Көру қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері


Жұмыс түрі:  Реферат
Тегін:  Антиплагиат
Көлемі: 13 бет
Таңдаулыға:   

Мазмұны

КІРІСПЕ

1

1. 1 Нашар көретін балалардың психологиялық-педагогикалық мінездеме.

1. 2 Нашар көретін балалардың сөйлеуін дамыту жолдары.

1. 3 Нашар көретін балалардың сөйлеуін дамыту бойынша түзетушілік логопедиялық жұмыс.

2

2. 1

2. 2

2. 3

ҚОРЫТЫНДЫ

ПАЙДАЛАНҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ

ҚОСЫМША

Кіріспе

Зерттеу өзектілігі : Елбасы Н. Назарбаевтың 2014 жылғы «Қазақстан жолы - 2050: Бір мақсат, бір мүдде, бір болашақ» атты халыққа Жолдауында даму мүмкіндігі шектеулі адамдарға қолдау мен көмек көрсету мәселесіне арнайы тоқталғаны белгілі. Атап көрсетсек, « . . . мүмкіндігі шектеулі азаматтарымызға көбірек көңіл бөлу керек. Олар үшін Қазақстан кедергісіз аймаққа айналуға тиіс. Бізде аз емес, ондай адамдарға қамқорлық көрсетілуге тиіс - бұл өзіміздің және қоғам алдындағы біздің парызымыз.

Білім беру саласындағы мемлекеттік саясаттың негізгі қағидаттарына баршаның сапалы білім алуға құқықтарының теңдігі; әрбір адамның зияткерлік дамуы, психикалық-физиологиялық және жеке ерекшеліктері ескеріле отырып, халықтың барлық деңгейдегі білімге қолжетімділігі жатады («Білім туралы» ҚР Заңының, 3-бабының, 1, 2-тармақтары) . Инклюзивті білім беру баршаның сапалы білімге қол жетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған білім беру жүйесін тарату процестерінің бірі болып табылады. Ол балалардың дене, психикалық, зияткерлік, мәдениэтникалық, тілдік және басқа да ерекшеліктеріне қарамастан, сапалы білім беру ортасына айрықша білім алу қажеттіліктері бар балаларды қосуды, барлық кедергілерді жоюды, олардың сапалы білім алуы үшін және олардың әлеуметтік бейімделуін, социумге кірігуін көздейді.

Көру қабілеті бұзылған балаларға оқу процесін қабылдау жəне танымдық қабілеттерінің қалыптасу қиындығы тəн құбылыс, өйткені дені сау бала, мүмкіндігі шектеулі балаларға қарағанда қоршаған ортаны 83% көру жүйесі арқылы, 11% есту арқылы, 3, 5% мұрын арқылы, 1, 5 сипап сезу арқылы, 1% дəм сезу ақылы танып біледі. Ал көру қабілеті бұзылған бала не істейді? Қоршаған ортаны қалай танып біледі? Осы орайда балаларға сол таным мен түйсікті сезінуге жəне үйретуге ықпал ететін фактор - оқытушылар. Мүмкіндігі шектеулі бала мектепке алғаш келген кезде қарапайым жəне түрлі ауыртпалық тудыратын қиыншылықтарға тап болады. Бұл қиындықтар қатарына өз-өзіне қызмет етуінің төмен, не мүлдем болмауы, гигиеналық тазалықты ұстана алмауы, ортаға тез бейімделмеуі сияқты мəселелерді жатқызуға болады. Сондықтан мектепке дейінгі кезеңде көру қабілеті бұзылған балаларды оқытуға арналған оқыту-кешендерінің болуы шарт. Сондай оқыту кешендері ұйымдастырылған жағдайда, мұндай топтағы балалар мектеп табалдырығын аттаған кезде білім алу оларға жеңіл, əрі тиімді болар еді.

Бүгінгі бала - ертеңгі азамат. Сол азаматты балабақшадан бастап болашақ өмірге бейімдеу, дені сау адамдардың арасында өздерін жәйлі сезіну үшін қолайлы атмосфера қалыптастыру - білім беру ұйымдарының міндеті болып табылады.

Зерттеу мақсаты: Көру бұзылыстары бар кіші мектеп жасындағы балалардың сөйлеуін дамыту.

Зерттеу міндеттері: 1. Көру мүмкіндігі нашар балалардың қабылдауының теориялық негіздерін қарастыру;

Зерттеу обьектісі: Көру бұзылыстары бар кіші мектеп жасындағы балалар.

Зерттеу пәні:

Зерттеу болжамы: Егер, мұғалім-логопед, көру бұзылыстары бар кіші мектеп жасындағы балалардың сөйлеуін дамыту арқылы жеке ерекшеліктерін ескере отырып, жүйелі ұйымдастырылған арнайы сабақтарды және оларға арналған сабақ жоспарлары мен бағдарламаларын жасаса, онда сөздік қорының кеңейюіне, грамматикалық тізбектің дамуына, баланың тіліндегі кемістігін жойып, ары қарай оқу үдерісінің тиімділігін арттыруға септігін тигізеді.

Зерттеу базасы:

1. 1Нашар көретін балалардың психологиялық-педагогикалық мінездеме.

Көру бұзылуының зерттелу тарихы

Тифлопсихологияның ғылыми ретінде қалыптасуы мен дамуы соқырларды арнайы мектептерде оқытуды ұйымдастыру ісімен байланысты.

«Алғашқы арнайы мектеп В. Гаюидің бастамасымен Парижде 1784 жылы ашылды. XIX ғасырдың 80-жылдарында бүкіл әлемде, барлығы 150-ге тарта соқырларға арналған мектептер ашылды.

Соқырлар психологиясына талдау жасауға деген алғашқы ұмтылысты, біз француз материализмнің негізін қалаушы Д. Дидроның «Көретін адамдарға уағыз ретінде соқырлар туралы жазбалар» (1749) еңбегінен табамыз.

Соқырлық жағдайындағы психикалық даму ерекшеліктеріне арналған алғашқы зерттеулер, XIX ғасырдың 70-жылдарында жүргізіле бастады. Зерттеуді соқыр адамдар интроспекция әдісі арқылы (өзін-өзі бақылау) жүргізді. М. Сизеранның «Зағип адам зағиптар туралы» монографиясы, сол кездегі елеулі еңбектердің бірі болып саналады.

Ғылыми психологияның орнығып қалыптасуы, Т. Геллер, М. Кунц, К. Бюрклен, П. Виллей, А. А. Крогиус, М. И. Земцова, Ю. А. Кулагин, А. Г. Литвак, Л. И. Солцева еңбектерімен тікелей байланысты.

Осы уақытқа дейін, әлемдік тифлопсихологияда соқырлар психологиясының қалыпты дамудағы көретін адамдардың психологиясына қаншалықты жақын және өзгеше екендігі туралы екі түрлі ұстаным бар.

Бұл ұстанымдар адамның психикалық және әлеуметтік дамуындағы кемістіктің рөліне көзқараспен ажыратылады.

Олардың бірі, көру патологиясы бар баланың психикалық дамуында көру кемістігінің рөлі негізгі және айқын деп қарастырады. Бұл ұстаным осы категорияға жататын балалардың, полисенсорлық қайта құрылу мүмкіндіктерін ескермейді[1] .

Көру қабілеті бұзылған балалардың білім беру процесінің басты міндеттері: жоғары деңгейдегі білім, коммуникативтік қабілеттер, кәсіби шеберлік пен дағдылардың жетістіктері, оларды қоғамға табысты кіріктіру болып табылады. Осыған байланысты көру патологиясы бар психикалық дамудың бұзылуын медициналық-психологиялық-педагогикалық түзетудің тиімділігін арттыруға ерекше назар аудару қажет.

Сондықтан көруді ерте диагностикалау оны орындаудың басты шарттарының бірі болып табылады және адамның көру жүйесі дамуының ұзақ емес сензитивті кезеңіне байланысты.

Психодиагностика психологиялық ғылым мен көру қабілеті бұзылған балалардың маңызды салаларының бірі болып табылады. Бұл ретте көру кемістігінің құрылымы да, олардың дамуындағы айқын ерекшеліктер де ескеріледі.

Арнайы мектепке дейінгі және мектеп мекемелерінде балалардың III және IV психодиагностикасын тифлопсихолог - тифлопедагог, яғни көру қабілеті бұзылған балаларды оқыту, тәрбиелеу саласындағы мамандар өткізеді[5] .

Қазіргі кездегі тифлопсихологияның негізгі бағыттары:

1. Көру кемістігі бар балардың психикалық көріністері мен даму заңдылықтарын ашу.

2. Соқырлар мен нашар көретіндерге тән өзіндік құбылыстарды ажырату.

3. Көру кемістігінің пайда болу уақыты мен патологиялық белгілерін, деңгейін анықтау және оның психикаға ететін әсерін зерттеу.

4. Жалпы кеміс дамуға (аномалды) тән ерекшеліктерді анықтау.

Көру қабілетінің бұзылуы соқыр және нашар көретін балаларды оқыту, тәрбиелеу жұмысында ерекше әдіс-тәсілдерді талап етеді. Қазіргі уақытта тифлопедагогика мен тифлопсихология ғылымдарындағы өзекті мәселе әлеуметтік, психологиялық реабилитация. Сондықтан соқыр және нашар көретін балалардың әлеуметтік белсенділігі мәселесі күрделі мәселелердің бірі болып табылады. Зерттеулер жүргізуде ғалымдар бұл балалардың жасын, кемістік дәрежесін, пайда болу уақытын, соған байланысты психикалық ерекшеліктерін есепке алады[4] .

Қазіргі заманғы педагогикалық тәжәрибеде, көптеген елдерде адамдардың көру қызметтің бұзылуына орай, зағип адамдарды соқырлар және көру қабілеті төмендегендер, нашар көретіндер деп бөледі.

«Көру қызметінің зақымдану дәрежесі, көз өткірлігінің төмендеу деңгейімен, яғни жақын арақашықтықтан екі жарық нүктені көру мүмкіндігімен анықталады. Қалыпты көру қабілеті- 1, 0 диоптрий (д) болып саналады, ол адам 5м қашықтықта тұрған арнаулы кестедегі әріптер мен белгілердің оныншы жолын анық көре алады. Алдыңғы және одан кейінгі жолдағы әріптер мен белгілерді көру қабілеті 0, 1 д болып есептеледі. Жоғарыда бірінші жолдағы ірі белгілерді ажырата алатын адамның көру қабілеті- 0, 1 д, төртінші жолды оқи алса, 0, 4 д т. б 0, 1 д төмен көру қабілетін анықтау үшін, саусақтарды санау әдісі пайдаланылады. Тарбиған саусақтарды санау қабілті былай анықталады: 5 м -0, 09 д; 2 м-0, 004 д; 0, 5 м -0, 01 д; 30 см - 0, 005.

Көру қабілетінің көзілдірікті пайдаланғандағы мүмкіндігі бойынша, нашар көретін балаларды келесі топтарға бөліп қарастырады:

Соқырлар - көру сезімі мүлдем жоқ, көру қабілетінің қалдығы көзілдірікпен 0, 004 д, сондай-ақ, жарықты сезіну қабілеті сақталуы мүмкін.

Тоталді соқырлар немесе мүлдем көрмейтін -көру сезімі мүлдем жоқ балалар.

Жартылай немесе парциалды соқырлар - олар жарықты сезінелі, пішіндерерді ажырата алады, көру мүмкіндігі 0, 005 д - 0, 04 д.

Нашар көретіндер - бұлардың көру мүмкіндігі 0, 005 д -0, 2 д. Бұл балалар ақпаратты осы көру анализаторы арқылы қабылдайды. Оқу, жазу үдерістерінде осыған сүйенеді.

Кемістіктің пайда болу уақытына қарай, балалар екі категорияға бөлінеді:

I. Туа біткен соқырлық. Бұл тумысынан соқырлар немесе 3 жасқа дейін көз жанарын жоғалқандар. Бұлардың көру арқылы бұрынғы алған мағлұматтары жоқ. Сондықтан, барлық психикалық үдерістер басқа органдардың негізінде жүзеге асады.

II. Жүре пайда болған соқырлық. Бұл мектепте дейін немесе одан кейінгі кезеңде көз жанарын жоғалтқандар. Көру анализаторының зақымдану тереңдігі, өзіндік белгілерімен барлық сенсорлық жүйенің дамуында әсерін тигізеді. Яғни, қоршаған ортаны тану жолын анықтайды». Көру кемістігінен басқа, қосымша кемістіктер жиі қабаттасады. Бұл балалардың көбінде, орталық жүйке жұмысының бұзылуы кездеседі. Сондай-ақ, балаларда сөйлеудің бұзылуы, БЦП, ПДТ, есуастық дәрежесіндегі олигофрения, энцефалопатия, невроз тәріздес күйлер, гидроцефалия т. б. екінші кемістіктер болады.

Көру қабілетінің бұзылуы, соқыр және нашар көретін балаларды оқыту, тәрбиелеу жұмысында ерекше әдіс-тәсілдерді талап етеді. Бұл балалар оқу материалын бақылау әдісімен қабылдай алмайды. Арнайы түзету (коррекция) сабақтары, олардың екінші кемістіктерін түзетуге бағытталады. Көру арқылы қабылдау логопедия, ритмика, дене шынықтыру т. б сабақтарын оқытудың сараландық қамтамасыз етеді. Қазіргі уақытта, тифлопедагогика мен тифлопсихология реабилитация. Сондықтан, соқыр және нашар көретін балардың әлеуметтік белсенділігі мәселесі, күрделі мәселелердің бірі болып табылады.

Біздің елімізде және шет елдерде, нашар көретіндердің бұрынғы (көру мүмкіндігі бар кезіндегі) алған білім базасына сүйену, тәжірибеде өте қолайлы болып психологиялық зерттеу, онымен түзету жұмыстарын жоспарлауда, сараларды, жеке-дара әдістемелер керек, әрбір мектепте арнайы психологиялық қызмет жүйелерін ұйымдастыру қажеттілігі туындайды. Тіпті әрбір сыныпта бұл балармен өткізілетін жұмыс саралауды қажет етеді. Көру қабілеті бұзылған балалардың дамуын сапалық тұрғыдан алып қарағанда, ең алдымен, психологиялық жүйелердің қалыптасуындағы өзгешелекті, олардың құрылымын, жүйелер арасындағы байланысты айтқан жөн [1] .

Көру өткірлігі 10-12 түрлі әріптер немесе белгілерден құрылған кесте арқылы тексеріледі. Белгілердің әрбір келесі қатары, алдыңғымен салыстырғанда көру өткірлігінің 0, 1 сәйкестігінің айырмашылығын білдіреді. Көру өткірлігі көруге мөлшерлі сәйкес келеді, осыған байланысты белгілер немесе әріптер кестенің 10-шы жолында 5 м қашықтықта және 1, 0 тең болып айқындалады. Зерттелуші, осы қашықтықтағы 5-1 жолда әріптер мен белгілерді айқындауда, бірінші жолда -0, 1, ал көру өткірлігінде -0, 5-ке ие.

Егер нашар көретін баланың жарық сезгіштігі бұзылса, онда қабылданатын реңнің жарықтық ерекшелігі төмендейді. Алыстан немесе жақыннан көрудің бірден айқындалуынан, нашар көруші кейбір заттың сыртқы ерекшелігіне қажет белгілердің нашар бейнеленгенін көре алмайды.

Нашар көретіндер және соқырлар мектебінде соқырлық пен нашар көрудің клиникалық формаларына, этиологиясы мен патогенезіне, танып білу әрекетінің ерекшелігіне, баланың компенсаторлық мүмкіншілігіне көңіл бөліп есепке алу қажет.

Нашар көретіндер үшін заттық-тәжірибелік әрекеттерге, сурет салуға, жазуға, оқуға арналған пластмассалық ортоскопиялық линзалар өңделген; түр-түсті және жарықты оңашалау, экрандарды және шам (светельник), тұйықталған теледидар қондырғылары құрылған. Оларды қолдануға және таңдауға арнайы әдістемелер бар[2] .

Нашар көретіндерде қалдықты көрудің болуы-баланың білім алуына: еңбектік-әлеуметтік бейімделушінің дамуы үшін пайдасы мол. Сол үшін оны үнемі сақтау керек. Офтольмологтың, тифлопедагогтың, психологтың үнемі диагностикасы мен педагогикалық кеңестері қажет. Көрудің тез төмендеуі бірінші кезекте қабылдау процесіне әсерін тигізеді. Нашар көретін балалардың қабылдауы тежелумен, бейненің тарлығымен, нақтылықтың төмендеуімен ерекшелінеді. Қалыпты көретін балаға қарағанда олардың көру арқылы елестетуі анық емес. Сол себпті нашар көретін балаларға кеңістікте бағдапрлану қиынға соғады. Мұндай балалар көру арқылы жұмыс істегенде тез жалығады, ал бұл өз кезегінде көрудің одан әрі нашарлануына алып келеді.

Көздің талуы ой және физикалық жұмыс қабілетінің төмендеуіне әкеліп соқтырды. Бірақта нашар көретін баладағы әлсіз көру қалыпты баладағыдай жетекші анализатор болып қалады. Наршар көретін балалар көру қабілетін қабылдаудың негізгі құралы ретінде қолданады. Нашар көретін балаларда көруі бұзылғандарда болатындай сезім түйсігі көру функциясының орнын ауыстырмайды. Балаларда кездесетін көру кемістігі күшейе түсетін және бір қалыпты болып бөлінеді. Күшейе түсетін көру бұзылысына глаукоманың бастапқы және қосалқы жағдайлары, көру жүйкесінің атрофиясы, жақыннан көргіштіктің қатерлі түрлері және т. б жатады.

Нашар көретіндер құблыстармен, заттармен танысуда, сонымен қатар кеңістікте бағдарлануда өздерінде сақталған көру қабілетін қолданады. Бірақ та олардың көру арқылы қабылдауы бөлшектеп толық емес күйде сақталған. Қоршаған ортаны көруі баяуланған және анық емес. Сондықтан олардың айналаны қабылдауы шектеулі. Нашар көретіндердің арасында түсті ажырату қызметі бұзылған адамдар да бар. Нашар көрушілік кеңістікте бағдарлануды қиындатады.

Көру бұзылған балалардың нашар көретіндерден айырмашылығы, нашар көретіндерде көрудің белгілі деңгейде бұзылуына қарамастан, көру қабілеті қабылдаудың негізгі құралы болып есептеледі.

Нашар көретіндердің елестетуі тұрақсыздықпен, анық еместілікпен ерекшеленеді. Нашар көрушілік баланың психикалық және физикалық дамуына әсер етеді: белгілі бір деңгейде есте сақтау процесі тежелген, ойлау операциялары қиындатылған. Мұндай балалардың физикалық дамуының артта қалушылық себебі, шектелген қимыл-қозғалыстың әсері болуы мүмкін.

Нашар көретін балалар кейбір тітіркендіргіштікпен, тұйықтықпен сипатталатын мінез-құлқындағы ерекшеліктермен ерекшеленеді.

Бұл жетіспеушілік көру кемістігі салдарынан ойында, оқуда, құрдастарымен қарым-қатынаста болатын қиындықтармен түсіндіріледі. Сондықтан нашар көретін балалар оқыту мен тәрбиелеудің арнайы жағдайынталап етеді.

Егер де нашар көретін бала жалпы білім беретін мектепте оқи бастаса, оның жұмыс қабілеті басқа оқушыларға қарағанда тез артта қала бастайды. Егер оның үлгерімі оның мүмкіндіктерінен төмен болса, онда бұл үлгере алмаушылыққа алып келеді.

Көру жүйесінің бұзылу деңгейіне, оның белгілеріне, пайда болу уақытына, компенсация мүмкіндігіне байланысты нашар көретіндерге арнайы оқыту мен тәрбие жүйесі құрылған.

Нашар көретін балалар арнайы мектеп-интернатта, нашар көруге арналған арнайы сыныптарда оқиды. Нашар көретіндермен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының әдісі қалыпты жағдайдағы балармен жүргізілетін әдістен ерекшеленбейді. Нашар көретін балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының әдісі қалыпты жағдайдағы балалармен жүргізілетін әдістен ерекшеленбейді. Нашар көретін балалармен жүргізілетін оқу-тәрбие жұмысының негізігіміндеті әлсіз көру жүйесін сақтау және оны ары қарай дамыту. Осыған байланысты нашар көретіндер оқитын оқу бөлмелері жарықпен қамтамасыз етілген. Оқу бөлмесінің терезелерінде ашық үсті перделер ілінген. Оқу бөлмесінің қабырғалары жасыл, көк түс беретін сырлармен боялған. Арнайы нашар көретін балаларға арналаған бір оындықты парталар оқу, жазу, сурет салу барысында олардың дұрыс отыруына жағдай жасайды және кітап пен дәптерді көзбен керекті арқашықтыққа қоюға мүмкіндік береді.

Нашар көретін балаға үлкен шрифпен жазылған кітартар қоданылады. Жазуға үйрету жолдары арнайы сызықтармен бөлінген дәптерлер қоданылады. Нашар көретіндерге арналған көрнекі оқулықтар балалардың елестетуін анықтауға және көзді сақтауға әсер етеді. Мұндай оқулықтарда суреттер, схемалар анық көрсетілген. Сабақ барысында әр түрлі диафильмдерді, дыбыс жазатын және дыбыс шығаратын аппаратты қолдану жақсы нәтижелерді береді.

Ағзаның психологиялық қасиетінің талабымен сәйкес келмесе балаға көрсетілетін оқу, еңбек, ойын әрекеті жүйке жүйесінің ауруына әкеледі. Осыларды тәрбие жұмысын ұйымдастыру кезінде ескеру керек. Тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру кезінде баланың дамуы дұрыс қалыптасады. Балаға педагогикалық әсер етудің мақсаты таным мүмкіндіктерінің дамуына қабылетті өмір талабымен тығыз байланысты.

Іс-әрекеттің әр түрлі түрімен қамтамасыз ету, білімді меңгерумен қамтамасыз ету, дағды мен біліктілікті қалыптастыру, оларды еңбек және оқу әрекетімен әлеуметтік мағынасын түсіну деңгейіне дейін көтеру. Бұлардың бәрі көруі бұзылған және нашар көретін балалардың мүгедектік жағдайын толықтырады. Көру бұзылысы бар балаларды адамгершілік, эстетикалық физикалық, еңбектік тәрбиелеуге болады. Көруі бұзылған және нашар көретіндерді эстетикалық тәрбиелеу мәселесі оқу, еңбек, ойын әрекетінде маңызды болып келеді. Қазіргі уақытқа дейін сабақ мазмұнының меңгеруге басты көңіл бөлінетін. Бұл тәрбиенің міндеті - жас ұрпақты өмірдің барлық саласындағы адамның өмірімен, тұрмыстағы, еңбектегі, көркем өнердегі, табиғаттағы сұлулық пен әсемдікті көре білетін, ұға білетін және оларды өзі де жасай алатын азамат етіп тәрбиелеу. Іс-әрекеттің барлық түрінің ішкі қажеттілігін ояту үшін мәдени эстетиканың атқарар қызметі үлкен. Ол адамның өмірге, өнерге деген көзқарасының өзгеруіне әсер етеді. Көруі бұзылған және нашар көретін балаларды оқыту мен тәрбиелеуде танымдық және тәрбиелік жағы және сезімдік-эмоционалды, эстетикалық жағы аз көрсетілген. Соңғы уақытқа дейін оқу, еңбек, ойын әрекетінің эстетикалық мазмұны сипап-сезу арқылы қиын беріледі деп санаған.

Көзі көрмейтін және нашар көретін баланы тәрбиелеу мен оқытуда жанұядан дамытудың ерекшеліктерін, психикалық қызметіне қалыптасқан ақаулардың алғашқы әсерінен қозғалыс, әлеуметтік, оқу және басқа да білімдерді білу талап етеді. Кеңістіктегі даму бағыты мен қалыптасу әдіс, тәсілдері қоршаған әлемнің пайда болуы мен құралдарын қабылдау, қарым-қатынас жасау мен құрдастарымен, үлкендермен араласу, өзін-өзі күту. Сақталған сезімнің көмегімен баланың қоршаған ортаны тану.

Кіші мектеп жасындағы көруі бұзылған балалардың қоршаған ортаны қабылдау мүмкіндіктері сипап сезу, иіс сезу, тактильді қабылдау, есту арқылы қабылдаумен жүзеге асады. Көруі бұзылған балаларда қалыпты балаларға қарағанда компенсаторлы анализаторлары жоғары деңгейде дамыған. Әсіресе сипап сезу қабілетінің сыртқы ортадан берер ақпараты мол. Бұл балалардың көру қабілеті болмағандықтан, ол есту қабілетіне сүйенгендіктен есту қабілеті аса қарқынды дамиды [3] .

1. 2 Нашар көретін балалардың сөйлеуін дамыту жолдары.

Көру қабілеті бұзылған балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері

Көру қабілеті зақымдалған балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері негізінен көретін балаларға тән дамудың жалпы заңдылықтарына сай жүреді.

Сөйлеу тілінің ерекшеліктері мынадай: көру қабілеті бұзылған балалрдың 1 жасында қалыпты жағдайдағыдай алғашқы сөздері пайда болады, бірақ олар аз және көбеюі баяу. Сөздік қорының келесі толығуыныңда өз ерекшеліктері бар. Балалар заттарды аз біліп, сөздердің мәнін анық меңгермей, сөздерді пайдаланады.

3-4 жастарында көру қабілеті зақымдалған балалар өз әрекетін сөзбен айтып бастайды, бірақ олардың сөйлеу тілінде сөз шығармашылығы жоқ. Балалардың көбінде сөйлеу тілінің фонематикалық жағының қалыптасуының төмен деңгейі байқалады.

Аталмыш категориядағы балалардың сөйлеу тілінің қалыптасу деңгейінің 4 түрі бар

Бірінші деңгейі: «Бұл деңгейдегі сөйлеу тілі қалыпты деп есептеуге болмайды» балалардың дыбыс айтуының бірді-екілі бұзылыстары.

Екінші деңгейі: Белсенді сөз қоры шектелген, жалпылама түсініктерді, грамматикалық категорияларды, қолданудағы қателер, сөйлемдерді құрастырудағы және байланыстырылған әңгімелерді құрастырудағы қиындықтар. Сөйлеу тілінің фонетикалық жағы бұзылған, фонетикалық талдау қалыптаспаған.

Үшінші деңгейі: экспрессивті сөйлеу тілі сөз қорының аздығымен ерекшеленеді. Жалпылама түсініктерді білуі, сөзбен зат образын сәйкестендіру төмен деңгейде. Байланыстырып сөйлеу тіл аграмматизмді, бір-екі сөзден құралған сөйлемдерді айтудан тұрады. Балалар ашық, толық әңгіме құрауға жағдайлары келмейді. Көптеген дыбыстарды айту бұзылыстары байқалады. Фонематикалық талдау мен жинақтаудың қалыптасуы төмен деңгейде.

Төртінші деңгейі : сөз қорының аздығымен сипатталады. Байланыстырып сөйлеуі жеке сөздерден құралады. Эхолалия байқалады. Сөйлеу тілінің грамматикалық жағының сапалы жағын анықтауға арналған тапсырмаларды балалар орындай алмайды. Дыбыстарды естіп ажыратуы бұзылған. Фонематикалық талдау мен жинақтау просцестері қалыптаспаған.

... жалғасы

Сіз бұл жұмысты біздің қосымшамыз арқылы толығымен тегін көре аласыз.
Ұқсас жұмыстар
Жалпы білім беру ұйымдарында ерекше білім беруге қажеттілігі бар оқушыларды оқытуды әдістемелік ұйымдастыру
Нашар көретін балалардың сөйлеу тілінің даму ерекшеліктері
Есту қабілеті бұзылған балаларды инклюзивті түрде оқытудың негізгі формалары
Нашар еститін балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері
Есту қабілеті зақымдалған балаларға мектепке дейінгі білім беру жүйесі
Есту қабілеті бұзылған балалардың психофизикалық ерекшеліктері және ерекше білім беруге қажеттіліктері
Сөйлеу бұзылыстары бар балалардың танымдық ерекшеліктері
Балалардың есту қабілетін дамыту үрдісі
Қазақстандағы есту қабілеті бұзылған балаларға білім беру жағдайында оқыту процесін ұйымдастырудың бүгінгі көрінісі
Естімейтін нашар еститін оқушылардың сөйлеу тіліндегі ерекшеліктер
Пәндер



Реферат Курстық жұмыс Диплом Материал Диссертация Практика Презентация Сабақ жоспары Мақал-мәтелдер 1‑10 бет 11‑20 бет 21‑30 бет 31‑60 бет 61+ бет Негізгі Бет саны Қосымша Іздеу Ештеңе табылмады :( Соңғы қаралған жұмыстар Қаралған жұмыстар табылмады Тапсырыс Антиплагиат Қаралған жұмыстар kz