Кәсіпорындағы негізгі құралдар есебі


Ө. А. Жолдасбеков атындағы экономика және құқық академиясы
Дипломдық жұмыс
Тақырыбы: Кәсіпорындағы негізгі құралдар есебінің жетілдіру жолдары мен проблемалары
Орындаған: Ергалиев Т. М.
Талдыкорған 2020
Кіріспе
1: Кәсіпорындағы негізгі құралдар есебі
- Негізгі құралдар дегеніміз не?+
- Негізгі құралдар есебі. +
- Кәсіпорынға ұйымдық экономикалық сипаттама беру. -
2: Кәсіпорындағы негізгі құралдар есебінің жетілдіру жолдары
- Негізгі құралдардың синтетикалық және аналитикалық есебі
- Негізгі құралдар есебін автоматтандыру
- Ғалымдар мен тәжірибешілердің еңбектеріндегі негізгі құралдар есебін жетілдіру
3: Кәсіпорындағы негізгі құралдар есебінің проблеммалары
- Негізгі құралдардың тозуын
- Негізгі құралдар амортизациясын есептеу
4: Қорытынды.
5: Пайдалынған әдебиеттер.
Кәсіпорындағы негізгі құралдар есебі
1. а Негізгі құралдар дегеніміз не?
Өнеркәсіптік өндірістің тиімділігін арттыру бойынша шаралар жүйесінде Қазақстан Республикасы Үкіметінің бағдарламасымен негізгі қорларды пайдалану деңгейін едәуір арттыру, ұлттық экономика салалары бойынша кәсіпорындарда және ұйымдарда қор қайтарымын арттыруға бағытталған шаралар кешенін ұдайы өндірістегі, өнеркәсіп жұмысының көрсеткіштерін жақсартуға және оның тиімділігін арттырудағы рөлі мен экономикалық мәнімен алғы шартталған.
Негізгі қорлардың әлеуметтік-экономикалық маңызы, ең алдымен еңбек құралдарының қоғамдық өндірістің дамуындағы үлесімен анықталады. Еңбек құралдары, олардың материалдық құрамы көп жағдайда кез-келген қоғамның материалды-техникалық сипатын анықтайды.
«Экономикалық дәуірлер не өндіретіндігін емес, қалай еңбек құралдарымен өндірілетіндігін өзгешелейді. К. Маркс «Еңбек құралдары тек қана адамдық жұмыс күнінің дамуының өлшеуіші емес, сондай-ақ ол - еңбек жүзеге асырылатын қоғамдық қатынастардың көрсеткіші», - деп жазған.
Кәсіпорын іскерлігіне авансталған барлық құралдарды капитал деп атауға болады.
Кәсіпорынның бухгалтерлік балансын құру кезінде оның шаруашылық құралдары актив, ал олардың қаржыландыру көздері - меншікті капитал және кәсіпорынның міндеттемелері деп аталады.
Шаруашылық субъектілері өзінің қызметін жүзеге асыру үшін материалдық- техникалық қор (МТҚ) құру керек. МТҚ-дың негізін негізгі қорлар құрайды. Кәсіпорынның шарушылық өндірістік іскерлігінің аса маңызды құраушысы болып негізгі қорлар болып табылады.
Негізгі қорлар өзінің натуралдық түрін сақтай отырып, көптеген өндірістік кезеңдерге қатысып, ал құндары дайындалатын өнімге бөліктермен ауыстырылатын еңбек құралы.
Өндіріс процессінде қатысатын барлық еңбек қорлары (машина, жабдық, т. б. ) нарық жүзеге асырылуына жағдай жасайды (өндірістік ғимараттар, гидротехникалық құралдар, плотиналар, арналар, эстакадалар, көлік құралдары, жолдар, тунельдер, электр жүйелері, құбырлар), еңбек заттары мен өнімдерін сақтау мен қозғалту үшін қызмет ететін өндірістік негізгі қорлар болып табылады. Негізгі өндірістік қорлар құрамына тек өнімнің тұтыну құнын құруға ғана емес, сондай-ақ, оның құнын құруда қатысатын өндіріс құралдары да кіреді.
«Негізгі құралдар есебі» Қазақстандық бухгалтерлік есеп стандартына сәйкес, негізгі құралдар - бұл ұзақ уақыт бойы (1 жылдан астам) материалдық өндірісті де, өндірістік емес салада да әрекет ететін материалдық активтер.
Негізгі қорлардың ерекше өзгешеліктері мыналар:
а) олардың шаруашылық қызметте көп дүркінді қатысуы;
б) натуралды - заттық үлгісін сақтауы;
в) өзінің құнын дайын өнімге (жұмысқа, қызметке) қызмет кезеңі барысында біртіндеп аударады.
Соңғы тармақ негізгі құрал-жабдыққа амортизациялық төлемді есептеу арқылы асырылады, ал оларға төмендегілер: жер, аяқталмаған күрделі құрылыс, резервте, қорда және консервацияда тұрған объектілер енбейді.
Сонымен қатар кітапханалық қорларға, өнім малына, енеге (буйвол), бұғыларға және өгіздерге амортизациялық есептеулер жүргізілмейді.
Амортизация - негізгі қорлардың (ғимараттардың, машиналардың, жабдықтың) тозуы есепті оның құндылығының бірте-бірте төмендеуі сондай-ақ негізгі қорларды жаңарту үшін қаражатты қорландыру мақсатымен осы қорлар құнынан өндірілетін өнімге бірте-бірте көшуі.
Амортизациялық өтелім - негізгі қорлардың тозығын толтыру үшін, яғни оны ұдайы өндіру үшін осы қорлар құнының бір бөлігін аударып отыру.
Тозу - негізгі құралдар объектілерінің физикалық және моральдік қасиеттерінің жоғалуы.
Салық салу мақсатында негізгі құралдарға құны 40 айлық есептік көрсеткіштен асатын және Жарлықтың 20 бабына сәйкес амортизацияға жататын қызмет мерзімі 1 жылдан асатын активтер жатады. Осыған сәйкес негізгі құралдар, олардың қалдық құнынан 7-ден 30%-ке дейінгі амортизация нормасымен топтарға топтастырылады.
Негізгі қорлар, тек ең алдымен олардың экономикалық зерттелуі мен жалпылауы үшін негізгі қорлар жіктелуі деп аталатын натуралды заттай құрамы бойынша топталуы аса маңызды. Негізгі қорлардың бухгалтерлік есебінің дұрыс ұйымдастырылуының негізі болып қорлар бекітілген типтік жіктелуі мен оларды есепте бағалаудың ортақ принципі табылады.
Негізгі құралдардың типтік жіктелуі.
Бухгалтерияда негізгі құралдар есебі инвентарлық объектілер арасында жіктелу топтары бойынша жүргізіледі. Осылайша инвентарлық объекті негізгі құралдар есебінің бірлігі болып табылады. Әрбір объектіге сериялық - кезектік кодтау жүйесі бойынша инвентарлық нөмір беріледі, ол нөмір оның ұйымда, бірлестікте, пайда болған барлық уақыт бойы сақталады. Инвентарлы нөмір қабылдау -беру актілерінде, жою туралы актілерде және т. б. инвентарлық нөмірді әрбір объектіде белгіленеді.
Қазіргі уақытта негізгі қорларға келесі типтік жіктелуі қабылданған:
1. Жер - субъект меншік құқығында алған жердің мөлшері мен құны. Жерге меншік құқығы “Жер учаскесіне меншік құқығына актісімен” расталуы тиіс. Инвентарлық объект болып жер учаскесіне меншік құқына акт берілген әрбір жер учаскесі табылады.
2. Ғимараттар тағайындау - тұрғындар еңбегі, тұрғындар жайы, әлеуметтік - мәдени қызмет көрсету үшін және материалдық құндылықтардың сақталуы үшін жағдайлар жасауда айқындалатын архитектуралық-құрылыстық объектілер. Инвентарлық объект болып әрбір жеке тұрған ғимарат саналады.
3. Құрылғылар - еңбек құралдарының өзгеруіне байланысты емес қандай-да болсын қызметтерді орындау жолымен өндіріс процессін жүзеге асыруға тағайындалған инженерлік -құрылыстық объектілер (шахталар, мұнай мен газ скважинасы, эстакада, көмірлер) . Инвентарлық объект болып барлық мүлік -жайымен бірге бір тұтасты құрайтын әр жеке құрылғы.
4. Беріліс қондырғылары - электрлік, жылу және механикалық энергияны өткізу қондырғылары (электр өткізу жүйелері, жылу жүйелері, құбырлар) .
5. Машиналар мен жабдықтар, инвентарлы объект болып басқа бір инвентарлық объектісінің бөлігі болып табылмайтын құрама құралдар, фундамент, қоршауларды, қажет заттарды қоспағандағы әрбір машина табылады. Негізгі құралдар, бұл 5 топшадан тұрады:
өлшегіштер және реттеуші құралдар мен қондырғылар, лабораториялық жабдық; технологиялық процесстерді реттеу, өлшеу және бақылау үшін, лабораториялық тәжірибелер мен зерттеулер жүргізу үшін тағайындалған;
есептегіш техника: процестерді жеделдету мен автоматтандыруға арналған машина, қондырғы құралдар (электр, есептегіш, басқарушы және т. б. есептегіш машиналар) ;
өзге де машиналар мен жабдықтар: машина, аппарат және басқа жабдықтар (телефон станцияларының жабдықтары, өрт сөндіргіш машиналар) .
6. Көлік құралдары - адамдар мен жүктердің орнын ауыстыру үшін тағайындалған қозғалыс құралдары (автомобиль, теміржол және су көліктерінің қозғалмалы құралы) . Инвентарлы объектісі болып оған жататын бүкіл керектер;
7. Құрал - қол еңбегінің механикаландырылған және механикаланды-рылмаған құралдары немесе машиналарға тіркелінген металл, ағаш және т. б. өңдеу құралдары ғана табылады;
8. Өндірістік инвентарь - өндірістік операцияларды орындау немесе жеңілдетуге арналған өндірістік тағайындаудағы құралдар - жұмыс үстелдері, верстактар, шкафтар;
9. Шаруашылық инвентарь - кеңселік және шаруашылық инвентарь (үстел, щкаф, кілем) ;
10. Еңбек және өнім малы, еңбек малы - жылқы, түйе және т. б. жұмыс малдары. Өнім малы - ірі қара мал жылқы, түйе және т. б. инвентарлық объект - әрбір ересек жануар.
11. Көп жылдық екпе ағаштар.
12. Жерді жаңарту бойынша күрделі шығындар (құрылғыларсыз) - шаруашылықта қолдану үшін жерді жақсарту бойынша шараларға инвентарлық сипаттағы шығындар (алаңдарды тастардан тазарту, жер учаскесінің планировкасы) .
13. Басқа да негізгі қорлар - кітапхана сөрелері, спорттық инвентарь, мұражайлық құндылықтар.
Иеленуі бойынша негізгі құралдар жеке меншік және жалға алынған болып бөлінеді. Алғашқылары кәсіпорынның иелігінде болады және оның балансында тіркеледі; екіншілері басқа кәсіпорын мен ұйымдардан уақытша пайдалануға ақыға алынған.
Өндірістік процеске қатысу сипаты бойынша істегі және тұрған (запаста немесе консервацияда тұрған негізгі құралдар) .
Негізгі құралдарды пайдалану сипаты бойынша былай жіктеледі:
істегі (пайдаланудағы) ;
істемей тұрған ( консервациядағы) ;
запастағы.
Барлық "негізгі құралдар" өздерінің өндіріске қатысуына қарай өндірстік және өндірістік емес болып екі топқа бөлінеді. Енді сол топтарды жеке және толық түрінде қарастырайық:
Өндірістік негізгі құралдар деп - өндірісте қызмет ететін, яғни пайдаланылатын негізгі құралдарды айтады. Оларға: өндіріске арналған үйлер ғимараттар, өткізгіш тетіктер, құрылыс машиналары, көлік тасымалдау құралдары, әртүрлі станоктар, двигательдер, құрал - саймандар, өлшеуіш аспаптар және тағы басқалары жатқызылады.
Өндірістік емес негізгі құралдардың қатарына шаруашылықтың өндірістен басқа салаларында пайдаланылатын негізгі құралдар жатқызылады. Оларға тұрмыстық үй - жай шаруашылығында, денсаулық сақтау, әлеуметтік қамсыздандыру, білім беру және мәдениет салаларында пайдаланатын негізгі құралдар тағыда басқа негізгі құралдар жатады. Халық шаруашылық салаларына және істейтін қызметінің түрлеріне қарай барлық негізгі құралдар : өнеркәсіп, ауыл шаруашылығы, орман шаруашылығы, тасымалдау, байланыс, құрылыс, материалды-техникалық жабдықтау және сату-өткізу ұйымдары, қоғамдық тамақтандыру, басқару органдары, әлеуметтік сақтандыру, ғылым және білім беру, ғылыми көмек көрсету және тағыда басқа салалар бойынша топтастырылады. " Негізгі құралдарды " халық шаруашылығының салаларына қарай топтастырған кезде олардың қатысуымен шығарылған өнімдердің, болмаса орындалған жұмыстар мен қызметтердің шаруашылықтың қай түріне жататындығы негізге алынды. Егер ұйымдардағы негізгі құралдардың бәрі тек қана ұйымның негізгі шаруашылығының түріне ғана қызмет істейтін болса, онда бұл ұйымдағы негізгі құралдардың барлығы түгелімен сол ұйымның атқаратын қызметі саласындағы топқа жатқызылады. Егер шаруашылық ұйымның балансында осы ұйымның негізгі қызметінен басқа салаларында қызмет атқаратын өндірістері мен бөлімшелері болса, онда осы бөлімшелер мен өндірістің атқаратын қызметінің сипатына сәйкес келетін халық шаруашылық саласы қызметі түріндегі топқа жатқызылады.
Ұйымның балансындағы тұрғын үй шаруашылығының негізгі құралдары халық шаруашылығының тұрғын үй шаруашылығы және халыққа тұрмыстық қызмет көрсету саласына жатқызылады.
Негізгі қызметке қатысу сипаты мен құнынан өндіріс және айналым шығындарына ауыстыру тәсілі бойынша негізгі құралдар былай бөлінеді:
Белсенді (олардың қатысу жұмыс сағаттарының мөлшерімен, жұмыстар көлемімен өлшене алады) ;
Бәсең (ғимарат, құрылыс) . Олардың негізгі қызметке қатысуын қандай да бір көрсеткіштерде өлшеу мүмкін емес.
- Негізгі құралдардың бухгалтерлік есебінің басты міндеттері:
- алынуынан бастап шығуы сәтіне дейін олардың бар болуы және сақтығын бақылау;
- амортизацияны дұрыс және уақытылы есептеу;
- бюджетке аударылатын мүлік салығын дұрыс есептеу үшін мәліметтер алу;
- реконструкцияға, модернизацияға және жөндеуге қаражаттардың дұрыс және тиімді пайдалануын бақылау;
- негізгі құралдардың уақыт және қуаттылығы бойынша пайдалану тиімділігін бақылау;
- негізгі құралдардың бар болуы және қозғалысы жөнінде есеп беруді құру үшін мәліметтер алу.
Болашақ экономикалық тиімділік.
Қазақстан Республикасындағы өнеркәсіптің негізгі құралдар Қазақстанның ұлттық байлығының аса маңызды бөлігін құрайды. 2002 жылы 1 қаңтарына негізгі өндірістік қорларға инвестиция нақты бағаларда 114969 млн. теңгені құрады. Аз мөлшердегі кәсіпорын мен ұйымдарды есептемегенде негізгі капиталға бүкіл инвестициялар нақты бағаларда 2002 жылы 114969 млн. теңгені құрады (1994ж. 80945 млн. теңге) .
Негізгі қорлар және негізгі құралдарға ұзақ мерзімді инвестициялар кәсіпорынның қаржылық жағдайы мен қызметі нәтижесінде жан-жақты әсер тигізеді.
Негізгі құралдар қоғамның материалдық қорын жоспарлы қалыптасуына және оларды өнім өндірісі мен тұрғындардың мәдени тұрмыстық қажеттерін қанағаттандыру үшін біздің экономикамыздың салаларында қолданылуы бойынша өзіндік экономикалық категорияны анықтайды.
Негізгі құралдардың мөлшерінен, сапасынан және тиімді пайдалануынан табыстың өсу қарқыны, өндірістің дамуы және кәсіпорынның тұтынушыларының еңбек және тұрмыс жағдайларының жақсаруы тәуелді.
Себебі, негізгі құралдар кәсіпорынның экономикалық потенциалын айқындайды:
Ғылыми-техникалық прогресс негізінде өнеркәсіпте өндірістік негізгі қорлардың жаңаруы мен сапалық жетілуінің интенсивті процессі орын алды. Бұл 2 жолмен орындалады:
жаңа кәсіпорын құрылысы, сондай-ақ кәсіпорын реконструкциясымен кеңейтілуі кезінде аса жоғары техникалық деңгейдегі негізгі құралдар құрумен; негізгі құралдарды модернизациялау, сапалық жетілдіру мен және оларды жаңа техника түрлерімен ауыстыруыменен.
Негізгі құралдар құрамында абсолютті және салыстырмалы түрде техникалық алдыңғы қатарлы, жаңа еңбек құралдары артуда. Жаңа негізгі қорлардың, әсіресе өндіріс құралдарының өсуі еңбекті қарулануды арттырады, ал бұл еңбек өнімділігінің өсуінің басты факторы болып табылады.
Негізгі құралдардың бағалануы
Негізгі құралдардың есебін ұйымдастыруда оларды бағалаудың маңызы зор болып табылады. Негізгі құралдар бастапқы құнымен, баланстық құнымен, ағымдағы құнымен, қалдық (жойылу) құнымен және келісілген құнымен бағаланады.
Негізгі құралдардың бастапқы құны - ол активті салуға, сатып алуға, әкеліп жеткізуге, орнатуға кеткен (шыққан) шығындардан, сондай-ақ сатып алу барысында төленген салық сомаларынан, құрылысты салу кезінде алынған несие үшін төленетін пайыз (процент) сомалары мен бұл құралды белгілі мақсатқа пайдалану үшін жұмыс жағдайына келтірумен тікелей байланысты кез келген шығындардың жиынтығынан тұрады (құралады) . Негізгі құралдарды тасымалдау кезінде болған ақауларды жөндеуге кеткен және басқа да қажет болып саналатын шығындар активтің бастапқы құнына кіргізілмей, ол ағымдағы кезеңнің шығыны ретінде есепке алынады. Негізгі құралдың әр түрі бойынша оның бастапқы құнына мынадай шығындар кіргізіледі:
а) жер учаскесінің бастапқы құнына:
Жерді сатып алу бағасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттікке төленген комиссиялық сыйақылар, сатып алу сату жөнінде келісімшартты ресімдеу үшін заңгердің қызметіне төленетін төлем және ол үшін төленетін салықтар мен алымдар, жерді тиісті мақсатқа пайдалануға әзірлеуге кеткен шығындар (үйді бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен түсімді (табысты) алып тастағанда қалған ескі үйді бұзуға байланысты шығындар. жерді тазалау, тегістеу, тағы басқа) енгізіледі (кіргізіледі) .
ә) құрал-жабдықтардың бастапқы құнына:
Құрал-жабдықты сатып алу бағасы, оны тасымалдауға, әкелуге, тиеп-түсіруге кеткен шығындар, оның ішінде тасымалдау кезінде сақтандыру, монтаждау, құрал-жабдықтардың пайдалануға жарамдылығын тексеру мақсатында кеткен шығындар және тағы да басқалар енгізіледі (кіргізіледі) .
Алайда құрал-жабдықтарды монтаждау, тасымалдау кезінде болған бүліну нәтижесін жөндеу үшін кеткен сомалар ағымдағы шығындарға жатқызылады. Егер негізгі құралдар несиеге алынған болса, ол үшін төленген пайыз сомасы да ағымдағы шығын қатарына жатады және негізгі құралдың бастапқы құнына қосылмайды.
Кәсіпорынның өзі салған үйлер мен ғимараттардың бастапқы құнына осы құрылысты салу үшін кеткен шығындар: материалдар, жұмысшылар мен қызметкерлерге төленген еңбекақы сомалары, еңбекақы бойынша бюджетке жасалған аударым, алынған несиелер үшін есептелген пайыздар сомасы (проценттері), заңгерлерге, архитекторларға төленген төлемдер, құрылысты салу үшін рұқсат алу барысында жұмсалған сомалар мен басқа да кеткен шығындар енгізіледі.
Кәсіпорындар мен ұйымдар жерді және сол жерге салынған үйлер мен ғимараттарды біртұтас ретінде пайдалануға сатып алса, онда осы объектілердің бастапқы құнын бухгалтерлік есепте әрбір объекті бойынша бөліп көрсету керек. Себебі үйлер мен ғимараттардың пайдалану мерзімі шектеулі және олар тозады, ал жердің пайдалану мерзімінде шек жоқ, яғни ол амортизацияланбайтын материалдық актив болып табылады. Егер бұл жағдайда жер учаскесі ғана пайдалануға алынып, ал үйлер мен ғимараттар бұзылатын болып келісілген болса, онда олардың құндары әрбір объекті бойынша жекеленіп бөлінбейді. Бұл жағдайда тек қана жер сатылып алынған болып есептелінеді. Және де оның бастапкы құны бұл ретте сатып алу бағасымен үйлер мен ғимараттарды бұзуға кеткен барлық объектілердің (жердің және ол жердегі объектілерді қоса) шығынының қосындысынан, бұзғаннан алынған материалдардың бағасын шегеру арқылы анықталады.
Мысалы: кәсіпорын жер учаскесін және сол жерде орналасқан үй мен қоса 5 (бес жүз мың) теңгеге сатып алды делік. Бұл жерде орналасқан үй бұзылуға тиіс. Кәсіпорынның оларды сатып алу барысында төленген шығындары 25000 (жиырма бес мың) теңге (салық сомасы, қозғалмайтын мүлік жөніндегі агенттік пен шарт жасауға қатысқан заңгердің қызметінің төлемдері сомасы) . Үйді бұзуға кеткен шығын 4 (қырық мың) теңге. Бұзғаннан алынған материалдарды сатудан түскен табыс 2 (жиырма мың) теңге. Жерді тазалау мен тегістеуге кеткен шығын 15000 (он бес мың) теңге. Осы мәліметтерді қорытындылайтын болсақ, сатып алынған жердің бастапқы құны 56 (бес жүз алпыс мың) теңгені құрайды (5+25000+4-2+15000=56 теңге) . Кәсіпорындар мен ұйымдарда негізгі құралдың бастапқы құны былайша анықталады:
үлес қосушылар мен құрылтайшылар негізгі құралды жарғылық қорға өзінің үлесі ретінде салса, онда олардың құны құрылтайшылармен арадағы келісім бойынша; ұйымдар негізгі құралдарды өзі дайындап, яғни жасап шығарғанда немесе сатып алған кезде шыққан шығындардың нақты сомасы бойынша; ұйымдар негізгі құралдарды басқа занды тұлғалардан немесе жеке адамдардан тегін алған кезде қабылдау-өткізу
актісінің мәліметтері бойынша немесе эксперттік (сараптамалау) жолымен.
Негізгі құралдардың ағымдағы құны - бүл кәсіпорынның белгілі бір уакыттағы (мерзімдегі), яғни бүгінгі күнгі негізгі құралының нарықтың бағасы болып табылады.
Негізгі құралдардың баланстық құны - бұл кәсіпорынның бухгалтерлік есебінде немесе қаржылық есеп беру ақпараттарында көрсетілген негізгі құралдардың бастапқы құнынан жинақталған тозу сомасын алып тастағандағы құны болып табылады.
Негізгі құралдардың қалдық (жойылу) құны - негізгі құралдың пайдалану мерзімі аяқталғаннан кейін оны бұзу, жоюдан алынған іске жарамды бөлшектерінің (материал, металл сынығы, отын және тағы да басқа пайдалануға болатындарынын) құнынан объектіні есептен шығаруға байланысты жұмсалатын келешектегі (алдағы уақыттағы) шығындарды алып тастау арқылы анықталады.
Негізгі құралдардың келісілген құны - бұл кез келген екі жақтың, яғни негізгі құралдарды сатушы мен алушының арасындағы келісілген құн болып табылады.
Бухгалтерлік шоттарда есептелген негізгі құралдардың бастапқы құндары тек мына жағдайларда ғана өзгертіледі:
а) негізгі құралдардың пайдалы қызмет атқаратын мерзімін ұзартатындай немесе қысқартатындай оның жалпы жағдайына әсер ететіндей қосымша күрделі қаржы жұмсалғанда (кеңейткенде, жаңартқанда және тағы да басқа) немесе ішінара бұзғанда, жойғанда және бөлшектегенде;
ә) Қазақстан Республикасы Үкіметінің шешімдері бойынша негізгі құралдарды қайта бағалағанда.
Негізгі құралдардың есебі әрбір бөлек объекті бойынша бүтін сомада жүргізіледі. Негізгі құралдарды пайдалануға берген кезде оның бастапқы құнымен қалпына келтіру құны тең болады, себебі оны пайдалануға берген уақытымен оны қайта бағалау уакытының арасында айырмашылық жоқ. Уақыт өткен сайын негізгі құралды өндіруге, салуға жұмсалатын материалдың бағасы және ол үшін қолданылатын техниканың шығыны, жұмысшылардың еңбекақысы жалпы негізгі құралды өндіру, салу жағдайы белгілі бір себептермен өзгеріп отырады. Негізгі құралдардың құны оны бір кезде жасап шығаруға өндіруге, салуға кеткен, жұмсалған қоғамдық қажетті еңбекпен анықталады. Осыған байланысты негізгі құралдарды оқтын-оқтын, уақыт өте қайтадан бағалап (индексациялап) тұрады.
Қайта бағалау жүргізілген күні ұйымда негізгі құралдарға есептелінген тозу сомасы негізгі құралдардың құндарының өзгеруіне қарай түзетіледі. Қайта бағалау сомасы негізгі құралдардың пайдалану мерзіміне қарай субъектіде қолданылатын амортизациялық аударым сомасын есептеу әдісіне сәйкес анықталған мөлшерде бөлінбеген кіріске апарады. Қайта бағалаудың барлық сомасы бөлінбеген кіріске актив есептен шығарылған сәтте ғана ауыстырылады.
Негізгі құралдарды есептеуді ұйымдастыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz