Еңбекпен толық және тиімді қамту


Мазмұны
43
43
62
64
Белгілеулер мен қысқартулар
АҚШ - Америка Құрама Штаты
АЭА - арнайы экономикалық аймақ
Долл. - доллар
ЖЕБ - жастар еңбек биржасы
ЖОО - жоғары оқу орны
ЖҰӨ - жалпы ұлттық өнім
Ж. - жыл
КСРО - Қазақ Советтік Республикалық Одағы
ҚИҚ - Қазақстанның Инвестициялық қоры
Млн. - миллион
Млрд. - миллиард
ТМД - тәуелсіз мемлекет достастығы
Т. б. - тағы басқа
ХЕҰ - халықаралық еңбек ұйымы
ҰИЖ - Ұлттық Инновациялық Жүйе
ЭЫДҰ - экономикалық ынтымақтастық және даму ұйымы
% - пайыз
Нормативтік сілтемелер
1. Қазақстан Республикасының Конституциясы - Астана: Елорда, 2008.
2. Қазақстан Республикасының Еңбек кодексі - Астана: Елорда, 2007.
3. Қазақстан Республикасының «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы.
4. Үкімет бюллетені - Астана, 2009. - № 3.
5. «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы ҚР Үкіметі 2011 ж. 31 наурыз №316 6. «Болашақ» бағдарламасы 1993 ж. 5 қараша.
Кіріспе
Тақырыптың өзектілігі. Нaрықтық қaтынaстaр жaғдaйындa хaлықты әлеуметтік қорғaу және жұмыспен қaмтуды ұйымдaстыру шaрaлaры қaзіргі хaлықтың, соның ішінде әлеуметтік жaғынaн aз қaмтылғaн aзaмaттaрдың әл-aуқaтын көтеру мен республикaмыздaғы бaсты мәселелердің бірі болып тaбылaтын жұмыссыздық деңгейін aзaйту бaғытындaғы шaрaлaрды іске aсыру. Еңбек aясы қоғaмның экономикaлық және әлеуметтік өмірінің мaңызды және көп қырлы сaлaсы. Ол жұмыс күші нaрығындa және оның қоғамдық өндірісте пaйдaлaнуын дa қaмтиды. Еңбек нaрығында жұмыс күші өзінің құнын айқындайды, сонымен қатар оның жалдану шарттары, соның ішінде еңбек ақы көлемі, еңбек жағдайлары, білім алу мүмкіндігі, кәсіпқойлық өсу айқындалады. Бүгінгі еңбек мәселесіне келетін болсақ, біздің Республикамызда еңбек нарығы әлі де күрделі және толық жетілмеген нарық түрі болып саналады. Сондықтан да бұл мәселеге аса көңіл аударылады. Еңбек нарығының толық шешілмеген басты мәселесі деп жұмыссыздықты атап айту қажет.
Ғылыми жаңашылдығы мен қолданбалық маңызы. Халықты әлеуметтік қорғау мен жұмыспен қамтуды меңгеру, ал тәжірибелік маңызы - қазіргі жағдайларға баға беру және болашақтағы жағдайын болжау арқылы ұсыныстар енгізу. Осы мақсатта бұл еңбекте соңғы үш жылдағы көрсеткіштер салыстыру әдісін қолдану арқылы талданған.
Мемлекет қосымша жұмыс орындарын жасау үшін қаржы бөлу бағдарламасын жүзеге асырады, сөйтіп, жұмыссыздықтан мейлінше жапа шеккен, бірінші кезекте жастар жұмыссыз болатындарға үнемі жәрдем көрсетеді. Еңбек нарығын реттеудің құқықтық механизмі жұмыспен қамту және әлеуметік-экономикалық қатынастарды реттеу бойынша заң және нормативтік актілерді шығару жүзеге асырып келеді. Осы орайда ауыл жағдайын жақсарту, халықтың әлеуметтік жағдайын түзеу, ауылға позитивті өзгеріс енгізу мақсатында ел басының «Дипломмен ауылға» атты бағдарламасы алғаш қадам аттады. Бұл да өз алдына оқуды аяқтаған жас мамандарды жұмыспен қамтуды көздеп отыр.
Қазір бүкіл әлем жұртшылығы экономикалық дағдарыстың қиындықтарын бастан өткеруде. Жаһандық дағдарыс дауылы алпауыт мемлекеттерді де шайқалта бастағанын бәріміз көріп, біліп отырмыз. Дағдарыс салқыны бізді де айналып өткен жоқ. 2009 жылы еңбекпен қамтуды қамтамасыз ету және жаңа жұмыс орындарын ашу жөнінен арнайы шаралар қабылданды. Жергілікті атқарушы органдарға республикалық бюджеттен қосымша 140 миллиард теңге бөлінді, ал жергілікті бюджеттер тағы да 51 миллиард теңге бөлді. Осының барлығы Үкімет тарапынан жасалып отырған халыққа деген қолдау.
Зерттелу деңгейі. Жұмыссыздықтың негізгі бастауы 1991 жылғы СССР-дың құлдыраумен байланысты болған, өйткені барлық өңдіріс салалары мемлекеттер арасында байланысқан болған. Осыған байланысты өнеркәсіптер және ұйымдар еңбек ресурстарын төлеуге жағдайы болмаған, сонымен қатар жұмыссыздық мәселе мен бірге еңбек нарығы өмір сүреді. Еңбек нарығында еңбек ақы, баға механизмі арқылы белгілі сегмент шеңберінде жұмысшы күшіне сұраныс пен ұсынысты қалыптастыратын, экономикалық агенттердің кимылдарын үйлестіруге қызмет ететін бәсекелік орын алады.
Еңбек нарығы - бұл өте икемді құрылымдық-функционалдық құрамы бар динамикалық нарық.
Сондықтан, еңбек нарығында белгілі ағымдар қалыптасады: жұмысшы күші құрамынан шығушылар, жұмысшы күші құрамына кірушілер; жұмыс іздеуден бас тартқандар; жұмыс іздеуді бітіргендер; жұмыс тапқандар және т. б. Осы адамдардың бейімділігі қоғамдағы жұмысшы күшінін нарықтық динамикасын сипаттайды.
Қазіргі заманғы еңбек нарығында көптеген әр түрлі мәселелер бар. 70 жылдары еңбек - міндет ретінде қаралды, бірақ егер адам бұл жұмысты атқармаса, ол үшін оны айыпталған жоқ. Бірақ осыған орай балаларды тәрбиелеу және үй шаруашлғмен айналасуы, ол мәртебесіз шаруашылық ретінде қарастырылады. Ал оған керісінше өнеркәсіптегі өңдірістік еңбегі және ауыр қол еңбегі бағалы болды. Ауыр және әскери өнеркәсіп салаларға қарағанда жеңіл өнеркәсіп, ауылшаруашылығы және қызмет көрсету саладағы жұмыс істейтін адамдардың жалақысы төмен болған.
Зерттеудің мақсаты- болып халықты әлеуметтік қорғау, жұмыспен қамту жұмыстарын теориялық-тәжірибелік тұрғыдан меңгеру және оңтайлы іске асыру табылады. Бұл мәселені қарастыруымыздың өзектілігі - аз қамтылған азаматтарды мемлекет тарапынан әлеуметтік қорғау, халықтың тұрмысын жақсарту, кедейшілікті төмендету мақсатында жұмыссыздықтың не себептен орын альп отырғанын анықтай отырып, оны жоюдың көздерін іздеу.
Жұмыссыздық мәселелерін шешу үшін әлемде бірнеше жолдар бар: неоклассикалық, кейнсианстық, монетаристік моделі, институционалистер теориясы және Марксизм моделі. Осы барлық жұмыссыздықты жоюға бағытталған модельдердің бірден біреуі еңбек нарығын реттейтін тетігі туралы толық жауап беруге болмайды, бірақ олар еңбек нарықтың негізгі элементтеріне сипаттама бере алады.
Біздің ойымызша еңбек нарығы мен жұмыс табу мәселелерін тек мемелекет тарапынан шешуге мүмкіндік туады. Өйткені тек қана мемлекеттке еңбек нарығына қатысты нормативтік, заңды құжаттарды қабылдауға құқығы бар. Ал осы құқық арқылы ол еңбек нарығының дамуын мен жұмыс табу мәселелерін шешу құбылысын тоқтататын жалақысының минималды ставкаларын енгізілуі, жұмыс орындардың аз болуымен жалпы экономиканың шикізатқа бағытталуын жоюын жүзеге асыруы мүмкін. Сол мәселелерді шешуі мемлекет қолында. Сонымен, еңбек нарығы, жалпы ұсыныс пен сұраныс заңдылықтарына сүйене отырып, өз жұмыс істеу тетігінің принциптері бойынша басқа тауарлық нарықтарына бірнеше айырмашылықтары бар спецификалық нарығы болып табылады. Осында реттеуші факторлар макро және микроэкономикалық факторлардан басқа әлеуметтік және әлеуметтік-психологиялық факторлар да өз роліне ие. Бүгінгі күні еңбек нарығы, оның ішінде жұмыспен қамту мәселесі ең өзекті болып отырғандықтан, дипломдық жұмыстың тақырыбы етіп таңдап, жан-жақты зерттеп, талқылауды мақсат тұттым.
Зерттеудің міндеттері:
- еңбек нарығын жаңа экономикалық жағдайда мойындау сипатын ашу;
- еңбек нарығына түсінік беру, оның сипаттамаларын, факторларын және мәнін ашып көрсету;
- еліміздегі жұмыспен қамту саясатын талдау.
Зерттеу объектісі ретінде жас мамандардың жұмыспен қамтылуын алып отырмын.
Теориялық және әдіснамалық негізі. Дипломдық жұмысым үш бөліммен тұрады. Бірінші бөлімдежұмыспен қамтамасыз етудің мақсаттылығы мен міндеттілігі, Мемлекеттегі жұмыспен қамтамасыз етудің негізгі субъектісі: еңбек биржасы, оның атқаратын қызметі, еңбекпен толық және тиімді қамту туралы ұғымдарға тоқталдым.
Екінші бөлім жұмыссыздық, жастар еңбек биржасын айқындайды.
Үшінші бөлімде еліміздегі жұмыссыздықты шешу жолдары және жүргізіліп жатқан саясат, ондағы қазіргі жұмыспен қамту бағдарламалары жайында сөз болады.
Деректік негізі. Осы дипломдық жұмысымды жазу барысында қолданыстағы еңбек нарығын реттейтін заңнамаларға сүйендім. Атап айтсақ, ҚР-ның Конституциясы, ҚР-ның «Халықты жұмыспен қамту туралы» Заңы және т. б нормативтік құқықтық актілер және «Жұмыспен қамту-2020» бағдарламасы мен «Болашақ» бағдарламалары.
1 Нарықтық экономика жағдайындағы жұмыспен қамтуды
ұйымдастыру
1. 1 Жұмыспен қамтамасыз етудің мақсаттылығы мен міндеттілігі
Әлем жұртын бүгінгі таңда әлеуметтік қорғау жүйесі, оның ішінде кедейшілік пен жұмыссыздықты азайту, жас мамандарды жұмыспен қамту мәселесі басты проблемалардың бірі болып отыр.
Сонымен қазіргі уақытта әлеуметтік қорғау жүйесінің және болашақ жоспарларында күрделі әрі басты мәселелерінің бірі ретінде жұмыссыздық танылуда. Оның салдарынан қоғамымызда әртүрлі келеңсіз жағдайлар орын алуы экономика үшін үлкен зиянын тигізуде. Еліміз тәуелсіздігін алғаннан бері қоғамның барлық саласында аса ірі өзгерістер болды. Мемлекетімізде құрылыс, экономиканы реформалау және саяси жүйені либерализациялау бойынша орасан зор жұмыстар атқарылды.
Бірақ, елімізде бұл саладағы мәселелердің барлығы толығымен шешілді деп айтуға ертерек. Себебі жоғарыда аталып кеткен әлеуметтік қорғау жүйесіндегі назар аудартатын өзекті мәселе халық арасындағы табыстың азаюы, кедейшілік пен жұмыссыздықтың орын алуы болып отыр.
Дегенмен де, шынайы оңды өзгерістердің орын алып отырғанын көруімізге болатын нарықтық инфрақұрылымның негізі қаланып, жеке ынталылықты арттыру үшін барлық жағдай жасалып, үлкен көлемдегі шетел инвестициялары тартылып, әлеуметтік қорғаудың қазіргі заманға лайық жүйесі қалануда. Инвестиция тарту арқылы жаңа жұмыс орындары ашылып, сол өңірдің тұрғылықты халқы жұмысқа тартылды.
Бүгінде біз тұрақты экономикалық өсімнің өрлеу жолындамыз. Отандық өндіріс жанданып, халықтың айтарлықтай бөлігінің тұрмыс деңгейі жақсарып келеді. Біздің экономикамыз әлемдік экономикалық жүйеге біртіндеп ену жолында.
Соңғы жылдары экономиканың тұрақтануы арқасында әлеуметтік мәселелерге тұтастай бет бұру мүмкіндігі туды. Адам потенциалын дамытуға керекті барлық жағдай жасалып, әлеуметтік жағынан қолдау көрсету сияқты міндеттер саясатымыздың басты бағытына айналуда. Сондықтан, Біріккен Ұлттар Ұйымының бастамасымен Қазақстандағы адам дамуы туралы алтыншы рет жарияланып отырған Есептің әлеуметтік қорғау жүйесіндегі қазіргі және алда күтілетін жағдайына бағытталып, кедейшілікке қарсы күрес жүргізу проблемасына арналып отырғандығы өте орынды.
Жұмыспен қамтудың жоғарғы деңгейіне жету мемлекеттің макроэкономикалық саясатының негізгі мақсаттарының бірі. Қосымша жұмыс орындарын құратын экономикалық жүйе қоғамдық өнімнің санын көбейту мәселесін алға қояды және тұрғындардың материалдық қажеттіліктерін қанағаттандыруды маңызды деп біледі. Қолда бар жұмыс күші ресурстарын толық қолданбаған жағдайда жүйе өзінің бар өндірістік мүмкіндіктерін жүзеге асыра алмайды. Жоғарыда айтылғандардың жұмыссыздық көрсеткішінің экономикалық жалпы жағдайын анықтаудағы маңызды көрсеткіштерінің бірі болатынын көре аламыз.
Қазақстан Республикасының Ата Заңының 1 бабында атап көрсетілгендей Қазақстан өзін зайырлы, құқықтық әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтырады. Оның басты қазынасы - адам, адам өмірі, құқықтары мен бостандықтары. Елбасымыз өз саясатында осы қағидаларды басты шарт ретінде ұстанып келеді.
Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті, Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың өзінің «Қазақстанның әлемдегі бәсекеге барынша қабілетті 50 елдің қатарына кіру стратегиясы» деп аталатын кезекті Жолдауында айтқандай біздің өміріміз жақсара бастады. Алдағы уақытта Орта Азиядағы көшбасшылардың біріне айналып, әлемдік нарыққа еркін араласу.
Экономикамыздың қарқынды өсуі мемлекеттік шығыстардың әлеуметтік бағдарлануын едәуір кеңейтуге мүмкіндік берді, мұның өзі экономикамыздың айтарлықтай бекемдік деңгейіне жеткенін айғақтайды.
Енді өзіміздің облысымызға келсек, жалпы облысымызда жүзеге асырылып жатырған мемлекеттік және секторальдық бағдарламалар әлеуметтік қорғау жүйесінің қазіргі және болашақ бағытында тікелей және жанама түрде халықтың әл-ауқатын жақсартуға дәлірек айтқанда кедейлік деңгейін төмендетуге бағытталған. Оны іске асыру үшін нақты жағдайлар туғызу қажет. Бұл бағытта Елбасының, облыс басшыларының және барлық деңгейдегі депутаттарымыздың қолдауының арқасында халықпен тығыз жұмыс жасап отырған жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламаларды үйлестіру жөніндегі аудандық, қалалық уәкілетті органдардың техникалық-материалдық базалары күшейтіліп, автокөліктер, компьютер құралдары т. б техникалық жабдықтар сатып алынуда. Әрбір ауылдық округте арнайы атаулы әлеуметтік көмек жөніндегі мәселелермен айналысатын әлеуметтік қызметкерлер штаттары ашылды. Бұл жағдай жергілікті жерде халықпен жұмыс жасауды күшейтіп, әлеуметтік көмекті қажет ететін осал топтарды анықтауға септігін тигізді.
Кедейшілікті жоюдың бірден-бір көзі - халықты жұмыспен қамту болып табылады. Өткен жылғы болжамдалған көрсеткіштерге сүйенетін болсақ, еліміздегі жұмыссыздыќ деңгейі жоғары деңгейде қалып отыр. Жалпы республика бойынша 8, 7% болса, облысымызда 8-9% деңгейін көрсетуде. Ал, экономика тұрақты дамуы үшін жұмыссыздық деңгейінің 6% аспауы қажет. Жалпы жұмыссыздық дегеніміз - еңбек биржасына жұмыссыз деп тіркелгендерді ғана айтамыз. Яғни, жоғарыдағы мәліметтердің болжамдалынып алуына осы жағдай себеп болуда.
Ұлттық экономиканың нарыққа кіруінің шамалы жүзеге асырылуы, республикадағы барлық әлеуметтік-экономикалық процестерді баяулатуда, соның ішінде ең бастысы жұмыс күшін жүзеге асыратын процестерге теріс әсер етуде. Жұмыспен қамту саласын реформалаудағы жол болмаушылықтар мен қателіктер, ұлттық экономиканың салалары мен сфераларындағы жұмысшылардың бақылауға келмейтін жұмыстан босауына, жұмыссыздықтың барлық түрлерінің өсуіне әкеліп соқтырды.
Ең бастысы шет ел тәжірибесімен танысамыз, өйткені көптеген мемлекеттер нарықтық емес қатынастан нарықтық қатынастарға реформалау жолын өткен болатын және Қазақстанға пайдалы тәжірибеге ие. Біздің ел мен дамыған елдердің жұмыспен қамту саласына араласуының айырмашылығын ескере отырып, олардың қиыншылықтармен жеткен жетістіктерін жоққа шығару біздің тарапымыздан өте қате болар еді.
Кешенді жұмыс ретінде бұл тақырыпты таңдаудың себебі кедейшілікпен күресу көптеген елдер алдында тұрған мәселелердің бірі болып табылады. Егер халықтың әл - ауқатын көтерсек, еліміздің экономикалық жағдайы да жақсарады. Ал халықтың әл - ауқатын жақсартудың бірден - бір жолы оларды әлеуметтік қорғау және жұмыспен қамту арқылы жұмыссыздық деңгейін азайтып, ел экономикасын көтеру.
1. 2 Мемлекеттегі жұмыспен қамтамасыз етудің негізгі субъектісі:
еңбек биржасы, оның атқаратын қызметі
Жұмыссыздық проблемаларын шешуде еңбек биржалары айтарлықтай орын алады. Нарық қатынастары дамыған елдерде, еңбек биржасы, алғашқыда жұмыссыздарға жәрдем беру мақсатында адамгершілік институттары ретінде пайда болды. Уақыт өте келе және еңбек қатынастарының дамуына сәйкес, оның мақсаты мен қызметі де өзгерді. Еңбек биржасы - бұл еңбекті адамның жалдау барысында жұмыскерлер мен кәсіпкерлердің арасында делдалдық келісім тұрақты келісім жасайтын мекеме. Бұрынғы КСРО-да ең соңғы еңбек биржасы 1932 жылы жабылған болатын. Қазіргі нақты жағдай еңбек нарығының барлық элементтерін қайта жаңартудың қажеттілігін көрсетіп отыр. 1991 жылдың 1 шілдесінен бастап, Қазақстанда барлық жерде тұрғындарды еңбк қамту қызметі жұмыс істей бастады. [12]
Еңбек биржаларының негізі, атқаратын қызметтері мыналар: еңбек нарығындағы сұраным мен ұсынымды анықтау, жұмыссыздықты есепке алу және бос жұмыс орындарын тіркеу, жұмысын ауыстыруға және тілек білдіретін адамдарға ақпарат беру, жұмыс істеп жүрген кадрларды оқыту мен қайта дайындауды ұйымдастыру, жастар арасында кәсіптік бағдар беру жұмысын жүргізу, адамдарды жұмысқа орналастыру үшін делдалдық қызмет көрсеті және жұмысқа жұмыссыздыққа байланысты жәрдемақы тағайындау. Мемлекет кәсіпорындар мен ұйымдардың мүдделерін есепке ала отырып, биржалар арқылы еңбек нарығына әсер етеді. Еңбек биржасы беретін жұмысқа жолдама кәсіпкерлер үшін міндетті болмайды, ол тек қана ұсынымдылық сипатта болады, себебі олардың жұмыскерлерді еркін түрде алуға құқығы бар және оны өздерінің кадр бөлімі арқылы жүзеге асыруға тырысады.
Бұл тарапты қарастыра отырып бұның өте күрделі әлі өзекті екеніне көзім жетіп отыр. Қазіргі уақытта көптеген өндіріс орындары тоқтап тіпті жабылып та жатыр. Соның салдарынан жаңа жұмыссыздықтар пайда болады. Әр жыл сайын көптеген жас мамандар оқуларын аяқтап жұмысқа орналасуды көздейді. Бірақ, соның жартысы ғана жұмыспен қамтамасыз етіледі. Ал қалғандары амалсыздан еңбек биржасына жүгінеді. Солардың әрқайсысы еңбек биржасы арқасында бір жақсы жұмысқа орналасуға үміттенеді. Дегенмен олар сол еңбек биржасы төлеген аз ғана ақшаны қанағаттануға мәжбүр болады. Қазіргі таңда жұмыссыздықтарға арнайы жәрмеңкелер ұйымдастырылып жүр. Бұл да өз алдына жақсылық. Еңбек биржасы жұмыссыздықтарға жұмыс іздестіруге көмектеседі. Оларды қайта оқытып даярлауға жағдай жасайды. Жоғарыда айтып кеткендей еңбек биржасы мамандарды қайта оқытумен айналысады. Ал, еш мамандығы жоқ адамдар және мамандық алуға жасы да, денсаулығы жарамайтындар не істеу керек? Олардың бұл тығырықтан шығар жолы тек биржада тұрып зейнетке шығуын тосу.
Елбасы барлық деңгейдегі әкімшіліктерге берген он бір міндеттіңбіреуі кедейшілікпен, жұмыссыздықпен күрес болып табылады. Республика Президентінің осы саладағы тапсырмаларын жүзеге асыру, сайып келгенде әрбір аудан және ауыл әкімдерінің өз қол астындағы халқының аз қамтылған бөлігін материалдық жағынан қолдау үшін барлық шаралар мен көмектерді ұйымдастыру жұмыстарын қолға алуларына тура келді. Осыған байланысты әрбір ауылдық округ бойынша халықтың ең төмен қамтылған жіктерін тыянақтау, осы отбасыларына атаулы әлуметтік көмек, материалдық жәрдем ақылар тағайындау, қайырымдылық акцияларын ұйымдастыру жүргізуледе. Сонымен қатар бұрынғы мамандығы мен кәсібіне қазіргі кезеңде қолданыс сұраныс таппай жүргендерді жұмыссыздар есебіне алу, оларды мүмкіндігінше кәсіпорын, мекемелерге тұрақты жұмыстарға орналастыру, қайта даярлау оқу орындарындағы қысқа мерзімді курстарға жіберу арқылы жеке кәсіппен айналысуды бастап кетуге мүмкіндік беретін мамандықтарға бейімдеуге көмектесу қолға алынды.
Жұмыссыз және кедей отбасыларына материалдық көмек көрсетудің бір түрі - арқылы қоғамдық жұмыстарға уақытша орналастыру болып табылады.
Сондықтан ауданда осы жылдың басына 430 кедей отбасы, 1700 жұммыссыз адам еспке алынған. Халықтың ең аз қамтылған жігіне көмек көрсету жөніндегі арнайы комиссияның шешімімен өткен жылы 2984 отбасыға бюджеттен 9 милионнан астам теңгенің түрлі жәрдем ақылары тағайындалып берілген. Соның ішінде 1974 отбасыға 76862200 теңгенің атаулы әлуметтік көмегі көрсетілген. Аудандық жұмыспен қамту мүмкіндігіне қарап жұмыс іздеушілерді тұрақты жұмыстарға орналасытру мақсатында жаңадан ашылатын босаған жұмыс орындарына орналастырумен айналысып келді. «Кедейшілікпен, жұмыссыздықпен күресті күшейту туралы» шараларына сәйкес әрбір ауылдық округтегі жұмыссыз кедей отбасыларындағы еңбекке жарамды адамдардың қатынасымег мал терісін, жүнді жөндеу цехтарын ашу, дәрілік шөптерді жинау, мия тамырларын қазып өткізу, адамдарға үйлерінен ақылы қызмет көрсету, ауылдарымызды тазарту, көркейту жұмыстарын жолға қою көзделуде. Қазіргі таңда Қазақстанда жұмыспен қамтамасыз ету шамасы қандай? Біздің елде еңбек ресурстары 1992 жылы 9, 4 миллион адамға жетті, немесе халықтың жалпы санының (17 млн. адам) 55 % құрайды. Халық шаруашылығы қызыметінің барлық салаларында 7, 4 млн адам жұмыспен қамтылған. Олардың 6 млн. таяуы немесе 81% экономиканың мемлекеттік секторында жұмыс істейді. Бұл мемлекеттік кәсіпорындарының әлі де басым екендігін, яғни нарық механизміне тән еңбекпен қамту қатынастарының қалыптасу өте баяу жүріп жатқандығын әкімшілдік экономика жағдайында қалыптасқан жұмыспен қамтамасыз ету қатынастарын терең дағдарысын көрсетіп отыр. Біздің қоғам әкімшілдік басқару жүйесі жағдайында халықты толық, әсіресе тиімді еңбекпен қамту мәселесін шеше алмады. Бұл ұғымдар туралы біз ненің түсінеміз.
Еңбекпен толық қамту дегеніміз, ол халық шаруашылығы көлемінде еңбекке деген қабілетті бар халықты жұмыс орындарымен қамтамасыз ету. Ал тиімді еңбекпен қамту дегеніміз - қоғамдық қажеттіліктерді минималды еңбек шығындарымен қанағаттандыру.
... жалғасы- Іс жүргізу
- Автоматтандыру, Техника
- Алғашқы әскери дайындық
- Астрономия
- Ауыл шаруашылығы
- Банк ісі
- Бизнесті бағалау
- Биология
- Бухгалтерлік іс
- Валеология
- Ветеринария
- География
- Геология, Геофизика, Геодезия
- Дін
- Ет, сүт, шарап өнімдері
- Жалпы тарих
- Жер кадастрі, Жылжымайтын мүлік
- Журналистика
- Информатика
- Кеден ісі
- Маркетинг
- Математика, Геометрия
- Медицина
- Мемлекеттік басқару
- Менеджмент
- Мұнай, Газ
- Мұрағат ісі
- Мәдениеттану
- ОБЖ (Основы безопасности жизнедеятельности)
- Педагогика
- Полиграфия
- Психология
- Салық
- Саясаттану
- Сақтандыру
- Сертификаттау, стандарттау
- Социология, Демография
- Спорт
- Статистика
- Тілтану, Филология
- Тарихи тұлғалар
- Тау-кен ісі
- Транспорт
- Туризм
- Физика
- Философия
- Халықаралық қатынастар
- Химия
- Экология, Қоршаған ортаны қорғау
- Экономика
- Экономикалық география
- Электротехника
- Қазақстан тарихы
- Қаржы
- Құрылыс
- Құқық, Криминалистика
- Әдебиет
- Өнер, музыка
- Өнеркәсіп, Өндіріс
Қазақ тілінде жазылған рефераттар, курстық жұмыстар, дипломдық жұмыстар бойынша біздің қор #1 болып табылады.

Ақпарат
Қосымша
Email: info@stud.kz