Жамбыл облысының экологиялық жағдайы



Жұмыс түрі:  Диссертация
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 40 бет
Таңдаулыға:   
Жамбыл облысындағы табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін талдау.

Диссертациялық жұмыстың мақсаты - Жамбыл облысындағы табиғат пайдаланушылардың қоршаған ортаға тигізетін әсерін талдау.

Кіріспе

Тараз қаласы екі мыңжылдық тарихы бар Қазақстанның ежелгі тарихи-географиялық, мәдени мәні зор қалаларының бірі. Осындай ерекше орны бар қаланың ХХІ ғасырдағы кескін-келбетіне адамның шаруашылық әрекетінің тигізген түрлі әсерлерін сипаттау, қала болашағын айқындауда осы аумақта орналасқан ірі өндіріс орталықтарының тигізген ықпалын айқындау және оны саралау осы іздену жұмысының өзектілігін, қажеттілігін түсіндіреді.
Жамбыл облысының оңтүстік-батыс бөлігінде, Талас-Асаның шұрайлы алқабында, Қырғыз тауларының солтүстігіне қарай тау алды жазығында, Талас өзенінің сол жақ шұрайлы жағалауында орналасқан. Қала аумағында өңдеу өнеркәсібі, машина жасау және отын-энергетикалық бағыттағы заманауи қуатты кешендер жүйесі шоғырланған. Облыстағы өнеркәсіп өндірісі жалпы өнімдерінің 70 %-н астамы Тараз қаласы кәсіпорындары көмегімен өндіріледі.
Қалада сары фосфор, минералдық тыңайтқыштар, натрий трифолифосфат, электр қуаттары, жуылған жүн, қант, құрылыс-металдық материалдар және құрылымдар, ферроселикомарганец және тағы да басқа өнім түрлері өндіріледі.
Жамбыл облысы - Оңтүстік Қазақстандағы ірі облыстардың бірі. Жамбыл облысы Бетпақ даланың шөл даласынан ақ басты Алатауға, Шу мен Талас өзендері бассейіндерінен Қаратауға дейін 145,2 шаршы шақырымға созылып жатқан кең байтақ өлке. Облыс солтүстіктен оңтүс-тікке қарай 400 км-ге,ал батыстан шығысқа қарай 500 км-ге созыла орналасқан. Жамбыл облысы Қазақ ССР-нің жеке облысы ретінде 1932 жылы 14 қа-занда құрылды. Облыс оңтүстік - батысында Оңтүстік Қазақстан облысымен, солтүстігінде - Қарағанды, шығысында - Алматы облыстарымен, оңтүстігі мен оңтүстік- шығысында Қырғызстан Республикасымен шектеседі. Жамбыл облысы әкімшілік - аумақтық бөлінісі жағынан 10 аудан және 4 қаладан тұрады. Облыс орталығы - Тараз қаласы. Халық саны : 988,8 мың адам. Бүгінде Жамбыл облысы - үлкен өндіріс, ауыл шаруашылық және ғылыми орталық болып табылады.
Бүгінгі таңда Жамбыл облысында 2 390 табиғатты пайдаланушы бар, олардың 270-і бірінші дәрежелі.
Жыл ішінде табиғат пайдаланушыларға 332 сараптама қорытындысы берілді (2016 ж. - 412, 2017 ж. - 236). Оның 96-ы, яғни, 28,9 пайызы экологиялық нормаларға сәйкес келмегені үшін келісілмеді. Берілген 332 сараптама қорытындысынан, ведомстводан тыс кешенді сараптама арқылы 2 қорытынды берілді, оның ішінде келісілмегені 2. Қоршаған ортаға эмиссияларға рұқсат алу үшін 107 өтінім келіп түсті (2016 ж. - 225, 2017 ж. - 148). 79 өтінімге рұқсат берілді (2016 ж. - 153, 2017 ж. - 90). 28 өтінім қабылданбады (2016 ж. - 72, 2017 ж. - 58). Жобалардың орташа қаралу мерзімі - 11 күнтізбелік күн болды. Өтінімдерде - 5 күнтізбелік күнді құрады (Ережеге сай белгіленген мерзім - 45 күн, 15 күн.).
Өңірде табиғат пайдаланушылардың жалпы саны 2429. Оның ішінде: I-санатта - 309, 2-санатта - 187, 3-санатта - 383, 4-санатта - 1550 жеке және заңды тұлғалар бар. Департаментте 2 мемлекеттік қызмет көрсетіледі. (І-санаттағы нысандар үшін қоршаған ортаға эмиссияға рұқсат беру, І-санаттағы нысандар үшін мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын беру).
396 нысанға мемлекеттік қызмет көрсетілді. Оның ішінде 79 нысанға экологиялық рұқсат берілді. 317 нысан мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысын алды. 43 мемлекеттік қызмет бойынша бас тартылды. Көрсетілген мемлекеттік қызмет сапасына қатысты табиғат пайдаланушылар тарапынан арыз-шағымдар болған жоқ. Жыл басынан бері қоршаған орта эмиссияларына арналған лимиттердің шығарындылары 114,9 мың тонна болса, нақты эмиссия көлемі 80,8 мың тоннаны құрады. (2017 ж. эмиссия лимиттері - 115,8 мың. тн, нақты эмиссия көлемі - 70,3 мың тн)

Жамбыл облысының қазіргі экологиялық жағдайы: Қаратау провинциясында экологиялық жағдайы пайдалы қазбаларды өндірген жерлерде шиеленісті. Ал қалған аймақтарда- қанағаттанарлық табиғи шайылымның дигрессиясы байқалады. Тау алдындағы жазықтарда ирригациялы эрозия мен антропогенді шөл басу байқалады.
Ерекше қорғалатын террторияларда қазіргі жұмыс істеп тұрғаны- Ақбастау мен Қарабастау полеонтологиялық табиғи ескерткіштері. Бұл екеуі Ақсу-Жабағылы мемлекеттік табиғи қорықтың филиондары болып табылады. Қаратаудың Бұрындай аңғарында орналасқан. Аса терең емес сайдағы сазды әртүрлі балықтардың, молюска, тасбақа, жәндіктердің және юра дәуірінің көптеген өсімдіктерінің, осыдан 150 млн. жыл бұрын тіршілік еткен, қалдықтары сақталып қалған.

Сурет. Жамбыл облысының экологиялық жағдайы
Қоршаған ортаға тигізіп отырған әсері тұрғысынан техногенездің ықпалы зор. Табиғи ортадағың геоэкологиялық жағдайын шиеленістіреді: табиғи шикізаттың қоры азайып, денсаулығына үлкен нұқсан келтіреді, табиғи ландшафтының экологиялық қалыпты орта құраушы қаблетін төмендетеді.
Жамбыл облысы территориясының экологиялық жағдайының нашарлауы, оны ластаушы заттардың құрамына және сандық көрсеткіштеріне байланысты. Ластаушы заттардың құрамы, біздің өлкедегі өнеркәсіп саласына, оның өндіріс көлеміне қарай анықталады.
Жамбыл облысының қазіргі геоэкологиялық жағдайы барлық жерінде бірдей емес. Территорияның экологиялық жағдайы әртүрлі провинцияда әрқалай. Жамбыл облысының территориясында экологиялық дестабилизацияның қанағаттанарлық деңгейі тән (58,9%). Экологиялық жағдай шиеленіскен жағдай - 28% территорияда. Ал экожағдай аса шиеленіскен территория үлесі - 1,3 %. Экологиялық қалыпты жағдай 11,8 % территорияда сақталып отыр.
Жамбыл облысы территориясындағы геоэкологиялық жағдайды сараптау 13 геоэкологиялық анклавты ажыратуға мүмкіндік берді. Әрбір анклав - экологиялық шиеленістің ошағы. Ол экологиялық жағдайы қалыпты провинция аумағында дамиды, сондықтан қоршаған ортадағы бүлінген, қалпына келтіруге бағытталған кезек күттірмейтін шараларды геоэкологиялық анклав аумағында іске асыру керек.

Жамбыл облысының ірі қалалары:Тараз қаласы, Шу қаласы, Қаратау қаласы, Жаңатас қаласы
Шу қаласы - Жамбыл облысы Шу ауданындағы қала. Аудан орталығы Төле би ауылынан оңтүстікке қарай 8 км, облыс орталығы Тараз қаласынан солтүстік-шығысқа қарай 225 км жерде, Шу өзенінің сол жағында орналасқан. Тұрғыны 36 010 адам (2010).
Іргесі 1928 жылы Түркістан - Сібір теміржолын салуға байланысты қаланған. Қала Мойынты - Шу теміржолы қосылғаннан кейін шұғыл дами бастады.1960 жылдан аудан, 1965 жылдан облыстық бағыныштағы қала болады. Қалада 1995 жылға дейін жөндеу-механика, темір-бетон, қант, сүт өнімдері, автокөлік және құрылыс орындары, баспахана, ауыл шаруашылық техника бірлестіктері болды. Олардың басым көпшілігінің атауы мен құзырлары өзгеріп, экономиканың әр түрлі бағытындағы кәсіпорындар мен мекемелерге айналды. Ірілері: "Шу тепловоз жөндеу зауыты", "Шу механикалық жөндеу зауыты", "Шу астық тарату базасы", "Шатыркөл" мыс кен орны , "Қызыл бидай", "Шу автокөлік кәсіпорны", "Шу жолаушы автокөлік кәсіпорны" АҚ-тары және "Қазақ зағиптар қоғамының оқу-өндірістік кәсіпорны" ЖШС-і, т.б. кәсіпорындар мен мекемелер жұмыс істейді. Бұлардан басқа ауыл шаруашығы бағытта 28 шаруа қожалығы, 2 ЖШС және 1 агробірлестік бар.
Білім беру және мәдениет орындарынан жалпы білім беретін 10 мектеп, 1 кәсіптік-техникалық мектеп, 2 колледж, 6 кітапхана, 1 мәдениет үйі, 2 стадион, мешіттер, т.б. мекемелер бар. Денсаулық сақтау орындарынан 1орталық қалалық аурухана, аумақтық емхана, тубдиспансер, отбасылық-дәрігерлік амбулатория, 3 фельдшерлік-акушерлік пункт және тіс емханасы жұмыс істейді.[1.23]
Қаратау қаласы -- қала (1963 жылдан), Жамбыл облысы Талас ауданының орталығы, темір жол бекеті. Облыстың оңтүстік бөлігінде, Тараз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 82 км жерде, Қаратау тауының солтүстік-батыс сілемі - Шолақтау баурайында, Жетімшоқы және Ақтау тауаралық аңғарында, бұта аралас боз жусан, сұлыбас, баялыш, бетеге, т.б. астық тұ Іргесі 1946 жылы Шолақтау кенті болып қаланған. Қала өмірі Қаратау фосфоритті алабымен тығыз байланысты. Қаратау кеніші алғашқы өнімін 1946 жылы 5 желтоқсанда бере бастады. 1963 жылы флотациялық әдіспен байыту фабрикасы іске қосылды. Қаратау 20 ғасырдың 60 - 90-жылдары, КСРО және республика экономикасының дамуына елеулі үлес қосты. Осы жылдары ауыл шаруашылығына қажет фосфорлы минералды тыңайтқыштарға сұраныс күшейді. Бұл Қаратауда фосфорит өндірісін қарқынды дамытуға жағдай туғызды. Оның негізінде Қаратау кен-химия комбинаты салынды.
Яндекс.Директ
А мы работаем стабильно. Как?
1965 - 85 жылдары Қаратауда республика деңгейдегі құрылыс ұйымдарының сала аралық кәсіпорындары жұмыс істеді. Қалада өндірістің дамуы оның инфрақұрылымдарының санын жедел өсірді. Жартас бөгені салынды (1944, сыйымдылығы 6 млн. м³). 1948 жылы Кеншілер саябағы ашылды. 1970 - 80 жылдары қалалық кітапхана, балалар кітапханасы, спорт ғимараттары бой көтерді. 1964 жылы Қазақ политехникалық институтының (қазіргі Қ.И. Сәтбаев атындағы Ұлттық технология университет) бөлімшесі ашылды.
1966 жылы құрылыс техникумы, кәсіби-технология училище құрылды (қазіргі кәсіптік бағдар беретін мектеп-лицей). Тәуелсіздік жылдары бұрынғы КСРО аумағындағы экономикалық байланыстардың жаппай үзілуі өндіріс орындарының тоқырауына әкелді, қала өмірінің ырғақты дамуы тежелді. Қаратау фосфорит кентасын пайдаланатын Самара, Волгоград, Пермь, Қоқан, Алмалық, Самарқан, Чарджевқалаларындағы химия кәсіпорындар фосфор шикізатын сатып алуды тоқтатты. Тек 90-жылдардың соңында ғана бұрынғы байланыстар қалпына келе бастады.[2.26]
қымдас шөптесін өскен сұр топырақты шөлді белдемде орналасқан. 1990 жылға дейін Қаратауда 40-тан астам өндіріс орындары болды. Бұрынғы фосфорит өндірістік құрылымдары Қаратау АҚ-на біріктірілді. Сонымен бірге қалада химия, құрылыс материалдары, тұрмыс қажетін өтеу комбинаттары, ет, нан, сүт заттары, т.б. кәсіпорындар бар. Аудан тұтынушылар кооперативі, аудан телекоммуникация, пошта торабы, аудан электрлендіру жүйесінің мекемесі, Ақкөл су шаруашылық жүйесінің басқармасы, Сарытас, Қаратау кен байыту басқармасы акционерлік қоғамдары, Мәрмәртас кен орны, Сүлейменсай тері өңдеу фабрикасы, ҚаратауНан, Құрылыс-Жанар, Жолаушы автокөлік кәсіпорны акционерлік қоғамдары, 2 жол жөндеу басқармасы, т.б. кәсіпорындар жұмыс істейді.
Жаңатас қаласы -- Жамбыл облысы Сарысу ауданының орталығы. Облыс орталығы -- Тараз қаласынан солтүстік-батысқа қарай 170 км жерде, Қаратау жотасының солтүстік беткейінде жусан, күйреуік, баялыш өскен таудың сұр топырақты шөлейт белдемінде орналасқан. Іргесі ірі фосфорит кенін игеруге байланысты 1964 жылы қалана бастады. 1969 жылы кентке, 1971 жылы қалаға айналды. Қалада бұрынғы фосфорит өндірісінің негізінде құрылған акционерлік қоғамдар мен өндірістік кооперативтер жұмыс істейді.
Тараз қаласы -- Жамбыл облысының орталығы. XVIII ғасырда бұл қала Әулие-Ата деп аталған. 1936-1937 жылдар аралығында Мирзоян деп аталған. 1937-1997 жылдары Жамбыл, 1997 жылы 8 қаңтарда тарихи аты - Тараз атауы қайтарылды. Орта ғасырларда Тараз деген атауымен әйгілі болды. Қалаға ең бірінші келгендер - Ферғана алқабының өзбектері болған. 1997жылынан бастап тарихи атауы қалаға қайтарылды. 2002 жылы Тараз өзінің 2000 - жылғы мерейтойын атап өтті. Орта ғасырларда Тараз Ұлы Жібек Жолының бойында орналасқан қалаларының бірі еді. Әсіресе Қарахан дәулеті кезінде гүлденген. 19 ғасырда Әулие Ата Қоқан қамалы еді. ХІХ ғасырының 60-шы жылдарында Ресей империясыныңқұрамына кірген. Кеңес Одағы кезінде Жамбыл облысының орталығы болып, Қазақстан тәуелсіздігін алған соң егемен елінің жайлаулы Жамбыл облысының әкімшілік орталығы, тарихы бай көне шаһар болып өркендейді.
Тараз қаласындағы кейбір өндіріс орындарының шығаратын лас қалдықтарының әсерінен туатын түрлі аурулардың түрлері
Өндіріс орындары
Улы заттар тобы
Лас заттардың құрамы
Аурулар түрлері
Казфосфат зауыты
І-ІІ
Аммиак, формальдегид, газды және аэрозольды фторидтер, азот қышқылы.
Созылмалы бронхит, қан айналу және тыныс алу жүйесінің бұзылуы, өкпенің зақымдануы, зат алмасу процесінің бұзылуы, қан аздық, лейкопения, гастрит, ойық жара, дерматит.
Химпром - 2030 зауыты
І
Шаң, бензин, формальдегид, азот қышқылы, трихлорэтан, фенол, стирол.
Бас ауруы, бас айналу, анемия, өкпенің зақымдануы, дірілдеу, жүрекаурулары, пневмокониоз, көз аурулары, астма, тыныс алу мүшесінің аурулары.
Қант зауыты
ІІ-ІІІ
Органикалық еріткіштер.
Тері аурулары, дерматит, қант диабеті, тіс құрты, мұрын және ауыз эмфиземасы, ас қорыту мүшесінің ауруы, жүйке жүйесі нің бұзылуы.
Тері өңдеу зауыты
ІІІ
Органикалық еріткіштер.
Токсиндік улы заттар, бас ауруы, ұйқының бұзылуы, дерматит,зат алмасу процесінің бұзылуы.

Халықтың аурушаңдығы олардың қоршаған ортамен өзара қарым-қатынасының нәтижесінде тұрғындар арасында патологияның туындауы мен таралуының жалпылама объективті көрінісі десек қателеспейміз. Адамдардың ерте өмірден өтуіне, денсаулығының, еңбек және демалыс жағдайларының нашарлауына қазірдің өзінде көпшілік жерлерде зер сала қарамайтын болды. Мұндағы басты көрсеткіштерге түрлі аурулар, мүгедектік, ерте өлім деңгейлерін жатқызуға болады. Қоршаған ортаның тұрғындардың әсіресе, балалардың денсаулығына тигізетін әсерін сипаттайтын көрсеткіштердің бірі - дененің дұрыс дамымауы болып отыр. Кез келген топқа тән орташа көрсеткіштерден ауытқушылық дене дамуының объективті кемшіліктері болып саналады. Тараз қаласының тексеруден өткен 1649 баланың 739-ы ғана үйлесімді дамыған болып шықты. Бұл небәрі - 44,8%. Санақ мәліметтеріне сүйенсек, облыс тұрғындары арасында 1977 жылдан бері қатерлі ісік (рак) 1,3 есе көбейген. Бұл кеселдің Тараз қаласында орташа көрсеткіштен жоғары екендігі алаңдатады. Жалпы алғанда аурулар құрамында өкпенің зақымдануы - бірінші орында, асқазан жарасы - екінші орында, оның үстіне әйелдерге қарағанда еркектер жағы көп ұшырайды, пайызға шаққанда тиісінше 1,7% және 4,4% құрайды.
Қоршаған ортаны ластаушылардың негізгі көздеріне: фосфор зауыттары, химия зауыттары, энергетика, транспорт және т.б. жатады. Олардың ауаға шығаратын лас қалдықтарына аммиак, формальдегид, фосфин, газды және аэрозольды фторидтер, органикалық шаң, күл, көмір қышқылы, т.б. жатады. Тараз қаласының зауыттар аймағында фторлы сутегі және улы газдар, ал орталығында азот қышқылы мен аммиак тараған. Бұл улы газдар қазіргі кезде психикалық аурулардың, жүйке жүйесі ауруларының, қан айналу жүйелері ауруларының көрсеткіштерін жоғарлатып отыр.
Қазіргі кезде өкпе ісігі және туберкулез аурулары тұрғындар арасында өсіп отыр. Туберкулез ауруы Тараз қаласында 100 мың адамның ішінен - 123, ал оған салыстырмалы түрде Меркеде - 41, Қордайда - 40, Талас ауданында - 118 екенін айтуға болады. Әсіресе, туберкулез ауруымен жиі ауыратындар 18-29 жастағы адамдар.
Демографиялық жағдайға келетін болсақ, қалада туу жағдайы төмендеп, адамдардың өлімі көбейген. Тараз қаласының демографиялық көрсеткіштері және оған салыстырмалы түрде Шымкент, Қызылорда, Ақтөбе қалаларының демографиялық көрсеткіштері 6-кестеде көрсетілген.
Кесте 6 - Қалалардың демографиялық көрсеткіштері
Демографиялық жағдайы (1000 адамның ішінен)
Тараз қаласы
Шымкент қаласы
Қызылорда қаласы
Ақтөбе қаласы
Туылу деңгейі

Өлу деңгейі

Табиғи өсу

Облыста әрбір 100 мың адамның қатерлі ісіктерден өлу көрсеткіші: Тараз қаласында - 153, оған салыстырмалы түрде Қаратау қаласында - 119, Шу қаласында - 147, Жаңатас қаласында - 58, Меркі қаласында - 102, Жуалы ауданында - 127, Қордай ауданында - 163, Мойынқұм ауданында - 125, Т.Рысқұлов ауданында - 88 сияқты көрсеткіштерге ие болыр отыр [43, 44].
Жамбыл облысындағы балалар аурулары, оның ішінде тыныс алу мүшелерінің аурулары - 75,7%, инфекциялық және паразиттік аурулар - 7,8%, ас қорыту мүшелерінің аурулары - 2,6% құрайды. Ересектерде туберкулез ауруы - 69,7%, тыныс алу мүшелерінің аурулары - 39,5% болып отыр. Сонымен бірге ас қорыту мүшелерінің аурулары қазіргі кезде ересектер арасында жиі көрінеді. Ол аурулар: созылмалы гастрит, дуоденит, өтте тас болу, холецистит [15, 41].
Көптеген балалардың ауруы мен өліміне, олардың жарымжан болып туылуына экологиялық факторлар көп әсер етіп отырғанын 1989 жылдың 7-сәуірінде Алматы қаласында өткізілген Аналар мен балалардың денсаулығын сақтау жөніндегі республикалық ғылыми-практикалық конференциясында орынды атап өтті. Жамбыл, Қызылорда, Оңтүстік Қазақстан, Солтүстік Қазақстан, Ақтөбе, Ақмола облыстарында ауыз судың сапасыздығынан іш ауруы көбейіп, бала өліміне жол ашып отырғаны анықталды. Ал Қызылорда, Семей облыстарында радиация әсерінен балалардың өлімі жиілеп, жарымжан нәрестелер дүниеге келуде. Республикамызда перзентханалар, ата-аналарға кеңес беретін емдеу орындары, балалардың емханалары, демалыс орындары, сондай-ақ онда қызмет көрсететін бала дәрігерлері әлі де жетіспейді.
Бала - біздің болашағымыз дейміз, ал олардың өлімі, жарымжан болып туылуы және аурулары тоқырау жылдарында күрт өскен болса, қазіргі нарықтық заманда да сол деңгейден аспаса, кемімей келеді. Балалар өліміне ата-анасынан тыс, қоршаған ортаның әсер етіп отырғаны аңғартады. Оның ішінде біздің елімізде әрбір туылған мың сәбидің отызы шетінеп, алпысы анемия ауруына ұшырайды.
Қазіргі кезде өте қауіпті болып отырған балалардың үлес салмағының (удельный вес) дисгармондық физиологиялық өсу деңгейі - 45,9%, оның ішінде төмен дисгармондық өсу деңгейі 609 балада (37%) және өте төмен дисгармондық өсу деңгейі 147 балада (8,9%) болып отыр. Ал өсу деңгейінің кеш дамуы 8,1% балада болып отыр. Үлес салмағының кеш дамуы ұлдарда қыздарға қарағанда өте жоғары көрсеткішке ие. Олар ұлдарда: 9,3% - 3 жастағы, 10,4% - 4 жастағы, 9,1% - 5 жастағы, 9,5% - 6 жастағы балаларда болып отыр, ал қыздарда бұл сандар орташа 6,5%-ды көрсетеді [43, 44].
Жамбыл облысындағы Аса, Талас, Шу өзендеріне шайынды сулардың құйылуы, ауыз суларының ластануы балалардың гепатит, туберкулез, іш құрты, тері аурулары және т.б. жұқпалы ауруларын туғызып отыр. Облыстық су қорларының негізі - өзендер. Олардың 60%-ы көрші Қырғызстан тауларынан басталады, ал 40%-ы өз жерімізде. Өзен сулары суармалы жайылымдарды және ауылшаруашылық, өнеркәсіптік, коммуналдық, тұрмыстық құрылымдарды сумен қамтамасыз етуге пайдаланылады. Судың жеткіліксіздігі, сапасының нашарлығынан облыстың кейбір аудандарында экологиялық проблемалар туындап отыр. Шу, Аса, Талас өзендерінің төменгі жағында су тапшылығынан жайылымдар мен шабындықтар қуаңшылыққа ұшырап, құм көшкіні пайда болды.
Шу өзеніне қосылатын шайынды сулар рұқсат етілген шекті мөлшерінен асып кеткен. Атап айтқанда, нитрит - 9,7 рет, нитрат - 9,2 рет, аммонилы азот - 3,4 рет, басқа қоспалар - 5,6 рет, сульфат, хлорид, цинк, хромның артық мөлшерде екені анықталды. Өнеркәсіптерден құйылатын шайынды сулардың көлемі 20,0-30,0 мың м.куб.тәулік. Шайынды сулар жерасты және жерүсті суларын ластап отыр. Өнеркәсіп орындарының жеке локальды тазалау құрылымдарының жоқтығынан шыққан шайынды сулар ешқандай тазартудан өтпей сүзгі алаңыны жайылып отыр.
Аса өзені үлкен проблемалық мәселердің бірі агроөнеркәсіптік кешендерге суды үнемдеу мәселесі болып отыр. Күнделікті суармалы жерлерді суару негізінде, судың 45%-ға дейін шығынға ұшырап отыр. Өнеркәсіптердің шайынды сулары Аса өзені мен суармалы жерлерді ластауда. Шайынды сулардың бетімен жайылуы мәдени өсімдіктерді, ауыз суды ластап, жұқпалы індеттер таратып отыр. Аса өзені бойындағы үш ауданның шегіндегі тұрғындарға, жергілікті өсімдіктер мен жануарлар дүниесіне қауіп төнуде. Локальды тазалау құрылысы салынбаған Аса өзенінің суы да еш тазалаусыз сүзгі алаңына жайылып отыр. Ал сүзгі алаңына түсетін салмақ жыл мезгілдеріне байланысты өз мүмкіншілігінен 5-6 есе артық. 1993 жылы осыншама салмақты төтеп бере алмаған байлау, тоғандар бұзылып, Аса өзенінің ластанғанын білеміз. Осы күнге дейін сүзгі алаңдарының соңғы бөлігінен шыққан шайынды сулар Аса өзені мен суармалы жерлерді ластауда [15, 41].
Билікөл көлі көлемі 86,5 км шақырым жерді алып жатыр, оның сиымдылығы - 182,6 млн. текше метр. Билікөл суының ластану индексі 2,88 ден 4,49 өсті. Суы ең лас көл қазіргі кезде осы Билікөл болып отыр. Локальды тазалау құрылысы жоқ бұл көлдің суы да еш тазалаусыз сүзгі алаңына жайылып отыр. Шайынды сулардың сүзгі алаңына келіп түсуінен, гидравликалық салмақтың шектен тыс молдығынан, табиғи факторлардың әсерінен Жамбыл, Байзақ аудандарының көп жерлерін әсіресе, ауыз суын ластап отыр. Жамбыл облысындағы өзен суларының ластануы 7-кестеде көрсетілген.

Облыс бойынша 4 қала мен 2 елді-мекенде ғана орталықтандырылған канализация жүйесі бар. Бірақ шайынды суларды тазалау мәселесі Қаратау, Меркі қалаларында ғана шешімін тапқан, ал облыс орталығында бұл мәселе әлі күнге дейін қолға алынбаған. 192 гектар жерді алып жатқан сүзгі алаңы болып есептелетін қаланың тазалау құрылымының жағдайы өте мүшкіл. Қаланың өнеркәсіп орындарының шайынды суларының 80%-ы, яғни 180-200 мың.м.куб.тәулік осы сүзгі алаңына келіп түсуде. Ол жер Жамбыл ауданындағы Куйбышев елді-мекенінің жерлері. Солтүстік-батыс өнеркәсіптік аймағының да жағдайы мәз емес. Локальды тазалау құрылысы жоқ бұл маңның суы да еш тазалаусыз сүзгі алаңына жайылуда. Су тазалағыш құрылымдарын салу, қазіргі кезде кезек күттірмейтін мәселе. Қазіргі кезде Тараз қаласының маңына 125 гектар сүзгі алаңын салу және Шу қаласына су тазалағыш құрылымының жобасын жасау болып отыр. Тұнба суларды Көделі жайылымдарындағы су жинағыштарына қарай бұрып жеткізу ең өзекті мәселе болып отыр.

Сүзгілер, газ және тозаң тұтқыштар көп зиянды заттрдың шоғырланып қалуына әкеліп соқтырады. Мұндайда олар ауаны, топырақты, суды ластайды. Сондықтан жаңа зауыттар, өндірістер, кәсіпорындар салғанда қалалар мен елді-мекендерден алыс қашықтықта орналастыру қажет. Айналасына лас түтіндерді соратын ағаштарды, теректерді, емендерді, үйеңкілерді, қарағайларды, аршаларды көптеп отырғызу қажет. Олар ауаны шаң-тозаңдардан тазартады, ауаның газ құрамын жақсартады, қаладағы автокөліктердің шуларын бәсеңдетеді. Жасыл ағаштар қаланың көркі, қыста боранға тосқауыл болады, жазда көлеңке, сая болады.
Өнеркәсіптік және тұрмыстық қалдықтар бүгінгі күнге дейін ешқандай экономикалық талаптарды сақтамастан түрлі жинақтағыштарда сақталып, оның көлемі күннен-күнге арта түсуде. Тұрмыстық қалдықтар толығымен ешқандай жабдықтаусыз, көрінген қоқыс төгетін жерлерге тасталып жатыр. Тау-тау болып үйіліп жататын қалдықтар қоршаған ортаға үлкен залалын тигізеді. Соның нәтижесінде жер қыртысы, жерасты және жерүсті сулары ластанып, елді аймақтарда түрлі жұқпалы аурулар тарап отыр. Соңғы жылдары Шардара, Созақ аудандары мен Шымкент қаласында сары ауру таралып отыр. Қоршаған ортаның ластану проблемасын тек қалдықсыз өндірісті ұйымдастыру немесе шыққан қалдықты қайта өңдеу арқылы ғана толық шешуге болады. Шымкент қаласы бойынша өнеркәсіптік және тұрмыстық қатты қалдықтардың жыл сайынғы шоғырлануы 9-кестеде көрсетілген.
Қалдықтардың көлемін азайтудың бір жолы - қайта өңдеу технологиялары арқылы қайтара пайдалану. Мысалы, шлактарды құрылыстарға пайдалану, т.б. Жылдан жылға тұрмыстық қатты қалдықтардың көлемі көбеюде, оның компоненттері бөлінбестен сол күйінде ешқандай жабдықталмаған жерлерге төгіліп жатыр. Оларды өңдеу үшін Шымкент қаласында арнайы станциялар, контейнерлерді санитарлық өңдеуден өткізетін пунктер салу және Шымкент қаласының айналасындағы қоқыс төгетін жерлерді ретке келтіру қажет. Қалада улы реактивті қалдықтарды төгіп оны қайта өңдейтін полигондар жоқ. Өз жұмысын аяқтаған уран кен орындарының айналасындағы жерлерді рекультивациялау жұмыстары ұлттық деңгейде шешілуі керек. Өнеркәсіптерді, кәсіпорындарды, зауыттарды қалдықсыз технологияға көшіру арқылы табиғатты қорғау мәселелерін шешуге болады. Бірақ осы күнге дейін өнеркәсіптер көп қаржыны лас өнімдерден тазартатын құрылыстарға жұмсаса да, түсті металлургия, химия, минералды тыңайтқыштар, энергетика өндірістерінен шығатын улы газдар мен қоспаларға тосқауыл болатын іс жүзіндегі шаралар кемде-кем. Республика көлемінде қалдықсыз технологияны енгізу мүлде жоқтың қасы, өнеркәсіп қалдықтары қоршаған ортаны күннен-күнге ластап, экологиялық зардапты туғызып отыр.

"Бурыл-Бірлестік" ЖШС Жамбыл ауданы, Қаратөбе ауылдық округінде орналасқан, бір алаңы бар. Санитарлық және өртке қарсы нормалар талаптарына сәйкес келеді. Алаң аумағына кіру және шығу қолданыстағы автожолдардан жүзеге асырылады. Кәсіпорынның жұмыс тәртібі маусымдық. Карьерде ПГС өндіру ашық тәсілмен жүргізіледі. "Бурыл-Бірлестік" ЖШС өзінің өндірістік қызметін 20.05.2009 ж. № 9253-1919-ЖШС заңды тұлғаны мемлекеттік тіркеу туралы берілген куәлік негізінде жүзеге асырады.
Кәсіпорынның негізгі қызметі құм-қиыршықтас қоспасын өндіру және өңдеу болып табылады. Кәсіпорынның бір алаңы бар: ПГС өндіру бойынша карьері-ауданы 45 га жер учаскесі. "Бурыл-Бірлесу" ЖШС-нің 13.10.2010 ж. № 03-1-2276 мемлекеттік экологиялық сараптама қорытындысымен қоршаған ортаға әсерді бағалау (ҚОӘБ) жобасы бар, шығарындыларының көлемі 31,434 т жыл. Алаңда (карьер)-атмосфераға 29 ұйымдастырылмаған стационарлық шығарындылар көздері бар, олар атмосфераға 13 атаулы ластаушы заттарды тастайды. Шығарындылардың негізгі көздері-бульдозер, экскаватор, самосвал, инертті материалдар қоймалары, ДСУ (конвейерлер, електер, ұсақтағыш), Электрмен дәнекерлеу посты және газ плитасы, ұйымдастырылмаған көздер болып табылады, негізінен тау-кен жұмыстары жүргізіледі, яғни бұрғылау және алу-тиеу жұмыстарын жүргізу атмосфераға шаң-бейорганикалық шаң шығарылады. Шаңның едәуір бөлінуі үйінділер мен қоймалардың бетінен үрленген кезде де болады. Кәсіпорында қатты-тұрмыстық қалдықтар, күл-қож және аршу жыныстары қалдықтар болып табылады. Қатты-тұрмыстық қалдықтар (ҚТҚ)-қалдықтарды уақытша сақтау алаңында арнайы бөлінген контейнерде жиналады. Жиналуына байланысты қалдықтар 01.03.2013 жылғы №116 "Жасыл Тараз" БК МКК-мен жасалған шарт негізінде қалалық ҚТҚ полигонына шығарылады. Аршу жыныстары-құм-қиыршықтас қоспасын өндіру кезінде пайда болады, қалдықтарды үйіндіде орналастыру жүргізіледі. Сынамаларды іріктеу және талдауларды орындау қолданыстағы нормативтік құжаттарға сәйкес жел бағытының тербелісінің әсерін төмендету үшін екі нүктеде жел астындағы жағынан бір уақытта жүргізілді. Бақылау нүктелері шығарындылардың көздерінде және бақылау нүктелерінде (бекеттерде) ШРШ нормативтерінің сақталуына кәсіпорында бақылаудың жоспар-кестесінде анықталған. Сарқынды суларды ағызу канализациялық желі бойынша экрандалған жинағышқа әрі қарай келісім-шартқа сәйкес шығарылады. ЖЖҚ аршу жыныстары оларды жинау жүргізілетін кәсіпорынның тау-кендік бөлігі шегіндегі үйінділерге тасымалданады. Одан әрі, өндіру жұмыстары аяқталғаннан кейін карьердің пайдаланылған кеңістігін жабу үшін пайдаланылады.
Серіктестік бетон, фракциялық ұсақ тас шығарады, табиғи қиыршық табысын орындайды. Серіктестік өз аймағында көлік жолдар, дербесті алаңшалар және жүрістер құру және жөндеу жұмыстарын жасайды. Мекеме арнайы цехтар мен карьерлерге бөлінген және өндіріске қажетті техникамен жабдықталған. Мұнда бес эксковатор,үш жүк тиеуге арналған СМД-855 техникасы, төрт трактор, үш камаз және тас тасуға арналған машиналар жұмыс істеп тұр.Арнайы сынақ лабораториясы бар және екі цех жұмыс жасап тұр. Карьерде жұмысшы қызмет атқарады. Оның 58 жоғары санатты жұмысшылар. Экспорттық жеткізулер көлемі жыл сайын жалпы өндірудің 40 %-ын құрайды. Мекеме өзінің клиенттеріне жоғары тұтынушылық қасиеттерге ие сапалы өнімді жеткізе отырып олардың сәтті іс жүргізуіне үлес қосуына барынша тырысады.Енді бұл кәсіпорын аймақтағы құрылыстың бәрін қиыршықтаспен қамтамасыз ететін болады. Пыраққұрылыс, Аджип, Мобил, СМК, Упп сияқты ірі-ірі мекемелермен келісім шартқа отырып, бірлесіп жұмыс істеп жатыр. Тараз қаласына күніне 20тонналық автокөліктермен 15 машина 040 фракциялы қиыршық тас өнімдері жөнелтіліп отыр. Облысқа айына 60 вагон өнім дайындалып беріледі. Қазіргі таңда карьер қызу жұмыс үстінде. Бұрынғы Ақтөбе тас жарылыс мекемесі және Шетпе бөлімшесінің жұмысшылары тауды атуға, болашақ өнімнің шикізатын дайындауға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр.
Бурыл-бірлесу Жауапкершілігі шектеулі серіктестігінің ұйымдық құрылымы 7-ші сұлбада көрсетілген.

7-сурет - Бурыл-бірлесу ЖШС-ң ұйымдастырушылық құрылымының
сұлбасы

2.1 Сапаны әкімшілік басқару
Бурыл бірлесу ЖШС-нде біріктірілген менеджмент жүйесі енгізілген. Нақты ықпалдастырылған менеджмент жүйесі бойынша басшылық бірнеше стандарт талаптарына жауап беретін кәсіпорынды басқару жүйесін сипаттайды. Атап айтқанда: ИСО 9001 сериялы стандарттар Сапа менеджмент жүйесі, ИСО 14001 сериялы стандарттар Экологиялық менеджмент жүйесі, SA 8001 сериялы стандарттар Әлеуметік жауапкершілік менеджмент жүйесі.
Біріктірілген менеджмент жүйесі бойынша басшылық - бұл негізгі ішкі нормативті құжат болып табылады. Оның негізгі мақсаттары:
- ЖШС Бурыл бірлесу кәсіпорнының ЫМЖ үрдістерінің өзара әсерін, кәсіпорын стандарттарын анықтау.
Кәсіпорынның сапа бойынша Басшылығы келесі нормативті құжаттардың талаптарын ескере отырып әзірленген:
- ИСО 9000 - Сапа менеджменті жүйелері. Негізгі жағдайлар және сөздік.
- ИСО 9001 - Сапа менеджменті жүйелері. Талаптар.
- ИСО 9004 - Сапа менеджменті жүйелері. Қызметті жақсарту бойынша ұсыныстар.
ИСО 19011 - Сапа менеджменті жүйелерінің аудиті бойынша
басқарушылық сілтемелер.
ИСО 10013 - Сапа бойынша басшылықты әзірлеу бойынша басқарушылық сілтемелер.
ИСО 14001 - Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану бойынша басшылық пен талаптар.
ЖШС Бурыл бірлесу біріктірілген менеджмент жүйесі келесі өндіріс түрлеріне таралады:
көмірсутек шикізатының кенішін барлау;
көмірсутек шикізатын өндіру мен дайындау.
Біріктірілген менеджмент жүйесі кәсіпорынның бәсекеге қабілетті болуын қамтамасыз етеді. Біріншіден, кәсіпорын тұтынушылардың қажеттілігін қанағаттандыратын тауар өндіруі қажет. Бұл сапа менеджментімен қамтамасыз етіледі. Екіншіден, кәсіпорын персоналға өндірістік және қауіпсіз еңбек етуге мүмкіндік жасауы керек. Яғни, OHSAS 18000 стандарты бойынша жүзеге асырылады. Үшіншіден, кәсіпорын қоршаған табиғи ортадан тыс жұмыс жасай алмайды, сондықтан, оған келтіретін зиянды әсерін экологиялық менеджмент жүйесі арқылы басқаруы қажет. Төртіншіден, әлеуметтік орта, яғни кәсіпорын еңбек кодексін сақтай отырып, қайырымдылық, қоғамдық қозғалыстарды қолдап, әлеуметтік кепілдікті жүзеге асыруы қажет. Бұл әлеуметтік кепілдік саласына қатысты .

Тұтынушылардың қажеттіліктері
Тұтынушылардың қажеттіліктері
Басшылық
Өлшеу, талдау және жақсарту
Өнімнің өмірлік циклы
Ресурстар менеджменті
Өнім
Тұтынушылардың қанағаттануы
ЫМЖ тұрақты жақсаруы
Басшылық
Өлшеу, талдау және жақсарту
Өнімнің өмірлік циклы
Ресурстар менеджменті
Өнім
Тұтынушылардың қанағаттануы
ЫМЖ тұрақты жақсаруы
8 - сурет - Біріктірілген менеджмент жүйесінің тұрақты жақсару сұлбасы

Біріктірілген менеджмент жүйесін енгізу және дамыту келесі талаптарды орындау арқылы жүзеге асады:
қоршаған орта мен сапа саласындағы мақсаттарды және саясатты белгілеу;
кәсіпорын қызметін анықтайтын үрдістерді белгілеу;
өндірістік орта, инфрақұрылым, персонал мен қажетті ресурстарға талаптарды анықтау;
сапа бойынша жоспарларды, технологиялық ережелерді, құжатталып рәсімделген қажетті басшылық пен стандарттарды әзірлеу мен тиімді қолдану.
ИСО 14001 - Экологиялық менеджмент жүйелері. Қолдану бойынша басшылық пен талаптар халықаралық стандарты бойынша кәсіпорындарға қойылатын талаптар:
талаптарға сәйкес келетіні туралы міндеті бар қоршаған ортаны қорғау бойынша саясатты құру;
қоршаған ортаны қорғауға қатысты заңдар мен нормаларға рұқсат алу;
қоршаған ортаны қорғау саясатына сәйкес мақсаттар мен міндеттерді;
төтенше жағдай кезіндегі немесе олардың алдын алатын дайындық процедураларын орнату;
талаптарға сәйкестікті кезеңді бақылау бойынша процедураларды орнату.
Бұл талаптар кәсіпорын талаптарына сәйкестігін басқаруға тікелей қатысты болғанымен, ИСО 14001 Стандартының 17 элементінің әрқайсысы талаптарға ең жақсы сәйкес келуге көмектеседі (мысалы, өзара байланыс, оқыту, құжаттама, есеп беру құжаттары, сәйкес келмеу және түзетуалдын алу іс-әрекеттері, EMS аудиторлық тексеру, басшылықпен талдану және т.б.). негізінде ИСО 14001 стандарты жатқан EMS кәсіпорнының талаптарға жауап беруді басқаруды толықтыру және жақсарту, сонымен қатар шектен тыс шығып кеткен мақсаттар мен міндеттерге жетуге көмектеседі.

Қиыршық тастың химиялық құрамы, жіктелуі және
қолдану саласы
Қиыршық тас - ірілігі 5мм ден үлкен, органикалық емес, сусымалы, тау жыныстарын ұсақтау нәтижесінде алынатын қиыршық тас. Қиыршық Тастың массасы 1м3-қа 1,3:1,4тн болып есептелген. Тағайындалу аумағы карьерде арнайы каналы белгіленіп, тауды бұрғылап тесіп, белгілі тереңдікте жарылыс жасау арқылы алынады. Өнім ашық әдіспен алынады.
Қиыршықтастың химиялық құрамы ( %):
SiO2 -- 47,1-47,8 %
Al2O3 -- 13-13,7 %
Fe2O3 -- 15,2-16 %
TiO2 -- 1,5-1-,75%
CaO -- 9,4-10,2 %
MgO -- 5-5,3%
Қиыршық тас - бұл тау жыныстарын немесе жасанды тастарды өлшемдері 5-тен 77 мм-ге дейін жететін кесектерді уату кезінде алынған материал. Қиыршық тас дәндері қисық формалы, беті кедір-бұдыр болып келеді. Сондықтан қиыршық тас гравийге қарағанда цемент тасымен берік байланысады. Мұнда ірі толтырғыш беріктігінің маңызы үлкен, өйткені ол бетонның қаңқасын құрайды. Сондықтан ереже бойынша ірі толтырғыш бетонның өзінен 2-3 есе берік болу керек.
Бетонның жоғарғы сапасын қамтамасыз ету үшін ірі толтырғыштар таза, зиянды қоспаларсыз болуы қажет. Оның құрамының 15%-ын (масса бойынша) ине және табақша тәріздес дәндер құрауы тиіс. Ірі толтырғыш цементтегі заттармен, элементтермен химиялық байланысқа түспеу керек. Улы қоспалардың әсерін төмендету үшін қолданудың алдында толтырғыштарды тазалайды, шаяды.
Жеке тау жыныстарынан алынған гравий мен қиыршық тастың минералдық құрамы әр түрлі болып келеді. Қиыршық тастың петрографиялық құрамының әр түрлілігінің тән мысалы ретінде Павловский карьеріндегі гравий (қиыршық тас) алынған [2].

1-кесте - Қиыршық тастың петрографиялық құрамындағы айырмашылығы

Петрографиялық құрамы
Қиыршық тас құрамындағы шамасы,%
Қиыршық тас сапасы
Гранит

Диабаз

Тақта тас

Кварцит

Амфиболит
Шақпақ тас

Құмдақ

Сары әктас

Сазды тақта тас

Қоңыр темір тас

Сырланған әктас

Тығыздалған әктас
Қуысты әктас

Слюдалы тақта тас
9,5-14,5

1,3-1,4

0,4

6,5-17,4

0,4-1,7
9,9-16,5

3,5-4,7

7,2-17,3

6,6

0,2-0,4

7,4-14,5

12,2-17,1

8,6-21,8

0,7-2,0
Берік түйіршіктер, бетонның жоғарғы сапасын қамтамасыздандырады
Берік түйіршіктер, бетонның жоғарғы сапасын қамтамасыздандырады
Суыққа төзімділігі төмен және түйіршіктері берік емес
Берік түйіршіктер, бетонның су өткізбеушілігін төмендетеді
Берік түйіршіктер
Берік түйіршіктер, бетонның су өткізбеушілігін төмендетеді
Әр түрлі беріктікті түйіршіктер, бетонның су өткізбеушілігін төмендетеді
Түйіршіктері суыққа төзімді емес және беріктігі төмен
Түйіршіктері суыққа төзімді емес және беріктігі төмен
Түйіршіктері суыққа төзімді емес және беріктігі төмен
Түйіршіктері суыққа төзімді емес және беріктігі төмен
Берік түйіршіктер, бетонның жоғарғы сапасын қамтамасыздандырады
Суыққа төзімділігі төмен және түйіршіктері берік емес
Суыққа төзімділігі төмен және түйіршіктері берік емес

Генезисі бойынша әр түрлі қиыршық тас түйіршіктері қоспа және бетон техникалық қасиеттеріне әсер етеді.
Автомобиль жолдары мен аэродромдарда және ауыр, майда дәнді жеңіл толтырғыш ретінде, ұяшықты және силикатты бетондарда, құрылыс қоспаларында, құрғақ қоспаларды дайындау кезінде толтырғыш ретінде қолданылады. Қиыршық тас қолдану саласы оның параметрлеріне де байланысты. 5-10 және 5-20мм қиыршық тастың фракциялары асфальт өндірісінде жиі қолданылады, бетон мен темір бетонды конструкциялауға 20-40мм фракциялы Қиыршық тас қолданылады, 40-50мм фракциялы қиыршық тасты темір жол төсеуде және жөндеуде, іргетас қалауда, трамвай жолдарында, автомобиль жолдарын төсеуде қолданылады [3].

Қиыршық тасты өңдеу технологиясы
Қиыршықтас мөлшеріне қарай стандартты және стандартты емес фракциялаға бөлінеді. Қиыршық тастың стандартты және стандартты емес фракцияларға бөлінуі 2-ші және 3-ші кестеде көрсетілген.

2-кесте - Стандартты фракциялардың өлшемдері

1
5-10мм
2
10-20мм
3
5-20мм
4
20-40мм
5
25-60мм
6
20-70мм
7
40-70мм

3-кесте -Стандартты емес фракциялардың өлшемдері

1
10-15
2
15-20
3
80-120
4
120-150

Қиыршық тас өлшемдері бойынша сұрыпталыну қажет. Қиыршық тастың фракция бойынша бөлінуі 1- суретте көрсетілген.

1-сурет - Қиыршық тастың фракция бойынша бөлінуі

Қиыршықтас маркасының уатылу көрсеткіштері 4-ші кестеде көрсетілген:
4-кесте - Қиыршықтас маркасының уатылу көрсеткіштері

Қиыршықтас маркасының уатылуы
Сынақ кезінде жоғалған масса %,
И1
И2
И3
И4
25
25-35
35-45
45-60

Кәсіпорындарға шикізат әдетте жабық вагон, цистерна, контейнер түріндегі темір жол көлігі арқылы тасымалданады. Материалдарды түсіру өнімділігі 15-90 тсағ С-577 пневматикалық жүк түсіруші құрылғылармен жүзеге асырылады. Бұл құрылғылар түсіру процесінің аз еңбек шығынымен және тұтқыр заттардың аз тозаңдатылуымен кешенді механизациялануын қамтамасыздандырады. Темір жол вагондары мен цистерналарынан материалдар сығылған ауа есебінен түсіріліп, трубопровод арқылы қабылдау қондырғысына немесе қоймаға әкелінеді.
Қоймалар келесі талаптарға жауап беру керек:
Сақтау кезіндегі шикізаттар активтілігінің төмендеуін алдын алу үшін, әсіресе ауаның ылғалды шарттарында, тұтқыр заттарды қоймалау атмосфералық және грунтты ылғалдылықтың түсуінен қорғалған бөлмелерде жүргізу керек.
Қойма шикізаттың үштен кем емес түрлерінің және маркілерінің бөлек сақтау мүмкіндігін қамтамасыздандыру керек.
Сақтау кезінде түйіршіктердің басылып қалуын және активтілігінің төмендеуін алдын алу мақсатымен шикізатты басқа бос сыйымдылыққа қотарылады.
Тау жыныстарын қиыршық тасқа дейін өңдеу технологиясы бірніше сатыдан тұрады.
Қиырышық тасты өңдеудің кезеңдік технологиясы 2-ші суретте көрсетілген операциялардан тұрады.

Бастапқы материал

Ұсақтаудың 1-ші сатысы

Сілку

Ұсақтаудың 2-ші сатысы

Сілку

Ұсақтаудың 3-ші сатысы

Қиыршық тасты жуу жүйесі

Кептіру

2-сурет- Қиырышық тасты өңдеудің кезеңдік технологиясы

Қиыршық тасты өңдеудің технологиялық суреті барлық операциялардың кешенді механизациялануын және автоматтандырылуын алдын ала қарастыру қажет. Қиыршық тасты өңдеудің технологиясы 3-ші суретте көрсетілген.

1 - қиыршық тас салынатын бункер;
2 - ұсақтауды өткізудің 1-ші реттік ұсақтау машинасы;
3- сілку аппараты (грохот);
4 - ірі түйіршіктерді ұсақтаудың 2-ші реттік ұсақтау машинасы;
5 - орташа өлшемді түйіршіктерді 2-ші реттік ұсақтау машинасы;
6 - ұсақ түйіршіктерді фракцияларға бөлу аппараты;
7 - сілку аппараты (грохот);
8 - қиыршық тас фракциялары бойынша бөліп жуып кептіретін ыдыстар;
9 - басқару кабинасы

3-сурет - Қиыршық тас өңдеу технологиясы

Зауыттың негізгі технологиялық ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Биік таулы аймақ
ЖАМБЫЛ ОБЛЫСЫ ТЕРРИТОРИЯСЫ ТАБИҒАТЫНЫҢ ЭКОЛОГИЯЛЫҚ ЕРЕКШЕЛІКТЕРІ
Жамбыл облысының топырағы әралуан
Жамбыл облысы жағдайында сексеуіл ормандарын қалпына келтіру жобасы
Топырақтың ластану жағдайы
Атмосфералық ауаның сапасы
Жамбыл облысының су көздерінің экологиялық жағдайы
Жамбыл облысының геоэкологиялық аудандастыруы
Қаланың батыс және оңт
Жамбыл облысында туризмді дамытудың басымдықтары
Пәндер