Қатыстық сын есімдер



Жұмыс түрі:  Материал
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 20 бет
Таңдаулыға:   
Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрлігі

Тақырыбы: Қазақ және қытай тіліндегі сын есімнің лексика- грамматикалық сипаты



МАЗМҰНЫ

І. КІРІСПЕ ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...3-4

ІІ. НЕГІЗГІ БӨЛІМ
0.1. Қазіргі қазақ және қытай тілдеріндегі сын есім және оның лексикалық, семантикалық сипаты ... ... ... ... ... ... ... . ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ...5-7
0.2. Қазіргі қазақ және қытай тілдеріндегі сын есімнің сөйлемдегі қызметі ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... .7-8
0.3. Қазіргі қазақ және қытай тілдеріндегі сын есімнің жасалу жолдары ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..8-9
0.4. Қазіргі қазақ және қытай тілдеріндегі сын есімнің шырай категориялары ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..10-16
0.5. Қазіргі қытай тілдеріндегі сын есімнің етістіктен айырмашылығы мен етістікпен салыстырылуы ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ..16-17
0.6. Қазіргі қытай тіліндегі сын есімнің қайталануы ... ... ... ... ... ... . ... ..17-18

ІІІ.ҚОРЫТЫНДЫ ... ... ... ... ... .. ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... ... 19

IV.ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ ... ... ... ... ... ... ... . ... ...20

КІРІСПЕ

Жалпы сын есімнің және сын есім категориясының зерттелуі ХІХ ғасырдан басталады. Оның зерттелуін М.А Казем- Бектің Түркі- татар тілінің жалпы грамматикасы еңбегінен байқаймыз. Н.Сазонтов, А.К.Боровков, Н.К.Дмитриев, А.Н.Кононов т.б. ғалымдар түркі тілдеріндегі туынды сын есім тудыратын сөзжасамдық жұрнақтарды көрсетіп, семантикалық талдау жасаған. Бұл ғалымдардың еңбектерінде туынды сын есімнің қай дәрежеде зерттелгені анықталды.
Қазақ тілінің сөздік байлығынан ерекше орын алатын заттың сын, сапа, белгі қасиеттерін білдіретін сын есім сөздердің қолданыс ясы өте кең. Осы уақытқа дейін қазақ тілінде сын есімдердің сөз табы ретінде алатын орны қытай тілінде де зерттеу жұмыстарына арқау болғандығы және соңғы кездері сын есім сөзжасамдық тұрғыдан да қарастырыла бастағаны белгілі.
Жұмыстың өзектілігі. Құрылымы ерекше қазақ және қытай тіліндегі де сын есімді зерттеудің жалпы тіл білімімен қатар шет тілдерін оқыту жұмыстарында да мәні зор, маңызы жоғары. Менің зерттеу тақырыбым қазақ және қытай тіліндегі сын есімнің лексика- грамматикалық сипатын қарастыруымыз осындай қажеттіліктен туындап отыр.
Қытай тіліндегі сын есімнің жасалуы туралы қазақ тілінде шағын мақалалар мен азын-аулақ лингвистикалық және грамматикалық зерттеулер жарық көргені болмаса, толықтай зерттелді деп айту қиын. Осыған орай қытай тілі сын есімнің лексика- грамматикалық сипатын ғылыми тұрғыдан жүйелей отырып, халық игілігіне жарату тақырыптың өзектілігін көрсетеді.
Жұмыстың зерттеу нысаны. Қытай және қазақ тіліндегі сын есімнің лексика- грамматикалық сипатын қарастырып, оның синтаксистік қызметтері, яғни тіркестегі, сөйлемдегі, мәтіндегі қызметі қаралды.
Жұмыстың мақсаты. Жұмыстың негізгі мақсаты - табиғаты күрделі саналып келген сын есімнің лексикалық және грамматикалық сипаты бүгінде күрделі сала екендігін кешенді зерттеу болып табылады. Қазақ және қытй тіліндегі сын есімнің лексикалық және грамматикалық құрылымын зерттеу мүддесі алға қойылды.
Жұмыстың міндеттері. Жұмысты жазу барысында төмендегідей міндеттерді шешу ісі алға қойылды:
* Қазақ тіліндегі сын есімге берілген анықтамаларды бүгінгі лексикалық және грамматикалық тұрғысынан соны пікірмен толықтыру;
* Тілдегі сын есімнің лексика- грамматикасының қазақ лингвистикасында зерттелу деңгейін анықтау;
* Тілдік қабатына қызметіне сәйкес топтастыру. Олардың семантикалық құрылымдық қызметтік түрлерін саралау.
Жұмыстың ғылыми жаңалығы. Ең алдымен таңдап алынған тақырыптың өзектілігін айтуға болады. Өзектілігі - сын есімнің лексикалық және грамматикалық табиғатын тану.
- қазақ және қытай тіліндегі сын есімнің лексика- грамматикалық ерекшеліктері айқындалды.
Жұмыстың теориялық және әдіснамалық негіздері. Зерттеу жұмысының теориялық және әдіснамалық негізі ретінде тіл білімі теориясының негізін салушы қытай тілін зерттеуші ғалымдар: Ма Цзен Чжұң (马 建 忠 ), Фаң Пиң( 方平), Лүй Шушяң (吕叔湘), Гау Миң Кай (高 名 凯 ), Жаң Жыгұңның(张 志 公 ), Чэн Гуаң (陈光 ), Лу Чжі Вей (陆 志 韦 ), Диң Шыңшу (丁声树), Жоу Дыший (朱德熙), Жаң Жыгоң (张志公), Хы Жие (何杰), Ли Үймиң (李宇明) т.б. Жұмыс барысында сөздің жасалуына қатысты Г. К. Буранбаева, Сәмитұлы Ж., Мәсімхан Д., Нурсаидов М., Абдурақын Н., Ғабитханұлы Қ., Даулетова Ф., Телқожаева A. ғылыми мақалалары, диссертациялық жұмыстары пайдаланылды.
Жұмыстың теориялық маңызы.
Қытай тіліндегі сын есімнің лексикасы және грамматикасындағы ерекшеліктерін, олардың түрлерін және жасалу жолдарын жан-жақты сипаттап көрсетудің теориялық маңызы зор.
Зерттеу барысында қол жеткізген теориялық тұжырымдар мен нәтижелер тіл біліміне кіріспе, жалпы тіл білімі пәндерін жаңа деректермен толықтырады.
Жұмыстың практикалық маңызы.
Жұмыста қарастырылған қытай тілі сын есімдерінің жасалуына қатысты мәселелерді жоғары оқу орындарында қытай және қазақ тілдерінің салғастырмалы грамматикасын, қытай тіл білімі, лексикология, қытай тілі грамматикасы бойынша мамандандыру пәнін оқытуда, сонымен қатар әдістемелер мен оқулықтар жазуда, аударма ісінде пайдалануға болады.
Жұмыстың құрылымы. Жұмыс кіріспе, негізгі бөлім, қорытынды және пайдаланылған әдебиеттер тізімінен тұрады.

НЕГІЗГІ БӨЛІМ
6.1. Қазіргі қазақ және қытай тілдеріндегі сын есім және оның лексикалық, семантикалық сипаты.
Қазақ тілінде де қытай тілінде де сын есім - заттың нәрсенің белгісін қасиеттерін білдіретін сөз табы. Ғ.Мұсабаев қазақ тіліндегі сын есімді жеке сөз табы деуімізге екі түрлі дәлел бар екендігі, бірі - сын есімде форматтың жоқтығы бұл оны зат есімнен бөліп алуға керекті белгі екендігін, екіншісі - сын есімнің синтаксистік қызметі, негізінен анықтауыш екендігін айтқан. Автор сын есімнің өз алдына сөз табы екеніне бұдан басқа да бірнеше дәлел келтіреді.
Сын есім лексика-семантикалық және морфологиялық сипаттарына қарай қатыстық сын есім және сапалық сын есім деп аталатын екі түрге бөлінеді.
形容词是表示性质,状态的词。 Заттың сын-сипатын, жай-күйін, түсін білдіретін сөздерді сын есім дейміз.
* 表示性质的:сын-сипатын білдіреді:聪明,好,坏,正确,苦, 甜,冷,热,坚固,伟大,勇敢,优秀,老实,光荣,硬,软,干净,大方,平 常;
* 表示形状或状态的:жай-күй білдіреді:短,粗,快,慢,大,小,暂新,绿油油,血林林,长, 细,红,笔直,黑不溜秋,绿,整齐,平坦,雪白,白不雌列;
* 多,少,好些,多少,许多,全 等表示不定数量的词也是形容词。 多,少,多少,许多,好些,全 сияқты белгісіз санды білдіретін сөздер сын есім болады.
Сапалық сын есімдер.Заттың, нәрсенің, құбылыстың тұрақты қасиеттерін білдіретін сын есім сапалық сын есім деп аталады: Адал достық алтыннан да қымбат. Өмір, өмір, өмір жолы күйбелең, Күнделікті таусылмайды күйбелең (С.М.).
Сапалық сын есімнің өзіне тән, демек, сын есімнің екінші түрі- қатыстық сын есімнен өзгеше ерекшеліктері бар. Біріншіден, сын есімнің бұл түріне жататын сөздер шырай формасына өзгеріп отыруға бейім: жақсы- жақсырақ-жақсылау-өте жақсы-жап-жақсы. Екіншіден, мұндай сын есімдер өзара антонимдік қатынас жасайды: жақсы-жаман, жоғары-төмен, жомарт-сараң т.б. Үшіншіден, бұл тәріздес сын есімнен абстрактілімағыналы зат есім жасауға болады: жақсы-жақсылық. Жаман-жамандық т.б.
Тілдің ұлттық ерекшелігіне байланысты түске қатысты сын есімнің қолданылуы әр түрлі болып келеді. Айталық, түсі, бір қарағанда, қызыл көрінгенімен, малға байланысты түрлі-түрлі сөздер қолданылуы мүмкін: Қызыл сиыр, бірақ жирен ат (жирен сиыр емес).
Қатыстық сын есімдер
Қатыстық сын есім заттың, нәрсенің қасиетін тікелей емес, басқа заттарға, құбылыстарға, қимыл-әрекеттерге қатынасы арқылы білдіреді.
Терезені қағады көктем, Жаңбырлы саусақтарымен (С.М.)
Қатыстық сын есім болатын сөздердің заттарға қатынасы түрлі-түрлі болып келеді, мекен, қонысты білдіреді: Астаналық студент, ауылдық дәрігер; орынды көрсетеді: алдыңғы бөлме, үстіңгі қабат; оқиғаның болу иезгілін танытады:кешкі спектакль. Түскі тамақ;мерзімді аңғартады: апталық жоспар; адамға тән белгіні білдіреді: жігіттік намыс т.б. Қатыстық сын есім белгілі бір заттың, адамның немесе басқа құбылыстың белгісін қалай болса солай білдіріп қана қоймайды, соларға тән тұрақты қасиеттерді бейнелейді. Сондықтан сын есімнен басқа сөздермен алмастырғанда да, әлгі қасиеттер байқалып отырады.:ауылдық дәрігер-ауылда істейтін дәрәгер, кешкі спекткль- кешке болатын спектакль. Қатыстық сын есім болатын сөздер өздеріне қатысты сөздермен матасу арқылы байланысады: кварталдың жоспары, аптаның жоспары, жігіттің намысы. Мұндайда өзіне тән аффикстің болмауына байланысты сын есім болуға тиісті сөздер зат есі қызметін атқарғанымен, ол екі сөздің байланысы анықтауыш пен анықталуышы сөздің байланысы күйінде сақталады. Көркем әдебиетте морфологиялық қолданыстың көп болуына сай қатыстық сын есім заттың тұрақты емес, тіпті оған тән емес қасиетін танытуы мүмкін, Мәселен, жоғарыда келтірілген С. Мауленовтің өлеңіндегі көктемнің жаңбырлы саусақтары деуі тек қана бейнелілік үшін қажет. Саусақтың жаңбырлы болатыны белгілі, бірақ саусақтарды жаңбырға телуі-поэзия жолдарына лайық. Қатыстық сын есімдер зат есі, үстеу, етістік сияқты сөз таптарынан тек жұрнақ жалғану арқылы ғана жасалады. Демек, түбір күйінде кездеспейді, тек қана жұрнақтың көмегімен сын есім болуы-қатыстық сын есімнің ең басты морфологиялық белгісі. Шырай категориясы сапалық сын есімдермен тығыз байланысты болғанымен, қатыстық сын есімдердің шырай категориясының жұрнақтарын жалғайтын кездері болада немесе шырай категориясына сәйкес түрленеді: көрікті-көріктілеу-өте көрікті. Сын есім - семантикалық сипаты жағынан (жалпы грамматикалық мағынасы) жағынан заттың әр түрлі сапа, белгісін, түсін, затқа, құбылысқа, іс-әрекетке қатысын білдіретін сөздер, сондықтан қандай? қай? қайдағы? қашанғы? тәрізді сұрақтарға жауап береді.
Сын есімнің мынадай маңызды белгілері болады:
1.Заттың түсін, түрін білдіреді: ақ (қағаз), қара (костюм), құла (бие), күрең (ат), сұр (бұлт), қызыл (сиыр), көк (сия) , жасыл (желек), т.б.
2. Заттың көлемдік, аумақтық, салмақтық белгісін, сынын білдіреді: ұзын (жіп), биік (үй), кіші (інісі), жеңіл (жүк), тар (бөлме), т.б.
3.Заттың сапалық белгісін, сипатын білдіреді: жаман (ырым), жақсы (сөз), сараң (кісі), алғыр (оқушы), тентек (бала), зерек (оқушы), жалқау (кісі), т.б.
4.Заттың дәміне, иісіне, және басқа сипаттарына байланысты белгілерін білдіреді: ащы (сөз, тұщы (ас), тәтті (су), қышқыл (қымыз), жұмсақ (төсек).
5. Затқа, қимыл-әрекетке, мезгіл-мекенге қатысты сынды білдіреді: жазғы (демалыс), тасты (жер), білімді (жігіт), төменгі (ағыс),балалы (үй), көтеріңкі (көңіл), қысқы (каникул), сусыз (арна), аспалы (шам), т.б.
6.Сын есім қандай? қай? деген сұрақтарға жауап береді. Мысалы: Жақсы (қандай?) бала, таза (қандай?) бөлме, қызыл (қандай?) орамал, үлкен (қай?) бала, кіші (қай?) қызы. Желсіз түнде жарық ай сәулесі суда дірілдеп ...(Абай). Осы сөйлемде желсіз, жарық сөздері түн және ай деген зат есімдердің сын-сапасын білдіріп тұр. Қандай? деген сұраққа жауап береді. Қандай түн? - Желсіз түн; қандай ай? - жарық ай. Сөйтіп, заттың сынын, сапасын, сипатын түр-түсін, көлемін білдіріп, қандай? қай деген сұрақтарға жауап беретін сөз табы сын есім деп аталады.
1. 大部分形容词可以受程度副词的修饰。 Негізінен сын есімдер дəрежелік үстеулермен бірігеді. Мысалы:最清楚,很勇敢,格外亮,更虚心,非常好,太死板,特整齐, 特别好, 不太大,比较大,挺大,很大,极大;
2. 一部分形容词本身带有某些程度的意义或带重叠词尾的形容词,不 能再同程度副词组合。 Күшейткіш сын есімдердің соңғы морфемасы қайталанып келетіндіктен, олар күшейткіш үстеуді керек етпейді. Мысалы: 通红,血亮,贼亮,暂新,雪白,笔直,乌黑,绿油油,血林林,红彤 彤,黑乎乎。
Жалпы айтқанда, қазақ тіліндегі және қытай тіліндегі анықтамасы ұқсас, яғни екі тілде де заттың сын- сипатын, жай- күйін білдіріп, қандай? деген сұраққа жауап береді.

1.2. Қазіргі қазақ және қытай тілдеріндегі сын есімнің сөйлемдегі қызметі.
Қазіргі қазақ тілінде сын есімдер сөйлемнің барлық мүшелері бола алады. Сын есімдер семантикалық жағынан заттың әр түрлі сынын, сапа, белгісін білдіретін болғандықтан, сөйлемде негізінен анықтауыш мүше қызметін атқарады. Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан.
* Сын есім ілік септікте тұрып, заттанып келіп те матаса байланысқан анықтауыш болады. Өткірдің жүзі, кестенің бізі.
* Сын есім табыс, барыс, жатыс, шығыс, көмектес септіктерінде келіп заттанып,толықтауыш қызметін атқарады. Білімдіден шыққан сөз, талаптыға болсын кез. (Абай).
* Сын есім сөйлемде етістіктің алдында тұрып, қимыл, іс-әрекеттің сынып білдіріп, пысықтауыш болады. Бетті бастым, қатты састым.
* Заттанған сын есім атау септігінде тұрып қолданылса, ол бастауыш қызметін атқарады. Мысалы Баланың жақсысы - қызық, жаманы күйік.
* Сын есім жіктік тұлғада тұрып сөйлемнің баянадауышыда болады. Бақтығұл өзі де кесек, балуан денелі, иықты. (Әуезов).
1.形容词不能带宾语(这是与动词不同之处)。试比较下面的例子: Сын есімдер соңына толықтауыш алмайды ( бұл сын есімнің етістіктен басты айырмашылығы). Мысалы:
形容词 动词
可爱x国家 热爱 -- -- 国家
可恶x 她 恨 -- -- 他
高兴x女儿 喜欢 -- -- 女儿
惊慌x羊 吓惊 -- -- 羊
有的形容词兼有动词的用法。Кейбір сын есімдер етістіктің рөлін атқарады. Мысалы: 繁荣了经济,端正了态度,方便了群众。
2.形容词都能修饰名词作定语,大多数形容词能作谓语,少数的可以修 饰动词作状语。双音节形容词修饰名词时,有的要借助于助词"的"的帮助, 修饰动词时,有的要借助于助词"地"的帮助,形容词做补语是前面加"得" 或不加"得"。
Сын есімдер сөйлемде зат есімді анықтай алады. Сын есім көбінде баяндауыш болады, кейбір сын есім етістікпен бірігіп, пысықтауыш болады. Қос буынды сын есімдер зат есім мен біріккенде "的"предлогінің, етістік пен біріккенде "地" предлогінің көмегінде болады. Сын есім толықтырғыш мүше болғанда, оның алдына"得" қосылады. Кейде "得" қосылмайды.
* 作定语修饰名词。Анықтауыш болады. 光荣的党, 伟大领袖, 勇敢的战士, 新书,, 优秀学生,摆布, 正确的意见,有异成绩,好人, 好事,甜饭;
* 作谓语 Баяндауыш болады. 花红,你好,河长, 速度快, 楼高;
* 作状语修饰动词 Пысықтауыш болады.慢走,虚心地接受,认真地学习,大胆讲,诚恳地批评,快说, 大喊大叫;
* 作补语 Толықтырғыш мүше болады. 记得清,唱得好,讲明白,玩得痛快, 写整齐;
3.形容词在句子中主要作定语,谓语,还可以作状语和补语。 Сын есімдер сөйлемде, негізінен, анықтауыш, баяндауыш, пысықтауыш жəне толықтырғыш мүше болады. Мысалы: 社会主义好。 (谓语) 新同学都到大学了。 (定语) 孩子们愉快地生活,健康地成长。 (状语) 这个电影我看明白了。 (补语)
4.形容词的否定形式。否定性质,状态,一般用"不"不用"没"。 Сын есімдердің болымсыз түрі"没"-ге бірікпейді , "不"-ді қолданамыз. 这本教材不难。 (没难) 他回答得不清楚。(没清楚) 否定某种性质,状态发生变化时可以用"没"。形容词前常用副词"还"或 句末用语气词"呢"。 Іс-əрекеттердің өзгерісінде "没" қолданылады. Сын есімнің алдына "还" жəне сөйлем соңына "呢" келеді. 我还没跑,想再吃点儿。 天没亮呢,在等一会儿吧。
Жалпы, қазақ тіліндегі сын есім анықтауыш, толықтырғыш, пысықтауыш және баяндауыштың қызметін атқара алса, сөйлемде бастауыш және толықтырғыш мүшесі бола алмайды; қытай тіліндегі сын есім толықтауыштан басқа барлық сөйлем мүшесі бола алады.

1.3. Қазіргі қазақ және қытай тілдеріндегі сын есімнің жасалу жолдары.
Мағыналық жағынан сын есімдер заттың сапалық, сындық белгісін, түсін білдіріп, сапалық сын есім және бір затқа, құбылысқа, қимылға қатысын білдіріп, қатыстық сын есімдер болып бөлінеді. Сапалық сын есім мен қатыстық сын есімнің айырмасы ең алдымен білдіретін мағынасына байланысты.
Негізгі түбір сын есімнің өзінен болып, заттың снын, түр-түсін тікелей анықтайтын болса, ол сапалық сын есім болғаны. Мысалы: көк (шөп), қызыл (бояу), жақсы (сөз), ащы (су), көкшіл (мата), қызғылт (орамал), жақсырақ (орын), ащылау (қымыз), жап-жасыл (орман), тұп-тұщы (өзен).
Сын есімнің жасалуы
Сын есім құрамы жағынан негізгі сын есім және туынды сын есім болып бөлінеді. Ешбір қосымшасыз негізгі түбір күйінде жұмсалатын сын есімді негізгі сын есімдейді. Мысалы: қара, көк, биік, таза, жақсы, сары, терең, т.б. Бұл сияқты сөздер - әрі қарай бөлшектеуге келмейтін негізгі түбірлер.
Басқа сөздерден жұрнақ арқылы жасалған сын есімді туынды сын есім дейді. Мысалы: көш-пелі (ел), кеш-кі ауа), өнер-лі (жігіт), аудан-дық (комитет), азаматтық (борыш), тарих-и (оқиға), үрк-ек (ат), т.б. Құрамы жағынан туынды сын есім негізгі түбір мен қосымшадан (жұрнақтан) тұрады. Демек, туынды сын есімдер жұрнақтар арқылы жасалған сын есімдер болып табылады. Туынды сын есімдер жұрнақтар арқылы есім сөздерден де, етістіктен де жасалады. Мысалы: қыс-қы (күн), су-сыз (жер), сөз-шең (адам), т.б. сын есімдердің түбірі зат есім болса, тол-ық (адам), көтер-іңкі (көңіл), ауыспа-лы (егіс), үсте-ме (ақы) ,т.б. сын есімдердің түбірі - етістік. Сондықтан да сын есім жасайтын жұрнақтар екі топқа бөлінеді: есім сөзден сын есім тудыратын жұрнақтар және етістіктен сын есім тудыратын жұрнақтар. Сын есім сондай-ақ қосарлану және тіркесу арқылы жасалады. Мысалы: үлкен-кіші, апалы-сіңлілі, биік-биік, жақсы-жаман, балалы-шағалы және шұбар ала, қара көк, ақ сақалды, жирен қасқа, т.б. Бұлар құрамына қарай күрделі сын есімдер деп аталады. Бір ғана түбірден, негізгі немесе туынды түбірден тұратын сын есімдер дара сын есімдердеп аталады.
Сын есімнің түрлену жүйесі деп шырай тұлғаларын айтып жүр. Бірақ бұл - дұрыс емес. Түрлену жүйесі жағынан сын есім - түрленбейтін сөз табы. Ал шырай тұлғалары жалпы сын есімнің емес, оның бір ғана тобының - сапалық сын есімнің ғана лексика-грамматикалық категориясы.
Етістіктен жасалған сын есімдерге - қыр-ғыр, -кір-гір аффикстері жалғанады: тапқыр, алғыр, білгір т.б. жатады.
Сын есімнің дамуы зат есіммен тығыс байланысты болған. Егер нақтылап қарайтын болсақ, мынандай құрылым ретін құрауға болады. Оларды жеке қарастырсақ:
Ымды-імді-мды-мді: өтімді, батымды, татымды т.б.
Малы-мелі: жылжымалы, бүрмелі және т.б.
Мсақ-мсек-ымсақ-імсек.
有一些单音节形容词或名词加缀成的形容词可以加深程度。Кейбір жалаң буынды сын есімдерге немесе зат есімдерге жұрнақтар жалғанып, дəрежелік сын есімдер жасалды.
* 加后缀 Суфикстік жұрнақ. 形容词+词缀(Аxx 式) сын есім+аффикс. Мысалы: 热乎乎,暖烘烘,甜丝丝,绿油油,红彤彤,亮晶晶,阴森森, 冷清清, 硬邦邦,香喷喷,干巴巴,静悄悄。
* 名词+词缀(И xx 式) зат есім+аффикс (xxИ формасында) Мысалы:水汪汪,泪汪汪,火辣辣,血淋淋。
* 加前缀。Профикстік жұрнақ. Мысалы: 滴溜圆,稀巴烂。
Сонымен, сын есімнің жасалу жолы қазақ тілінде де, қытай тілінде де аффикс жалғану арқылы жасалынатынын аңғаруға болады.

1.4. Қазіргі қазақ және қытай тілдеріндегі сын есімнің шырай категориялары.
Шырай категориясы әдетте сын есімнің категориясы деп танылып жүр. Бірақ, біріншіден, сын есімнің бәрі бірдей, яғни сын есімге сөз табына жататын сөздердің барлығы шырай тұлғаларымен түрленбейді, шырай тұлғалары кез келген сын есімге жалғана бермейді. Түсті білдіретін сын есімдерге күшейткіш шырайдың дәреже аффикстері жалғанады. Мысалы, қызыл+дау, қызыл+ырақ, қыз+ғылт т.б. ,таулы дегеннен таулырақ, не тап-таулы, өте таулы деп, кешкідегеннен кешкілеу не кеп-кешкі, аса кешкі деп, алғыр дегеннен алғырарақ не ап-алғыр деген сөз формаларын, шырай түрлерін жасауға болмайды. Яғни сын есімнің бір түрі-сапалық сын есімдерге шырай жұрнақтары жалғанып, шырай түрлерін жасауға болса, сын есімнің мағыналық тобының екінші тобы-қатыстық сын есімдерге шырай жұрнақтары жалғана алмайды да, одан шырай түрлері жасалмайды. Сонда шырай категориясы жалпы сын есімге емес, сын есімнің бір ғана семантикалық түрі - сапалық сын есімге ғана тән екен. Екіншіден, сын есім - қазақ тілінде түрленбейтін сөз табы. Яғни сын есім өзінің семантикалық (мағыналық), қызметтік ерекшелігі - зат атауының (зат есімнің) әр түрлі сапалық, сындық белгілерін, түр-түсін, бір сөзбен айтқанда, заттың әр түрлі белгісін білдіретін сөздер болғандықтан, сөйлеу процесінде осы мәнде негізінен зат есіммен тіркесіп қолданылатыны белгілі.
Кейде қимыл, іс-әрекеттің, процестің сын-қимылын, амалын білдіріп, етістікпен тіркесіп, кейде тіпті зат есімнің орнына субстантивтеніп жұмсалуы сын есімнің әдеттен тыс қолданылуы болып саналады. Сын есімнің әдеттегі қолданысында ол түбір тұлғасында тұрып, өзі анықтайтын зат есіммен (немесе заттанған сөзбен) тек орын тәртібі арқылы байланысып, синтетикалық түрлену тәсілінің оған ешбір қатысы болмайды. Мысалы, Сұр бұлт түсі суық қаптайды аспан, Күз болып, дымқыл тұман жерді басқан (А). Шоқпардай кекілі бар қамыс құлақ (А.) Шымқай қызыл гүлдердің үлкеп шоғы бірден назар аударады (М.Иман-жанов) Сұйықтау, қоңыр шашының арасынан бас құйқасы да қылаңданып көрінеді. (М.Ә.). Желсіз түнде жарықай. Сәулесі суда дірілдеп, Ауылдың маңы терең сай, тасыған өзен гүрілдеп (А). Берілген мысалда сын есімдер зат атауын анықтап, сұрдеген бұлтты, түсі суықдеген бұлтты, дымқыл деген тұманды, шоқпардайдеген кекілді, сұйықтаужәне қоңырдеген шашты, шымқай қызылдеген гүлдерді, үлкендеген шоқты, желсіздеген түнді, жарықдеген айды, тереңдеген сайды анықтап, атрибуттық қатынаста орын тәртібі арқылы байланыса қолданылған. Бұл мысалдан сын есімдердің, біріншіден, сапалық түрі болсын, қатыстық түрі болсын өзі анықтайтын сөзімен байланысында, сол сөзге қатысында, сол сөздің қандай тұлғада жұмсалуына бейтарап екенін, қызметі жағынан анықтауыштың, байланысу тәсілі жағынан таза орын тәртібі арқылы ерекшеленетінін байқау қиын емес. Екіншіден, сын есім түбір күйінде қолданылса да, шырай тұлғаларында қолданылса да, оның бұл грамматикалық тұлғалық көрсеткіші яғни шырай формасы зат есіммен грамматикалық байланысқа ешбір қатысы болмай, тек сол сын есімнің семантикалық сипатын, семантикалық реңдік мәнін айқындау, көрсету үшін қолданылғанын көреміз.
Мысалдағы грамматикалық сипаты жағынан сұйықтау шаш (сұйық деген сапалық сын есім - тау қосымшасы үстелу арқылы салыстырмалы шырай түрінде қолданылған) пен қоңыр шаштың арасында ешбір айырмашылық жоқ. Әрине, бұлардың (сын есімдердің) семантикалық ерекшеліктері яғни біреуінің сұйықтық-қоюлық жағынан сындық белгісі, екіншісінің түске байланысты мәнін білдіріп отырғаны ескеріліп отырған жоқ. Бұл жағынан келгенде, мысалы, орыс тіліндегі сын есіммен салыстырғанда, грамматикалық сипаты жағынан үлкен айырмашылығы бар. Орыс тілінде сын есім зат есіммен грамматикалық байланысқа түсіп тек жағынан (мысалы, большая школа - үлкен мектеп, болъшой институт - үлкен институт), жекешелік - көптік жағынан, септік түрленуі жағынан (у болъшой школы - үлкен мектептің, большому институту - үлкен институтқа т.б.) бір тұлғада ғана түрленіп (согласование) қолданылады да, ол сын есімнің түрлену жүйесі деп танылады. Ал қазақ ... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Ағылшын және қазақ тілдеріндегі сын есімдердің қолданылу ерекшелігі
Сын есімнің зерттелу тарихынан мағлұмат
Сапалық сын есімдер
Қазақ және орыс тілдеріндегі сын есімнің түрлері
Сын есімді оқыту барысында оқушыларға ұлттық тәрбие беру
Ескерткіштер тіліндегі сапалық сын есімдер
Сын есімнің семантикалық және граматиқалық сипаты
Ағылшын және қазақ тіліндегі сын есімнің қолданылуы
Зат есім мен етістіктен жасалған сөздер
СЫН ЕСІМНІҢ ГРАММАТИКАЛЫҚ КАТЕГОРИЯЛАРЫ
Пәндер