгіш әрі конструктивті сыртқы саясаттың нәтижесінде Қазақстан осы жылдар ішінде халықаралық беделін жаңа сатыға көтерді, халықаралық қауымдастықтың ықпалды мүшесіне айналды. Біз алыс-жақын шетелдермен достық қарым-қатынас пен өзара тиімді әріптестік орнаттық. Бүгінгі таңда Қазақстан әлемнің заманауи құрылымының аймақтың және жаһандық мәселелерін шешуде өз үлесін қосып жатыр деп баға берген болатын.1 Қазақстан ЕҚЫҰ, ИЫҰ, ЕЭО, ШЫҰ, ҰҚШҰ және Түркі кеңесі сынды халықаралық ұйымдарға төрағалық етуде.
Тақырыпты таңдауыма түрткі болған себептер тізімі төмендегідей:
* Трансұлттық корпорациялардың пайдасы мен зиянын зерттеуге деген қызығушылық, оған геосаяси орналасудың қатысын зерттеу
* Геосаясат пен экономиканы біріктіріп, сараптауға деген талпыныс
* Өнеркәсіп салаларындағы кәсіпорындардың шетелдік компаниялар тарапынан басқарылуы туралы ақпарат білгім келді
* Неліктен біз өндіруге қауқарсыз екенімізді анықтағым келді
Зерттеудің негізгі мақсаттары:
* Инвестиция мен импорт\экспорт мәселесін зерттеу
* Қазақстанның экономика саласындағы кемшіліктерді талдау
* Экономика саласын дамыту жолдарын анықтау
* Қазақстанның мұхитқа шыға алмау жағдайын қарастырып, сауда жолын зерттеу
* Қытай-Қазақстан-Ресей байланысының оң және теріс жақтарын қарастыру
Таңдалынған тақырып өзекті және ауқымды, себебі қазіргі экономикалық күйзелістің ықпалынан егер геосаяси орналасуымызды тиімді пайдаланып, даму стратегиясы аясында дұрыс қадам жасамасақ біз әрқашан шетелге тәуелді боламыз. Мысалы, еліміз шикізатты шетелге экспорттайды, ал дайын тауар ретінде сатып алады. Арадағы тауар берешегінде бізге теріс сальдомен зиян көреміз. Сәйкесінде өндірудің нашарлығы елдің дамымағандығын білдіреді. Егер мәселені жаһандық деңгейде қараса, Жапонияда өндіру үшін ешқандай шикізат, қазба-байлық жоқ, бірақ олар өндіру саласы мықты дамығандықтан оларда бәрі бар. Қазақстанда шикізат та байлықта, қазба да бар, бірақ бізде өзіміздіңкі деп айтатындай түк жоқ. Себебі біздің заттың барлығына егелік етіп отырған өзге мемлекеттер. Сол себепті ақырындап дамып келе жатқан Қазақстан үшін экономиканың Қытай мен Ресейге қатысты байланысы, оның Азия ортасында орналасуынан келетін пайданы, қауіпті қарастыру маңызды.
Тақырыптың өзектілігін ашып, зерттеудің мақсатын жоспарлы түрде орындау үшін төмендегі сұрақтарға жауап іздеймін:
* Қазақстанның экономикасына көршілес екі державаның әсері қандай?
* Қазақстан экономикалық дамуда геосаясаттан қандай пайда көреді?
* Қазақстанның экономикасына геосаяси орналасуынан төніп тұрған қауіпті сейілту жолдары?
* Экономикалық өсу үшін ашық нарықтағы көршілес елдермен байланыстың маңыздылығы қандай және қай мемлекетпен экономикалық қарым қатынас үлкен тиімділікке ие?

Негізгі бөлім
А) Теория және зерттеу сұрақтары
Геосаясат адамдардың белгілі бір мақсатқа жету үшін билікті қалайша тудырып оны сақтауын бейнелеу үшін қолданылатын әдіс болып табылады.2 Геосаясат мемлекеттің деңгейіндегі экономикалық, әскери, саяси бағыттардың ел мүдделеріне қарай қолданысын көрсетеді. Қазақстан стратегиялық маңыздылыққа ие ел, себебі Орталық Азия аймағының үш тарапында мықты мемлекеттер орналасқан - солтүстікте - Ресей, шығыста - Қытай және батыста - Еуропа. Экономикалық жағдай бойынша мемлекет халқы икемді, байлығы, шикізаты мол. Көршілес елдерге өз шикізатын тиімді қолжетімді бағаға тасымалдайды, бір кемшілігі өндіруші елдерге арзан бағаға шикізат сатып алып, дайын өнім ретінде қымбат бағаға сатып алады. Ал жалпы Қазақстан экономика жағынан еуроазиялық бөрі болып табылады, себебі барлық елдер Қазақстанға төніп отыр, олжасына айналдырғысы келеді, мұның өзі елдің бақуаттылығын, континенталды деңгейде тиімділігін айқындатады.
Елдің экономикалық тұрақтылығы қалыптасқанымен, ол экономикалық құлдырау болмайды деген мағына емес немесе географиялық орналасудың өзгермеуі экономикалық ахуалдың тұрақтылығын білдірмейді. Мысал ретінде, еуропалық одаққа мүшеліктің тиімділігін қарастырайық:
* Еуропалық жетекші елдермен сауда-экономикалық ынтымақтастық
* Отандық өнімдердің сыртқы нарыққа шығуы
* Одақтық саяси диалог
* Нарықтық экономикаға көшу
* Қазақстандық өнімнің қолжетімділігін қамтамасыз ету
* Саяси интеграцияландырған бірлестік. 3
Сыртқы саясат бойынша экономикалық дамуды қамтамасыз ететін негізгі мемлекетаралық бағдарламаға ИНОГЕЙТ пен ТАСИСИ жатады. ИНОГЕЙТ энергетика саласындағы инфрақұрылымды қалыптастыруға, энергоресурстарды экспорттауға мүмкіндік береді. Ал ТАСИС ТМД елдеріндегі техникалық көмек көрсету бойынша экономикалық салада шағын және орта бизнесті дамыту, жекешелендіру, құрылымдық қайта құру, адами инвестиция сынды қолдауларға көмек көрсеткен жоба.
Геосаяси орналасудағы экономикалық әсерін тигізетін бағыттар:
* Инвестициялау. 2001 жылғы көктемнен бастап Шанхай бестігі пайда болды, бұл шанхай ынтымақтастық ұйымының құрылып, Қытайдың өндірістік, өнеркісіптік, орта және шағын бизнес бойынша кәсіпорындар жұмыстарын дамытуда инвестиция бөлуіне себепкер болды және сыртқы саясатта Қазақстанға Қытайдың әсерін күшейтті. Сонымен қатар, Қазақстан қаржы ұйымдарынан қаржы салымын тартумен, мамандар даярлауда тәжірибе алмасу, көршілес елдердегі отандық азаматтардың мүдделері мен құқықтарын қорғау, экономикалық құқықтарын қамтамасыз ету, шетелдік серіктестермен сауда-экономикалық серіктестігі сынды байланыстар жүргізілген.4
* Ұлттық қауіпсіздік: ядролық қаруы жоқ, бейбітшілікті қолдайтын мемлекет
* Сауда саттық, эксопрттық-импорттық қарым-қатынас. Қазақстан Оңтүстік Азияның исламдық елдерімен өзара тығыз қарым қатынасты орнатқан, бір жағынан ол кұштілік, себебі иран, пәкістан, ауғанстан елдерімен сауда-саттық байланыс, әскери күш тиімділіктері бар. Ал екінші жағынан діни-экстремистік, және осы елдердегі террористік отты қауіпті қызыл алаңдар ретінде көрсетілгендіктен, ұлттық қауіпсіздікке зиян тигізеді. Бұл зияндар ішкі саясаттағы экономикаға әсер етеді.
* Халықаралық экономикалық жүйе. Қазірде нақты идеологи ялық экономикалық жүйе жоқ, яғни социалистік, капиталистік жүйе деп берілмейді, бұл жекелеген мемлекеттер экономикалық беделінің болуымен айшықталады.
* Қытайдың экономикалық жүйедегі күшеюі бойынша байланыстың екіжақты әсері көрсетіледі.
* Негізгі әлеуметтік-экономикалық әлемдік қатынастағы саяси орталығы ретінде Солтүстік Америка, Еуропа мен Тынық мұхиты аймағы болып табылады. Ал Қазақстан сияқты жас мемлекетке әлемдік нарыққа өнім шығару үшін ірі державалармен байланыс орнату қажеттілігі туындайды. Бұл орайда біздің тиімділік географиялық орналасуда бүкіл әлемді өз тауарымен жіне жылдам қызмет көрсету, жұмыс кұші, халық саны сынды факторлармен жаулап алған Қытайдың көршілесі болып, экономикалық-саяси байланыстың нығайғандығы болып табылады. ТМД елдерімен байланыста ресейдің күшін жеңіл қолдануға болады, себебі ол КСРО кезінде бір құрамдас болған, көршілес, жақын мемлекет, сондықтанда ортақ Белоруссия-Ресей-Қазақстан арасындағы ашық экономикалық нысанның пайда болуын айта аламыз.
* Қазақстан жекелеген мемлекеттермен сыртқы қарым-қатынасында халықаралық құқықтың көпшілік таныған нормаларын сақтауды көздейді, сол үшін еліміз ірі халықаралық ұйымдарға мүше болған болатын, оларға халықаралық валюта қоры, халықаралық еуропалық даму және қайта құру банктері, юнеско, юнисеф, біріккен ұлттар ұйымы және тағы басқалар жатады. 5

В) Зерттеу әдісі
Зерттеу әдістері ақпараттарды жинау, оны талдау, бағалау, бақылау үшін қажетті болды, сәйкесінше ол 3 түрлі кезеңде бойынша жүргізілді. Әдіс арқылы сапалық және сандық әдістермен мәліметтер статистикалық, ақпараттық түрде алынды.
Зерттеудің бірінші сатысында ақпараттар ғаламтор желісінен және түрлі кітаптардаң, стратегия, бағдарлама және Заң жобаларынан алынды. Олар кіріспен, теория және әдістер бөлімдерінде берілген. Ақпарат көздері жаңалықтар, заңнамалық сайттардан қазақ және орыс тілдерінде алынды. Геосаяси орналасудың экономика саласындағы әсері бойынша проблемалар ашық және екіжақты көрсетілмегендіктен, тақырып бойынша ақпарат табу қиындық тудырды әрі ол мәселе бойынша түрлі салалар арқылы ақпарат жинау қажеттілігін көрсетті.
Қосымша теориялық ғаламтордан алынған ақпараттар төменде көрсетілген:
Қазақстан геосаяси жағдайының 4 түрлі қауіпті жағдайы бар. Олар:
1. Құрлықішілік жағдай. Бұл тауар айналымында өнім экспортында тасымалдау жұмысын, бағасын жоғарылатады және ынтымақтастық құратын елдің немесе халықаралық ұйымның көмегіне тіуелділік тудырады. Ол тәуелділікті төмендету үшін жаңа көлік коридорларын жасау ұйымдастырылуда
2. Ислам. Қытай және орыс мәдениетінің түйісуі
3. Үкімет батыс пен шығысты байланыстырушы көпір болушы елдің транзиттік мүмкіндіктерін толық пайдалануы керек.себеі экономикалық қызметтің мөлшері шағын. Бірақ пайдалы қазбалар құны бойынша әлемде 6-шы орынды иеленеді.
4. Шекара аймақтарындағы ыстық нүктелер, ең қауіптісі - Ауғанстан. 6
Біздің ел сыртқа 300-ден жоғары өнім түрін шығарады. Бірақ Қазақстан экспортының 34 бөлігін бар болғаны 5-ақ тауар түрі -мұнай, қара металдар прокаты, тазартылған мыс, бидай және ферроқорытпалар құрайды. Елдің негізгі экспорттық тауары - шикі мұнай (барлық экспорттың 35 бөлігі). 7
2019 жылғы көрсеткіштер бойынша Қазақстан мен Қытай арасындағы ортақ жобалардың оң нәтижелері байқалады. Статистикалық мәліметтерге жүгінсек, 11 жобаның құрылысы жүріп жатыр. 14 жоба іске қосылса, 12 жобаның жасалу жоспары әзірленіп жатыр. Жалпы соммасы 27.6 миллиард АҚШ долларын құрайтын ақша бөлініп, соның ішінде 8 жоба жасалынбауы мүмкін пассивті, 10 жоба дайындық кезеңіндегі жобаларға жатады.8
Бүгінде Ресейде үш мыңнан астам кәсіпорын қазақстандық капиталдың, ал Қазақстанда 1700 кәсіпорын ресейлік капиталдың қатысуымен жұмыс істеуде.9
Зерттеу әдісінің екінші сатысы халықпен байланыс орнату бойынша жүргізілді. Мұнда азаматтардан электронды нқсқада ғаламтор желісі арқылы сауалнама алынып, зерттеу сұрақтарына жауаптар ізделінді. Халық өндіріс саласы туралы нақты ақпаратқа ие болмағандықтан, олардан жеке позициясын, ойын және перспективасын талап ететін жабық, қысқа сұрақтар қойылды. Сауалнама Survey Monkey сайты арқылы 10-70 жас аралығындағы ел азаматтарынан 4 сұрақ бойынша алынды. Зерттеуде 10-20, 30-40 жас аралығындағы қатысушылар басым болды. . Сауалнамаға қатысушы 64 адамның пікірінше, Қазақстанның экономикасы, соның сыртқы саясатпен байланысын көрсетуші саласы - өнеркәсіп саласы шетелдік компанияларға тәуелді. Үшінші сұрақ бойынша, осы өнеркәсіптің дамуы үшін бәсекелестіктің артуы мен технологияның дамуы үлкен көмек береді, олар таңдауда 40 және 27.78 пайызды құрады. Ал ең төменгі көмек тәжірибе алмасу болды. 56.67 пайыз адам келесі 10 жылдықта Қазақстанның экономикасы толық дамып, өзге елдерден тәуелсіз бола алмайтынын көрсетсе, 90 қатысушының 39-ы бұл мүмкін екенін көрсеткен. Дегенмен, экономика саласының тәуелсіз болып, әртараптануы және дамуы үшін дамыған мемлекеттің өзіне ең кемі 20 жыл керек.
Келесі сұрақ бойынша геосаяси орналасудың экономикаға ең көбі өндіріс саласына 42.86 пайызда және басқа инвестиция және бизнес болйынша салаларға әсерін тигізеді. Сауалнама бойынша экономикалық тиімдірек мемлекет - Қытай, 51.43 пайыздық көрсеткішке ие.
Зерттеу әдістерін толықтырып, мәселені толық қарастыруда үшінші сатыдағы сұхбат өте қажет болды. Сұхбатты жүргізу арқылы көкейдегі сауалдарға жауап алып, зерттеу мақсаты мен міндетін орындауға үлкен қадам жасадым. Сұхбат зерттеу сұрақтары аясында жасалынды. Сұхбат ---- мекемесінің ------- жұмысшысы -------- дан алынды.
Қазақстанның гегографиялық орналасуы бойынша экономикалық перспективасы тікелей сыртқы саясатты қамтиды, бірақ бұл геосаясат жағына байланысты болғандықтан, аймақтардың экономикалық белсенділігінің өсуіне, экономикалық кеңістіктің қалыптасып, еңбек ресурстарының шоғырлануына, ортақ интеграцияланған біріңғай жүйенің қалыптасуына әсерін тигізеді. Қазақстан жағдайында өзен көлігі тораптары жоқ, ашық теңізге шығуға мүмкіндігі жоқ, сондықтан ол елдің экономикалық тығыздығына теріс әсерін тигізеді. Оған қарамастан, еліміз табиғи ресурстарын өндіріп, экспорттаумен айналысып келеді. Елдің теңізге шыға алмауы экономикалық жағынан бірталай қиындықтар тудыртады. Яғни, өнімді өткізудің негізгі нарықтарына дейінгі үлкен қашықтық өндірістік, бірінші кезекте көлік инфрақұрылымын жедел дамытуды талап етеді. Табиғи ресурстарды қолайлы жолмен экспорттауды дұрыс жоспарлай алуымыз керек болады. Тарифтік формалар қабылданбайды, азық-түлік мәселесі туындайды, сәйкесінше теңізге шывға алмайтын елдердің экономикасы осал болып келеді. Сондықтан оларға нарықта жұмыс жасау тәжірибесі ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Үшінші дүниежүзілік валюта жүйесі
Оңтүстік Кореяның қазіргі кездегі халықаралық қатынастардағы жүйесі
Халықаралық валюталық жүйе және валюталық рыноктар
Халықаралық еңбек бөлінісі туралы ақпарат
Валюта жүйе: мәні мен түрлері және негізгі элементтері
ӘЛЕМДІК ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕНІҢ ЭВОЛЮЦИЯСЫ
ХАЛЫҚАРАЛЫҚ ВАЛЮТАЛЫҚ ЖҮЙЕ
ВАЛЮТА ЖҮЙЕСІНІҢ ДАМУЫ
Валюталық қатынас және валюта жүйесі
Дүниежүзілік валюталық жүйе элементтері
Пәндер