Электрондық оқулықтардың міндеттері


Қазақстан Республикасының білім және ғылым минитрлігі
Ш. Уәлиханов атындағы КМУ жанындағы көпсалалы колледж
К У Р С Т Ы Қ Ж Ұ М Ы С
тақырыбы: «Орта мектепте ағылшын тілі сабақтарында мультимедиялық, электрондық оқулықтарды қолданудың тиімділігі мен мәселелері»
Мамандығы: 0111000 «Негізгі орта білім»
Пән бойынша: «Шетел тілін оқыту әдістемесі»
орындаған: Қазбекова Айғаным
тексерген: ағылшын тілі оқытушысы,
пед. ғыл. магистрі Рахимова Т. К.
Көкшетау - 2020 ж.
Мазмұны
Кіріспе . . . 3
Негізгі бөлім
Теориялық бөлім . . . 5
Практикалық бөлім . . . 13
Қорытынды . . .
Пайдаланылған әдебиетер . . .
Қосымша . . .
Кіріспе
Қазақстан әлемнің дамыған елдер қатарына қосылуды мақсат тұтқан әлеуметтік жаңғыру, инновациялық индустрияландыру, экономикалық ықпалдастыру бойынша ауқымды міндеттерді ұстануда. Қазақстанның кемелденуі, гүлденуі, ағалар ісін жалғастыру, ұлттық бәсекелестікке қабілетті болудың деңгейін жоғарылату, әлемдік танылуын қамтамасыз ету - білімді, білікті жастарға қойылған жоғары мақсат.
Заман талабына сай бүгінгі күні Қазақстан Республикасының білім беру жүйесіне өзгерістер кіруде, білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасында үздік білім беру ресурстары мен технологияларға қол жеткізуді қамтамасыз ету керектігі аталып өтті. «Интеллектуалды ұлт - 2020 » ұлттық жобасында басым айтылған ең басты мәселе - білім беру жүйесін инновациялық даму жолына түсіру.
Қала мен ауыл мектептеріндегі білім деңгейін теңестіру, оқушылардың ойлау, өз ойларын жеткізе алатын мүмкіншіліктерін арттыру, технологиялық сауаттылықтарын дамытудың маңыздылығы да қажет екендігі көрсетілді.
Қазір инновациялық әдістер мен ақпараттық технологиялар қолдану арқылы оқушының ойлау қабілетін арттыру, ізденімпаздығын дамыту, қызығушылықтарын тудыру, белсенді болуға үйрету ең басты міндеттердің бірі болып саналады.
Заманауи мұғaлімінeн тeк өз пәнінің тeрeң білгірі болу eмec, cонымeн қaтaр тaрихи тaнымдық, пeдaгогикaлық-пcихологиялық caуaттылық, caяcи экономикaлық білімділік жәнe aқпараттық caуaттылық тaлaп eтілудe. Ол зaмaн тaлaбынa caй білім бeрудe жaңaлыққa жaны құмaр, шығaрмaшылықпeн жұмыc іcтeп, оқу мeн тәрбиe іcінe eніп, оқытудың жaңa тeхнологияcын шeбeр мeңгeргeн жaн болғaндa ғaнa білігі мeн білімі жоғaры жeтeкші тұлғa рeтіндe ұлaғaтты caнaлaды.
Үштілділік саясатын ұстанған елімізде ағылшын тілін оқыту мүмкіншілігі туып, халықаралық тілді үйретуге жұмылдыруда қолайлы жағдайлар жасалуда.
Ал ағылшын тілі мұғалімі қандай болу керек? Әрине, білімді де білгір, өзіндік білім ала алатын, өзін -өзі дамытатын, шығармашылықпен еңбектенетін, әлем кеңістігінде еркін қозғала алатын маман болуы керек.
Ағылшын тілін оқытуда көптеген бағдарламалар мен әдістемелер ойлап шығарылды. Мақсатқа жетуде ғылым мен техниканың қазіргі замандағы озық үлгілерін пайдаланып, әлемдік ақпараттық кеңістікте әр түрлі деңгейдегі ақпараттарды қажетіне жарата білу керек. Білім беру жүйесінің негізі - мектеп болғандықтан, мектепте жаңа технологияларды кеңінен пайдалана отырып, оқушыларға ағылшын тілін үйрету - білім берудегі басты міндеттердің бірі . Сол себепті еліміздің барлық білім беру ошақтары қазіргі озық технологиялармен жабдықталып, мультимедиялық кабинеттер ашылды. Бүгінгі күнде планшет, электронды кітаптар сияқты құралдар білім беру жүйесіне көмектесетін техникалық құрал ғана емес, педагогикалық қызметтерді де атқара алатын құрал болып табылады.
Электронды құралдарды мeңгeру құзірeттілігін қaлыптacтырудың бacты мaқcaты - оқушылaрды aқпaрaтты алу, оны түрлeндіру жәнe қолдaну, олaрдың осы құралдарды өз қызмeттeрінe eркін, тиімді пaйдaлaнa aлу қaбілeттeрін қaлыптacтыру.
Электрондық оқулықтардың міндеттері:
1. Білім ордасын ақпараттық және телекоммуникациялық техникалық құралдармен қамтамасыз етуге ықпал етеді;
2. Оқу-тәрбие процесiне жаңа ақпараттық технологияны енгiзудi қамтамасыз ету бойынша ғылыми-iзденушiлiк және оқу-әдiстемелiк жұмыстарын жүргiзу;
3. Жеке тұлғаның интеллектуальдық және шығармашылық қабiлеттерiн дамыту; бiлiм мен тәрбиенiң бiрiздiлiгi; жалпы компьютерлiк сауаттылық;
Жаңа технологиялардың мүмкіндіктері оқушыларға оқу бағдарламаларын оқып, тіл үйренуде де сәтті қолданылатынын түсіндіруге мүмкіндік беріп, шығармашылық белсенділікті дамытуға, пәнге деген қызығушылықты арттыруға, тыңдау мен сөйлеу дағдыларын үйренуге ең жақсы жағдайларды жасауға әсер етіп, нәтижесінде сапалы білім алуын қамтамасыз етеді.
Жаңа технологияларды ағылшын тілі сабақтарында қолданудың негізгі мақсаттары:
-тілді үйренуге деген мотивацияларының артуы;
- тілдік компетенцияны дамыту, өзге тілдегі мәтіндерді түсіне білу,
-лингвистикалық білім көлемінің артуы;
-ағылшын тілін өз бетімен үйренуге даярлық пен қабілеттілікті дамыту.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ
1. 1Ағылшын тілін оқытуда электронды оқулықтардың рөлі
Білім беруде инновациялық технологиялар көп. мен Электрондық оқулықтар туралы айтқым келеді.
Электрондық оқулық - оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын, компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, т. б. программалардың жиынтығы. Электрондық оқулықтардың көмегімен оқушылардың интуициясы мен бейнелеп ойлануын дамытуға мүмкіндік берумен қатар, олардың материалды түсіну деңгейін жоғарылату және өз бетінше оқу мен бақылау мүмкіндігін іске асыру мүмкіншілігі туады. Электрондық оқулық- мультимедиялық оқулық, сондықтан электрондық оқулықтың құрылымы сапалы және жаңа деңгейде болуы тиіс. Электрондық оқулық сонымен қатар, оқушының уақытын да үнемдейді, оқу материалдарын іздеп отырмай, өтілген және оқушының ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге көп ықпал етеді.
Оқу материалын бірнеше рет көре алу мүмкіндігі балалардың жеке басының ерекшелігіне сай: біреулеріне өмір бойы есте сақтап қалу үшін бірақ рет қарап шығу жеткілікті, екіншілеріне - материалды бірнеше рет қарап шығу қажет. Бұның барлығы мүмкін, өйткені оқушы электронды оқулықпен жеке жұмыс жасайды.
Ал бұның мұғалімге көмегіне келер болсақ, оқу материалы түгелдей көркемделген. Мұғалімге көрнекі дидактикалық құралдарды даярлау қажет емес. Көркемделуі кәсіби деңгейде орындалған. Электронды оқулықтар дыбысталған, оларда оқушының жауаптары елеусіз қалмайтын шынайы қарым-қатынастың элементтері бар. Оқушы мәтінді оқып қана қоймай, сонымен қатар тапсырмаларды орындай және сұрақтарға жауап бере отырып оқу үрдісінің белсенді қатысушысы болады.
Электрондық оқулықты ағылшын тілін оқыту үдерісінде қолдану оқу пәні ретіндегі ерекшелігімен сипатталады. Ағылшын тілін оқыту үшін мұғалімнің алдында тұрған міндет- оқушылардың курстың ұғымдық аппаратын меңгеруі және жаттығуларды орындаудағы практикалық біліктілігі мен дағдысын, грамматикалық проблемаларды шеше білуді қалыптастыру. Оқыту процесінің сатылары өзіндік зерттеу іс-әрекеттерінің деңгейлерімен ерекшеленеді. Электрондық оқулықты сабақтың барлық кезеңдеріне қолдануға болатындығы және әрбір кезеңде айтарлықтай оң нәтижеге қол жеткізуге болатындығы анықталды. оқулықтарға қарағанда Сабақ бойынша ақпараттардың бәрі мәтін, суреттер, бейне, аудиожазба, анимациялар және басқа да графикалық құралдар түрінде берілетіні дараландырады.
Дамыған байланыс пен іздеу жүйесі оқулықтың бір бөлімінен екіншісіне немесе фрагментінен басқасына бір демде ауысуға мүмкіндік береді. Материалдарды меңгеру дәрежесін интерактивті тапсырмаларды орындап болған соң бірден білуге болады. Электронды оқулықтың online және offline нұсқалары болуы мүмкін. CD-дискке немесе басқа да ақпарат тасымалдаушы құралдарға, болмаса интернетке сайтқа орналастырылуы мүмкін.
Электрондөзеық оқулықтар тақырыпты мазмұнды, түінікті жеткізуге, жаңа тақырыппен танысқаннан кейін білімін жедел бекітуге, мысалдарды қолдана отырып, тапсырмаларды орындауға, олардың орындалу ретіне сараптама жасауға жəне оқушының өз білімін тексеруіне мүмкіндік береді. Сонымен қатар электрондық оқулықтарды қолдану кезінде əр оқушының өз бетімен жұмыс істеуіне жағдай жасалады. Əдеттегі сабақ барысында үлгерім деңгейі төмен оқушылар сабақтың өту қарқынына ілесе алмауы мүмкін, мұғалімнің олардың деңгейін ескере отырып жұмыс істеуі, керісінше, қабылдау дағдысы жақсы дамыған оқушылардың сабақ барысында қызығушылығының төмендеуіне əкеліп соғуы ықтимал. Сондықтан да, электрондық оқулықпен жұмыс істеп отырған əр оқушы ұсынылып отырған материалмен толыққанды танысуға, негізгі білімді алғаннан кейін тапсырмаларды ретімен орындауға жəне өз білімін тексеруге мүмкіндік алады. Бұл жағдайда мұғалім нұсқаушы рөлін атқарып, əр оқушының жұмыс барысын бақылауға мүмкіндік алады. Бірақ осындай жұмыс құралдарын қолдану кезінде белгілі асыл қағиданы естен шығармаған абзал: дəстүрлі оқулықтарды толығымен алмастыра алатын электрондық оқулықтар кемде кем жəне бір де бір электрондық оқу құралы мұғалімді алмастыра алмайды. Сондықтан да сабақ барысындағы басты кейіпкер - мұғалім, сабақтың негізгі үрдісі -мұғалім мен оқушының қарым-қатынасы.
Электрондық оқулықтардың сабақта қолданылуы қандай тиімді болса, оларды жасақтау жəне оқушы алдына дайын оқу құралы ретінде табыстау соншалықты күрделі жұмыс. Электрондық оқулықты пайдаланбас бұрын мұғалім осы бағытқа арналған көптеген бағдарламалар мен құралдармен танысуы шарт. Оларды зерделеп, зерттеп, мүмкіндігіне сай жұмыс құралын таңдап алуы тиіс. Қазіргі кезде осы бағыттағы бағдарламалық құралдар түрлері өте көп. Олардың əрбіреуінің өз ерекшелігі, мүмкіндігі мен орындалу əдістері бар.
Электрондық оқулықпен оқытудың негізгі мақсаты: оқыту процесін үздіксіз жəне толық деңгейде бақылау, сонымен қатар ақпараттық ізденіс қабілетін дамыту. Қазіргі мектептің даму болашағы қоғамның даму үрдісімен үнемі өсіп отыратын ақпарат көлемінің əртүрлі тегімен анықталады. Оқушыларға білім беруде жаңа оқыту технологияларын қолдану, инновациялық бағытта жұмыс жасау заман талабына сай талап етілуде. Оқу процесінде компьютерді тиімді пайдалану жəне қолдану кейінгі жылдары айтарлықтай оң тəжірибе беріп отыр. Атап айтсақ оқушылардың өз бетімен ізденісі, пəнге деген қызығушылығын арттырып, шығармашылығын дамытуға, оқу қызметінің мəдениетін қалыптастыруға, дербес жұмыстарын ұйымдастыруға ерекше қолайлы жағдай туғызып отыр. Сондықтан қазіргі таңда электрондық оқулықтардың көптеп пайдаланылуын міндеттейді. Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі талаптарының бірі -оқу үрдісіне электрондық оқулықтарды пайдаланып қана қоймай, оны жасау жəне пайдалану. Мұғалім үшін электрондық оқулық бұл күнделікті дамытылып отыратын ашық түрдегі əдістемелік жүйе. Оны əрбір мұғалім өз педагогикалық тəжірибесінде материалдармен толықтыра отырып, ары қарай жетілдіре алады.
Электронды оқулықты пайдаланудың тиімділігі суретінің тартымдылығы, мазмұны, құрылымы, бірізділік жүйесімен баурап алады. Осындай оқулықтар барлық пәндерден түбегейлі қолданылса нұр үстіне нұр болар еді. Бүгінгі таңда ғаламтормен, компьютермен жұмыс жасау өміріміздің мәніне айналды. Электронды оқулықтардың бірден бір тиімділігі:
-Материалдардың алуан түрлілігі:
-Аудиомәтіндер, суреттер, сызбалар, жұмбақ-сызбалар, бейнематериалдар, презентациялар т. б.
- Тапсырманың бірізділікпен берілуі;
- Өз бетінше шығармашылықпен ізденуі;
- Ақпаратты сұрыптай алуы;
- Алған білімді бекітіп, пысықтай алуы;
- Белгілі бір өсу сатысына көтерілуі ;
- Ойының ұшқырлығы;
-Ғылыми жобалар ұсынуы.
Электрондық оқулықтағы сан алуан қызықты материалдар, тест түрлері, диалогтық оқу түрлері, кестелер, сәйкестендіру тапсырмалары, мәтін түрлері және құрылымына байланысты тапсырмалар оқушының пәнге деген қызығушылығын арттыра түседі, шығармашылыққа жетелейді, өз бетінше ізденіп, көш озық болуына итермелейтіні анық.
Мультимедиялық технологиялармен жұмыс істеу кезінде оқушылар басынан бастап, қызықты танымдық әрекеттерге араласа алады. Жаңа сабақ барысында қосымша қызықты материалдарды ұсынуға, көлемді қиын тақырыптарды тірек-сызбалар арқылы жеткізуге, өзінің жаңа идеяларын әсерлі, тартымды етіп көрсетуге болады. Топпен, жекелей жұмыс жасауға зор ықпалын тигізеді. Алдын-ала дайындалған презентациялар, графикалық сызбалар, мәтіндік ақпараттар, бейне және аудио материалдар, алдын ала үйлестірілген жаңа сабақты меңгертуге арналған ойындар, гиперсілтемелер арқылы сабақтың оқушы үшін қызықты да, тартымды өтуіне көмегін тигізеді.
Ақпараттың қажетін сезіну, тиімді қолдану ең бастысы шығармашылыққа жетелеуде электронды оқулықтардың орны ерекше. Адамзат баласының алға қарай сатылай өркениет өріне жетуі әр оқушының дұрыс ой түюіне, өнегеге жол сілтеуі, ғылым жетістіктерін терең меңгертіп оқыту, білімге деген мәңгілік құштарлық та ұстаз парыздылығының кемел көрінісі болмақ. Мұғалімнің өз жұмыстарының әдістері мен ұйымдастыру түрлерін түбегейлі өзгертуге, оқушылардың жеке қабілеттілігін дамытуға, оқудағы пәнаралық байланысты күшейтуге, оқу процесін ұйымдастырудағы бір бағыты электронды оқулықтар үнемі жаңадан жаңа дүние жасауға мүмкіндік береді.
Электронды оқулықты пайдалану арқылы:
- сабақта техникалық құралдарды, дидактикалық материалдарды қолдану тиімділігі;
- мұғалімнің/оқушының ақпараттық - коммуникациялық технологияны меңгеруі;
- оқушының пәнге қызығушылығы;
- алынған білім, дағды деңгейі;
- білімнің тереңдігі;
- тексеру түрлері, бағалау;
- практикалық дағдыларды игеру мүмкіндігі артады.
Электронды оқулықты қолдану барысында оқушылардың сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығы байқалады. Мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық көмекші құралдарды молынан ала алады.
Заман талабына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электронды оқулықтарды сабаққа пайдалану - оқытудың жаңа технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Сонымен қатар электронды материалдарды сабақта пайдалану кезінде оқушылар бұрын алған білімдерін кеңейтіп, өз бетімен практикалық тапсырмалар орындайды. Әрбір оқушы таңдалған тақырып бойынша қажетті материалдармен танысып, кестелер және сызбалармен жұмыс жасауға дағдыланады. Электронды оқулық арқылы түрлі суреттер, бейне көріністер, дыбыс пен музыка тыңдатып көрсетуге болады. Бұл, әрине мұғалімнің тақтаға бормен жазып түсіндіргенінен әлдеқайда тиімді, әрі түсінікті. Меңгерілуі қиын тақырыптарды компьютердің көмегімен түсіндірсе жаңа тақырыпқа деген баланың құштарлығы оянады деп ойлаймын.
Қазіргі кездегі шапшаң жүріп жатқан жаһандану үрдісі әлемдік бәсекелестікті күшейте түсуде. Білім беруді ақпараттандырудың президенттік бағдарламасы электронды оқулықтарды жасауға себепші болды. Бүгінгі күнде ЖОО білім берудің мазмұнының 60%-ы және кәсіби білім берудің 10%-ы түрлі сандық интерактивті мультимедиалық білім беру ресурстарын (СИМБР) : электронды оқулықтарды (ЭУ) ; мультимедиалық оқыту бағдарламасын (МОБ) ; виртуалды саяхаттарды (ВС) ; электронды дидактикалық құралдарды (ЭДҚ) және т. б. жасау жолымен сандық форматқа көшірілуде. Электронды оқулық - бұл мұғалімге ғана емес, сонымен қатар оқушыға таптырмайтын көмекші. Бұл электронды оқулықтың авторларымен яғни, әріптестерімен қашықтан кәсіби қарым-қатынас жасау құралы. Сондай-ақ, оның жан-жақтылығының арқасында, олар әдістемелік деректер қоры бола алады.
Дегенмен электрондық оқулық кәдiмгi кiтапты толық ауыстырмайды және ауыстыра алмайды.
Электрондық оқулыққа қойылатын талаптар:
1. Жан-жақтылығы.
2. Iзгiлiктiлiк. Онда кез келген орындаушы өзiне қажеттi бiлiмдi ала алады.
3. Бейiмдiлiгi. Ұсынылып отырған оқу материалы барлық орындаушылар үшiн бiрмәндi болуы керек. Бiрақ оқу материалы әр түрлi формада берiлуi мүмкiн.
4. Модульдiк. Кез келген электрондық оқулықты дәстүрлi оқулықтар негiзiнде құрылымын жасақтау.
5. Экономикалық тиiмдiлiгi. Аталған оқулыққа сұраныс көп болуы қажет және сәйкес түсетiн пайданы да қарастыру қажет.
6. Тұтынушыға бағдарлау.
Электрондық оқулықтың құрамы:
- аннотация;
- пән туралы қысқаша ақпарат;
- жұмыс бағдарламалары;
- электрондық оқулықпен және оның бөлiктерiмен жұмыс жасау туралы әдiстемелiк нұсқаулар;
- ұсынылатын бiлiм беру бағдарламалары;
- теориялық материалдар (лекция конспектiлерi) ;
- теориялық материалдарға негiзделген оқу құралы;
- практикалық жұмыстарды орындауға негiзделген әдiстемелiк құрал;
- практикалық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының тiзiмi;
- бақылау тапсырмалары;
- лабораториялық жұмыстардың әдiстемелiк нұсқалары;
- бiлiмдi бағалау критерийлерiн айқындайтын тапсырмалар;
- бақылау тестiлерiнiң жинағы;
- телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация түрлерi мен графигi;
- әдебиеттер тiзiмi және Интернеттiң ақпараттық ресурстарына сiлтемелер;
- озат мұғалiмдердiң жасақтаған қосымша авторлық материалдары;
- үйренушiнiң жұмыс папкасы;
- мұғалiмнiң жұмыс папкасы.
Электрондық оқулықтардың, дәстүрлі қағаз кітаптардан айырмашылығы «жанды» болып келеді.
Электрондық оқулықтар және СИМБҚ-ның басқа да түрлері интерактивті, олар дыбысталған, оларда оқушының жауаптары елеусіз қалмайтын шынайы қарым-қатынастың элементтері бар. Әрбір электрондық оқулық үлкен авторлық ұжыммен даярланады, біріншіден ғылым докторлар мен кандидаттар, профессорлар мен доценттер, республикамыздағы қандай да болмасын пән саласындағы ең жақсы мамандар. Сонымен қатар, авторлық ұжымға педагог-технолог, әдіскер және міндетті түрде бағдарламалаушы, жан бітіруші, дизайнер, дыбыс операторлары және басқалар кіреді
Электрондық оқулықтарда оқушы оқу материалына жүгінуін қаншалықты қажет етсе, соншалықты мүмкіндік береді. Ол бір тапсырманы, оның ең жақсы нәтижесіне жеткенше орындауы мүмкін. Мұндай электрондық оқулықтар оқу курсын өз бетімен немесе оның үлкен бөлімдерін оқып үйренуге мүмкіндік береді және құрамында қарапайым оқулықтың, анықтамалықтың, есеп кітапшасының және зертханалық сабақтардың қасиеттерін біріктіреді. Осы электрондық оқулық дәстүрлі оқыту тәжірибесінің баламасы емес, қосымшасы болып табылады және оқушының кітаптармен, конспекттермен, жаттығулармен және т. б. жұмыс істеуін алмастырмайды. Электрондық оқу құралының ақпараттық технологиялар мен мультимедиялық мүмкіндіктерді толық пайдалануын компьютерлер қамтамасыз етеді. Осындай мүмкіндіктерге: оқулық авторының аудиотүсініктемелері; оқу материалына аудио және видеосюжеттердің, анимацияның енгізілуі; контексттік көмекшілерді, сілтемелерді (гипертекст) орындау; сандық немесе графикалық түрінде күрделі есептеудің нәтижелерін тез арада орындау; студенттің білімін оперативті өзіндік бақылау (ол жаттығуларды және тесттерді орындаған кезде) жатады.
1. 2 Электрондық оқулықтардың ағылшын тілін оқытуда пайдаланудың тиімділігі мен мәселелері
Шет тілін үйрену үшін жай оқулыққа қарағанда электрондық оқулықтың мүмкіншілігі көп. Себебі қандай да бір тілді үйренуге ол туралы ақпараттың жан жақтан жаулап алғандай құйылуы маңызды. Оқушы оқып, естіп, көріп және өзі қайталап отыру арқылы жаңа ақпаратты тез қабылдайды. Электрондық оқулық барлық талаптарға жауап бере алады. Ағылшын пәнін оқытуда көптеген түрлі жаттығуларды жасауға, видео-материалдарды көруге көптеген нәтижелерге қол жеткізеді.
Электрондық оқулықтар ғылыми тұрғыдан дайындалады. Педагогикалық принциптер мен оқытудың дидактикалық жүйесімен сәйкестендіріліп жасалады.
Оқу материалдарын тиімді игеруде электронды оқулықтардың алатын орны ерекше. Пәннің теориялық тақырыптары толық түсіндіріледі. Игерілетін материал графикалық кесте, суреттер, диаграммалармен толықтырылып беріледі. Білім алушы пән бойынша оқулықсыз кез келген мәліметті тауып, оқып, үйрене алады. Практикалық, өздік, лабораториялық жұмыстар тез және жылдам түсіндіріледі. Тесттерді орындау да тиімді. Электрондық оқулық - әр оқушының жеке дара өздігінен жұмыс жасауына ыңғайлы. Бұндай оқулықтар -оқу үдерісіне пайдалы мәліметтер қоймасы іспеттес.
Жақын болашақта электронды оқулықтар өзінің басымдықтарының арқасында оқытудың ажырамас бөлігіне айналады. Оларды оқығанда ақпаратты беруге арналған түрлі каналдар ретінде пайдалануға мүмкіндік бар.
Егер бала ақпаратты есту арқылы жақсы қабылдайтын болса, оны тыңдай алады, ал егер көзбен көру керек болса, видеофрагменттер мен анимацияларды қарай алады. Электронды оқулықтардың басқа да басымдықтары арасынан сарапшылар төмендегілерді атайды:
- Кез келген жерден, кез келген құрылғы арқыры кіруге болады;
- Ақпаратты іздеу мүмкіндігі;
- Интерактивтілік;
- Балл қоюда объективтілік;
- Тапсырмалардың күрделілігінің түрлі деңгейі;
- Озат оқу үшін жасалған жағдайлар;
- Өтіп кеткен материалдарды қайталау мүмкіндігі;
Оқулықтың мәтінімен қоса мультимедиа сценарийіне компоненттер мен тақырыптар тізімі, сонымен қатар, оның құрылымы алдын-ала баяндалуы қажет. Анимациялық, аудио және видео үзінділер, иллюстрациялар және т. б. сценарий бойынша таңдалады. Оқулықтың толық сценарийі әдетте мәтіннің тақырыптарға, тарауларға, түсініктерге байланысын да қарастырады. Сонымен бірге оқушыларға дауыстарға, видео үзінділерге, кестелік ақпараттың қолданылуына, бейнеленген материалдардың (графиктер, схемалар, суреттер) анимацияланған суреттердің және фотоматериалдардың, аудио және видео үзінділердің, компьютерлік модельдердің сілтемелеріне де жауапкершілікпен қараған дұрыс.
Электронды оқулыққа қойылатын талаптар:
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz