Сөйлеу тілін түсіну


Кіріспе
Еліміз тәуелсіздік алған уақыттан бастап шетел тілдерінің мәртебесі жоғарлады. Мемлекетіміздің шет елдермен халықаралық қатынасы, дүниежүзілік мемлекеттер арасындағы интеграциялық үрдісінің даму байланысы өркендеуде. Елімізде шетелдік ұйымдар мен компаниялардың, банктердің қатары да өсуде. Сондықтан да шетел тілін оның ішінде ағылшын тілін игерген жас мамандарға деген қажеттілік күннен-күнге артуда.
Әлемдік білім алу кеңістігінде интеграциялық үрдістердің тереңдеп, кең қанат жайған жағдайында шетел тілін оқыту өзекті біліктілігі жоғары дәрежеде маманданған білім жағынан бәсекеге түсе алатын, өзін халықаралық еңбек жәрмеңкесінде еркін сезініп, жүре алатын мамандар дайындау мәселесінің бөлінбес бөлігі болып табылады. Осы жағдайды ескеріп, өзін нағыз саясаткер және ұлтының басшысы ретінде көрсете білген Н. Ә. Назарбаев “Үштұғырлы тіл” туралы идеяны 2003 жылдың қазанында өткен Қазақстан халқы ассемблеясының ХІІ құрылтайында жария етті [1] . Ал 2007 жылғы “Жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан” атты халыққа Жолдауында “Тілдердің үштұғырлылығы” атты мәдени жобаны кезең-кезеңімен іске асыруды ұсынды [2] .
Қазақстанды бүкіл әлем халқы үш тілді бірдей пайдаланатын жоғары білімді мемлекет ретінде тануы керек. Олар: қазақ тілі-мемлекеттік тіл, орыс тілі-ұлтаралық қарым-қатынас тілі және ағылшын тілі-жаһандық экономиканы ойдағыдай түсіну тілі. Дәлірек айтқанда, үштұғырлы тіл идеясын мынадай әрі қарапайым, әрі түснікті формуламен көрсетуге болады: мемлекеттік тілді дамытамыз, орыс тілін қолдаймыз және ағылшын тілін үйренеміз. Осыған сай, Елбасы Н. Ә. Назарбаевтың «Қазақстан-2030» стратегиялық даму бағдарламасында айқындалған ана тілімен қатар шетел тілінің бірін меңгеру талаптарын орындау мақсатында, Қазақстан республикасының «Білім туралы» Заңын жүзеге асыру мақсатында барлық білім беру жүйелерінде ағылшын тілі оқытылады [3] .
Бүгінгі таңда ағылшын тілін оқыту өзіндік мән-мазмұны, құрылымы бар толық аяқталған курс болып табылады. Тіл үйрету, оқыту, бағалау еуропа одағы қолдаған жалпы еуропалық біліктілік стандартына қол жеткізуге бағытталған. Демек, нақ осы бастауыш мектеп кезеңінде толықтырылатын білімдер жүйесінің негізі қаланады, әрі осы кезеңде оқыту мен практикалық әрекет дамуының қайнар көздері ақыл-ой және практикалық операциялар, дағды, іскерліктер де қалыптасады.
Мектеп мұғалімдерінің негізгі міндеттерінің бірі - оқушыларды жүйелі сөйлеуге үйрету және машықтандыру. Демек, шет тілінде еркін қарым-қатынасқа түсе білу, сөйлеу қабілетін дамыту жұмысы мектепте үздіксіз және мақсатты түрде жүргізіледі. Тіл дамытудың мәні мен мазмұны баланың қарым-қатынас жасау үшін ана тілінің жүйесі мен заңдылықтарын игеруіне, сол игерілген білім мен дағдыларын өзін қоршаған өмірдегі ұғымдар негізінде ойлау икемділіктерін арттырып, күнделікті қарым-қатынас пен өз тәжірибесінде түрлі орындар мен ахуалдарға орай пайдалана білу шеберліктерін қалыптастыруға болып табылады. «Тіл дамыту жұмысын жүргізгенде білім алушының сөздік қорын молайту, сөздерді, сөз тіркестері мен сөйлемдерді дұрыс құрай білуге үйрету» деумен қатар, сөйлем құрағанда айтылмақшы ойына байланысты синоним сөздерді таңдау, сөздік жұмыстарын жүргізуді қажет етеді.
Зерттеудің өзектілігі.
Қазақстан Республикасы әлемдік бірлестікке кірген заманда білімнің рөлі мен маңызы артты. Мәдениетті жоғары XXI - ғасыр адамын қалыптастыру міндеті білім беру ісін ірілендіру қажетті мектеп пен қоғам алдында жаңа маңызды мәселелер қойып отыр. Жалпы орта білім беретін мектептерде шетел тілдерінің мазмұны жөнге келтіріліп, оған қойылатын талаптар нақтылануда. Ағылшын тілін ана және орыс тілімен қатар оқыту арқылы мұғалім оқушылардың тыңдап түсіну, сөйлеу, оқу және жазу қабілеттері мен дағдыларын жетілдіріп қана қоймайды, оларды өзін қоршаған айналасындағы адамдармен қарым - қатынас мәдениетіне де үйретеді. Оқушылардың ағылшын тілінде сөйлеу қабілеттерін жетілдіру мектепте берілетін бүкіл білім мазмұнының негізгі мақсаты болып табылады.
Ағылшын тілі арқылы оқушылар әлемді таниды, тілін оқып жатқан елдің мәдениетімен, өмірімен танысады. Ағылшын тілінде оқушылар дұрыс қарым - қатынас жасай алу үшін, олар ауызша айтылған сөзді тыңдап түсінулері тиіс Ағылшын тілінің қызметі - оқушыларды өздері үйреніп жатқан сол тілде сөйлейтін халықпен түсіністік, ортақ көзқарас орнатуға дайындап, тәрбие, білім беріп әрі жеке басын, өмірге көзқарасын жан - жақты дамыту. Ағылшын тілі пәні бойынша білім мазмұнына тақырыптар, қарым - қатынас ситуациялары, мәтіндер, тілдік материалдар; лексикалық, грамматикалық, фонетикалық, практикалық біліктер, сөз әдептері, оқу әрекетінің тиімділігін іске асыратын жалпы оқу білік дағдылары жатады.
«Мұғалім-өзінің білімін үздіксіз көтеріп отырғанда ғана мұғалім. Оқуды, ізденуді тоқтатысымен оның мұғалімділігі жойылады» - деген К. Ушинскийдің даналығында. Бүгінгі қоғам мұғалімнің біліктілік деңгейіне де, ішкі жан дүниесіне де жаңаша талап қойып отыр, өйткені қазіргі күні XXI ғасыр ұрпағынан үлкен үміт күтілуде. Мектептегі басты тұлға мұғалім, осы мұғалімнің алдында тұрған басты мақсат рухани жан дүниесі бай, жан - жақты дамыған жеке тұлғаны қалыптастыру.
Тіл адамның қарым-қатынас құралы болғандықтан, ол адам баласы сөйлеу әрекетінің ғылыми тұрғыда жан-жақты зерттелуі тіл білімінде ХХ ғасырда бастау алады. Тіл білімі үшін сөйлеу әрекетін зерттеу үлкен мәселелердің бірі екендігін швед лингвисі Фердинанд де Соссюр алғаш болып көрсеткен. Бала тілін зерттеген ғалымдар: А. Шахнарович, Л. Щерба, Е. Кубрякова, С. Канцельсон: «Сөйлеу әрекеті дегеніміз-үздіксіз үрдіс және ол сөйлеу үрдісі мен тыңдаудан тұрады», - деген[5] . Т. Аяпова: «Адам баласының сөйлеуі- баланың алғашқы сөйлеуі - және тілдік ортада түсінуі, белгілі бір жағдаятқа байланысты, мақсатты, қажетті болып табылатындығын айқындайды», - дейді.
Олай болса, бұл ретте ағылшын тілі сабағында ауызша сөйлеу қабілетін дамытуда, оның ішінде дискуссия түрін тиімді пайдалану, пікір-талас түрлерін тиімді пайдалану, білімділік, дамушылық мақсаттарға қол жеткізу, оқушының өз ойын жетік жеткізе алуы, ағылшын тілін жақсы меңгеруі заман талабы.
Зерттеу нысаны - жалпы орта білім беретін мектепте ағылшын тілі сабағында оқушылардың сөйлеу қабілетін дискуссияны қолдана отырып дамыту, оның қажеттілігі мен маңыздылығына көз жеткізу, оқушылардың сөйлеу мәдениеті мен қатысымдық құзырлылықтарын дамыту.
Зерттеу жұмысының пәні - жалпы орта білім беретін мектепте ағылшын тілі сабағында дискуссияны қолдану арқылы оқушыларға сөйлеу әрекетінің түрлерін меңгерту әдістемесі.
Зерттеудің мақсаты мен міндеттері .
Мақсаты -оқушыларының ауызша сөйлеу қабілетін дамытудың теориялық негіздеріне сүйене отырып, белгілі әдістемелік ұсыныстар мен нұсқаулар беру.
Аталған мақсатқа жету үшін төмендегідей міндеттерді жүзеге асыру керек:
- Жалпы білім беретін мектеп оқушыларының ауызша сөйлеу қабілетін дамытудың теориялық негіздерін анықтау;
- оқушылардың ауызша сөйлеу қабілетін дискуссия арқылы дамыту және оған қойылатын талаптарды анықтау;
- оқушылардың ауызша сөйлеу қабілетін дамытудың тиімді жолдарын саралау, өлшемдері мен көрсеткіштерін анықтау.
Зерттеудің ғылыми болжамы: Егер мектеп оқушыларының білім беру жүйесі талаптарға сай жүргізілсе; олардың жас ерекшеліктеріне сөйлеуге арналған материалдар сұрыпталып, оны меңгертудің тиімді жолдары арқылы жүзеге асырылса; оқу-әдістемелік кешендермен қамтамасыз етілсе, онда жоғарғы сынып оқушыларының сөйлеу дағдыларын дұрыс қалыптастыруға негіз болады. Егер мектеп оқушылары өз ойларын шет тілінде анық жеткізе алса, онда олардың ауызша сөйлеу қабілеті артады. Сөздік қордағы қарым-қатынас біліктілігі мен сөздерді дұрыс пайдалану арқылы оқушының ауызша сөйлеу қабілеті дамиды. Баланың танымы жетіліп, жеке тұлғасы қалыптасады, қарым-қатынас мәдениеті жетіледі.
Алға қойған мақсат пен міндеттерді жүзеге асыру үшін төмендегідей зерттеу әдістері қолданылады.
- ауызша сөйлеу қабілетін дамыту үшін теориялық және әдістемелік еңбектерге ғылыми тұрғыда талдау жасау;
- жоғарғы сыныптардың оқу-тәрбие жұмыстарын бақылау;
- озат тәжірибелерді жинақтау, қорыту. Зерттеудің дереккөздері:ҚР «Білім туралы» заңы, ҚР Президенті Н. Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы, Қазақстан Республикасында білім беруді және ғылымды дамытудың 2016 - 2019 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы.
Зерттеудің ғылыми жаңалығы: ағылшын тілі сабағында оқушылардың ауызша сөйлеу қабілетін дискуссия арқылы дамыту мәселесі теориялық тұрғыда қарастырылып, оның жалпы оқу-тәрбие жүйесіндегі маңыздылығы анықталды;
- оқушылардың ауызша сөйлеу қабілетін қалыптастыруда дискуссияны ұйымдастыру мүмкіндіктері мен ағылшын тілін оқытуда қолданылу жағдайы айқындалды;
- оқушылардың ауызша сөйлеу қабілетін дамытудың педагогикалық шарттары нақтыланып, ұсынылған әдістеменің тиімділігі тәжірибе жүзінде тексерілді.
Зерттеудің жетекші идеясы: ауызша сөйлеуді дамыту жаһандану заманында көптілді тұлғаны тәрбиелеуге негіз болады.
Зерттеудің әдіснамалық негізі: зерттеу проблемасы бойынша психологиялық, педагогикалық және ғылыми-әдістемелік әдебиеттерге теориялық талдау жасау, озат педагогикалық іс-тәжірибелерді жинақтау, педагогикалық эксперимент жүргізу, оқытушылармен әңгіме жүргізу, іс-тәжірибелік жұмыстардың нәтижелерін өңдеу және қорытындылау.
Зерттеудің теориялық мәні: Мектеп оқушыларының сөйлеу қабілетін дамыту мәселелерін шешуге арналған зерттеулерді толықтырады, ауызша сөйлеуде дискуссияны пайдалану мен практикада қолданудың жолдары жасалынды.
Зерттеудің практикалық мәні: Оқушылардың ауызша сөйлеу қабілетін дискуссия арқылы дамыту мақсатында қаламыздағы №128 мектепте тәжірибелік жұмыстар жүргізілді; сабақ барысында әр түрлі пікір-таластарды пайдалану арқылы оқушылардың тілге қызығушылығын арттыру тәсілдері анықталды; ағылшын тілі сабағында оқушылардың жас ерекшелігіне қарай тиісті сөйлеу әрекеттерін пайдаланудың жолдары айқындалды.
Зерттеу базасы: Зерттеуге №128 мектеп-гимназиясының 9 «ә» сынып оқушылары қатысты.
Диплом жұмысының құрылымы.
Диплом кіріспеден, екі тараудан, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімі мен қосымшалардан тұрады.
I. АҒЫЛШЫН ТІЛІН ОҚЫТУДАҒЫ СӨЙЛЕУ ҚАБІЛЕТІН ДАМЫТУДЫҢ ТЕОРИЯЛЫҚ НЕГІЗДЕРІ
- Ағылшын тілін оқытудағы сөйлеу қабілетінің рөлі мен маңызы
Адам өзінің өмір қажетін өтеуге байланысты басқа біреулермен пікірлеседі, ой алмасады. Бұл үшін сол ұлттың, тілдің грамматикалық ережелеріне сәйкес сөз тіркестерін пайдаланады.
Адам баласының сана-сезімінің дамуында дыбысты тілдің пайда болуының маңызы зор болды. Сөйлеудің пайда болуы нәтижесінде адам организмі анатомиялык өзгерістерге түсіп, дыбыс артикуляциясына қабілеті бар сөйлеу аппараты жасалды. Осының арқасында адам жеке дыбыстарды ғана емес, түрлі дыбыс тіркестерін, тиісті мән-мағынасы бар сөздерді айта алатьн қабілетке ие болды. Сөйлеу адам санасының басты белгісі. Ол бізді жануарлар дүниесінен ерекшелендіріп тұратын негізгі жан куаты. Сөйлеу мен сананың пайда болып, біртіндеп қалыптасуын тек биологиялық жағдайлардан емес, ең бастысы қоғамдық-әлеуметтік, тарихи факторлардан іздестіруіміз қажет. Сана мен тіл адамзат қоғамының тарихи дамуының, олардың іс-әрекетпен айналысуының, еңбек құралдарын жасап, пайдалана білудің нәтижесі[6] .
Тіл, сөйлеу ежелден бері жеке адамның да, қоғамдық ой-санасын дамытып жетілдіруде аса маңызды рөл аткарады. Сөз ойлы да, мәнерлі де болуы тиіс. Әйтпесе, ол көздеген мақсатына жете алмайды. Халқымыз мәнді сөйлейтіндерді «сөзі мірдің оғын-дай екен» дейді. Ескі қазақ жұртының ғалымы Жүсіп Баласағұн «Ақылдың көркі тіл, тілдің көркі сөз» деп тауып айтқан. Тіл арқылы жеке адамның тәжірибесі, санасы ұжымның басқа мүшелерінің игілігіне айналады. Ал жеке адамның жеке санасы да сыртқы ортаның ықпалымеп, оқу-тәрбие процесінің әсерінің нәтижесінде үздіксіз дамып отырады. Бұл екеуінің дамуы бір-бірімен ұқсас. Адамдардың арасында қатынас құралы ретінде тілдің қызмет атқаруы, оның негізгі қызметі. Тіл сондай-ақ, адам сана-сезімінің, психологиясының көрсеткіші де. Тіл адамды қимыл-әрекетке де итермелейді. Бұл оның атқаратын екінші қызметі. Тілдің бұл екі қызметі өзара тығыз байланыста болады. Олар үнемі қатарласа, бірі екіншісін демеп, кейде қарама-қарсы бағытта жүріп отырады. Мәселен, «Мүғалім келді» деген сөйлем-де мұғалімнің келгені жөнінде айтылса, «мүғалім келді ме?» деген сөйлем екінші бір адамды осыған жауап қайтаруға мәжбүр етеді.
Әрбір адам кішкентай кезінен бастап айналасындағы адамдармен пікірлеседі, өзінің күнбе-күнгі сөйлеу тәжірибесінде тілдің мағыналық жағын меңгереді, біртіндеп сөздік қоры молайып отырады. Алғашқы кезде бала көптеген дыбыстарды, жеке сөздерді үлкендерге еліктеу арқылы үйретеді. Осы кездегі сөздері көбінесе жеке, нақтылы болып келеді. Өсе келе өз ана тілінің негізгі сөздік қорын, сол тілдің ішкі зандылықтарын үйренеді, кейін есейе келе тілдің дамуы қоғам дамуының көп ғасырлық тарихи кезеңдерінде қалыптасып отыратын құбылыс екенін аңғарады.
Тіл арқылы ойымызды басқа біреуге жеткізуді сөйлеу деп атайды. Сөйлеу - пікір алысу процесінде жеке адамның белгілі тілді пайдалануы. Бір тілдің озінде сойлеудің сан алуан формалары болуы мүмкін. Сөйлеу жеке адамдардың арасындағы өзара түсінуді реттестіру үшін, пікір алысу үшін қызмет етеді. Сөйлеу процесі аркылы адам өзінің білімін, практикалық тәжірибесін байытып қана қоймай, сонымен қатар ғасырлар бойы жинақ-талган қоғамдық тәжірибені меңгеруге де мүмкіндік алады. Ойдың тілі сөз. Біз сөз арқылы ғана неше түрлі ойымызды сыртқа білдіре аламыз [7] .
Сөзді қабылдау және оны ұғыну бір-бірімен тығыз байланысты. Сөзді дұрыс қабылдамай тұрып, оны ұгынуға болмайды. Жеке сөздерді қабылдаудың өзі оны ұғынуды қажет етеді. Қабылдау мен үғыну бір мезгілде жүріп отырады, бірінсіз-бірі іске аспайды. Интонацияны қабылдау сөйлеу аппаратында, адамның мәнерлі қозғалыстарында түрліше реакция тудырады. Мәселен, бұйрық интонациясы бойынша іс орындалса, тілек интонациясына келісу немесе келісушілік білдіреді. Адамға тән сөйлеу әрекетінде екі сипат болуы шарт. Бұларсыз сөйлеу өзінің қызметін дұрыстап атқара алмайды. Мұның біріншісі - сөйлеудің мазмұндылыгы, екіншісі - оның мәнерлілігі делінеді. Сөйлейтін сөзде мазмұн болмаса, ол өзіндік сөздік мәнін жояды. Сөздің мазмұндылыгы дегеніміз екінші біреуге жеткізілетін ойдың айқындығы. Ойы таяз кісі бос сөзді болады, оның сөзі де айқын, таза болмайды.
Сөздің мәнерлігі дегеніміз - адамның сөйлеу кезіндегі эмоциялық қалпын білдіре алуы, яғни әрбір сөйлемді өзінің сазымен айта алуы. Халық жақсы сөйлейтін адамдарды «сөзі мірдің оғындай екен» дейді. Мәнерлі сөйлей білудің мұғалімдік мамандык үшін маңызы зор. А. С. Макаренко бұл жөнінде: «Балалар сіздің сөзіңізден өзіңіздің еркіңізді, сіздің мәдениетіңізді, сіздің жеке ерекшелігіңізді сезіне алатындай болуы керек», - дейді.
Сөйлеу әрекеті тиісті анатомиялық аппараттардың (тіл, ерін, таңдай, ауыз қуысының бұлшық еітері т. б. ) дұрыс қызмет істеуін қажет етеді.
Сөйлеу әрекеті үлкен ми сыңарларының анализдік, синтездік қызметінің нәтижесі. Бұл, біріншіден, сөйлеу органдарындағы қозғалыстарды, жазылған әріптердің түрлерін, тілдегі дыбыстарды нәзік талдаудан; екіншіден, сөздік сигналдардың бөлшектік элементтерін байланыстырудан көрінеді. Физиологиялық тұрғыдан сөздің мәнін И. П. Павлов былай түсіндіреді: «Егер айналадағы дүниеден алынатын біздің түйсіктеріміз бен елестеріміз шындықтың бірінші сигналдары болып табылатын болса, онда тіл ең әуелі сөйлеу оргаңдарынан ми қабығына баратын кинестезиялық тітіркенулер, екінші сигналдар - сигналдардың сигналы болып табылады. Олар шындықтан дерексіздену болып табыладі да, жалпылауға мүмкіншілік береді, ал бұл соңғы бізге ғана тән ең жоғары ойлауды құрайды» [8] .
Француз ғалымы Брока «адамдардың ми сыңарларының сол жақ бөлігінде (маңдай қыртысының төменгі жағында) адамның дыбыстап сөйлей алуын басқарып тұратын жүйке орталығы бар, ал сөзді қабылдау көптеген анализаторлардың (көру, есту, қозғалыс т. б. ) бірлескен қызметін қажет етеді» дейді. Неміс ғалымы Верникс басқа біреудің сөзін есіту мидың сол жақ сыңарындагы самай бөлігінің арт жағында орналасқан жүйке орталығының қызметіне байланыстылығын айтады[9] .
Сөзді қабылдау, оның мәнісіне тусінуде мидың есту, көру, сипау, сипай-сезу, қозғалыс зоналарның бірлескен қызметін реттестіріп отыратын сол жақ ми сыңарыньң төбе, самай, желке беліктерінің қызметі де ерекше. Сөйлеу қабілеті мидың анатомиялык функциясына байланысты болып келетіндігін мына мысалдан жақсы көруге болады. Егер оның сол жақ бөлегі зақымданса, адам сөйлей алмайтын жағдайға душар болады. Мұндай құбылысты ғылымда афазия деп атайды. Мұның бірнеше түрі бар. Мәселен, бірінде сөйлеу органдары толық сақталғанмен, қиналып сөйлейді, тілі күрмеледі, дыбыс, үн шығару қиынга соғады. Екінші бір түрінде адам өзі сойлей алғанмен, басқа біреудің айтқанына түсінбейді. Мидың бір жеріне қан кұйылу, оның тамырларының тығындалуы, жарақаттанып қабынуы, ісу т. б. афазияның пайда болуына себеп болатын факторлар.
Сөздік сигналдарды дұрыс анализдей алу адам психикасы дамуының түрлі кезеңдерінде түрліше көрінеді. Мәселен, жас баланың алғашқы кезде дыбыстарға қайтаратын жауап реакциясы жалпылама түрде, яғни генерализация сипатында болады. Балаға «сағат» деген сөзді айтқанда немесе сағатқа қарап сөйлегенде, сол сағатқа ұқсас дыбыстардың жиынтығына назар аударады да, дыбыстың қалай шығып жатқанын дұрыс айыра алмайды. Бұл жағдай баланың ми қабығының анализдік, синтездік жүмысы әлі жөнді жетілмегендігін, яғни онда сөзді дұрыс қабылдау, түсіну әлі мардымсыз екендігін көрсетеді. Сөзді жалпылай алу - адам ойлауы мен сөйлеуінің ең басты ерекшелігі. Бала мұндай қабілетке тілі шығып, жүре бастағаннан кейін біртіндсп ие болып отырады [10] .
«Сөйлеу», «тіл», «қарым-қатынас» ұғымдарының мән-мағынасы жақын болғанмен, ғылыми тұрғыдан бұлар бір-бірінен ажыратылады. Қарым-қатынас адам іс-әрекетінің ауқымды саласы, ол өмір сүрудің, тыныс-тіршіліктің негізгі арқауы. Сөз бен сөйлеуге қарағанда оның аясы кең, ауқымды. Адам тек сөйлесу арқылы ғана қарым-қатынас жасамайды. Ол айналасындағылармен түрлі ым-ишара (жест), белгі, таңба (Морзе әліппесі, стено-графиялық жазу, эсперанто т. б. ) арқылы да бір-біріне ақпарат (мағлұмат) бере алады. Тіпті, қас қағу, иық пен иекті қозғалту, басты шайқау тағы басқа осы секілді толып жатқан атрибуттар да қарым-қатынастық қызмет атқарады. Халқымыз «ымға түсінбеген дымға түсінбейді» деп өте тауып айтқан. Тіпті күлу мен күлімсіреудің де, жылау мен жыламсыраудың да қарым-катынастық қызмет атқаратыпы белгілі. Сөйлесу қарым-қатынастың негізгі түрі. Мұның неше түрлі нұсқалары болады. Мәселен, қыз-мет бабы жоғары адаммен сөйлесу рәсімі бір түрлі болса, отбасында, кұрбы-құрдастарымен пікірлсскенде кісі басқа формада сөйлейтін болады. Осы айтылғанға орай сөз арқылы пікірлесу тікелей, жанама, әзіл-қалжың, эмоциялы, интеллект (ақыл -- парасат) түрінде көрініп отырады. «Қарым-қатынас», «сөйлеу» ұғымдарының мән-мәнісін негізінен психология ғылымы карастырады [11] .
«Тіл» ұғымының да (дыбысты тіл) ауқымы кең, ол, көбінесе, қоғамдық ғылымдарда (тарих, социология, педагогика т. б. ) жиі қолданылады. Тіл жеке адамның еншісі ғана емес, ол бүкіл адамзатқа ортақ қоғамдық құбылыс. Тіл арқылы әр қоғамның ғасырлар бойына жинақтаған рухани мұрасы ұрпақтан ұрпаққа (ауызекі - фольклорда, жазба түрде) жеткізіліп отырылады. Ал «сөз», сөйлеу жеке адамның өзіндік ерекшелігі. Ол жас балада, ересек, не қарт адамдарда, әртүрлі мамандық иелерінде сөз саптаулары түрліше көрінеді. Психология тіпті есі кіресілі-шыгасылы адамдардың да сөйлеу ерекшеліктерін зерттеумен айналысады. Басқа ғылымдар сөйлеудің осы жақтарын қарастырып жатпайды, олар тіл ұғымын адамзат қоғамына ортақ құбылыс ретінде әр қырынан сөз етеді [12] .
Тілге үйрету, яғни бұл - мәдениетке үйрету, тілді меңгерту - тілді қатынас құралы ретінде қолдану немесе өзге тілді терең меңгеру. Шет тілдерінің ішінде ағылшын тілі - халықаралық қатынас тілі болып табылады.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz