Симментал тұқымды малына сипаттама



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 15 бет
Таңдаулыға:   
ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ
АУЫЛ ШАРУАШЫЛЫҒЫ МИНИСТРЛІГІ

С.СЕЙФУЛЛИН АТЫНДАҒЫ ҚАЗАҚ АГРОТЕХНИКАЛЫҚ
УНИВЕРСИТЕТІ

Қорғауға жіберілді
___________ Кафедра меңгерушісі
___________ С.Қ.Бостанова

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС (ЖОБА)

Тақырыбы: Симментал тұқымы сиырларының төлдерін өсіру технологиясы

мамандығы 5В080200 - Мал шаруашылығы өнімдерін өндіру технологиясы

Орындаған: А.Р.Сыдыкова
Ғылыми жетекшісі:
а.ш.ғ.д., профессор А.Ж.Бекқожин

Нұр - Сұлтан ___

Мазмұны
Нормативтік сілтемелер
6
Анықтамалар
7
Белгілер мен қысқартулар
8
Кіріспе
9
1 Әдеби шолу
11
1.1 Дамыған шетелде сапалы ет өндірудің жолдары
11
1.2 Симментал тұқымды малына сипаттама
15
2 Зерттеу обьектісі және әдістері
22
2.1 Шаруашылықтың дамуының негізгі өндірістік-экономикалық
жағдайы және табиғи-экономикалық жағдайының сипаттамасы
21
2.2 Ауыл шаруашылық малдарын азықтандыру мен азық дайындау технологиясы
25
2.3 Зерттеу әдістері
30
3 Зерттеу нәтижелері
33
3.1 Шаруашылықтағы малдарының табын құрылымы
33
3.2 Малдың тұқымдық және шаруашылық құндылығын бағалау
34
3.3 Шаруашылықтағы малдардың өнімділік көрсеткішері
36
3.4 Шаруашылықтың экономикалық тиімділігі
41
4 Қоршаған ортаны қорғау
43
5 Еңбекті қорғау
50
Қорытынды
57
Ұсыныстар
58
Қолданылған әдебиеттер тізімі
59
Қосымшалар
62

Кіріспе

Ауыл шаруашылығы - халық шаруашылының ең ежелгi және табиғат жағдайларына тiкелей тәуелдi саласы. Сонымен қатар, ауыл шаруашылығы неғұрлым кең тараған сала. Шындығында, дүние жүзiнде ауыл шаруашы-лғының түрлi салаларымен айналыспайтын бiрде-бiр ел жоқ [ ].
Ауыл шаруашылығы - біздің негізгі ресурсымыз, бірақ оның әлеуеті толық пайдаланылмай отыр. Ел ішінде ғана емес, шетелде де сұранысқа ие органикалық және экологиялық таза өнім өндіру үшін зор мүмкіндіктер бар.
Біз суармалы жер көлемін кезең-кезеңмен 2030 жылға қарай 3 миллион гектарға дейін ұлғайтуымыз керек. Бұл ауыл шаруашылығы өнімінің көлемін 4,5 есе арттыруға мүмкіндік береді. Сауда және интеграция, ауыл шаруашылығы министрліктері фермерлерге өз өнімін сыртқа шығарып сату үшін барынша қолдау көрсетуі тиіс. Осыған орай Үкіметке тиісті тапсырма берілді. Бұл - маңызды міндет. Ауыл шаруашылығы өнімін экспорттау ісінде шикізатқа негізделуден бас тарту керек. Өнім өңдейтін кәсіпорындар әлеуетінің 40 пайызы ғана пайдаланылып отырғанына қарамастан, оның көлемі 70 пайызға жетті деп, Қазақстан Республикасының Президенті өз жолдауында ауыл шаруашылығын одан әрі дамытудың маңызын айтып кетті [ ].
Етті - сүтті ірі қара өсіру - республиканың егіншілікке маманданған бөлігі - Солтүстік Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Шығыс Қазақстанның тау бөктерлеріндегі аудандарға тән. Ондағы жазық өзендердің аңғарларындағы мен көлдердің қазан шұңқырларындағы шүйгін шабындық жер және тау бөктерлері етті - сүтті мүйізді ірі қара мал шаруашылығымен айналысуға өте қолайлы. Мүйізді ірі мал басының өнімділік дәрежесі әр түрлі. Шырынды азықпен қамтамасыз етуге қолайлы солтүстік аудандарда сүтті - етті, ал қала халқы тығыз орналасқан аудандарда сүт бағытындағы ірі қара өсіруге маманданған.
Мүйізді ірі қара малын жайылымда немесе қолда ұстап бағады. Қазақстандағы асыл тұқымды мүйізді ірі қарадан ерекше көзге түсетіндері сүтті - етті ірі қырдың қызыл сиыры, алатау сиыры, талас сиыры және қазақтың етті - сүтті ақбас сиыры [ ].
Қазақстанда сиыр етін өндіру осыдан 25 жыл бұрынғы деңгейге әлі жеткен жоқ. 1990 жылы елімізде сойылған мал есебі бойынша 1,6 млн. т ет өндірген болатын. Оның ішінде сиыр етінің үлесі 45% көрсетеді. 2010 жылы бұл керсеткіш 700 мың тоннадан шамалы ғана асты, оның ішінде сиыр етінің мөлшері 50% құрады. Қазіргі кезде, бұрынғыдай сиыр еті өндірісін көбейту тек сүтті және сүтті-етті ірі қара мал тұқымын пайдалану негізінде шешілуде.
Арнайы етті ірі қара мал тұқымдарының көптеген ерекшеліктері мен артықшылықтары бар. Олар жоғары ет өнімділігімен және аса сапалылығымен, тез жетілгіштігімен, өнімге азықты аз жұмсайтындығымен ерекшеленеді. Сойған кезде жеуге жарамды жұмсақ еті мол, халықаралық стандарт талабына сай ауыр ұша және сапалы тері, шикізат алынады. Етті ірі қара шаруашылыгы саласына шығын аз жұмсалады және жерді экстенсивті пайдаланатын аймақтарда тиімді ет өндіруге мүмкіндік береді [ ].
Етті ірі қара мал шаруашылығы дамыған елдердің тәжірибесі ірі пішімді, салмағы ауыр, бойы биік малды қалыптастыру - етті малды іріктеудің перспективалы бағыт екенін көрсетіп отыр. Мұнан басқа, етті ірі қара мал мықты және өсірілетін өңірдің табиғи-климаттық және шаруашылық жағдайларына жасқсы бейімделген болуы тиіс. Бұл сала малды жазғы уақытта да бір жерде қарқынды баға отырып, өнімді мал өсірудің әлеуетін барынша пайдаланылатын егіншілікпен айналысатын өңірлерде жоғары сапалы сиыр етін өндіруге мүмкіндік береді. Негізгі өңірлері - еліміздегі егіншілік саласы барынша дамыған Солтүстік , Шығыс және Орталық Қазақстан. Бұл жерлерде далалық жем-шөп шаруашылығы жақсы дамыған. Өзендер мен көлдердің жағасында шабындық жерлер молшылық. Осының барлығы еліміздегі өнімді етті және сүтті малдың 50% дейін осы өңірлерде өсіруге мүмкіндік береді. Аталған өңірдің оңтүстік бөлігінде көбінесе етті мал өсіріледі [ ].

Жұмыстың мақсаты: Симментал тұқымы сиырларының төлдерін өсіру технологиясы.
Міндеті:
-
-
-
-

1 Әдеби шолу
1.1 Дамыған шетелде сапалы ет өндірудің жолдары
Әлемдегі адам саны күн санап артып келеді. Кейінгі 2005-2010 жылдар аралығында адам саны 6 453 628 мыңнан 6 846 143 мыңға, яғни 6,1% көбейген. Көптеген елдерде әлі күнге дейін азық-түлікпен қамтамасыз ету тапшылық туғызуда. Адамның азық мәзіріндегі ең негізгі көрсеткіш - ол мал етіндегі ақуызды пайдалану болып табылады. Дүниежүзі бойынша жылына 70 млн тоннадан астам мал ақуызы өндіріледі, яғни бұл жан басына шаққанда жылына 10 кг астам, ал тәулігіне 28 г-нан артық мөлшерде. Бұл көрсеткіш Еуропада - 62 г, Азияда - 20 г, Африкада - 11 г, Америкада - 75 г, ал Океанияда 164 г шамасын құрайды [ ].
Белгіленген норма бойынша жан басына шаққанда адам жылына 70-75 кг ет және ет өнімдерін, 320-340 кг сүт өнімдерін және 18-22 кг балық және балық өнімдерін пайдалануы қажет. Ал дамыған елдерде бұл көрсеткіштер сәйкесінше 95-110 кг, 280-370 кг және 22-64 кг құрайды.
2010 жылы дүниежүзінде 62325 мың тонна сиыр еті өндіріліп, ол барлық өндірілген еттің 21,3%-ын құрады. Сиыр етін ең көп өндіретін елдер, олар - АҚШ (12047 мың тн), Бразилия (6546 тн), Қытай (6546 тн), Аргентина (2630 тн), Австралия (2300 тн), Ресей (1711 тн), Мексика (1667 тн), Франция (1550 тн), Германия (1205 тн), Италия (1075 тн), Англия (925 тн), Жаңа Зеландия (635 тн), Украина (428 тн), Қазақстан (407 тн), Беларусь (309 тн) болып табылады. Жан басына шаққанда бір жылда сиыр етін ең көп өндіретін ел Жаңа Зеландия (144,7 кг). Бұл көрсеткіш Ресейде 12,1 кг [ ].
Қазақстан Республикасы аграрлық-индустриалдық ел болып табылады. Басқа республикалардың ішінде, ол Ресейден кейінгі екінші орынды иеленеді. Республикалық статистика Агенттігінің мәліметі бойынша, 2000 жылдан 2012 жылға дейін барлық өндірілген жалпы өнімнің ішінде ауыл шаруашылық саласы бойынша ішкі жалпы өнім 1536,8 млр. теңгеге көбейген, оның ішінде мал шаруашылығы саласына тиесілісі 2012 жылы 52,4% құраған. Қазақстанның ауыл шаруашылығы саласы қазіргі таңда еліміздегі жалпы ішкі өнімнің 6%-ын өндіреді (1990 ж. - 12,3%). Бұл салада бүкіл еліміздегі халық шаруашылығында жұмыс істейтін тұрғындардың 29%-ы қамтылған, еліміздегі тұрғындардың 45%-ы ауылдық жерлерде тұрады [ ].
Кейінгі кезде шетелдерден ет бағытындағы асылтұқымды ірі қара малды сатып алу, оларды біздің елге жеткізу АҚШ, Канада және Австралия фермерлері арасында жақсы жолға қойылған. Сонымен қатар, өз елімізде де (Ақмола, Алматы, Ақтөбе, Қостанай және т.б. облыстарда) асылтұқымды етті ірі қара малын көбейтіп тарататын репродукторлық шаруашылықтар құрылуда.
Ірі қара мал шаруашылығымен айналысатын және олардан ет өнімін өндіруге байланысты әлемдегі елдер 3 топқа бөлінеді. Біріншісіне, Еуропа елдерінің көп бөлігі, яғни сиырды көп мөлшерде сүт алу мақсатында өсіріп пайдаланатын елдер, әрі ет өндіруді қосымша тағам ретінде қарастыратындар. Екінші топқа - Ұлыбритания, Италия және Франция елдері, яғни дамыған сүт бағытында да, арнайы ет бағытында да ірі қара малын көптеп өсіретіндер. Үшінші топ, дамыған ет бағытындағы ірі қара малын өсіретіндер, яғни Аргентина, Уругвай, АҚШ, Канада және Мексика елдері.
Қазіргі уақытта Еуропа елдерінде етті бағытта өсірілетін ірі қара малының үлес салмағын Нидерландия - 5,6%, Франция - 47,7%, Испания - 56,1% құрайды. Германияда етті ірі қара мал өсіріп-өндіретін 8 асылтұқымды репродукторлық шаруашылықтар құрылған. Осы саланы жақсы дамытқан елдерде 575 млн. бас етті ірі қара мал шоғырланған, яғни бұл барлық ірі қара малдың 39,4% құрайды [ ].
Етті ірі қара мал шаруашылығы АҚШ, Канада, Англия, Австралия, Оңтүстік Америка елдерінде өте жақсы дамыған. Бұл елдерде етті ірі қара малдың үлес салмағы, сүтті бағыттағы малға қарағанда анағұрлым көп. Австралияда герефорд, фриз, браман тайыншаларын және солардың будандарын симменталь бұқасының ұрығымен ұрықтандыру жұмыстары да жүргізілуде.
Венгрияда арнайы етті бағыттағы ірі қара малын көбейту үшін АҚШ-тан герефорд тұқымының ұрғашы тайыншалары, ал Франциядан - шароле, лимузин және аквитан тұқымының, ал кейінгі жылдары абердин-ангус және т.б. мал тұқымдарының тайыншалары әкелінді. Ірі қара мал басының қарқынды өсуі оларды экспортқа шығарып сатуға мүмкіндік берді. Лимузин асылтұқымды малы Ресейге, Украинаға, Беларусияға, Румынияға, Түркияға және т.б. елдерге экспортқа шығарылып сатылуда. Осыған байланысты мұндағы малдың сапасы да жақсаруда [ ].
Әлемнің дамыған елдерінде аграрлық саясат негізінен ет өндіру көлемін сақтап, сапасын жақсарту болып табылады. Малды өсіру кезінде олардың етінің сапасы қалыптасады, ал өнімнің ары қарай бұзылмауы олардың тасымалдануына, сояр алдында ұстау мерзіміне, өңделуі мен сақталуына байланысты болады. Соятын малға негізінен, бордақылауда тұрған өгізшелер, бұзаулар, бұқашықтар, жарамсыз бұқалар мен сиырлар жатады.
Әлемнің дамыған елдерінде ұшаның орташа салмағы соңғы жылдары 10- 17% дейін өсті. Әсіресе, ауыр ұшалар Германия мен АҚШ-та алынады. Көптеген елдерде мал соятын цехтар мен ет комбинаттар үлкен емес, соған қарамастан олар соңғы технологиямен жұмыс істейді. Сиыр мен бұзаудың жаңа сойылған еттерін бөлшектеп, өңдеуден өткізеді, өнімнің сапасын арттыруға мүмкіндік жасайды. Америкада еттің сапасына қарап ұшаны 8 сұрыпқа (сортқа) бөледі. Олар: жоғарғы, таңдаулы, жақсы, стандарт, тауарлы, пайдаланылатын, шұжықты және консервілеу.
АҚШ және Европа елдерінде нарықтары еркін сауда бағасы арқылы ет өнімдерін өңдеуді іске асырады. Мал шаруашылығы өнімдерін өндіретін орындар осы көтерме базардың бағасына қарап өз өнімдерінің бағасын өзгертіп отырады. АҚШ-қа қарағанда Еуроодақ елдерінде малдың бағасы қымбат, өйткені мал жаятын жайылымның аздығынан Еуропа елдерінде ауыл шаруашылығы өнімдерінің бағасы жоғары.
Қазіргі кезде Еуроодақ елдерінде сиыр етінің 70-80% сүтті тұқымды ірі қара малынан алынады. Бұл жерлерде соңғы жылдары сүтті сиырлардың саны 26 млн-нан 20 млн басқа дейін азайып, керісінше етті ірі қарадан сиыр етін өндіру 10% өсті.
Аппақ сүт түстес бұзау етін өндіру, оны өсіру, бордақылау, жасанды сүт жасау технологиясы жағынан дүние жүзінде көш бастаушы ел, ол Голландия болып табылады. Бұл елде бұзауларды 40-45 кг-нан 200-250 кг-ға дейін 120 тәулік аралығында бордақылау кестесі қалыптасқан.
Бұзау етін көптеп өндіріп, дүниежүзілік саудаға шығарушы алдыңғы елдердің қатарына Еуропалық Экономикалық Одаққа кіретін мелекеттерден басқа Австралия, Бразилия, Қытай, Жаңа Зеландия және АҚШ жатады. АҚШ-та жыл сайын бұзау етін алу үшін 750 мың бұзау (негізінен 5 айға толмаған голштин бұқашықтары) сойылады. Бұл бұзауларды, олардың салмақтары 45 кг толар-толмастан қарқынды үстемелеп өсіріп, бордақылап, салмақтары 215-230 кг жетісімен етке сояды [ ].
Шетелдік тәжірибелерде өнеркәсіптік будандастыру әдісі кеңінен қолданылады. Мысалы, Англиядағы көптеген шаруашылықтарда сүтті және сүтті-етті бағыттағы тұқымдардың барлық тайыншаларын етті ірі қара мал тұқымы бұқаларының ұрығымен ұрықтандырады. Алайда, ет өнімін арттырудың мұндай жүйесін табындағы әрбір 100 сиырдан жылына кемінде 90- 100 бас бұзау алынатын жағдайда ғана қолдануға болады. Польшаның тәжірибесінде, малға жеке идентификациялық нөмір беріп есепке алу, белгілі бір тәртіп бойынша, төл туылысымен 20 күннің ішінде жүзеге асырылады. Мұндай нөмірлер 14 символдан тұрады [ ].
Қазіргі таңда, елімізде етті ірі қара мал етін өндіру негізінен сүтті және сүтті-етті бағыттағы өнім беретін ірі қара мал тұқымдарын бағып, өсіріпдамыту негізінде өз шешімін тауып отыр. Сонымен қатар, ет өндіруде елімізде арнайы шығарылған етті бағыттағы ірі қара мал тұқымдарының да алатын орны ерекше. Етті бағыттағы ірі қара мал тұқымдары ет өнімділігінің молдығымен, етінің сапалылығымен, тез өсіп жетілгіштігімен және оларға жұмсалған азықтың толықтай қайтарылымымен ерекшелінеді. Оларды сойғанда, халықаралық стандартқа сәйкес келетін ауыр салмақты ұшалар, әрі дәмді, әрі еті мол, жеуге жарамды, ет шығымы, ауыр салмақты тері өнімдері алынады.
Кейінгі кезде алыс шетелдерден етті ірі қара мал құнажындарын көптеп әкелу туралы ақпараттар таратылуда, алайда олай істеу үшін алдын-ала экономикалық тұрғыдан, оның пайдалы, зиянды жақтарын сараптап, жем-шөп қорын есептеп, кадрлар даярлау, ұйымдастыру сияқты шараларды қарастырып алу қажет деп ойлаймыз. Сонымен бірге, бұл малдың әкелінген ортаға, яғни осы жердің ауа-райы, табиғат жағдайына бейімделуі, төзімділігі, қалыптасуы қалай болады, қай жерлерге орналастырылады, қайда ұстайды, мәселенің бұл жағына да көңіл бөлу керек. Іс жүзінде, шетелдерден мал әкелу осы уақытқа дейін, негізінен жергілікті жердегі малды асылдандыру үшін, олардың тұқымын жақсарту, жетілдіру, жаңа тұқымдарын, түрлерін шығару бағытында жүргізілген. Онда да, тек асылтұқымды бұқаларды немесе олардың ұрығын ғана сатып алу сияқты шаралар қарастырылған.
Қазақтың ақбас сиыры тұқымы Республикамыздың далалық, құрғақ, жазық аймақтарының барлық жерінде кең тараған. Бұл тұқымның толып жатқан зауыттық сүлелері, типтері, аталық іздері, будандары таратылып, жерсіндірілген.
Әулиекөл етті бағыттағы ірі қара мал тұқымы негізінен тез өсіп-жетілгіш бағытта шығарылған. Алайда олар табиғи жайылымдарда жайып семіртуге де жақсы бейімделген. Сол себепті де, бұл ірі қара мал тұқымы үлкен сұранысқа ие болып, Қостанай облысынан басқа да облыстарға көптеп тарала бастады.
Бір тұқым ішінде генотипі әртүрлі малдың болғаны, олардың белгілерінің өзгергіштігін, өнімділігін жақсартады. Сондықтан да, таза тұқымды мал ішінен олардың жаңа типтерін, сүлелерін шығарудың маңызы ерекше. Мәселенің бұл жағына да қатты көңіл бөлу керек. Сонда ғана, елдегі асылтұқымды малдың генетикалық әлеуетін толығымен пайдаланып, олардың өнімділік көрсеткіштерін көтеріп, аса сапалы сиыр етін өндіріп, алдыңғы қатарлы дамыған елдермен тереземіз тең жағдайда бәсекеге түсе алатын жағдайға жетуге болады [ ].
ТМД елдерінде де етті ірі қара мал шаруашылығын құру негізінен будан сиыр табындарын шығару, яғни өнімі төмен сүтті бағыттағы сиырлар мен құнажындарды будандастыру арқылы іске асырылуда. Симментал және қараала сиыр тұқымдарының сиырларын етті бағыттағы лимузин, герефорд, шароле тұқымдарының бұқаларымен шағылыстыру арқылы етті ірі қара мал шаруашылығын құрудың тиімділігін көптеген ғалымдар мен мал мамандары зерттеп, өндіріске енгізуде.
Сиырды бағып-күтіп, ұстау технологиясының әдістері: қысқы-тұрақта ұстау, бұзауларымен жайылымда ұстау, өздерінде қалдырылатын ұрғашы таналарды бағып-өсіру, жас малды бағып-өсіріп етке өткізуге даярлау, бағыпөсірудің және ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ірі қара малы
Тұқым құрылымы және оның зоотехникалық тәжірибеде қолданылуы
Сүтті бағыттағы ірі қара малын өсіру, асылдандыру ерекшеліктері
Абердин - ангус тұқымы төлдерінің өсуі мен дамуы
Таза қанды малға
Ересек Сиырдың салм
Мүйізді ірі қара шаруашылығы
Сиыр қора - мүйізді ірі қара мал ұсталып, күтілетін орын
Ірі қараның асыл тұқымды малдары
Етті бағыттағы ірі қараның конституциясы
Пәндер