Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және оларға қойылатын талаптар



Жұмыс түрі:  Іс-тәжірибеден есеп беру
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 14 бет
Таңдаулыға:   
КІРІСПЕ
Мен СиС 16-11 тобының студенті Зейнеділ Қарлығаш Айбынқызы Алматы Технологиялық Университетінің құрылымдық ғылыми мекемесі болып табылатын "Тағам қауіпсіздігі ғылыми-зерттеу институтында" өндірістік тәжірибесін өттім.
Зертханалар барлық жұмыстарға қажетті құрал-жабдықтармен және аппараттармен қамтамасыз етілген.
Өндірістік тәжірибе мақсаты:
oo Тағам қауіпсіздігі ҒЗИ зертханаларының қауіпсіздік ережелерімен танысу;
oo құрал-жабдықтарымен жұмыс істеп үйрену;
oo тағам құрамындағы қышқылдылық,ылғалдылық ақуыздық және май мөлшерлерін анықтап үйрену.
oo физика-химия зертханасында қызылшаның ылғалдылығын, қышқылдылығын, бидайды күлге айналдырып майлылығын, еттің құрамындағы амин қышқылдарын анықтауды үйрендік.
Тағам қауіпсіздігі ҒЗИ
Тағам қауіпсіздігі ғылыми - зерттеу институты 2011 жылы Ғылыми - зерттеу институты негізінде құрылған. Алматы технологиялық университеті қарамағындағы азық - түлік өнімдерінің сапа және қауіпсіздік орталығы аккредиттеу область бойынша анықталған өнімге қауіпсіздік талабына сәйкес (физика - химиялық және микробиологиялық сынақтар, сандық химиялық талдау) сынақ жүргізеді.
Қазақстан Республикасының Индустрия және Жаңа технологиялар Министрлігі, Техникалақ реттеу және метрология Комитеті, Ұлттық аккредиттеу орталығының шешімі бойынша Тағам қауіпсіздігі сынақ зертханасы СТ РК ИСОМЭК 17025-2007 Сынақ және калибрлеу зертхана біліктілігіне қойылатын жалпы талаптар талаптарына сәйкес Қазақстан Республикасының аккредиттеу жүйесінде аккредиттелген (Аккредиттеу аттестаты № KZ.И.02.1127 17 қаңтар 2017 жыл).
Зертханада менеджмент жүйесі бекітілген және қолданылуда, жұмыс істеу үшін қажетті тәртіптер, бағдарламалар мен нұсқаулар жетілдірілді.
АСЗ - да сериясы 9000 ИСО стандартына сәйкес сапа менеджмент жүйесіне сай біліктілігін растайтын сертификаттары бар мамандандырылған маман иелері қызмет атқарады.
Сынақ зертханасының зерттеу объектілері:
oo дән және нан өнімдері;
oo ет және ет өнімдері;
oo сүт және сүт өнімдері;
oo балық және балық өнімдері;
oo әр - түрлі сусындар;
oo ауыл шаруашылық өндірісінің өнімдері.
Орталықта ауыр металлдардың, нитриттердің, нитраттардың мөлшерін, пестицидтердің, гербицидтердің және микотоксиндердің қалдық санын, бүліну тотықтырғышының көрсеткішін анықтау жұмыстары жүргізіледі.
Толық физика - химиялық талдау жүргізіледі: ылғал, күлділік, қант, май, ақуыз, қышқыл, әртүрлі иондардың құрамын анықтайды.
Институт келесі қызметтер атқарады:
* технологиялық үдеріс айналымындағы тағам шикізаты мен өнімінің (нан, сүт, ет өнімдері және басқалар) сапасына мониторинг жүргізу;
* жекелеген физикалық-химиялық және микробиологиялық талдау түрлерін орындау;
* сыналатын және жаңа өнімге нормативтік және технологиялық қжаттар әзірлеу;
* студенттерге, магистанттарға және PhD докторанттарға эксперименттік жұмыстарды орындаудағы оқу үдерісіне жәрдемдесу;
* сынау әдістерін әзірлеу және жетілдіру, эксперимент нәтижелерін өңдеу және талдау.
Зертхананы аккредиттеу саласындағы ILAC MRA Келісіміне қол қойған Ұлттық аккредитация орталығының, Қазақстан Республикасы Индустрия және жаңа технологиялар министрлігінің Техникалық реттеу және метрология комитетінің шешімімен Тағам қауіпсіздігі аккредиттелген сынау зертханасы Қазақстан Республикасы аккредиттеу жүйесінде СТ ҚР ИСОМЭК 17025-2007 Сынау және калибрлеу зертханаларының құзыреттілігіне қойылатын жалпы талаптарына (№ KZ.И.02.1127 2011 жылғы 11 наурыздағы аккредитация атестаты) сәйкес аккредиттелген болатын.
Зертхана қауіпсіздік көрсеткіштері белгіленген шикізат пен азық-түліктің тағамдық қауіпсіздігі бойынша ғылыми-зерттеулер жүргізеді.Тағам өнімдерінің сапасы мен қауіпсіздігін бағалау жөніндегі ғылыми-зерттеу зертханасы (ТӨСҚБ ҒЗЗ)
ТӨСҚБ ҒЗЗ қызметінің негізгі міндеттері мыналар:
* ҚР тағам өнімдерінің қауіпсіздігі саласындағы өзекті проблемалар бойынша зерттеулер жүргізу;
* ҚР жобаларының ғылыми-техникалық бағдарламаларын, халықаралық гранттары мен ғылыми қорларын әзірлеуге қатысу;
* ҚР тағам қауіпсіздігі мәселелері бойынша жоғары білікті мамандарды даярлауға қатысу;
* ғылымның қазіргі жетістіктерін, сол сияқты жеке зерттеулердің нәтижелерін пайдалана отырып, оқу үдерісін ұйымдастыруға қатысу;
* оқу үдерісі мен ғылыми зерттеулердің материалдық-техникалық базасын дамыту және күшейту [1].

1 Тағам қауіпсіздігі ғылыми зерттеу институты
қауіпсіздік ережелері
Микробиологиялық зертханада жұмыс істеу ережелері мен техника қауіпсіздігі:
* микробиологиялық зертханаға міндетті түрде халатпен кіргізіледі;
* бұл жерге бөгде заттарды алып кіруге тыйым салынады;
* белгілі бір орында жұмыс істеп, тек қана бекітілген құрал-жабдықтарды қолдану керек;
* жұмыс кезінде тазалық сақтаған жөн;
* ауруды жұқтырмау үшін үзіліс уақыттарында темекі шегуге, тамақтануға болмайды;
* үстелдің үстінде тек қана тапсырманы орындауға арналған құрал-жабдықтардың ғана болуы шарт;
* сабақтың соңында жұмыс орны мен жабдықтарды ретке келтіру қажет;
* бір спирт шамын екінші біреуінің көмегімен тұтандырмаған абзал, ол үшін шырпы мен шақпақты қолданған жөн;
* электр жүйесінің сымдарына, түйіспе бөліктеріне металл немесе басқа заттарды жанастыруға болмайды;
* оқытушының немесе зертхана қызметшілерінің рұқсатынсыз электр құралдарын тоққа қоспау керек;
* химиялық және басқа да реактивтермен жұмыс істеу ережелерін қатаң сақтау қажет;
* зертханадан шығар алдында қолды сабынмен жуады.
Физика-химиялық зертханада жұмыс істеу тәртібі мен қауіпсіздік ережелері:
* зертханада және кабинетте тек химия пәнінің мұғалімі бар кезде әрі оның рұқсатын алып жұмыс істеу керек;
* алдымен әрбір орындалатын жұмыспен танысып, ондағы қолданылатын заттардың қасиеттерімен, құрал-жабдықтардың нақты өздерімен танысып, әрі не үшін қолданылатынын айқындап алу керек;
* химиялық зертхана мен кабинетте жұмыс кезіндегі қауіпсіздікті қамтамасыз ететін дүниелердің: алғашқы көмек көрсететін қобдишаның, көзді жуатын айдалған судың, өрт сөндіргіштің, оттың бетін жауып кішігірім өртті сөндіретін жамылғыш пен құм салғыш ыдыстың, қан тоқтатқыш қоспаның, йод ерітіндісінің, т.б. тұрған жерін дәл біліп алу керек;
* кез келген жұмысты орындаудан бұрын оқушы үстіне арнайы жұмыс халатын киіп, қажет болса көзіне қорғауыш көзілдірік, тіпті газтұтқыш арнайы тұмылдырық киіп алғаны дұрыс. Аяқкиімінің де жан-жағы жабық болғаны жөн, қолға арнайы қолғап кию де қажет болуы мүмкін. Егер оқушының шашы ұзын болса, оны жинап қою керек;
* тәжірибеге кірісердің алдында жұмыс үстелінің үстінен артық дүниені, соның ішінде оқулықтар мен басы артық қағаздарды шетке алып қою керек;
* реактив салынған ыдыстың сыртында жазылған заттың формуласын кем дегенде екі рет қарап, іздеп отырған затың дәл сол ма айқындап алған жөн;
* реактивтерді қолмен ұстауға, дәмін татып көруге болмайды. Егер газ күйіндегі заттың иісін сезгің келсе, оның ыдысын мұрыннан алысырақ ұстап, аздап желпіп көруің керек. Оны дұрыс орындауды мұғалім мен зертханада көрсетіп береді;
* реактиві бар ыдыстың аузына үңілмейді, жанынан қарайды. Сынауықтың ашық аузын оқушы өзіне немесе жанындағы адамға қаратып ұстамауы керек;
* артық алынған реактивтің қалғанын таза зат салынған ыдысқа салуға немесе құюға болмайды. Зертханадада және кабинетте тек таза зат пен таза ыдыстарды қолданатынын үнемі есте ұстаған жөн;
* тәжірибеге қажетті заттарды мүмкіндігінше дәл мөлшерде және аз етіп алыңдар. Реактивтерді үнемді қолдана білу керек;
* қышқылдармен және сілтілермен жұмыс істегенде абай болыңдар! Егер реактив денеге немесе киімге тиіп кетсе, бірден суды көбірек пайдаланып, жуып жіберген дұрыс;
* реактивтің әсерінен денедегі аздап күйіп қалған жерді суық ағынды сумен жақсылап шаю керек. Содан кейін барып тиісті дәрігерлік көмек көрсетіледі;
* зертханада немесе кабинетте орынсыз жүре беруге, дауыс көтеріп сөйлеуге болмайды, өйткені басқаларға кедергі келтіресіңдер;
* мұғалімнің рұқсатынсыз таныс емес затты алып пайдалануға болмайды;
* жұмыс соңында қолданылған құрал-жабдықтарды, реактивтерді, қыздырғыш құралдарды өз орындарына апарып қою керек. Реактивтердің қалдығын ережеге сай мұғаліммен немесе лаборантпен келісіп алып, аластау керек;
* химиялық зертханадан немесе кабинеттен шығар алдында суды тоқтатқандығыңа, газды және электр қыздырғыш торды өшіргендігіңе, т.т. көз жеткізу қажет;
* газ жанарғысын, спиртшамды және электр қыздырғыштарды пайдаланудың өзіндік ерекшеліктері бар, соларды бұлжытпай орындау керек. Олармен жұмыс істеуді мұғалімнің немесе лаборанттың көмегімен игерген дұрыс.

2 Нормативтік құжаттар
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттар және оларға қойылатын талаптар:
Қазақстан Республикасының Мемлекеттік стандарттау жүйесінде қолданылатын стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарға мыналар жатады:
1) Қазақстан Республикасының мемлекеттік стандарттары - ҚР СТ;
2) Техникалық - экономикалық ақпараттың мемлекеттік жіктеуіштері - ТЭА МЖ;
3) мемлекетаралық стандарттар - МЕМСТ, техникалық - экономикалық ақпарат жіктеуіштері, ережелер мен ұсынымдар;
4) белгіленген тәртіппен қолданылатын халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттар, техникалық - экономикалық ақпарат жіктеуіштері, стандарттау жөніндегі техникалық шарттар, ережелер, нұсқаулықтар, ережелер, нұсқаулар, әдістемелік нұсқаулар мен ұсынымдар;
5) ғылыми - техникалық, инженерлік қоғамдар мен басқа да қоғамдық бірлестіктердің стандарттары;
6) ұсынымдар;
7) фирмалық стандарттар;
8) техникалық шарттар;
9) салалық стандарттар.
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда белгіленетін талаптар ғылым, техника және технология жетістіктеріне негізделуге тиіс және өнімді пайдалану, процестер (жұмыстар) мен қызметтерді орындау шарттарын, еңбек жағдайлары мен режимдерін ескере отырып, Қазақстан Республикасының заңнамасына, қолданылатын техникалық регламенттерге, шет елдердің халықаралық, өңірлік және ұлттық стандарттарының, стандарттау жөніндегі ережелер мен ұсынымдардың талаптарына қайшы келмеуі тиіс.
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарды әзірлеу кезінде, олар адамдардың өмірі мен денсаулығы үшін қауіпсіздік, қоршаған ортаны қорғау талаптарына және Қазақстан Республикасында қабылданған техникалық нормаларға сәйкес келмейтін жағдайларды қоспағанда, халықаралық техникалық регламенттер мен стандарттар немесе олардың аяқталу сатысындағы жобалары қолданылады.
Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттың жобасын әзірлеу кезеңінде халықаралық стандарттар болмаған кезде немесе әзірленетін мемлекеттік стандарт оған халықаралық талаптарға сәйкес келмеген кезде мүдделі мемлекеттік басқару органдарының, жеке және заңды тұлғалардың ескертпелері мен ұсыныстарын талқылау және дайындау үшін бұқаралық ақпарат құралдарында немесе стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі уәкілетті органның арнайы басылымдарында аннотация немесе хабарлама жарияланады. Стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттардың жобаларына ескертулер мен ұсыныстарды қарау тәртібі мен дайындау мерзімдері Мемлекеттік стандарттау жүйесімен белгіленеді.
Міндетті сертификаттауға жататын өнімге, процестерге (жұмыстарға, көрсетілетін қызметтерге) арналған стандарттау жөніндегі нормативтік құжаттарда міндетті сертификаттау жүзеге асырылатын талаптар, осы талаптарға сәйкестігін бақылау әдістері, өнімді таңбалау және орау ережелері, Сертификаттау туралы ақпарат болуға тиіс.
Мемлекетаралық стандарт (ГОСТ) -- Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының Стандарттау, метрология және сертификаттау жөніндегі Мемлекетаралық Кеңесі қабылдаған аймақтық стандарт. Еуразиялық экономикалық одақ аумағында мемлекетаралық стандарттар ерікті түрде қолданылады.
Осы стандарт қызметтер саласындағы стандарттаудың мақсаттары мен міндеттерін айқындайды және Қызметтерді стандарттаудың негізгі ережелерін: қызметтерді сыныптауды, қызметтер саласындағы стандарттау объектілерін, нормативтік құжаттардың құрылымы мен құрамын, құжаттарды жасауға қойылатын жалпы талаптарды белгілейді. Осы стандарттың талаптары ведомстволық тиесілігі мен меншік нысанына қарамастан, Қазақстан Республикасының аумағында қызмет көрсету саласында кәсіпкерлік қызметпен айналысатын кәсіпорындар, ұйымдар, сондай-ақ кәсіпкер азаматтар мен шетелдік заңды тұлғалар үшін міндетті.
Қазақстан Республикасындағы өнімдердің, көрсетілетін қызметтердің және процестердің қауіпсіздігін қамтамасыз ету, азаматтардың және Қазақстан Республикасы экономикасының құқықтары мен заңды мүдделерін өлшеудің сенімсіз нәтижелерінің салдарларынан қорғау, техникалық реттеу және өлшемдердің біркелкілігін қамтамасыз ету саласындағы мемлекеттік саясатты іске асыра отырып, ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Стандарттаудың заңнамалық базасы
Стандарттау, метрология және сәйкестікті растау жұмыстарын жүргізуде негізге алынатын техникалық заңнамалар
Стандарттау, метрология және сертификаттау пәнінен лекция жинағы
Нормативтік құжаттарды қолдану
Халықаралық стандарт халықар
«Ауылшаруашылық өнімдерін стандарттау және сертификаттау» пәнінен оқу-әдістемелік материалдар
Стандарттау жөніндегі уәкілетті органның функциялары
Қазақстан Республикасында стандарттаудың мемлекеттік жүйесі
Стандарттау жөніндегі жұмыстарды ұйымдастыру
Стандарт және стандарттау
Пәндер