КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТҚА ҰШЫРАУЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ



Жұмыс түрі:  Курстық жұмыс
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 24 бет
Таңдаулыға:   
МАЗМҰНЫ

КІРІСПЕ3

1. БАНКРОТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК4
1.1. Банкрот жүйесінің мақсаты мен принциптері4
1.2. Банкроттың алдын алу8
1.3. Кәсіпорынның банкрот болу үрдісін мемлекеттік реттеу
ерекшеліктері11

2. КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТҚА ҰШЫРАУЫН ТАЛДАУ14
2.1. Кәсіпорын қызметінің тоқтауы (банкротқа ұшырау) талдау14
2.2. Кәсіпорынның банкрот болу ықтималдылығын талдау15
2.3. Қаржылық ағымдарды талдау17

3.КӘСІПОРЫННЫҢ БАНКРОТҚА ҰШЫРАУЫНЫҢ ҚАРЖЫЛЫҚ МӘСЕЛЕСІ18
3.1. Формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесі19
3.2. Төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін болжау20

ҚОРЫТЫНДЫ23

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ24

ҚОСЫМША ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...27

АЛМАТЫ,2019

КІРІСПЕ

Зерттеу өзектілігі. Банкроттық нарық шаруашылығының бір категориясы болып табылады. Ол соттың шешімі мен немесе кредитордың келісімі бойынша соттан тыс рееми түрде жарияланады. Қазақстан Республикасынның "Банкроттық туралы" 07.04.95 жылғы №2173 Заңына сәйкес, қарызды төлеуге шамасы жоқ ұғымы ақшалай міндеттер бойынша кредиторлар сұранысын, еңбекақы төлеу талабын қанағаттандыра алмау, сонымен қатар өзіне тиісті мүлік есебінен бюджет пен бюджеттен тыс қорларға міндетті төлемдерді қамтамасыз ете алмау жатады . Басқаша айтқанда, шаруашылық субъектісінің қарызды төлей алмауы, ағымдағы операциялық қызметті қаржыландыра алмауы, қарыздардың, міндеттердің өсуіне байланысты жедел міндеттемелерді өтеу қабілетсіздігі немесе борышкердің балансының қанағаттанғысыз құрылымына байланысты ұғымдар кіреді.
Баланстың қанағаттанғысыз құрылым борышкердің мүлкі мен міндеттемелерінің өтімділік деңгейінің жетісдіруіне байланысты кредитордың алдында мүлік есебінен міндеттемелердің дәл уақытында төленбеуі жағдайы тұрған кезде болуы мүмкін. Бұндай жағдайда мүліктің жалпы құны борышкер міндеттемелерінің жалпы сомасына тең немесе одан асып кетуі мүмкін.
Банкроттық кәсіпорынның ұдайы өндіріс капиталының шаруашылық механизімінің балансының бұзылуынан, яғни оның қаржылық және инвестициялық саясатының тиімсіз болуынан туындайды.
Қазақстан Республикасы жағдайында банкроттық механизмінің нормативті-құқықтық базасы ретінде әдебиеттер тізімінде көрсетілген құжаттар пайдаланылады.
Зерттеу пәні. Кәсіпорынның банкрот болу үрдісін мемлекеттік реттеу.
Зерттеу нысаны. Кәсіпорынның банкрот болу үрдісі.
Зерттеу мақсаты. Кәсіпорынның банкрот болу үрдісін мемлекеттік реттеуді жан-жақты зерттеу.
Зерттеу міндеттері:
банкрот жүйесінің мақсаты мен принциптерін қарастыру;
банкроттың алдын алуды зерттеу;
кәсіпорынның банкрот болу үрдісін мемлекеттік реттеу ерекшелкітерін айқындау;
кәсіпорын қызметінің тоқтауын (банкротқа ұшырауды), кәсіпорынның банкрот болу ықтималдылығын, қаржылық ағымдарды талдау;
формаланған және формаланбаған белгілердің жүйесін қолдану;
төлем қабілеттілігінің көрсеткіштерін болжау.
Курстық жұмыстың құрылымы кіріспеден, үш тараудан, қорытындыдан және пайдаланған әдебиеттер тізімінен тұрады.

1. БАНКРОТ ТУРАЛЫ ЖАЛПЫ ТҮСІНІК

1.1. Банкрот жүйесінің мақсаты мен принциптері

Өндірістік, шаруашылықтық, коммерциалық және басқа да қызмет түрлерін бастарда ең алдымен тәуекел қажет. Бұл, біріншіден. Екіншіден, қызмет барысында экономикалық дамуды, тиісінше, есеп айырысуды, жұмыстың түпкі қорытындыларьш бағалау үшін тиісті көрсеткіштерді (индикаторларды) таңдап алу қажет.
Көрсеткіштер;
индивидаулды (жекелеген);
топтық;
жалпы болып бөдінеді.
Талдау мақсаттарына байланысты көрсеткіштердің:
абсалютті
салыстырмалы;
орташа шама нысандары қолданылады.
Әрбір нақты экономикалык көрсеткіштің "сапалық анықтылыққа" ие болуы шарт, егер онда екі жақты анықтылық болса, онда ол обьективті көрсеткіш болып табылмайды.
Көрсеткіш -- бұл да белгі (нышан), яғни белгілі бір міндеттердің орындалу деңгейін, кызметтер мен кұбылыстардың сандық және сапалык жағын сипаттайды.
Нарықты қатынастар талабына байланысты барлық көрсеткіштерді:
бағалық;
шығындық деп топтастыруға болады. Бағалық көрсеткіштер осы немесе басқа да қызметтің нәтижелі даму деңгейінің мүмкіндіктерін немесе мақсатқа жетуін сипаттайды.
Шығындық көрсеткіштер -- әр түрлі қызметтерді жүзеге асыруда шығын деңгейіне әсер ететін көрсеткіштер.
Кез-келген кәсіпорын қызметтері көлемінің өсу шегі болады, осыған орай әрбір процесс экономикалық өсуді ынталандырушы немесе тоқтатушы рөлін атқаруы мүмкін. кәсіпорынның банкроттығы жайында актілерді жүзеге асыруға шешім қабылдау пррцестерінің нормативтік-әдістемелік, экономикалық, ұйымдық қамтамасыз етілуі;
перспективалы тауар өндірушілерді қолдау мақсатында, төлем қабілеті жоқ кәсіпорындарға мемлекеттік қаржылық көмек шаралары;
қайта құру және жою шараларын қаржыландыру;
банкроттық процедураға қатысушыларға экономикалық көмек көрсету;
кең ауқымды қоғам үшін банкроттар жайында ақпараттардың жариялылығын қамтамасыз ету,төлем қабілеті жоқ кәсіпорындардың тізімін жүргізу.
Американдық зерттеушілер құлдырау мен өрлеудің, дағдарыс пен банкроттың пайда болуының белгілі заңдылықтарын аныктап; берді:
біріншіден, кәсіпорынның өмірлік циклының барлық сатысында кезеңдік дағдарыстың пайда болуы;
екіншіден, шағын және орта бизнес фирмаларына тән құддырау немесе өрлеу циклдарының математикалық әдіспен анықталған ұзақтылығы.
Мәселен, американ фирмаларының өрлеу фазасы орта есеппен 3 жылға (1 жылдан 7,7 жылға дейін), ал құлау фазасы - 2,8 жылға (1 жылдан 4 жылға дейін) созылады [1, 59б.].
Батыс елдерінің экономикалық дамуының негізі болып табылатын нарықтық экономика белгілі бір бақылау жүйесін, кәсіпорындарды мүмкіндіктеріне қарай толығымен ойсыраудан қорғау, банкротқа ұшыраған шаруашылық субьектілеріне көмектесу жүйесін жасап шығарады.

Кәсіпорынның қаржылық тұрақсыздығы 1-суретте көрсетілген

Катысушылар

Ұйымдық кұрылым

Қабылданған процедура

Максаты мен

Әдістемелік
Принциптері

камтамасыз ету

Банкрот және кәсіпорынды колдау жүйесі

Кәсіпорын жағдайының

Заңмен жоне нормативтік кұжаттармен қамтамасыз ету
Диагаостикасы

банкроттың алдын алу

Әлеумет-тіқорғау

Кадрлар; даярлау

1-сурет. Кәсіпорынның қаржы тұрақсыздығының (банкротқа ұшырау) жүйесі
Ескерту: 5 дереккөздің негізінде автормен құрастырылған

1-сурет келтіріліп отырған банкрот жүйесі қандай да бір мемлекет болмасын қолдануға болатын тиісінше салдардан ұйымдық және әдістемелік кұрылымдардан тұрады.
Бұл жүйенің негізгі мәні -- өндіріс құрылымын нарық қалыптастырып отырған төлем сұранымын канағаландыруға бейімдеу қажеттілігі.
Банкрот жүйесін құру және оны нақтшы іске асырудың түпкі мақсаты -- тауар өндіруші және кызмет көрсетуші құрылымдардың тиімді жұмыс істеулерінің жағдайында ел тұрғындарының нарықтық сұранымдарына сәйкес халық шаруашылығын құрылымдық жағынан қайта құру. Бұған
Біріншіден, кәсіпорынның банкроттық жағдайында барлық шаруашылық субьектілері үшін өзара қарым-қатынастың коммерциялық жүйесін, құқықтары мен басым нысаны -- совхоздардың басым көпшілігі мемлекеттің қолдауында болды, дотациямен күй кешті.
Екіншіден, көптеген жеке кәсіпорындар банкроттық мәртебені қабылдамайды, демек, олар қызметтерін өз еркімен тоқтатады, оны қайта бастамайды [3, 63б.].
Міне, осындай жағдайда банкрот жүйесін пайдалану тиімсіз де емес, өйткені банкротқа ұшырау жағдайды жақсарту жолдарын ойластыруға мүмкіндік туғызады. Демек, жағдайды жақсартуға бағытгалған банкроттық процедура барлық қатысушылар үшін болмаса да, олардың көпшілігі үшін тиімді.
Шын мәнінде, кәсіпкер (оның ішінде мемлекет те) өз ісінің нығайуына мүмкіндік алады, алдына қойған мақсаты мен міндеттерін орындай алмағаньтна орай жетекшілікгі өзгертеді, ал бұл өз кезегінде:
оңды техникалық;
маркетингтік және кадр саясатын жүргізуге;
өндірісті дамытуға кажетті инвестициялар тартуға тиісті жағдай туғызады.
Несие беруші болса, ол өзінің ақшасын сақтап қалуға, ал қоғам -- экономиканың нарыққа бейімделген құрылымын қалыптастыруға мүмкіндік алады. Бұл тұрғындарға да тиімді. Олар тұтынуға қажетті тауарлармен қамтамасыз етілсе, бизнес өкілдері тиімді жөне керекті істермен шұғылданады.
Әлеуметтік қорғау жүйесі:
жұмыстан босап қалған еңбекке жарамды адамдарга тиісті жағдай жасау қажеттілігін;
жұмыссыздығы бойынша жәрдемақымен қамтамасыз етуге;
олардың біліктілігін көтеру үшін қайта оқыту жұмыстарын ұйымдастыруды алдын-ала ескерулері қажет.
Банкрот жүйесінің құрамды бөлігі:
кәсіпорьшның қаржылық жағдайын болжамдау;
дағдарыстың алдын алу және бақылау.
Дағдарыс жағдайын болжамдау бірнеше кезеңдерден тұрады:
кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау;
нарықтық қатынастардың даму бағытын болжау;
дағдарыстың себептері мен негізгі факторларын дер кезінде таба білу.
Кәсіпорын қызметінің табыстары мен сәтсіздіктері:
сыртқы, бұларға кәсіпорын әсер ете алмайды;
ішкі, бұлар кәсіпорын қызметкерлерінің ұйымластыру жұмыстарын жүргізудегі қабілеттеріне байланысты факторларға тікелей байланысты.
Сыртқы (әлеуметтік) жөне ішкі (технологаялық) факторлардың өзгерулеріне қарай бейімделу, оларды шеберлікпен ұштастыра жүргізіп отыру кәсіпорынның тұрақты жұмыс істеуінің, өркендеп өсуінің бірден-бір кепілі .
Кәсіпорын қызмепііне әсер ететін сыртқы факторларга мыңалар жатады:
халық қажеттілігінің өлшемі мен құрылымы;
халықтың табыстары мен жинақтарының деңгейі, яғни оның сатып алу кабілеттілігі (бұған баға деңгейі және тұтыну несиесін алу мүмкіндіктері де кіреді);
саяси тұрақтылық және ішкі саясат ағыбағыттар;
ғылым мен техниканың тауар өндіру процесі мен оның бәсекеге қабілеттілігін анықтайтын бағыттарын дамыту;
мәдениет деңгейі, яғни тұтыну нормасы мен дағдылары;
халықаралық бәсеке, мәселен, шетел фирмалары бір кездерде арзан еңбектің есебімен жеңіске жетсе, ал басқалары - жетілген технологиянегізінде [4, 17б.].
Кәсіпорын басшылары өз мекемелерінің қаржылық жағдайына:
ел экономикасының даму барысы;
инфляция;
кенеттен жаңа бәсекелестердің пайда болуы;
мемлекеттік реттеу жұмыстарындағы келеңсіздіктер;
мемлекеттік тапсырыстың күрт төмендеп кетуінің де әсер ететінін үнемі ескеріп отырулары.
Кәсіпорьшньщ дамуын анықтайтын және оның қызметінің нәтижелі болуының ішкі факторлары
Мынадай:
кәсіпорынның негізгі мақсаты;
оның қызметінің негізгі принциптері;
ресурстар және оны пайдалану;
маркетинг қызметін пайдаланудың деңгейі және оның сапасы.
Ішкі факторлардың маңызы жөнінде мынаныайтуға болады.
Мәселен, американдық кәсіпорындардың 90%-ке дейінгісінің жұмыстарындағы сәтсіздік, міне, осы:
тәжірибесіз менеджерлерге;
істі жетеуін білмейтін басшылыққа;
олардың кәсіпорын жұмысын өзгеріп отыруына сәйкес ұйымдастыра алмағандықтарына байланысты екенін, елде жүргізілген зерттеу жұмыстары көрсеткен .
Кәсіпорын дағдарысының бұлардан басқа да ішкі себептері бар,
Олар:
жұмысты нарық талабына сай ұйымдастыра алмағандық, осыған байланысты кәсіпорынның көптеген орынсыз шығынға ұшырауы;

өндірілген тауардың бәсекеге кабілеттілігінің төмендеп кетуі;
тауарлы өнім түр-түрінің дер кезінде жаңартылмауы;
басқару құрылымдарының үйлесімсіздігінен өнім өндіру мен дейын тауарды сатудағы шығындар деңгейінің тез көтеріліп кетуі;
штаттың өсуі;
қымбат бағалы технология, құрал жоне басқада еңбек заттарын шектен тыс пайдалану;
өндірістің және кәсіпорынның жалпы мәдени деңгейінің төмендеуі; -
кадрлардың біліктілігі;
өндірістің техникалық деңгейі;
ұжым қызметкерлерінің өзара қарым-катынастары;
Батыс елдері мамандарының пікірінше, классикалық нарықтық экономикада, банкротқа ұшырау себептерінің барлық кәсіпорындардың сыртқы факторлары үштен бір бөлігін, ал ішкі факторлар үштен екі бөлігін құрайды екен [5, 33б.].

Дағдарыстық жағдайлардың және банкротқа ұшыраудың негізгі факторлары 2-суретте көрсетілген

Негізгі факторлар
Сыртқы
Ішкі
Кәсіпорынның мақсаты мен қызмет прициптері
Маркетинг және өнімді ұтымды сатуды ұйымдастыру
Шығынның деңгейі
Өндірістік әлеует
Басқару әлеуеті
Еңбекті ынталандыру
Кәсіпорынның дамуындағы үйлесімсіздік

Демография
Мәдени жағдай
Ғылым мен техниканы дамыту
Саяси тұрақтылық
Қаржы, несие, салық саясаты
Инфляция
Халық табысының деңгейі
Борышқор кәсіпорындардың қаржылық жағдайы

Негізгі факторлар
Сыртқы
Ішкі
Кәсіпорынның мақсаты мен қызмет прициптері
Маркетинг және өнімді ұтымды сатуды ұйымдастыру
Шығынның деңгейі
Өндірістік әлеует
Басқару әлеуеті
Еңбекті ынталандыру
Кәсіпорынның дамуындағы үйлесімсіздік

Демография
Мәдени жағдай
Ғылым мен техниканы дамыту
Саяси тұрақтылық
Қаржы, несие, салық саясаты
Инфляция
Халық табысының деңгейі
Борышқор кәсіпорындардың қаржылық жағдайы

2-сурет. Дағдарыстық жағдайлардың және банкротқа ұшыраудың негізгі факторлары
Ескерту:дереккөздің негізінде автормен құрастырылған

1.2. Банкроттың алдын алу

Кәсіпорынның дағдарысқа ұшырауының алдын неғұрлым ертерек алуда бақылау жүйесін қалыптастырудың маңызы ерекше. Оның негізгі бағыттары жөнінде мыналарды көрсетуге болады:
кәсіпорынның негізгі қызметі бойынша өз әріптестерінің, тауарлы өнімді жеткізіп берушілердің,несиегер, банк, өнімді тұтынушылардың кәсіпорынға деген теріс көзқарастарын мезгілінде сезіну;
қайта ұйымдастыруға байланысты барлық өзгерістер (мәселен: ұйымдық, кәсіпорынның жабық және ашық бөлімшелері, филиалдары, еншілес бөлімшелері, олардың бірігулері);
тауарды жеткізіп берушілердің жиі және негізсіз алмасулары;
нарықтың жаңа түрлеріне шығу;
материалдар мен шикізаттарды көтере сатып алу;
Кәсіпорынның ойсырауы кейде оның жоғарғы деңгейдегі басшылары арасындағы жанжалдар мен келіспеушіліктеріне де байланысты.
Банкроттың басқа да ертерек байқалатын белгілері болады, кәсіпорын қызметіндегі қаржылық көрсеткіштердің өзгеруімен байланысты, сапалы түрде қаржылық есеп беру, оның уақытымен орындалмауы, аудиторлық тексерудің жүргізілмеуі:
бухгалтерлік есеп беруді кешіктіріп ұсыну және оның сапасын өзгерту, саналы (әдейі)әрекеттерге, не құрамның төменгі деңгейіне неменкуәлік беру; осы және басқа да белгілер қаржылық басқарудың болымсыздығына әкеліп соғады;
бухгалтерлік баланс статьяларын пассив және актив жағынан өзгерту және олардың анықталған сәйкестігін бұзу;
кәсіпорынның жеткізілім бойынша өзініңміндеттерін орындаудағы не қызығушылықтарын, не болуы мүмкін қабілетсіздіктерді жөнінде нементүсіндіре алады, материалдық запастардың артуы және кемуі;
жеткізушілер және несие беруде кәсіпорын қарыздарының артуы;
кәсіпорынның табысын төмендету,кәсіпорындағы акция құнының кемуі, кәсіпорында өз өніміне өзгермелі (жоғары немесе төмен) бағаның белгіленуі.
Үнемі есепке алып отыратын, былайша айтқанда, әрдайым сақ болатын жәйттер:
кәсіпорынның кезектен тыс тексерілуі;
коммерциялық қызметтердің орынсыз шектелуі;
лицензиялардың алынып тасталуы немесе тоқтатылуы және т.б.
Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығын қамтамасыз ету, дағдарыстың алдын алуды ұйымдастыру - өндірісті басқарудың құрамдас бөлігі.
Тактиканың екі түрі бар: Қорғану тактикасы, яғни жиынтықты шараларды ұқыпты жүргізу. Олай болса, оның тиісті стратегиясы мен тактикасын қолдану кәсіпорынның бір қалыпты жұмыс істеп, тиімділігін арттырудың кепілі болып табылады. Өнім өндіру, дайын тауарларды сату процесіндегі барлық шығындарды мейлінше қысқартуга негізделген.
Бастырмалату тактикасы, яғни бірінші кезекте стратегиялық мәңі бар шараларды іске асыру.
Мұндағы негізгі бағыттар:
нарықтардың жаңа түрлерін зерттеу және оларды игеру;
тиімді баға белгілеу;
өндірісті жетілдіру есебінен шығындарды азайту;
негізгі қорларды жаңарту;
жаңа технологияны енгізу және т.б. жүргізіледі.
Осы кезенде кәсіпорын басшылығын қайта бекіту немесе алмастыру қалыптасқан жағдайды кешенді талдау және бағалау жұмыстары жүзеге асырылады.
Өндірістік бағдарламаның қайта қаралуына сәйкес:
- кәсіпорынды дамытудың стратегиясы да езгереді;
- нарықта кәсіпорынның тыңғылықты позициясын рәсімдеу; .
- шығарылатын өнім атауларын жаңарту;
- жаңа нарық сегменттерін игеруді қарастырады.
Банкрот жүйесінің өркендеген түріне тек кәсіпорындар және олардың әр түрлі міндеттемелер бойынша әріптестері ғана емес, сонымен қатар мемлекеттік басқару органдары да кіреді . Мемлекеттік өкімет органдары банкрот жүйесіне қатысты болған жағдайында, олар ұйымдық, құқықтық және әлеуметтік қамту атқарымдығын қамтамасыз етулері тиіс [6, 34б.].
Банкрот жүйесінің алдында тұрған мақсаттар мен міндеттер оның әдіс және әдістемелік біртұтас жүйесін жасау талабын қойып отыр.
Талдамалы әдісті пайдалану (қаржы, өндірістік-техникалық ; жақсарту, басқарудың тиісті бағдарламалары мен инвестиция жоспарын жасау, сыртқы басқару, конкурстық өндіріс, санация) қаржылық жағдайға ұқыпты талдау жүргізуге, кәсіпорынды басқару жүйесіне, оның өндірістік және маркетингтік қызметтерін жандандыруға мүмкіндік береді.
Даярлау және қайта даярлау әдістемесін қолдану басқарма құрамын тағайындауда (төрелік және конкурстық басқарма) және таңдауда, сонымен қатар кәсіпорынның басқа да кызметкерлерін іріктеуде, оларды басшы органдарда жұмыс ұсыну процесінде айрықша рөл атқарады.
б)қаржылық нәтиже туралы есепте және баланс құрылымындағы кенегген пайда болған өзгерістер әсіресе:
есеп шоттардағы ақшаның кенеттен азайып кетуі(ол екінші жағынан, есеп шоттағы ақшаның көбеюі келешекте күрделі қаржының мүмкіндіктеріне теріс әсерін тигізудің айғағы);
дебиторлық қарыздардың көбеюі (бұлардың күрт азайып кетуі де тиімсіз, өйткені қоймадағы дайын өнімдердің тым көбеюі оларды сату процесін қиындатып жібереді);
дебиторлық шоттардың ескіре бастауы;
дебиторлық және кредиторлық қарыздар балансының бұзылуы;
кредиторлық қарыздардың өсуі (сонымен қатар есеп шоттарда қолма-қол ақша тұрғанда кредиторлық қарыздардың күрт азайғаны өндіріс келемінің тарыла бастағанының айғағы);
сатылатын тауар көлемінің азаюы;
в)кәсіпорындағы жанжалдар, әлдекімді басшылық қызметтен босату, қабылданған шешімдердщ сан жағынан бірден артуы және т.б.
Мұнымен қатар сатылатын тауар көлемінің шектен тыс көбейіп кетуі де пайдалы болмауы мүмкін. Өйткені жан-жақты, терең ойластырылмай сатып алынған шикізаттардың және күрделі қаржы шығындарының көбейіп кетуі келешекте кәсіпорьш балансының бұзылуына әкеледі, ал бұл банкротқа ерте ұшырау деген сөз. Бұдан басқа сатылатын өнімдердің ретсіз көбейіп кетуі өнім өндіру мөлшерінде кәсіпорынның банкротқа ұшырау алдындағы құлдырауын көрсетеді [7,17б.].
Банкроттан шығу мақсатында кәсіпорын жұмысын жақсартуға бағытталған төтенше шаралары қолданылады.
Олардың негізгілерінің қатарына мыналар жатады:
басшылықты алмастыру;
кәсіпорынның ұйымдық құрылымын өзгерту;
басқару аппаратын қысқарту;
жоспарлау-бақылау қызметтерін орталықтандыру; шығындарға қатаң бақылау орнату;
қызметкерлерді қайта даярлауды, кәсіпорында психологиялық бағдарлау жұмысын жүргізу;:
көрсетілген қызмет түрлерін және өнімдер атауларын мейлінше қысқарту маркетинг қызметін талапқа сай жоғары деңгейде ұйымдастыру. Бұл әлемнің көптеген елдерінде кең тараған, кәсіпорыңдардың,фирмалардың жәнс баска да өндіріс орындарының банкротқа ұшырамауын болдырмау мақсатында. Кәсіпорынның шығынға ұшырауын, әрдайым бірдей нашар жұмыс істеудің немесе төмен сапалы өнім шығарудың нәтижесі деуге болмайды. Әдетте, ол енгізілетін өндіріс жоспарына жоғарыдан тауарлардың мемлекеттік бағасының төмен деңгейде болуынан туындайды.
Алайда нарықты экономикаға көшуге байланысты экономикалық жағдай күрт өзгеруде:
банкроттық -- шаруашылық өмірінің обьективтік немесе субьективтік себептерінен туындайтын белгілі бір табиғи құбылыска айналып келеді;
мемлекеттік дотациялар елеулі түрде тарылуда, баға неғұрлым икемді бола түсіп, сұраным мен ұсынымды айқынырақ керсетуде. Сондықтан тиімсіз жұмыс істейтін кәсіпорынның банкротқа ұшырауы мүмкін, оны тиісті өкілеггік орган куәландырады. Ондай кәсіпорындардың мүлкі қосымша қаражат табу үшін басқа кәсіпорынға (ұйымға) сатылуы, жалға берілуі немесе акционерлік меншікке өткізілуі мүмкін.

1.3. Кәсіпорынның банкрот болу үрдісін мемлекеттік реттеу ерекшелкітері

Банкроттық саласындағы уәкілетті орган (бұдан әрі - уәкілетті орган) - банкроттық саласында мемлекеттік реттеуді жүзеге асыратын (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және ерікті жинақтаушы зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік орган.
Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігінің Мемлекеттік кірістер комитетінің кәсіпорынның банкрот болу үрдісін мемлекеттік реттеудегі міндеттері, функциялары, құқықтары мен міндеттемелері:
Комитеттің міндеттері:
1) оңалту және банкроттық саласындағы (банктерді, сақтандыру (қайта сақтандыру) ұйымдарын және жинақтау зейнетақы қорларын қоспағанда) мемлекеттік реттеуді жүзеге асыру;
2) әкімшіні есепке алу, оңалтушы және конкурстық басқарушыларды тағайындау және шеттету тәртібін, сондай-ақ әкімшінің біліктілігін арттыру айқындауға қатысу;
Комитеттің функциялары:
1) оңалту рәсімдері мен банкроттық рәсімдердің өткізілуіне мемлекеттік бақылауды жүзеге асыру;
2) жалған және қасақана банкроттықтың белгілерін анықтау;
3) уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушы ретінде қызметін жүзеге асыруға үміткер тұлғалардың біліктілік емтихандарын өткізу тәртібін айқындауға қатысу;
4) уақытша әкімші, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушы ретінде қызметін жүзеге асыруға үміткер тұлғалар үшін біліктілік емтихандарын өткізу;
5) әкімшілерді есепке алу, оңалтуды және банкроттықты басқарушыларды тағайындау және шеттету тәртібін, сондай-ақ әкімшінің біліктілігін арттыру тәртібін айқындауға қатысу;
6) оңалтуды және банкроттықты басқарушының қорытынды есебінің нысандарын әзірлеуге қатысу;
7) оңалту жоспарының тиімділігі (тиімсізділігі) туралы уақытша әкімші қорытындысының үлгілік нысандарын әзірлеуге қатысу;
8) борышкердің қаржылық жағдайы туралы уақытша басқарушы қорытындысының үлгілік нысандарын әзірлеуге қатысу;
9) уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушының қызметін жүзеге асыру құқығы бар адамдарды тіркеу және оларды тіркеуден шығару;
10) кредиторлар жиналысы ұсынған кандидатураны оңалтуды немесе банкроттықты басқарушы етіп тағайындау;
11) Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында реттелетін қатынастарда уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың электрондық тәсілмен қатысу тәртібін белгілеу жөнінде ұсыныстарды әзірлеу;
12) табиғи монополия субъектілері немесе тиісті тауар нарығында үстем немесе монополиялық жағдайға ие болған нарық субъектілері болып табылатын не республика экономикасы үшін маңызды стратегиялық мәні бар, азаматтардың өміріне, денсаулығына, ұлттық қауіпсіздікке немесе қоршаған ортаға әсер ете алатын, оның ішінде акцияларының пакеттері (қатысу үлестері) Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкес стратегиялық объектілерге жатқызылған ұйымдардың, сондай-ақ мемлекеттің бастамасымен банкрот деп танылған, оларға қатысты Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңында осындай тәртіп көзделген ұйымдардың банкроттығы кезінде ерекше шарттар белгілеу бойынша ұсыныстарды және мүліктік массаны өткізу тәртібін және мүліктік масса объектілерін сатып алушыларға қойылатын қосымша талаптарды әзірлеу;
13) оңалтушы басқарушының оңалту рәсімінің жүзеге асырылу барысы туралы, уақытша басқарушының борышкердің қаржылық жай-күйі туралы мәліметтерді жинаудың және банкроттық рәсімнің жүзеге асырылу барысы туралы, банкроттық басқарушының банкроттық рәсімнің жүргізілу барысы туралы ағымдағы ақпараттарын қарау;
14) кредиторлар талабының тізілімін интернет-ресурсқа орналастыру;
15) банкрот деп тану туралы сот шешімі заңды күшіне енген банкроттардың тізімін уәкілетті органның интернет-ресурсында жариялау;
16) Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес интернет-ресурсқа орналасытру:
кредиторлар жиналысын өткізу туралы хабарлама;
банкроттық туралы iс қозғау және кредиторлар талабының мәлімдеуі тәртібін жариялау;
борышкердi банкрот деп тану және банкроттық рәсімін қозғай отырып, оны тарату туралы жариялау;
оңалту рәсімін қолдану және кредиторлардың талаптарды мәлімдеуі тәртібі туралы жариялау.
17) уақытша басқарушының борышкерді банкрот деп тану туралы өтініште көрсетілген мекенжай бойынша борышкердің жоқ екені және оның есебінен банкроттық рәсімді жүзеге асыруға болатын мүліктің (активтердің) жоқ екені туралы қорытындысын ескере отырып, жоқ борышкерді банкрот деп тануды және банкроттық рәсім қозғамай оны таратуды келісу;
18) сот шешімі бойынша:
Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 56-бабының 4-тармағында көзделген жағдайда кредиторлардың алғашқы жиналысын;
Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 118-бабында белгіленген тәртіпте банкроттық рәсімін қозғамай банкротты тарату жүргізу;
19) борышкердің мүлкін (активтерін) сату бойынша электрондық аукцион өткізу тәртібінің сақталуына бақылауды жүзеге асыру;
20) Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңының 7-бабына сәйкес мән-жайларда жасалған мәмілелерді анықтау жөнінде шаралар қабылдау;
21) санкцияға қатысушыдан растайтын құжаттарды сұратуды жүзеге асыру;
22) Оңалту және банкроттық туралы 2014 жылғы 7 наурыздағы Қазақстан Республикасы Заңында көзделген жағдайда банкроттың мүлкін уақытша басқарушының сатуына келісу;
23) уақытша әкімшінің, оңалтуды, уақытша және банкроттықты басқарушылардың әрекеттеріне жасалған шағымдарды қарау;
24) мемлекеттік органдардан, заңды тұлғалардан және олардың лауазымды адамдарынан төлемге қабілетсіз және дәрменсіз борышкерлер туралы ақпараттың сұратылуын және алуын жүзеге асыру;
25) уақытша және банкроттықты басқарушыларға банкрот деп тану туралы заңды күшіне енген сот шешімі бар ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Кәсіпорын қызметінің тоқтауы (банкрот)
Кәсіпорының банкротқа ұшырауының қаржылық мәселесі
Борышқор кәсіпорынның қаржылық жағдайы
АЙВЕНГО ЖАУАПКЕРШІЛІГІ ШЕКТЕУЛІ СЕРІКТЕСТІГІНІҢ ҚАРЖЫЛЫҚ ЖАҒДАЙЫНА ТАЛДАУ
Кәсіпкерлік қызметтің банкроттықтан сақтандыру жолдары
Кәсіпорын қызметінің тоқтауы
Кәсіпорын қызметін бағалау көрсеткіштері
Банкроттық түсінігі және әлемдік ұйымдардың практикасы
Кәсіпорындардың банкротқа ұшырау себептері
Инвестициялық жобаның шешім қабылдау тәсілдері және жүзеге асыру құрылымы
Пәндер