Мәдениеттің өнермен, құндылықтармен байланысы


Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 101 бет
Таңдаулыға:   

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЙМАҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК - ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Сахиева Ф. Омарова Г. Сырлыбаева К. А

Картинки по запросу өзін өзі тану пәнінен суреттер скачать

«Өзін-өзі тану»

Оқу құралы

Шымкент 2019 ж

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЙМАҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК - ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

УДК 378

ББК 74. 58

С26

Оқу құралы АЙМАҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК - ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІНІҢ

Ғылыми Кеңесінде қаралып, баспаға ұсынылды. (Хаттама № 4. 4. 11. 2019ж)

Пікір жазғандар:

Усманов А. А. - педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Молдабек Қ. - педагогика ғылымдарының докторы, профессор

Атемова К. Т. - педагогика ғылымдарының докторы, доцент

Сахиева Ф. Омарова Г. Сырлыбаева К. А

С26 Өзін-өзі тану. Оқу құралы. Шымкент «Әлем» баспаханасы, 2019-100 бет

ISBN 978-9965-32-964-7

Жоғары білім беру жүйесінде «Өзін-өзі тану» пәні өте маңызды рөл атқарады ол жастардың қоршаған ортаның мәнін түсінуіне, сол ортадағы өзінің орыны мен міндетін сезінуіне, болашақ өмірлік бағытын дұрыс таңдауына, жалпы адамзаттық құндылықтар тұрғысынан өзінің айналасы туралы ой түйіп, өз көзқарасын жүйелей алуына жол көрсетеді. «Өзін өзі тану» курысы білім беру процесінде жас адамның тұлғалық әлеуетін ашады, есею сатысындағы әлуметтік-мәдени өрісін дамытады, индивидтен дара тұлғаға айналуына ықпал етеді, жаңа азаматтық келбетін қалыптастырады.

Оқу құралы лекциялар курсын қамтитын күндізгі бөлім студенттері үшін жасалған еңбек болып саналады.

ISBN 978-9965-32-964-7

Сахиева Ф. Омарова Г. Сырлыбаева К. А

«Әлем» баспаханасы

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ БІЛІМ ЖӘНЕ ҒЫЛЫМ МИНИСТРЛІГІ

АЙМАҚТЫҚ ӘЛЕУМЕТТІК - ИННОВАЦИЯЛЫҚ УНИВЕРСИТЕТІ

Өзін-өзі тану

ОҚУ ҚҰРАЛЫ

Шымкент, 2019

КІРІСПЕ

Қазіргі таңда қалыптасқан еңбек нарығы жоғары білімді, шығармашылық деңгейі жоғары, әрекеттің сан алуан түрлі саласында өз білімі мен біліктерін қолдана алуға қабілетті, қоғамда болып жатқан нарықтық экономикалық, саяси идеологиялық және рухани - әлеуметтік өзгерістер оған белсене араласып, оның талартарын өз бетінше шеше алатын, ортаға бейімделгіш, шығармашылық көзқарасы бар, жан жақты үйлесімді дамыған тұлғаны қалыптастыру талап етеді. Атап айтқанда, бүгінгі күні негізгі психологиялық мәселелердің біріне айналып отырған тұлға үшін өмірдің мағынасыздығы мен құнсыздығы, сондай ақ, адамда кездесетін әр түрлі құбылыстардың алдын алу және өсіп келе жатқан ұрпақты өзін - өзі тәрбиелеуге үйрету қарқынды зерттеуді талап етеді. әсіресе, еліміздің өркениетті техникалық дамуында қоғамның өндіргіш күші болып табылатын адам мүмкіндіктерін жан -жақты жетілдіру мен оның электронды жүйелермен өзара әрекеттестігін психологиялық зерттеудегі қоғамдық қажеттіліктердің барынша дамуы, шығармашылық пен ұжымдық еңбектегі тұлғалардың өзара қатынастарын жақсарту, сонымен қатар оқу процесінде оқытудың белсенді әдістері мен оның жаңа технолнгияларын енгізу, білім сапасын көтерудің тиімді жолдарын іздеу секілді көптеген күрделі мәселелерді шешу бірлескен іс-әрекеттегі тұлғаның өзін - өзі тәрбиелеуді тереңірек оқып үйренуді қажет етеді. Адамның өзін-өзі тану арқылы қалыптастырудың әдіснамалық негізі ретінде оқыту жүйесіндегі көзқарастар, тұлғаның шығармашылық және кәсіби дербенстігін дамыту туралы идеялар; отандық және щетелдік оқыту теориясындағы, педагогика мен психологияда ізгіліктік дәстүрлер мен ой пікірлер, бүгінгі тәрбиенің адамға бағытталған әлеуметтік психологиялық қырларын қарастырудың маңызы артып келеді. Адамзат жинақтаған тәжірибені келесі ұрпаққа беру мақсатында сақтай отырып, оқытуды ізгілендіру үрдісінде негізгі бағдарды жеке тұлғаның азаматтық белсенділігін арттыруға, өзін - өзі тәрбиелеуді қалыптастыруға назар аударылуда. Өзін-өзі танудың бірден-бір әдісі ол медитация, буддизмде медитация үлкен мағынаға ие. Медитация процесінде буддист өзінің жеке психикасын, өзінің Мен-бейнесін, сезімдерін, ойларын, ұмтылысын қарастырады. Осыған орай өзін-өзі тану медитация арқылы адамды босатады, өзін басқару табиғи жолмен іске асады, соның нәтижесінде әлеммен бірге үйлесімін табады. Адамның өзінің Меніне деген қызығушылығы, өзіне-өзі деген қызығушылығы түсінікті. Гераклиттің айтуы бойынша, барлық адамдарға «өзін-өзі тануы және ойлануы» тән. Әрқайсымызда әртүрлі ресурста қарастырылған көптеген «Мен» бейнесі қандай. Танудың субъектісі бола отырып, адам сонымен бірге өзі үшін объект ретінде де болады. Идеологиялық философияда «Мен» түсінігі субъект ретінде түсіндіріледі. Платонның айтуынша, жан-пассивті қабылдау емес, ол өз-өзімен әңгімелесумен сипатталатын өзіндік ішкі жұмыс. Платон бойынша жан ойлана отыра «өз-өзіне сұрап, әңгімелесіп қана барып не мақұлдайды немесе мақұлдамайды» Гегель бойынша «Мен» нидивидті білдіреді. Нақты, жеке индивидтің жалпы «Мен» формуласының мағынасы ерекше. Жеке «Мен» тек қана өзге «Мен» қатынас арқылы анықталуы мүмкін. Гегель бойынша «Мен» рух. Ғылыми көзқарастан қарағанда, психологияда өзін-өзі тану мәні толық қарастырылған. Мұндай өзін-өзі тану мағынасының шекте әрі әр алуан. Мыналарын атап өтейік:

- тұлғаның психологиялық денсаулығы және психикалық жағдайында өзін-өзі табу;

- өзін-өзі тану ішкі үйлесімін және психологиялық кемелденуін табу ретінде;

- өзін-өзі тану тұлғаның өздігінен тану үшін және өздігінен реттелудің бір ғана жолы. Әдетте, бұлар бір-бірлерімен тығыз байланысты, жекеленіп шығып кетпейді. Нақты Мен - өзі туралы сезімі, ойы, ұмтылысы т. б. туралы түсінік жүйесі. Идеалды Мен адамның болғысы келген Мені және оның уайымы мен тәжірибесі. Әлеуметтік орта бұл нормалар, құндылықтар, көзқарастар, қылық әдістері т. б. кіреді. Нақты Мен және Идеалды Мен пайда болған сәйкессіздіктен үрей сезімі, қылықтың бейімделген формалары, әртүрлі психологиялық мәселелер туады. Осыдан өзін-өзі тану өзінің тәжірибесін, терең уайымын меңгере алатын әдіс. Ол үшін тұлға өзін қалай қабылдайтыны, өзгелер оны қалай қабылдайтын себептерін ұғыну қажет. Өзін-өзі тану нәтижесінде адам тұлғасы өседі, өздігінен жетіледі және өздігінен актуализациялау қабілетіне ие болады, сонда ғана өмір мәнін ұғынуға, өмір қуанышын сезінуге мүмкін. «Өзін-өзі тану» сондай-ақ, «пәнаралық тұрғыны да жүзеге асырады, барлық оқу пәндерін «адам құдай - әлем» контекстінде біріктіріп қана қоймай, сонымен қатар өз бағдарламасында гуманитарлық білімді (философия, психология, дінтану, мәдениеттану, әлеуметтану, саясаттану, тарих, әдебиет) және табиғат туралы білімді (биология, физика, астрономия) біріктіреді. «Персонология» қағидасы іске асырылады, барлық пәндер өзара адамға деген қатынас тұрғысынан байланысты болады. Ол өзінің ішкі әлемін сыртқа кескіндейді және керісінше, осылайша әлем тарихының барлық оқиғалары оның өз өмірбаянының оқиғасына айналады. Жаңа қазақстандық философия Шығыс пен Батыс дәстүрлерін синтездей отырып, түріктік, мұсылмандық мәдениеттің өзіндік ерекшелігіне негізделген ұлттық философияның үлгісін жасауда. Қазақтың далалық өркениетінің антологиясы мен антропологиясы не таза Шығыс (пайымдау, өз-өзіне тереңдеу) не таза Батыс (іс-әрекет, әлемде әрекет ету) стратегиясына теңбе-тең келмейді. Көшпенділерге табиғатты аялап қорғау, онымен белсенді өзара әрекеттесу тән. Осыдан ақыл-парасат пен жүректің арасындағы ала ауыздықты білмейтін (ақылды жүрек пен ар намысты ақыл) тұлғаның ерекше үлгісі қалыптасады. Қазақтық халық педагогикасы осы бүтіндік қағидасын, жан мен тәннің, физикалық пен психикалықтың бірлігін өзектілейді: тіршілік күйбеңінен бас тарту емес (көшпенді өзінің қоректенуін қамтамасыз ету үшін самарқау «медитация» жасай алмайды), жоғары, өмірде мәнді рухани адамгершіліктік бағдарлармен және бағыттардан тұратын белсенді шығармашылықтық іс-әрекетте болады.

Студенттердің тұлғалық дамуына ұмтылысын жүзеге асырудағы «өзін-өзі тану» пәнінің рөлі

Өмірді тану - өзіңді танудан басталады

Адамда саналы түрде қалыптасқан өмірлік бағыт оның әлемді, өмірді, өзін-өзі тұтас түсінуіне байланысты. Өмірлік бағыт адамның іс-әрекетінен, өмірге берген бағасынан, көрінеді. Адамның өмірлік бағытының негізгі сипаты-оның белсенділік дәрежесі. Өзін-өзі тануда, өзін-өзі жетілдіруде, өмірде және қоғамда өз орныңды табуда әркімнің белсенділігі алға шығады. Жақсылық үшін, адам игілігі үшін жасалған белсенділік маңызды деп саналады. Адамның өмірлік бағыты оның өмір бейнесінен көрінеді. Адамдардың өмір бейнесі, салты олар өмір сүріп отырған қоғамның материалдық, рухани және мәдени дәрежесімен анықталады. Сондықтан адам өмірінің көп жағдайы өмірдің бағытына байланысты. Әр адам өз өмірінің бағытын анықтауға тиісті. Ол үшін мына ережелерді басшылыққа алсаңыздар дұрыс болар еді:

  • Өмірде қандай жақсылық болса, соны көре білуге;
  • Өмірде кездесетін ұсақтыққа назар аудармауға;
  • Өмірдің ең құнды жақтарын алуға;
  • Адамның әлсіздігіне шыдамдылықпен қараңыз, ондай жағдай сіздің де өміріңізде кездесуі мүмкін;
  • Өмірде жақсылық та, жамандық та болады, сондықтан оның жақсылығына рақаттана алыңыз ал жамандығына ренжімеңіз. Сөйтіп, өмірлік бағыт дегеніміз әркімнің өз өмірлік жолын таңдауы. Жас кезінде адамның алдында әртүрлі жолдар тұрады. Бірақ адам оған жетуі үшін, біреуін ғана таңдауы мүмкін. Ол қайсысы? Ол сені қайда апарады? Адамның өмір жолы жеңілдіктен ғана тұрмайды, ол ауыр болуы да мүмкін. Өмірдегі жеңіл жол әдетте тез таусылады және ештеңеге жеткізбейді. Жас адамға кез келген қиындық ештеңе емес, өйткені оның бойында күш-жігер бар. Батыл, намысшыл, қорықпайтын адам өз бағытынан таймайды.

Сондықтан өмірлік жолды, өмірлік бағытты таңдай отырып адамгершілік, әділдік, адалдық, шыншылдық, ар-ұят тәрізді адамдық асыл қасиеттерді басшылыққа алу керек.

Назар аудару

Өзін-өзі тану: 1) тұлғаның өзін-өзі дамыту мен өзін-өзі жүзеге асыру мақсатында өзі туралы нақты білім алуға бағытталған шығармашылық іс-әрекеті; 2) жалпы адамзаттық құндылықтар негізінде тұлғаның рухани-адамгершілік білімінің түйінді рөлін атқаратын оқу пәні.

Өзін-өзі тәрбиелеу: Жеке тұлғаның өзін-өзі тану, өзін-өзі талдау, өзін-өзі бағалау және өзін-өзі бақылау арқылы өзінің жағымды қасиеттерін жетілдіруіне және жағымсыз әрекеттерінен арылуға бағытталған саналы, мақсатты бағытталған іс-әрекеті.

Өзін-өзі анықтау: Өзін-өзі бағалау дәрежесі; тұлғалық бағытының мазмұнды жағы; адамның қоғамда өзін-өзі тұлға ретінде анықтауы, оның әлеуметтік-мәдени құндылықтарға байланысты белсенді көзқарас ұстануы және осы арқылы өзінің өмір сүру мәнін анықтауы (болашаққа ұмтылу арқылы) ; қандай да бір проблемалық жағдайда өзіндік ұстанымын анықтау мен бекіту бойынша жеке таңдауын саналы түрде жүзеге асыру процесі мен нәтижесі; адамның ішкі еркіндігіне ие болуының және оны көрсетуінің негізгі тетігі. Өзін-өзі дамыту: Тұлғаның рефлексия, жоспарлау, өзіндік даму нәтижелерін болжап білу сияқты психикалық көріністерінің негізінде жүзеге асатын өзін-өзі жетілдіру процесі. Өзін-өзі түсіну: Табиғи, әлеуметтік және тұлғалық аспектілер бірлігінде субъектінің өзін-өзі түсіну мен қабылдау іс-әрекеттері. Өзін-өзі іске асыру: Адамның өзінің тұлғалық мүмкіндіктерін, қасиеттерін, басқа адамдар арасындағы орнын саналы түрде дамыту процесі мен нәтижесі. Өзін-өзі жігерлендіру: Жеке тұлғаның рухани және шығармашылық әлеуеті көрінісінің жоғары деңгейі, өзінің жеке тұлғалық мүмкіндіктерін толық анықтау мен дамытуға ұмтылуы; мүмкіндіктердің шындыққа айналуы. Жоғары оқу орындарындағы «Өзін-өзі тану» пәнінің міндеттері :

- рухани-адамгершілік құндылықтарға негізделген білім беру арқылы студент жастардың өзін-өзі дамытуын іске асыру;

- өзінің өмірлік бағыты мен ұстанымдарын анықтай алуға ықпал ету;

- әр түрлі мәселелерді адамгершілік нормаларға сәйкес шеше алуға баулу;

- өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасауға үйрету;

- адамдарға қолдан келгенше көмек беру, туыстарына және жақындарына қамқорлық көрсетуге тәрбиелеу;

- өзімен өзі үндестікте өмір сүру; ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болуға ынталандыру;

- жасампаздық белсенділік, азаматтық және отансүйгіштік және толеранттық танытуды ұғындыру ;

- өз ойы, сөзі мен ісіне жауапты болуға және қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамытуды қалыптастыру.

Өзіңді танығың келсе, Адамдарға, олардың ісіне қара.

Өзгені танығың келсе, Өзіңнің жүрегіңе үңіл.

Фридрих Шиллер

Өзіңе сен, өзіңнің күшіңе сен,

Қос қолыңмен істелген ісіңе сен.

Алысың да сыйлайды, жақының да,

Өзіңді өзің төменге түсірмесең.

Өз қайығың, бар болса өз ескегің,

Өмірде мен сені осал демес едім.

Қимылдай бер, тарта бер ескегіңді,

Шығады алдан жап-жарық келешегің.

Қозғалмасан, тоңазыр көлеңкең де,

Ескегінді ес, бір мезет тоқтай көрме.

Өз қайығың болғаны кандай жақсы,

Қашан, қайда барсаң да, өз еркіңде.

Ә. Тәжібаев

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Бастауыш сынып оқушылардың эстетикалық мәдениетін қалыптастыру
МҰРАЖАЙ АРҚЫЛЫ РУХАНИ - АДАМГЕРШІЛІК ТӘРБИЕ БЕРУ ТЕХНОЛОГИЯСЫ
Мектеп оқушыларының шығармашылық қабілетін қалыптастыру
Мектеп жасына дейінгі балаларға бейнелеу өнері арқылы эстетикалық тәрбие беру жолдары
Оқушылардың көркемдік талғамын дамытудың психологиялық ерекшеліктері
МӘДЕНИЕТ АРАЛЫҚ ҚАРЫМ-ҚАТЫНАС
Мектеп оқушыларының эстетикалық талғамын қалыптастыру үдерісі
Кіші мектеп оқушыларын бейнелеу өнері шығармалары арқылы эстетикалық тәрбиелеу
ЗАҢГЕРДІҢ КӘСІБИ ҚҰҚЫҚТЫҚ САНАСЫ
Педагог-музыкантты дайындауда музыкалық-тарихи және музыкалық-теория мәселелері
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz